Қазақ тарихында Сырым жалғыз



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
1783—1797 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық
қозғалыс.
І.Негізгі бөлім
1.1. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
ІІ. Бөлім
2.1. Хандық биліктегі өзгерістер
2.2 Хандық билігінің аяқталуы
Қорытынды: Көтерілістің тарихи маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ресей империясының Кіші жүздегі отарлық саясаты тереңдеген сайын
өлкедегі саяси-экономикалық биліктің орыс әкімшілігі қолына шоғырлануы да
жылдам жүре бастады. Пугачев көтерілісі басып-жанышталғаннан кейін 1775 ж.
25 шілдеден бастап “сезікті” деген кез келген Орынборға келген қазақты
тұтқындап, малын тартып алуға рұқсат берілді. Себебі Пугачев бастаған
шаруалар соғысы кезінде қазақтар 1756, 1771 жылдардағы жарлықпен санаспай,
іс жүзінде Еділ мен Жайықтың аралығындағы жайылымдарды пайдаланған еді.
1775 ж. қыркүйекте керей руында Пугачевтің атымен байланысты
“Көрінбейтіндердің” қозғалысы пайда болады. Қозғалыс Кіші жүздегі Табын,
тама, Шекті, шөмекей, байбақты рулары арасына тарайды. Тағы да көтеріліс
қаупі туады. 1776 ж. оларға қарсы Нұралы патша үкіметінен көмек сұрауға
мәжбүр болды.
1782 жылғы жарлық бойынша қазақтарға патша үкіметі Еділ мен Жайықтың
ішкі жағына өтуге рұқсат берді. Нұралы мен оның туыстары қоныстарға билік
құқын пайдаланып, шекаралық әкімшілік шенеуніктерімен, казак-орыстармен
бірігіп, халықты тонауға кірісті. Арғы бетке өткен әрбір шаңырақтан бір
жылқы мен бір қой ақы алып тұрды. Орал әскер басшылары ақы төлемегендерді
тұтқынға алып отырды, малын тартып алды. Мәселен, 1783 ж. казактар ішкі
жаққа өткен қазақтардың 4 мың жылқысын айдап әкетеді. Бұған жауап ретінде
қазақтар редуттарға, бекіністерге, форпосттарға шабуылға шықты. Осы
кезеңнен бастап бас көтерулер жаппай тұрақты сипат алады. Басты соққы
Төменгі Орал шебі мен Орск бекінісіне бағытталды.

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
Осы кезеңде тарих аренасына халық қозғалысының лидері ретінде жастайынан
шешендігімен, әділдігімен көзге түскен Байбақты руының басшысы Сырым Датұлы
шықты. Ол ұрыстарда асқан ерлігімен халық сүйіспеншілігіне бөленген батыр
болатын. Оның қарамағында 2 мыңға жуық түтін бар еді.
Ал Нұралы хан және оның жақтастары Кіші жүздегі ықпалынан айырылып,
халықтан алыстай берді. Нұралы хан 70-жылдардың екінші жартысынан бастап
патша әкімшілігінің еркін орындайтын орыс шенеунігіне айналды.
Кіші жүзде қалыптасқан саяси ахуалды бақылауды билер мен батырлардан
тұратын Сырым бастаған топ өз қолына алды. Қазақ халқының алдында өмірлік
екі мәселені шешу міндеті тұрды:
а) Ыдырап бара жатқан дәстүрлі қазақ менталитетін (Қазақ мемлекеттілігін)
құтқару; ә) Жер мәселесін шешу.
Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты еді. Хан мен патша үкіметіне
қарсы осы өмірлік мәселелер халық бұқарасының қолдауын қамтамасыз етті,
қозғалысқа жалпыхалықтық сипат берді.
