Терезеден терезеге көшу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
  1. Windows операциялық жүйесінің тұтынушы интерфейсі: жұмыс үстелі, жарлық, терезе, мәзір, батырмалар (кнопки), тақталар және т. б.

Windows тұтынушы интерфейсi келесi негiзгi элементтерден тұрады:

  • Терезе;
  • Жұмыс үстелi;
  • Тапсырмалар тақтасы;
  • Бас меню;
  • Жанама немесе контекстi меню (оң жақ батырманы шерту арқылы) ;
  • Windows қолданбалы программаларының меню жүйесi;
  • Windows анықтама жүйесi.

Терезелер

Windows интерфейсiнiң негiзгi ұғымдарының бiрi экран бетiндегi төртбұрышты жақтаулармен шектелген терезе аймағы болып табылады. Windows терезесiнде бумалармен файлдар, орындалатын программалармен құжаттар бейнелерi кескiнделген.

Терезелердiң негiзгi екi түрi бар - қолданбалы программалармен құжаттар терезелерi, ал қажет болған кезде жүйеге тұтынушылар беретiн мәлiметтi енгiзу үшiн сұхбат терезелерi ашылады.

Қолданбалы программалар терезесi программаны немесе буманы бейнелейдi. Программалар терезесiнiң жоғарғы жағында, тақырыптың (тақырып аймағының) астында меню қатары орналасқан. Программалар терезесiнiң iшiнде бiр немесе бiрнеше құжат терезелерi - құжат терезесi (екпiндi қолданбалы программалардың түрiне қарай - сурет, мәтiн, кесте, және т. б. ) орналасқан.

Құжат терезесi қай кезде де болмасын өзiнiң қолданбалы программалар терезесiнiң маңында қалады. Терезенiң орта бөлiгiнде құжат мазмұны көрсетiледi. Егер құжат терезесi үлкейтiлген күйде болса, онда қолданбалы программалар терезесiмен құжат терезелерiнiң тақырыптары дефис арқылы бiрiгедi.

Сұхбат терезесiнде (окно диалога) тақырып қатары, терезенi басқару батырмалары болады. Сонымен қатар келесi элементтерi бар бiрнеше iшкi беттер болуы мүмкiн: команда батырмасы (командная кнопка), қайта қосқыш (переклю÷атель), мәтiндi ақпарат өрiсi (поле), жалаушалар, ашылатын терезелер (ТӨМЕН) (ВНИЗ) () бағыттаушысының батырмасын басқанда ашылатын және т. б.

Бума терезесi буманың мазмұнын бейнелейдi (көбiне бұл басқа бумалардың, программалардың, файлдардың белгiлерi) . Ол шағын қолданбалы программалардың терезесiн еске салады және тақырыбы, көлемдi өзгертумен терезенi жабу батырмалары, жүйелi меню белгiшесi, дербес меню қатары, қолданбалы программалар саймандар қатарымен қалып-күй қатары болады. Бума терезесiнiң тақырыбы, ол жиналып тұрған күйiнде, берiлген бума белгiшесiнiң астында орналасқан атын көрсетедi.

Терезе элементтерi

Шекаралар. Терезенi төрт жағынан шектейтiн жақтаулар шекара деп аталады. Терезенiң өлшемiн шекараға тышқан көрсеткiшiн алып барып, ол екi жаққа бағытталған қара сызыққа айналғанда өзгертуге болады.

Тақырып қатары. Терезенiң жоғарғы шекарасының астына оның атын көрсететiн аймақ орналасқан. Ол тақырып қатары немесе тақырып деп аталады. Терезенiң атына тышқан көрсеткiшiн алып барып, терезенiң орнын ауыстыруға болады. Тақырып қатарының сол жағында терезенiң жүйелi менюiнiң ШАҚЫРУ (ВЫЗОВ) батырмасы бар (бастырманың түрi әрқашан терезенiң мазмұнына сәйкес келедi, мысалы Excel қолданбалы программалары үшiн А3 батырмасы қолданылады) . Сол батырмада тышқан батырмасын шерту арқылы орнын ауыстыруға, өлшемiн өзгертуге, терезенi жабуға болатын терезенi басқарудың қарапайым командалар тiзiмiн аша аламыз.

Терезенiң жоғарғы оң бұрышында үш батырма орналасқан:

терезенi Кiшiрейту, Үлкейту және Жабу

Кiшiрейту (жинау) батырмасына басу кiшкентай (миниатюрлi) тақырыпты белгiнiң iшiне құжат терезесiн жинауға әкелiп соғады: ал қолданбалы программалар терезесi экран астындағы тапсырмалар тақтасындағы батырманың iшiне орналасады; сәйкесiнше Үлкейту батырмасы терезенi бүкiл экранға кеңейтiп мына түрге енедi . Құжат терезесi үлкейтiлген қалпында болған кезде оның аты дефис арқылы қолданбалы программалардың атымен бiрiгедi. Сол батырмада қайта шерту терезенiң өлшемiн бастапқы қалпына келтiредi.

Қосымшаның жүйелi меню қатары тақырыптың астында орналасқан. Қосымшаның жүйелi менюi бүкiл қолданбалы программаларға бiрдей (сирек жағдайларда болмаса) базалы командалар жинағына кiру мүмкiндiгiн (доступ) қамтамасыз етедi. Меню қатары тек бiр ғана (конкретный) қолданбалы программаларға тән командалармен тақырыптың дәл астында орналасқан көлденең жолақ (горизантальная полоска) команда өз менюiн ашады.

Саймандар тақтасы терезенiң мiндеттi емес элементi болып табылады. Оның жиiрек қолданылатын командаларға жылдам кiру мүмкiндiгiне арналған белгiлерiмен батырмалары бар. Саймандар тақтасын Түр Саймандар тақтасы (Вид Панель инструментов) командасымен қосуға болады.

Анықтама батырмасы, немесе түсiнiктеме беру Шеберi (Мастер подсказок) екпiндi қолданбалы программаларда анықтама жүйесiнiң сұхбат терезесiн шақырады. Жұмыс аймағы - ол терезенiң iшкi аймағы. Қалып-күй қатары терезенiң төменгi жағында орналасады да бар обьектiлердiң саны мен көлемiн көрсетедi. Терезенiң жұмыс өрiсiнiң оң жақ пен төменгi шекаралардың жанында терезе шекараларының шектеуiнен терезенiң бүкiл мазмұнын көру мүмкiн болмағанда тiк және көлденең орын ауыстырулар жасауға мүмкiндiк беретiн айналдыру жолақтары (полосы прокрутки) орналасқан.

Терезелердiң өлшемдерiн өзгерту мен орнын ауыстыру (перемеùение )

Терезенiң өлшемiн шекараны оңға, солға және төмен қозғау арқылы өзгертуге болады. Терезенiң енi мен биiктiгiн бiр мезгiлде өзгерту үшiн курсорды терезенi бұрышына қойып, оны созу (протянуть) керек. Тақырып аймағын “ұстап” (“ухватив”) терезенi экранның керек жерiне апаруға болады.

Терезеден терезеге көшу

Екпiндi емес терезенi екпiндi ету үшiн:

  • бұл терезенi кез-келген жерiнде шерту;
  • осы терезеге сәйкес келетiн тапсырмалар тақтасының батырмасында шерту;
  • <Alt> + <Tab> қосқышының көмегiмен.

Экранда терезелердi реттеу

Егер экранда бiр мезгiлде бiрнеше терезелер ашық болса, оларды тек тақырыптары ғана көрiнетiндей етiп орналастыруға болады:

Тапсырмалар тақтасының бос бөлiгiнде тышқанның оң жақ батырмасын шертiп жанама менюдегi Каскадты терезелер командасын таңдап алу.

Барлық ашық терезелердiң мазмұнын бiр кезде (уақытты) жалпылай қарап (обозрение) шығу үшiн, тышқанның оң жақ шертпесiн шерткеннен кейiн Терезе солдан оңға (Окно слева направо) немесе Терезе жоғарыдан төмен (Окно сверху вниз) командасын таңдау керек. Тапсырмалар тақтасында тышқанның оң жақ шертпесiн шертiп, Барлық терезелердi жинау (Свернуть все окна) командасын таңдап алып, бүкiл екпiндi терезелердi жинауға болады.

Жиналғаннан кейiн терезелердi бастапқы қалпына келтiру үшiн тышқанның оң жақ шертпесiн шерткеннен кейiн тапсырмалар тақтасындағы Жинаудан бас тарту (Отменить свертывание) командасын орындауға болады.

Менiң компьютерiм

Менiң компьютерiм жергiлiктi компьютердiң ресурстарына, желiлi дискiге, әртүрлi қондырғыларға - принтерлерге, дискiлерге және т. с. с., сонымен қатар оларды баптауды жылдам iске асыруды қамтамасыз ететiн сәйкес әмбебеп программа. Белгiшенi екпiндi ету компьютердiң жергiлiктi желi ресурстарына сәйкес келетiн белгiсi бар терезелердi ашады.

Менiң компьютерiм бумасының терезесiнде жұмсақ және қатты дискiлердiң, басқару тақтасының, принтерлердiң, желiмен қашықтан жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн программалардың, басқару тақтасының белгiшелерi бейнеленген. Бұл белгiшелердiң барлығы сәйкес бумалардың белгiлерi (обозна÷ение) болып табылады.

Менiң компьютерiм бумасының элементiн белгiлеп алып, келесi операцияларды жүзеге асыруға болады.

  • жарлық жасау (Файл→жарлық жасау командасы) ;
  • қарау(просмотр) режимдерiн өзгерту (менюдегi Түрдiң командалары) ;
  • дискiде оның белгiшесiн белгiлеп алғаннан кейiн (Файл командасы→Табу→Барлық файлдар) программаны тез iздеумен iске қосу, белгiленген бума немесе дискiнiң мазмұны бар терезенi шақыру, басқа iшкi бумаларды шақыру (экранда бума терезесiн жабу үшiн Жабу батырмасын шерту керек ) .

Сiлтеуiш программасы

Сiлтеуiш программасы Windows -тiң негiзгi басқару программаларының бiрi болып табыла отырып, файлдық жүйенi басқаруға арналған .

Windows -тегi Сiлтеуiштiң көмегiмен дискеттегi буманың құрылымы мен мазмұнын көруге болады.

Сiлтеуiштi iске қосу

Сiлтеуiштi iске қосудың бiрнеше түрi бар:

  • Iске қосу батырмасында тышқанның оң жағын шертiп, жанама менюден Сiлтеуiш командасын таңдап алу;
  • Дәл солай Жұмыс үстелiндегi кез келген бума белгiшесiнде немесе қолданбалы программалар жарлықтарынан басқа жарлық белгiшелерiнде;
  • Бума терезесiнде бума белгiшесiн белгiлеп, менюдегi Файлдан Сiлтеуiш командасын таңдау.

Сiлтеуiш терезесiнiң құрылымы

Сiлтеуiш терезесiнiң құрылымы кәдiмгi бума терезесiнiң құрылымына сәйкес: бума аты жазылған қатармен терезе өлшемiн басқаратын батырмалар, меню қатарындағы Файл, Түзеу, Түр, Сервис; терезенiң жұмыс өрiсi, сонымен қатар мiндеттi емес элементтер - Саймандар тақтасымен қалып күй қатары .

Сiлтеуiш терезесiнiң жұмыс өрiсi тiк (вертикаль) аймақтарға бөлiнген. Терезенiң сол жақ бөлiгiнде компьютер бумаларының ағаш секiлдi құрылымы, оң жақ бөлiгiнде сол жақ аймағында белгiленген буманың мазмұны бейнеленген. Егер құрылымы бойынша iшкi бумалары бар бума жабық болса, оның қасында “+” белгiсi тұрады; ал егер бума ашық болып оған кiретiн элементтерi көрсетiлсе, оның қасында “-“ белгiсi тұрады. Терезенiң сол жақ аймағы бумалар арасындағы орын ауыстыруды едәуiр жеңiлдетедi, бумаларды жылдам қарау және көрнекi орын ауыстыру мүмкiндiгiмен бiр аймақтан екiншi аймаққа сүйреп, файлдарды көшiрудi iске асырады. Жұмыс өрiсiнiң екi аймағында да орналасқан айналдыру жолақтары файлдық жүйенi “парақтауға” мүмкiндiк бередi. Сiлтеуiш терезесiн қарау тәртiбi бума терезесiн қарау тәртiбiне сәйкес келедi.

Бумалармен файлдармен жұмыс

Сол жақ аймақты бумалар арасындағы орын ауыстыру:

  • Басқа буманың атында тышқанды шертсе, ол белгiленiп жылжымалы болады, ал оның мазмұны оң жақ аймақта пайда болады.
  • Егер бума атының сол жағында орналасқан”+” немесе “-“ таңбаларын да шертсе, онда сол жақ аймақтың тiзiм элементi ашылады (жиналады), оң жақ аймақтың мазмұны өзгермейдi.
  • Бума атын да екi рет шертсе ол ағымдағы бумаға айналады, ал оң жақ аймақта мазмұны шығады. Сонымен бiрге сол жақ аймақта бума құрылымдарын көрсету дәрежесi өзгередi.

Файлдармен бумалардың атрибуттарын өзгерту

Файлдармен бумаларды толығырақ сипаттау үшiн атрибуттар қолданылады. Оларға: Тек оқу үшiн , Архивтi , Жасырын , Жүйелi жатады. Әдетте жасырын және жүйелi файлдар бумалар тiзiмдерiнде көрiнбейдi.

Бума немесе файлдың атрибуттарын өзгерту үшiн:

  • Менiң компьютерiм бумасында қасиеттерiн өзгерту қажет буманы ашыңыз.
  • МенюдегiФайлдан→Қасиеттеркомандасын таңдаңыз.

Бiр-бiрiмен жалғасқан файлдар тiзiмi мен файлдар атының кеңейтiлгенiн көру үшiн:

  • Менiң компьютерiм бумасында қажет буманы ашыңыз.
  • МенюдегiТүр- таңдаңыз.
  • Қарау(Просмотр) iшкi салмасын ашып, Бүкiл файлды көрсету(Отображать все файлы) параметрiн таңдаңыз.

Объектiлермен операциялар (Операции над объектами)

Сол жақ пен оң жақ аймақтарында объектiлермен (бумалармен, файлдармен) бүкiл қажет операцияларды (амалдарды) орындауға болады: ашу, жасау, көшiру, орын ауыстыру, өшiру, атын өзгерту мен реестрдi басқару . Бұл амалдарды Сiлтеуiштiң менюiмен қосымша менюлердiң көмегi арқылы орындауға болады.

Мысалы, бiр буманы басқа буманың iшiне салу үшiн курсорды орынын ауыстыратын объектiге қойып, тышқанның оң жағын басып тұрып, объектiнi ұстап, iшiне салу қажет буманың белгiсiне сүйреп алып барып, ашылған қосымша менюден орнын ауыстыру (Переместить) командасын таңдау қажет.

Сiлтеуiш терезесiнде бума немесе файлды таңдау

Обектiмен амал орындау үшiн оны таңдап (белгiлеп) алу қажет. Нәтижесiнде таңдап алған обектiнiң атымен белгiшесi айрықша түспен белгiленiп тұрады:

  • атында немесе белгiшесiнде тышқаның сол жағын шерткенде;
  • атының бiрiншi әрiптерiне сәйкес перненi басқанда;
  • курсорды басқару пернелерiмен.

Бiрнеше обектiлердi (бумаларды, файлдарды) таңдау

  • <Ctrl> пернесiн жiбермей басып тұрып, белгiлеу қажет объектiлерде кезегiмен тышқанды шерту.
  • Объектiлер бiрiнен кейiн бiрi қатар орналасқан болса, бiрiншiсiн таңдап, <Shift> пернесiн басып тұрып соңғысында шерту.
  • Объектiлердiң барлығын белгiлеу үшiн <Ctrl>+<A> пернелерiн басып, немесе менюдегiТүзету-деБарлығын белгiлеу(Выделить все) командасы қолданылады.

Объектiнi ашу

  • Қажет объектiде тышқаның сол жағын екi рет шерту.
  • Объектiнi жоғарыда көрсетiлген тәсiлдердiң бiрiмен белгiлеп алып менюдегiФайл→Ашукомандасын орындау т. с. с.
  • Объектiнi белгiлеп <Enter>-дi басу.

Объект жасау

Iшiнде объект жасалатын буманы ашу.

  • Менюдегi Файлда жасау командасын орындап, объект түрiн анықтайтын сәйкес пункттi таңдау.
  • Бума терезенiң кез-келген бос жерiнде тышқанның оң жағын шертiп, қосымша менюден Жасау пунктiн таңдап, оған кiрме менюден жасалатын объектiнiң түрiне сәйкес команданы орындау.

Экранды баптау

Экранды баптау үшiн (терезеде оның айқындау қабiлетi мен қарiпiн, экранды сақтаушы суретiн таңдау, тұтынушының талғамына сай экран элементтерiнiң түрiн барлығына дерлiк өзгерту, гамма түстерi (цветовая гамма) мен экранның жұмыс үстелiнiң қалқалық аймағының түсiн (суретiн) таңдауды (обоев (рисунка) фоновой области экрана) беру т. с. с. ) Қасиеттер: экран сұхбат терезесi қолданылады. Бұл терезенi былай шақырып алуға болады:

  • Басқару тақтасының терезесiндегi экран белгiшесiнде тышқанды екi рет шерту арқылы;
  • Жұмыс үстелiнiң бос жерiнде көрсеткiштi орнатқан соң тышқанның оң жағын шерту арқылы. Ашылған менюден Қасиеттер командасы таңдалынады. Қасиеттер сұхбат терезесi: Экранның төрт iшкi саласы бар:Фон, Қалқа, Көркемдеу, Параметрлер.

Фон

Фон жұмыс үстелiнiң терезелер мен белгiшелерден бос бөлiгiн жинақтың iшiнде бар фондық өрнектермен (фоновой узор) немесе суретпен (түсқағазбен (обоями) ), болмаса сiздiң жеке суреттерiңiздi қолданып көркемдеуге (украсить) мүмкiндiк бередi.

Жұмыс үстелiн көркемдейтiн қалыпты қайталанатын фондық өрнектi айналдыру жолағын қолданып, қоршау iшiндегi фондық өрнектi таңдауға болады.

Монитор экранындағы өрнектi қарау (просмотр) үшiн сурет тiзiмiндегi Жоқ қатарын (строка нет) таңдау қажет. Экранды өрнектейтiн түсқағаздар Сурет қоршауының iшiнен таңдалады.

Ортадағы орынға орнату қосқышы (переклю÷атель) суреттi экран ортасына орналастырылады;

Көбейту (Размножить) жағдайында - суреттi бiрнеше дүркiн (многократно) қайталау жұмыс үстелiн толтырады;

ОК батырмасымен өрнектi таңдау аяқталады; Қолдану (Применить) батырмасы өрнек (узор) пен түсқағаздардың (обоев) жаңа атауын (названия) таңдағаннан кейiн қолданылады. Егер таңдап алған өрнек (узор) немесе сурет ұнамаса оларды өзгертуге болады. Өрнектi өзгерту→Өзгерту батырмасы арқылы орындалады.

Қарау (Обзор) батырмасы кез-келген суретi бар файлды таңдауға мүмкiндiк беретiн жаңа сұхбат терезесiн ашады.

Қалқа (Заставка)

Ылғи ауысып отыратын суретi бар экран сақтаушысы (хранитель экрана) экран Қалқасы Қасиеттер сұхбат терезесiнде берiледi: Қалқа iшкi салмасы бар Экран.

Таңдалған экран қалқасын терезенiң жоғарғы жағында орналасқан экранда Көру (Просмотр) батырмасын басып қарауға болады.

Экран сақтаушының аты Қалқа тiзiмiнен таңдалынады. Пайда болып жатқан суреттiң айнымалы параметрлерiн Параметр батырмасы арқылы ашылатын Баптау параметрлерi сұхбат терезесiнде енгiзуге болады.

Компьютердiң тоқтап тұрғанынан (простой) кейiн пайда болатын экран қалқасының уақыты Интервал тiзiмiнде минутпен орнатылады.

Қажет жағдайда монитор Күту режимi (ждущий режим) батырмасын басу арқылы энергияны аз тұтынатын күту режимiне көшетiн уақыт аралығын орнатуға болады.

Мониторды жұмыс режимiне көшiру үшiн тышқанды қозғау немесе кез-келген перненi басу жеткiлiктi. Тиiмдi (эконми÷ный) режим арқылы Өшiру (отклю÷ение ÷ерез) батырмасын басқанда орындалатын мониторды белгiлi бiр уақыт аралығынан кейiн өшiру режимi болып табылады.

Көркемдеу (Оформление)

Көркемдеу iшкi салмасы жеке экран элеметтерiнiң өлшемдерiмен түстерiн өзгертуге, жүйелi қарiптердi таңдауға мүмкiндiк бередi.

Терезенiң жоғарғы бөлiгiнде тұтынушы (пользовательский) интерфейстiң бүкiл элементтерi көрiнетiн (демонстрируется) схеманың алдын ала қарау терезесi орналасқан: екпiндi және екпiндi емес терезелермен олардың элементтерi: тақырыптар, терезенi басқару батырмалары, меню қатарлары т. с. с. Олардың өлшемiн, түсiн және қарiпiн өзгертуге болады.

Windows-та экран элементтерiн көркемдейтiн схемалар жинағы бар. Бiрiншi енгiзу кезiнде (при первом запуске) Windows жүйесi көркемдеудiң стандартты схемасын (стандартты Windows) таңдайды. Дегенмен Схема тiзiмiндегi қосымша схемалардан бiреуiн таңдап алуға болады.

Бар схемалардың бiреуiн өзгертуге болады. Ол үшiн тiзiмнiң iшiнен оның атын таңдап алып, интерфейстiң түрiн өзгерту қажет элементiнде шертедi. Қажет түстi, қарiптi және өлшемдi таңдап алу үшiн, терезенiң төменгi бөлiгiнде орналасқан батырмалармен ашылатын тiзiмдер қолданылады.

Осы батырмалармен ашылатын тiзiмдер арқылы элементтiң түсiн, қарiптiң түсiн өзгертуге, жаңа түстердi қосып қолдануға т. с. с. болады.

Егер ұсынылып отырған көркемдеу схемасының бiр де бiрi сай келмесе, өз схемаңды жасауға болады. Ол үшiн терезенiң сәйкес батырмаларымен ашылатын тiзiмдердiң көмегiмен сiзге қажет түстер комбинациясын, қарiптер мен өлшемдерiн таңдап алып, бұл схемаға ат қойған соң болашақта қолдануға сақтап (сохранить) қою керек.

Ұлттық стандарттарға сәйкес Windows-ты баптау

Экранда бейнеленген ақпарат көрсетiлген елде қабылданып, таңдалынған стандарттарға сәйкес келу үшiн тiл белгiшесiмен стандартты Басқару тақтасын екпiндi етудiң көмегiмен Windows-тi баптау жүзеге асырылады.

Нәтижесiнде Қасиеттер терезесi ашылады. Келесi iшкi салмалары бар Тiл мен стандарттар: Регионмен тiл , Күндер (×исла), Ақша бiрлiгi (денежная единица), Уақыт , Күн .

Регионмен тiл

Регионмен тiл салмасы бойынша ашылған тiзiм iшiнде тiлмен регион (мемлекет) таңдалынады. Таңдалған мемлекет әлем картасында ерекшеленiп көрiнедi (высве÷ивается) . Ашылған тiзiм iшiнен Регион мен тiл таңдалынады. Таңдалған тiл мен регионға сәйкес бүкiл баптау автоматты түрде жүргiзiледi.

Сандар

Сандар iшкi салмасы бойынша ашылған тiзiмнен сандарды бейнелеуге арналған символдар таңданылады. Олардың кейбiреулерiн түсiндiре кетелiк: топтар дәрежесiнiң бөлгiшi (разделитель групп разрядов) - соның бүтiн бөлiгiнде сандар тобын бөлетiн белгiше (символ), топтағы сандар саны - соның бүтiн бөлiгi бөлiнетiн топтағы сандар саны.

Кез-келген тiзiмге өзгерiс енгiзу барысында басқан кезде сандарды шығару үлгiсi (Образцы выводы ÷исел) қоршауында оң немесесе терiс сандарды көрсетуге арналған ағымдағы параметрлердi қолдану үлгiсi кескiнделетiн Қолдану (применить) батырмасын пайдалану мүмкiн болады.

Уақыт

Уақыт iшкi салмасында уақытты көрсету форматы берiледi. Келесi параметрлер бапталады:

  • ×:MM:СС - сағат, минут, секунт (h : mm : ss) ;
  • уақыт компоненттерiн бөлгiш - мысалы, қос нүкте:
  • түске дейiнгi уақытты белгiшелеу( АМ ) :
  • түстен кейiнгi уақытты белгiшелеу ( РМ ) .

Уақытты 24-сағатты форматта көрсету үшiн “×”мен “××” бас әрiптерi;

12-сағатты форматты-“×”, ”××” кiшi әрiптерi қолданылады. Сағаттың минуттық және секундтық мәндерi ылғи да екi сан арқылы көрсетiледi.

Уақытты түске дейiнгi (АМ) және түстен кейiнгi (РМ) түрде көрсету үшiн бiр “о” кiшi әрпi немесе қос “оо” кiшi әрiптерi қолданылады.

Күн

Күн(дата) iшкi салмасында ашылатын тiзiмдермен Үлгi алаптарының көмегiмен күнді (датаны) кескiндеу форматы берiледi.

Қажеттi форматты таңдағаннан кейiн ОК батырмасы басылады.

Стандартты қолданбалы программалар

Paint кескiндiк (графикалық) редакторы

Paint программасы түрлi-түстi графикалық кескiндердi құруға , қарауға (просмотр) және өңдеуге (редактирование) арналған. Ол шағын мәтiндердi жазумен сканерден түсiрiп алған кескiндердi өңдеуге (редактирование) мүмкiндiк бередi.

Paint кеңейтiлген . BMP-лi файлды жасайды және оқиды. Жасалған суреттердi басқа құжаттарға енгiзуге болады.

Кескiндiк (графикалық) редакторды iске қосу

Iске қосу батырмасын да шертiп, Басменюден келесi пункттердi таңдап алу: Программалар →Стандартты →Paint кескiндiк редакторы.

Paint кескiндiк редакторының терезесi

Кескiндiк редактор терезесiнiң келесi элементтерi бар: құжат атынан тұратын тақырып қатары, меню қатары, экранның орта бөлiгi, сурет салуға арналған аймақ. Сол жақта сурет салу саймандар жинағымен өңдеу (редактирование) белгiшелеу тобы орналасқан. Саймандар жиынтығының астында таңдалып алынған сайманның түрiне байланысты өзгеретiн үлгiлер жинағы орналасқан. Мысалы, сызық сайманын таңдап алған кезде үлгiлер жинағында түрлi қалыңдықтағы сызықтар жинағы болады.

Терезенiң сол жақ төменгi бұрышында сурет салғанда ауыстыруға болатын түстер жинағының Индикаторы орналасқан. Индикатордағы алдыңғы жоспарда орналасқан квадрат негiзгi түспен, ал кейiнгiсi фондық түспен боялған.

Сурет салу аймағының төменгi жағындағы индикатордың оң жағында түрлi түстерге боялған 28 батырмадан тұратын Палитра орналасқан.

Оң жақ және төменгi шекаралардың қасында терезеге симай тұрған кескiндердiң бөлiгiн қарауға арналған айналдыру жолақтары орналасқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таймер бағдарламасы
Ms dos және norton commander
MS - DOS ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТ
Wіndows графикалық операциялық жүйелермен жұмыс істеуге бағыттау
WINDOWS XP ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ
Программалық қабықшалар
WINDOWS операциялық жүйесiмен жұмыс
«Есік-терезе» құрылыс дүкені деректер қорын құру
Деректер қорын үйлестіру
Программаны іске қосу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz