Мауараннахрда Абдолла хан мен оның баласы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан (1538-1580) тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.

Хақназар хан - таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзіңнен бұрынғы Таһир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыранды жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523-1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ, қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атайды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.

Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар туылды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандырын, 1556 жылы Астрахань хандығын Ресейге бағындырды. Осы жағдайға байланысты. Еділ мен Жайық арасында ұлан байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс үдей түсті, бұл қырқыстар халық бұқарасын қатты күйзелтіп, жаппай наразылық тудырды. Ноғай одағы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық өмірінің оңалуы, Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі- қаңлылар, қыпшақтар, тағы басқалар Қазақ хандығына келіп қосылып жатты. Оларды Хақназар хан қарсы алып отырды. Ноғай ордасы билеушілерінің бірі Ысмағыл мырза ішкі феодалдық қырқыста өз ағасы Жүсіп мырзаны өлтірді. Жүсіп мырзаның балалары Ысмағыл мырзамен соғысты. Ноғай ордасында өзара қырқысқан екі топ пайда болды. ЬІсмағыл мырзаның тобы - Москва княздығына қосылуды жақтады, оған қарсы топ Қазақ хандырына қосылуға бой ұрды. Бұл жағдайды пайдаланған қазақ ханы Хақназар Ноғай ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың Кіші жүзі - алшын одағына енген тайпалар) өзіне қосып алды. 1557 жылы ноғай мырзасы Ысмағыл орыс патшасы Иван ІV-ке: «Менің туыстарым қазір Жайықтың арғы жағында, бізден қалып қойып, қазақ патшасына қосылып кетті», деп арыз айтты. Хақназар хан Ноғай Ордасының ыдырауын пайдаланып Жайық жағалауындағы көшпелі тайпаларды қазақ хандырына қосып алумен ғана тынбады, Ысмағыл мырза бастап, батысқа қарай ауған ноғайларға қуалап шабуыл жасап, оларды одан әрмен ығыстырып, бірге кеңейту әрекетін жасады. Орыс патшасы Иван ІV-інің ноғай арасына жіберген елшісі Семен Мальцев 1569-жылы орыс патшасына: «Хақназар патшаның, Шығай ханзаданың, Шалым ханзаданың қазақ ордалары, ал олармен қоса 20 ханзада ноғайға келіп ұрыс болды» деп хабарлаған. Кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда, жоғарыдағы шабуылдар батысқа қарай ауған ноғай тайпаларының Еділ мен Жайық өңірін тастап, Дон сахараларына қарай кетуіне себеп болған көрінеді. Бұл жөнінде тарихшы Ахмет Заки Уәлиге: «1569 жылы Шығай, Хақназар, Шалым сұлтандар бірлесіп, Ысмарылдың баласы Орыс сұлтанға шабуыл жасады, осыдан соң ұзақ тұрмай ноғай мырзалары ақырында елдерін Жайық пен Еділдің батыс жағына, Дон сахараларына көшіруге, башқұрт елдерін тастауға мәжбүр болды» дейді. Бұл жеңіс Қазақ хандырының жерін кеңейтіп, күш қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған.

XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған. Ноғай одағы ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569 жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай одағына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай одарының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да қазақ хандырына өтті. Бұл Қазақ хандырының қазақ тайпаларының және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолында жасаран жеңісті қадамдарының бірі болды. Сонымен қатар ноғайлы дәуірінде жасалған немесе жаңғыртылып жырланған қыруар жырлар, «Қырық батыр жыры» сынды алып эпос қазақ мәдениетінің қазынасына қосылды.

Норай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің Қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс-солтүстік және солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып енді бір бөлегінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп, келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті.

1563-жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық шарт» жасасты, Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды.

ХVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар Қазақ хандығын да нығайта түсті.

Бұхара ханы Абдолла II (1557-1598) тұсында Ташкент маңын Норозахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтан биледі. Ол Бұхараға бағынбай өз алдына тұрды. Үнемі Абдолла ханмен соғысты. Сөйтіп, Баба сұлтан Бұхара хандығынан бөлініп шығуға әрекет етті. Қазақ ханы Хақназар өзбек хандарының өзара қырқысына араласып, біресе Абдолла ханды, біресе Баба сұлтанды қолдап екеуін де әлсіретуге, осы арқылы өздеріне үлкен пайда түсіруге тырысып бақты. 1579 жылы Абдолла хан екінші шеру тартып Баба сұлтанға қарсы жорық жарады. Қазақ ханы Хақназар оның Баба сұлтанға қарсы күресін қолдады. Қазақ хандығы осының бодауына Абдолла ханнан Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы қайтарып алды, Бұдан кейін Ташкент билеушісі Баба сұлтан қазақ хандығына Түркістан, Сауран қалаларын бергенде, қазақ сұлтандары бір мезгіл Баба сұлтанды қолдады. 1579 жылдың екінші жартысында қазақ сұлтандары әскерлерімен Ташкентке келді. Олар қайтадан Абдолла жаққа шықпақ болып, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы астыртын әрекет істеді. Бірақ бұл астыртын әрекетті сезген Баба сұлтан қазақ сұлтаны Жалымды, оның екі ұлын, Хақназар ханның екі ұлын өлтірді. Іле - шала оның астыртын жіберген адамы 1580 жылы Хақназар ханды өлтірді.

Хақназар хан қаза болған соң, оның орнына Жәдік сұлтанның баласы Ш. Жәнібек немересі Шығай (1580- 1582) хан болды. Ташкент билеушісі Баба сұлтанның қазақ ханы Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіруіне өшіккен Шығай хан және оның баласы Тәуекел сұлтан Бұхара ханы Абдолла Пішімен тізе қоса отырып, Баба сұлтанның көзін жоюға кірісті. Бұл жорықта қажырлы қайрат көрсеткен Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдолла хан мейлінше разы болып, Хожент деген жерді сыйлыққа берді. 1581 жылы жазда Абдолла хан қазақтың хан-сұлтандарымен бірлесіп, Баба сұлтанға қарсы жорық жасады. 1582 жылы Абдолла хан тағы да қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, жорыққа аттанды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашты, өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуды. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды .

1582 жылы маусым айында Түркістан қаласының түбіндегі шайқаста Тәуекел бастаған қазақ қолы Баба сұлтанды мүлдем талқандап, оның басын алды. Баба сұлтанның баласын және әскер басы әмірлерін тұтқынға алып, Баба сұлтанның басымен бірге Абдолла хан ІІ-шіге тапсырды, Қас жауын жойғанға қатты риза болған Абдолла хан Самарқан өлкесіндегі Афоикент уалаятын Тәуекелге тарту етті. Сырдария алабындағы қала бекіністерді - Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам, т. б. бұрынғыша қазақ хандығына қалдырды. Бірақ 1583 жылы қазақ ханы Тәуекел Бұхара ханы Абдолламен жасасқан «анттастық шартты» бұзып, Ташкентке шабуыл жасады. Сонымен қазақ феодалдары мен өзбек феодалдарының арасынадағы жаугершілік қайта қоздады.

Шығай ханның орнына отырған Тәуекел хан (1586- 1598) тұсында Ресей мемлекеті мен қазақ хандығы арасында дипломатиялық қарым-қатынас күшейе түсті. Ресейдің мұндағы мақсаты: Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге қарсы күресу, осы одақтастықты пайдаланып, Орта Азия хандарымен келіссіз жүргізу, Тәуекел хан мен Иран шахы Аббас I арасында Бұхара хандығына қарсы одақ құрғызу еді. 1594 жылы қаңтарда орыс патша үкіметі Тәуекел ханға әскери көмек көрсетпекші болды. Тәуекел ханның інісі Ондай сұлтанның баласы Оразмұхаммед пен әйгілі қазақ тарихшы Қадырғали Жалайри 1588 жылы Ертіс бойында тұйғын салып жүргенде орыс әскерлері: ұстап әкетіп Москваға апарып, «барымта» ұстап тұрған еді. Тәуекел хан өз ұлы Құсайынды Москваға аманатқа беріп, ондағы Оразмұхаммед сұлтанды қайтарып алмақ болды. Тәуекел хан 1595 жылы көкек-маусым айларында В. Степанов бастаған орыс елшілігін қабылдады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуекел хан
Тәуекел хан туралы
ХҮ – ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы
ӘМІР ТЕМІРДІҢ БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫСТАРЫ
Моғолстанның құрылуы
Моғол хандығы
Моғолстан мемлекетінің құрылуы
Әмір Темірдің дүниеге келуі
Хақ-Назар хан
Моңғол шапқыншылығынан кейін құрылған мемлекеттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz