Азат азаматтық қозғалысы


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы
2. 2. «Азат» азаматтық қозғалысы
2. 3. «Единство» ұлтаралық қозғалысы
2. 4. 1990 жылдардағы Қазақстанда құрылған қоғамдық бірлестіктерге жалпы сипаттама
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Демократиялық процестер одақтас республикаларда әр түрлі бұқаралық ұйымдардың құрылуына жол берді. Қазақстандағы алғашқы және неғұрлым бұқаралық қозғалыстардың бірі "Невада - Семей" экологиялық қозғалысы болды. 1989 жылдың көктемінде ақын О. Сүлейменовтің ұсынысы бойынша құрылған бұл қозғалыстың түпкі мақсаты Қазақстан аумағында орналасқан Семей және басқа полигондарды жабу болды. "Невада - Семей" құпиялық пердесін алуды, тұрғындар шеккен зиянның орнын толтыруды талап етті. Осы мақсатпен қозғалыс белсенділері пикеттер, демонстрациялар, халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар ұйымдастырды.
Мұхтар Шахановтың ұсынысымен Арал төңірегіндегі халықтарға көмек беру үшін Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Дүниежүзілік жұртшылықтың және КСРО үкіметінің назарын Арал теңізінің экологиялық апатына аудару үшін комитет көп жұмыстар істеді. Көптеген қалаларда-Өскеменде, Алматыда аймақтық экологиялық тазалық үшін күресетін қозғалыстар құрылды.
1990 жылдың шілдесінде "Азат" азаматтық қозғалысы дүниеге келді. Алғашқы кезде қозғалыс әр түрлі саяси партиялардың өкілдерін өзінің қатарына біріктірді. Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алуды "Азат" өзінің басты мақсаты етіп қойды.
1991 жылдың күзівде "Азат" азаматтық қозғалысы өзінің партиясын құрды. Дәл осы кезеңде жаңа қоғамдық-саяси ұйым- Қазақстанның социал-демократиялық партиясы құрылды (ҚСДП) . Жастардың шағын тобы бірігіп, өздерін "Алаш" партиясы деп атады. 1990 жылдың тамыз айында өздерін ұлтаралық қозғалыс деп атаған "Единство" дүниеге келді. Қозғалыстың ұйымдастырушылары, негізінен одақтық мәні бар кәсіпорындардың ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдерінен тұрды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары үшін жауапқа тартылғандар өздерінің "Желтоқсан" партиясын құрды. Саяси ұйымдардан бөлек, өздерінің мүшелерін әлеуметтік, кәсіптік және басқа белгілері бойынша біріктірген ұйымдар - "Жауынгер-ауғанстандықтардың ұйымы", "Әділет", "Жас құрылысшылардың мемориал ассоциациясы", "Тәуелсіз студенттер одағы", "Азамат", "Ақиқат", "Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы" және т. б. құрылды.
1990 жылғы қарашаның басына дейін Қазақстандағы саясаттанған қоғамдық бірлестіктердің саны 100-ден асып, оның 40-қа жуығы республика астанасында болды. Дегенмен, көп уақытқа дейін экологиялық қозғалыстардан басқа жаңа қоғамдық қозғалыстардың саны аз болды. 1989 жылдың сәуірінде мүшелерін гуманистік, адамгершілік принциптері, заңсыздықтарды, кемсітушілікті, адамдар мен халықтардың құқын аяққа басуды қабылдамау, адамдардың азаматтық қадір-қасиетін қалыптастыруға жәрдемдесуге ұмтылу, қоғамдық проблемалар мен әлеуметтік жанжалдарды шешудің құралы ретінде озбырлық пен зорлықты айыптау біріктірген қазақстандық ерікті тарихи-ағартушылық "Әділет" қоғамы құрылды. "Әділет" қоғамы сталиндік зұлымдықтар, 20-30-жылдардағы аштық туралы тарихи шындықты қалпына келтіруді, тоталитарлық тәртіптің құрбандарын еске алуды, олардың толық ақталуына жәрдемдесуді, өмірбаяндық дәйектерді анықтап, ақталғандар мен олардың отбасы мүшелерінің мүдделерін барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда қорғауды мақсат етеді. Соңғы 3 жылда қоғам мүшелері Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың әдеби мұралары мен қоғамдық-саяси қызметтерін зерттеуде республикалық комиссияға көмектесіп, қазақ мәдениетінің осы бір аса көрнекті өкілдерінің әдеби мұраларын халыққа қайтару ісіне өздерінің үлестерін қосты. 1991 жылдың қараша айында "Әділет" қоғамы "1917 жылдан кейінгі Қазақстандағы қуғын-сүргін саясаты" тақырыбында өткен республикалық ғылыми-практикалық конференциясының ұйтқысы болды.
Жоғарыда аталып өткен саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың көпшілігі ұйымдық жағынан болсын, өздерінің стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау жағынан болсын, әлі қалыптасу сатысында екенін айта кету керек. "Невада - Семей қозғалысы", "Азат", "Қазақ тілі" сияқты жекелеген ұйымдар құрамы жағынан мейлінше көп, белгілі бір ақшалай қаражаттары да бар (демеушілер мен азаматтардың ерікті көмегі есебінен) және өздерінің газеттерін де шығарады. Өздерінің мақсаттары мен міндеттері, сонымен бірге іс-әрекеттерінің тиімділігі бойынша бұл ұйымдардың бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар.
1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан Коммунистік партиясы сан жағынан неғұрлым көп саяси күш болды. Бұрынғысынша барлық облыстық, қалалық және аудандық партия комитеттері жұмыс істеп тұрды.
Дегенмен, бүкіл елімізде болып жатқан процестер Қазақстанға соқпай кетпеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында археологиялық жұмыстардағы кадрларды таңдау және орналастырудағы бұрынғы қателіктері мен сәтсіздіктері үшін КОКП-ны сынау өрши түсті.
КОКП-ның басқаруына деген наразылық халықтың көз алдында өсе берді. Қазақстан Коммунистік партиясының беделі айтарлықтай түсті. Мысалы, 1990-жылдың ішінде республикадағы партия ұйымдары мүшелерінің саны 49 мыңға кеміді. КОКП қатарынан жаппай шығу үлгілері жиілей берді. Мысалы, 1990 жылы КОКП қатарынан өз еркімен 35 мың адам шығып, ол республикадағы коммунистердің жалпы санының 4, 2 процентін құрады. 1991 жылдың басында партия қатарынан шыққандардың саны көбейді. Соған қарамастан, Қазақстан Коммунистік партиясының республикадағы ықпалы зор болды. Барлық дәрежедегі Кеңес депутаттары арасында коммунистер 52, 7 процентті құрады.
1990 жылдың қазан айында Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясы Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдап жатқан кезде, қоғамдық қозғалыстар айрықша белсенділік көрсетті. Республика Жоғарғы Кеңесі үйінің алдындағы алаңда күн сайын көптеген адамдар жиналды. Таңертеңнен кешке дейін митингілер өтіп жатты. Алматыда шиеленіскен жағдай қалыптасты. Алматы қалалық партия комитеті іс жүзінде барлық қоғамдық қозғалыстар басшыларын бір үстел басына жинап, айтыс-тартысты өркениетті арнаға енгізе білді. Әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешуді, Кеңес Армиясын тез қайта құруды талап еткен жастар ұйымдастырған пикет, аштық жариялау көріністері жиілей түсті.
Осы кезде Республикада тағы бір қозғалыс - казактар бой көрсете бастады. Казактар - Алтын Орданың ыдырауынан кейін Русьте пайда болған әскери-саяси сословие. Жүздеген жылдар бойы казактар патшаға қызмет етіп, отарлық басқыншылық уақыттарында жазалаушы күш ретінде пайдаланылды.
Республикада казактардың айырылып қалған дәстүрлері мен салт-саналарының қалпына келтірілуіне ешкім қарсы болған жоқ, алайда, Орал казактары басшыларының 1991 жылғы қыркүйектің 15-інде өздерінің патша мен Отанға қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдауы мүлдем түсініксіз болды. Облыс басшыларының мұндай айқын сыңаржақты мерекелеуге кедергі жасап, ақылға шақыруы ешқандай нәтиже бермеді. "Азат", "Желтоқсан", "Парасат" қозғалыстарының басшылары бұл қазақ халқының намысына тию деп бағалады. Мерекеге бірнеше күн қалғанда осы қоғам мүшелері Орал қаласына жиналды. Олар қаланың орталық алаңында керме үран көтеріп, пикет және митингілер ұйымдастырды. Осымен бір уақытта қалаға Краснодардан, Доннан, Челябіден, Самарадан казак әскерлерінің өкілдері де келді. Тартыс қыза түсіп, жаппай қақтығысуға өте жақын тұрды. Тек қана құқық қорғау органдары мен "Азат" қозғалысы басшыларының арқасында ғана қақтығысқа жол берілмеді. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс-әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.
Қазақстанның егемен мемлекет болуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың республикамызда өріс алуына жол ашты.
1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар - Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы және "Қазақстанның халық конгресі", Коммунистік партия. Қоғамдақ қозғалыстардан - ядролық жарылысқа қарсы «Невада - Семей» азаматтық "Азат" және "Қазақстанның халық бірлігі" одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді. Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68әр түрлі қорлар тіркеуге алынды.
Сонымен қатар саяси процастерге қатысатын әр түрлі әлеуметтік қозғалыстар мен партиялар көптеп ашылды. Олардың қатарына Қазақстанның демократиялық партиясы, "Желтоқсан" қоғамдық комитеті, Социал-демократиялық партия, тағы басқаларды қосуға болады.
Қазақстандағы саяси қозғалыстардың ішінде "Қазақстанның халық бірлігі" Одағы беделділердің бірі болды. Бұл Одақ өз құрамына әр түрлі әлеуметтік топтарды біріктірді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz