Ақпараттық жүйелердің құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
№16 Билет
1. Ақпараттық жүйелер: негізгі түсініктер мен анықтамалар. Ақпараттық
жүйелердің негізгі қасиеттері. Ақпараттық жүйелердің құрылымы.
2. Оқу үрдісін бақылау, бақылау формалары мен әдістері, баға мен оның
белгіленуі. Тестілер. Тестілерді классификациялау. Тестілік тапсырмаларды
жасау әдістемесі.

1) Ақпараттық жүйелер және олардың құрылымы мен жіктелуі
Ақпараттық жүйе түсінігі. Жүйе – өз алдына жеке объект ретінде және
алға қойылған мақсатқа жету үшін біріккен әр түрлі элементтердің жиынтығы
болып табылатын кез келген объект. Жүйелер өзара құрамы бойынша және
негізгі мақсаттары бойынша белгілі бір дәрежеде ерекшеленеді.
1-мысал. Әр түрлі элементтерден тұратын және әр түрлі мақсаттарды
жүзеге асыруға бағытталған бірнеше жүйелерді келтірейік.
– жүйе;
– жүйе элементтері;
– жүйенің негізгі мақсаты;
– фирма;
– адамдар, құрал-жабдықтар, материалдар, ғимараттар және т.б.;
– тауар өндіру;
– компьютер;
– электронды және электромеханикалық элементтер, байланыс желілері
және т.б.;
– мәліметтерді өңдеу;
– телекоммуникациялық жүйе;
– компьютерлер, модемдер, кабельдер, желілік бағдарламалық
қамтамасыз ету және т.б.;
– мәліметтерді жіберу;
– ақпараттық жүйе;
– компьютерлер, компьютерлік желілер, адамдар, ақпараттық және
бағдарламалық қамтамасыз ету;
– кәсіби ақпаратты өндіру.
Информатикада жүйе ұғымы кең таралған және көптеген мағыналық мәнге
ие. Көбінесе ол техникалық құралдар мен бағдарламаларды жинауға қатысты
пайдаланылады. Жүйе деп компьютердің аппараттық бөлігі аталуы мүмкін.
Сонымен қатар жүйе деп құжаттамаларды жүргізу және есептерді басқару
тәртіптерімен толықтырылған белгілі бір қолданбалы міндеттерді шешуге
арналған көптеген бағдарламалар аталуы мүмкін.
Жүйе сөзіне ақпараттық деген түсінікті қосу оның құрылу мақсаты мен
қызмет етуін айқындайды. Ақпараттық жүйелер кез келген саладағы міндеттерді
шешу процесіне қажетті бағдарламаларды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу,
жіберуді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді талдау және жаңа өнімдерді
құруға көмектеседі.
Ақпараттық жүйелер – алға қойылған міндеттерге жету мақсатында
ақпараттарды сақтау, өңдеу және жіберу үшін пайдаланылатын тұлғалар,
әдістер және құралдардың өзара байланысқан жиынтығы.
Ақпараттық жүйелер – шешім қабылдау және басқару үрдісінде қолданылатын
ақпаратты сақтау, жинау, іздеу және жеткізу жүйесі.
Ақпараттық жүйе мыналарды қамтиды:
➢ ақпараттық – анықтамалық қор;
➢ ақпараттарды өңдеу тілі;
➢ ақпаратты тасуыштар;
➢ модельдер жүйесі.
Ақпараттық жүйелердің бүгінгі күнгі анықтамасы дербес компьютердегі
ақпаратты өңдеудегі негізгі техникалық құрал ретінде пайдалануды білдіреді.
Ірі ұйымдар мен білім беру мекемелерінде дербес компьютермен қатар
ақпараттық жүйелердің техникалық базасы құрамына мэйнфрейм (MAINFRAME)
немесе супер ЭЕМ кіруі мүмкін. Сонымен қатар, ақпараттық жүйелердің
техникалық көрінісі өндірілетін ақпарат қажетті және онсыз ақпараттың
қабылдануы мен ұсынылуы мүмкін болмайтын адамның ескерілмесе ол өз алдына
ешқандай мазмұнға ие болмайды.
Мұнда ұйым және білім беру мекемесі деп ортақ мақсаттармен біріккен
және ортақ материалдар мен қаржы қаражаттарын материалдық және ақпараттық
өнімдерді өндіретін және қызмет көрсететуде пайдаланылатын адамдардың
бірлестігін түсіну қажет. Бұл жұмыста ұйым мен білім беру мекемелері
бірдей мағынада түсіну көзделген.
Компьютерлер мен ақпараттық жүйелер арасындағы айырмашылықтарды түсіну
қажет. Мамандандырылған бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етілген
компьютерлер техникалық база және ақпараттық жүйелердің құралы болып
табылады. Ақпараттық жүйені компьютерлермен және телекоммуникациялармен
өзара әрекеттесетін жұмысшыларсыз көзге елестету мүмкін емес.
Ақпараттық жүйелердің даму кезеңдері. Ақпараттық жүйелердің даму
тарихы мен олардың әр кезеңдегі пайдалану мақсаттары 1-кестеде көрсетілген.

Алғашқы ақпараттық жүйелер 50 жылдары пайда болды. Осы жылдары олар
шоттарды өңдеу мен жалақыларды есептеуге арналды. Бірақ электромеханикалық
бухгалтерлік есеп машиналарында қолданылды. Бұл қағаз құжаттарын дауындауға
кететін уақыт пен шығындарды қысқартуды тудырды.
60 жылдары ақпараттық жүйелерге көзқарас өзгере бастады. Олардан
алынған ақпарат көптеген өлшемдері, яғни параметрлері бойынша кезеңдік
есептілік үшін қолданыла бастады. Ол үшін ұйымдарға бұрыңғыдай шоттарды
өңдеу мен жалақыларды есептеу үшін ғана емес, көптеген салаларда қызмет
көрсетуге қабілетті кең мақсаттағы компьютерлік құрылғылар қажет болды.
70-80 жылдардың басында ақпараттық жүйелер шешімдерді қабылдау процесін
жылдамдататын басқарушылық бақылау құралы ретінде кеңінен қолданыла
бастады.
80 жылдардың соңына қарай ақпараттық жүйелерді пайдалану концепциясы
қайтада өзгереді. Олар ақпараттың стратегиялық көзіне айналады және кез
келген бағыттағы барлық деңгейдегі ұйымдарда қолданылды. Бұл кезеңдегі
ақпараттық жүйелер қажетті ақпаратты дер кезінде жеткізе отырып, ұйымдарға
өз қызметінде жетістікке жетуге, жаңа тауарлар мен қызметтерді құруға,
өнімнің жаңаша нарығын табуға, өзіне тиімді серіктестікті қамтамасыз етуге,
өнімдерді төмен бағамен сатуды ұйымдастыруға және т.б. көмектеседі.

Уақыт Ақпараттарды Ақпараттың жүйелердің Пайдалану мақсаты
кезеңдері пайдалану түрі
концепциясы
1950-1960ж.Есеп құжаттарының Электромеханикалық Құжаттарды өңдеудің
ж. қағаз түріндегі бухгалтерлік жылдамдығын арттыру.
легі машиналарда есеп Шоттарды өңдеу мен
құжаттарын өңдеудің жалақыларды есептеу
ақпараттық жүйелері процедурасын жеңілдету
1960-1970ж.Есептерді Өндірістік Есептілікті дайындау
ж. дайындаудағы ақпараттарға арналған процесін жылдамдату
негізгі көмек басқару ақпараттық
жүйелер
1970-1980ж.Жүзеге асыруды Шешім қабылдауды Басқарудың жоғарғы
ж. (сатуды) қолдау жүйелері буынына арналған
басқарушылық жүйелер
бақылау Анағұрлым тиімді
шешімдерді таңдау
1980-2000ж.Ақпарат – Стартегиялық Автоматтандырылған
ж. бәсекелік ақпараттық жүйелер кеңселер
артықшылықты Ұйымның жандануы мен
қамтамасыз ететін өркендеуі
стартегиялық
ресурс

Кесте 1. Ақпараттық жүйелерді пайдалануға деген көзқарастың өзгертуі
Ақпараттық жүйелердің құрылымы мен жіктелуі
Ішкі жүйелерді қамтамасыз ететін түрлер. Ақпараттық жүйелердің
құрылымын ішкі жүйе деп аталатын оның жекелеген бөліктерінің жиынтығы
құрайды.
Ішкі жүйе – бұл қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің
бөлігі.
Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану аясына қарамастан ішкі
жүйелер жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда жіктелудің
құрылымдық белгісі туралы айтылады, ал ішкі жүйені қамтамасыз етуші деп
атайды. Демек, кез келген ақпараттық жүйенің құрылымы ішкі жүйелерді
қамтамасыз ететін жиынтық ретінде көрсетуге болады (Сурет 2).

Сурет 2. Ақпараттық жүйе құрылымын қамтамасыз ететін ішкі жүйелердің
жиынтығы ретінде.

Қамтамасыз ететін ішкі жүйелер арасынан әдетте ақпараттық, техникалық,
математикалық, бағдарламалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз
етуді бөліп қарастырады.
Ақпараттық қамтамасыз ету. Ақпараттық қамтамасыз ету ішкі жүйенің
мақсаты басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қазіргі заманғы құрылуы мен
дұрыс ақпаратты жіберуден тұрады.
Ақпараттық қамтамасыз ету – ақпаратты кодтау мен жіктеудің бірыңғай
жүйесі, құжаттамалардың топтау жүйесі, ақпараттық лектердің сызбасы,
мәліметтер базасын құру әдістемелерінің жиынтығы.
Құжаттамаларды топтау жүйелері мемлекеттік, республикалық, салалық және
аймақтық деңгейлерде құрылады. Оның негізгі мақсаты қоғамдық өндірістің әр
түрлі салаларындағы көрсеткіштердің сәйкестілігін қамтамасыз ету. Мынадай
салаларда талаптарды бекіту стандарттары жасалған:
– құжаттамалардың топтық жүйелеріне;
– басқарудың әр түрлі деңгейлеріндегі құжаттардың топтық
нысандарына;
– реквизиттер мен көрсеткіштер құрылымына және құрамына;
– құжаттардың топталған нысандарын енгізу, жүргізу және тіркеу
тәртібіне.
Дегенмен құжаттамалардың жүйелендірілген жүйесінің әрекет етуіне
қарамастан көптеген ұйымдарды тексеру кезінде әрқашан бірнеше кемшіліктер
анықталады:
▪ құжаттардың қолмен өңдеу үшін өте көлемділігі;
▪ әр түрлі құжаттарда бір көрсеткіштердің қайталануы;
▪ ауқымды құжаттармен жұмыс жасау мамандарды тікелей тапсырмаларды
шешуде кедергі жасайды;
▪ құрылатын көрсеткіштер бар, бірақ қолданылмайды және т.б.
Сондықтан аталған кемшіліктерді жою ақпараттық қамтамасыз етуді құру
кезінде орындалатын міндеттердің бірі болып табылады.
Ақпарат ағымының сызбасы. Ақпараттар қозғалысының бағыттарын, оның
көлемін, алғашқы ақпараттардың пайда болу орындарын және нәтижелі ақпаратты
пайдалануды көрсетеді. Аталған сызбалар құрылым, талдау арқылы барлық
басқару жүйелерін жетілдіру бойынша шараларды жасап шығаруға болады.
Ақпараттардың көлемін анықтауға және оны мұқият талдау жүргізуге
мүмкіндік беретін ақпарат ағымының сызбасын құру мыналарды қамтамасыз
етеді:
▪ қайталанатын және қоланылмайтын ақпараттарды алып тастау;
▪ ақпараттарды жіктеу және тиімді пайдалану.
Мұнда ақпараттардың басқау деңгейі бойынша қозғалысының өзара қатынас
мәселелері мұқият қарастырылуы қажет. Басқару шешімдерін қабылдау үшін
қандай көрсеткіштер қажет, ал қай көрсеткіштер қажет емес екендігін анықтау
керек. Әрбір орындаушыға тек қана қолданылатын ақпарат түсуі қажет.
Мәліметтер базасын құру әдістемесі оны жобалаудың теориялық базаларына
негізделеді. Аталған әдістеме концепциясын түсіну үшін оның негізгі
бастамаларын (идеяларын) тәжірибеде кезекті жүзеге асырылатын екі кезең
түрінде көрсетеміз:
1-кезең – ұйымның барлық қызметтік құрылымдарын төмендегі мақсатта
тексеру:
▪ оның қызметінің ерекшелігі мен құрылымын түсіну;
▪ ақпарат ағымының сызбасын құру;
▪ қолданыстағы құжаттар айналымы жүйесін талдау;
▪ ақпараттық объектілерді және олардың қасиеттері мен мақсаттарын
айқындайтын (параметрлерін, сипаттамаларын) реквизитердің тиісті
құрамын анықтау.
1-кезең – мәліметтердің тұжырымдамалық ақпаратты-логикалық модельдерін
бірінші кезеңде зерттелген қызмет аясы үшін құру. Бұл модельде объектілер
мен олардың реквизиттері арасындағы барлық байланыстар орнатылған және іске
қосылған болуы қажет. Ақпаратты-логикалық модель мәліметтер базасының
іргетасы болып табылады.
▪ ұйымды басқару жүйесінің барлық функцияларын, міндеттерін және
мақсаттарын нақты түсіну;
▪ талдауға ақпарат ағымының сызбасы түрінде ұсынылған
ақпараттардың пайда болған сәтінен бастап және оның әртүрлі
деңгейдегі басқаруда пайдалану әрекетін анықтау;
▪ құжат айналымы жүйесін жетілдіру;
▪ жіктеу мен кодтау жүйесінің болуы және оны қолдану;
▪ ақпараттардың өзара байланысын көрсететін тұжырымдық ақпаратты-
логикалық модельдерді құру әдістемесін игеру;
▪ қазіргі заманды техникалық қамтамасыз етудің болуын талап ететін
ақпараттар жиымдарын машиналық тасуыштарда құру.
Техникалық қамтамасыз ету. Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйе
жұмысы үшін арналған, сондай-ақ бұл құралдарға сәйкес келетін құжаттамалар
мен технологиялық процестердің техникалық құралдар кешені.
Кешенді техникалық құралдар мыналарды құрайды:
▪ кез келген модельдегі компьютерлер;
▪ ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, жіберу және шығару
құрылғылары;
▪ мәліметтерді жіберу құрылғылары мен байланыс желілері;
▪ ұйымдастыру техникасы және ақпараттарды автоматтық түрде сақтау
құрылғылары;
▪ пайдалану материалдары және т.б.
Құжаттамамен техникалық құралдарды алдын ала таңдау, оларды пайдалануды
ұйымдастыру, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесі және технологиялық
қамтамасыз ету сияқты процестер рәсімделеді. Құжаттаманы шартты түрде үш
топқа бөлуге болады:
1) жалпы жүйелі – техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және
салалық стандарттарды қамтитын;
2) арнайы– техникалық қамтамасыз етуді дайындаудың барлық кезеңдері
бойынша әдістемелер кешенін құрайтын;
3) нормативтік-анықтамалық – техникалық қамтамасыз ету бойынша
есептерді орындау кезінде қолданылатын.
Қазіргі уақытта техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың екі негізгі
нысаны (техникалық құралдарды қолдану нысаны) қалыптасқан:
орталықтандырылған және ішінара немесе толық орталықсыздандырылған.
Орталықтандырылған техникалық қамтамасыз ету ақпараттық жүйеде үлкен
ЭЕМ-дер мен есептеу орталықтарын пайдалануға негізделеді.
Техникалық құралдарды орталықсыздандыру функционалды ішкі жүйелердің
дербес компьютерлерде тікелей жұмыс орындарында іске асыруды көздейді.
Перспективалы қатынас ретінде ішінара орталықсыздандырылған қатынасты
есептеуге болады, яғни кез келген функционалды ішкі жүйелерге ортақ
мәліметтер қорын сақтауға арналған үлкен ЭЕМ және дербес компьютерлерден
тұратын бөлу желілері негізіндегі техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету. Математикалық және
бағдарламалық қамтамасыз ету – мақсаттар мен ақпараттық жүйелердің
міндеттерін іске асыру үшін, сондай-ақ техникалық құралдардың қалыпты
қызметін қамтамасыз ететін математикалық модельдер әдісі, алгоритмдері және
бағдарламаларының жиынтығы.
Математикалық қамтамасыз ету құралдарына мыналар жатады:
• басқару процесін модельдеу құралдары;
• басқарудың типтік міндеттері;
• математикалық бағдарламалау тәсілдері, математикалық статистика;
• жаппай қызмет көрсету теориясы және т.б.
Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрамына жалпы жүйелі және арнайы
бағдарламалық өнімдер, сондай-ақ техникалық құжаттамалар жатады.
Жалпы жүйелі бағдарламалық қамтамасыз етуге ақпараттарды өңдеудің
типтік міндеттерін шешуге арналған пайдаланушыларға қатысты бағдарламалар
кешені кіреді.
Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету нақты ақпараттық жүйені құру
кезінде жасалған бағдарламалар жиынтығынан тұрады. Оның құрамына қолданбалы
бағдарламалар пакеті кіреді. Бағдарламалық құралдарды дайындауға арналған
техникалық құжаттамаларға тапсырмалардың сипатын алгоритмдеуге арналған
тапсырмалар, экономикалық-математикалық модельдер жатады.
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету –
жұмысшылардың техникалық құралдармен ақпараттық жүйені жасау процесі мен
эксплуатациясының өзара байланысын рәсімдейін модельдер мен құралдардың
жиынтығы. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету келесі қызметтерді іске асырады:
• ұйымды басқарудың қазіргі жүйесін талдау, мұнда ақпараттық жүйе
қолданылады және автоматтандыруға жататын міндеттер анықталады;
• ақпараттық жүйелерді жобалаудағы техникалық міндеттер және оның
әсерлілігінің техникалық-экономикалық негізделуін қоса алғанда
компьютердегі тапсырмаларды шешуге дайындық;
• ұйымның құрылымы мен құрамы бойынша басқару шешімдерін жасау және
басқару жүйесінің әсерін көтеруге бағытталған міндеттерді шешу
әдістемесін дайындау.
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету мәліметтер қорын құрудың бірінші
кезеңінде жоба алдындағы зерттеу нәтижелері бойынша құрылады.
Құқықтық қамтамасыз ету. Құқықтық қамтамасыз ету – ақпаратты алу,
өзгерту және пайдалану тәртібін рәсімдейтін ақпараттық жүйелердің құрылуын,
құқықтық жағдайын және қызмет етуін анықтайтын құқықтық нормалардың
жиынтығы.
Құқықтық қамтамасыз етудің негізгі мақсаты заңдылықты сақтау болып
табылады. Құқықтық қамтамасыз етудің құрамына заңдар, жарлықтар,
мемлекеттік билік органдарының қаулылары, бұйрықтар, нұсқаулықтар және
министрліктердің ведомстволардың, ұйымдардың басқа да нормативтік құжаттары
жатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйелер басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде
Ақпаратты басқару жүйелер және сигналдар
Ақпараттық жүйелер
Кибернетикалық тәсілдеме тұрғысынан АЖ-ні басқару
Экономикадағы ақпараттық жүйелер
Ақпараттық жүйе мысалдары
Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйенің есептері
Элементтердің қасиеттері мен құрылымы
Оқу үдерісін автоматтандырудың теориялық негізі
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құру
Пәндер