Оқыту әдістерін таңдау
2.12 Қазіргі мектептегі оқыту әдістері
Мақсаты: Мұғалімнің іс-әрекетіндегі білім беру тәсілін меңгеру және
оқыту үрдісіндегі оқушылардың білім, білік дағдыларын меңгерте отырып, оқу-
танымдық жұмыстарын ұйымдастыру.
Міндеттері:
а) оқыту әдісінің құрылымы мен мәнін ашу;
ә) оқыту әдісінің салыстырмалы түрде тиімділігін көрсету;
б) оқыту әдістерін таңдауды анықтайтын факторларға сипаттама беру.
Жоспар:
1. Оқыту әдісінің мәні, әдістері мен тәсілдерінің арақатынасы.
2. Оқыту әдістерінің үйлесімділігі және олардың оқушылар іс-әрекетінің
тиімділігіне әсері.
3. Оқыту әдістерін таңдау.
Негізгі ұғымдар: әдіс, оқыту әдістері, тәсіл, оқыту тәсілдері,
танымдық іс-әрекет, дидактикалық жүйе, түрлері.
Пәнаралық байланыс: философия, гносеология, оқыту теориясы,
психология, психофизиология, мәдениеттану.
Оқыту әдісінің мәні, әдіс және тәсілддерінің арақатынасы. Қалай оқыту
керек? дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің
категориясын шығарады. Әдіс – жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің
арасын байланыстыратын оқу процесінің өзегі болып табылады. Оның
жүйедегі айқындаушы рөлін мақсат – мазмұн – форма – оқыту әдісінің
құралдары көрсетеді.
Әдіс (гректің metodos) деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және
әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып
білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл.
Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету
тәсілі ретінде қарастырады. Тұтастай алғанда, әдіс-практикалық және
теориялық әрекеттерді шындығында меңгеруге бағытталған нақты міндеттерді
шешудегі операциялардың, бірдей тәсілдердің жиынтығы.
Педагогтар оқыту әдісі туралы түсінікті әр түрлі етіп дәлелдеді.
Біреулері оны танымды басқаға беру әдісі (Д.И.Тихомиров) немесе
мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі (Н.В.Ельницкий) деп қарастырса,
С.А.Ананьев оқыту әдісін білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы деп
көрсетеді.
Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін танып
білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Осы түсініктегі әр түрлі
дефиницияларды негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту әдісі –
бұл оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын
меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.
Оқыту әдістері – тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен
мақсатының ауысуына байланысты өзгереді. Америкалық педагог К.Керр оқыту
әдіс сапасындағы төрт төңкерісті бөліп көрсетеді (1972). Біріншісі – үлгі
болып табылады мұғалім – ата-аналар кәсіби мұғалімдерге орын берді,
екіншісі – ауызша сөздерді жазбашаға ауыстырды, үшіншісі оқуға баспа
сөздерін кіргізді, төртіншісі – осы кезде болып жатқан автоматтандыру
мен компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады.
Оқыту әдісінің маңызды белгісі – дидактикалық мүмкіндіктер. Егер осы
тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның өзі
оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі қосымша болатын болса, онда біз
тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі – әдіс элементі, оның құрама бөлігі,
әдістің көлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса,
онда әдісті және әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып
табылады. Әдіс пен тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп
отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін.
Сөйтіп, барлық графикалық бейнелер пәндері үшін– тәсіл болып табылады
(қосымша әрекеттер).
Әдіс пен тәсілдің байланысын кітаппен жұмыс кезінде байқауға болады.
Ол мына суретте көрініс тапқан.
Жазба жұмыстар
Мазмұндап айту
Терминдермен
жұмыс
Күрделі жоспар құру
Жоспар құруға
дайындық
Бөлім атаулары
Логикалық бөлімдерге
бөлу
Негізгі ойды бөлу
Түсініп оқу
Оқу техникасы
Сурет 1.Кітаппен жұмыс істеу тәсілі.
Қазіргі дидактиканың ең бір көкейтесті проблемасы – оқыту әдісін
классификациялау болып отыр. Әдіс классификациясы – нақты бір белгілер
бойынша ретке келтірілген жүйе. Көптеген авторлар оқыту әдістемесінің
негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен, классификацияның алуан түрлері
бар. Дәл қазіргі кезеңде бұл сұрақ төңірегінде нақты тоқтам жоқ. Дидактика
тарихы ең алғашқы классификацияны 1920 ж. оқыту әдісінің екі категориясын
бөліп көрсеткен Б.В.Всехсвятский атымен байланыстырады.Ол бірінші категория
дайын білімді беру, екіншісі – зерттеу әдісі екендігін ашып көрсетті.
Зерттеу әдісінің атқарар жүгі алғашқы категорияға қарағанда ауырлау болды.
Оқытудың зерттеу әдісі білімді шығармашылық тұрғыдан қабылдауды және оны
қолдануға педагогикалық классификацияның жоғарғы деңгейін талап етеді.
Бүгінде оқыту процесі көптеген классификациялармен толықтырылды, оқыту
әдісі – уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын және негізгі үш белгісімен
(оқыту мақсатын білдіреді, меңгеру тәсілі, оқыту субъектісінің өзара
байланысы) сипатталатын тарихи категория екендігін дәлелдеді. Қазіргі
кезде мына ғалымдардың классификациялары кеңінен қолданылуда: Бабанский
Ю.К., Верзилин Н.М., Перовский Е.И., Голант Е.Я., Лордкипанидзе Д.О.,
Махмутов М.И., Лернер И.Я., Скаткин М.Н. т.б
Оқыту әдісінің классификациясына айтылған әр түрлі көзқарастар
әдістер теориясының дағдарысын білдірмейді, керісінше олардың әдісті
обьективті, айқын көптүрлілігін,ол туралы білімінің интеграциясы мен
дифференциясын табиғи процессін білдіреді.
Сонымен қатар оқыту әдісі классификацияларының басымдылығымен қатар
кемшілігі де бар және бір әдіс белсенді, бір әдіс белсенді емес деген
тұжырым қате болар еді. Оқыту әдісінің өздігінен аса бейтарап екендігін
түсіну қажет. Ол барлығы мұғалімнің мектептегі оқу –танымдық іс-әрекетке
қаншалықты дайын екендігіне байланысты болады. Көбінесе әдістер саласында
педагогтардың жеке басының шеберлігі үлкен рөл атқарады. Сондықтан да оқыту
әдісі педагогикалық өнердің биік шыңы болып келді және ары қарай да солай
болып қала бермек. Мектептің оқу-танымдық іс-әрекетінде оқыту әдісі түрлі
когнитивті функция ролін атқарады, олар: оқу материалын меңгеру, оны
бекіту, білім-білік дағдыларын жетілдіру, олардың тұлғалық қасиетін дамыту,
әлеуметтік-кәсіби іс-әрекетке дайындау.
Оқыту әдістерінің үйлесімділігі және олардың оқушылар іс-әрекетінің
тиімділігіне әсері.
Оқыту әдістері, оқушылардың танымдық және практикалық іс-әрекеті
ұйымдастыратын, оқыту мақсатына сәйкес білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз
ететін мұғалімнің мақсатқа бағытталған әдістерінің жүйесін құрайды.
Мақсатқа сәйкес, оларды пайдаланатын нақты технологиялар арқылы әр түрлі
әдістерді жүзеге асыру арқылы көруге болады.
Сөздік әдістер.
Баяндау. Мақсатына байланысты бiрнеше әңгiме түрлерi бар: баяндап
айту, әңгiмелеп баяндау, әңгiмелеп- бекiту. Бiрiншi – жаңа материалды
игеруге оқушыны дайындау, екiншi – берiлген мазмұнды баяндау, үшiншi –
оқытуды аяқтау бөлiмi.
Берiлген әдiстiң тиімділігі мұғалiмнiң әңгiмелеп беру бiлiгiне,
педагогтың сөз байлығына және мазмұндап баяндауына, оқушылардың даму
деңгейіне және оның жеткiлiктi ұғынуына байланысты болады.
Демек, оқушыларға бiлiм беруде олардың қабiлетiн ескеру керек. Әңгiме
әдiсi өз ойын жеткiзуде логиканы сақтауға, жаңылмай сөйлеуге, сауатты
сөйлеуге үйретедi.
Баяндау қысқа (10 мин), эмоционалды тұрғыда болуы керек. Баяндаудың
тиiмдiлiгi басқа да оқыту әдiсi– иллюстрация (бастауыш сыныпта), талдау
(жоғары сыныптарда) сонымен қатар мұғалiмнiң адамдар туралы уақыт пен
кеңiстiкке байланысты таңдап алған деректер жайында болуы керек.
Әңгiменің дамытушылығы. Сонда яғни, елестету, ес, ойлау, қиялдау,
эмоциональды қобалжу сияқты психалық процесстерді белсенділік күйге
әкеледі. Оқушылардың тұрақты зейіні, білімділер, қызығушылығын
қалыптастыру, тәрбиелік нәтижесі болып табылады.
Лекция. Лекцияның ауызша әдiстен айырмашылығы оқу материалының
логикалық мазмұндалуы, ақпарат ағымының көптiгi, берiлетiн бiлiмнiң
жүйелiк ерекшелiгiмен айқындалады.
Мектепте өтiлетiн лекция: күрделi жүйенi, құбылысты, объектiнi,
құбылыстардың өзара байланысын себеп-салдарды айқындау арқылы жүргiзiледi.
Лекция жоғарғы сыныптарда өтiледi, өйткенi олардың лекциядағы теориялық
материалдарды қабылдау және ойлау қабiлеттерi жеткiлiктi денгейде
қалыптасқан, лекция бiр немесе бiрiктiрiлген сабақтарда жүргiзiледi..
Лекциялық әдiс түсiндiру мен әңгiмеден басталып күрделене түседi.
Лекцияны оқыту аспектісі оқушылардың көркемді оқу материалдарын тұтас
қабылдап меңгеруі және аяқталғандығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Лекцяны дамытушылық тиімділігі оқушылардың логикалық ойлау,
диолектикалы ойлау тәсілдерін,мұғалім ойының нақтыда абстрактілі ойлау
ағымынына білу болып табылады.
Лекцияның тәрбиелік мәні тұрақты еркін зейінін, конспектілеу дағдысын
қалыптастыру болып табылады.
Кiтаппен жұмыс. Мектепте кiтаппен жұмыс iстеу – өзіндік білім алуды
негiзгi әдiстерінің бiрi. Бұл әдiстiң мәндiлiгi оқушының оқу ақпаратын
өз ыңғайына, жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешiмiмен
шектелуінде.
Оқулық кiтаптар оқу iс-әрекетiн атқарады: бiлiм алу, дамытушылық,
тәрбие, ойлау, коррекциялық – бақылау т.б.
Кiтаппен өзіндiк жұмыста оқып шығу, жеке тараулармен танысу, жеке
сұрақтарға жауап iздеу, кiтапты немесе мәтіндерді рефераттау, мысалдар
мен есептердi шешу, бақылау тесттерiн орындап, материалдарды есте қалдыру
мақсатында жаттау жұмыстарын орындау жатады.
Әдiстiң сапасы еркiн, жылдам оқып, ойдан өткiзiп, түсiну,
қарастырылатын мәселелеріге әдебиеттер таңдай бiлуінде.
Берiлген бiлiктердiң бәрi оқушының мектепке келген күнiнен бастап
бiлiм алу мақсатын бiртiндеп қалыптастырады.
Бағдарламадағы оқу кiтаптары сапасымен ерекшеленедi. Оқушылар жұмыс
жүргiзу барысында берiлген тапсырманы орындауға керектi ықпалды iс-әрекет
қарастырып, дұрыс орындалғандығы туралы мағлұмат алады.
Жаңа оқу кiтаптары қорытынды кестелерді, диаграммада, графиктерде,
көрнектi модельдерде, классификацияларда, коммуникативтi түрде жинақталған
материалдарда берiлген. Демек мұғалiмдерге берiлген ақпараттарды
талдауға көңiл бөлiп, оқушылардың бiлiм бiлiгiн қалыптастыру керек.
Кiтаппен оқу жұмысын жасауда оқушылардың өзiндiк бақылау бiлiгiн
қалыптастыруға көп көңіл бөлген жөн. Оқушы кiтаптағы мәтінді қанша рет
оқып шыққанын санамау керек, оның оқығанын мазмұндап, толық түсiндiрiп
бере бiлу бiлiктілiгiн меңгергенін бақылауы керек. Бұл үшін уақыттың көбін
берілген материалдарды оқуға емес, оны есте жақсы сақтап, белсенді түрде
қайталап айтып бере алатын әдетті қалыптастырғаны жөн.
Әңгiме. Әңгiме мәнi бағытты мақсатта және бiлiктiлiкте қойылған
сұрақтар арқылы оқушылардың алған бiлiмдерiн естерiне түсiрiп, жаңа
бiлiмдi игертiлуiн, өздiгiнен ойластырып және қорытындылау жолдарын
жандандырады. Әңгiме кезiнде оқушының ойы мұғалiмнiң ойын қайталау
болып отырады, нәтижесiнде оқушы адымдап жаңа бiлiмдi игередi. Әңгiме
ойлауды белсендiредi, бiлiмдi, бiлiктi игертудiң диагностикалық құралы
болып, оқушылардың танымдық қабiлетiн дамытуға бағыттайды, таным
процесiн оперативтi басқаруға жағдай туғызады. Әңгiме сонымен қатар
тәрбие мiндеттерiн де шешедi. Әңгiме баяндамамен, лекциямен, бiлiмдi
жүйелi қалыптастыратын басқа да әдiстермен қатар қолданылу керек.
Әңгiменің оқушыларға керектi бiлiмi мен дағдысын, жаттығуларды
өткiзуге, оларды қалыптастыруға мүмкiндiк бере алмайтындығын ескерген
жөн.
Мақсатына қарай әңгiменi бірнеше түрге бөлуге болады: кiрiспе әңгiме
немесе ұйымдастыру; жаңа бiлiм беру (сократтық, эвристикалық т.б.);
синтездеушi немесе бекiту; коррекциялық- бақылау.
Кiрiспе әңгiме оқыту жұмысының басында өтiледi, мақсаты оқушыларға
берiлетiн жұмыстың мәнi мен оның өтiлуiн дұрыс түсiндiргенiн анықтау.
Кiрiспе әңгiме саяхат, лабораториялық және практикалық сабақ алдында
өтiледi. Жаңа материалды оқушыға игертуде кiрiспе әңгiменiң мәнi
ерекше.
Жаңа бiлiм игертуде катехизикалық (сұрақ-жауап, қарсы шықпау,
жауаптарды есте сақтау), Сократтық (ыңғайлы, оқушының ыңғайына қарай,
қысқа тұжырымды пiкiр бiлдiру), эвристикалық (оқушыға талап жүктеп,
мұғалiмнiң берген сұрағына нақты жауап алу) әңгімелер қолданылады.
Бүгiнде мектептерде эвристикалық әңгiме көбірек орын алуда. Жаңалық ашуда
оқушылардың ойлау қабiлетiн жандандыратын дүние – мұғалiмнiң бiлiктi
сұрақ қоя бiлуiнде. Сократтық әңгіменің шебері философ Сократ болған.
Ол еш уақытта дайын жауап бермеген. Сократтың мақсаты білімнің өзі емес,
адамдардың білім алуға деген ықыласын ояту, білімге ынтықтыру болған.
Сократтың әңгімесі – әңгімелесушіге сұрақтар қою арқылы білгендері мен
білмегендерінің шекарасын ажырата білу, сол арқылы ақылды, керемет, ойлы
әлем ашуға жетелейтін ауызша диалог әдісі. Сондықтан да эвристикалық
әңгiмеде оқушылар өздiгiнше ойлап, өз танымы бойынша бiлiмдi игеретіндігі
байқалады.
Герменевтикалық әңгіме – түсіндіру, ынтықтыру өнері. Герменевтика –
негізгі мәселесі философияға бағытталған, түсінік мәселесі. Бұл әңгімеде
оқушылар өздіктерінен оқу құралдарын, кітаптарды, картинкаларды, моделдерді
қолдана алады. Герменевтикалық әңгіме әдісіне түсіндіріп оқу жатады.
Синтездеуші немесе бекітуші әңгiме оқушылардың бiлiмiн жүйелеп және
қорытындылауда қолданылады.
Коррекциялық бақылау-әңгiме диагностикалық мақсатта және оқушының
бiлiмiн жетiлдiрiп, нақтылап, дамытуда пайдаланады.
Әңгiме барысында, барлық оқушылардың белсендiлікпен қатысып, сұрақты
зер салып тыңдауы, сұраққа дұрыс жауап iздеуі, өзiнiң достарының
жауаптарын талдауы, өзiнiң көзқарасын айта бiлуi қадағаланады. Дұрыс
жауаптарды мадақтау, қатенi түзеу, толық емес жауаптарды толықтыру,
оқытушылардың жiберген қатесiн өздерi табуына, бiр-бiрiне сұрақ
қоюына жол сілтенеді. Әңгіменің танымдық нәтижесі оқушылардың білімінің
мықты меңгерілуімен, өміршеңдігімен айқындалады. Әңгіменің дамытушылық
тиімділігі ақыл-ойды үйлестіріп, тез және анық ойлай білуді қалыптастыруда,
талдай және қорытындылай білуде, сұрақтарды дәл қойып, қысқаша ойлай
алуында жатыр. Әңгіменің тәрбиелік мақсаты оқушының өз бетімен әрекет
жасай білу қасиетін оятады, өз-өзіне сенімділік қасиетін жинақтауға
көмектеседі, қарым-қатынас жасай білу мүмкіндігін қалыптастырады.
Көрнекілік әдістер.
Бақылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымының белсенді формасы болып
табылады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың
сызба – нұсқасын өңдеу; оқушыларды бақылау нәтижелерін өңдей білуге және
оны тікелей білу тәсілдеріне үйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс
істей білу дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік
мәні зор.
Демонстрация. Оқушылардың сезiмiне көрнекiлiктi құбылыстарды,
процесстердi, объектiлердi елестетіп, олардың сапасына әсер етедi. Берiлген
әдiс пен игерiлетiн құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды
сыртқы пiшiнiмен таныстырғанда кеңiнен қолданылады және бiр түрлi
заттардың iшкi құрылысы немесе орналасқан әсерiн қарастырады.
Берiлген әдiс оқушылардың заттар, құбылыстар мен процестердiң, керектi
өлшемдерін жасап, өзара байланысын, танымдық белсендiлігін iске асырып
заттардың құбылысы мен мәнiн, сапасын анықтайды.
Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсiндiруде демонстрациялау
дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер де бұндай демонстрация
өткiзуге мүмкiндiк болмаса, онда табиғи заттарды көлемдi моделдеу арқылы
танып бiлу негiзгi роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы,
двигательдiң iшкi күйi, геометриялық фигуралардың өлшемдерi, жергiлiктi
жердiң рельефi т.б. игеруге көмектеседi. Көптеген жаңа модельдер
заттардың технолгиялық және техникалық ерекшелiгiн анықтап түсiнудi
қамтамасыз етедi.
Демонстрация әдiс сапасын көтеруге, объектiнi дұрыс таңдап алып,
демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәндi жақтарына оқушылардың көңiлiн
аударуға, сонымен қатар түрлi әдiстердi педагогтың бiлiктiлiгiне қарай
пайдалана бiлу үшін қолданылады.
Бейне әдістері. Демонстрация әдiсi иллюстрация әдiсiмен тығыз
байланысты; заттарды көрсетiп және қабылдау, плакаттардың көмегiмен
символдар түрiнде, олардың процестегi құбылыстарын, карта, портреттер,
фотографиялар, суретттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және
т.б. кеңiнен қолданады. Көрнекiлiк iс-тәжiрибеде кеңейiп, небiр жаңа
құралдарды өмiрге келтiрiп жатыр. Түрлi бояулы пластикалық қапталған
тарихтан карталар, альбомдар, атластар т.б.
Жалпы модельдер арқылы құбылыстар мен процестердiң динамикалық және
статистикалық ақ түстi және түрлi-түстi мәнiн ашып көрсетедi. Олар
анықтамаларды түсiндiру процесiн жеңiлдетедi. Географиялық карта,
диаграмма, графиктер, таблицалар бiлiмдi тез сапалы игеруге көмектеседi.
Иллюстрация әдiсiн қолдана отырып, оның көрсетiлу әдiсiне көп мән беру
керек. Көрнектi құралдың дидактикалық ерекшелiгiн, оның танымдық
процестегi ролi мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалiмнiң алдына қойған
мәселесi – иллюстрациялық материалдың оптималды көлемiн анықтап алу.
Иллюстрация алдын-ала дайындалады. Берiлетiн фотография, диаграммалар,
таблицалар мақсатты түрде қолданылады. Қазiргi мектептерде иллюстрацияны
пайдалану үшiн экранды техникалық құралдар кеңiнен қолданылуда.
Бейне әдiс бiлiмдi игертiп қана қоймайы, оны бақылауда, бекiтуде,
қайталауда, қортындылауда, жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметтi
кеңiнен атқарады.
Берiлген әдiс акпаратты көрнектiлiкте қабылдауға негiзделген,
индуктивтi түрде, жеке дедуктивтiк жолдармен бiлiмдi игеру, оқушылардың
түрлi деңгейдегi танымдылық және өздiк жұмыс жүргiзу белсендiлiгi, таным
процесiн басқарудың түрлi тәсiлiн қолдануды қарастырады.
Мына әдiстен гөрi кешендi дидактикалық технологиясы берiлген. Оқыту
процесiнде әдiстi пайдалану, оқушыларға толық оқытылатын құбылыстардың
көрнекiлiк ролiн көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, оқушылардың
қызығушылығы мен қажетiн, мұғалiмдердiң еңбегiн жеңiлдету,босаған уақыт
бiлiмдi бақылайтын және коррекциялайтын, дәптер тексерудi т.б. қамтамасыз
етедi. Сонымен қатар керi байланыс жұмысын; толық және жүйелі түрде
бақылауды ұйымдастыру, үлгерiмдi объективтi есепке алуды ұйымдастырады.
Бейне әдiс дидактикалық және тәрбие мiндеттерiн шешедi. Бұл әдiс:
-жаңа бiлiм беруде, күрделi бағытталатын өте баяу процестердi
(өсiмдiктi өсiру, сұйық заттың диффузиясы, заттың кристалдануы, тау
жыныстарының қыртысын), яғни құбылыстардың мәлiметiн ашып көрсете алмаудағы
жылдам процестердi бақылау,
-күрделi машина мен механизмдердiң ықпалын динамикалық принципте
түсiндiру;
-түрлi iс- әрекет түрлерiн алгоритимде орындалуын оқыту;
-шет тiл сабақтарында арнайы орта құру;
-тарих, этика, қоғамтану, әдебиет сабақтарында өмiр мен бiлiм
байланысын бекiту, сабақтарда бейне құжатты қолдану;
-тест өткiзудi ұйымдастыру;
-алдын - ала жұмыстар, жаттығулар, модельдеу, қажеттi өлшемдi жасау;
-жаттықтыру және зерттеу жұмыстарын өткiзуге жағдай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz