Қашықтан оқытудың тиімділігі


№15 Билет
1. ЭЕМ-нің орталық және ішкі құрылғылары және олардың сипаттмалары. Микропроцессор және компьютердің жады. Дербес компьютердің сыртқы құрылғыларын басқару. Енгізу-шығарудың базалық жүйесі. ЭЕМ архитектурасы дамуының қазіргі замандық тенденциясы.
2. Қашықтан оқыту. Қашықтан оқытудың техникалық, программалық, әдістемелік қамту талаптары.
1. ЭЕМ-нің орталық және ішкі құрылғылары және олардың сипаттмалары. Микропроцессор және компьютердің жады. Дербес компьютердің сыртқы құрылғыларын басқару. Енгізу-шығарудың базалық жүйесі. ЭЕМ архитектурасы дамуының қазіргі замандық тенденциясы.
Электронды есептеуіш машина (ЭЕМ) немесе компьютер - бұл ақпаратты шығаруға, өңдеуге және жинақтауға арналған программалар мен техникалық құрылғылардың жиыны. Ең көп тарағаны, кез-келген жұмыс орнында құруға ыңғайлы, көлемі шағын есептеуіш машинасы дербес компьютерлер.
Компьютердің жүйелік блогы
ДК ең аз конфигурациясының құрылымы үш компоненттен тұруы керек: жүйелік блок, дисплей және клавиатура.
Жүйелік блок - бұл құрылғы, өзінің құрылымында ДК-нің негізгі техникалық компоненттерін қамтиды: микропроцессор, жедел жады, тұрақты жады, адаптерлер және бақылаушылар, коммуникациялық порттар, қатты дискіге жинақтағыш, иілгіш дискіге жинақтағыш, компакт-дискіге жинақтағыш, қоректену блогы.
Жүйелік блоктың сырты темір корпуспен қапталған, алдыңғы бетінде Power тоққа қосуға арналған айырғыш және Reset компьютерді қайта жүктеуге арналған батырмалары орналасқан.
Ішкі құрылысы құрылғылардың жиынынан тұрады, онда жүйелік плата (материнская), сыртқы жады және қоректену блогы құрылғыларға арналған бөліктер.
Аналық (материнская) плата. Бұл диэлектрлік материалдан жасалған пластина, онда мыналар орналасуы тиіс: микропроцессор, BIOS модулі, жедел жады модулі, жүйелік шина, ресурс ұлғайту ұяшығы, кварцты резонатор және көмекші микросхемалар.
Сопроцессор - жылжымалы үтірлі санды өңдеуге мүмкіншілігі бар құрылғы. Мұндай сандармен есептеулер жүргізгенде әр амал үшін микропроцессордың көмегімен бірнеше оншақты амалдардың моделі жасалады.
Машиналық графиканы және басқа жағдайларда жылжымалы үтірлі санды үдемелеп қолданылса, ғылыми есептеулер үшін компьютерді қолдану тиімділігін төмендетеді. Сопроцессордың көмегімен амалдарды орындау жылдамдығын 5-15 есе арттыруға болады.
ДК есте сақтау құрылғысы
Жедел жады (ЖЖ) - ақпаратты сақтау құрылғысы. Компьютер тоққа қосылып тұрғанда ғана ЖЖ-да ақпарат сақталады, яғни ол уақытта жады және RAM (Random Access Memory) деп аталады. Бұл жады екі бөлікке бөлінеді: біріншісі қолданбалы программалар мен операциялық жүйелер үшін қолданылады, ал екіншісі (жоғарғы жады) қызмет көрсету мақсаттары үшін (ДК құрылғыларын тестілеу программаларын және операциялық жүйені алғаш жүктейтін, экранға бейнені жіберетін программаларды сақтауға арналған) .
Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ немесе ROM - read-onlу memorу) - ақпаратты тұрақты есте сақтауға арналған, яғни арнаулы құрылғының көмегіме бір рет жазылады да сонан соң одан тек оқуға болады. ТЕСҚ-сы компьютерді тоққа қосқан соң өзін тексеретін процедура - енгізу-шығару базалық жүйесін (BIOS) қамтиды.
Жедел жадының көлемі үшін қатты дискінің сыйымдылығы көрсетіледі. Қатты магниттік дискіге жинақтауыш (НЖМД немесе винчестер) компьютермен жұмыс жасағанда пайдаланатын ақпаратты сақтауға арналған. Тоққа қосылмаған жағдайда да ақпарат қатты дискіде сақталып тұрады, диск сыйымдылығы біршама үлкен. Қажет болса дискіні бірнеше бөліктерге бөлуге болады, әр бөлігі бөлек логикалық дискінің ролін атқарады. Ақпаратты бір ДК-ден екіншісіне тасымалдау үшін иілгіш дискетті қолданады.
Ең көп тарағаны өлшемі 3, 5 дюйм, ал сыйымдылығы 1, 44 Мбайттық дискеттер. Дискетте кесін жердің орнына жазуға рұқсат беретін немесе рұхсат бермейтін арнайы айырғыш орнатылған. Дискеттегі тесік жабық болса, онда ақпаратты дискетке жазуға рұқсат болмайды, ал ашық болса рұқсат болады. Иілгіш дискіні кейде флоппи диск деп атайды.
Компакт - дискі (СД - диск) ақпаратты сақтауға арналған құрылғы, мұнда ақпарат дискінің бетіндегі шығарылатын және шығалмайтын бөліктердің кезектесуімен кодталады. Компакт-диск шығарылатын өндірісте бұл бет алюминийден істеледі, ал шағылмайтын бөлігін арнайы пресс-формамен батырып із қалдырады. Лазерлік дискідегі ақпараттарды оқу қалдырады. Лазерлік дискідегі ақпараттарды оқу үшін тек лазер сәулесі пайдаланылады. Басқа дискілерге қарағанда лазерлік технологияны пайдаланатын дискінің көлемі әлдеқайда үлкен болады (бірнеше гигабайтқа жетеді) . Оның үстіне, лазерлік дискілер магниттік электрлік әсерлерге орнықты және деректерді сақтаудың ең жоғарғы сенімділігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар олар басқа дискілердей емес, магниттік қасиетін тез жоймайды.
Магниттік оптикалық дискі - ақпаратты сақтауға арналған құрылғы, ақпарат мөлдір пленкамен сақталған магниттік тасымалдаушыда сақталады, ал оқу мен жазу лазерлік сәуленің көмегімен жүзеге асады.
Дискінің өлшемі 3, 5 сыйымдылығы 230 Мбайт, ал жылдамдығы винчестрдің жылдамдығымен бірдей, ақпаратты сақтау сенімділігі өте жоғарғы.
Стример - ақпаратты магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жәй жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.
ДК - сыртқы құрылғылары
Мұнда тек кең тараған құрылғылар көрсетілген ЭЕМ-нің кассалық ақпаратпен, микрофонмен, видеокамерамен, видеомагнитофонмен, медициналық және т. б. мен бірге жұмыс жасауын қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар да бар.
2) Қашықтан оқыту. Қашықтан оқытудың техникалық, программалық, әдістемелік қамту талаптары.
Қашықтықтан оқыту жүйесін құрудың мақсаты ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдана отырып ҚР ғылымды және білім беру жүйесінің жұмыс істеу тиімділілгін көтеру мақсатында географиялық, физикалық орыннан тәуелсіз халықты қашықтықтан оқытумен қамтамасыз ету. Қашықтықтан оқыту жүйесін құру оқу үрдісінің белсенділігін қамтамасыз ететін қашықтықтан оқыту мәселелерін, мақсаттарын іске асырады, бұл білім алушының өз бетімен жұмыс істеу уақытының көлемі артуына және оқытушының үнемі оқу үрдісін қолдауына мүмкіндік береді. Салдар ретінде оқытушының кәсіпқорлығының сапасына жоғары талап қойылып, оның жұмысы кеңейеді, қиындайды, сабақ өту әдістемесі ақпараттық-байланыс технологияларын қолдану арқылыжетіледі.
Қашықтықтан оқытуда негізгі ақпаратты тасушы оқытушы ғана емес, сонымен қатар оқу-әдістемелік құралдарының мазмұны маңызды роль атқарады. Білім алушылардың оқылатын пәнге деген қызығушылығы артып, ғылыми зерттеулерге бағыт алып, оқытушымен өзара белсенді әрекетте болуы керек.
Қашықтан оқытудың элементтері
-оқыту курстары;
-тестілеу;
-жаңалықтар;
-ішкі пошта;
-форум;
-электронды деканат;
- есеп берулер.
Қашықтан оқытудың тиімділігі.
XXI ғасырдағы білім беру нарығының негізгі талабы - ол үздіксіз жаңа біліммен және икемділікпен қаруландыру болып табылады. Бұл жағдайда қашықтан оқыту мамандардың білімін өте қысқа мерзімде өздерінің таңдауы бойынша күндіз немесе сырттай көтеруіне мүмкіндік береді. Мұнда жеделдетіп оқыту процесі де жүзеге асырылады. Осы аталған процестер оқытудың “жеке траекториясы” жобасын жасақтауға келтіріп отыр.
Қашықтан оқыту жүйесіндегі мамандарды даярлау. Қашықтан оқыту жүйесін құрудың негізгі міндеттерінің бірі жоғарыда айтып өткендей-мамандарды даярлау. Бұл жұмыстың негізгі бағыттары мыналар болып табылады: қашықтан оқыту жүйесі мен оның негізгі элементтерін басқару; оқу процесінің әкімшілік жүйелері; оқу процесін ұйымдастыру мен оны өткізу; тьюторлар мен желілік әдіскерлерді даярлау; оқу курстары мен оқу- әдістемелік материалдарын жасақтау; білім беру қызметіндегі нарықты маркетингілік зерттеу.
Мамандар даярлауда қашықтан оқытуды дамытуды жоспарлау үшін келесі үш бағытты қарастыруды қажет етеді.
- Студенттер контингентінің саны;
- Кәсіптік бағдарлаудың құрылымы;
- Педагог мамандар даярлаудың сапасы;
Мамандар даярлауда ҚО негізгі 10 ерекшеліктерін атап өтейік:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz