Коммуникативті құзыреттілік


Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
2. 1. 12 жылдық білім мәселесі мен болашағы
2. 2. 12 жылдық білім беру жүйесінің мақсаты
2. 3. 12 жылдық білім беру жүйесінің міндеті
2. 4. 12 жылдық білім беру жүйесінің қажеттілігі мен ерекшеліктері
2. 5. Құзыреттілік тұрғылар негізінде білім мазмұнын жетілдіру
ІІІ. Қорытынды.
2. 2. 12 жылдық білім беру жүйесінің мақсаты
12 жылдық мектептің басты мақсаты білім, білік, дағдымен бірге, барлық дамыған елдер іске асырып отырған, құзырлық пен әлеуметтендіруге бағытталған білім мазмұнын түзіп, білім сапасын анықтаудың жаңа жүйесін енгізу. Ол үшін алдымен мынадай бағыттарда зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет: құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру жағдайларында білім процесін ұйымдастыруда теориялық-әдіснамалық негіздеу: оқу пәндерінің мазмұны арқылы оқушыларды әлеуметтендірудің ғылыми-әдіснамалық негіздерін жасау; оқушылардың жаңа материалды өздігінен игеруіне бағытталған оқу процесін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін құру; нәтижеге бағдарланған оқытуда мұғалімдерді даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін қалыптастыру; жалпы білім беретін мектептерде 12 баллдық рейтингтік бағалауға өтудің ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау; 12 жылдық оқытудың жалпы міндетті білім стандарттары талаптарына сәйкес, пәндер бойынша оқулықтар жасаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау; 12 жылдық мектеп оқулығына мониторинг жүргізудің ғылыми және практикалық негіздерін түзу және т. б.
2. 3. 12 жылдық білім беру жүйесінің міндеттері
Елбасы бекіткен білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 12 жылдық орта білімге көшу белгіленген. Қазіргі 11 жылдан 12 жылдық мектепке өтуге дайындық кезеңінде дамыған елдердің білім жүйелерінің даму тәжірибесін пайдаланып, еліміздің білім жүйесінің ерекшелігін және экономикамыз дамуының бағыт-бағдарын ескере отырып, білім саласында түбегейлі реформа жасау мүмкіндігі туындап отыр. Осы бір тарихи сәтті дұрыс пайдаланбасақ, онда білім жүйесінің сапалық көрсеткіштері алдағы жылдары қазіргіден де төмендей түсетін болады.
Ең басты міндет - 12 жылдық мектептің білім мазмұнын анықтау. Ойымыз айқын болу үшін бір ғана мысал келтірейік. Жапонияда 9 сыныпта 12 пәннен дәріс берілетін болса, біздің елімізде ол - 17. сол 12 пәннің ішінде музыка, өнер, адамгершілікке тәрбиелеу, өндірістік технология және үй шаруашылығы, дене тәрбиесі пәндері бар және ол пәндер 1 сыныптан бастап оқытылады. Ал бізде технология және дене тәрбиесінен басқа 15 пәннің барлығы да - нақтылы пәндер. Жапониядағыдай топтастырылған және пәнаралық пәндер оқытылмайды. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады? Біріншіден, біз Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан пәндік оқыту жүйесінен шыға алмай келеміз, ал дамыған елдер ол жүйені мүлде қолданбайды. Жапон елі өз балаларына жоғарыда көрсетілген пәндерді үзбей оқыту негізінде қаншалықты ұлттық тәрбие беріп отыр десеңізші. Ал біздің балаларымызда қазақстандық патриоттық тәрбие көрсеткіштері жыл өткен сайын төмендеп бара жатқанын жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтиежелері көрсетіп отыр. Демек, мектеп қабырғасында арнайы тәрбие жүйесін қалыптастыру керек.
Екіншіден, 12 жылдық білім мазмұнын анықтағанда, жоғары және арнаулы оқу орындарында оқытылатын жалпы білім беретін барлық пәндердің мазмұны мен орта мектепте оқытылатын пәндердің мазмұнын қайтадан толық қарау керек. Себебі, бір жағынан, жоғары және арнаулы оқу орындарында өтілетін көптеген пәндерді мектепке түсіріп, екінші жағынан, қазіргі уақытта мектепте өткізілетін пәндерде берілетін көптеген артық материалдарды алып тастау керек. Сонымен бірге, мектепке жаңа пәндер жүйесін, яғни топтастырылған және пәнаралық пәндермен бірге тәрбиелік маңызы бар жаңа пәндер де кіргізу керек.
2. 4. 12 жылдық білім беру жүйесінің қажеттілігі мен ерекшеліктері
Бүгінгі біз өмір сүріп отырған уақыт кезеңі өткен ұрпақтың заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі - баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр.
Оның жаңа құрылымна тоқталатын болсақ. 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.
1-саты - бастауыш мектеп (1-5-сынып), білім алу 6 жастан басталады, ұзақтығы - 5 жыл. Мектепке бала 6 жастан қабылданады. Осы жастағы балаларды оқыту біздің тәжірибемізде бұрыннан бар.
Бүгінгі күні баланы 5 жастан бастап тәрбиелейтін мектепалды даярлық бағдарламасының мектепке дейінгі мекемлердің тәжірибеге енгізгеніне бес жылдан асып кетті.
Ал 6 жасар баланы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері мен практикалық тиімділігі жан-жақты зерттеліп оқу-тәрбие процесіне енгізудің нақты қадамдары жасалуда. Оларды мектепке қабылдаудың, оның жас және жеке ерекшеліктеріне қарай жағдай жасау арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері тәжірибеге енгізіп, еліміздің 104 мектебінде сынақ-тәжірибеден өтуде.
Білім берудің бастауыш сыныптағы оқыту кезеңін бес жылға ұзарту мәселесі баланың физиологиялық, психологиялық дамуы мен дене бітімінің қалыптасуындағы жас ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бағыттағы көптеген ғылыми зерттеулердің нәтиежелеріне сәйкес қарастырылады.
2-саты - (6-10-сынып) жалпы орта білім беру дайындығының негізін қалап, оқушының қоғамдағы өзгерістерге сай әлеуметтік-психологиялық бейіиделуі мен ғылыми дүниетанымын кеңейтуді, сондай-ақ жеке тұлғалық сапаларының қалыптасуын қамтамасыз етуді көздейді. Оқытудың бұл кезеңі оқушының үшінші сатыдғаы бейіндік оқыту түрін саналы түрде таңдауына бағдар беретін бейіналды дайындықтың енгізілуімен ерекшеленеді.
Ал 12 жылдық білім берудің 3-сатысында (11-12-сыныптар) бейіндік оқыту енгізіледі.
Мұндағы басты мақсат - оқытуды даралау мен саралауға бағдарланған оқытуды енгізу арқылы жоғары сынып оқушыларының қажеттілігі, қызығушылығы мен қалауына сәйкес тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауына әсерін тигізетін бейіндік оқытуды жүзеге асыруға жағдай жасау.
Бейіндік оқыту идеясы өзіміз өмір сүріп отырған кезеңде қоғамды демократияландыру процестерінің әсерінен туындап отыр. Елімізде біраз уақыттан бері білім беру жүйесіне еніп, өзіндік бағыт алған гимназия мен лицейлердің, дарынды балаларға арналған арнайы мектептердің тәжірибесі осы бейіндік оқытудың қоғам үшін қажеттігін айқындайды.
Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркенитке жетуде негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, ондағы өз орнын анықтауын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Бүгінгі күні қарқынды даму үстіндегі бірқатар елде 12 жылдық оқытуды білім беру жүйесіне енгізуде нақты қадамдар жасалуда.
12 жылдық білім беруге біртіндеп көшуді жүзеге асыру - оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуын, икемділік танытуын қамтитын процесс.
Уақыт өткен сайын адамның жалпы орта білім мен кәсіби дайындығының деңгейіне қойылатын талаптар үнемі артып, жандан түсуде. «Білім сапасы» атты жаңа анықтама 1993 жылы Еуропалық кеңесте ХХІ ғасырға бет алған білім жүйесін дамытудағы басты міндет ретінде танылды. Бұл үрдіс көптеген елдердің орта білім беретін мектептерінің 12 жылдық, тіпті 13 жылдық мектепке айналуынан көрініс тапты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz