Педагогикалық себептер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
2.15. Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесiн есепке алу мен бағалау

Мақсаты: оқу-тәрбие жұмысының нәтижесiн есепке алу мен бағалаудың
негiзгi әдiстерiнiң сипатымен танысу.
Мiндеттерi:
а) Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерiн бағалау ұғымын құру.
ә) Мектеп iшiлік бақылау туралы ұғым беру.
б) Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерiн бағалаудың әдiстерiн пайдалану
бiлiгiн қалыптастыру.

Жоспар

1. Бақылау мен есепке алудың мәнi. Мектеп iшiлік бақылау.
2. Оқушылардың бiлiм, бiлiк және дағдыларын тексерудiң негiзгi
әдiстерi.
3. Тәрбие жұмысының нәтижесiн бағалау.
4. Оқу-тәрбие процесiнiң нәтижелерiн бағалаудағы сабақтың орны.
Негiзгi ұғымдар: педагогикалық процесс, бақылау, бағалау, өзiн өзi
бағалау, өзара бағалау, мектеп iшiндегi бақылау, бiлiм, бiлiк және
дағдылардың сапасы, оқушының тәрбиелiлiгi, психологиялық бақылау мен
диагностика.
Басқа пәндермен байланысы: философиямен, әлеуметтанумен,
психологиямен, жеке әдіснамалық пәндермен байланысты.
Бақылау мен есепке алудың мәнi. Мектеп iшiлік бақылау. Оқыту мен
тәрбие нәтижелерiн есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестiң
маңызды компонентi болып табылады. Ол әрдайым мұғалiмнiң назарында болады,
педагогикалық процестiң тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiн көрсетедi. Сондықтан,
жалпы оқыту процесiндегi оқушылардың бiлiм, бiлiк және дағдаларын тексеру
мен бағалаудың қандай орын алатынын, онда оқыту, дамыту және тәрбие үшiн
қандай потенциалды мүмкiндiктер барын, бұл мүмкiндiктердi оқу іс-әрекетiн
белсендiру үшiн қалай дамытып, пайдалану керектiгiн, оқыту жемiстi болу
үшiн нәтижесiне не ықпал ететiнiн қарастыру қажет.
Оқыту нәтижесiн тексерудiң мәнi – оқушылардың белгiлi бiр бағдарлама,
пән бойынша бiлiм беру стандартына сай бiлiмдi меңгеру деңгейiн анықтау.
Алайда, қазiргi педагогикада тұтас педагогикалық процестi тексеру мен
бақылау ұғымдарының ауқымы айтарлықтай кең.
Оқытуды бақылау дегенiмiз, бiр жағынан, мұғалiмдер мен мектептердiң
жұмыстарын тексерудiң әкiмшiлiк-ресми тәртiбi, нәтижелерiн басқару
шешiмдерiн қабылдау үшiн қызмет ету. Ал екiншi жағынан, оқытуды бақылау
дегенiмiз мұғалiмнiң оқушылар бiлiмiн тексеруi мен бағалауы. Отандық
ғылымда “педагогикалық диагностика” атауының қолдану аясы тар және көбiнесе
тәрбие саласында көбiрек қолданылады, онда ол тәрбиелiлiк деңгейдiң өлшемi
мен талдауын бiлдiрiп, психодиагностикаға жақындай түседi. Оқыту процесiне
қатысты “педагогика диагностикасы” атауын жоғарыда келтiрiлген мағынада
қолданған орынды. “Бақылау”, “педагогикалық процесс нәтижелерiн тексеру мен
есепке алу” сияқты дәстүрлi атаулармен де қолдануға болады.
Бақылау мазмұнының мәнi ерекше. Оқушылардың бiлiм, бiлiк және
дағдылары тексеруге жатады деп есептелiнедi. Бiлiмдерден басқа шәкiрттердiң
әлеуметтiк және жалпы психологиялық дамуы мектеп жетiстiктерiн тексерудiң
мазмұны болып табылады. Мектеп тек бiлiмдердi қалыптастырып қана қоймай,
тәрбиелеп, дамытатын болғандықтан, мектеп жетiстiктерiн тексеру
бағыттарында да жүргiзiлуi керек.
Осылайша, тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерiн
есепке алу мен бағалау мұғалiмдер мен оқушылар іс-әрекетiндегi
құбылыстардың барлық жағын қамтуы керек.
Мектептерде педагогикалық іс-әрекеттiң нәтижелерiн есепке алу мен
бағалау мектеп iшiндегi бақылау жүйесiне енгiзiлген. Мектеп iшiндегi
бақылау – қойылған мiндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске
түзетулер енгiзу мақсатында оқу-тәрбие процесiн жан-жақты зерттеу мен
талдау. Мектеп iшiндегi бақылау – күрделi де көп жақты процесс, ол да
барлық тұтастықтар сияқты заңды тәртiп ретінде, бiр бiрiмен тығыз
байланысты және әрқайсысы белгiлi бiр қызмет атқаратын бөлiктердiң
тұтастығынан тұрады.
Мектеп iшiндегi бақылау жүйесi белгiлi бiр дидактикалық талаптарға
негiзделедi. Бақылаудың мазмұны мен әдiстерiне деген бұл талаптар
үйлесiмдi, басқару қызметiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн жағдайларды
анықтайды. Қазiргi зерттеушiлер бақылауға төмендегідей дидактикалық
талаптар қояды:
1. Бақылау мазмұнының бағдарламалық талаптарға сәйкес болуы.
Егер талаптар төмен болса, бiлiм беру деңгейi де төмендейдi;
ал талаптар жоғары болған жағдайда оқушыларға шамадан тыс
салмақ түседi.
2. Алынған ақпарат мазмұнының шынайлығы мен анықтығы.
3. Оқушылар дайындығының негiзгi элементтерiне талдау жасау
қажеттiгi.
4. Бақылау шапшаңдығы, жүйелiлiгi мен жариялылығы.
5. Бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестiру.
Алынған ақпарат көлемi бойынша бақылаудың келесi түрлерiн ажыратуға
болады:
а) жаппай бақылау, мұғалiм мен оқушының жұмысы жүйесiнiң негiзгi
компоненттерi зерттелiнедi;
ә) тақырыптық бақылау, кез келген процестiң бөлiгi болып келетiн
мәселенiң талдауымен байланысты.
Мектеп iшiндегi бақылаудың белгiлi бiр формалары бар және ол тиiстi
әдiстер арқылы жүзеге асырылады. Бақылау әдiстерi мен формаларының алуан
түрлiлiгi оның объективтiлiгiн арттырып, әрбiр мұғалiм мен тұтас
педагогикалық ұжымның іс-әрекетiнiң ұжымдық бағалауы үшiн жағдай жасайды.
Бақылаудың әрбiр формасының мақсаты болуы керек, ол оқу-тәрбие жұмысының
әртүрлi кезеңiнде пайда болуы мүмкiн қиыншылықтардың алдын алуға жағдай
жасауы керек.
Бақылаудың үш түрi бар:
1. Алдын ала бақылау: сабақ өткiзу үшiн әзiрленген жоспарлар,
материалдармен танысу; түсiндiру, бекiту әдiстерi мен
формалары туралы, оқушылардың өзіндiк жұмысының тәсiлдерi
туралы әңгiме жүргiзу.
2. Күнделiктi бақылау: сабақты немесе сабақтардың өтуiн бақылау,
оқушылардың бiлiмдерi мен дағдыларын тексеру, оқушылар жұмысын
қарап шығу;
3. Қортынды бақылау: белгiлi бiр уақыт аралығындағы мұғалiмнiң
оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелерiн зерттеу.
Журналдар, мәлiмет тiзiмдердi тексерiп, бақылау жұмыстары,
сұрақ-жауап өткiзу.

Мектеп iшiндегi бақылау жүйесiнде педагогикалық процестiң жай-күйiн
зерттеу келесi мәселелердi тексерудi керек етедi: мектеп жасындағы
балалардың барлығына толық бiлiм беру туралы белгiленген талаптарды
орындау; мемлекеттiк оқу бағдарламаларын толық көлемде орындау; оқушылардың
бiлiм, бiлiк және дағдыларының деңгейi (тексеру жұмыстары негiзiнде
анықталады); оқушылардың тәрбиелiлiк деңгейi.

Аталып кеткен ќортындыға байланысты мектеп құжаттарын жүргiзу,
оқытудың тәрбиелiк сипатының болуы, сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстардың
сапасы, барлық оқушылардың үйлесiмдi ақыл-ой және жекелiк дамуын қамтамасыз
ететiн оқыту процесiнiң даралануы (мектеп психологiнiң қатысуымен
жүргiзiледi) тексерiледi.

Оқушылардың бiлiм, бiлiк және дағдыларын тексерудiң негiзгi әдiстерi.
Оқыту процесiнiң құрамды бөлiгiнiң бiрi болып келген оқушылардың бiлiм,
бiлiк және дағдыларын тексерудiң мақсаты оқушылардың оқу жұмысын бақылау
мен олардың үлгерiмiн есепке алу. Мұғалiмге оқушылардың бiлiм, бiлiк және
дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруi аз. Оқушылардың бiлiмдерiндегi
кемшіліктерді анықтап, мұғалiм оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және
практикалық жұмыс тәсiлдерiн үйретедi. Бiлiм сапасына ерекше мән берiледi,
ол мына қасиеттермен сипатталады: бiлiмнiң толықтығы мен ғылымилығы –
белгiлi бiр оқу пәнiнiң мектеп бағдарламасына сәйкес өзегi болатын негiзгi
мағлұматтар, түсiнiктер мен ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар;
бiлiмдердi меңгеру саналылығы – оқушының ғылыми заңдар негiзiнде
фактiлердi, құбылыстарды, материалдық әлем заттарын түсiндiре алуы,
бiлiмдердi ұқсас жағдайларда қолдана алу және бiлiмдер мен іс-әрекет әдiс-
тәсiлдерiн жаңа жағдайларға көшiре алуы; бiлiмдер жүйелiлiгi – жаңа
түсiнiктер мен ұғымдардың оқушы санасындағы бұдан бұрын игерген бiлiмдермен
тығыз байланысы; берiктiк – жинақталған бiлiм саны мен іс-әрекет әдiс-
тәсiлдерiнiң оқушы есiнде сақталуы.
Оқушылардың оқуға қатынасы, дербестiк, еңбекқорлық, ынталылық,
берiлген тапсырманы дер кезiнде орындау мен оның сапасына деген
жауапкершiлiк сияқты оқушы жеке тұлғасының басты қасиеттерiнiң қалыптасуы
оқушылардың бiлiмiн тексеру мен бағалау қалай жүргiзiлгенiне байланысты.
Осылайша, тексеруге тек бақылаушылық қана емес, сонымен қатар, тәрбиелiлiк
пен дамытушылық қызметтерi де тән.
Оқушылар бiлiмiнiң, бiлiк және дағдалырының сапасын бақылау келесi
элементтерден тұрады:
- бiлiмдi қабылдау, мәнiн түсiну және есте сақтау деңгейiнде
тексеру, яғни оқушының сабақта мұғалiмнен және өздiгiнен
оқулықты оқығанынан алған бiлiм санын еске түсiре алуын
тексеру (бұл көбiнесе теориялық метариалды тексеруге қатысты);
- бiлiмдердi ұқсас жағдайда қолдану деңгейiнде, яғни үлгi
бойынша тексеру;
- бiлiмдердi ойлаудың кейбiр дәстүрлі емес элементтерiн
көрсетудi талап ететiн жаңа жағдайда қолдану деңгейiнде
тексеру.
Оқушылардың бiлiмiнiң, бiлiк және дағдаларының сапасын бақылау келесi
мақсат пен мiндеттер арқылы анықталады:
1. Оқушылардың белгiлi бiр пән бойынша бiлiмдерiнiң шынайы жай-
күйi және бұл бiлiмдердiң лайықты мемлекет бағдарламаларының
талаптарына сай болуы.
2. Тәжiрибелiк бiлiк пен дағдаларды ұқсас және жаңа жағдайлар
деңгейiнде игеру дәрежесi.
3. Бүкiл сыныптың немесе жеке бiр оқушы бiлiмiнiң нашар болуының
себебi.
Процесс ретiнде бiлiм, бiлiк және дағдыларды бағалау жеке оқушыны
бақылау (тексеру) барысында жүзеге асырылады. Бағалаудың шартты көрiнiсi
баға, ол көбiнесе балл түрiнде болады. Отандық дидактикада бағаның 4 балдық
жүйесi қалыптасқан: “5” – толық меңгерген (өте жақсы); “4” – жеткiлiктi
меңгерген (жақсы); “3” – жеткiлiксiз меңгерген (қанағаттанарлық); “2” –
мүлдем меңгермеген (өте нашар).
Бiлiм сапасының сандық көрсеткiшi мына формула бойынша анықталады:
k=Zn, Z – “4” және “5” бағалары бар оқушылар саны, n – оқушылардың жалпы
саны.
Үлгерiм бағасын оқыту сапасы мен оқушылардың танымдық белсендiлiгiнен
бөліп ќарауға болмайды. Оқушылардың оқып жатқан материалды меңгеру
дәрежесiне объективтi және әдiл баға берудiң маңызы зор болғанымен,
қойылатын бағаны оқушыларды оқу іс-әрекетiне мәжбүр ету амалына айналдыруға
болмайды.
Бақылау әдiстерi – оқытудың жетiстiгi, оқу процесiнiң тиiмдiлiгi
туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесiнде қарама-қарсы байланысты
қамтамасыз ететiн мұғалiм мен оқушылардың бiрiздi, өзара байланысты
диагностикалық қызметтерiнiң жүйесi. Бақылау әдiстерi оқыту процесi туралы
жүйелi, толық, нақты және жылдам ақпарат алуды қамтамасыз етулерi керек.
Бақылаудың мынандай әдiстерi бар: ауызша бақылау әдiстерi, жазбаша бақылау
әдiстерi, тәжiрибелiк бақылау әдiстерi, дидактикалық тестер, бақылап-
зерттеу. Кейбiр зерттеушiлер нәтижелердi зерттеудiң басқа да әдiстерiн
ұсынады.
Ауызша бақылау әдiстерi – бұл сұқбат, оқушы әңгiмесi, түсiндiрме,
текстi оқу, технологиялық карталар, сызбалар, тәжiрибе туралы хабарлар.
Ауызша бақылаудың негiзiн оқушының монологиялық жауабы (қортынды бақылауда
бұл толығырақ, жүйелi баяндама) немесе мұғалiм сұрақ қойып, оқушыдан жауап
алатын сұрақ-жауап формасы – сұқбаты құрайды. Ауызша бақылау әр сабақ сайын
жеке-дара, жаппай немесе құрастырылған формада жүргiзiледi. Оқушылардан
жеке-дара сұрақ-жауап алу мұғалiмге меңгеру деңгейi туралы толығырақ және
нақтырақ мәлiмет алуға мүмкiндiк бередi, бiрақ, екiншi жағынан, ол басқа
оқушыларды сабақта әрекетсiз қалдырады. Жаппай сұрақ-жауап алу барлық
оқушыларды бiрден қамтыса да олардың бiлiмдi меңгергенi туралы үстiртiн
мағлұмат бередi. Оқытудың белгiлi бiр уақыт аралығындағы бiлiмдi тексерудiң
ең тиiмдi де толық түрi сынақ (зачет) пен эмтихан болып табылады.
Жазбаша бақылау әдiсi (бақылау жұмысы, мазмұндама, шығарма, диктант,
реферат) бiлiмдi меңгерудiң терең әрi жан-жақты тексеруiн қамтамасыз етедi,
өйткенi ол оқушының бiлiмi мен бiлiгiнiң тұтас жиынтығын талап етедi.
Жазбаша жұмыста оқушы теориялық бiлiмiн де, оларды нақты бiр мiндеттер мен
мәселелердi шешуде қолдана алуын да көрсетуi керек. Сонымен қатар, бұл әдiс
арқылы оқушының жазба тiлiн игеру дәрежесi, мәтiндi мәселеге сай, қисынды
етiп сөйлем құрап, баяндай алуы, шығармаға, экспериментке, мәселеге баға
бере алуы көрiнедi.
Тәжiрибелiк бақылау әдiстерi көбiнесе кәсiптiк мектептерде
(техникалық, медициналық, педагогикалық бiлiм беретiн) қолданылады, өйткенi
бұл әдiс негiзiнде оқушылар лабораториялық сынақтар жүргiзедi, бұйымдар
жасайды, аппарат монтаждайды.
Дидактикалық тестер оқыту нәтижелерiн тексерудiң ең жаңа әдiсi (амалы)
болып табылады. Дидактикалық тест дегенiмiз – белгiлi бiр материал бойынша
оқушылардың оны меңгеру дәрежесiн анықтайтын стандартты тапсырмалар
жиынтығы. Тестердiң артықшылығы оның шынайылығында, яғни бiлiмдi тексеру
мен бағалаудың мұғалiмге байланысты еместiгiнде. Тестердiң төрт түрi бар:
- Оқушының есте сақтау мен еске түсiру керек деректердi,
ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, барлық мәлiметтердi
бiлетiнiн тексеру, яғни бұл жағдайда репродуктивтi жауаптар
талап етiледi.
- Алынған бiлiмдер негiзiнде ойлау қызметiн орындай алуын
тексеру, бұл, негiзiнде, типтiк мiндеттердi шеше алу.
- Өткен тақырыптарға өзiндiк сын баға бере алуы.
- Бiлiмдердi алынған мәлiметтер негiзiнде жаңа нақты жағдайларда
қолдана білуі.
Бақылау мен тексеру оқушының артта қалуының себептерiн ашуға мүмкiндiк
бередi. Оқушының артта қалу себептерiнiң үш тобын ажыратуға болады:
1) Әлеуметтiк-экономикалық – жанұя әл-ауқатының нашар болуы,
жанұядағы жалпы бейберекет ахуал, араққұмарлық, ата-ананың
педагогикалық сауатсыздығы. Қоғамның жалпы жай-күйi де
балаларға әсер етедi, бiрақ ең бастысы – жанұя өмiрiндегi
кемшiлiктер.
2) Биопсихикалық сипаттағы себептер – мұрагерлiк ерекшелiктер,
қабiлеттiлiк, мiнез-құлық белгiлерi. Алғы шарттардың ата-ана
арқылы берiлетiнiн, ал қабiлеттiлiк, әуестiк, мiнез-құлықтың
осы алғышарттар негiзiнде өмiр жолында дамитынын ескеру
керек. Денi сау болып туған балалардың бәрiнiң әлеуметтiк,
жанұялық ортаға және тәрбиеге байланысты даму мүмкiндiктерi
бiрдей екенi дәлелденген.
3) Педагогикалық себептер. Педагогикалық салақтық көбiнесе
қателiктердiң, мектеп жұмысының төмен деңгейiнiң нәтижесi
болып табылады. Оқыту, мұғалiм жұмысы – оқушы дамуындағы
шешушi фактор. Педагогтың өрескел қателiгi оқушының оқыту
процесiнде алынған және кейде тiптi арнайы психотерапиялық
көмек керек ететiн психикалық дамуына әсер етеді.
Алайда бұл оқудағы сәтсiздiктiң жалғыз себептерi емес, оның басқа да
себептерi бар, мысалы, оқытудың қатал да бiрбеткей жүйесi, оқытудың
әдiстерi мен формаларындағы бiркелкiлiк пен стереотиптiлiк, эмоциялардың
бағаланбауы, оқытудың мақсатын айқындай алмау және нәтижелердi бақылаудың
тиiмдi жолының болмауы, оқушылардың дамуын ескермеу, үстiртiн сабақ
жүргізу. Осылайша мұғалiмнiң дидактикалық, психологиялық, әдістемелік
жағынан жете бiлмеушiлiгi оқудағы сәтсiздiктерге әкеледi.
Үлгермеушiлiктiң дидактикалық себептерiн жоюдың да амал-тәсiлдері бар:
а) Педагогикалық алдын алу – орынды педагогикалық жүйелер iздеу, соның
iшiнде, оқытудың белсендi әдiстерi мен формаларын, жаңа педагогикалық
технологияларды, компьютеризацияны, т.б. қолдану.
ә) Педагогикалық диагностика, оқыту нәтижелерiн жүйелi бақылау мен
бағалау, қиыншылықтарды дер кезiнде айқындау ретiнде.
б) Педагогикалық терапия – оқудағы артта қалушылықты жоюдың шаралары.
в) Тәрбиелiк ықпал ету – жеке-дара жоспарлы тәрбиелiк жұмыс.
Артта қалушылық – дидактикалық, әдістемелік, психологиялық,
медициналық және әлеуметтiк-педагогикалық аспектiсi бар күрделi мәселе
екенiн айта кеткен жөн. Сондықтан оны шешу де күрделi болу керек.
Көптеген педагогтар оқушыны оқушы бiлiмiн бағалау процесiне қатысты
белсендi орынға қоятын әдiстердi қолданады. Бiлiм, бiлiк және дағдыны
бағалаудың, бақылаудың стандарттан тыс формалары қолданылады: өзiн өзi
бағалау, бiрiн бiрi бағалау. Өзiн өзi бағалауда оқушы өз еңбегiн өз бетiнше
тексерiп, бағалайды, бiрiн бiрi бағалауда – сыныптастар бiр бiрiнiң
жұмыстарын тексерiп, баға қояды.
Тексеру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
Ерекше балаға – ерекше мектеп
Оқушылардың оқуға үлгермеу себептері және оларды жеңу жолдары
Медиапедагогикалық тұжырымдамалар: талдау, даму перспективалары
Кіші мектеп жасындағы балалардың үлгермеушілігін түзеу
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ОҚУҒА ҚАБІЛЕТТЕРІН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Қиын мінез-құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшеліктері
Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің құрамды бөліктері
Оқыту барысында баланың көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолдарын теориялық, әдіснамалық тұрғыда негіздеу
Қиын мінез-құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшелігі
Пәндер