Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
санасының белсенді ұстанымын қалыптастыру болып табылады (Б.Ы. Мұқанова).
Мақсат - іс-әрекет нәтижесін күні бұрын идеалды ой-тұжырым арқылы болжау.
Тәрбие-әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет
және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы
қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.
Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру
Әлеуметтік ұғым, психология, философия және педагогикалық еңбектерде
кеңінен қолданылады.
"Әлеуметтендіру" ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр
түрлі әлеуметтік бірліктердің _ (топтар, институт, ұйымдар) түрлеріне
интеграциялау, одақтық қауымдастыру.
Әлеуметтендіру — мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен
құндылыты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Сөз жоқ, әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни
оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу,
берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінез-
құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің
объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-
бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның
қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.
Ғылымға адамды "Әлеуметтендіру" термині саяси экономикадан келді, оның ең
алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын "қоғамдастырудан" басталды.
"Әлеуметтендіруді" адамға тәуелдендірген автор американдық өлеуметтанушы
Ф.Г. Гиддин, (1887 ж.) өзінің ' "Әлеуметтендіру теориясы" кітабында, бұл
ұғымды қазіргі
ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе
индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау.
Тұлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде
сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында адам
өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін
түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді.
Әлеуметтендіру — тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі
белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік,
отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. "Адамның адам болып қалыптасуы
жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады,
өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-
әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап
қайтаруынан" (Наторп П.).
Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін
табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл
міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде,
сыртқы ортаның қайшылықтары баланың бойында дамып келе жатқан ішкі
қарсыластық күшіне сай келуге тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші - сыртқы
мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа
ағымын үздіксіз сезінуі керек.
Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына
ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру,
тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз-өзіне
баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің
шешімі: егер, ізгілікті орта болса, "барлығымен бірге болу" және "өзімен
өзі болу" мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі.
Сөз жоқ, адамды әлеметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның
әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі.
Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік
дербестік және әлеуметтік белсенділік.
Әлеуметтендірудің көптеген тұжырымдамаларын талдау, олардың барлығын осы
аталған позициялардың, ұстанымның біріне жақындайды, олардың өзі адамның
әлеуметтендіру жүйесіндегі орнын түсінуі. Біріншісі, адамның әлеуметтендіру
жүйесінде марғаулық позициясын ұстанады, ал әлеуметендірудің өзін адамның
қоғамға бейімделу кезеңі ретінде қарастырады, әрбір мүшені өзіне тән
мәдениетіне қарай қалыптастырады. Мұндай көзқарасты субъект — объект деп
қарауға болады (қоғам объективтік әсер, ал адам —оның объектісі). Бұл ұғым
— пікірдің басында Э. Дюркгейм және Т. Парсонс тұрды.
Екінші жағынан, адам әлеуметтендіру кезінде белсенді түрде қатысып қоймай,
қоғамға да бейімделеді, өзі өзіне, өмірдегі жағдайларға да әсерін тигізе
алады. Бұл көзқарасты "субъект-субъект" деп атауға болады. Бұл екінші
позицияны Ч.Кули және Д.Г. Мид ұстанды.
Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену кезінде
олардың дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға
әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген
ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт
топқа біріктіреді.
Бірінші - мегафакторлар (мега-өте үлкен) — космос, неосфера, планета,
әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын
әлеуметтендіруге әсер етеді.
Екінші - макрофакторлар (макро-үлкен);
-ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін
тұрғындарды әлеуметтендіру.
Үшінші - мезофакторлар (мезо-орташа): -тұрғылықты жерде халықтың болмыс
түрі, әртүрлі субмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен
тобын әлеуметгендіру жағдайы.
Микрофакторлар — белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер
жатады - әйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары,
әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум.
Тәрбиелік кеңістіктегі қоғамдық мәдениет.
Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) адамдардың әрекетін
үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен
қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Э.С.Маркарянның ойынша, бұл тұста
философияда дәлелденген мәдениеттің үш түрін, яғни әр адамның меңгеруі
қажет — материалдық, рухани және соционормативті немесе адамгершілік
мәдениеті. "Мәдениет" латын тілінен аударғанда өңдеу, баптау деген ұғымды
білдіреді. Оның екінші мағынасы - рухты дәріптеп көтеру. Рим ораторы
М.Р.Цицерон өзінің "Тускуланские —диспуты" еңбегінде—ең алғаш рет
"мәдениет" сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған (45 жыл
ж.д.д.). Э.Тайлер мәдениетке барлық білімнің жиынтығы ретінде, яғни адамның
табиғатпен күресінде адамның тарихи дамуындағы заң, дәстүр, көркем өнер,
әдет-ғұрып, діншілдік деңгейінде зерделеген.
С.Б. Малиновский мәдениет теориясы адам табиғатының: биологиялық (адам өз
тұқымымен жалғастыру үшін) және әлеуметтендіру жағын да ескеру қажет деп
түсіндірген.
Оның ойынша, мәдениет тұтас қажеттілік құндылыктары, құқықтар,
конституциядағы әлеуметтік баптарда бекітілген идея кәсіп, нанымдар мен
дәстүрлерден тұратын тұтастық. "Мәдениет" ұғымының тарихына арналған
арнаулы еңбекте, Кребер мен Клакхон мәдениет табиғатын талдайды, оны құрап
тұрған элементеррімен қасиеттерді психология, тіл, қоғаммен қарым-қатынасын
көрсете келе, мәдениетті үш қырынан қарастырады: адамның табиғатпен қарым-
қатынасы аясында, құндылықтарымен және басқа адамдармен пікірлесух.
Кювильге мәдениетке бұдан көрі кеңірек анықтама береді. Ол мәдениетке
материалдық әлем заттарын жатқызады, оның ішінде өндіріс өнімдерін, сонымен
қатар, мінез-құлық пен психология құбылыстары: білім, қатынас, құндылықтар.
А.К. Уледов "мәдениетті қоғамның рухани қазынасы" деп бағалайды. Бұл
жағдайда қоғам мен мәдениет ұғымының ара қатынасы бүтін мен бөлшектің ара
қатыасындағы сапасы ретінде түсінеміз. Әрқашанда мәдениет шығармашылық
еңбекпен байланысты. Мәдениетті материалдық және рухани құндылықтың
жиынтығы ретінде қараған абзал. Мәдениетгі биологиялық тұрғыдан тек адамға
тән іс-әрекеттің тәсілі ретінде түсініп қана қоймай. "оның техникалогикалық
және заттық-өнімдік" шектерін, сонымен қатар материалдық, рухани және
көркем мәдениет сияқты үш мәнін М.С.Каған болжады. Ол материалдық
мәдениеттің тәжірибеде қайта жаңартуға және оның практикалық
коммуникативтік мәнінің адам қызметіне тигізер ықпалына тоқтайды.
Материалдық мәдениет адам қолымен жасалған материалдық құндылык-заттардың
жиынтығы материал (машина, құрал-жабдық, техника, әртүрлі бағыттағы
объектілер т.б.). Мәдениеттің бұл саласы адамдардың тума

292 Әлеуметтану негіздері
дан-жай тәуелді болып табылмайды. Даралық әлеуметтік және басқа да
түсініктердің бәрі де, әрбір жеке адамның өзінің даму сатысына лайықты
тәжірибенің және саяси, әрі құқықтық ойлау заңдарына сай әрдайым
өзгертілген және таңдалып алынған күйде қалыптасқан.

11.2. Тұлғаның әдеуметтену теориялары

Әлеуметтену мәселесі жөнінде көптеген ойтұжырымдарды екі
қарама-қайшы бағыттағы көзқарастарға топтастыру мүмкін болады. Біріншісін
Э.Дюркгейм және оның ізбасарлары жақтайды. "Әлеуметтену" ұғымын енгізген де
- Дюркгейм. Бұл көзқарасқа сәйкес айтылатын, не байқауға болатын,
нәрселердің бәрінің шығу тегі жеке емес, қоғамдық сипат алады. Бұл тұрғыдан
әлеуметгенуді әдістемелік және ектемдік тәрбиеге теңестіреді: қандай ереже,
ойды, жүріс-тұрысгы білдіретін тәсілдің, қимыл-амалдардың қайсысы болсын
топ жеке адамға үйретуші болады. Әлеуметгену сонымен мінез-құлықтың дағдылы
қалыптарына сендіру, үйрету арқылы өтеді; әр адам олар бойынша өзінің жеке
жүріс-тұрысынын үлгісін жасайды. Осылай әлеуметтенудің мақсаты болатын
қоғамның біртектілігіне жетуді қамтамасыз етуге талпыныс жасалынады,
әлеуметтену арқылы әр келесі ұрпақ бұрынғы түсініктер, әдеттер мен
дағдыларды мұра етеді, сөйтіп қоғамның жаңа жағдайларына бейімделеді. Г.
Тард әлеуметтену үдерісі жеке адамдардың өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге
асатынын алғашқы болып көрсетті. Тард дара ұлғаның өзі өмір сүретін
қоғамның әлеуметтік мөлшерлері мен құндылықтарын еліктеу жолымен игеретінін
дәлелдеуге талпынады.
Осы тектес көзкарастарда адамның жасы мен ұрпақ аралағындағы
айырмашылықтары ескерілмейді, ал онысы жансақ пікірді тудырады: қоғам
бірқалыпты, өзгермейтін, иіексіз, бітпейтін ұрпақтан тұратындай
көрсетіледі. Мұнда дара тұлғаның дербестігі және оның өзін
қалыптастыруындағы белсенділігі жет-

И-ТАҚЫРЫП. Жеке тұлға социологиясы 293

кілікті бағаланбайды. Қарама-қарсы көзқарасқа сәйкес әлеуметтену әлеуметтік
жүйенің шешуші негіз болатынын мойындамайды. Бұл ойтұжырым әлеуметтену
үдерісін жеке дамуға бұрады. Оның негізін ескі ойлау дәстүрінен М. Монтень,
Ж.Ж. Руссо көзқарастарынан іздеу керек. Олардың ойынша дара тұлғаның дамуы
оның өз белсенділігіне тәуелді. Сонда әлеуметтіліктің басымдылығы жоққа
шығарылады.
XX ғ. социологиясында нығайтылатын түсініктер - ойтұжырымдар әлеуметтенудің
көптеген ерекшеліктерін ескеруге бет бұрды. Кең өрістеген әлеуметтену
теориясын жасаған-Т. Парсонс. Оның тұжырымы бойынша дара адам өзге
адамдармен қатынасу үдерісінде жалпы құндылықтардың маңыздысын өзіне
сіңірді. Жалпыға мәнді мөлшерлік қалыптарға еру салдарынан олар тұлғаның
кажеттілігіне, ішкі дүниенің құрылымдық бөлшегіне айналды. Парсонс
әлеуметтенудің бастапқы құралы деп отбасын айтады, өйткені мұнда тұлғаның
іргелі дәлелдемелік (мотивациялық) ұстанымдары қаланады. Шындығында
нәрестені алғашқы күндерінен бастап ең жақын қоршаған орта қалыптастырады.
Бір жасынан асқанша ол дыбыстарды, адамдардың түрлерін, аттарын ажыратуды
үйренеді, содан кейін ''Мен'" деген ұғымды пайдалана бастайды. 2-3 жас
аралығында сәби басқаларды түсіне бастап өзінің әлеуметтік "Мен" екенін
ұғатын болады.
Сәбидің алғашқы тәжірибесі әр түрлі тұлғалардың және оның ішінде өзінің де
бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осыдан бастап адам өмір бойы дара
тұлға ретінде өзін басқа тұлғалармен салыстырып жүреді. Хайуанаттардың
нәрестелерді биелеудегі тарихи мысалдары адамның алғашқы даму кезеңінде
еліктеудің басым болатынын дәлелдейді. Әлеуметтік жағынан оқшауланған
тұлға жануарларға еліктейді; 2) қазіргі (мода) немесе үйреншікгі (әдет)
үлгіге еліктейді; өзіне еліктейді (дағды).
Яғни табиғи қабілеттер өздігінен дамымайды. Басқа Эгоның (мәннің) шығуы өзі
салыстыруға және өзі жөнінде өзі сияқтылардың арқасында өзгешеленген пенде
ретінде түсінігі қалыптасады. Әлеуметтену, әлеуметтік адамға айналу басқа
даралықтармен әрекеттесу барысында ғана болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтендіру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ
Тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру
Тәрбие мақсатының әлеуметтік негіздері
Қазіргі кездегі студенттердің тұлғасының дамуы
Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында
Қоғамдық мәдениеттің тәрбие кеңістігі
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары
Педагогика тарихындағы ой-тұжырымдардағы тәрбие мақсатының мәселесі
Пәндер