Слайдтарды безендіру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

№14 Билет

1. Көрмелермен (презентация) жұмыс істеу. Көрмелерді әзірлеу. Көрмелер жасаудың тиімді тәсілдері, слайдтарды безендіру, жан бітірімді баптау.

2. Электрондық оқу құралдары (ЭОҚ) . ЭОҚ-на қойылатын талаптар. ЭОҚ-рын информатика сабақтарына дайындалу және өткізу барысында қолдану әдістемесі.

1) MS Power Point-көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Көрме - сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың (бейне беттегі кескіндер) көрсетілімдік жиынтығы.

Power Point-тың негізгі міндеті - ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Көрме - бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т. б. ) пайдалана отырып әзірленген слайдтардан тұратын қысқа ғана әңгіме. Слайдар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәндермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Power Point көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедиа пәндерін қосуға мүмкіндік береді.

Power Point бағдарламасы мына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады:

Бастау - Бса мәзірі - Бағдарламалар - Microsoft Power Point.

Power Point терезесінің құрылымы

Power Point терезесінің құрылымы Windows қосымшалары терезелерінің дәстүрлі құрылымындай, үстелдер мен әмірлердің негізгі міндеттерін қайталайды, бірақ жекелеген элементтерімен ерекшеленеді.

  • Тақырып жолағы- құжат атауын және терезені басқару батырмаларын қамтиды;
  • Стандарттықұралдар үстелі- Power Point әмірлерінің басым бөлігінің батырмаларынан тұрады;
  • Пішімдеуқұралдар үстелі- пішімдеу әмірлеріне арналған батырмаларды қамтиды;
  • Слайдтардың кішірейтілген үлгілері- көрме слайдтары арасында жылдам ауысып жүруге арналған;
  • Жұмыс аймағы- слайдтарды жасауға, онда нысандарды - мәтінді, суреттерді, диаграммаларды, клиптарды, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ;
  • Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды;
  • Күй жолағы- құжат ақпаратын қамтиды;
  • Сурет салуүстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

Power Point-та жетерлік үстелдер жиынтығын WordArt, Сурет және басқа да үстелдермен толықтыруға болады. бұл үшін мәзір жолағында Көрініс - Құралдар үстелі әмірін таңдаңыз. Ашылған үстелдер тізімінде қажетті үстел атауын шертіңіз, сол мезетте ол бейне пайда болады. Бірақ, есіңізде болсын - әрбір үстел жұмыс аймағында орын алып тұрады, сондықтан, жұмыс істеп болғаннан кейін үстелді қалай қоссаңыз, солай алып тастаңыз.

Көрмені сақтау үшін Файл мәзірінде немесе Стандартты құралдар үстелінде Сақтау әмірін таңдаңыз, ашылған Құжатты сақтау терезесінде Файл атауы өрісінде көрме атауын енгізіп, Сақтау батырмасын шертіңіз.

Көрмелер жасаудың тиімді тәсілдері.

Жасақтаманы және қалыптарды қолдану.

Power Point-та тартымды, кәсіби түрде безендірілген көрмелерді аз күш жұмсап жасауға болады.

Microsoft Power Point-та көрме жасау барысы жалпы безендіруді таңдау, жаңа слайдтарды және олардың мазмұнын үстеу, слайдтарға шен салуды таңдау, қажет болса слайдтардың безендірілуін өзгерту, түс сұлбасын өзгерту, түрлі безендіру қалыптарын қолдану сияқты әрекеттерден тұрады.

Power Point-та Жұмысқа кірісу (10. 2-сурет) тапсырмалар аймағы жаңа көрмені жасау үшін бірқатар нұсқаларды ұсынады:

-Көрмені жасау. Слайдтар безендіру элементтерінің ең аз санын қамтиды, оларға қатысты түстер қолданылмайды. Пайдаланушы слайдтарды өз қалауынша безендіреді.

-Ашу. Көрме бұрыннан бар, безендірілген көрмеге негізделіп жасалады. Қолда бар көрменің бастапқы нұсқаның мазмұны мен безендірілуіне өзгерістер енгізе отырып, жаңа көрме жасауға мүмкіндік беретін көшірмесі жасалады.

-Безендіру қалыбынан. Көрме негізгі безендіру элементтерін, қаріптерді және түс сұлбасын қамтитын қолда бар Microsoft Power Point қалыбы негізінде жасалады.

Слайдтардың барлығы біркелкі мәнерде безендірірілуі үшін, слайдтарды безендіру амалдарын оңайлату үшін сондай-ақ Пішімдеу үстеліндегі Жасақтама батырмасын пайдалануға да болады.

Оны шерткен кезде тапсырмалар аймағында безендірудің кішірейтілген эскиздері болып табылатын Слайд жасақтамасы үстелі пайда болады (10. 3-сурет) . Сізге қажетті безендіру қалыбын бір шерту арқылы таңдай аласыз.

Қалып барлық слайдтар үшін мына элементтерді белгілейді:

  • Өң түс
  • Байрақшалар мен нөмірлер мәнерін
  • Тақырыптың түсі мен өлшемін
  • Негізгі мәтіннің түсі мен өлшемін
  • Еренсілтеме түсін
  • Өңдік суреттер, сызықтар, жиектер және т. б. түріндегі безендіру элементтерін

Және бірінші слайд басқаларынан ерекшеленіп тұрады - ол мұқаба слайд емес пе!

Слайдты безендіру үшін сондай-ақ дайын түстер сұлбаларын қолдануға да болады. түс сұлбасы слайдты безендіру кезінде өң, мәтін немесе жекелеген жолдар, көлеңкелер, тақырып мәтіні, бояулар, акценттер және еренсілтемелер үшін қолданылатын сегіз тармақтан тұрады (10. 4-сурет) .

Слайдтың түстік сұлбасын қарап алу үшін оны бөлектеп алыңыз да, содан кейін бетте Слайд жасақтамасы - Түстер сұлбалары тапсырмалар аймағын көрсетіңіз. Ағымдық слайдтың түстік сұлбасы тапсырмалар аймағында бөлектеп көрініс табады.

Безендіру қалыбы әдепкіде белгіленген түстер сұлбаларын, сондай-ақ осы қалып үшін арнайы іріктеліп алынған қосымша түстер сұлбаларын қамтиды. Әдепкіде орнатылған «бос» қалыпта да түстер сұлбалары бар. Көрмеге жаңа слайдты кірістіру үшін Жаңа слайд батырмасын басу, .

немесе Кірістіру мәзіріндегі Жаңа слайд әмірін таңдап, слайдтың орналасуын белгілеу керек.

Егер сіз барлық слайдтарда емес, тек кейбірлеулерінің өңін ауыстырғыңыз келсе, мәзір жолағының Пішім тармағында Өң әмірін таңдап, ашылған сұхбат терезесінде қажетті параметрлерді белгіленіп, Қолдану батырмасын басу керек

Слайдтарды безендіру

Слайдтарды безендіру кезінде мәтіндер, суреттер, клиптер, дыбыстық сияқты түрлі нысандарды қолдануға болады.

Сызбалық нысандарды кірістіру, сондай-ақ оларға қатысты түрлі әмірлерді орындау үшін Сурет салу үшін құралдар үстелі қолданылады (10. 6-сурет) .

10. 6-сурет. Сурет салу құралдар үстелі

Сурет салу құралдар үстелі слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын, суреттерді кірістіруге мүмкіндік береді.

Суретті слайдтың еркін таңдап алынған тұсына орналастыру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Мәтін жолағы батырмасын басып, содан кейін слайдтағы мәтін орналасатын тұсты шертіңіз. Ішінде жүгіргі бар жақтау пайда болады, мәтінді сол жақтау ішінде теру қажет. Сіз слайд ішінде бұндай жазбалардың қаншауын жасаймын десеңіз де еркіңізде, бірақ есіңізде болсын: қағаздан көрі бейне беттегі мәтінді оқыған қиынырақ, сондықтан оны мұқият пішімдеп алу керек.

Пішімдеуді орындау үшін мәтіннің айналасындағы жақтауды шертіп (жүгіргі жоғалып кетеді, ал ал бөлектеу қалады), Пішімдеу үстелі әсмірлерінің көмегімен мына әрекеттерді орындау қажет:

  • недәуір ірірек өлшемді таңдау (Қаріп өлшемі батырмасы) ;
  • ежелерге бөлу (әр жолдың аяғында <Enter> пернесін басу) ;
  • ежелерге қатысты нөмірлеуді немесе байрақшаларды орнату () ;
  • жақтау ішіндегі мәтінді сол жақ, оң жақ немесе ені бойынша туралау;
  • қаріп түсін таңдау және т. б.

Қызыл ирек сызықпен саты сызылған сөзді қатесі бар-жоғына мәтінмәндік мәзір арқылы, сондай-ақ Құралдар - Емле ережесі әмірлерінің көмегімен тексеру болады.

Слайдтың барлық дерлік нысандарына (сызықтардан басқа) мәтінді үстеуге болады. бұл үшін кескінді бөлектеп алып, тінтуірдің оң жақ батырмасымен мәтінмәндік мәзірді шақырып, Мәтінді үстеу әмірін таңдау керек.

Power Point слайдтарды безендіру кезінде дайын сызбалық нысандарды - Өзкескіндерді пайдалануға мүмкіндік береді. Оларға сызықтар, геометриялық қарапайым кескіндер, көрсеткілер, блок-сұлба элементтері, жұлдызшалар, таспалар, тілше деректер жіне т. б. жатады.

Бұл элементтерді слайдқа кірістіру үшін Сурет салу үстеліндегі Өзкескіндер батырмасын басып, ашылған тізімде қажетті кескінді таңдап, слайдты шерту керек. Пайдаланушы сондай-ақ Сурет салу үстелінің көмегімен олардың көлемін, орналасуын, түсін, т. б. өзгерте алады.

Кескін сызықтарының түсін өзгерту үшін Сызық түсі , ал ішкі аумағының түсін өзгерту үшін Бояу түсі батырмалары қолданылады.

Көлем батырмасын кескінге үш өлшемдік мән үстейді. Сызықтың жуандығын өзгерту үшін Сызық мәнері батырмасын, ал егер тұтас сызықты үзік сызыққа ауыстыру қажет болса - Штрих мәнері батырмасы қолданылады.

Өз компьютеріңіздегі жинақтап сурет не фотосуретті кірістіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

  1. Сурет салуқұралдар үстеліндеСуретті кірістірубатырмасын басыңыз. Сондай-ақ, Кірістірумәзірінің -Сурет-Файлданәмірлерін де қолдануға болады.
  2. Қажетті суретті қамтитын қалтаны көрсетіп, сурет файлын бөлектеп алыңыз. Кірістіруәмірін орындаңыз (10. 7-сурет) .

Суретті сәл-сәл өңдеуге Сурет құралдар үстелі көмектеседі (10. 8-сурет) .

Осы үстелдің көмегімен жаңа суретті кірістіруге, суретті ақ-қара түсті етуге, суреттің жарықтылығы мен контрастын өзгертуге, суреттер шеттерін қиып, алып тастауға, оларды 90 градусқа бұруға, жақтау сызуға және т. б. әрекеттерді орындауға болады.

Дайын суретті кірістіру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз немесе Кірістіру мәзірінің - Сурет - Суреттер (жинағы) әмірлерін орындаңыз. Тапсырмалар аймағында суреттер жинағы пайда болып, таңдағаныңызды слайдқа бір шертіп кірістіруіңізге болады.

WordArt мәнеріндегі жазбаны да дәл осындай алгоритммен: Сурет салу құралдар үстеліндегі батырмасының көмегімен немесе Кірістіру мәзірінің - Сурет - WordArt нысаны әмірлерін орындау арқылы кірістіруге болады. Әдетте WordArt нысанын кірістіргенде (немесе нысанды бөлектеген кезде) жазбаның сыртқы түрін өңдеуге мүмкіндік беретін WordArt үстелі бірге шығады. Мысалы, WordArt нысаны түсін WordArt пішімі терезесін шақырып, пайда болған терезеде Түстер мен сызықтар қосымшасында Бояу және Түс әмірлерін таңдау арқылы өзгертуге болады.

Power Point көрмесі слайдына диаграмманы Кірістіру - Диаграмма әмірлерінің көмегімен кірістіруге болады.

Егер сіздің слайдыңызда бірнеше нысан бар болса, олардың бір біріне қатысты орналасуын өзгертуіңізге болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп алып, Сурет салу құралдар үстелінде Әрекеттер батырмасын басып, Рет әмірін, содан кейін қажетті параметрлерді таңдау керек.

Жан бітірімді баптау

Power Point көрмесі өзге бағдарламалар құжаттарынан мультимедиалық нысандарды - бейнеклиптерді, жан бітірілген суреттерді, дыбыстық үзінділерді және т. б. қолдануға мүмкіндік беретіндігімімен ерекешеленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диаграммаға тақырып енгізу
POWERPOINT-та ЖҰМЫС ІСТЕУ. КӨРМЕЛЕРДІ ӘЗІРЛЕУ
Презентацияны шаблондар көмегімен құру
Microsoft PowerPoint программасы туралы түсінік
Microsoft Power-Point
Microsoft PowerPoint программасы
PowerPoint программасына жалпы сипаттама
Microsoft Power Point программасы
Презентация құру сұхбат терезесі
Роwer Point
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz