Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

1917 жылғы Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы

1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін орнаған Уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәселесін, империалистік соғыстан шығу және т. б. көкейкесті мәсе-лелерді шешпеді. Қазақстандағы жергілікті халықтарды саяси құқықтарынан айырған бұрынғы патша үкіметінің заңдары өз күшінде қалды. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері мен барлық әлеуметтік артық-шылықтары толығымен сақталды. Қазақстанның ең жақсы шұрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жұмысын одан ары жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағат-тық жұмыс күні енгізілмеді. Мемлекеттік мекемелер мен мек-тептерде қазақ тіліне көшуге бүрынғысынша тыйым салын-ды. Қазақ халқының өзін-өзі билеуі туралы мәселе тіпті қойылмады да. Сондықтан Ресей мемлекетіндегі бүл жағдайлар-ды В. И. Ленин бастаған болыыевиктер партиясы "Бүкіл өкімет кеңестерге берілсін" - деген үранды пайдалана отырып, Уақытша үкіметті қүлату үшін оны басты қүралға айналдырды. Бүл елдің барлық жерінде халық бүқарасының болыиевиктер жа-ғына көптеп шығуына әсер етті. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 қазанда (7 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс баста-лып, Уақытша буржуазиялық үкімет қүлатылды.

Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің кеңес-тердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бүл оқиға бүкіл елде, оның шет аймақтарында кеңес өкіметін құру, нығайтумен ұштасты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.

Революция бүкіл билікті жүмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің жүмысшы, шаруа, солдаттар бұқарасы елді соғыстан шығарып, халықтың бейбіт еңбекке оралуына, соғыстан бұрын, соғыс жылдарында жоқшылық пен мүқтаждық зардаптарын шегіп, әбден қажыған жағдайын түзеуге енді айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында

болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бүқарасы Қазан революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған болыпевиктер зауыт, фабрикалар жүмысшыға,

жер шаруаға, бейбітшілік - бүкіл халыққа деген үран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен үлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жа-

риялай отырып, оларды революция туының астынан кетпеуге шақырды.

Қазан революциясынен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы бас-талды. Бұл тұста Қазақстанда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мүнда кейінірек жүзеге асты. Оның бір себебі, мұнда саналы, жақсы үйым-дасқан саны мол жүмысшы табы болған жоқ. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны жөнінде жүрт қол-дайтын бірыңғай пікір де болмады. Кейбір жерлерде авто-номия жарияланып, олардың Ресей қүрамында болатыны-болмайтыны жөніндегі мәселе ашық түрды. Мәселен, осы түста қүрылған Башқүрт, Түркістан, "Оңтүстік шығыс одағы" деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын үлттық өз иелігін қүруға қүлшындырды. Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанда Алашорда үкіметі пайда болды. Оның Батыс Казақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмүхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтүрсынов, т. б. басқарды.

Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан жағра-фиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыстар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мұндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үзді. Көптеген бейбіт халық: егінші, малшы, зергер тағы басқа да кәсіп иелері қырылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен^қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Моңғол феодалдарының Шығыс Қа-зақстан мен Жетісуда тандаулы жайылымдарды тартып алуы, әсіресе жергілікті халықтың жиі-жиі ығысуына әсерін тигізді. Моңғол әмірлері өз үстемдігін берік үстау үшін жаулап алған елдерді ұлыстарға бөліп, этникалық жағынан туыстас жергілікті халықты бір-бірінен бөліп тастауға тырысты/

Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылық болғанымен, халық болып қалыптасудың негізгі шарты -тіл бірлігі жойылмады. Қайта, керісінше, уақыт өткен сай-ын моңғол шапқыншыларының өздері өз тілдерінен айы-рылып, жергілікті ру-тайпалардың қалыптасқан түркі тіліне, әдет-ғүрпына, салт-санасына көшіп, XIV ғ. өзінде-ақ то-лық түркіленіп кетеді. Бірақ бүл кезде бүрынғы екі үлкен расаның /нәсілдің/ байырғы еуропеидтік және кейін қосы-лған моңғолоидтық нәсілдердің күрделі араласу нәтиже-сінде қазіргі қазақ халқы қүрамының /антропологиялық,

этникалық және лингвистикалық негізде/ бірыңғай тұтас қосындысы /қорытпасы/ келіп шығадьіх

/Алайда, бүкіл Қазақстанның жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап, Ақ Орда, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Олар сая-си, мәдени және экономикалық жағынан бытыраңқы бол-ды. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бүл ру-тайпалардың барлығы кейін қазақ халқының қүра-мына кіргещ"

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
Қазақ хандығы дәуірі
Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтары негізінде құрылуы мен дамуы
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Қазақ хандығының нығаюы
Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар- әйгілі тарихшы
Қазақ хандығының құрылуы және Қазақ халқының қалыптасуы
Қазақ этнонимінің пайда болуы
Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz