Компьютердің программалық жабдықтары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Бекітемін

Оқу ісінің меңгерушісі ___________
________2011 ж
___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 10 А,10 Б
Жаратылыстану- математикалық бағыт
Сабақтың тақырыбы: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника
ережесін сақтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында
білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа
тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктіріп,
пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау оғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты
бастаймын.
Жаңа материалдың мазмұны:
Сендердің жұмыс орындарында компьютердің құрамдас бөліктері
орналасқан: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Жұмыс кезінде монитордың
сәуле түтігі жоғары кернеуде жұмыс істейді.
І. Төмендегі әрекеттерді жасауға болмайды:
1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды
2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына
тиюге болмайды.
3. Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қосуға, үзуге
болмайды.
4. Кітап, дәптер және т.б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне
қоюға болмайды.
5. Су киіммен, су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тиым салынады.
ІІ. Жұмыс тәртібі:
1. Компьютер экранынан 60-70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай
отыру қажет, ал ұдайы көзілдірік тағатындар – көзілдірікпен отыру
керек.
2. Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу
керек.
ІІІ. Жұмыс кезінде:
1. Аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның
дұрыс жұмыс істемей тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда
болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты
тоқтатыңдар. Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар.
2. Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.
3. Пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын.
4. Аппаратураның ақауын ешқашан өз беттеріңмен жөңдеуге ұмтылмаңдар.
Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл
құрылғылардың кейбірі өте маңызды- бұл монитор, жүйелік блок пен
пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды.
Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балалрға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар
қоя отырып сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік
техника ережесін сақтау.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген
білімдер бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Бекітілді:
Пәні: информатика
_______________________
Класы: 10 А, 10 Б

Күні: ________________
Жаратылыстану-математикалық бағыт

І. Сабақтың тақырыбы: Компьютердің программалық жабдықтары
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын
дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға
қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын
арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова
Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ,
Информатика негіздері журналы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) үйге тапсырма
е) қорытынды
Жаңа сабақ
Балалар біз жаратылыстану бағыты бойынша 10 класқа келіп
отырмыз. Енді біз информатика сабағын аптасына 1 сағат өтеміз.
Яғни жаратылыстану бағыты бойынша біз осы пәннің осы бағытқа
байланысты қадай мәндері бар екенін білетін боламыз. Біз өткен
сабақта электронды есептеуіш машина алдындағы қауіпсіздік
ережелерімен танысқанбыз. Әрине, бұл ережені біз 7 кластан бастап
білеміз. Көзімізге, денелерімізге жатығулар жасауды да білеміз.
Ал бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Компьютердің программалық
жабдықтары.
Компьютерге арналған программалардың жиынтығы программалық
жабдықтаманы құрады. Қызмет ету қасиеттері бойынша программалық
жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады.
1. Жүйелік
2. Қолданбалық
Жүйелік жабдықтама деп өзіне:
• операциялық жүйелерді;
• желілік программалық жабдықтаманы;
• сервистік программаларды;
• программаларды жасау құралдарын
операциялық жүйелердің негізгі қызметі:
• физикалық;
• логикалық
• есептеуіш жүйелердің процестері ресурстарын басқару болып
табылады.
Физикалық ресурстарға: жедел жад, процессор, монитор, баспа
құрылғысы, магниттік және оптикалық дискілер жатады. Логикалық
ресурстарға: программаларды, файлдарды, оқиғаларды және т.б.
жатқызуға болады.
Желілік программалық жабдықтама желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы
ресурстарды: магниттік дискілердегі желілік жинақтауышарды,
принтерлерді, сканерлерді, жіберілетін хабарламаларды және т.б.
басқаруға арналған.
Желілік программалық жабдықтамаға:
• желілік ОЖ
• желілік емес ОЖ-лерде бар кейбір желілік программаларды
жатқызады.
Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі мақсаттық
мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама аталады.
Операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін және қосымша қызметтер
жиныны ұсыну үшін сервистік программалар қолданылады. Сервистік
программалардың ішінен утилиталарды қарастырамыз. Утилиталар
пайдаланушыларға компьютер мен оның жабдықтамасына қызмет көрсету
құралдарын ұсынады.
Олар келесі әрекеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:
• магниттік дискілерге қызмет көрсету;
• файлдар мен каталогтарға қызмет көрсету;
• компьютер ресурстары жайлы ақпарат ұсыну;
• ақпаратты шифрлеу;
• компьютерлік вирустардан қорғау;
• файлдарды архивтеу және басқалары.
Программаларды жасау құрлдары жүйелік те, қолданбалы да жаңа программалық
жабдықтамаларды жасау үшін пайдаланылады.
Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі бір мақсаттық
мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама деп аталады. Көбінесе
мұндай програмамларды қосымшалар деп атайды.
Қызмет салаларының спектрі қазіргі кезде өте кең және кем дегенде өзіне:
өндірістік өрекәсіпті, инженерлік тәжірибені, ғылыми зерттеулерді,
медицинаны, басқаруды, іс-жүргізуді, баспа қызметін, білім беруді және
т.б. қосады.
Типтік қолданбалы программалық жабдықтамаға келесі программаларды
жатқызады:
• мәтіндік процессорларды;
• кестелік процессорларды;
• безендіру және іс қағаз грфика жүйелері;
• деректер базасын басқару жүйелері;
• сараптау жүйелері;
• математикалық есептеулер, эксперименттік деректерді модельдеу және
талдау программалары жатады.
Программалық жабдықтама нарығында ұсынылатын қосымшалар, жалпы жағдайда,
жеке программалар немесе біріктірілген жүйелер ретінде орындалуы мүмкін.
Жаңа сабақты бекіту

Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Жүйелік программалық жабдықтамаға не жатады?
2. ОЖ қызметкері қандай
3. ОЖ дамуына не себепші болды?
4. Желілік программалық жабдықтамаға не жатады?
ІХ. Үйге тапсырма
Компьютердің программалық жабдықтары

Бекітілді:
Пәні: информатика
_______________________
Класы: 10 А, 10 Б

Күні: ________________
Жаратылыстану-математикалық бағыт

I. Сабақтың тақырыбы: Бағдарламалау жүйесі
II. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында
білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктріп,
пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
III. Сабақтың түрі: аралас сабақ
IV. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
V. Сабақтың көрнекілігі: копьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.
Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30
сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIII. Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) Бағалау
Г) Жаңа сабақ
Д) Бекіту
Е) Үйге тапсырма
Ж) Қорытынды
Жаңа сабақ
Бағдарламалау жүйелері деп компьютердегі есептерді программалауды
автоматтандыруға арналған программа жиынтығы аталады.Программалау жүйесі
пайдаланушыны немесе програмистті өзінің мәселелерін оған қолайсыз
машиналық командалар тілінде жазу қажеттілігінен босататын және оларға
жоғары дәрежелі арнайы тілдерді пайдалану мүмкіндігін береді.Кіріспе немесе
бастапқы деп аталатын осындай тілдердің әрқайсысы үшін,программалау
жүйесінің программа мәтінін кіру тілінен машина тіліне автоматты түрде
аударатын программасы бар.
Әдетте программалау жүйесінде:
• қолданылатын программалау тілдерінің сипаттамасы;
• тілді жүзеге асыру құралдарнын сипаттау- бұл осы тілдерден аударғыш
программалар;
• стандартты бағыңқы программалар кітапханасы бар.

Программалау тілдерімен тілді жүзеге асыру құралдарын айыру керек.
Программалау тіі- бұл программаны құрайтын жазбалар
жүйесін,пайдаланылатын грамматикалық құрылыс синтаксисі мен симатикасы
анықтайтын ережелер жинағы.
Компилятор үздіксіз процесс барысында жоғары дәрежелі тілде жазылған
программаның бүкіл мәтінін аударады. Бұл кезде машиналық кодта толық
программа жасалынады, кейін оны компьютер компилятордың қатысуынсыз
орындайды.
Интерпретатор программаның операторын бір-бірлеп ретпен
талдайды.Сонымен қатар жоғары дәрежелі тілде жазылған әрбір синтаксистік
құрылымы машиналық кодка бірінен соң бірін негізгі жад аймағында
интерпретацияланатын программамен бірге болуы керек,бұл жадтың айтарлықтай
көлемін қажет етеді.
Әрбір программалау тілі интерпретациялануы да, компиляциялануы да мүмкін
екенін айта кеткен жөн, бірақ көптеген жағдайларда әрбір тілдің өзінің
артық көретін жүзеге асыру әдісі бар. Фортран, Паскаль тілдері негізінен
компиляциаланады. Ассемблер ьтілі негшізінде интерпретацияланады, Бейсик
пен Лисп тілдері осы екі әдісті де кең қолданылады.
Құрылымы, кірістік тілінің формальдау дәрежесі және мақсаттық арнаулы
бойынша келесі программалау жүйелерін ажыратады:
• машиналық-бағытталған;
• машиналық-тәуелсіз
Машиналық бағытталған программалау жүйелерінің операторлар жиынтығы және
бейнелеу құралдары компьютердің ерекшеліктерінен айтарлықтай тәуелді ішкі
тілі бар. Машиналық бағытталған жүйелер машиналық тәуелді тілдердің барлық
мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін пайдалануға мүмкіндік береді:
- жасалынатын программалардың жоғары сапалылығы;
- белгілі бір аппараттық ресурстарды пайдалану мүмкіндігі;
- объектік код пен жад тапсырмаларының болжаулылығы.
Мұнымен қатар бұл жүйелердің бірқатар жетіспеушілігі де бар:
* тиімді программалау жасау үшін берілген компьютердің
командалар жүйесі мен қызмет ету ерекшеліктерін білу қажет;
* қателер пайда болуынан аз қорғалған программалар құру поцесінің
қиындығы;
* программалау жылдамдығының төменділігі;
* бұл тілдерде құрылған программаларды, компьютнрлердің басқа
типтерінде пайдалану мүмкіндігінің
жоқтығы.
Машиналық-бағытталған программалау жүйелері бұл компьютердің
ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктерін білуді қажет етпейтін,есептерді
шешу алгоритімдері мен өңделетін информацияны жүзеге асыру мен сипаттау
жүйесі.
Қазіргі программалық жүйелерінің негізгі тізімі және олардың қызметтік
арнаулы:
1. Объект – бағытталған визуалды програмамлау жүйелері. Олар графикалық
интерфейсті пайдалану арқылы программалардың күрделі жинағын жасау процесін
тиімдірек етуге мүмкіндік береді.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Программалау жүйесі дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Программалау жүйесінің құрамында не болуы керек ?
3.Машиналық – бағытталған программалау жүйесінің артықшылықиары мен
кемшіліктері қандай ?

Жаңа сабақты бекіту
IX .Үйге тапсырма
Бағдарламалау жүйелері
X . Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау,оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.
XI . Бағалау.

Бекітілді:
Пәні: информатика
_______________________
Класы: 10 А, 10 Б

Күні: ________________
Жаратылыстану-математикалық бағыт

I. Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелер және олардың дамуы.
Windows 2000 операциялық жүйесі. Қолданушының интерфейсі
II. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында
білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктріп,
пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
III. Сабақтың түрі: аралас сабақ
IV. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
V. Сабақтың көрнекілігі: копьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.
Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30
сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIII. Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) Бағалау
Г) Жаңа сабақ
Д) Бекіту
Е) Үйге тапсырма
Ж) Қорытынды
Балалар біз өткен сабақта Бағдарламалау жүйелері деп аталатын жаңа
тақырып өткен болатынбыз. Өткен сабақтар бойынша кім үйге берілген сабақты
айтады деп? Деп бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Операциялық жүйелердің (ОЖ) дамуы көбінесе компьютерлердің аппараттық
базасының жетілдіруімен байланысты. Ең бірінші компьютерлердің
операциялық жүйесі болған жоқ – олар бір ғана енгізілген программаны
орындады; программаны дайындау мен енгізу бойынша барлық әрекетті,
сонымен қатар деректер мен нәтижелерді енгізушығару пайдаланушыдың
өзімен қамтамасыздандырылды. Сонымен бірге ОЖ шығу тарихы компьютерлердің
ең алғаш пайда болуынан басталды, 1949 жылы ағылшын компьютері ЕDSАС
өзінің бірінші автоматтық есептеуін жасады. Оның оған дейінгі
компьютерлерден негізгі айырмашылығы программалық жабдықтаманы
ұйымдастыру жаңа концепциясында болды: оперативті жадта сақталатын
программа, жиі пайдаланылатын есептеулер үшін стандартты программалар
кітапханасы және программалардағы қателерді табу құралы. ЕDSАС үшін
есептеу процесін автоматты басқаратын және компьютер ресурстарын
жобалауды қамтамасыз ететін программалар жиыны ретінде бірінші ОЖ
жасалды. Компьютерлердің 1 және 2 кезендері үшін операциялық жүйелер
өзінің дамуының бірінші қадамдарында, негізгі зейінін дестені орындау
процесінде пайдалунышы мәселелерін автоматты ауыстыруына бөліп, бірінен
соң бірі жүретін мәселелер дестелерін автоматты орындау функцияларын
қолдайтын. ОЖ-нің ары қарай дамуы олардың басқарушылық және жоспарлаушы
функцияларының күрделенуінде, қарапайым мультипрограммалық және диалогтық
режимдердің т.б. пайда болуында көрінеді.
3-кезендегі компьютерлердің аппараттық құралдарының дамуы ОЖ-нің ары
қарай дамуына түрткі берді. Бұл кезде аппараттандырудың жоғары дәрежелі
пайдаланушылардың көптеген тапсырмалар ағымын бір уақытта орындауға
мүмкіндік беретін дестелік өндеу режимінің қалыптасуы аяқталды.
Қазіргі заманғы ОЖ-ге мынадай талаптар қойылады:
• сыйымдылық – ОЖ басқа ОЖ-лер үшін әзірленген қосымшаларды орындайтын
құралдарды қамтуы тиіс;
• көшірушілік – ОЖ- ні бір аппараттық тұғырнамадан басқасына көшіру
мүмкіндігін қамтамасыз ету;
• сенімділігі мен бас тартуға төзімділігі – ОЖ-ні ішкі және сыртқы
қателіктерден, іркілестерден және бас тартулардан қорғауды ойластырады;
• қауіпсіздік – ОЖ-де бір пайдаланушының ресурстарын екінші
пайдаланушыдан қорғау құралдары болуы тиіс;
• ұлғайтылымдығы – ОЖ келесі өзгерістер мен толықтыруларды енгізудің
қолайлылығын қамтамасыз етуге тиіс;
• өнімділігі – жүйе жеткілікті тез әрекет ету қасиетіне ие болуы тиіс.
Windows 95-тің пайда болуы операциялық жүйе MS-DOS кезеңінен дербес
компьютерлер әлемінде жаңа эраға өтуі болды. Келесі нұсқа - Windows 98-
ті пайдаланушыларға одан да көп құрал және жұмыс өнімділігін арттыру мен
Internet-те жұмыс істеу үшін ыңғайлы интерфейс мүмкіндігін ұсынды. 2000
жылғы қарай - Windows NТ дің мирасқоры болып табылатын, жаңа
операциялық жүйе Windows 2000 шығарылды. Windows 2000-да өндірістік
операциялық жүйе Windows NТ- дің мүмкіндіктері мен Windows 98-дің
қарапайым интерфейсі мен қуаты қосылды. Мағлұматты ары қарай беру
барысында Windows 2000-дағы жұмыс қарастырылады, бірақ айтылған Windows
98-ге қатысы бар.
Бірнеше бағдарламамен жұмыс істеген кезде есте болатын ережелер бар:
• әрбір бағдарлама өзінің терезесінде жұмыс істейді;
• уақыттың әр сәтінде бір ғана бағдарлама пәрменді;
• пәрменді бағдарламаның тақырыбы ерекшеленген, пәрменді емес
бағдарламалар сөндірілген.
• пәрменді бағдарламаның терезесі әманда алдыңғы қатарда болады.
• пәрменді емес бағдарламамен жұмыс істеу үшін оның терезесін пәрменді
ету керек;
• бағдарламалардың ашық терезелерінің барлығының міндеттер панелінде
өздерінің батырмалары болады.
Анықтаманың инструменттер панелінде (құралдар панелінде) мына командалар
бар:
Начало – мұнда анықтама бөлімдерінің мазмұны, ақауларды жою жөнінде
ұсынымдар мен қосымша анықтамалық ресурстар тізімі бар.
Указатель – шешуші терминдер мен сөз тіркестері бойынша анықтама бөлімін
табуға мүмкіндік береді.
Іздеу үшін: 1. Тізімнің жай-күйін қадағалай отырып, мәтін өрісіне сөзді
енгізе баста.
2.Тізімде керек термин (сөз тіркесі) пайда
болған кезде, оны

тышқанды шертіп ерекшелейсің.
3. Показать батырмасын шертесің, егер
термин бірнеше бөлімдерде
түсіндірілетін болса, қажет бөлімді таңдап аласың.
Пайдаланушы интерфейсі және файл қосымша жүйесі.
Windows 2000-ның пайдаланушы интерфейсі Internet Explorer 5 ықпалдасқан
қосымшасы бар Windows 98 интерфейсі еске салады. Интерфейстің негізі –
Жұмыс үстелінің тұжырымдамасы. Айталып кеткендей, Windows 2000 объективті-
бағдарлық жүйе болып саналады. Мұндай жүйелердегі объектінің әрбір түріне
өзінің белгішесін және осы объектіні пайдалану әдісін анықтайтын кейбір
қасиеттер тобын береді. Қапшықтар қоймалар болып табылады, оларда
таңбашалар, файлдар, басқа да қапшықтар және әр түрлі құрылымдағы
пиктограммалар(дискілер, принтерлер, компьютер желілері) бар.
Белгішелер мен таңбашаларды жұмыс үстелінің кез келген жеріне орналастыру
үшін оларды осы жерге апару керек. Оны апару (тасымалдау) тышқанның сол
жақ батырмасын (левой кнопки мыши) басу кезінде жүзеге асырылады.
Белгішелерге, таңбашаларға және қапшықтарға шерту көмегімен, Открытие
(Ореn) - Windowsтің тиісті объектілеріне қол жеткізуге (Windowsті
пәрменді етуге) мүмкіндік береді.
Мой компьютер (Му Соmputer), Сетевое окружение (Му Network Рlaсе),
Корзина (Reсусlе Віn) белгішелері типтік белгішелері типтік белгішелер
болып табылады. Мой компьютер (Му Соmputer) белгішесі компьютердің
файлдарына, қапшықтарына және басқа да тұрақты ресурстарына (басқару
тақтасына, принтерлерге )қол жеткізеді. Сетевое окружение желінің
ресурстарымен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Бұл ретте желімен жұмыс
істеу желілік бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға байланысты
болмайды. Корзина – пайдаланушы алып тастаған объектілер болады. Оларды
қалпына келтіру үшін маустың оң жақ батырмасымен контексті менюді
шақырып, ондағы Восстановить пунктін таңдап алса болғаны.
Windows-те терезелердің бірнеше түрі пайдаланылады:
• Қосымша терезесі нақты қосымшамен байланысты болады және меню,
инструменттер панельдері, жай-күй жолдары сияқты және басқа да қосымша
элементтердің болуымен сипатталады
• Құжат терезесі қосымшаның өзінен туындайды. Мысалы, Мicrosoft Word
редакторы құжатының терезесі
• Диалогтық терезесі пайдаланушының ОЖ-нің әр түрлі қосымшаларымен өзара
әрекетін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, оны тек жабуға немесе көшіруге
ғана болады.
• Жүйелік хабарлар терезесі ОЖ немесе қосымша жасайтын әр түрлі алдын
алулар мен хабарларды шығаруға арналған
Мicrosoft Оffice панелі қосымшаларды тез жіберуді қамтамасыз етеді.
Міндеттер панелі пайдаланушыға жұмыс істеу үшін құралдарды береді және
жұмыс үстелінің кез келген шетінде (әдетте оның төменгі бөлігінде)
орналасады. Панель сүйретіп әкелінеді. Міндеттер панелінде Пуск (Start)
батырмасы мен ағымдағы кездегі қосымшалардың пәрменді батырмалары
орналасады.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. ОЖ-ның дамуы неге байланысты?
2. ОЖ функциялары тарихи қалай өзгерді?
3. Windows 2000 – ның негізгі сипаттамаларын атаңдар.
4. Жедел көмекті қалай алуға болады?
5. Windows 2000 пайдаланушы интерфейсі несімен сипатталады?
6. Терезе ұғымына анықтама беріңдер.

Жаңа сабақты бекіту
IX .Үйге тапсырма
Операциялық жүйелер және олардың дамуы.
Windows 2000 операциялық жүйесі. Бағдарламалау жүйелері
X . Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау,оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.
XI . Бағалау.

Бекітілді:
Пәні: информатика
_______________________
Класы: 10 А, 10 Б

Күні: ________________
Жаратылыстану-математикалық бағыт

I. Сабақтың тақырыбы: Windows 2000 қосымшаларындағы
берілгендердің алмасуы. Windows 2000 орнатылуы
II. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында
білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктріп,
пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
III. Сабақтың түрі: аралас сабақ
IV. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
V. Сабақтың көрнекілігі: копьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.
Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30
сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIII. Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) Бағалау
Г) Жаңа сабақ
Д) Бекіту
Е) Үйге тапсырма
Ж) Қорытынды
Балалар біз өткен сабақта Операциялық жүйелер және олардың дамуы.
Windows 2000 операциялық жүйесі. Бағдарламалау жүйелері
деп аталатын жаңа тақырып өткен болатынбыз. Өткен сабақтар бойынша
кім үйге берілген сабақты айтады деп? Деп бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын
сұраймын.
Жаңа сабақ
Пайдаланушы бастапқыда DOS ОЖ-де жұмыс істей отырып мәтіндік және
графикалық редакторларды жеке пайдаланады, содан соң оларды біріктіріп
тұтас басып шығарады. Бұл бірқатар ыңғайсыздықтар туғызады:деректерді әр
түрлі файлдарда сақтауға тура келеді, бұл жағдайда құжатты қабылдау
өзінің тұтастығынан айырылады, беттерді нөмірлеуде және басқа да
қиындықтар туады.
1. Қосымша-тұпнұсқада деректер үзіндісін ерекшелеу керек.
2. Алмасу буферінде ерекшеленген үзіндіні Правка-Копировать немесе Правка-
Вырезать(Еdit-Сору немесе Еdit-Сui) командасымен көшірмелеу керек.
3. Қосымша-қабылдаушыға көшіп, меңзерді (курсор) буфердегі деректерді қою
қажет болатын жерге орналастырып, Правка-Вставить командасын орындау
керек. Алмасу буфері арқылы деректерді алмасудың артықшылығы әр түрлі
қосымшалармен жасалған(құрымды құжаттар) бір құжатта объектілердің
ұштасуы болып табылады. Мұндай алмасудың кемшіліктері:
Аралық сақтау буферінде деректерді жинақтау мүмкіндігінің болмауы.
СІірboardқа жаңа үзіндіні орналастырған кезде ескісі өздігінен жойылады.
Сондықтан, мысалы, бір құжаттың әр түрлі жерінен екінші құжатқа бірнеше
үзіндіні көшірмелеген кезде пайдаланушыға қосымша-түпнұсқа мен қосымша
қабылдағыш арасында талай рет қайталап қосылып отыруына тура келеді.
Сіірboard арқылы берілетін ақпарат көлемінің шектелуі;
Ауыстыру буфері арқылы құжат-қабылдағышқа кірістірілген деректер оларды
құжат көзінде өзгерткенде жаңармайды.
OLE-де байланыстыру кезінде:
• объектінің екінші көшірмесін жасау қажеттігі болмайды, мұның өзі
дискілік кеңістікті қажетті қысқартуға мүмкіндік береді;
• байланысқан объектіге өзгерістер енгізу объект байланысқан құжаттардың
бәрінде олардың қосарлануын қамтамасыз етеді;
• түпнұсқаға баратын жол есте қалады, сондықтан басқа компьютерге
көшірген кезде осы құжатқа енгізілген объектілер мазмұндалатын барлық
файлдарды қайта жазу керек.
OLE-ге енгізу кезінде :
• қойылған объектіні өзгерту түпнұсқада көрінбейді;
• барлық ақпарат бір файлда сақталады және басқа компьютерге көшірген
кезде ешқандай проблема туындамайды.
Мicrosoft 2000 Рrofessional күрделі жүйе болғанымен оған көшу аса
айтарлықтай оңай, себебі орнатудың бұл түрі көбіне автоматтандырылған. Ең
оңайы толық модернизация жүргізу, бұл кезде Windows 2000 бұрынғы
(алдындағы) ОС-ті өшіріп тастайды, алайда машинада Windows 95, Windows
98, немесе Windows NТ қалдырып, таза инсталяцияны жүргізу де қиынға
соқпайды. Егер Сіз өзіңіздің барлық документтеріңізді(тексті, процессор
файлдары) қатқыл дисктің айрықша бөліміне орналастырсаңыз, ескі жүйеге
оралу оңайға түседі. Осы жағдайда Сіздің файлдарыңызға басқа бөлімдерді
жою, переформатирование немесе қалпына келтіру ешқандай зиянын
тигізбейді. Айрықша бөлімге қолданбалы программаларды да орнатуға болады.
СD-ROM драйверімен салынатын Windows дискісін дайындау да артық болмайды.
Автоматты жалғасу. Процедура мүлдем автоматты болады, алайда бір немесе
одан көп уақытты қажет етеді. Орнату бағдарламасы компьютерді бірнеше рет
өшіріп-қосады, барлық керекті файлдардың көшірмесін жасап, ертеректе
қойылған Windows-тағы настройкалар мен бағдарламаларды Windows 2000-ға
көшіреді. Ұзақ кезендер (5-10 мин) бойы машина (қатқыл дискті қосып
отырып) істемей, өшіп қалғандай тұрады. Қобалжымаңыз:бұл процесс жүріп
жатыр деген сөз.
Соңғы қадамдар. Windows 2000-ды бірінші рет қосқан кезде ол жүйеге кіру
үшін пароль сұрайды, тек содан кейін ғана жұмыс бастауға болады. Windows
2000-ға кірген соң ең алдымен танысып, дұрыс істеп жатқандығын
тексеріңіз. Проблемалар туындаса, Интернетке www.microsoft.com
windows2000рrofessional адресі бойынша Мicrosoft Windows 2000 жетекші
аймағына жүгіну қажет.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Алмасу буфері арқылы мәліметтер алмасу қалай жүзеге асырылады?
2. Windows-те мәліметтер алмасудың қандай технологиясы бар?
Жаңа сабақты бекіту
IX .Үйге тапсырма
Windows 2000 қосымшаларындағы берілгендердің алмасуы.
Windows 2000 орнатылуы
X . Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау,оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.
XI . Бағалау.

Бекітілді:
Пәні: информатика
_______________________
Класы: 10 А, 10 Б

Күні: ________________
Жаратылыстану-математикалық бағыт

I. Сабақтың тақырыбы: Процедуралық программалау
II. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында
білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктріп,
пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
III. Сабақтың түрі: аралас сабақ
IV. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
V. Сабақтың көрнекілігі: копьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.
Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30
сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIII. Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) Бағалау
Г) Жаңа сабақ
Д) Бекіту
Е) Үйге тапсырма
Ж) Қорытынды
Балалар біз өткен сабақта Windows 2000 қосымшаларындағы берілгендердің
алмасуы. Windows 2000 орнатылуы деп аталатын жаңа тақырып өткен
болатынбыз. Өткен сабақтар бойынша кім үйге берілген сабақты айтады деп?
Деп бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Тарихи пікір бойынша, программалау процедуралық программалау ретінде пайда
болып дамыған, программаның негізгі алгоритм мен деректерді өңдеу
процедурасы дейді. Процедуралық программалау 40 жылдары Фон Нейман ұсынған
дәстүрлі ЭЕМ сәулетінің бейнесі болып табылады. Процедуралық
программалаудың идеологиясы мынадай:
• программа мәселені шешу процедурасын беретін операторлардың
(нұсқаулардың) тізбегінен тұрады
• негізгі оператор жады аймағындағындағыларды өзгерту үшін қызмет ететін
меншіктеу операторы болып табылады;
• компьютер жады мәндердің сақтау қоймасы ретінде көрсетіледі. Ондағы
мәліметтерді программа операторы жаңартады.
• программаны орындау жадының алғашқы күйін, яғни алғашқы деректердің
мәндерін қорытынды, яғни нәтижелерге түрлендіру мақсатында операторларды
ретпен саяды.
Осылайша, программисттің көзқарасы бойынша программа және жад болады, мұнда
біріншісі екіншісінің мәліметтерін ретпен жаңартып отырады.
Процедуралық тілдер келесі ерекшеліктермен :
• жадты нақты түрде басқару, оның ішінде айнымалыларды сипаттау
қажеттілігімен ;
• символды есептеу үшін аз жарамдылығымен;
• қатаң математикалық негіздің жоқтығымен;
• әдеттегі ЭЕМ-да іске асырудың жоғары нәтижелілігімен сипатталады.
Екінші тіл машинаның тілі болып табылады. Қазіргі кезде мұндай тілдерді
программисттер қолданбайды.
Ассемблер тілі – машина тілінде жазылған, программаның оқуға жеңіл
символдық түрінде ұсыну үшін арналған. Ол программистке операциялардың
мнемоникалық кілттерімен қолдану, жадтың аймақтарына және ұяшықтарға өзіне
қолайлы аттарды беру, және де адресациялаудың аса қолайлы схемаларын беру
мүмкіндігін береді.
Раscal(Паскаль) програмисттердің арасында әсіресе ЖК үшін аса танымал
процедуралық қолданбалы тілдердің бірі болып танылады. 1970 ж. есептеу
техникасы саласындағы швейцар маманы профессор Н.Витрум ойлап тапқан тіл
француз матаматигінің құрметіне аталып автордың ойынша программа-лауды
үйретуге арналған. Алайда тілдің сәттілігі сонша, есептеу және инфор-мация-
логикалы сипаттағы мәселелерді шешу үшін программисттердің қолданбалы және
жүйелі негізгі құралдарының біріне айналды. 1979 ж. Раscal ВS 6192
программалау тілінің британдық стандартының жобасы дайындал-ды., сонымен
қатар ол ISQ 7185 халыкаралық стандарты болды. Раscal тілінде дұрыс
программалаудың негізі болып қаралатын және кейінен көптеген тілдерді
жасаушылар пайдаланған бірқатар концепциялар іске асырылған. Бұл тіл
алдында айтылған программалау тілдерінен өзгешілігі мыналармен мінезделеді:
• жоғары дәрежемен;
• кең мүмкіндіктерімен;
• пішінділікпен, қарапайымдылықпен, қысқашалықпен;
• нәтижесі және сенімді программа жасауға керекті қаталдықпен;
• ЭЕМ-да іске асырылудың жоғары нәтижелілігі.
Раscal тілінің маңызды белгілерінің бірі құрылымды программалау концепция-
сының толық іске қосылуы және кезектемелілігі.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Процедуралық программалаудың идеологиясы неде?
2. Процедуралық тілдердің қандай артықшылықтары бар?
3. Программалау тілінің дәрежесі немен анықталады?
Жаңа сабақты бекіту
IX .Үйге тапсырма
Процедуралық программалау
X . Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау,оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.
XI . Бағалау.

Бекітілді:
Пәні: информатика
_______________________
Класы: 10 А, 10 Б

Күні: ________________
Жаратылыстану-математикалық бағыт

I. Сабақтың тақырыбы: Құрылымдық программалау
II. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында
білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктріп,
пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
III. Сабақтың түрі: аралас сабақ
IV. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
V. Сабақтың көрнекілігі: копьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.
Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30
сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIII. Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) Бағалау
Г) Жаңа сабақ
Д) Бекіту
Е) Үйге тапсырма
Ж) Қорытынды
Балалар біз өткен сабақта Процедуралық программалау деп аталатын жаңа
тақырып өткен болатынбыз. Өткен сабақтар бойынша кім үйге берілген сабақты
айтады деп? Деп бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Процедуралық программалаудың дамуында құрылымдық
программалаудың принциптері үлкен роль атқарды. Программаны белгілі бір
мәселені шешіп жатқан орындаушы ретінде қарастырайық. Программа жазып
болған кезде, бастапқы мәселе көптеген бөліктерге бөлінеді, оларрдың
әрқайсысы элемен-тарлық (базалық) орындаушы-нұсқаумен шешіледі. Бұл жерден
бөлінуде қоры-тындылайтын, жоғары-төмен программалау әдістемесі деп
аталатын келесі қа-тынас туындайды:
• мәселелер мен бөліктер өзінің аралық орындаушымен (процедура деп
аталатын бір кіруі мен бір шығуы бар код фрагменттерімен);
• әрбір бөлшек өзінің бөлшектеріне базалық орындаушылар (нұсқаулар)
дәрежесіне жетпейінше өзінің аралық орындаушысымен.
Мұндай әдістемесінің теориялық негізі келесі 4 типті элементарлы блок-
схемалардан тұратын кез келген алгоритмнің құрылымдық блок-схемасын ұсыну
мүмкіндігі болып табылады.
Сипатталған процестің әрбір қадамында кезекті аралық орындаушы жасай
отырып, біріншіден, ағымдағы орындаушының жұмысының үлкен үлесін оларға
арту қажет, екіншіден, оларда базалық орындаушылардың аяққы дәрежесіне
жақындауы қажет. Жазылған құрастырудың құрылымдық технологиясы бойынша
өңделген алгоритмдер ішіне еңгізілген дұрыс қасиеттері бар:
• кезекті мәселенің келесі бөлімдерінің дұрыс мағлұматтануын, аралық
орындаушылардың дұрыстығын, кезекті орындаушының дұрыстығын қамтамасыз
етеді, оларда қате аз;
• оларды түсіну мен модификациясының оңайлатылғанын.
Жоғарыдан төмен қарай құрылған программадағы басқарудың жалпы құрылымы
ағаш тектес болып табылады. Сондықтан мұндай программаны оңай түсінуге
болады.
Тура осы мақсатқа тағы да бірқатар мәтінді көркемдеу ережелері де қызмет
етеді, жекелей айтқанда, оның форматталуы, яғни оған шегініс пен интервал
құрылымының анықталған еережелері бойынша енгізу.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Жоғарыдан төмен қарай программалаудың мәні неде?
2. Алгоритмдердің қандай базалық құрылымын білесіңдер?
3. Құрылымдық қатынаста программалау технологиясы қандай?
4. Неліктен программалуды өңдеудегі құрылымдық қатынас процедуралыққа
қарағанда оңайырақ?
Жаңа сабақты бекіту
IX .Үйге тапсырма
Құрылымдық программалау
X . Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау,оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.
XI . Бағалау.

Бекітілді:
Пәні: информатика
_______________________
Класы: 10 А, 10 Б

Күні: ________________
Жаратылыстану-математикалық бағыт

I. Сабақтың тақырыбы: Программаларды құрудағы модульдық қатынас
II. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында
білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктріп,
пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
III. Сабақтың түрі: аралас сабақ
IV. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
V. Сабақтың көрнекілігі: копьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.
Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30
сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIII. Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) Бағалау
Г) Жаңа сабақ
Д) Бекіту
Е) Үйге тапсырма
Ж) Қорытынды
Балалар біз өткен сабақта Құрылымдық программалау деп аталатын жаңа
тақырып өткен болатынбыз. Өткен сабақтар бойынша кім үйге берілген сабақты
айтады деп? Деп бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Программалық жабдықтама өңдеуіндегі модульдік қатынас түсінігін
оңдаған, жүз мыңдаған операторлары бар программалар мысалында қарастырамыз.
Мұндай үлкен күрделі алгоритмдік программалардың құрылысы, оларды
программалық өнім деп атайық, бөлінбейтін бүтін болып табылмайды.
Программалық өнім өзара байланысқан – программалық модульдер жиынтығы болып
көрінеді.
Модуль – бұл анықталған тағайындалуы және басқа программалық модульдерден
автономды өңдеу берілген функцияларын қамтамасыз ететін программаның
тәуелсіз бөлігі. Өзара байланысқан бөлік-модульдер жиыны түріндегі жасалып
жатқан программалық өнім көрінуі, ыңғайлылығы үшін орындалады: • өңдеу;
• программалау;
• жөндеу;
• программалық өнімге өзгертулер енгізу.
Программалық өнімнің модульдік көрінуі келесі мақсаттарды көздейді:
• өндеудің қажет мерзімін қамтамасыз етіп
орындаушыларға жұмысты үлестіру;
• жобалық жұмыстарға күнтізбектік график құрау
және программалық өнімдерді жасау процесінде оларды үйлестіру;
• жобалық жұмыстардың еңбек шығыны мен бағасын
бақылау.
Программаларды жеке құрамдарға құрылымдық бөлу оларды жасау құралын таңдау
үшін де қызмет етеді. Программалық өнімді жасаған кезде көп рет
пайдаланылған модульдер еркшеленеді, олардың тимизациясы мен унификациясы
болады, ол арқылы бүтіндей өңдеуге кеткен мерзімі мен еңбек шығыны
қысқартылады. Үлкен алгоритмдік күрделі программалар өңдеушілер ұйымымен
жасалынады және өңдеу ыңғайлылығын, программалау сенімділігін, жөндеу
тиімділігін және программалық өнімге өзгертулер енгізуді қамтамасыз ететін
модульдік қатыныста ғана жасауға болады.
Көптеген модульдер арасынан ерекшелейді:
• басты модуль – программалық өнімнің іске қосуын басқарады;
• басқарушы модуль – басқа модульдерді өндеуге шақыруын қамтамасыз етеді;
• жұмыс модульдері - өндеу функцияларын орындайды;
• сервистік модульде және кітапханалар, утилиттер – қызмет ету функцияларын
атқарады.
Әрбір модуль дербес сақталатын файл ретінде рәсімделеді. Программалық өнім
қызмет ету үшін программалық модульдердің толық құрамы бар болуы қажет.
Программалық өнім жұмысы кезінде қажетті программалық модульдер
активтеледі. Басқарушы модульдер кезекті модульдер орындауға тізбекті
шақыруды береді. Модульдердің ақпараттық байланысы ортақ деректер базасы
немесе өзгермелі алмасу арқылы модульаралық деректер жіберу арқасында
қамтамасыз етіледі.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Программалық модуль дегеніміз не?
2. Программаның құрылымдануы не үшін орындалады?
3. Программаның құрылымдануы қандай мақсаттарды көздейді?
4. Программалардың модульдік құрылысының типтік схемасы қандай?
Жаңа сабақты бекіту
IX .Үйге тапсырма
Программаларды құрудағы модульдық қатынас
X . Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау,оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.
XI . Бағалау.

Бекітілді:
Пәні: информатика
_______________________
Класы: 10 А, 10 Б

Күні: ________________
Жаратылыстану-математикалық бағыт

I. Сабақтың тақырыбы: Әділ – нысаналық бағдарлау
(Объектті –
бағытталған программалау)
II. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында
білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктріп,
пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
III. Сабақтың түрі: аралас сабақ
IV. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
V. Сабақтың көрнекілігі: копьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.
Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30
сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIII. Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) Бағалау
Г) Жаңа сабақ
Д) Бекіту
Е) Үйге тапсырма
Ж) Қорытынды
Балалар біз өткен сабақта Әділ – нысаналық бағдарлау деп аталатын жаңа
тақырып өткен болатынбыз. Өткен сабақтар бойынша кім үйге берілген сабақты
айтады деп? Деп бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Программалаудың осы бағытының негізін салушылардың бірі Алан Кэйдің
баяндамасында Объектті-бағытталған программалаудың мынадай принциптері
берілген:
1. Барлығы объект болып саналады.
2. Объекттер бір-бірімен хабарлама жіберу арқылы әрекеттеседі.
3. Хабарлама- қимылға келтіру үшін керекті аргументтер жиынтығымен
қамтылған әрекетті жасауға сұрау.
4. Әрбір объекттің онда басқа объекттер орналасқан тәуелсіз жадысы бар.
5. Әрбір объект объекттердің жалпы қасиеттерін білдіретін кластың өкілі
болып саналады.
6. Класта объекттің іс-әрекеті беріледі. Бір кластың барлық объекттері
бірдей әрекеттерді жасай алады.
7. Кластар жалпыға бірдей, біріңғай иерархиялық ағаш тәріздес құрылым
ретінде ұйымдастырылған. Кейбір класт объекттерінің жадысы мен іс-
әрекеті иерархиялық ағаштың төменгі сатысында орналысқан әрекеттерді
қайталайды.
Осылайша Программалаудың объекті-бағытталған стилінің негізінде объект
түсінігі жатыр, ал мәні объект= мәліметтер + процедура формуласымен
анықталады. Әрбір объект өзінде мәліметтердің кейбір құрылымы мен
әдістеме деп аталатын тек оған ғана ашылатын, осы мәліметтерді өңдеу
процедураларын интеграциялайды. Бір объектте мәліметтер мен
процедуралардың бірігуі инкапсуляция деп аталады.
Әділ – нысаналық бағдарлау - әдітерін қолданумен шешілетін мәселе,
объекттер мен терминдерде баяндалады. Мұндай жағдайдағы программа
объектер жиынтығы мен олардың арасындағы байланысты көрсетеді, пл
программалау процесі – бардың арасынан табу немесе жаңа объекттерді жасау
және олардың арасында қатынас орнату. Жңа объекттерді жасау кезінде
объекттер қасиеті қосылуы немесе алдыңғы объектерден алынуы мүмкін.
Объекттермен жұмыс кезінде полиформизм де болуы мүмкін - әр түрлі
мәліметтерді өңдек үшін бірдей атқа ие әдістерді қолдану мүмкіндігі.
Соңғы уақытта көптеген программалар, әсіресе объектті бағытталғн,
визуальды программалау жүйесі ретінде жүзеге асырылуда. Мұндай
жүйелердің ерекшелігі дайын құрылыс блоктарынан тұратын, программаларды
жасайтын мықты орта. Ол программалы операцияларды кодтамай-ақ диалогты
режимде программалау өнімінің интерфейсті бөлімін жасауға мүмкіндік
береді. Объекті
- бағытталған визуалды программалау
жүйесін Visual Basic, Delphi, C+Builder және Visual C++
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Объекті-бағыттылған программалаудың негізгі принциптері.
2. Программалауды объекті-бағытталған программалау кезінде программа нені
білдіреді?
3. Программалаудың объектті-бағытталған тілдеріне мысал келтіріңдер
Жаңа сабақты бекіту
IX .Үйге тапсырма
Әділ – нысаналық бағдарлау
(Объектті – бағытталған программалау)
X . Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау,оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.
XI . Бағалау.

Бекітілді:
Пәні: информатика
_______________________
Класы: 10 А

Күні: _________________
Жаратылыстану-математикалық бағыт
І. Сабақтың тақырыбы: Power Point және презентация
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын
дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға
қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын
арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова
Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ,
Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы.
О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual Basic ортасы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) үйге тапсырма
е) қорытынды
Жаңа сабақ
Power Point презентацияны дайындау және өткізудің ең жақсы
бағдарламаларының бірі. Ол MS Office 2000-ның құраушы болып
табылады және презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау
және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға немесе 35-
миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған. Power Point презентацияны
жоспарлауға жасауға және көрсетуге мүмкіндік береді. Пайдаланушыға
шаблондардың модификацияланатын жиынтығы, слайдтар редакторы, схема
құру құралы ұсынылады. Power Point презентацияның барлық
құрауыштарын экранға шығаруға немесе басуға және презентацияларды
кейін басып шығаруға сақтауға мүмкіндік береді.

Презентация ұғымы өзінің толық мағанасында (лат.рrаеsеntо тапсырамын
немесе ағыл. рrеsеnt – ұсыну ) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп
беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін
бақылауды, сынауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. Қорытып
айтқанда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну
– бұл әрдайым презентация.
Біз презентация деген кезде оның техникалық жағын, яғни белгілі бір
тақырыпқа байланысты слайдтардың сатылы жиынтығын түсінеміз. Слайд деп
көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар,
мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс
үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескерту
парағымен бірге келеді. Бұл параққа түсініктеме мәтінді оны жасау кезінде
де, демонстрация кезінде де енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның
басты, керекті сәттерін және оған қатысты жағдайларды фиксациялау кезінде
қолданылады. Ескерту, парақтарын слайдтардың әр түрлі саны үшін
қалыптастыруға болады, және де, осы парақтарға презентациямен бірге
жүретін сценарийді енгізуге болады. Презентацияны белгілі тақырыптағы
слайд-фильм деп те атайды. Слайд-фильмдерді жасап шығаруға арналған
арнайы құралдар – графикалық пакеттер де бар. Осы құралдардың бірі – МS
Offiсе құрамдасы Windows-тың қосымшасы Роwer Рoint программасы.
Роwer Рoint қосымшасының неше түрлі объекттерді (мәтін, кесте, графика)
үшін керекті жеке мүмкіншіліктері болғанымен, оның Місrosoft Offiсе
дестесінің басқа да құрамдастарымен тығыз байланысуының арқасында
пайдаланушы әбден жасалған материалдарды қолдану мүмкіндігіне ие болады.
Мысалы :
Мәтін Word мәтіндік редакторында дайындала алады;
Формулалар - Місrosoft Еquatuon қосымшасында;
Кестелер - Місrosoft ЕхсеІ кестелік процессорында;
Бағаналар (диаграммы) - Місrosoft ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлерді программалық қамсыздандыру курсын оқыту әдістемесі
Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы
Желілік адаптер және оны баптау
Internet-тің қызмет баптары
Ақпарат базасынның сипаттамасы
Желіні бағдарламамен қамтамасыздандырумен танысу
Жүйелерді бағдарламамен қамтамасыздандыру
Іnternet ұғымы. Интернет желісінің құрылымы
Локальды желі
Internet ұғымы. Гипермәтін, гиперорта
Пәндер