Оқушының экологиялық мәдениетін қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе.
2-9
1 Негізгі бөлім.

1.1 Экологиялық тәрбие берудің қазіргі
кездегі маңызы, оның ғылымдағы орны. 9-13

1.2 Экологиялық білім қалыптастырудың
педагогикалық принциптері. 14-
18

1.3 Оқушының экологиялық мәдениетін
қалыптастыру.
19-31

1.4 Экологиялық білім қалыптастырудың
пәндік жүйесі.
32-40

Қорытынды.
41-43

Пайдаланған әдебиеттер.
44-45

Экология тәрбиесін беруге байланысты
практикалық жұмыстар(сабақ үлгісі,экоқойылым,
сауалнама, дидактикалық ойындар, т.б.) 46-72

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясының алтыншы бабы жер және оның
қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи
ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында
болатындығын мәлімдейді.
Қазіргі әлемдік денгейдегі дамушы Қазақстанның жағдайында жас ұрпаққа
экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір
қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі 1991 жылы Қазақстан
Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында және 1992
жылғы Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңында1996 жылғы
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында
көрсетілген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау
туралы заңның 89-шы бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық
жағынын қамтамасыз етуге арналады. Заңда басқа салалармен қатар
педагогикалық жағынан шешуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық
тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі
баса көрсетіледі.
Организмдер, олардың түрі тобы және бірге түрлі тобы белгілі бір
жерді қоныстанып өмір сүреді, ол ортада табиғатпен және өзара байланыстар
жасайды.
Қоршаған табиғи ортаға адамдар, жануарлар, өсімдіктер, басқа да тірі
жәндіктер өмір сүретін мекен–жәй, ондағы жер-су, ауа мен жел, жылы мен
суық, ас пен қорек, олардың достары мен жаулары кіреді.
Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның 89 бабы.
Бастауыш мектеп.
байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен
өзгерістер осында өтеді.
Табиғат байлықтарын есепсіз, бақылаусыз жұмсауға болмайтынын,
қоршаған орта бүлініп, істен шығуы оңай екенін адамдар ХХ ғасырдың алғашқы
жылдарынан түсіне бастады. Сол кезден бастап қоршаған ортаны қорғау деген
ұғым пайда болы.
Бұл ұғым, әуелі жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кетуден,
табиғаттың қымбат ескерткіштерін қыйраудан қорғауды білдіретін.
Отызыншы жылдары қазбалы кен қорлары таусылу, ормандар мен су көздері
жойылу қаупі төнген кезде бұл ұғым табиғат байлықтарымен қорғаумен толықты,
50-60 жылдары қоршаған ортаны қорғау ұғымына жоғарыда айтылғандарға қосымша
ауаны, су көздерін,топырақты зиянды өндірістік және радиактивті
қалдықтардан,уытты химиялық заттардан қорғау кіретін болды.
Сонымен, қоршаған ортаны қорғау жануарлар мен өсімдіктер
дүниесін азып-тозудан, жойылып кетуден, қазбалы кендер қорғауларын
тауысылудан, талан-тараж болудан, ауаны, топырақты,өзендерді, көлдерді,
теңіздер мен мұхиттарды ластанудан, ысырап болудан сақтау болып табылады.
Табиғатты қорғау проблемалары әр елде әр түрлі. Тіпті кейде басқа
елдің іс-әрекетінен де зиян көріп жатады.
Ауаның, өзен, теңіз суларының ластануы мемлекеттік шекараға тоқтамай
желмен, ағын сулармен өтіп, біреудің зиянды қалдықтарын мыңдаған километр
қашықтықта жатқан жазықсыз екінші елдің ауасын, суын, топырағын, орманын
ластап,оны тазалауға көп қаржы мен күш жұмсауға мәжбүр етеді.
Министрліктер, мемлекеттік комитеттер, жергілікті әкімдер заңның
орындалуын ұйымдастырушы және бақылаушы рольін атқарады. Кәсіп орын, ұжым,
мекеме басшыларынан, жеке азаматтардан заң талаптарын уақытында орындауын
талап етіп, көнбегендерін жауапқа тартады.
Туған табиғатты қорғау мәселелеріне экономикалық мекемелер, құқық
қорғау орындау орындары және қоғамдық ұйымдар да қатысады.
Міне, сондықтан табиғат жұмыстары тек мемлекеттің ғана міндеті
болып қоймай, оған бүкіл жұртшылық, барлық азаматтар қатысуы қажет.
Сонымен, қоршаған ортаны қорғау деген ұғымға табиғат
байлықтарын сақтау, ұтымды пайдалану, қалпына келтіріп отыру туралы,
ортанын зиянды қалдықтарымен, уытты және басқа да тіршілік үшін қауіпті
заттармен ластанбауын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған мемлекеттік
заңдармен, қаулылар, экономикалық мекемелер, құқық қорғау және ұйымдардың
ережелері мен нұсқаулары, халықаралық және мемлекеттер аралық келісімдер,
конвенциялар, шарттар кіреді.
Мемлекеттің заңдары мен халықаралық шартарда көзделген
табиғатты сақтау жөніндегі шаралар жинағын қоршаған ортаны қорғау деп
атайды.
Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан
ұсыныстар жасайтын ғылым саласы соңғы жылдары экология деп аталып жүр. Ол
гректің ойкос-үй, мекен, тұрғын жер, және логос-білім, ғылым, зерттеу
деген екі сөзінен құрылған.
Экология барлық тірі организмдерді, олардың тұратын үйін, мекен
жайын, және сол үйді тұруға қолайлы ету үшін атқаратын міндетті
зерттейді.
Экология – белгілі бір ортада тұратын организмдерді зерттейтін,
олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен арақатынастарын анықтап,
жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан экология қоршаған ортаны
сақтаудың ғылыми негізі болып саналады.
Ең алғаш экология деген сөзді пайдаланған Генрих Девид Тюро. Ол
1858 жылы қантар айының бірінші жұлдызында бір досына Гоар мырза өлі
Конкордта, ботаника және экология мен айналысуда деп жазған болатын.
Экологияны ғылымға бірінші болып енгізген белгілі табиғат
зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғылымы Э. Геккель. Ол ғылымға
көптеген жаңа сөздер, ұғымдар қосты, соңың бірі экология.
1869 жылы Э. Геккель экологияға мынадай анықтама берді: Экология
табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы
ортадағы басқа органикалық және органикалық емес заттардың арақатынасын,
өсімдіктер мен жануардың, олардың достары мен жауларының бір - бірімен
байланысын зерттеу.
Экология – тіршілік тірегі. Ол адамзат және ондағы қоғаммен тығыз
байланыта.
Сонымен биосфера дегеніміз – біздің айналамызды қоршаған орта. Оны
адамзат жасаған жоқ, ол адамзат баласының пайда болуынан әлде қайда бұрын
жаралған.
Экологияның табиғи компоненттерін (жер, су, ауа) қорғау идеясы
әсіресе мектеп оқушыларының, студенттердің, болшақ оқытушылардың күнделікті
өмірінен, оқу тәрбие үрдісінен лайықты орын алуға тиіс. Бұл іске мектеп
мұғалімдеріне, ата-аналарға, халық ағарту қызметкерлеріне пәрменді жұмыс
жүргізуге, бұл жұмыстың турлерін жетілдіре түсуге тура келеді.
Экология және оның химиялық-биологиялық құбылыстары болашақ
оқытушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы ролі зор екені
жүргізген ғылыми–зерттеу жұмыстарымыздың қорытындылары толығымен
дәлелденді.
Зерттеу объектісі – болашақ оқытушыларға Қазақстан экологиясынан жер,
су, радиоэкологиялық жағдайынан білім және тәрбие беруде оқушылардың
танымдық қызығуын қалыптастыру процесі.
Зерттеу пәні – оқушылардың Қазақстан экологиясына: жер, су,
радиоэкологиялық жағдайына қызығуын тудырып, дамытудың әдістемелік жүйесі.
Зерттеу болжамы – егер Қазақстан экологиясының жер, су,
радиоэкологиялық жағдайына, мазмұнына нақтылы талдау арқылы: 1) негізгі
және қосымша ғылыми деректерге құрылған танымдық материалдарды оқыту
үрдісінде тиімді пайдаланудың әдістемелік жүйесі жасалса, 2) қызықты
қосымша танымды, оқу материалын енгізудің ғылыми–теориялық негіздері -
анықталса, онда оқушыларға Қазақстан экологиясына жер, му, радиоэкологиялық
жағдайына, және оларға ғылыми пән ретінде қызығуы қалыптаса түсінетіні
сөзсіз.
Зерттеудің мақсаты мен болжамына сәйкес мынадай міндеттері анықталды:

1. Жеке пәнге
2. Оқушылардың Қазақстан экологиясына қызығуын тудыратын биология химиялық
материалдардың мазмұнын және танымдық ғылыми–методикалық жүйесін жасауға
пайдалану.
3. Іріктелген қызықты эксперименттерден, алынған материалдар мен
танымдық деректерді экологияны оқыту үрдісінде пайдаланып әдістемелік
жүйесін жасау.
4. Жасалған жүйені оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланып оның тиімділігін
дәлелдеу.
Зерттеудің әдістемелік ғылыми негізі: - жеке тұлғаға білім және тәрбие
беру тұлғысындағы философиялық таным теориясы, психология мен педагогиканың
іс-әрекет теориясы, жеке басты тұлғаның, жеке сапаларының қалыптасуына
адамзат баласының айналасын қоршаған ортасына тигізетін әсері жөніндегі
көзқарастар, жоғары жүйке туралы И.П. павловтың ілімі.
Жоғарыдағы міндеттерді орындау барысында мына зерттеу әдістері
пайдалынады:
1.Проблеманы шешуге байланысты арнайы және ғылыми-әдеби сипаттағы
оқыту-методикалық, ғылыми-теориалық материалдарды талдау.
2. Бастауыш сынып оқушыларына Қазақстан экология жағдайы туралы
оқылатын сабақтардың материалдарын талдау.
3.Мектептерде Қазақстан экологиясын жүйелі түрде пайдаланумен қатар
оларды қорғау сабақтарында оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру
жайымен танысып, оларды талдау.
4. Тест – рейтинг жүйесі әдісі бойынша оқушылардың білімінке бақылау
жасау, жеке әңгімелесу және сауал-сұрақтар үлестіру педагогикалық жұмыстар
жүргізу және басқа да әдістерді пайдаланып оқушылардың Қазақстан
экологиясына қызығу деңгейін арттыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және оқыту-методикалық, ғылыми- теориялық
маңыздылығына келетін болсақ, ол мына төмендегі принциптерден тұрады.
а) оқушылардың Қазақстан экологиясына танымдық жетілдірілген арнаулы
жүйенің қажеттілігі ғылыми тұрғыдан енгізу;
ә) қызығу, танымдық қызығу, бір пәнге қызығу, олардың ғылыми-
теориялық ара қатынасы, мәндес ғылыми-теориялық ұғымдармен байланыстыра
айқындалды.
б) Қазақстан экологиясын оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық
қызығуын қалыптастыру үшін танымды модельдерді пайдалануына әдістемелік
жүйесі ұсынылып, сол сияқты әлемдік қызықты ғылыми деректер енгізілді.
в) Қазақстан экологиясының ғылыми негізде және қосымша деректерді
қамтитып білімге және тәрбиеге негізделген танымдық ғылыми модельдердің
түрлері, жасау тәсілдері айқындалды.
Зерттеудің практикалық маңызы. Қызықты қосымша ғылыми деректер мен
танымдық модельдерді, тірі объектілерді эксперименттерден алынған
материалдарды сабақтардың кез-келген бөлімдерінде пайдалану арқылы
Қазақстан экологиясын оқытудың тиімділігі артты, Қазақстан экологиясы
ерекшеліктеріне қызығып қоймай, сол салада білімін өздігінен көтеруге
ынталана түсті.
Зерттеудің өзектілігі. Адамзат баласы тіршілік етуінің алғашқы
кезеңінен бастап өздерінің күнделікті тіршілік өміріне керекті заттарының
бәрін биосфера компоненттерінен жерден, судан, өсімдіктер әлемінен,
жануарлар дүниесінен, жер қойнауынан алып келгені баршаға белгілі.

Сол себепті осы тақырыпты таңдаудағы мақсаты: жеке адамның бойына
табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, адам-қоғам-
табиғат арасындағы толық үйлесімділік рухында тәрбиелеу.

Тақырыптың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қортынды, пайдаланған
әдебиеттер, қосымшалар.

1. Экологиялық тәрбие берудің қазіргі кездегі маңызы,
оның ғылымдағы орны

Бастауыш сыныпта экологиялық білім мен тәрбие берудің аса маңыздылығы
бұл қоғамдық талаптардан туындап отырған мәселе. Өзге емес, дәл қазіргі
жағдайда еліміздің экологиялық аса қауіпті аймақтармен әлем назарына ілігіп
отыр. Осы тұрғыда еліміздің кез келген азаматы экологиялық жоғары сауатты
болуы өте қажеттілікті талап етеді. Сондықтан шығарылған заңдар мен
тұжырымдарға сәйкес экологиялық білімнің ғылыми негізі қазіргі таңда
жасалынып та болды. Осыған орай еліміздің білім беретін бүкіл мектептерінде
экологиялық тәрбие мен білімді бастауыш сыныптан бастау өте қажет. Себебі
бастауыш сыныптағы оқушылар білімге деген құштарлығымен қатар осы
экологиялық оқу-тәрбие барысында қоршаған ортаға, табиғатқа деген
сүйіспеншіліктері мен білімдерін қатар қалыптастыра алады.
Осы тұрғыда Я.А. Коменский Тәрбиенің негізі –табиғат, ал адам-
табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы дейді.
Француз ағартушы Ж.Ж. Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде Баланы
табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек ,табиғат баланың ересектігінен бұрын
бала болғанын қалайды деп жазды.
Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің негізі, жас ұрпақ үшін
маңыздылығы, табиғат сұлулығына қатысты эстетикалық қатынас, экологиялық
аспектдегі адамгершілік қатынас қалыптасады. Осы тұрғыда белгілі ғалым-
эколог И.Д.Зверев Педагогикалық практиканың негізгі жағдайында барлық оқу
пәндерін экологияландыруға байланысты мұқият ойланып істелген жұмыстар
қажет дейді. Сондай-ақ, ол пәндерді экологияландыру басты мәселе деп
қарайды. Ол экологиялық мақсаты ғылыми білім жүйелерін көзқарастар мен
икемдерді мораль нормаларына сәйкес, қоршаған ортаның хал-жағдайына
азаматтық белсенді қатынасуды қамтамасыз ету болып табылады дей отырып,
экологиялық білім беру мен тәрбие оқушының табиғат сұлулығына
ықыластылығын, табиғатты эстетикалық түсіну, осы сұлулықты сақтау үшін
адамгершілік, азаматтық борышты ұғыну сияқты дамытушылықты қалыптастырады
деп атап көрсетеді.
Тірі организмдердің және табиғаттың басқа да құрамдары мен
арақатынастарын зерттеген кезде экология басқа ғылым салаларымен тығыз
байланыста болады. Зерттеу кезінде биологиялық, техникалық, экономикалық,
әсемдік, көркемдік, тағы басқа көптеген мәселелермен айналысады. Тек
биологиялық проблемалармен айналысып қоймай, табиғатты қорғаудың және
пайдаланудың әлеуметтік – экономикалық жақтарын зерттейді. Сондықтан
экологияны жаратылыс тану саласындағы ғылым, немесе биологияның бір тарауы
деп қарау дұрыс болмайды. Әлеуметтік–экономикалық проблемаларды зерттейтін
болғандықтан оны қоғамдық ғылымдар саласына жатқызуға болады.
Экология Ч. Дарвин өмір сүру үшін күрес жағдайлары деген табиғаттағы
қиын байланыстар мен арақатынастарды зерттейтін ғылым.
Э. Геккель экологияны табиғаттану ғылымдарына жатқызады. Бірақ, ол
тірі организмдерді түр - түсін белгілеп топқа бөлу үшін зерттемейді,
олардың өмір сүру жағдайын, қоғамның өсіп өнуінде табиғаттың алатын орнын
білу үшін зерттейді.
Оның үстіне табиғаттың экономикасын білуді де мақсат етеді. Сондықтан
экологияны тек табиғаттану ғылымдары қатарына жатқызу дұрыс емес. Табиғат
экономикасын, адамдармен табиғаттың арақатынасын, қоғамның экономикалық
жағдацын зерттейтін ғылым қоғамдық ғылымдар қатарына қосылуға тиіс.
Э. Геккельдің кейінгі көптеген ғалымдар экологияның анықтамаларын
беріп, оның басқа ғылымдардан айырмашылығын көрсетуге тырысты.
1920 жылы Ф.Клементс (АҚШ) экологияны бірге өмір сүретін түрлі
өсімдіктер мен жануарлар туралы ғылым;
1937 жылы Ч. Элтон (Ұлыбритания) экологияны жануарлардың жаратылу
тарихын, олардың әлеуметтік және экономикалық орнын зерттейтін ғылым;
жылы Х.Б. Одум (АҚШ) экология табиғаттың құрлысы мен атқаратын міндетін
білу туралы ғылым;
1972 жылы С.С. Шварц (бұрынғы Советтер Одағы) экология өсімдіктер
мен жануарлардың табиғи ортада өмір сүру заңдарын зерттейтін ғылым;
1975 жылы Р. Дажо (Франция) экология тірі организмдердің өмір сүру
жағдайларын, организм мен ортаның өзара байланыстарын зерттейтін ғылым деп
көрсеткен болатын.
Экологиялық мәселелерді зерттеуге Қазақстан ғалымдары да көптеген
зерттеулер жариялап, оқу құралдарын шығарып, өз үлестерін қосып келеді. Бұл
салада қазақ тілінде басып шығарылған кітаптарда аз емес. Дегенменде бұл
зерттеуі бітпейтін, анықтауы тауысылмайтын, күнбе – күн жаңадан талап
қоятын тақырып.
Қазіргі кезде көптеген ғалымдар келіскен анықтама мынау: Экология –
қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру
жағдайларын, олардың өзара қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын
зерттейтін ғылым.
Экология барлық материалдық игіліктердің қайнар көзі. Оның байлықтары
(жер, су, ауа, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі ) ежелден бері қарай
адамзат баласының барлық мұқтаждықтарын өтеп келеді. Экологияның барлық
сыйы біздің қоғамымыздың жан-жақты дамуына үлес қосады, тіршіліктің негізгі
көзі.
Осы кезде табиғи байлық қорлары – жер, су, өсімдіктер әлемі мен
жануарлар дүниесін, пайдалы қазбаларды қорғау керек болып отыр. Оларды
қорғау дегеніміз табиғи байлықтарды ұқыпты, тиімді пайдалану, ұқыпсыздық
пен ысырапшылдыққа жол бермеу, табиғи байлықтың болашағын байқау,
келешегіне зиян жасамау.
Экологияның ауа, жер, су, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі.
Бұл компоненттердің қай-қайсысы болмасын адамзат баласының дамуында шешуші
роль атқарады.
Біздің ғасыр – техникалық, ғылымның барынша өркендеген заманы. Алуан
түрлі механизмдермен машиналар заманы екені белгілі. Қисапсыз көп техниканы
қолына ұстаған қазіргі кездегі адамзат баласының биосфера компоненттерінің
(жер,су, өсімдіктер әлемімен жануарлар дүниесін) жер бетінен мүлдем жойып
жіберуге мүмкіншілігі жетеді. Сондықтан да биосфера компоненттерін қорғау
проблемаларын алға қойып отыр.
Экология ортасында өмір сүре отырып, адамзат баласы, оның
байлықтарын пайдаланудың көптеген жасырын табиғи сырларын ашып, оларды
тіршілік өміріне пайдалана білді. Ол табиғи байлық, қорларын меңгеруді
жетілдіріп, биосферадағы экологиялық-биологиялық тепе-теңдік механизмін
дұрыс ұққан сайын биосфераға және оның байлықтарына жаңашырлықпен қару
қажеттілігі идеясын ұсынып отыр.
Адамзат баласы қаншама жасампаз болса, ол соншама өзгертуші де.
Экология байлығын қорғау жөніндегі жұмыстар қысқа мерзімді жұмыстар емес,
жүйелі түрде, комплекс жүргізілетін, ұзақ мерзімдік, халық шаруашылығының
барлық саласын қамтитын мемлекеттік зор маңызы бар проблемаларға айналып
отыр. Өйткені, қорыта келгенде биосфера компоненттерін (жер, су, ауа,
өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін) қорғау қазақ елінің тұрмысы мен әл-
ауқатының артуына денсаулығының мықты болуына, айналаны қоршаған ортаның
жақсара түсуіне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салаларының
өркендеуіне және т.б. жағдай жасайды Халықтың саны өсіп, азық–түлік және
энергия қуаты жетпей, қоршаған орта шектен тыс ластана бастаған соң,
экология бұрынғы жаратылыс тану бағытына қосымша экономикалық, әлеуметтік,
қоғамдық бағыт алды.
Түпті тамыры биологияда болғанымен қазір одан бөлініп, жаңа ғылым
саласы ретінде жеке отау тікті.
Экология қамтитын проблемалар өте күрделі әрі көп сырлы. Дұрыс
шешімін табу үшін жаратылыс тану, техникалық, қоғамдық тағы басқа ғылым
салалары қатысуы қажет. Бұл проблемалар бір ғылымның қолынан келмейтін
мәселе. Осы күнге дейін әр ғылым өзіне таныс, түсінікті проблеманы бөліп
алып, жеке зерттеп келді. Сөйтіп біртұтас, бір жүйеге жататын мәселе
еріксіз бөшектеніп, жан- жақты зерттелмей, ғылыми тұрғыдан негізделген
қорытынды шешім таппай келді. Олардың зерттеулері өзара байланысы жоқ,
үштастырылмаған бөлек жүргізілген жұмыстардың жәй жиынтығы болып қала
берді. Әртүрлі бағдарламаға негізделген, түрлі әдіспен жүргізілген
зерттеулерді бір-бірімен салыстыруға, талдау жасауға мүмкін болмайды.
Олардың сапасы төмен, пайдасы аз, шығын көп болады. Қоршаған ортаға
біртұтас жүйе деп қарамай, бөлшектеп зерттегендіктен ғалымдардың ұсыныстары
қайшылықтары көп, ортаның бір бөлігіне пайдалы болса басқасына зиянды
болып, жұмсалған күш пен қаражат зая кетіп, табиғи ортаның жағдайы жақсару
орнына күннен күнге нашарлап, кері кетіп жатады.
Өзара үйлеспеген, пайдасы аз, шығыны көп ғылыми зерттеулер орнына бір
жүйемен жүргізілетін, проблеманы жан – жақты зерттеуге көшу пайдалы.
Қоршаған ортаны, өңдірістік аймақты, ауданды, қаланы, облысты,
біртұтас алып олардағы барлық проблемаларды зерттеу арқылы экологиялық
дағдарыстар шығу мүмкін.
Ол үшін экология басқа ғылым салаларына өзінің тапсырмаларын
үлестіріп беріп, олардан түскен ғылыми зерттеулерге талдау жасап, бір-
бірімен салыстырып, дұрысын алып, қатесін қайтарып, бір жүйеге келтіріп
отыратын жеке ғылым саласына айналуына қажет.

1.2 Экологиялық білім қалыптастырудың педагогикалық принциптері

Орта мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру бірнеше арнайы
талаптарды қажет етеді. Олар:
1. Оқу жоспарын, оларға сәйкес оқулықтар және оқу әдістемелік құралын
жасау, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, (табиғат мұражайлары,
экскурсия, экологиялық соқпақ т.б.).
2. Мұғалімнің экологиялық білімінің дайындық деңгейі.
3. Жаратылыстану пәндері бойынша биоцентризм принципіне негізделген
факультативтік сабақтар арқылы экологиялық білімді тереңдетіп беру.
4.Табиғат қорғау мәселелері мен экология бойынша мұғалімдердің білімін
жетілдіру және қайта даярлау шаралары.
5.Қазіргі техникалық құралдарды, оқытуды компьютерлендіруді және
оқытудың жаңартылған әдістерін кең түрде қолдану.
6. Мұғалімдердің тәжірибе, оқу материалдарымен алмасу мүмкіндіктерін
туғызу.
7. Ақпарат жинақтау орталығын құру және меңгеру (Мәліметтер банкі –
Internet).
8. Географтар, биологтар, тарихшылар, әдебиетші және математиктер,
т.б.с.с. барлық пәндердің мұғалімдері қоршаған орта туралы деректер мен
заңдар, оның мәселелері мен мүмкіндіктері туралы хабар болуы тиіс.
9.Мемлекеттік экологиялық саясатты жетік білуі керек.
Экологиялық білім берудің міндеттері:
- оқушы бойында экологиялық білім жүйесін қалыптастыру;
- оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік
сезімі мен жауапкершілігін тәрбиелеу;
- экология саласындағы ғылым жетістіктерінен хабарлар болу;
- нормативті-құқықтық құжаттарды білу.
Жоғарыдағы міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың әр түрлі әдістерін,
формаларын қолдана алу керек. Олар:
1.Семинар, конференциялық сабақтар, компьютерлік ойындар, ялық
мәселелерді шешуге батыл әрі дұрыс шешім қабылдау әреккетіне үйрету.
әңгімелеу, пікірсайыс, КВН, викторина т.б. оқыту түрлері.
2.Адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсерін, оның болашақтағы зардаптары
туралы алдын – ала білуге және оны болжауға тәрбиелеуде табиғаттағы
өзгерістерге талдау жасау, салыстыру, себеп – салдарын анықтау, бағалау
сияқты шығармашылдық, іздену мен ғылыми – зерттеу жұмыстарының үрдістерін
қолдану.
3.Экологиялық мәселелерді шешуге батыл әрікетіне үйрету
4. Жерлікті экологиялық мәселелерді шешуде оқушылардың практикалық іс-
әрекеті дағдыларын дамыту, туған өлкесінің Қызыл кітабының ұйымдастыру,
экологиялық ұйым мен үйірмелер құру, экологиялық соқпақ ұйымдастыру,
табиғат ресурстарын жауапсыз пайдалануға жол бермеу т.б.
5.Лекция, теледидар, радио, газет-журнал арқылы экологиялық насихат
жүргізу.
Экологиялық білім берудің негізгі принциптері:
- ғылымилық, байланыстылық, тепе-теңдік, қызығушылық, үздіксіздік,
жалғастырушылық, интеграциялау, көрнектілік, қабылдаушылық, өлкелік және
т.б.
Ғылымилық принципі - негізінен, оқушыларға білім беруде фактілер,
құбылыстар мен процестер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары
және экологиялық апатталық жағдайлардың нәтижелері ғылыми тұрғыда
дәлелдеген материалдар негізінде берілуі және пайдалануы тиіс.
Байланыстылық принципі - негізінен табиғатты тірі және өлі табиғатпен
орта (топырақ, ауа, су, өсімдіктер және жануарлар) арасында тығыс
байланыстын бар екенін ұғыну.

Тепе-теңдік принципі - табиғаттағы биоценоздар, экожүйелер арасындағы
тепе-теңдіктің сақталмауы және олардағы бір компоненттің өзгеруінен табиғи
тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соғатынын түсіндіру.

Қызығушылық принципі- оқушылардың бойында еліміздің қайталанбас сұлу
табиғатына деген қызығушылық сезімін оятып, туған өлкесін оның табиғи
байлықтарын сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Үздіксіздік принципі- оқушылардың білім қорын балабақшадағы сәбилік
кезінен бастап, бастауыш сынып, одан жоғары сыныптарына көтерілу
деңгейлеріне үлестіре отырып дамыту. Жоғары сыныптарда экологиялық
жағдайларға өз бетінше баға беретіндей деңгейге бірте-бірте жеткізу.

Интеграциялау принципі- экологиялық білім беруге жаратылыстану пәндері
(география, биология, химия, математика, физика т.б.) мен гуманитарлық
пәндер (әдебиет, тарих, қоғамтану, т.б.) арқылы оқушыларға берілетін білім
негіздері жеке адам деңгейінен қоғамдық деңгейге көтеру. Көпшілікке
үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру үнемі жүзеге асыру.

Көрнекілік принципі-бастауыш сынып оқушыларының табиғат қорғау
мәселесінің жай, ұранды сөзден көрі адам жанын ауыртатын, қоғамды аландатып
отырған жайға айналып отырғаның нақты ұғынуы үшін оқу – тәрбие жұмысында
түрлі диафильмдер, киносюжеттер, коллекциялар, бейнекөріністер,
биоиндикаторларды көрсетіп, экологиялық мәселелерді кеңінен ашып көрсетуге
мүмкіндік беретін затттарды, мектептерді пайдалану. Бұл жұмыстың іске асуы
өзара байланысты екі жолды қажет етеді:
1. Оқыту барысында оқушыларды этнопедагогиканың табиғаттану және
табиғатты қорғау мазмұнындағы мұраларына үйрету.
2. Этнопедагогика материалдары негізінде экологиялық тәрбие беру
мақсатында жүргізілетін мектептен, сыныптан тыс жұмыстарды оқу
жұмысының логикалық жалғасы етіп жүргізу.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруды табиғаттану сабағының
орны ерекше. Ол бал бойында табиғат көріністері туралы түсініктердің
жүйесін қалыптастырады, өсімдік пен жануар әлемі, табиғат қорғаудағы
адамның рөлі жайындағы білімін тереңдетеді.
Оқушылардың экологиялық тәрбиесін, түсінігі мен тәртібін қалыптастыру
үшін мұғалім оқу – тәрбие жұмысында өлі және тірі табиғат арасындағы табиғи
құбылыстардың бір–біріне тәуелділігін басшылыққа алады.
Экологиялық тәрбие беру мақсатындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың
белсенділіктерін арттыруға, экологиялық материалдарды меңгеруіне,
оқушылардың табиғат құбылыстарына бақылау жүргізуіне, белгіленген
әдебиеттерді оқуына мүмкіндік береді. Сондықтан тек қана кешенді түрде,
жоғарғы дәрежеде шеберлікпен ұйымдастырылған экологиялық мақсаттағы
сыныптан тыс жұмыстарын сабақ үрдісімен байланыстырып жүргізгенде ғана
нәтижелі болады.
Мектеп қабырғасында оқушыларға табиғат экология жайында тиянақты білім
беріп, оларды табиғат қорғау тәжірибесінен өткізсек, мақсат түбегелі
орындалады. Оқушылар сапалы түрде өмір бойы табиғат қорғау ісімен
айналасатын болады.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың экологиялық білім мен тәрбиелігін
қалыптастыру мұғалімнің жеке басына, оның жалпы кәсіби білімі мен
шеберлегіне және сыныптан тыс түрлі көпшілік – қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Экологиялық білім беру жүйесінде үйірме
жұмыстары ерекше міндетті атқарады. Осындай сыныптан тыс жүргізілетін
жұмыстар барысында экпериментальды сынып Біз табиғатты, сүйеміз, Табиғат
– ана, мен – балаң, Ата – бабам табиғат туралы не айтты?, Бөлме
өсімдіктері, Көк орайға бөленген мектебім атты альбомдар шығарады.
Мектептерде өткізілетін экологиялық мазмұндағы апталықтар мен кештердің
негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау идеяларын кеңінен тарату, осы
мәселелерге қатысты оқушылардың қызығуын және оларды табиғатты қорғау
бойынша тәжірибелік істерге бағыттау. Сонымен қатар осы жұмыстың тәрбиелік
мәні оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды екенін ұмытпауымыз
керек. Тек экологиялық мәдениетті адам ғана пайдалану мәселелерін шешуде
ұрпақтарымыздың алдында өз жауапкершілігін сезіне алмақ.
Белсенділік принципі - оқу материалдары негізінде оқушылардың ақыл –
ой әрекетін жүзеге асыру, табиғат қорғауға қажетті мүмкіндіктерді тек сөз
жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асыру.
Оқушылардың жеке ерекшіліктерін дамыту принципі – қазақ
этнопедагогикасының құндылықтарын жеткіншек бойында адамгершілік,
имандылық, ізгілік, жомарттық, қайырымдылық, аяу сияқты адами асыл
сезімдерді қалыптастыру.
Қабылдаушылық принципі - негізінен мұғалімнің экология ғылымының
мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлауы, экологиялық
терминдерін түсініктілігін, ұғымдармен заңдарды қабылдау мүмкіндіктерін
ескере отырып жатық әрі түсінікті тілмен берілуі.
Өлкелік принциптері- экологиялық білім беруде тұрмыстық салт-
дәстүрлерді, қала немесе ауылдық жерлерде тұру жағдайларын ескерту.
Мүмкіндігінше жерлікті, аймақтық мәселелерді көтеру оған оқушылардың
араласуын, туған өлкесіне деген патриоттық сана сезімін ояту.
Жоғарыдағы принциптерді жүзеге асырудың кешенді түрде бір–біріне
байланысты әрі жүйелі үйлесімдік жағдайда өміршең болатынын ұстаздар білуі
қажет.

1.3 Оқушының экологиялық мәдениетін қалыптастыру

Адамның рухани қалыптасуында, оның ерте балалық шақтан тбақылап,
табиғатпен етене араласып, оны аялап, оған жәрдемдесіп, қамқорлық
көрсетудің маңызы зор. Табиғатқа ізгілік сезім адамның барлық кейінгі
өміріне де игі әсерін тигізеді, табиғаттың жеке бас қасиетін дамытудағы
рөлі мейірбандыққа тәрбиелеуде көрініс табады, оны табиғатқа қатыгездік
әрекеттерден сақтандырады.
Өзі табиғатпен үйлесімді бірлікті сақтайтын адам бойында жарасымды
қасиет те болмайды. Үйлесімді адам деген түсінікке, әрине адамның туған
табиғатпен жарасымдық табуы туралы ұғым жатқызылады. Бұл үйлесімділік оны
табиғатпен етене араласумен шынайы қарым-қатынасқа қарамастан туа біткен
қасиет емес. Ол қасиет тәрбиелеу арқылы қалыптасады. Табиғат үйлесімділігі
мен сұлулығын тану адамның өз-өзімен, өзге адамдармен толық келісім
табуына жәрдемдеседі.
Экологиялық тәрбие тек адамдардың сезіміне ғана емес, олардың
біліміне де сүйенеді. Табиғаттың өзі де өзгеріске ұшырайды. Әйтсе де
адамдардың экологиялық заңдылықтарды ескерместен, табиғатты ойланбастан
және жауапсыз өзгертуге бой алдырмауы қажет. Егер адамдардың іс-әрекеті осы
заңға сәйкес жүргізілсе ғана осы кезге дейін жиі болып тұрғандай адамның
табиғатты өзгертуі бүлдірудің емес, қайта оны сақтаудың әдісі болып
табылады.
Халқымыздың бала сезіміне әсер ететін, қош иістерге ерекше мән береді.
Сондықтан белгілі уақыт бойы баланы айрықша шомылдырып, жусан иісті сумен
баланың денесін шайып, арша ағашының түтініне ұстайды. Жусан иісі баланың
бойына мәңгі еніп, туғаннан кейін бала бұл иісті іштей, иіс сезімі арқылы
біліп қоймай, көру арқылы да таниды. Жусан шөбі көшпенделер үшін жай ғана
әдемілік емес, әдемілік кереметі. Жусан – Отан бейнесімен, бала бейнесімен
рухани экологиялық бірлікпен біте қайнасқан ұғым.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың табиғатқа деген қатыстылығы
олардың танымдық аясында көрінеді. Бұған мынадай факторлар өз әсерін
тигізеді:
- біріншіден, оқу іс-әрекетінің маңыздылығы; оларға жаңа нәрселерді
танып білгеннің өзі өте қызықты;
- екіншіден, оқу алу іскерлігінің арқасында бастауыш сынып оқушысы
өзінің неге деген сұрақтарына өз бетінше жауап таба ала бастайтыдығында:
Демек, бастауыш сынып жасындағы бала табиғатқа деген өзіндік
көзқарастарын қалыптастыра бастайды және балада әрекет жасау компоненті
маңызды бола бастайды. Ата-анасынан үйге жан-жануар алып беруін өтінуімен
қатар, оларға сүйіспеншілігін оларға жағдай жасау арқылы көрсету, осы
кезеңдегі балалардың табиғатқа деген қатыстығының қалыптаса бастайтығында.
Экологиялық мәдениет жайында ғылыми-әдістемелік және теориялық
зерттеулерде күні бүгінге дейін оның мазмұны, көлемі жағынан әр түрлі
түсіндіріліп, адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасы негізінде экологиялық
мәдениеттің айқындалатындығын тұжырымдаған. Философ И.П.Сафранов
экологиялық мәдениеттің классикалық анықтамасында белгілі бір әлеуметтік
бірліктің шеңберіндегі табиғатты танып білумен қатар, меңгеру және
жанартумен тығыз байланысты адамның іс-әрекет нәтижелерін көрсететін, адам
қоғам және табиғат арасындағы қарым қатынастын сипатымен саналық деңгейін
білдіретін жалпы мәдениеттің бір бөлшегі деген пікірге келеді.
Сонымен, экологиялық мәдениет ұғымына берген анықтамаларды негізге ала
отырып, бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениеті – табиғат
құндылығын түсінуі және қарапайым экологиялық білім мен біліктілігін
күнделікті өмірде қолдана білуге бағытталған әрекеті, алғашқы экологиялық
мінез-құлқымен сипатталады деп қорытындылауға болады.
Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының бастапқы экологиялық
мәдениетінің психологиялық ерешеліктері мен педагогикалық мүмкіндіктеріне
қарай қалыптастырудың мазмұнын анықтау - біздің міндетіміз. Ол үшін осы
кезеңге дейінгі қалыптасқан философиялық, психологиялық, педагогикалық
ғылыми тұжырымдарды негізге ала отырып, логикалық негізде қарастыру қажет.
Қазақстандық философия ғылымының зерттеушілері Д. Кішібеков,
Ә.Нысанбаев, Ғ.Ақмамбетов, Ә.Жақсыбеков және т.б. еңбектерінде табиғатқа
саналы қарым-қатынас адам дүниетанымының құрамды бір бөлігі екендігін
тұжырамдаған*. Ресей философтары М.Фамин, Агусейнов, В.И.Фурсовтың
пікірінше жеке толғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың қажетті
шарты, адамның табиғатпен қарым-қатынасының нәтижесінде әлеуметтік сана –
сезімінің пайда болуы. Олай болса. Экологиялық мәдениет жеке адамдар
саналылыгының маңызды көрсеткіші болып табылады деп қорытынды жасайды.
Экологиялық мәдениет бастауыш сынып оқушыларының бастапқы ғылыми
дүниетанымын қалыптастырып, экологиялық санасының өзегі болып, баланың
алғашқы рухани бейнесіне тұтастық әкеледі, оны қоршаған табиғи ортаға
әлеуметтік мәнді және экологиялық қолайлы қағидалар тұрғысында
қаруландырады. Жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз - табиғатты
аялау талабына сай келетін білім, іскерлігі және дағдысы, іс-әрекетке
әзірлігі мен оны жүзеге асыруы.
Келтірілген анықтамаларға қарағанда экологиялық мәдениет
қалыптастырудың мақсаты – адам-қоғам–табиғат жүйесінде үйлесімділік
орнату, табиғи байлықты сақтау, молайту және тиімді пайдалануда
жауапкершілік сезімін туғызу. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – аса
күрделі үрдіс. Ол идеология, саясат, құқық, ғылым, өндіріс, өнер, ағарту
салаларының бірлесе жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады.
Экологиялық мәдениет пен этиканың құрамына мыналар кіреді: табиғат

* Кішібаев Д. Философия. Алматы: Атамұра 1990
пен қоғамның дамуы заңдылықтарын білу, табиғатты қорғау қажеттілігін
түсіну; табиғатқа тигізетін өзінің салдарын болжайлай білу; табиғат пен
қарым-қатынасында заңды ережелерді сақтау.
Оқушылардың экологиялық санасы, ойлауы, сауаттылығы, этикасы және
мәдениеттілігі экологиялық білім беру мен тәрбиесінің нәтижесінде
қалыптасады.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау арқылы жүргізген
зерттеулеріміздің нәтижесінде экологиялық білім берудің мақсаты мектеп
оқушысын айналасындағы табиғи ортаға әмбебап, басқаша айтқанда,
жауапкершілікпен қарауға үйрету екенін анықтадық. Жауапкершілікпен қарау
немесе әмбебап көзқарас-әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және басқа
жақтарынан саралауға болатын кең ұғым. Педагогикалық тұрғыдан бұл ұғымның
мазмұнына кіретіндер:
а) табиғи ортада адамның өзін қалай ұстау керектігін түсінуі;
ә) табиғаттың халық қазынасы екенін сезінуі;
б) табиғатқа тигізетін өз әрекетінің салдарын көре білу;
в) табиғатпен қарым-қатынасын жаратылыстану және ізеттілік білім
тұрғысынан негіздеп түсіне білуі.
Қазақ халқының этнопсихологиялық ерекшіліктерін зерттей отырып қазақ
халқының тәрбиелеу жүйесі нақты ұлттық-психологиялық сапаны дамытуға
бағытталған ұлттық дәстүрлердің айнасы деп айтуымызға болады. Этнографиялық
әлеуметтік-психологилық және социологиялық бір қатар зерттеулер
нәтижелеріне қарағанда қазақ халқының ұлттық ерекшіліктеріне:
еңбексүгіштік, ерекше қонақжайлық, қиын жағдайларда жақсы адами
қасиеттердің көрінуі, ұлттық дәстүрге берілгендік, сезімталдық,
мейірімділік жатады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері қоршаған ортаны толық, логикалық
жан-жақты қабылдауға бағытталған. Бұл жеке тұлғаның интеллектуалдық,
адамгершілік, моральдық қасиеттерінің дамуына игі әсерін тигізеді.
Қазақ халқының тарихи және мәдение дамуы барысында жинақталған бай
тәжірибесін өз практикасында қолдануда, қазіргі талапқа сай мұғалім халық
дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, ұлттық психологиялық ерекшіліктерін жақсы
білуі тиіс. Осы мәселеге байланысты мұғалімнің жеке тұлғасына деген
талаптар күшейе түседі.
Бүгінгі әлемшарлық экологиялық дағдарыс заманында білім – ағарту
жүйесін жақсартудың маңызды жолы - өскелен ұрпаққа экологиялық тәрбие беру
процесіне табиғатты қорғауға бағытталған қазақ халқының ауыз әдебиеті
үлгерінің бай қазынасын теориялық зерттеу, практикада тиімді қолдану. Қазақ
халқының ауыз әдебиеті үлгілерінің түрлі жанрларында көрініс тапқан
табиғатқа деген аялы көзқарасын ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі
халықтың мәдениеті мен тарихи қазынасының бір бөлігі болып табылады.
Халық ауыз әдебиеті мұраларында көптеген педагогикалық ойлар жатыр.
Мысалы ата-анаға деген құрмет, кішіге деген ізет, еңбекке, қоршаған ортаға
деген сүйіспеншілік және т.б.
Қазақ халық философиясының негізінде әрдайым адам және табиғат болды.
Табиғаттағы адам мен табиғаттың үйлесімділігі халқының ауыз әдебиеті
үлгілерінде өз таңбасын қалдырған. Халықтың тәрбиелік маңызы бар білімдері
өмір философиясымен, моральмен, агрономиялық, метеоролгиялық, астрономиялық
түсініктермен тығыз байланыста болған. Яғни халықтың күнделікті өмірінде
педагогикалық құбылыстар орын алып отырған. Бұл әсіресе еңбек процесінен
айқын көрінеді. Себебі Г.Н.Волковтың ойынша еңбек педагогикасы
Педагогикалардың ішіндегі ұлысы*.
Г.Н.Волковтың жеке тұлғаның ұлттық қасиеттерінің пайда болуына сол
халықтың өмір сүріп отырған табиғаттың нақты ерекшеліктері үлкен
әсерін
* Волков Г.Н. Этнопедагогика. 1999
тигізеді деген көзқарасымен толық қосылуға болады.
Халықтың әдет–ғұрпы және дәстүрлері, мақал–мәтелдері, әндері,
жұмбақтары, ертегілері – бұл халықтың тірі дауысы. Онда танымдық іс-
әрекет тәжірібесі, халықтың өмірге деген көзқарасы, халықтың көрген –
білгені, оның даналығының сақталу және таралу формасы жатыр.
Ерте кезден-ақ халық ауыз әдебиеті үлгілері тәрбие беруде кеңінен
қолданылды. Оның мазмұнынан екі аспектіні аңғаруымызға болады.
Біріншіден, педагогикалық идеяның болуы, екншіден, тәрбиелік ықпал ету
формасының болуы.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тілі көркем, есте жақсы сақталады, әрі
балалардың ақыл-ойын, адамгершілігін эстетикалық талмағын, ойлауын
дамытады, қоршаған болмыстың құбылыстарын талдауға үйретеді, табиғат
жайындағы білімдерін молайтады.
Қазақ халқының мәдениетінің тарихы табиғатпен тығыз байланысты.
Себебі, Қазақстан – бұл таза бұлақтар мен өзендер, биік таулар мен шөл
далалар. Дегенмен осындай сұлулық аясында өмір сүріп отырған адамға үлкен
қатер де төнгізіп отырған. Осындай жағдайда тірі қалып, өмір сүру үшін адам
табиғаттың тылсым күштері жайында білімдерді бақылау арқылы меңгерген. Оған
үнемділікпен, құрметпен қараған, оның киесін ашуландырмауға тырысқан.
Табиғат – тәриелеу факторы бола отырып, еңбектің мазмұнына, адамның
тұрмысы мен өмір сүру жағдайында да әсерін тигізген.
Қазақ халқының ата кәсібі – мал шаруашылығы болды. Сондықтан да шопан
болу арнайы дайындықты талап етті. Бұл кәсіп иесі жер жағдайын жақсы біліп,
кей белгілеріне қарай ауа–райын болжай алып, жұлдыздарға қарап жол таба
алуы керек болған. Көптеген шөптердің атауларын, емдік қасиеттерін біліп,
малына үнемділікпен қарап, суықтан, желден, жыртқыш аңдардан қорғай алу
керек еді. Сондықтан да мал бағу ісі құрметті саналып бұл істі оған лайықты
деген жастарға ғана тапсырған. Қазақ баласының әр күні табиғатпен етене
байланыс жағдайында өткен, табиғаттан күш – қуат алып, көп нәрсені
үйренген.
Өскелен ұрпаққа экологиялық тәрбие беруде халық ауыз әдебиетті
үлгелерінің жалпы мінездемесіне тоқталайық.
Туған табиғатқа деген сүйіспеншілік пен оған деген үнемі көзқарас
халық ауыз әдебиеті фольклорының барлық жанрларында көрініс тапқан.
Өлеңдерінде, мақал–мәтелдерде, жұмбақтарда, ертегілерінде, қазақ халқы
жекелеген табиғат құбылыстарына, құстарға, жәндіктерге деген өз
көзқарастарын білдіріп отырған. Ғасырлар бойғы табиғат құбылыстарын
бақылаудың өмірлік тәжірибесі әдет-ғұрыптар мен ырымдарда көрініс тауып,
атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады.
Ал бұл образдық дүниелер балалар есінде жақсы сақталды. Қазақ халқының
мақал-мәтелдерінде туған табиғат аясы ерекше орын алады. Мысалы: туған
жерге туынды тік, туған жердің топырағы киелі, жері байдың елі бай,
жер-ана, ел-бала, тозған жерде тоқшылық болмайды, күте білсең - жер
жомарт, табиғаттың аң-құсымен ажарлы. Жас кезінен бастап әке өз баласын
атқа отыруға үйретіп, оны күтіп баптаудың қыры мен сырының меңгерткен.
Қазақ баласы үшін қиын- қыстау кезінде ат жолдасы да, құтқарушысы да
болған, сондықтан да қылқұйрықты тұпар жолына нағыз жігіт барын құбан
еткен. Яғни, жақсы ат – ердің қанаты.
Табиғатқа деген сүйіспеншілігін, оның құбылыстарын бақылаудың бай
өмірлік тәжірибесін қазақ халқы жұмбақтар арқылы қалдырған. Жұмбақтарда
халық табиғат құбылыстарын өз түсінігінше жеткізуге тырысқан. Балалар
жұмбаққа ерекше қызығушылықпен қарайды, себебі, оның тілі жатақ, мазмұны
ойлануға жетеліп жауабын табуға итермелейді. Жұмбақтарда халықтың
табиғатқа, жан-жануарларға деген дүниетанымдық көзқарасы, ақындығы жатыр.
Жұмбақтарда өсімдік, жануарлар әлемінің мүшелері анық бейнеленген әрі
оларға деген құрмет сезімі де көрініп тұрады. Қазақ халқының жұмбақтары
өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беруде маңызды орын алады. Себебі, олар
балада табиғатты бақылауға деген қажеттілікті оятады әсемдік сезімін
тәрбиелейді, түрлі табиғат құбылыстары өсімдік және жануарлар әлемі жөнінде
жаңа ақпаратпен қамтамасыз етіп білімін кеңейтеді. Сондықтан да жастарға
экологиялық тәрбие беруде жұмбақтар бүгінгі күні өз маңыздылығын жойған
жоқ.
Шығыс медицинасының ықпалының арқасында қаазқтар халық медицинасының
білгірі саналған. Дәрі–дәрмек ретінде адыраспан, тар-тар жапырақ, қалақай
секілді өсімдіктерді қолданған. Балалардың өзі көптеген өсімдіктердің емдік
қасиетін жақсы білген. Адыраспанды өз қажетіне қолдануда беталды үзе
бермей, оны қиесінен рұқсат сұраған. Ассалаумағалейкум, адыраспан, сені
емдікке жаратқан Омар Оспан.
Қазақ халқы бала тәрбиесінің түп негізі – еңбек деп санаған. Олар үшін
еңбексүйгіштік пен туған жерге деген махаббат ажырамас біртұтас ұғым .
Еңбек – қазақ халқы өмірінің өзі. Еңбек түбі зейнет, еңбек еткен емеді
деген мақал-мәтелдер осыған дәлел.
К.Д.Ушинский еңбектің мәніне тоқтала келіп тәрбиенің өзі егер адамға
бақыт тілесе, бақыт үшін емес оны өмір еңбегіне даярлауы керек деген
болатын.
Жасөпірімдерге экологиялық тәрбие беруде үлкен орынды ертегілер алады.
Ертегілерді әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балалар сүйіп тыңдайды.
Көптеген ертегілерде жан–жануарлар мен құстар адамның нағыз досына
айналады.
Экологиялық мазмұндағы материалдар ұлттық көркем образды, тілі жатық
күйінде балаларға жеткізіледі. Олар әңгімелеу, қара сөз, ойын, тыйым сөздер
сияқты педагогикалық ықпал етудің түрлі әдіс-тәсілдерді, формалары күйінде
келеді. Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерінде кездесетін экологиялық
білімдер тәжірибемен, балаларды табиғат аясындағы түрлі еңбекке
араластырумен тығыз байланыста бола отырып, жеке тұлғаның ерік-жігерінің
сезімталдығының, ақыл-ойының дамуына игі әсерін тигізеді. Сондықтан да
табиғат жөнінде жинақталған халық білімін оқу материалына, тәрбие жұмысының
мазмұнына енгізудің маңызы ерекше зор болып отыр.
Адамзат баласына экологиялық білім мен тәрбие берудің маңыздылығы ІХ-
ХV ғғ. әл-Фараби, Ж.Баласұғни, Қожа Ахмет Иассауи, М. Қашқари, С.Бақыр-ғани
т.б. шығыс ғұмаларының тіл, этика, психология, метафизика т.б. ғылымдары
жайлы жазбаларында көрініс тапқан. Сонымен қатар халқымыздың ұлы ағартушы
ғалымдары, ақын, жазушылары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев; Ш.Уалиханов,
М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев еңбектерінде де
табиғатқа деген сүйіспеншілік көшпенді елдің өмірімен (жайлауға шығу,
қыстауға қайту, аң аулау, егін егу, егін ору т.б. ), ұлттық әдет-
ғұрыптарымен тығыз байланыстырып берілген.
Әрбір ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, тілі болатыны
белгілі. Халқымыздың әдет-ғұрыптарын, дәстүрін, тарихын қадірлеп,
болашағымыздың нәрлі қайнарына айналдыру – ұстаз қауымының борышы. Біздің
тәрбиеміз сол салт-дәстүрлерден, ананың ақ сүтінен, әлдиінен, ұлылардың
ұлағатты сөздерінен бастау алады:
Әл-Фараби: Тиянақты білім аламын десең, табиғаттың ұлы кітабын оқы
деген табиғаттың құдіреттілігін білдіретін сөзі бүгінгі күнге дейін мәнін
сақтап келеді.
М.Жұмабаев: Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар
махаббат мейірі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан Ана* деп табиғат
– ана жайлы өзінің терең толғасын білдіреді.
Ы.Алтынсарин Қырғыз хрестоматиясына енгізілген өзінің поэтикалық
әңгімелерінде жеке адамның адамгершілік қалпының қалыптасуына табиғат
ықпалын баса көрсетіп отырған. Табиғат кейпі арқылы көркем түрде алдымен
* Жұмабаев М. Шығармалар. 2-3 том 1996.
адамгершілік тәрбиесі жөнінде ақыл-кеңес беріп отырады. Мысалы, Бау
ағаштары әңгімесінде Ыбырай былай деп жазады: Қарағым, істің мәнісі
тәрбиелеу мен күтуде, - дейді әкесі баласына - сенің болашақ тағдырын
осыларға байланысты. Егер мен жаман істі жақсартсам, сен оны түсініп, жөні
түзу адам боласың. Егер менің ақылымды тындамасаң, осы қисық ағаштай болып
өсесің.
Бұл көріністе жақсы ақыл-кеңес балаларға ғана емес, ата-аналарға арнап
айтылған. Ыбырай Алтынсаринның терең даналығы мен шығармашылығының
өміршеңдігі айдай анық көрініп тұр. Бұл жерде сонымен бірге сәйкестілік
қағидасы экологиялық тәрбие үрдісімен қатар байытылып отыр.
Ыбырай Алтынсарин өз шығармаларында өсімдік әлемін бейнелі түрде
қолдана отырып, өркөкіректік, сараңдық, надандық, жалған сөзділік,
топтастық сияқты жалпы адам атаулыға ортақ кемшіліктерді сынайды.
Мысал үшін Масақтар атты өте қызықты мысалды келтіруге болады.
Мысалда бала бидай егістігінен масақтарды көреді. Дәнге толы масақтар
майысып тұрады. Соның ішінен тек бір масақ аспанға қарап, өзің өзгеден биік
санайтын қалып танытып тұрады. Әкесінің баласына берген түсінігінен
масақты адаммен терең философиялық тұрғыда салыстыруын көреміз. Адамның
шынайы бағасы сыртқы түрімен емес , немесе өзін-өзі ұстау дағдысында емес,
оның ішкі сапалары – ақыл мен мінез-құлқында деп түйіндейді. Мысалды жалпы
түрікке ортақ Қауызында дәні жоқ масақ- бәрінен де бойы ұзын масақ деген
мақалмен қорытындылауға болады. Бұл мақал татар, шуваш, өзбек, қырғыз, т.б.
түркі халықтарында кездеседі.
Шынайы өмірге бақылау жасай отырып, әр бір адам өзінің қоғамдық,
пайдалы қызметіне қажетті білім нәрін алады. Ағартушы–педагог Ыбырай
Алтынсарин табиғатты тек қана тәжірибе мен білім көзі емес, сонымен бірге
жақсы білім беріп, қателіктен сақтандыратын тәлімгер, ұстаз деп есептейді.
Осы ойы Алтынсаринның Бай баласымен жарлы баласы деген әңгімесіне арқау
болган. Қысқаша мазмұны мынадай: Ауылдары көшкенде бай баласы Асанмен
жарлы баласы Үсен өз ауылының көшінен ойнап жүріп, қалып қояды. Олар
айдалада ойнап жүреді, ауылына келсе, көш қозғалып кеткен екен, маңайдан
адамдар да көрінбейді, балалар елсіз шөлде екеуден- екеу қалады. Балаларды
қиын жағдайда қалдырып (әр кімнің өзінің өмірін сақтап қалуы өзіне
байланысты дегендей), Алтынсарин табиғатты білудің қаншалықты және қандай
кәдеге асатынын көрсетеді. Кедейдің баласы Үсен көшкен ауылдың жұртында
қалған қажеті бар деген нәрсесін бәрін жинап алады (көзі сынған ескі инені,
сынған пышақты, бірнеше тал жылқының қылын). Содан кейін ауыл көшкен жұртты
айнала қарап шығады және көшкен ізін тауып алып, сүрлеу ізге түседі. Үсен
жылқының қылынан жіп есіп, құстың ұясына тұзақ құрып, тұзаққа үйрек түсіріп
алады. Былай қарай кесек тас тауып алып, өзінің күрпісінің жыртылған
жерінен азғантай мақта – жүн суырып, оның түтілген жағын тастың үстіне
қойып, саусағымен басып тұрып, пышағының желке түсімен тасты қатты
ұрғылайды. Осылайша Үсен от жағып, үйректі пісіріп, екеуі етіне тойып
алады. Иненің сынығын отқа қыздырып, қармақ жасайды, қармақтың ұшына жемтік
орнына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Өзіндік жұмыстарды жаратылыстану пәндері арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін негізінде сипаттау
Жас ұрпақты табиғат пен бірлікке тәрбиелеу
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Жеткіншек ұрпаққа экологиялық білім берудің мәні
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесінің ерекшелігі
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбие
Мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту Әдістемелік құрал
Пәндер