Ақпараттық технологияның тиімділігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКА САБАҒЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ.

Қазіргі заман мектеп оқушыларын құбылмалы әлемге бейімдеуге, өзінің жеке өмірінде болашақ кәсіптік әрекетті тануға мүмкіндік беретін өзгерістерді талап етеді.

12 жылдық білім беру барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол «жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзыретті тұлға қалыптастыруды және дамытуды» алдын ала болжайды(Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасының жобасы) . [1]

Заман талабына сай білім беру жүйесі жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырудың маңызды мәселелерін шешудің түрлі жолдарын қарастыруда. Оны қалыптастыру қоғамдағы негізгі сала-білім беру жүйесіне міндеттеледі. Елдің елдігін, бірлігін сақтап, көркейтетін, басқа елдермен терезесі тең өркендейтін, болашағын айқын көрсететін білім беру жүйесі. Ұрпаққа білім беру отбасынан бастап, еліміздің қоғамдық жүйесін қамтитын іс. Бүгінгі 12 жылдық білім беру қажеттілігі еліміздің игі мақсатқа жетуі үшін көзделген сара жолы десе болғандай. 12 жылдыққа көшу білім саласына көп өзгерістер енгізеді, әрі нағыз білім сапасының нақты бағасын бермек.

Әлемдік білім кеңестігіне енуге өзге елдің даму үрдісіндегі үлгілерді зерделеу, ұлттық сана қалыптастырудың басым бағыты. Әрбір жеке тұлғаға білім алу-дың өмірлік жолын еркін таңдау мүмкіндігі туады. Білім мазмұнын жаңарта отырып, оқу үрдісінде өз іс-әрекетін ұйымдастыра алатын тәжірибесін үйлестіре алатын тұлға қалыптасады.

Елімізде ақпарат ағымы қарқындап, ғылым мен техниканың өркен жаюы өмірге келген баланың даму, өсу, қалыптасу жолын ерекше қарастыруды талап етеді. Мектеп жасындағы баланың жас ерекшелігін зерттеу, формальді тек іс қағаз, сауалнама арқылы жүргізіліп келген болатын. Жан-жақты зерттеудің тұтас бағдарламасы болған емес. Алғашқы күннен баланың үлгерімі мен іс-әрекетін бір-бірімен салыстыру арқылы шектелген көрсеткіштер бойынша бағаланатын. Осындай тәсілдердің кемшілігін бүгінгі күнде көріп отырмыз. 12-жылдық білім қазіргі өмір талабын айқындап, жаңа ғасыр білім жүйесін, тәрбиесін ұсынады.

Баланы барлық жағынан тәрбиелеу үшін оны барлық жағынан білу керек деген дана педогогикалық шындықты естен шығармауымыз керек. Қазіргі педагогика оқу мен тәрбиеге зерттеу әдісін ұсынып, мұғалімнің жұмысында оқушының даму деңгейіне, яғни ақыл-ой, адамгершілік, физиологиялық ерекшелігіне баса назар аударуды қажет ететіндігін көрсетеді. Қоғамдық және кәсіп иелері өмірінің салаларында қарқынды түрде өзгеретін еңбек жағдайы күнделікті жұмыс технологияларының өзгеруіне әкеп соқтырады. Осы өзгерістер қоғамның болашақ мүшелерінің дайындығына қойылатын талаптарына да әсер етеді. Адамның өз өмірінің субъектісі, қоғамдағы белсенді, өз бетімен болатын күш, ең жоғары құндылық және барлық заттың өлшемі ретінде түсінуі білім берудің жаңа құндылықтарының тууына әкеп соқтырады. Қазірден бастап білім берудің іс-әрекеттік құндылық парадигмасының және білім беру қоғамдастығының кезеңі басталуда. Мектеп алдындағы міндет оқу бағдарламаларына осы өзгерістерді енгізіп, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытудың мазмұны мен әдістерін қайта құру болып табылады. Ақпараттық технологияның дамуы қоғамның әр мүшесінің танымдық көзқарасының жетілуіне, білім беру жүйесінің нәтижелі моделіне байланысты. Ақпараттандыру қоғамның барлық салаларына ерекше үлесін тигізбек.

Ақпараттық технологияның қолданбалы информатика ұсынатын әртүрлі техникалық құралдары және құрылғылар көмегімен жинақтау, сақтау, іздеу, өңдеу жолдары және әдістер жүйесі ретінде қарастырамыз. Ақпараттық технология мақсаты қолданушының қажеттілігне сәйкес ақпараттық өнімді қолдану және сапалы құрастыру болып табылады. Оқытудың ақпараттық әдістерінің бірі-білім беруде интернеттің байланыс мүмкіндіктерін қолданып, шексіз ақпарат ресурстарын пайдалануға ұмтылу. Бүгінгі таңда оны қолдану үшін таным мүмкіндігін жүзеге асыруда, кез келген ақпарат ресурстарын бар жағдайда іс-әрекет жолдарын меңгерумен байланысты. Бұрынғы білім берудің әдістемесі қазіргі қоғамның талаптарына жауап бере алмайды, ал оқытуда жаңа технология қолдану мектептің дұрыс бағытта дамуына жол ашады. ХХІ ғасыр білім стандартын құрайтын үш маңызды құрам іске асырылуы тиіс:

• Ақпаратты іздеуді және таңдауды жүргізу дағдысы.

• Шет тілін білуі.

• Бастауыш қоғам түсініктерін білуі. [2]

Педагогтер XXI ғасырды «Жаңа ақпараттық технология» кезеңі деп атайды, қазір кез келген ақпаратты табу жолдары оңай. Сондықтан оқушыларды қажет ақпаратты тауып, оны талдап ойластыруға үйрету - оқыту технологияларының бір аспектісіне айналып отыр, әрі таным белсенділігінің артуына тиімді әсерін береді.

Білім беру технологиясы - оқу барысын жоспарлау, оқушылардан тест алу және білім беру жүйесі ретінде мектеп іс-әрекетін басқару үшін жүйелі тәсіл мен ілеспелі тәжірибелік білім жиынтығын құрады. Оқыту технологиясы-дидактикалық бағытта оптимальды жүйелердің принциптерін анықтаудың және жасаудың, алдын ала сипаттамалары берілген қайталауға келетін дидактикалық процестерді конструкциялаудың ғылыми зерттеу аясы. Ақпараттық технология білім берудің негізгі мақсаты қоғам талаптарына жауап бере отырып, қоғам өмірінің әр кезеңінде қажеттіліктің өзгеріп, соған орай білім берудің де негізгі мақсатын өзгертеді.

Стандартты білім берудің мақсаты, қарапайым сөзбен айтқанда, оқушыны жан-жақты дамыту. Оқу іс әрекеті белгілі бір құрамдас бөліктерден тұрады. Олар:1) оқу ситуациялары (немесе міндеттері), 2) оқу әрекеті, 3) бақылау,

4) бағалау. Төменгі сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетінде жаңа ұғымды меңгеру процесін түсіну, оны қорыту және қолдану сияқты үш кезеңнен тұрады. Сондай-ақ зерттеу нысаны мақсаттылықпен талдау нәтижесінде оның мәнді және мәнсіз жақтары сараланып, қорытындыланады да, содан соң соның негізінде жекеленген (мәселелер) шешіледі. Олармен қоса жас баланың бойында оқытудың бастапқы сатыларында оның білімінің жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған білімнің әмбебаб кешенін және әрекет (алгоритмдер) тәсілдерін қалыптастыру мәселесі де қойылады. Біздің пікірімізше, төменгі сынып оқушыларын білім беру салалары категориялары жүйесінде оқыту оларға арнайы қандай да бір пәндермен бірге жан-жақты әрекет, қызмет амалдарын үйрету аясында жүргізілуі тиіс. Бұл жинақтай келгенде, ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың негізін құрайды. Бұл процесті қалыптастыруда бақылау әрекетін қолдану арқылы іске асырылды. Ол үшін оқушыларда игерілген білімнің белгілі бір жиынтығын информатика пәнімен байланыстырып танымдық тапсырмалар арқылы бақылау жұмыс түрі жүргізілді.

Олардың бір қатары оқушылардың жаңа оқу курсын игеруге деген дайындық деңгейін бағалауға арналса, екіншілері оқушылардың біліміндегі нақты кемшіліктерді анықтауға, мақсатты түзету жұмысын жоспарлауға жәрдемдеседі, ал үшіншілері оқытудың кейінгі үрдісін және оның нәтижелеріне болжам жасауға ықпал етеді.

Тапсырмаларды орындау алдында информатика пәнінен оқушыларға тапсырмалардың орындалуындағы талаптарға көңіл аударуы сұралынады. Оқушылар тапсырмаларды қуана орындайды, өйткені олар кішкентай Балбөбекке көмектескендерін мақтан тұтады.

Берілген тапсырмаларда бала қабылдаған заттарын талдау және саралау мүмкіндіктерін пайдаланып онда заттардың жекелеген тікелей қасиеттерін анықтайды. Материалдарды мағыналық жағынан топтап, оның жекелеген бөлімдерін салыстырады.

Бұл тапсырманы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін, логикалық ойын қорытып, оның елеулі байланыстары мен қатынастарын кеңінен талдап, есте сақтайды және басқа тапсырмаларды орындағанда қолдана бастайды.

Бастауыш сыныпта, информатика пәнінде бақылау әрекеттерін пайдалану барысында, оқушылардың ой қорытулары көрнекі алғы шарттарға, қабылдау деректеріне сүйенеді. Қорытынды жасау дәлелдер негізінде емес, қабылдаған мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асырылады.

Көрнекі бейнелеулер мен суреттеулер арқылы оқушылар заттар мен құбылыстардың белгілері мен қасиеттерін ұғынады. Сонымен қатар белгілі заттар мен құбылыстарды жіктеу іскерлігі бастауыш мектеп оқушыларының танымдық, ақыл-ой әрекетінің жаңа күрделі формаларын дамытады.

Ақпараттық технология әдістері мәліметтер қорының әдістері болып табылады. Ақпараттық құрал ретінде математикалық, техникалық, ақпараттық және басқа құралдар жатады. Ақпараттық технология қолдануда оқушы өз іс-әрекетін, міндеттерін шешудің әдіс тәсілдерін қайта жаңғыртып игереді. Бұл әрекет пәндік те, ақыл-ой шеңберінде де орыдалады. Кейбір танымдық іс әрекеттер кез-келген оқу материалдарьн игеру, жұмыс істеу, кейбірін қайта жаңарту тән. Оқушылардық танымдық іс-әрекетін дамытуда кез-келген пән бойынша ақпараттық технологияның орны ерекше. [3]

Сабақ барысында әр пәнге сай компьютерді пайдаланып сабақ жоспарын құруға болады, әр оқушы өз компьютеріндегі модульдік жұмыстарды пайдаланып өз іс-әрекетін көрсетеді. Компьютердің алгоритмдік құрылымы арқылы оқушы танымдық көзқарасын жетілдіреді, қызығушылығы артады.

Ақпараттық технология бүгінгі таңның өзекті мәселесі, сондықтан 12 жылдық білім жүйесінде осы бағыт орынды қолға алынған.

2 сыныптан бастап информатика пәні(инвариативті) жүретіндігі бізді қуантарлық жағдай, әрі ақпараттық технологияны бастауыш сыныпта қолданудың тиімділігі жоғары екені айқын көрініп отыр.

Ақпараттық технологияның тиімділігі:

Даралық интеллектіні және сезім-жігер қасиеттерін, есте сақтау және түйсіну, қиял, қабылдау негіздерін дамытады.

Алгоритмдік ойлау және ақпараттық мәдениетті, жүйелеу, талдау ерекшеліктерін қалыптастырады.

Оқушыларда азаматтық және дүниетанымдық тәрбиені, ақыл- ой танымын, өмірге көзқарасын қалыптастырады.

Ақпараттық мәдениет негіздері сабағынан төменденідей мысалдар келтіруге болады:

Тапсырма. [4]

Түсіп қалған сандарды жаз:

а) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесінің басты міндеттері
Білім беруді ақпараттандыру қоғам дамуының факторы ретінде
Ақпараттық оқыту технологияларының оқыту үрдісін дамытуға тиімділігі
Технологияның артықшылықтары
Математиканы оқытуда АКТ қолдану
Қазақ тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Педагогикалық технологиялардың анықтамасы
Дүниетану сабағында АКТ қамтудың тиімділігі
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Мультимедиалық технологиялардың оқыту үрдісінде тиімділігінің көрсеткіші
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz