Доп тастау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

2. 2. ВОЛЕЙБОЛ

Волейбол спорт ойыны ретінде XX ғасырдың бас кезінде пайда болды. Бұл ойын дене дайындығы, ойын әдісін игеру жөнінде ойыншыларға және оны ұйымдастыруға өте үлкен талаптар қояды. Бұған мына дерек дәлел. Команданың жеңісін немесе жеңілісін айқындайтын жіберілген қателіктер саны жөнінен волейбол өзге спорт ойындарынан асып түседі.

Ойын әдісінің негіздері:

1. Орын ауыстыру - бұл ойыншының алаңда орын таңдаудағы іс-әрекеті (тұрыс, жай жылжу, итере жылжу) . Мұндай орын ауыстырулар: адымдау, қарғу, жүгіру, құлау, секіру сияқты түрлермен ерекшеленеді. Орын ауыстырудың ең бір күрделі түрі - құлау. Құлау тәсілдері өте көп, соның арасынан мыналарды бөліп алғанымыз жөн:

А. Аударыла арқамен құлау (1-сурет, А) . Ойыншы тез допқа ұмтылады (а) тепе-теңдікті сақтай отырып, тірек

Волейбол ойыны тәсілі элементтері. Допты қабылдау әдісі:

А - арқамен сырғи құлау; Б - кеудемен сырғи құлау.

жасайтын аяғының ұшымен құлайтын жаққа бұрылып, өкшеге «отырады» (б, в) ; табанына салмақ түскеннен кейій дене жерге жақындай түседі (г) мұның өзі аунап түсуді жеңілдетеді. Аударыла құлағанда, омыртқаға зақым келмеу үшін, бел ортасымен емес, бір бүйірге жантая түседі. Желкені жерге соғып алмау амалымен иекті кеудеге тақай «белмен айналу» ( д, е, ж, з) қалпын қабылдау қажет.

Б. Кеудемен құлау (1-сурет, Б) . Мұндай құлауға ұшу фазасы негіз болады. Доппен өзара іс-қимыл тірексіз жағдайдажалғасады (а) . Ойыншы бір аяғымен серпіліс жасап, денесімен алға-төменге ұмтылады. Допты алақан сыртымен немесе жұдырығымен серпіп, алақанымен жерге түседі (б) .

1-сурет жалғасы. Допты ойынға қосу тәсілі:

В - бүйірмен төмей тастау; Г - жоғарылата түзу тастау;

Дене қозғалысы бағыты мен қолдар қозғалысының сәйкес келуі жерге түскенде зақымданбауына жағдай жасайды. Жерге түсудің ең жақсы тәсілі - қолдарды жылдам серпінді бүге отырып, кеуде және ішпен сырғанай құлау; 2, Беру (допты ойынға қосу), Допты беру - қарсыластың іс-қимылын қиындата түсетін аса маңызды әдіс. Ойыншы допты ойынға қосқанда алдымен қарсылас команда ойыншыларының алаңдағы орналасуына зер салады. Осыған орай допты берудің оңтайлы тәсілі таңдалады (1-сурет, В, Г) .

Төмендете түзу беру. Бұлай беру әсіресе волейбол ойынының қыр-сырын жаңа ғана меңгергендер үшін қолайлы. Ойыншы торға қарап тұрып, бастапқы қалыптан допты төмендете түзу тастайды: дене ілгері қарай еңкейген; бір аяқ артқа жіберілген - оған дене салмағы түседі. Допты ұратын қол сілтеу үшін артқа апарылады. Шынтақтан бүгілген екінші қол арқылы ойыншы допты белгі деңгейінде алға ұстайды. Допты 20-30 см биіктікке лақтырып, қатты серпінмен ұрады. Осымен бір мезетте волейболшы алға жіберген аяғын бүгіп, салмақты екінші аяғына салады. Жоғары «алаңда»- допты түйілген жұдырықпен ұру неғұрлым тиімді деп есептеледі.

Бүйірмен төмендете беру. (1-сурет, В) . Бұл тастау торға бүйірді бұрып тұрып, бастапқы қалыптан жүзеге асырылады. Табандар иық кеңдігіндей алшақтықта жақтау сызыққа параллель қойылады (а) . Допты ұратын қол төмен - бір жағына сермеледі (доп ұстаған қол кіндік тұсында, кеуде алға қарай біршама еңкіш тартқан) .

Ойыншы допты 50-70 см жоғары лақтырып жіберіп, оны тосып алу сәтінде ұратын қолын алға-жоғары көтеріп, сонымен бір мезгілде дене салмағын қадам жасаған аяққа салып, допты соғады (а, б, в) . Доп соғылғаннан кейін қол қозғалысын одан әрі жалғастырып, кеуденің доп ұшқан жаққа қарай бұрылуына ықпал етеді (г) .

Жоғарылата түзу тастау (1-сурет, Г) . Доп берудің бұл тәсілі едәуір күрделі. Волейболшы қалыпты жағдайдй бір қолымен допты кеуде тұсына ұстап, торға қарап тұрады. Соғатын қолының алақаны еркін төмен-алға қарай түсірілген (а) . Соғу үшін допты жоғары лақтырған ойыншы шалқайып, дене салмағы арттағы аяққа түседі (б) ; соғатын қол төмен түсіп келе жатқан доптан бұрын қимылдап, «шапшаң көтеріледі», бүгілген қолдың шынтағы оңға қарай бұрылып, иық артқа жіберіледі (в) ; шынтақ жоғары көтеріліп, алақанды өзіне тартқандай әсер қалдырады (бұл иық буынын бір мезетте артқа жіберумен атқарылады) . Қажетті қалыпқа түскеннен кейін бүгілген қолдың шынтағы «қыбыр етпейді», ал алақан жоғары көтеріле бастайды (е) .

Жоғары көтерілген доптың ұшуынан көз жазбаған ойыншы доп соғатын қолын да қадағалайды. Артқа қарай жылжытқан аяғын бүгіңкіреп, денесін қозғалта отырып, алақанын алға-жоғары көтере ойыншы допты соғады (д) тұтастай алғанда бұл соғу қимылы көкіректі бұранда секілді айналдырып, қолды қарсы жақтағы тізеге (яғни таяныш

20-сурет. Допты ойынға қосу тәсілі:

А - жоғарылата бүйірмен беру;

Б - жоғарылата бүйірмен беру тәсілдерінің бірі (допты тез соғу әдісі) .

аяқтың тізесіне) апарумен аяқталады, мұның соңғысы доп соқпаған қолды (е) еркін кейін серпуге көмектеседі.

Жоғарылата бүйірмен беру (2-сурет, А) . Мұндай тастау былайша орындалады. Доп кіндік тұсына таман бір қолмен ұсталып түрылады, дене алға қарай еңкейіңкіреген, бір аяқ артқа жіберіледі - екі аяқ та шамалы бүгіңкі (а) . Кеуде доп соғатын қол жаққа қарай шалқақ қалыпта доп тасталады; соққан қол еркін төмен түсіріліп, оң аяққа салмақ қосады (б) . Доп жиынтық қимылмен соғылады: аяқтар бүгіліп, қолдар қозғалысқа, кеуде бұралған күйге түседі (в) . Қорытындысында доп бас үстінен емес, алдыңғы жақтан соғылады, бұл үшін көкіректің кейін қарай иілуі қажет. Бүкіл дене бұрылып, доп торға қарай лақтырылады (г) .

Жоғарылата бүйірмен берудің басқа төсілі бойынша доп соғатын қол серпіні допты жогары лақтырудан бұрын жасалады (2-сурет, Б) . Сонымен, жоғарыға көтерілген доп төмен түсіп келе жатқанда емес, жоғары шыққан бетте соғылады. Бұл үшін допты соғатын қол жаққа таман қиғаштау лақтыруды ұмытпаған жөн (а, б, в) .

3. Шабуылдай соғулар. Волейболда шабуылдай соғу қимылды үйлестірудегі күрделі іс-әрекетке жатады. Кез келген шабуыл жүгіру, секіру, соғу сияқты қимылдардан тұрады. Оларды үйлестіру волейбол ойынында резервтің мол екенін көрсетеді. Шабуылдай соғудағы ең бастысы секіру алдындағы секектеу, яғни қол мен аяқтың өзара әрекеттестігі болып табылады.

Секектеу былайша атқарылады (3-сурет) :

- оң аяқпен кең қадам жасайды;

- оң қол серпілісі жөне оң иықтың солай қарай бұрылуы;

- оң аяқ сол аяқтан бұрын жерге түседі (а, б, в)

21-сурет. Шабуылдай соғу кезіндегі үш адымды бағыт элементтері: а, б, в, г - оңға адымдау, солға адымдау, оңға адымдау және қолдарды артқа жіберіп, аяқтарды орналастыру - денені түзулеуге дайындау; д - секіру - қолдарды сермеу.

- сол аяқты қою - ойыншы денесінің серпілуі. Оң және сол аяқ кеудемең бірзге алға ұмтылады (г) ;

- екі аяқты қою - қолдардың табиғи айнала қозғалуы арқылы бүкіл дененің жоғары «көтерілуі» (г) аяқтарды былайша қою тнімді саналады: оң аяқ алдымен өкше тұсына қойылады, ал сол аяқ салмағы табанға түседі. Екі аяқ та жерге тіреледі. Екпінмен жүгіру жылдамдығы жоғары болған сайын оң аяқты қою шапшандығы арта түседі, бұл дегеніңіз

4-сурет. Шабуылдай соғулар: А - түзу және Б - бүйірден.

- аяқтарды аяға көбірек аттату деген сөз (бұл жағдайда дене оңға жеңіл бұрылады) ;

- екпінмен секектеу қарқыны баяулайды;

- аяқтар жоғары көтеріліп, оң қол артқа апарылады, допты соғуға ыңғайланады (д) .

А. Түзу шабуылдай соғу (4-сурет, А) . Бұл соғуды орындау барысында алақан иықтан жоғары көтеріледі; шыйтақ бір жағына апарылады, бірақ иық деңгейінде ұсталады. Иық буыны қатая түседі (а) . Серпу жағдайында кеуде шамалы артқа шалқақтайды; жартылай бүгілген аяқтар жерден еркін көтеріледі (күш түсірілмей) ; допты соғатын қол жақтағы аяқ иықтың көтерілуіне орай екіншісіне қарағанда жерден сәл-пәл жоғары тұрады (б) . Допты соғу кеуденің бір орында айналуы есебінен атқарылады; бұл үшін білек түзу сызықпен соғуға бағытталады - білезік допты қысқандай қатая түседі (в) . Допты соғу кезіндегі дененің қозғалысы ядро серпіген адамның қимылын көз алдыңа әкеледі (г, д, е) .

Б. Бүйірден шабуылдай соғу (4-сурет, Б) . Мұндай ұру тәсілі күрделі. Оның негізгі элементтері мыналар: тура соғудағыдай екпінмен жүгіру, секіру және сілтеу (а, б, в) ; секіруден соң доптың төмен түсуін тосып, қас қағым сәт аялдау керек, мұнан кейін қолды дереу төмен түсіріп, кеудені тез бұрып, бүйірден соғу орындалады (г) . Сөйтіп, шабуылшы тік жазықтықта айналым жасайды; толық мәнді бүйірден соғу ойыншының кеудесін бұрып, төмен қарауымен аяқталады (д) .

4. Тосқауыл қою. Ойыншының бұл әрекеті қорғаныс іс-қимылы саналады (кейбір жағдайларда шабуыл амалы ретінде пайдаланылады) .

А. Жалаң тосқауыл - оны бір ойыншы атқарады, Оның тиімділігі ойыншының шабуылдау орнын дұрыс таңдай білуіне және осыған сәйкес ойдағыдай орын ауыстыруына байланысты. Сонымен қатар орын ауыстыру алаңы секіруге мүмкіндік туғызатындай болуы тиіс: мұнда бір жағына қарай немесе қатаң түрде тік секіріледі.

Қатаң түрде тік секіру (5-сурет, А) . Тұтастай алғанда, іс-қимыл «жүзуші старты» дайындығындай орындалады, аяқтар бүгіліп, қолдарды жоғары сермеуге көмектеседі (а, б) секіру жүйелі атқарылады: аяқтар бүгіледі, кеуде

5-сурет. Жалаң тосқауыл. Ойыншының әрекеті:

А- бір орында тұрып жоғары секіру; Б - бір жағына қозғала секіру (екі адыммен) .

еңкіш тартады, ең соңыңда аяқтың ұшымен серпін жасалады (в, г, д) .

Бір жағына қарай қозғалыспен секіру (5-сурет, Б) . Бұл іс-әрекет үйлестіру жағьшан өте күрделі деп саналады: солға да, оңға да қосымша немесе қосарланған адым (а, б, в, г) жасауды жақсы орындау қажет, секірген кезде ойышпының аяқтары жерден жоғары еркін түрғандай әсер береді (д) . Дайындық, қорытынды және арнаулы жаттығулар.

Мұнда жаттығулар кешені волейбол ойынының жоғарыда аталған әдістерін ойдағыдай игеруге мүмкіндік жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бір ойыншы қолында допты
Күш қабілеттерінің маңызы
Допты билеу техникасы
Допты қос қолмен жоғарыдан беру
Баскетбол ойыны. Ойын техникасы
Баскетбол ойынының техникасы
Қазақтың ұлттық ойындары туралы
Футбол. Негізгі ойын ережесі. Қауіпсіздік ережелері
Футболдың даму кезеңі мен ерекшеліктері
Үстел теннисіндегі жұптық ойын. Үстел теннисіндегі ойыншыға ұпайлар қалай және не үшін беріледі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz