Ақпараттық модельдер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК БІЛІМ БЕРУДІ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

О. С. Сәлімбаев, М. У. Айтбекова

Тараз мемелекеттік педагогикалық институты,

№47 орта мектеп, Тараз қ.

XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- мемлекеттің ең маңызды стратегиясы. Сондықтан интеллектуалды ірі мемлекеттік позицияны сақтап қалу, тіпті ұлттық қауіпсіздік пен стратегиялық басымдылықтың бір шешімі мектеп ісінің сапасына тікелей байланысты екендігі белгілі. Осыған орай қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары қарастырылуда.

Бағдарламаның мақсаты- адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту болып табылады.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

- халықтың барлық жіктері үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету;

-білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде білім берудің ұлттық жүйесінің жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;

-қазақстандық патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу;

- мемлекеттік тілді басым дамыту;

-12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу және т. б.

12 жылдық білім берудің басты мақсаты- өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны қалыптастыру.

Құзыреттілік білім беру- 12 жылдық мектепте жаңа тәсіл болып табылады және мектеп түлегінің өзгермелі жағдайда әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда болатын оқушылардың сапалық кешенін дамытуды көздейді. Онда жаңа педагогикалық технологияларда педагогтың ақпарат беруші қызметімен бірге үйлестіруші, кеңесші, оқушының шығармашылық белсенділігі мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы қызметіне көшіріледі. Нәтижеде бағдарланған білім беру моделінде негізгі қызметті оқушының оқыту кезеңдерінде тұлғалық ішкі ресурстарын дамытуды қадағалау болып табылатын психологиялық қызметтің рөлі артады.

Сонымен қатар 12жылдық мектепте білім беруде оны жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзыреттілігін игеруміз қажет.

Білім беру құзыреттілігі-білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субьективтілік пен креативтілік дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.

Арнайы құзыреттілігі- өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілеті.

Әлеуметтік құзыреттілігі-бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен) қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу қабілеті.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы бекітілген. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты-12 жылдық мектеп жағдайындағы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.

12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2008-2009 оқу жылы бірінші сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша оқи бастайды. 2009-2010 жылдан бастап 5 және 11 сыныптарды 12 жылдық білім беруге көшіру басталады.

12 жылдық мектепте білім берудің мазмұны мынадай білім беру өрісін қамтиды: тіл және әдебиет, адамтану, қоғамтану, математика, информатика, жаратылыстану, өнер, технология, дене тәрбиесі. 12 жылдық оқытуға көшу үш сатыда жүзеге асырылатын болады.

І саты - жалпы бастауыш білім беру, оқыту ұзақтығы - 4 жыл, 1-4 сыныптар. Оқыту 6 жастан басталады. Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған.

Білім беру мазмұны шетел тілін және информатика негіздерін ертерек (2-сыныптан бастап) оқытумен толықтырылатын болады.

ІІ саты - негізгі жалпы білім беру, оқыту ұзақтығы - 6 жыл, 5-10 сыныптар. Оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеруі, олардың бойында адамдар арасындағы және этносаралық қарым-қатынастағы биік мәдениетті, өзін-өзі тануды және кәсіби бағдарды қалыптастыру негізгі мектептің функционалдық қызметінің басым бағыттары болып табылады. Осы сатыда әрбір пәннің мазмұны негізгі базалық білім беру көлеміне қисынды түрде енеді. Оқу пәндерін таңдау бойынша зерделеу үшін оқу жоспарының вариативтік (өзгермелі) бөлігі кеңейтіледі, бейіналды даярлық енгізіледі.

ІІ саты аяқталғаннан кейін орта білім берудің ІІІ сатысында оқудың одан арғы бейінін таңдау үшін оқушылардың қабілеті және дайындық деңгейі анықталады. ІІ сатыдағы оқыту оқушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін және өткен материалдарды игеру деңгейін анықтау үшін олардың білімін орталықтандырылған тестілеу түріндегі аралық бақылаумен аяқталады.

ІІІ саты - жалпы орта білім беру, бейінді оқыту, оқыту ұзақтығы -2 жыл, 11-12-сыныптар.

Мектепте құзыреттілік білім беруді енгізу білім берудің мазмұнын саралау, ықпалдастыру және кәсібилендіру негізінде әзірлеуде тизізетін ықпалы көп. Оқушыларды кәсіпке дейінгі тереңдетілген даярлауды жүзеге асыру үшін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізу ІІІ сатының қағидатты жаңалығы болып табылады.

Отандық және халықаралық мектептердің орта білім беру мазмұнын ұйымдастырудағы тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының білім беру мазмұны құрамына 8 білім саласы енгізілді: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Қоғамтану», «Технология», «Өнер», «Дене шынықтыру», «Адамтану».

Білім беру саласының мазмұны Мемлекеттік базистік оқу жоспарында қарастырылған пәндер арқылы іске асырылады. Білім мазұнына инварианттық компонент (өзінің мазмұны мен жүйесі бойынша мемлекеттік базалық білім беру стандарттарының талаптарына жауап беретін оқу бағдарламасының жалпы міндетті бөлігі) және вариативтік компонент (оқушылар мектеп ұсынған арнаулы курстардан өздерінің қалауы бойынша игерілетін оқу жоспарының вариативті бөлігі) кіреді. Мұнда оқушының өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға арналған «Зерттеу мәдениетінің негіздері» атты арнаулы курсы беріледі, жоғары сатыға (11-12 сыныптар) бейіндік компонент (таңдауы бойынша өзінің мазмұны мен жүйесі бойынша бейінді білім стандарттарына жауап беретін оқу пәндерінің, модульдердің, курстардың жиынтығы) қосылады.

Қазiргi кездегі орта бiлiм беру жүйесiндегi “информатиканың” рөлi бүгінгі қоғамдағы ақпараттық мәдениеттiң негiзiн құрайтын ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мәнiмен анықталынатыны белгілі. Осыған сәйкес12 жылдық мектептің I сатысында жүзеге асырылатын «Ақпараттық мәдениет негіздері» немесе “Бастауыш білім берудегі информатика”пәнінің оқытылу барысына тоқталғым келіп отыр.

Бұл пән арқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің және ойлаудың математикалық негіздерін меңгереді.

Пәннiң негiзгi мақсаты балалардың операциялық (логикалық) ойлау қабiлетiн ерте бастан қалыптастыру болып табылады. Өйткені психолог ғалымдардың анықтауы бойынша, адамның жинақтаған бiлiмiнен гөрi, оның ойлау қабiлетiнiң дамуы, талдау жасай бiлуі, алынған ақпаратты жалпы тұрғыдан қарастыра отырып, соның негізінде шешiм қабылдауы өте маңызды рөл атқарады екен. Осы мақсаттан барып мынадай мiндеттер туындайды:

оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн жетілдіру;

компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру;

оқушылардың коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау қабiлетi мен шығармашылыққа бейiмдiлiгiн дамыту;

оқушылардың әлемнің жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру және олардың өзiн-өзi жетілдіре отырып қызмет субъектiсi деңгейіне көтерілуін қамтамасыз ету.

“Информатика” пәні бастауыш мектептегі пропедевтикалық курс болып табылады және оның қолданбалық сипаты әр түрлі деңгейдегі қызықты тапсырмалардан, сұрақтардан, логикалық есептерден және ойды жетілдіретін ойындардан, сергiту жаттығуларынан тұратын жұмыс дәптерлері түрінде көрініс табады.

Бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениеттiң негізгі базалық ұғымдары жайлы алғашқы мағлұматтары қоршаған ортадан алынған тiрi және өлi табиғаттағы нысандар, заттар, ақпараттар түрлерi мен оларды алу және тасымалдау тәсiлдерi негізінде қалыптасады. Бұл пәннің бағдарламасының мазмұны оқушыларды мынадай негізгі мәліметтермен таныстыруға мүмкiндiк бередi:

ақпарат және оның түрлерi туралы түсiнiктер;

ақпараттық процестiң негiзгi заңдылықтары;

әрекеттердi жоспарлау және оны сипаттау, нысандардың ерекше белгiлерi;

нысандарды топтарға бөліп, оларды жіктеу;

логикалық модельдер мен тұжырымдар;

тұтынушы ретiнде компьютерде жұмыс iстеу дағдылары;

графикалық және мәтiндiк редакторлар;

алгоритмдеу және оның атқарушылары.

Сонымен қатар, пәннiң мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамда өмiр сүре бiлуге жан-жақты дайындап, олардың өздігінен үйрену әрекеттерiн және iзденiмпаздық-танымдық мүмкiндiктерiн қалыптастыруға бағытталған.

«Информатика» пәнiн оқыту бастауыш мектеп балаларын бiртұтас ақпараттық-бiлiм ортасына тиімді әрі үйлесімді бейiмделуге дайындайды. Пәннің әрбiр сыныпқа арналған курсы оның алға қойған талаптарын қанағаттандыра алатын тақырыптарға бөлiнген. Әрбір оқу жылы басындағы алғашқы сабақтар компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн қайталаудан басталады. Сонымен бiрге курстың әрбiр тақырыбы оқушылардың дүниетанымдық және технологиялық салалар бойынша бiлiмдерiн тереңдетiп отырады. “Ақпарат”, “Ақпараттық процестер” сияқты ұғымдарды оқып-үйрену кезінде қоршаған әлем туралы бiлiм талап етіліп, балалардың абстрактiлi түрде ойлай бiлу қабiлетi мен логикалық тұжырымдар жасай бiлу қасиеттерi жетілдіріледі. Курс соңында оқушы бағдарламада көрсетiлген әрбiр тақырыпқа сәйкес белгілі бір бiлiм қорына, бiлiктiлiкке ие болады. Жекелеген тақырыптар бойынша қызықты тапсырмалар мен сұрақтар, компьютерде орындалатын практикалық жұмыстар қарастырылған. Пәннің кейбiр тақырыптары оқушылардың басқа пәндерден алған бiлiмдерiн пайдалануды қажет етеді. Солар арқылы пәнаралық байланыс жүзеге асырылып, оқу процесiндегі жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану негiзiнде пәндер сабақтастығы қамтамасыз етiледi. Бұл сабақ 1-4 сыныптарда аптасына 1 сағаттан жүргізіліп, барлығы 136 сағатты қамтиды.

Әрине, оқу бағдарламасын құрастыру барысында әрбiр сынып оқушыларының жас ерекшелiктерi мен олардың жалпы бiлiм қорының қалыптасу деңгейi ескерiледі.

“ Информатика ” пәнінің мазмұнына тоқталайық:

Компьютер сыныбында тәртiп сақтау ережелерi және техника қауiпсiздiгi. Ақпарат және оның түрлерi. Ақпарат қасиеттерi. Ақпарат көзi және қабылдаушы. Ақпарат алмасу және ақпаратты алу арналары. Ақпаратты сақтау. Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттерi. Ақпаратты кодтау. Хабарламаның ақпараттық көлемi. Екiлiк код. Ақпараттық модельдер. Графикалық ақпаратты өңдеу (графикалық редактор) . Компьютермен алғаш танысу. Компьютер құрамы. Тышқанмен және пернетақтамен жұмыс. Пернетақталық жаттығу. Компьютер жады. Компьютерлiк желiлер. Ақпараттық қауiпсiздiк. Нысан және оның қасиеттерi. Тiзбектер. Тiзбектегi әрекеттер реттiлiгi. Жиын және оны топтау. Жиындарды салыстыру. Iшкi жиын. Тұжырым (айтылым) . Ақиқат, жалған және терiстеу. Бұтақ. Графтар. Комбинаторика. Координаттық жазықтық.

Алгоритм және оның түрлерi. Сызықтық, тармақталу және циклдiк алгоритмдер. Атқарушылар: Қара жәшiк, Робот, Қайық, Суқұйғыш, Шегiртке, Тотан, Өткел. Атқарушылардың командалар жүйелері оқытылады.

Оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар:

Ненi бiлуі тиіс:

компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн;

көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн негiзгi жаттығуларды;

компьютердің негізгі құрылғыларының қызметiн;

пернетақта мен “тышқан” қолтетiгiнiң атқаратын қызметiн;

нысан ұғымының мағынасын және оның қасиеттерiн;

ақпарат және оның түрлерi туралы түсiнiктердi;

ақпарат қасиеттерiн;

ақпарат көзi мен оны қабылдаушы туралы мағлұматтарды;

ақпаратты кодтау туралы мағлұматты;

тiзбектің мағынасы мен мәнiн және онымен жасалатын әрекеттер реттiлiгiн;

«жиындар» ұғымын;

логика алгебрасының кейбір түсініктерін -- тұжырым (айтылым), ақиқат, жалған және терiстеу ұғымдарын;

“модельдер” ұғымын;

графикалық және ақпараттық модельдер түсiнiгiн;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика курсында білімді моделдеу
Математикалық модельдер
Модель және компьютерлік модельдеу негіздері
Математикалық және компьютерлік модельдеу идеяларын математикалық білімді тереңдетуде пайдалану ерекшеліктер
Модельдеу
Сандық және символдық ақпараттарды компьютерлік модельдеу
Модельдер құру технологиясы
МОДЕЛЬ. МОДЕЛЬ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ МОДЕЛЬ ЖАСАУ КЕЗЕҢДЕРІ
Мектеп информатикасында ақпараттық модельдеу тәсілдерін өткізу әдістері
Математикалық және логикалық модельдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz