Регистрлер және есептегіштер


№19 Билет
1. Арифметикалық - логикалық құрылғы. Регистрлер және есептегіштер. Программалық қатынаулы регистрлер: аккумулятор, командалар есептегіші, стек көрсеткіші, индексті регистр, жалаулар регистрі.
2. Компьютерлік сынып. Компьютерлік сыныпта оқу үрдісін ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық нормалары.
1) 1. Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындап шықты. Мұнда өңделетін информация мен өңдеу программасын сандық түрде дайындау, деректер мен программаны машинаның жадында орналастыру тәсілдері де қарастырылған.
Төмендегі принциппен жұмыс істеу машинаның Нейман принципімен жұмыс істеу принципі делінеді.
Дж. Фон Нейман принциптері:
1. Дж. фон Нейман машинасының негізгі блоктары: басқару блогы, арифметикалық - логикалық құрылғы, жад және енгізу - шығару құрылғылары.
2. Информация екілік жүйе бойынша кодталады және сөз деп аталатын бірліктерге бөлінеді.
3. Алгоритм команда деп аталатын басқару қызметші сөздерінің тізбектерінен тұрады. Алгоритм құрайтын командалар жиынтығы программа деп аталады.
4. Программа мен деректер бір жадта сақталады. Түрлі типті сөздер кодтау жолымен емес, пайдалану жолымен ажыратылады.
5. Басқару құрылығысы мен арифметикалық құрылғы бір құрылғыға біріктіріледі, оны орталық процессор деп атайды. Олар кезекпенен жадтап оқылған командаларды ашып, сәйкес түрде бір мәнде етіп орындайды.
Процесорларды арифметикалық есептеулерді қамсыздандыру және жадты адрестеу үшін программалар орындауда 14 регистрлер да пайдаланылады. Әр бір регистр бір сөз (16 бит) ұзындығынан тұрады және бір атпен адрестеледі. Регистр биті оңнан сол жаққа қарай номерлеу қабылдаған: 15, 14, 13, 12, 11, 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.
Debug біздің жолбасшымыз әрі түсіндіріп берушіміз, ал IBM PC -тің
ішінде орналасқан 8088 микропроцессоры жайлы көп біледі. Біз оны 8088 -де болып жатқан ішкі процестерді зерттеу үшін пайдаланатын боламыз: Сондықтан біз сандар сақтала беретін, регистр деп аталатын жадтың кішкене бөліктері жайлы беретін хабарлардың бәрін жарыққа шығарсын деп Debug -ке сұрау салудан бастаймыз. Регистрлер Бейсиктегі айнымалылардай ұқсас, алайда бұлар дәл мұның өзі емес. Бейсикке қарағанда 8088 микропроцессорында регистрлердің шектеулі саны болады, және де бұл регистрлер сіздің IBM PC-дің жадысының бір бөлігі болып табылмайды.
Біз Debug-ке 8088 микропроцессорының регистрлерінің ішінде не бар екенін «R» командасының көмегімен көрсетуді өтінеміз (ағылшынның «Register» сөзінің қысқартылған түрі) .
- R
AX= BX= CX= DX=
SP= FFEE BP= SI= D=
DS=3756 ES=3756 SS=3756 CS=3756 IP=0100
NV UP DI PL NZ NA PO NS
3756:0100 E485 IN AL, 85
(Мүмкін сіз өзіңіздің дисплейіңізде екінші және үшінші жолдарда өзге сандарды көрерсіз бұл сандар компьютердің жадысының сонын көрсетеді. Бұл айырмашылықтар одан әрі қарай да сақтала береді, сондықтан оларды біз кейінірек талқылаймыз) .
Қазір Debug бізге жеткілікті түрде көп ақпарат берді. Ең бірінші төрт регистр AX, BX, CX және DX-ке назар аударайық. Бұлардың мәні туралы Debug олардың бәрі -ге тең екенін хабарлаған еді. Қалған регистрлер SP, BP, SI, DI, DS, ES, SS, CS және IP арнайы мақсаттағы регистрлер болып табылады. Олармен біздер келесі бөлімдерде танысамыз.
Регистр атауының соңын көрсетілген төрт мәнді сан, оналтылық сан болып табылады. 1-бөлімде, біз бір сөздің төрт оналтылық санмен сипатталатының білдік. Көріп тұрғандарыңыздай, 8088 микропроцессорының әрбір 13 регистрі сөз болып табылады да оның 16 битттік ұзындығы бар. Сондықтан 8088 микропроцессорының негізінде құрылған компьютерлер оналты разрядты деп аталады.
Біз регистрлердің Бейсик айнымалыларына ұқсас екенін бұрынырақ айтқан болатынбыз. Бұл біздің олардың жағдайын өзгертіп және де мұны істейтінімізді аңғартпады. Debug «R» командасы регистрлерді тек жарыққа шығарып қана қоймайды. Егер де командада регистрдің атауын көрсетер болсақ, онда Debug біздің нақ сол регистрдің ішінде не бар екенін қарап шығуымызға ықылас білдіріп отырғанымызды түсінеді де оны өрертіп жібере алады. Мысалы біз АХ регистрін төменде көрсетілгендей етіп өзгерте аламыз:
- R AX
AX =
: 3A7
-
Енді АХ регистрінде 3А7h бар екеніне көз жеткізу үшін регистрдің ішінде не бар екенін қарап шығайық:
- R
AX = 03A7 BX= CX= DX= SP=FFEE BP=
SI= DI=
DS=3756 ES=3756 SS=3756 CS=3756 IP=0100 NV UP DIPL NZ NA PO NC
3756: 0100 E485 IN AL, 85
Міне осылай. Сонымен, біз жаңа ғана істегендей, регистрдің атын (есімін) көрсете отырып және де қос нүктеден кейін оның жаңа мәнін енгізе отырып, «R» командасының көмегімен оналтылық санды регистрге орналастыра аламыз, одан әрі қарай, біз бұл команданы 8088 микропроцесорының регистріне сандарды енгізу үшін пайдаланатын боламыз.
Біз 3А7h пен 1ЕDh-ті қосу үшін Debug «Н» командасын қолданғанда 1 бөлімде 3А7h санын көргендерініз бәлкім естеріңізде болар. Сол кезде Debug жұмысты біздің орнымызға істеген еді. Енді біз тікелей 8088 микропроцессорымен жұмыс істеу үшін Debug-ты түсіндіруші, ұғындырушы ретінде пайдаланатын боламыз. Біз 8088-ге екі регистрдегі сандарды қосуға нұсқау береміз: алдымен санды ВХ регистріне орналастырамыз содан соң 8088-ге ВХ те сақталып тұрған санды АХ-те сақталып тұрған санға қосып жауапты АХ-ке орналастыруға нұсқау береміз. Алдымен бізге ВХ регистріне санды енгізіп алу қажет. 3А7h пен 92Аh-ті қосайық. 92Аh-ті ВХ-ке орналастыру үшін «R» командасын пайдаланамыз.
Жоғарғы қабат орталық процессордың ішкі регистрлерінен құралады. Олар процессор жасалған материалдардан жасалады және олар процессор сияқты өте жылдам жұмыс істейді. Ішкі регистрлер 32-разрядтық процессорда 23 х 23 битті сақтауға, ал 64-разрядты процессорда 64 х 64 битті сақтауға мүмкіндік бар. Программалар аппаратураның қатысуынсыз регистрлерді басқаруға алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz