Қасиеттер тізімі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
№10 Билет
1. Объектіге-бағытталған жобалау әдістемесі. Объектіге-бағдарланған
бағдарламалаудың негізгі терминологиясы. Визуалды бағдарламалау.
2. Компьютерлік бағдарламалар атты сабақты оқыту әдістемесі.

1. Программалаудың осы бағытының негізін салушылардың бірі Алан Кэйдің
баяндамасында Объектті-бағытталған программалаудың мынадай принциптері
берілген:
1. Барлығы объект болып саналады.
2.Объекттер бір-бірімен хабарлама жіберу арқылы өрекеттеседі.
3.Хабарлама - қимылға келтіру үшін керекті аргументтер жиынтығымен
қамтылған әрекетті жасауға сүрау.
4.Әрбір объекттің онда басқа объекттер орналасқан теуелсіз жадысы бар.
5.Әрбір объект объекттердің жалпы қасиеттерін білдіретін кластың өкілі
болып саналады.
6. Класта объекттің іс-әрекеті беріледі. Бір кластың барлық объекттері
бірдей әрекеттерді жасай алады.
7.Кластар жалпыға бірдей, біріңғай иерархиялық ағаш тәріздес құрылым
ретінде ұйымдастырьыған. Кейбір класт объекттерінің жадысы мен іс-әрекеті
иерерхиялық ағаштың төменгі сатысында орналасқан әрекеттерді қайталайды.
Осылайша Программалаудың объектті-бағытгалған стилінің негізінде объект
түсінігі жатыр, ал мәні "объект = мәліметтер + процедура" формуласымен
анықталады. Әрбір объект өзіңде мәліметтердің кейбір құрылымы мен әдістеме
деп аталатын тек оған ғана ашылатын, осы мәліметтерді өндеу процедураларын
интеграциялайды. Бір объектте мәліметтер мен процедуралардың бірігуі
инкапсуляция деп аталады.
Кластар объектерді суреттеу қызметін атқарады. Класс осы класқа жататын
объекттердің қасиеттері мен әдістерін анықтайды. Олай болса кез-келген
объектті кластың экземпляры деп білуге болады.
ОБП әдістерін қолданумен шешілетін мәселе, объекттер мен терминдерде
баяндалады. Мұндай жағдайдағы программа объекттер жиынтығы мен олардың
арасындағы байланысты көрсетеді, ал программалау процесі — бардың арасынан
табу немесе жаңа объекттерді жасау және олардың арасында қатынас орнату.
Жаңа объекттерді жасау кезінде объекттер қасиеті қосылуы немесе алдыңғы
объекттерден алынуы мүмкін. Объекттермен жұмыс кезінде полиформизм де болуы
мүмкін — әр түрлі мәліметтерді өңдеу үшін бірдей атқа ие әдістерді қолдану
мүмківдігі.
Smolltalk, C++,Aktor,Java-ны объектті-бағытталған тілдердің мысалы
ретінде қарастыруға болады. Өзінің конструктивтілігі арқасывда объектті —
бағытталған программалау көптеген универсалды процедуралы тілдерде
қолданылады. Мысалы, Раscal тілінде интегралданған программалау
жүйесінің құрамына Тиrbо Visіоn объективті - бағытталған
программалаудың арнайы кітапханасы кіреді.
Соңғы уақытта көптеген программалар, әсіресе объектті-бағытталған,
визуалды программалау жүйесі ретінде жүзеге асырылуда. Мұндай жүйелердің
ерекшелігі дайын "құрылыс блоктарынан" тұратын, программаларды жасайтын
мықты орта. Ол программалы операцияларды кодтамай-ақ диологты режимде
программалау өнімінің интерфейсті бөлімін жасауға мүмкіндік береді.
Объектті-бағытталған визуалды программалау жүйесіне Visual Ваsіс, Dеlрһі,
С++Вuilder және Visuаl С++.
Обьектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы
негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі обьектілердің осы оқиғаларға
жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері – visual Basic тілі Qbasic
программалау тілі негізінде, Delphi (Делфи) обьектілі Паскаль (Object
Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған
(visual - көзбен көру, экрандық). Олар, әсірісе, Delphi программалау тілі -
кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары
оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6,7-нұсқалары жарық көрді.
Дәстүрлі Паскаль оқып үйренуге жеңіл және MS Dos жүйесінде программа
дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi – де
Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді
программалауға болады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда
компоненттік және обьектілік тәсілдер пайдаланылады(Windows ортасында
пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп атайды). Бұл
программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады.
Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау
ортасында дайындалып, арнайы іс - әрекеттерді орындайтын компоненттер
элементтерінен жинақталады.
Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген
операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру,
анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын
пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б
іс-әрекеттерді орындау да мүмкін.

Delphi-ді іске қосу. Delphi ортасы

Windows терезесі арқылы Delphi –ді іске қосу командасы: Іске қосу –
Программалар – Borland delphi6 – Delphi 6
Экранда Delphi ортасының үш терезесі көрінеді
Жалпы ортада программа құруға арналған төртінші, модуль терезесі де
іске қосылады(Unit1.pas). Форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол
алғашқыда көрінбейді.
Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар
панелі және компоненттер палитрасы енгізілген (1.2-сурет). Негізгі мәзір
пункттеріне Delphi-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне ішкі
мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер
орналатырылған.
Стандартты түймелер:
- New(Жаңа);
- Open(Ашу);
- Save(сақтау) ;
- Open Project(проектіні ашу);
- View Form(Форманы көрсету);
- Run(Іске қосу);
- Pause (‡зіліс);
- Add file to Project (Проектіге файл қосу), т.б.
Delphi-де дайындалатын программа дайындау проект (жоба) деп аталады.
Форма – программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық
терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен
көрінеді(1.1-сурет). Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол
екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша
формасын кеңейту не қысу қиын емес.
Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер (форма
компоненттері) орнатылады. Негізгі компоненттердің кейбірі Access
берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементтер панеліне енгізілген
түймелер сияқты. Олар Delphi терезесінің компоненттер палитрасына
орналастырылған.
Кей жағдайларды экранда форма көрінбеуі мүмкін. Он экранға шығару үшін
View – Forms командасын беру жеткілікті.
Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің (компоненттер
жөнінде келесі тақырыптарды қараңыз) түрлі қасиеттері бар (оларды компонент
“паспорты” деп те атайды). Қасиет (Сипаттама, параметр) – айнымалылардың
ерекше түрі. Олар обьектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін
анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері – форма тақырыбының мәтіні,
өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма
қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.
Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау
оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі
Обьект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген.. Тізімді
инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес обьектіні (форманы не формада
орнатылған форма компонентін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор
терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған обьект атауы да жазылып
қойылады.Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер
терезесі 1.1-суретте көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар:
Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі
бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашулы тұрады.
Бірінші бағанда көрінетіндер-қасиет атауларыб екінші бағанға сәйкес
жазылғандар-олардың мәндері.
Windows - тағы сияқты Delphi – де программалар оқиғалар арқылы
басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға
компонент орнату, форманы не формада орналасқан компонентті тышқан арқылы
шертуі мүмкін. Оның әр іс – әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға
программаның жұмыс істеуі кезінде обьект жағдайының өзгеруі.
Delphi-де әр оқиғаға атап беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер
палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button1 компонентін
шерту Click (шерту) оқғасын шақырады (1. 5. 4-тақырыпты қараңыз).
Әр обьектіге байланысты оқиғалар жеткілікті Мысалы, формаға –
байланысты оқиғалар саны-35 (1.4-сурет). Олар қасиеттер терезесінің Events
қосымша беті не енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префіксі
(қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол-атаудың оқиға екендігін білдіретін
белгі.
Borland C++ Builder 6 программалау тілін іске қосу
Пуск-Программы - Borland C++ Builder 6- C++ Builder 6 командаларын
береміз. C++ Builder – бұл С++ тіліндегі қосымшаларды (приложений, RAD -
rapid application development) жылдам өңдеуге арналған Borland фирамасының
жаңа өнімі. Компонент - арнайы алдын ала анықталған мақсатты орындаушы,
мысалы, мәтінді елестетуі, тізім терезелерін немесе элементтерді
редакциялау.
Компоненттердің палитрасының астында, экранның сол жағына тиістіре,
қасиеттер терезесі (Object inspector) орналасқан. Қасиеттер терезесі арқылы
компоненттердің қасиеттерін және оқиғаларын өзгерте аласыздар. Объектілер
терезесінің бір немесе екі қосымшасы болады, бірақ ол қандай компонент
таңдалғанына байланысты. Олар Properties және Events қосымшалары.
Properties қосымшасы барлық уақытты бар болады. Properties қосымшасы
компоненттің іс - әрекетін анықтайды. Әдеттегідей қасиеттер терезесінде
Events қосымшасы орналасқан. Оқиғалар пайдаланушы компонентке қандайда бір
іс-әрекет жасағанда болады, мысалы тышқанмен щерткенде.
Events (оқиға)- бұл пайдаланушының компонентке жасалған қандайда
бір іс-әрекеттері. Инспектор объектов терезесінің оң жағында жұмыс алаңы
орналасқан. Бұл жерде алғаш болып пішін редакторы(Form Editor) орналасқан.
Аңғарған болсаңыз бұл жерде редактордың түрлері жасалынады.
Пішін бағдарламаның сухбаттық терезесі және басқа типтегі терезелері
басты негізгі терезе болуы мумкін. Пішін жарату барысында, пішіннің көмегі
арқылы оған компоненттерді орналастыру және өлшемдерін, жайын өзгерту
сияқты іс-әрекеттері орындалады. Пішін терезесінің артында код терезесі
(Code Editor) жасырылған. Код терезесінд жасап жатқан бағдарламаның тексті
жазылады. Қасиеттер терезесі (инспектор объектов), код терезесі, пішін
терезесі және компоненттер палитрасы бағдарлама жасау барысында бірге
өзара байланыста жұмыс істейді.
Жоғарыдағы сурет С++Builder6 жүйесінің терезесінің көрінісі
Borland C++ Builder 6 программалау тілін іске қосқаннан кейін
экранда оның негізгі терезесі ашылады. Borland C++ Builder 6 терезесі
негізгі мынадай стандартты жолдардан тұрады.
Тақырып жолы (строка заголовка)
Мәзір жолы (строка меню)
Аспаптар немесе құралдар панелі (панель инструментов)
Түстер компоненты (палитра компонентов)
Қасиеттер терезесі (объект инспекторы)
Пішін терезесі (окно формы)
Код терезесі (Окно кода)
Объект терезесі (окно объекта )
Тақырып жолы (строка заголовка)- Құжаттың аты және терезенің
өлшемдерін реттеуші үш батырма тұрады. Тақырып жолы астында мәзір жолы
орналасқан.
Мәзір жолы (строка меню) – С ++ жүйесінің негізгі командаларынан
тұрады. Тышқанның щертпесі осы менюге кіретін командалар тізімін ашып
береді. Мәзір жолының астында құралдар панелі қатарының батырмалары
орналасқан.
Құралдар панелі (панель инструментов) - Көптеген программаларда
мұндай құралдар панельнің бір түрі ғана көрсетілген болса С++ - да
мұның бірнеше жиына бар. Әрбір батырманың атын білу үшін тышқан
көрсеткішін батырманың үстіне алып баратын болсақ оның қалғып шығатын
атын көруге болады.
Түстер палитрасы (палитра компонентов) – С++ -дың құралдар панельнің
бірі болып есептеледі яғни басқалардан ерекшеленіп тұрады. Компонент
дегеніміз - бұл келешектегі басқару элементтерін дайындау .
Түстер компонентінде бірнеше қосымшалар орналасқан, әрбір
қосымшаның өзіне тиісті компоненттері жайғасқан.
Келешекте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi программалау ортасы
Visual Basic программалу тілі
Photo-Paint бағдарламасында түстерді қолдану
Конструктор режимінде форма құру
Дискіде бар құжатты ашу
Delphi программалау ортасының негізі
Фигуралық мәтіннің жиекке түрленуі
Delphi-де берілгендер қорын басқару жүйелері
Объектпен жұмыс істейтін аспаптар
Visual Вasic ортасында “Мектеп математикасына көмекші есептегіш құрал” дайындау
Пәндер