С. Датұлын Кіші жүздегі қазақ руларының барлығы дерлік қолдады. Жайық
әскери кеңсесінің мәліметтері бойынша, 1758 ж. 8 сәуірде Сырымның жасағында
— 2700, Тіленші батырдың жасағында — 1500, Барақ батырдың жасағында — 2 мың
адам болған. 1786 жылға қарай ол өз маңайына 7 мыңдай көтерілісшілер
жинақтады. Сырымға байбақты, Шекті, Табын, шеркеш, таз рулары қолдау
көрсетті. Бұл рулардың көпшілік бөлігі Нұралының басқаруындағы рулар
болатын. Осылайша Нұралы ханның билігі дағдарысқа ұшырады. Халық
қозғалысының ауқымы Петербург сарайы мен Сібір, Уфа, Орынбор өлкесінің
басшысы барон Отто Игельстромға ой салды. Олар халық наразылығын пайдалана
отырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюды ойластыра бастады.
2.1. Хандық биліктегі өзгерістер.
Патша үкіметі Шыңғыс ұрпақтары мен ықпалды батырлардың арасына от тастау
арқылы көшпенді халықты тұтастығынан айыруды мақсат етті. Себебі Нұралыны
хандықтан тайдыруды патша үкіметі жақтады. Бірақ екі жақ екі түрлі мақсат
көздеді. С. Датұлы бастаған топ хандық билікті түгел таратуды жақтады,
немесе кейбіреулері Нұралы ханды тақтан тайдырып, оның орнына Барақтың
баласы Қайып сұлтанды хан етіп сайлауды ұсынды. Ал екінші жақ — патшалық
отарлау саясатын іске асырушы барон Игельстром әлсіз хандық жүйені
түпкілікті жойып, Кіші Орданы рубасыларына бөліп беріп, өзі тікелей
басқарғысы келді. Игельстром “қара сүйектен” шыққан, ешқашан хан болуды
армандай алмайтын Сырым бағытын қолдай бастады.
1785 жылғы күздегі рубасыларының құрылтайында 208 рубасы “мәртебелі
императорға” адалдықтары жөнінде ант берді. Игельстром дайындаған Кіші
жүздің рубасыларының құрылтайында екі мәселе қаралды: а) Жүздегі билік
мәселесі; ә) Қысқы жайылымдарды кеңейту.
Құрылтай Нұралыны тақтан тайдырып, Кіші жүзді үш бөлікке (Байұлы,
Жетіру, Қаракесек руларына (Әлімұлы) бөлуді, Сырымды барлық Орданың бас
кеңесшісі етіп тағайындау ісін қарады. Рубасыларының көпшілігі бірауыздан
хан деп тануға дайын жаңа хан Қайып туралы да сөз болды. Игельстром 17
рубасына өз қол астындағы халықпен Орал бойындағы Сахарная бекінісі мен
Гурьев бекінісіне дейінгі жерде көшіп-қонуға рұқсат берді. Игельстромның
бұл іс-қимылдары азаттық қозғалысының отаршылдық бағытын әлсіретті. Ал
Нұралы ханға қарсы бағыт өрши түсті. 1786 ж. сәуірде көтерілісшілердің
қысымымен Нұралы Кіші жүзден кетіп, шекаралық шептегі патша өкіметінің қол
астына барып паналауға мәжбүр болды.
1786 ж. 3 маусымда ІІ Екатерина Нұралы ханды биліктен тайдыру туралы
рескриптіге қол қойды. Нұралыны Орынборға шақырып, әрі қарай Уфаға жер
аударды.
Осынау аумалы-төкпелі кезеңді пайдаланып, Орынбор генерал-губернаторы
Игельстром реформа жасап, хандық билікті жойып жібермекке әрекеттенді. Кіші
жүз үш бөлікке бөлініп, олардың әрқайсысын Съез сайлаған рубасы басқаратын
болды. Осылайша генерал-губернатор жанында рубасыларының кеңесін құрып
басқару туралы жоба “Игельстром реформасы” деп аталды.
2.2 Хандық билігінің аяқталуы
Реформа бойынша Кіші жүздегі саяси билік Орынбор әкімшілігінің жанынан
құрылған шекаралық сотқа берілді. Ол Кіші жүзді басқаратын жаңа орган
ретінде ең ықпалды рубасылары мен патша әкімшілігінің өкілдерінен тұрды.
Жергілікті жерлерде рубасыларынан, төрағадан және орыс өкілінен тұратын
соттар (расправалар) осы шекаралық сотқа бағынды. Нәтижесінде 32 рубасылары
төлемақы алып тұратын шенеунікке айналды.
Нұралы ханның билігі осылайша қайғылы аяқталды. Бөтен жерде саяси
қуғында жүріп, Нұралы хан 1790 ж. Уфада дүние салды. Алайда барон Отто
Игельстромның реформасы да қиыншылыққа кездесті. Ғасырлар бойы қалыптасқан
хандық билікті бір қағаздың күшімен жойып жіберуге әлі алғышарттар пісіп-
жетілген жоқ еді. Нұралының қайтарылуын талап еткен ақсүйек сұлтандардың
қарсылығы әлі де күшті болатын. Хандық билікті қайта қалпына келтіру
қозғалысын ханның інісі Ералы басқарды.
Бұл кезеңде халықаралық жағдайда үлкен өзгеріс болып, француз
революциясы Еуропа монархтарын шошытты. Енді патша үкіметінің өзі реформаны
сәтсіздікке ұшырады деп тауып, тоқтатуға ұмтылды. Ал Игельстром қызметтен
кетеді. Жаңа губернатор А. Пеутлинг тұсында хандық билік қайта орнады. 1791
ж. тамызда Орск қамалына жақын жерде Ералы сұлтан Кіші жүз ханы (1792—1794)
болып сайланды. Бұрынғы Неплюевтік режім қайта орнады. Орал казак әскерінің
бейбіт ауылдарға шапқыншылығы қайта басталып, бұл көтерілістің қайта
өрлеуіне әкелді. С. Датұлы Бұхар ханы мен Хиуа ханы Әбілғазы Қайыпұлымен
жақындасады. 1792 ж. жазында Сырым Ресейге ашық күрес жариялайды. Көтеріліс
Кіші жүзді түгел қамтып, Сырым батыр халық көсемі дәрежесіне дейін
көтерілді.
1792 жылдың күзінде көтерілісшілердің 1000 адамдық жасағы Елек бекінісін
өртеп жіберді. Қазақтар оны кейіннен Күйікқала деп атап кетеді. Көтеріліс
партизан соғысы сипатына ие болады.
1794 ж. жазда Ералы хан қайтыс болып, оның орнын Нұралы ұлдарының бірі
Есім басады. Қырда билік іс жүзінде рубасыларының қолында болды. Алайда
көтерілісшілер 1797 ж. Есім ханды да (1795—1797) өлтіреді. Орынбор
губернаторы болып қайта келген Игельстром Сырыммен келіссөз жүргізе
бастайды. Көтерілісшілерді “тыныштандыру” үшін енді жаңа хан сайланбайтын
болды. Кіші жүзді басқару хандық кеңеске берілді. Басшысы болып Айшуақ
сұлтан тағайындалды.
1797 ж. халықтың ауыр жағдайына және сол жылы 8 тамызда хандық кеңестің
құрылуына байланысты Сырым күресті тоқтатады. Сөйтіп, Кіші жүз қазақтарының
арасындағы аздаған үзілістермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Әуезов
Дала кемеңгері
Сырым Датұлы
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
Қазақстанның Ресейге қосылуы кезінде ұлт азаттық қозғалыстар
Абайдың прозалық шығармасы
ӘБІЛХАЙЫР ХАННЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ
Кіші жүздегі Сырым батыр бастаған ұлт - азаттық қозғалыс
Атақты Абай жолы эпопеясы қазақ өмірінің энциклопедиясы
Шешендік өнердің туу себептері
Пәндер