Ортақ белгіні іздеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Бүгінде оқушыларға әлемдік деңгейде өркениетті негізінде білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды жастар бойына сіңіру ғаламдық мәні бар проблемаға айналып отыр.

Тіпті бүгінгі қоғамның талабы, адам тәрбиесіне мазмұнмен қарауды керек етеді. Яғни, мектепте оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын мүмкіндіктерді жасауды қажет етеді. Сынып жетекшісі үшін ерекше маңызды мәселе оқушылармен қарым-қатынас орнату және қарым-қатынасты үйлестіре білу.

Оқушылардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту іс-шаралары, ұжымға бірігу мен бос уақытын тиімді пайдалану мәселелері де сыныпта жүзеге асады. Мұғалім ерекше оқушымен дұрыс қарым-қатыныс орнату негізінде тұлғаның санасындағы және іс-әрекетіндегі теріс ұғымдармен түсініктерді жойып, қоғамдық талаптарға сай мінез-құлық қалыптастырады.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін жалпы психологиялық зерттеулер жүргізілді. Онда балаларға байланысты мәселелерге басты назар аударылған. Оқушылармен қарым-қатынасты жақсарту үшін мынадай бағытта жұмыстар жүргізілді;

1. Сөз бен іс-әрекет арқылы, тікелей немесе жанама қарым-қатынас орнату.

Басты мақсат тәрбиеге ықпал ету және қарым-қатынас орнату қағидасын ескеру.

2. Қарым-қатынас тек қана педагогикалық мақсатта емес, сонымен бірге баланың қызығушылығын ескеру.

3. Қарым-қатынас бір балаға ма, топқа ма, соның бағдарын анықтау.

4. Баланы тең дәрежеде ұстау.

5. Оқушы құқығын аяққа таптамау, тағы да басқа қағидалар. Мұғалім міндеті;

- оқушының ақыл-парасат күшін тәрбиелеу, оған отан сүйгіштік, имандық, рухани түсініктер тағы басқа ұғымдарды сіңіру;

- оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға арналған іс-шаралар жүргізу;

- оқушылардың отбасы мүшелерін, айналысатын кәсіптерін және тұрмыс деңгейін білу. Мектепте осы бағыт бойынша жасалынып жатқан іс-шаралар аз емес. Мысалы, әр түрлі пән апталықтарындағы кештер, өнер сайысы, мерекелік іс- шараларды және спорттық ойындарды ұйымдастыру барысында оқушылардың қарым-қатынас деңгейі арта түседі. Олардың бойындағы бауырмалдық, жолдастық, ауызбірлік сиақты қасиеттерін анық көрсете алады және өз мүмкіндігін көріп біле алады.

Егер мектептегі сыныпқа жанадан келген оралман оқушылардың сыныппен қарым-қатынасы араласуы көптеген қиындықтар туғызуы мүмкін. Ол үшін бұл сыныппен психо-педагогикалық іс-шаралар жүргізілуі тиіс.

1. Ата-анамен тығыз байланысты орнату.

2. Оқушының ұжыммен байланысын нығайту.

3. Баланың зейінін, қабілетін, белсенділігін арттыру мақсатында жұмыс жасау.

Ал, сыныптағы оралман оқушылармен;

«Достаса білесінбе?», «сыныбыңдағы сенің орның», »Адам-адамға дос-бауыр», »сен өз құқығынды білесің бе?», тағы басқа тақырыпта кеңестер, әңгімелер өткізілп, олардың сынып оқушыларымен қарым-қатынасы анықтау керек.

Ұжымды, ізгілікті қарым-қатынас деңгейі адами сипатта ұйымдастырылса, онда сол ұжымда моральдық-психологиялық ахуал жақсара түседі.

Адамның қарым-қатынас мәдениеті, оның мінез-құлқын зерттейді. Қарым-қатынас әрекеттері адамның сөйлеген сөзінен, сәлемдесуінен, сабырлылық сақтаудан, аманатқа қиянат жасамау, тағы басқа көрінеді. Қарым-қатынасты жетілдіру факторын зерттеу екі бағыттан тұрады:

1. Оқу арқылы тәрбие беру.

2. Тәрбие үрдісі арқылы тәрбиелеу.

Оқушының қарым-қатынасын жетілдіру және балалардың жеке ерекшеліктерімен санасу-ұстаз парызы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. "Педагогика" Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова
  2. "Педагогика" дәріс курсі Н. Д. Хмель
  3. "Мектептегі психология" журналдары

Психикалық дамуды дианостикалау және орташа мектеп жасындағы балаларға арналған ойындар. ( 10-15 ЖАС )

Ата-аналардың осы жас шамасын күрделі деп санап одан қорқатыны негіссіз емес. Алайда кітаптың алғашқы беттерінде айтылғандай егер бұл қиындықтарды алдын-ала болжай алсаңыз және пайда болғанда дұрыс әсер корсетіңіз оларды айналып өтуге болады. Сіздің балаңыз әледе ойындарды ұнатады бірақ мәні бұрынғыдай болып қалғанымен олар күрделене түскен. Бірақ жаңа құбылыстарда пайда болады. Осы өте маңызды кезеңде ол қоршаған әлемнің және ондағы өзінің орнының мәнін түсіну де алғашқы қадамдарды жасауға ұмтыла отырып өзіне және сізге байсалды сұрақтар қоя бастайды: « Мен кіммін? Мен қандаймын? Есейген соң қандай боламын?». Нақ осы шақта оған сіздің назарыңыз бен қолдауыңыз қажет.

Импульсивтік пен Рефлексивтікті диагностикалау

Қос фигураны таңдап алу

Материал: 20 кішкентай суреттер.

Нұсқау:

« Сен қазір бір және оған ұқсас бірнеше сурет көресің. Осы суретке қарап жоғарғы жағанда тұрған суретке ұқсасын тауып алып көрсеткіш»

Нәтижелерін өңдеу

Нәтижелерін санап шығару үшін « дұрыс жауаптар» тізімін пайдаланыңыз.

Тапсырманың нөмер
Дұрыс жауап
Тапсырманың нөмері
Дұрыс жауап
Тапсырманың нөмер: 1
Дұрыс жауап: 5
Тапсырманың нөмері: 11
Дұрыс жауап: 5
Тапсырманың нөмер: 2
Дұрыс жауап: 1
Тапсырманың нөмері: 12
Дұрыс жауап: 1
Тапсырманың нөмер: 3
Дұрыс жауап: 3
Тапсырманың нөмері: 13
Дұрыс жауап: 4
Тапсырманың нөмер: 4
Дұрыс жауап: 6
Тапсырманың нөмері: 14
Дұрыс жауап: 6
Тапсырманың нөмер: 5
Дұрыс жауап: 5
Тапсырманың нөмері: 15
Дұрыс жауап: 5
Тапсырманың нөмер: 6
Дұрыс жауап: 1
Тапсырманың нөмері: 16
Дұрыс жауап: 1
Тапсырманың нөмер: 7
Дұрыс жауап: 4
Тапсырманың нөмері: 17
Дұрыс жауап: 4
Тапсырманың нөмер: 8
Дұрыс жауап: 3
Тапсырманың нөмері: 18
Дұрыс жауап: 3
Тапсырманың нөмер: 9
Дұрыс жауап: 6
Тапсырманың нөмері: 19
Дұрыс жауап: 6
Тапсырманың нөмер: 10
Дұрыс жауап: 2
Тапсырманың нөмері: 20
Дұрыс жауап: 2

Орташа нормативтік уақыттан ұзақ уқыт жауап берген және қателіктерінің саны аз болған жасөспірім - рефлексивті ал көп қате жіберіп аз уқыт жұмсаған жасөспірім -импульсивті болып саналады. Сонымен бірге жасөспірімнің ойлау стилі жылдам ( ықшамды, дәл ) және баяу( дәл емес ) болуы мүмкін.

Нормативтер:

Типі
Жауап беру уақыты
Қателер саны
Типі:

Рефлексивті

Импульсивті

Дәл

Баяу дәл емес

Жауап беру уақыты:

13

6

6

13

Қателер саны:

48

29

29

18

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындар

Ойын сабақтары 5-12 баладан құралған топпен өткізіледі. Оларды жеке-жеке де өткізуге болады, бірақ ондай жағдайда баламен өзіңіз жұмыс істеуіңізге тура келеді. Бір сабақтың ұзақтығы-45 минут. Өткізу жиілігі аптасына 1-2 рет. Әр ойын әртүрлі материялмен және бірнеше сабақ бойы бірнеше рет қайталанады. Ойыншылардың қызығушылығын тудыру үшін, мыналарды баса көрсетуге болады: а) сөз нақ шығармашылық, ойлау қабілеті туралы болып отыр. ; ә) сөз мұндай ойдың қалыптасуы туралы емес(оның сізде бары сөзсіз), оның белсендірілуі туралы болып отыр б) мұндай ой көбінесе үлгеріммен байланысты емес болады в) мұндай ойдың белсенділігі-қиын, бірақ, жүзеге асыру мүмкін іс, және күрделі ойға апарар жол оның қарапайым белгілеріне қатысты бастау алады.

Сөйлем құру

Жорамалдап кез келген мәндері әртүрлі үш сөз алынады КӨЛ, ҚАЛАМ және АЮ. Осы үш сөз міндетті құрамына кіретін барынша көп сөйлем құрау қажет ( етістігшін өзгертуге және басқа сөздерді пайдалануға болады) . Жауаптар қарапайым (Аю қаламды көлге салды), күрделі, үш сөзбен белгіленген жағдайдан тыс шыққан жәнке жаңа нысаналар енгізілген (Бала қаламды алып, көлге шомылып жатқан аюдың суретін салды), және осы заттар стандартты емес байланыста қолданылған шығармашылық болуы мүмкін.

Ортақ белгіні іздеу

Байланысы аз кез -келген екі сөз жорамалдап алынады, мысалы ТӘРЕЛКЕ және ҚАЙЫҚ. Осы заттарға ортақ барынша көп белгілерді жазып алу керек. Жауаптар стандартты болуы мүмкін (адамды қолымен жасалынған заттар, тереңідігі бар(, бірақ осы заттарды мүлдем басқа тұстан көруге мүмкіндік беретін әдеттен тыс, кездейсоқ жауаптар әсіресе жрғары бағаланады; олар біз ойлағандай аз емес. Ортақ белгілер тізімі ұзын ойыншы жеңіске жетеді. Сапалық критерийлерді де енгізууге болады-ерекшелігі үшін қосымша бал қосу.

Кейіннен келіп түскен жауаптар ондағы ашылып жатқан заттар арасындағы байланыстарды мәніне қарай белгілі бір иерархияда орналастырылады (мұндай жұмыс балалардың мәнді және мәнсіз белгілердің не екенін меңгеруі үшін қажет)

Бұл ойын байланыссыз материялдағы көптеген ортақ белгілерін, сәкестіктерін табуды және белгілердің мәнділік дәрежесі туралы нақты түсінік алуды үйретеді.

Артық сөзді шегеріп тастау

Кез келген үш сөз алынады, мысалы, ИТ, ҚЫЗАНАҚ, КҮН. Ұқсастықтары бар заттарды білдіретін сөздерді қалдырып, ұқсас белгісі жоқ сөздерді шегеріп тастау керек. Артық сөздерді шегерудің барынша көп нұсқасын тауып алу қажет. Ең бастысы, қалған әрбір жұп сөзді біріктіретін және шегерілген артық сөзге тән емес барынша көп белгі табу керек. Бірден көзге түсетін жолдарын да ескеріп стандартты емес, және оның үстіне өте дәл шешімдерді іздестірген жөн. Жауабы көп ойыншы жеңіске жетеді.

Бұл ойын байланыссыз құбылыстардың арасындағы кездейсоқ байланыстарды белгілі қабілетін ғана емес, сонымен қатар бір байланыстардан екіншісіне оңай көшу қабілетін де дамытады. Сондай-ақ, бұл ойын ойлау өрісінде бірден бірнеше заттарды ұстап тұруды және оларды бір-бірімен салыстыруды үйретеді. Мұның үстіне ол белгілі бір заттар тобын біріктірудің және бөлудің мүлде әртүрлі әдістері болуы мүмкін деген ұстанымды да қалыптастыратыны маңызды, және сондықтанда жалғыз бір ғана дұрыс шешіммен шектелмей басқа да, көптеген жолдарын іздеу қажет.

Баламаларды іздестіру

Белгілі-бір зат емес құбылыс алынады, мысалы ТІКҰШАҚ. Оның барынша көп баламаларын яғни әртүрлі маңызды белгілері бойынша ұқсас басқа заттардың атауларын жазып алу қажет. Сонымен қатар берілген заттың қай қасиетін ескеріліп, іріктелгендігіне қарай, сол баламаларды топтар бойынша жүйелендірген жөн. Мысалға алған жағдайда, құс көбелек (ұшып қонады) :автобус, пойыз және т. б аталуы мүмкін. Ең көп баламалар топтарын атаған ойыншы жеңіскер болып саналады.

Бұл ойын заттың алуан түрлі қасиеттерін бөліп шығарып олардың әрқайсысымен әрекет жасауды үйретеді. Құбылыстарды олардың белгілері бойынша жіктеу қабілетін қалыптастырады.

Қарама-қарсы заттарды іздестіру

Мысалға, ҮЙ сөзі алынады. Берілген затқа қарама - қарсы басқа заттарды атау қажет. Бұл жағдайда әртүрлі белгілерге бағдарлану және қайшылықтарды топтар бойынша жүйелендіру керек. Мысалы, аталған жағдайда мыналар айтылуы мүмкін: САРАЙ, ӨРІС, ВОКЗАЛ және т. б. Жауаптарын анық дәлелдеп барынша көп қарама-қарсы заттар топтарын атаған ойыншы жеңіске жетеді.

Бұл ойын заттан оның әртүрлі қасиеттерін «қарпып алу» және оларды басқа заттарды іздестіру үшін қолдану қабілетін қалыптастырады, бірнеше заттарға ортақ және әртүрлі қасиеттерін бөле отырып оларды өзара салыстыруды үйретеді.

Берілген белгілер бойынша заттарды іздестіру.

Мынандай міндет қойылады-берілген белгілер жиынтығын иеленген және осы мағынада сурет ретінде көрсетілген екі-үш затқа ұқсас барынша көп заттарды атау. Мысалы, былай айтылады: «екі қарама-қарсы қызметтерді біріктіріп орындайтын заттарды атаймыз, мысалы ЕСІК, СӨНДІРГІШ». Жауаптар қарапайым, күрделі, сонымен қатар мүлде кездейсоқ болуы мүмкін. Қарапайым емес жауапты барынша көп берген ойыншы жеңіске жетеді.

Бұл ойын әртүрлі ұқсас емес заттарды ішінен баламаларды оңай табуды, берілген белгілердің бар-жоғына қарай заттарды жылдам бағалауды, ойды бір нысаннан екіншісіне тез аударуды үйретеді.

Жалғастырғыш буындарды іздестіру

Екі зат беріледі, мысалы КҮРЕК және АВТОМОБИЛЬ. Біріншісіне екіншісіне қарай көшу жолы болып табылатын, берілген екі затпен де анық қисынды байлданысы бар заттарды атау қажет. Мысалы, аталған жағдайда ЭКСКАВАТОР, ЖҰМЫСШЫ болуы мүмкін. Екі - үш жалғастырғыш буындарды (КҮРЕК-АРБА-ТІРКЕМЕ-АВТОМОБИЛЬ) қолдануға рұқсат етіледі. Тізбектің көршілес элементтерінің арасындағы әр байланыс мазмұнының анық негізделуіне және ашылуына ерекше көңіл бөлінеді. Шешімнің ең көп анық дәлелденген нұсқаларын берген ойыншы жеңіске жетеді.

Бұл ойын бастапқыда бір-бірінен алшақ болып көрінетін құбылыстардың арасындағы байланысты оңай және тез орнату, сондай-ақ, ортақ белгілері бар заттарды табу қабілетін қалыптастырады.

Затты қолдану әдістері

Бала жақсы танитын заттың атауы аталады, мысалы КІТАП. Оны қолданудың барынша көп әртүрлі әдістерін көрсету қажет: кітапты киножобалағыштың астына қоятын тіреуіш ретінде қолдануға болады, онымен үстелдің үстіндегі қағаздарды жат көзден жасырып жабуға болады және т. б. Затты қолданудың адамгершілікке жатпайтын, жат әдістерін айтуға тиым салынады. Заттың әртүрлі қызметтерінің барынша көп атаған ойыншы жеңіскер болып табылады.

Бұл ойын ойды бір затқа шоғырландырну қабілетін, оны алуан түрлі жағдайларға және өзара байланыстарға енгізу, қарапайым заттың күтпеген мүмкіндіктерін ашу машығын дамытады. Сонымен қатар ол адамгершілік туралы пікір сайыс үшін орынды негізболуы мүмкін.

Анықтаманы құру

Барлығына таныс зат аталады. Оған маңызсыз емес, барлық маңызды белгілері бар барынша анық анықтама беру керек. Анықтамасы аталған затты нақты сипаттаған ойыншы жеңіске жетеді (яғни бұл заттың кез-келген басқа түрі міндетті түрде осы анықтамамен қамтылады) .

Бұл ойын анық және дәл ойлауды, маңызды белгілерді маңызсыз белгілерден айыра білуді, сонда-ақ оймен бір рет шолу жасағаннан-ақ бір заттың алуан түрлерін қамтуды үйретеді. Әсіресе бұл ойын анықтамаларды құруда немесе есте сақтауда қиналатын балалар үшін өте пайдалы.

Сипатталып жатқан ойындардың басым бөзлігі сияқты, бұл ойын міндетті түрде ұжымдықты талвап етеді: қатысушылар бір-бірінің анықтамаларын тексере алады, оларды қарама - қарсы мысалдармен теріске шығара алады немесе, керісінше, баламаларды келтіріп мақұлдай алады.

Анықталып жатқан ұғымдарды арнайы іріктеген жағдайда (мысалы, ДОС, ҚОРҚЫНЫШ, КӨМЕК . . . ) бұл ойын этикалық тақырыптарға пікірсайыстарға алып келуі мүмкін.

Ойды басқа сөздермен білдіру

Қарапайым сөз тіркесі келтіріледі, мысалы: «Биыл жаз өте жылы болады». Осы ойды басқа сөздермен білдірудің бірнеше нұсқаларын ұсыну қажет. Бұл жағдайда осы сөйлемнің ешбір сөзі басқа сөйлемдерде қолданылмауы тиіс. Айтылған сөйлемнің мағынасы өзгермеу керек. Барынша көп нұсқасын ұсынған келтірген ойыншы жеңіске жетеді.

Бұл ойын өз ойын анық білдіріп, өзгенің ойын жеткізе отырып, сөдерді оңай пайдалану қабілетін дамытуға бағытталған. Қандай да бір ойды түсіну критерийі оны білдіру формасының еркіндігі болып табылатыны белгілі : біз өзіміз жақсы түсінетін ойды әртүрлі сөздерді пайдалана отырып, оңай жеткізе аламыз. Бірақ бұл байланысты кері білдіруге де болады, біз түсініксіз сөз тіркесін басқа сөзбен білдіре алған, өз тілімізге аударған сәтте өзгенің түсінуі мүмкін.

Бұл ойын «әлеуметтік ойды» қалыптастыру үшін де пайдалы: ойын әртүрлі сөзбен оңай жеткізе алатын адам нақты жағдайдың ерекшеліктерін ескере отырып, сөздерді іріктеп ала алады.

Болуы ықтимал себептердің тізімі

Белгілі-бір ерекше жағдай суреттеледі, мысалы: «Дүкеннен оралғанда, сіздің пәтеріңіздің ашық тұрғанын байқадыңыз». Осы фактінің, оның ықтимал түсіндірмелерінің барынша көп себептерін атау қажет. Себептер қарапайым («есікті бекітуді ұмытып кетті», «урылар кіріп кетті») болуы мүмкін, алайда мүмкін емес, оғаш себептерді де елеусіз қалдырмау керек. Барынша көп себептерді атаған ойыншы жеңіске жетеді, олардың әртүрлі болуына ұпай қосылады.

Бұл ойын кез - келген проблеманы шешу немесе кез- келген құбылысты мазмұндау кезінде себептерін кең шеңберін іздестіру қабілетін дамытады. Себебі, олардың барлығын қарастыруға, әртүрлі нұсқаларын өңдеуге мүмкіндік болған соң ғана шешім қабылданады.

Себептер жүйесін құру

Кез-келген оқиға берілееді, мысалы: «Бір кісі кенеттен өзгенің сұрағын. а дөрекі жауап береді». Себепті түсіндірменің берілген (немесе бірлесіп топта құрылған) алгоритімін пайдаланып, барынша көп себептерін атапшүығу қажет. Алгоритмдер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, оқиғаның себептері әрекеттің субъектісінде (бұл әрекетті жасаған адамда), оның объектісінде (бұл әрекеттің кімге қатысты жасалғанында) және жағдайдың өзінде болуы мүмкін. Бұл жіктеме әртүрлі бағыттарда себеп іздеуге итермелейді. Сонымен бірге осы жағдайлардың әрқайсысында себептер алдын - ала ниеттелген және алдын-ала ниеттелмеген тұрақты немесе уақытша жақын арада немесе алшақтанған және т. б. Болуы мүмкін. Осы әртүрлі жіктемелердің барлық ықтимал қиысуларын қарастыру және (мүмкін болса) әрбір түрінің ең болмағанда бір себебін атау қажет. Бастапқыда бұл алгоритм картогчкамен (бағандары мен жолдары белгіленген, бірақ ұяшықтары бос кесте түрінде) берілуі мүмкін бара-бара ол автоматизм деңгейіне дейін меңгерілуі мүмкін және оқушы танысып жатқан кез-келген құбылыстың сенімді жұмыс істейтін ішкі тәсіліне айналады.

Бұл ойын қандай да б ір құбылысты түсіну кезінде жағдайда жан - жақты талдауға ұстанымды қалыптастырады. Ол ықтимал себептердің бүкіл спектрін іздестірудің нақты құралдарын береді. Оның үстіне бұл ойын құбылыстың жіктемелерімен әр тү\рлі негіздер бойынша тиімді жұмыс істеуді және оның ан түрлірін жылдам табуды үйретеді. Берілген жағдайлар ерекшк әдіспен іріктелген жағдайда бұл ойын тиянақтылық пен моральжді жауапкершілік тақырыптарына пікірсайыстардың өткізілуіне алып келуі мүмкін.

Әңгіме атауларының тізімі

Шағын әңгіме немесе хабарлама беріледі. Мысалы: «Кейбір балалардың оқуға да, серуендеуге де ынтасы жоқ- олар бар уақытын теледидар алдында өткізеді. Вашингтонда екі баланың әкесі теледидар қызуғышылығымен күресудің ерекше әдісін ойлап тапты. Ол теледидарды жеңілден ажыратып оны велесипет рамасына отырып қажетті кернеуді тұрақты деңгейде ұстап туру үшін аяқпен жұмыс істегеннен қозғалатын шағын динамо-машинасына қосты. Осыдан кейін балардың теледидарға деген қызуғышылығы азайды. »

осы әңгімеге оның мазмұнын білдіретін барынша көп атау келтіру керек. Атаулар қатаң қисынды («Балаларды теледидарға қараудан бас тартқызу әдісі») немесе формальды яғни мәні бойынша дұрыс бірақ басты мағынасын ( « Әке мен балалар») қамтымайтын немесе бейнелі ашық эмоциялы («Велотеледидар») болуы мүмкін. Кез-келген жауаптар мақұлданады. Сосын әр ойыншы біреуін немесе ең үздік бірнешеуін іріктеп алады.

Бұл ойын мәтін үзіндісінің мәнін бір сөзбен білдіру қабілетін дамытады.

Әңгімені қысқарту

Жоғарыда келтірілген әңгімеге ұқсас қысқаша әңгімен қағазға басылған

күйде беріледі немесе оқылады. Оның мазмұны тек бір екі сөйлемді қолдана отырып барынша ықшамды түрде жеткізу керек олардың ішінде бірде бір артық сөз болмау керек. Бұл жағдайда әңгіменің негізгі мазмұны сақталуы тиіс, мәнсіз тұстарымен егжей текжейлерін алап тастау керек. Әңгімесі барынша қысқа (бірақ негізгі мазмұны сақталған ) болып шыққан ойыншы жеңіске жетеді. Ең сәтті жауапты бірлесіп өңделуі мүмкін.
Бұл ойын ойы анық емес және ұйымдасу қабілеті төмен, бастысына жетпей ұсақ түйеке көңіл бөлетін немесе негізгіні маңызы жоқ нәсемен араластыратын балалар үшін пайдалы. Ол оқиғаның тек мәнін ғана анық белгіліеуді үйретеді.

Хабарламаны алгоритм бойынша тұрғызу

Ойынға қатысушылар жүргізуші ұсынған немесе өздері таңдап алған қандай да бір белгілі оқиғалар туралы айта отырып белгілі-бір барлығын ортақ алгоритмді ұстанатыны жөнінде келіседі.

Алгоритмдер әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, мыналарды пайдаланған ыңғайлы: дерек (орын алған оқиға) - себепші оқиғалар- баламалар мен салыстырулар - салдар. Бұл сөз не туралы болса да, әңгіме айтушы барлық белгіленген тұстарды міндетті түрде осы ретпен қоюы тиіс екендігін білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КЕСКІНДІ ЖӘНЕ БЕЙНЕНІ СЕГМЕНТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Сандық ұғымдардан жасалған сөзжасамдық бірліктер
Бастауыш сыныпта ақпаратты оқыту әдістемесін тәжірибеде қолдану
Бухгалтерлік есепті 1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу
Мәтінді теру мен оны өндеудегі қажетті құрылғылар. Мәтінді форматтау, іздеу және ауыстыру
Квалиметрия негіздері, өнімнің сапасы
Опциялар мен аргументер
Баламаларды іздестіру
Мәдениет – ұлт-тіл тұтастығы
WINDOWS ТИПТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz