Суреттерде балалардың балабақшадағы достары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын,

белсенді, жоғары моральді, әдепті және

рухани байлығы мол адамдардан тұру керек.

Қазақстан Республикасының

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «білім беру» ұғымына «мақсаты қоғам мүшелерінің жоғары адамгершілік, парасаттылық, мәдени, физикалық деңгейінің дамуына және кәсіби біліктілігіне қол жеткізу болып табылатын тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі» деп нақты анықтама берілген.

Білім берудің шынайы мақсаты - адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Қазіргі педагогика ғылымы тәрбие саласындағы басымдық міндеттердің бірі ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақталған халық даналығының жалпыадамзаттық құндылықтарын меңгерту негізінде тәрбиелеу қажеттігін дәлелдеп отыр. Балалардың өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне көмектесудің қажеттілігі арта түсуде.

Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуді көздейді. Өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқылауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

Балалық өзінің руханилығымен, өзінің тазалығымен және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен талантты. Кіші мектеп жасындағы тұлға бойында жалпы мәдениеттің негізі қаланады, өзін-өзі тануға қызығушылығы артады, дербестілігі дамиды. Кіші мектеп жасындағы балалар өзінің жеке сапалары мен мүмкіндіктерін түсіне бастайды. Осы жастағы баланың адамгершілік сезімдері, эмоциялары, өзара қарым-қатынастары туралы түсініктері кеңейеді. Балалар үлкендермен және құрбыластарымен қарым-қатынас жасау мәдениетіне қол жеткізеді, бірқатар адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттердің мәнін түсінеді, оның Отанға, отбасына, жақын адамдарына, қоршаған табиғатқа деген сүйіспеншіліктері артады. Ол алғаш рет алдында тұрған міндеттерді өзінің шешуі керектігін, оқушының әлеуметтік рөлін ұғынуын, сондай-ақ сыныптастарымен және ұстаздарымен жағымды қарым-қатынастар орнату қажеттігін түсінеді.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі ұжымда жақсы көңіл күйдегі жағымды жағдай тудыра отырып әрбір баланың дербестігінің дамуына ықпал етеді. Педагогикалық процеске қатысушылардың эмоционалдық қарым-қатынастары жанашырлық, тілектестік, ынтымақтастық, рақымдылық, мейірімділік, ізеттілік, сенімділік сияқты адамгершілік сезімдері мен күйлерінің кең аумағын қамтиды. Эмоционалдық біліктілік өз сезімдерін танып білуіне, өз әрекеттерін түсіндіре алуына, өзгелердің әрекеттері мен көңіл күйлерін тани білуіне көмектеседі.

Әрбір баланың әр түрлі іс-әрекетке түсуіне, әр түрлі адамдармен қарым-қатынасының ұлғаюына байланысты оның парасаттылық, шығармашылық, эмоционалдық потенциалының дамуына ықпал ететін жағымды қарым-қатынасқа сұранысы қалыптасады. Кіші жастағы оқушылардың мұндай ерекшеліктері мұғалімнің барлық уақытта өз оқушыларына үлгі болу керектігін талап етеді. Мұғалім жақсылық туралы айтып қана қоймай, өзінің өмірде нағыз мейірімді болуы, еркін қарым-қатынас жасауға ықпал етуі және өз мінез-құлқына жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Осы тұрғыдан алғанда « Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі мақсаты - оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеру, өзіне жағымды қарым-қатынасының, өзін-өзі жүзеге асыруының, сондай-ақ әлеуметтік және тұлғалық мәнге ие іс-әрекеттерде өзін-өзі дамытуға сұранысының дамуы.

Осы мақсатқа сәйкес пәннің міндеттері төмендегідей болып белгіленді:

  • оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруін, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру және оны жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
  • балалардың қоршаған әлеуметтік-мәдени және табиғи ортамен үйлесімді байланысын, этикалық және экологиялық мәдениетін, адамдарға, өзіне және қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынас жасау дағдылары мен тәжірибесін қалыптастыру;
  • балаларды адамгершілік нормаларымен, қарым-қатынас жасау амалдарымен, құралдарымен және әдістерімен таныстыру;
  • балалардыңадам, өмір, отан, денсаулық, отбасы, табиғат, махаббат, достық, еңбекқұндылықтары менмейірімділік, сыйластық, сүйіспеншілік, адалдық, патриоттық, еңбексүйгіштікадами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту;
  • танымдық сұраныстарын, коммуникативтік және әлеуметтік тұрғыдағы қарым-қатынас жасау іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
  • тұлғаның эмоционалдық-сезімдік, рухани-адамгершілік, қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынасын, әр түрлі шығармашылық іс-әрекеттерде өзін-өзі жүзеге асыруға сұранысын дамыту;
  • адамгершілікті, әлеуметтік, табиғат пен қоғам байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын белсенді, шығармашылық тұрғыдағы тұлғаны тәрбиелеу;
  • азаматтық, патриоттық, мәдени сапаларын арттыру, Отанын, отбасын, мектебін сүюге тәрбиелеу.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1-сынып оқушыларына арналған оқу-әдестемелік кешен (ОӘК) құрамына мұғалімге арналған әдістемелік құрал, оқулық, оқушы дәптері, дидактикалық материалдардың жинағы енеді. ОӘК-тің барлық құрамдары өзара байланыста сабақта және үйде қолданылады.

«Өзін-өзі тану» пәнін 1-сыныпта оқуға 32 сағат бөлінген. Оқу материалы жүйеленіп төрт тарау бойынша берілді:

  1. «Өзін-өзі тану бақыты» - 8 сағат.
  2. «Адами қарым-қатынасқа үйренейік» - 8 сағат.
  3. «Адам болам десеңіз . . . » - 8 сағат.
  4. «Әсемдік әлемінде» - 8 сағат.

«Өзін-өзі тану бақыты» атты І тарауда өзін-өзі тану, білім, елжандылық, еңбек, отбасы, қамқорлық, сыйластық, достық, ұжым, бақыт, сүйіспеншілік, сөз және т. б. құндылықтарды оқып үйренуге баса назар аударылады. Балалар өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы рөлін түсінеді, сыныптастарымен, ұстаздарымен, мектеппен танысады, жалпы ұжымда еңбек етуді үйренеді.

«Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты ІІ тарауда

1-сынып оқушылары достық, қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, Отан, отбасы, сүйіспеншілік, әдептілік, қамқорлық, өзара түсіністік, сыйластық және т. б. құндылықтарды меңгереді. Сыныпта, отбасында тең құқылы, ізгілікті қарым-қатынастар орнатуға, әлеуметтік белсенділігін дамытуға ерекше назар аударылады.

«Адам болам десеңіз . . . » атты ІІІ тарауда мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға ұмтылушылық, қамқорлық, шыншылдық сияқты адами қасиеттердің мәні түсіндіріледі. Кіші мектеп жасындағы балалар өз істеріне, әрекеттеріне жауапкершілікті сезінуді үйренеді.

«Әсемдік әлемінде» атты ІV тарауда Отан , табиғат, денсаулық, құндылықтар бойынша және табиғатқа қамқорлық , денсаулықты сақтау, жасампаздық жарасымы туралы түсініктері қалыптасады. Оқушылар «адам» және «қоғам» ұғымдарының жан-жақтылығын түсінеді.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1-сыныпқа арналған тақырыптық жоспар

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

1-СЫНЫП

І-ТАРАУ

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ

І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ:

Сабақтың

тақырыбы

Сабақтың

мазмұны

Сағат саны
І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ: 1-2
Шаттыққа толы жүрекпен
«Өзін-өзі тану» пәні нені үйрететінін ұғыну «Өзін-өзі тану» пәнін оқып-үйренуге қызығушылық
2
І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ: 3-4
Арайлап атсын әр таңым
Әрбір атқан таңға, бейбіт күнге қуану, ризашылық білдіру, айналасындағы адамдардың бір-біріне қуаныш сыйлауы
2
І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ: 5-6
Бәрін білгім келеді

Оқушы мәртебесі, жақсы оқушы болуға тырысу, Сыныпта ұжымға бірігуі, танысу, достасу.

Оқушы өмірінде ұстаздың алатын орны, оқушы мен ұстаз арасындағы өзара сыйластық. Мектептің оқушы өміріндегі маңызы, мектепте оқу, мектеп өміріне араласу

2
І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ: 7-8
Достық қымбат өмірде
Достары (балабақша, аула, ауыл, сынып), достық қарым-қатынастың өмірде алатын орны, достыққа негіз болатын адами қасиеттер туралы жалпы түсінік. Қорытынды және кіріспе сабақтар өткелі
2
І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ:

ІІ-ТАРАУ

АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ҮЙРЕНЕЙІК

І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ: 9-10
Сәлем берем ізетпен
Үлкендермен амандасуға, бір-бірімен сәлемдесуге үйрену, бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсете білу. Әдептілік, сыпайылық, ізеттілік ұғымдарын түсіну, әдеп талаптарын орындай білу, ізетті, сыпайы, тәртіпті болуға үйрену
2
І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ: 11-12
Тіл табыса білейік
Бір-бірін түсіне білуге, тыңдауға үйрену, кешірімді болу, өзара сыйластық, өзара түсіністік пен татулықты бағалай білу
2
І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ: 13-14
Көмектесе білейік
Айналасындағы адамдарға көмек көрсету, өзара көмек жасауға үйрену. Өзіне жақын, ниеттес адамға сенім білдіру, өзара жауапкершілікті түсіну, қамқорлық жасай білу, бір-біріне адал болуға үйрену
2
І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ: 15-16
Сыйласаң - сыйлы боласаң
Дос, жақын, туыс адамдармен өзара сыйластық, адамдарға ақ ниетпен құрмет көрсете білу
2
І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ:

ІІІ-ТАРАУ

АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ . . .

І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ: 17-18
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсы мен жаманды ажырата білу, жақсыны бойға сіңіру, жаманнан аулақ болу. Жақсылық жасауға үйрену, жақсылықты өнеге ету, жақсылықты риясыз жасау
2
І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ: 19-20
Қамқор болып өсемін
Сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, мейірімділікті сезіне білу, айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегі, адамдарды жақсы көру, қайырымды, мейірімді болу Қамқорлық сезімдерін дамыту, адамға, табиғатқа, жан-жанурларға қамқорлық жасай білу
2
І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ: 21-22
Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Шындық пен өтірікті айыра білу, шындықты айта білу, өтірік айтпау, шыншыл, турашыл болуға үйрену
2
І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ: 23-24
Адам болу арманым
Адам құндылығының маңызы. Адамның адамгершілік қасиеттер туралы білімдерін кеңейту. Әр адамның ерекшелігін көрсететін табиғи дарыны, қабілеттері туралы түсінік беру. Өзін-өзі танудың: өмір, қарым-қатынас, ата-ана, бауырмалдық және т. б. негізгі ұғымдарын меңгерту.
2
І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ:

ІҮ-ТАРАУ

ӘСЕМДІК ӘЛЕМІНДЕ

І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ: 25-26
Табиғатқа құштарлық
Табиғаттың сұлулығы мен әсемдігін сезіне білу, табиғаттан үйлесімділік, жарасымдылық табу, әсемдікке, сұлулықққа талпыну. Табиғатқа қамқорлық жасау, аяушылық, жанашырлық таныту, күтіп-баптау, өсіп-өнуіне көмектесу
2
І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ: 27-28
Денсаулық құпиялары
Денсаулықтың маңызын түсіну, денсаулық құпияларын білу, денсаулықты күту, бағалау, нығайту
2
І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ: 29-30
Отанымды сүйемін
Отанды сүю, құрметтеу, мақтан тұту, қызмет етуге үйрену. Туған өлкенің табиғаты, байлығы .
2
І-ТАРАУӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ: 31-32
«Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгенім
1-сыныпта «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгендерін жинақтап, қорыту
2

Өзін-өзі тану сабақтарын 1-сыныпта оқыту

әдістемесінің ерекшеліктері

Өзін-өзі тану сабақтарының ерекшеліктері болып мұғалім мен оқушылардың тұлғалық қарым-қатынасқа түсу процесі табылады. Бұл процесте балалар өзі туралы, өзінің сезімдері, ойлары мен әрекеттері туралы біледі, оларды талдай алады және адамгершілік тұрғысынан бағалай біледі, өзін және өзгелерді тыңдауға, адамдарды сол қалпында ізгі ниетпен қабылдап, әр іске шыдамдылық танытуға үйренеді.

Өзін-өзі тану сабақтарында әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтер арқылы адами қарым-қатынастар шыңдалады, өмірлік тәжірибелерімен алмасады, қоғамға қызмет көрсету дағдылары дамиды.

Өзін, өзгелерді, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасауды танып-білу, сондай-ақ ақиқат пен сүйіспеншілікті адам өмірінің ең жоғарғы символы ретінде түсіну балалардың еркін ойлана алатындай, өз пікірін жеткізе алатындай, дарыны мен қабілеттерін көрсете алатындай сенімді еркін қарым-қатынас жағдайларында өтеді.

Өзін-өзі тану процесін ұйымдастырудың маңызды шарты болып балалардың психологиялық, физиологиялық, жас ерекшеліктеріне сәйкес жағымды эмоциялық күймен қамтамасыз ететін жағымды ортаны құру болып табылады. Сабақта әр түрлі іс-әрекеттерді алмастырып отыру оқуға жағымды қатынас тудыруды қамтамасыз етеді.

Өзін-өзі танудың өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес сабақтардың стандартты емес түрлері ұсынылады: ойлану сабақтары, талдау сабақтары, театрландырылған көріністер түріндегі сабақтар, шығармашылық сабақтар, сайыс сабақтар, концерт сабақтар, экскурсия сабақтары, ойын сабақтары және т. б.

Өзін-өзі тану сабақтары 10-15 адамнан тұратын топтарда үнтаспалармен, бейнетаспалармен, көрнекіліктер және дидактикалық материалдармен арнайы жабдықталған кабинеттерде өткізіледі.

Өзін-өзі тану сабақтарын өткізудің әдістері мен формаларының кең көлемділігі оларды арнайы кабинеттерде ғана емес концерт залдарында, мектептің сыртқы алаңдарында, табиғат аясында, мұражайда, сурет галереясында, театрда және т. б. орындарда өткізуді қарастырады.

Өзін-өзі танудың сабақтан тыс жұмыстары балалардың сабақта меңгерген білімдерін іс жүзінде өмірде қолдана білуді және қоғамға қызмет етуді қарастырады.

Өзін-өзі танудағы оқыту процесінде пәннің өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес мынадай әдістемелік тәсілдерді қолдану ұсынылады:

«Шаттық шеңбері» ─ сабақты көтеріңкі, жақсы көңіл күймен ұйымдастыруға бағытталған сабақтың бас кезеңінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Мұғалімнің балалармен бірге құрған шеңберінде олар бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайды, әр түрлі әндер мен өлеңдер айтады. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық тұрғыда маңызы зор. Өйткені мұнда әрбір бала өзін еркін сезінетін үлкен достық шеңберіне қабылданғанын түсінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.

«Тыныштық сәті» ─ релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл күйін жақсы сезінеді. Мұғалім балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аударуы тиіс.

«Өзіммен-өзім» ─ бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы әсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-құлыққа жағымды ықпал етеді және әдетте, материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалімнің сөзі, сондай-ақ үнтаспалар, бейнетаспалар (классикалық музыка тыңдау, бейнефильмдер мен мультфильмдер көру және т. б. ) қолданылады.

«Мәтінмен жұмыс» ─ оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған әдіс. Оқушылардың танып-білуге құштарлығын арттыру мақсатында үлкендермен бірге және өз бетінше көркем шығармаларды оқу ұсынылады. Бұл әдіс оқушылардың ойын, жадын, эмоционалдық күйін, еркіндігін дамытады.

Мәтінмен жұмыс оқушылардың әңгіме, ертегі, өсиет әңгіме, өлеңдерді ұжым болып тыңдауына жақсы жағдайлар тудыратын сөйлеу мен ойлау іс-әрекеттерінің маңызды түрі. Балалар осы әдіс арқылы әңгімені тыңдай және есіте білуді, сезіне алу және сезіммен қабылдауды, ойдан өткізу мен талдай алуды үйренеді. Шығарманы үзіліспен әңгімелеу сияқты амал-тәсілдері қолданылады: әңгімелеу, сахналық элементтер бірлігінде жүзеге асырылады.

Мәтінмен жұмыс 1, 2-сыныптарда (рөлдік әңгімелеуді қоспағанда) мұғалімнің әңгімелеуі арқылы, жүзеге асырылады.

«Сабақтың дәйексөзі» ─ оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалдық-бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде халық даналығы, халық мақалы, нақыл сөз, даналық сөз, ұлағатты сөз алынады.

«Әңгімелесу» - бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас формасы. Әрбір бала өзінің пікірін айта алады, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіре алады, өзін ойландыратын сұрақтарды қоя алады. Мұғалім балалардың өз пікірлерін айтуын қолдап отырады, оларға ойлана алуды, жағдаяттар мен іс-әрекеттерге адамгершілік тұрғысынан баға бере білуді үйретеді.

«Ойын», «Жаттығу» ─ балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру мен жаңа игерілген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі. Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді.

«Шығармашылық жұмыс» ─ өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Шығармашылық жұмыс сурет салу, макеттер, коллаждар мен өлең, әңгіме құрастыру және т. б. түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл тәсіл балалардың шығармашылық шабытын аша түсуге, олардың символдарды, бейнелер мен әрекеттерді ұғынуы арқылы өзіндік «Менін» көрсете алуына септігін тигізеді. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, ынталылық сияқты адами қасиеттерді ұғынуына, өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, балалардың өз күшіне сенімділігін, өзінің қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сенімдерін қалыптастырады, жауапкершілікке, дербестілікке тәрбиелейді.

«Жаттығу-ойлану»  балалардың өмірдің тәлімдік-танымдық жағдайларының мәнін ұғына білу мен нақты өмірлік жағдаяттарды бағалай білу дағдыларын дамытуға, өзінің ойы мен ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсіл. Жаттығу-ойлану тапсырмалары болып нақты өмірлік жағдаяттар, мақал-мәтелдер, тәлімдік-танымдық мәні бар өлең жолдары табылады. Балалардың мақал-мәтелдерді өлең жолдарының тәлімдік, өмірлік мәнін талдауы және жағдаяттарды талқылауы арқылы олардың ойлана білуге, өзін және өзгелерді бағалай алуға икемділігі артып, адамдармен, айналасымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады.

Жаттығу-ойлану жұмыстарын орындау барысында ойлануға берілетін уақытты тапсырмалардың күрделілігіне қарай мұғалімнің өзі белгілейді.

«Бейнематериалдар көру (фильмнен, мультфильмнен үзінділер және т. б. ) » - оқу мағлұматтарын көрнекілік тұрғысынан жеткілікті түсіндіруге мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл. Айқын көркем көріністер балаларға оқу материалының мазмұнын түсінікті қабылдауына және жете меңгеруіне ықпал етеді.

«Сергіту сәті» сабақ үстінде балалардың жалығуы мен шаршағандығын ұмыттыратын, бойларын сергітуге қажетті өзін-өзі тану сабағының құрамдас бір бөлігі. Сергіту жаттығулары бір іс-әрекет түрінен екіншісіне ауысатын сәтте қысқа ойындар, қимыл-қозғалыстар түрінде қолданылады. Осы тәсіл топтың көңіл күйін көтереді, оқуға, білуге ынтасын дамытады, жылдам назар аударуын күшейтеді, ұжымның ұйымшыл болуына ықпал етеді.

«Сахналау» ─ бұл тәсіл өзін-өзі тану сабақтарында оқу материалының мазмұнын эмоционалдық-сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды балалардың өздері рөлдерде орындауы арқылы ұйымдастырылады.

«Қорытындылау» сабақ барысында айтылған ойларды мұғалімнің өзі немесе балалармен бірге жинақтап қорытуға бағытталған әдістемелік тәсіл.

«Жүректен жүрекке» шеңбері сабақтың аяқталу кезеңінде қолданылатын, бір-бірімен пікір алмасуды, бір-біріне тілектер айтуды немесе бәрі бірге сабақтың негізгі ойын қорытатындай ән не өлең орындауды қамтитын және мұғалімнің әрбір баланың эмоционалдық күйін, олардың сабақ мазмұнын түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл.

«Үй тапсырмасы» ─ баланың сабақ тақырыбына және сабақта меңгерген білімдері мен игерген іскерлік, дағдыларын бекітуге қызығушылығын арттыратын тәсіл. Балалар үй тапсырмасын дәптерлеріне өз бетінше немесе үлкендермен бірге орындайды. Бұл балалар мен үлкендердің бірін-бірі жақсы түсінуіне септігін тигізеді. Балалардың үй тапсырмасын қызығушылықпен, жақсы көңілмен орындауы үшін дәптерге олардың көмекшілері - Данышпан ата, ақылды ұл мен қыз- Алпамыс, Махаббат, түйенің ботасы - Ақбота сияқты ертегі кейіпкерлері енгізілді.

Сабақ барысында әдістемелік тәсілдер байланысының ара жігін үзбей, сабақ мазмұнымен сабақтастыра отырып үй тапсырмасын сұрап, балаларға ризашылық сезімін білдіру мұғалімнің шығармашылық шеберлігіне байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
БАЛАБАҚШАДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР - БАЛАЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫ АСПЕКТІ
Мектепке дейінгі балалардың құрастыру шығармашылығының білім дағдыларын дамыту
Балабақшадағы меркелереді өткізу және ұйымдастыру
Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері сабақтарында бояу түстері арқылы сұлулыққа баулу
Балабақша мен отбасы жұмысы сабақтастығы
4-7 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МАЗАСЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖОЛДАРЫ
Мектеп жасына дейінгі балалардың үйлесімді сөйлеуін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану
Байланыстырып сөйлеу бұзылуын тексеру
Тәрбие бастауы - отбасынан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz