Иман батырдың азаттық жолындағы күрес жолы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І тарау. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРЫС МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРАМЫНА ЕНУІ
1.1 Қазақстандағы отарлау саясатының негізгі бағыттары
1.2 Қазақстанның Ресейге қосылуы кезінде ұлт – азаттық
қозғалыстар
1.3 Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

ІІ тарау. ЖӘУКЕ, ИМАН, ҚОШҚАР БАТЫРЛАРДЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ ОРНЫ
2.1 Төлек Жәуке батыр – дулығалы дала перзенті
2.2 Иман батырдың азаттық жолындағы күрес жолы
2.3 Сары Қошқар батыр жайында жазылған жыр шежірелер мен аңыз әңгімелердің
тарихи деректік маңызы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Өзінің тарихи даму жолында талай тар жол,
тайғақ кешуден өтіп, мың өліп, мың тірілген қазақ халқы сан ғасырдан бері
атадан балаға мұра болып келе жатқан қасиетті ұлан-байтақ жері мен кең
даланың бар байлыған арда құландай еркін еміп, жайлаудағы жағасын жимай
елінің рақат жайлаған елінің тәуелсіздігін мен бостандығын қызғыштай
қорғап, ардақ тұтқан. Алып даланың бақытын да, бейтетін де, бірдей көріп,
перзентке тән сүйіспеншілікпен қайрат – күшін аямай, ақыл-ойын алаңсыз
сарқа жұмсап, дұшпанына қарсы қалқан, досына жабар шапан таба білген. Егер
әңгімені бізге жеткен деректі мағлұматтары мол ХVIII ғасырдан бастасақ,
тарих, заман үшін қас қағым сәтке парапар осынау аз уақыттың ішінде ел
жадынан өшпейтін, байтақ даланың бел-белестерінен асып, еркін ескен самал
желіндей бостандыққа құмар қазақ деген халықтың іргеден сығалап, қанды
шеңгелден созған жымысқы жауларға қарсы қайыспас қайсарлыққа толы, бір сәт
толастамаған қаһармандық күресін көреміз. Бүгінгі егеменді ел, еркін
мемлекет атанып, төрткіл дүниенің іргелі халықтарымен иық теңестіріп,
терезесі тең адамдарша қатар тұрып сөйлесе алатын күнге жетіп, азаттық
алған шағымызда жарақты жаудан жасқанбай Еділ мен Жайық аралығында дұшпан
шебінде ат ойнатқан Сырым Датұлы бастаған жау жүрек жігіттерді, Исатай
Тайманұлының өткір найзасына жалынды жырын қосқан Махамбет Өтемісұлына
ерген ерлерді, орыс отаршылдарының қазақ жерлерінде орнатқан бекініс –
ордаларына табандатқан он жыл бойы ойран салған батыр басшы Кенесары ханның
қаһарлы қолын, қазақ жерінің қос алқасының бірі атанған сұлу Сырдың бойында
орыс империясының тіміскілеулері мен Хиуа хандығының жымысқы саясатына
қарсы арыстанша алысқан Жанқожа Нұрмұхамбетұлы бастаған азаматтардың
бостандық жолындағы қанды кешулерін әсте естен шығара алмаймыз. Бұлар
ұрпаққа ұран болған, ғасырлар бойы жаңғырып, жалғаса беретін, тарихта
теңдесі жоқ ерен ерлік. Оның дәлелі – кешегі жиырмасыншы ғасырдың басындағы
бүкіл қазақ жерін қамтыған жалпы халықтық көтеріліс, азаттық жолындағы
ақырғы айқас, патшалық Ресейдің құрыштай құрсанған қарулы әскеріне бас
имей, алға қойған мақсатын ерге тән қайсарлықпен орындап шығып,
елдігімізді, ерлігімізді әлемге танытқан 1916 жылғы көтеріліс.
Иман Дулатұлы, төлек Жәуке, сары Қошқар орыс отаршылдығы мен Қоқан
хандығының оңтүстік аймақтарындағы арандатушылықтарына қарсы аттай он жылға
созылған кескілескен шайқастардың қаһармандары.
Батырлардың қоғамдық күресі мен жорықтарына баға бере алдында
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың саяси әлеуметтік сипатын
анықтағанымыз жөн. Өйткені бұл Кеңестік кезеңнің 40-жылдарының ақыры мен 50-
жылдардың басында Қазақстан тарихнамаыснда үлкен қоғамдық мәні бар айтыс –
тартыс тудыртқан күрделе мәселе болғаны білеміз. Бізден сәл бұрынырақ
оқыған ағаларымыз бен апаларымыз мектептерге арналған тарих пәнінің
оқулықтарында Кенесары Қасымов – қазақ халқының көсемі және қазақ
хандықтарын біріктіру жолындағы күрескер деген арнаулы тараудың болғаны
мәлім. Бірақ 50-жылдардың басында оқулықтардан бұл тарау алып тасталып,
Қазақстанның жаңа тарихы түбірімен өзгертіліп қайта жазылды. Бұған не себеп
болды?
1941 жылы, ол кезде СССР деп аталатын үлкен Одаққа тұтқиылдан жау
шауып, ел астанасы Мәскеу мен Ленинград қалаларына қауіп төнген сәтте
көптеген ғалымдар мен өнер қайраткерлерінің Қазақстанға келіп, оның ішінде
Алматыға келіп паналағаны белгілі. Бұл ғалымдар ғылымның барлық саласына,
өнеріміз бен әдебиетімізге белсене араласып, игі әсер етті, әжептеуір өрлеу
туғызды. Сол ғұлама ғалымдардың бірі, өзі дүниеден өткенше қазақ халқына
деген адалдығынан таймай, басына бұлт төнген ардақты азаматтарымызды аналық
қамқорлықпен қорғап келген ССР Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті Анна
Михайловна Панкратованың басшылығымен Қазақстан тарихы қайтадан електен
өткізіліп, 1943 жылы Қазақ ССР тарихы деген күрделі еңбек баспадан шықты.
Кітап жарық көргеннен кейін елеулі еңбектердің бірі ретінде сол кездегі ең
жоғарғы Сталиндік сыйлыққа ұсынылды. Бірақ бұл кітапқа СССР Ғылым
Академиясының мүше-корреспонденті А.И.Яковлев теріс пікір жазып, еңбекке
сыйлық берілмегені былай тұрсын, кітап туралы Мәскеудің бірақатар
ғалымдары арасында қарсы тұжырым қалыптаса бастады. Бұл жаңсақ пікірге
принципті түрде келіспеген Панкратова БКбП Орталық комитетіне арнайы хат
жазып, еліміздің тарихына байланысты дүдәмал мәселелердің басын ашып алу
мақсатымен жетекші тарихшылардың бас қосуын өткізу қажеттігін ұсынды.
Ғалымның табандылығының арқасында 1944 жылғы мамыр-шілде айларында кеңес
мәжілісі өткізілді. Айтыстың тартыссыз болмайтынын белгілі БКбП Орталық
Комитетінің хатшысы А.С.Щербаков жүргізіп, А.А.Жданов, Г.М.Маленков
қатысқан бұл кеңес кеңестік тарих ғылымының өзекті мәселелерін талқылау
барысында Қазақ ССР тарихы жөнінде көтеріліске дейінгі Қазақстан тарихын
кезеңдерге бөлу, елдің жекелеген мемлекеттік қайраткерлері мен ұлттық
қозғалыстарға баға беру, Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның себептерін
ашып көрсету мәселелері бойынша сын ескертпелер айтылды. Кеңеске
қатысушылар арасында Қазақ ССР тарихы орысқа қарсы кітап деп бағалаушылар
да табылды. Олар еңбекте Ресейге қарсы ұлттық көтерілістер дәріптелген деп
бағалады. Әсіресе, оның Кенесары Қасымұлының басшылығымен болған көтеріліс
туралы жазылған 14-тарауы ұлтшылдықтың сарыны мүңкіп тұрған бөлім деген
үзілді-кесілді пікір айтылды. Ал А.П.Панкратова, В.Д.Греков, Н.С.Держанин
сияқты ғалымдар Қазақ ССР тарихын одақтас республиканың тарихын мейлінше
терең зерделейтін алғашқы және сәтті қадам деп бағалады. Көп ұзамай, БКбП
Орталық Комитетінің органы Большевик журналында 1945 жылғы 6-санында
М.Морозовтың Қазақстан тарихына байланысты көлемді сын мақаласы жарияланды.
Бұл мақала Қазақстан коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің осы жылғы 14
тамызда Қазақ ССР тарихының екінші басылымын дайындау туралы арнайы
шешімін қабылдауына себеп болды. Қаулыда еңбек авторлары қазақ халқының
патриархалдық-фоедалдық қатынастарын әзірлеп көрсеткен, қазақ хандары мен
сұлтандарының еңбекші бұқараға көрсеткен аяусыз езгісі атүсті бейнеленген
деген айып тағылды. Сонымен қатар, қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуы
Орыс патшалығының басқыншылық саясаты тұрғысынан ғана біржақты
қарастырылғаны атап көрсетілді.
1946 жылы белгілі тарихшы Е.Бекмаханов СССР Ғылым Академиясының
докторлық диссертация қорғады да, оның бұл бұл еңбегі 1947 жылы ХІХ
ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан деген атпен жеке кітап болып
баспадан шығарылды. Бұл еңбек Қазақстан коммунистік партиясы Орталық
Комитетінің Қазақ ССР Ғылым Академиясының тіл және әдебиет институтының
жұмыстарындағы өрескел қателіктер туралы 21 қаңтар, 1947 ж. қаулысының
қабылдауымен тұстас келген еді. Тарихы Бекмаханов Кенесары Қасымұлы
бастаған қозғалыс тарихын біржақты ақтау тұрғысында ғана жазған деп,
буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәріптеуші ретінде айыпталды. Е.Бекмаханов
әуелі Жамбыл облысының шу ауданына жер аударылып, 1952 жылы 2 желтоқсанда
Қазақ ССР Жоғарғы Соты алқасының үкімімен 25 жылға бас бостандығынан
айырылды да, алыстағы ГУЛАГ-қа жөнелтілді. Сөйтіп, Ерікті елдердің
мызғымас Одағына тірек болған Ұлы Русь шет аймақтардағы халықтардың
царизмге, метрополияға қарсы ұлт-азаттық көтерілісін құп көрмей, оған әділ
бағасын бере алмады.
Бұл жаңсақ идеологияны жүргізушілер отарлық қанаудағы халықтардың
орыс үкіметінің өктемдігіне қарсы күресін орыс халқына қарсы қастандық деп
түсіндіруге тырысты. Сөйтіп, Кенесары Қасымұлы бастаған он жылға созылған
қанды айқас монархиялық-феодалдық билікті аңсаған кертартпа қозғалыс деп
бағаланып, бұдан былай тарихи әдебиеттерде ұлтшылдық тұрғыдан баяндалды да,
оған қатынасқан қазақ батырларының есімдері біржолата өшіріліп тасталынды.
Осы идеологияның кіндік атасы болған А.И.Яковлев жаңа оқулықтарға
байланысты халық ағарту коммисариатында 1944 жылы өткен кеңесте Орыс
мектептеріне арналған қандай оқулық болса да, ұлттық орыс оқулығы болуы
қажет. Бұл мазмұнға тағы да 100 халықтың мүддесін ұштастыру мүмкін емес
деген қағида ұсынып, оқулықтарды СССР тарихы бойынша емес, орыс тарихы
бойынша жазу керектігіне нұсқау беріп, Орыс ұлтшылдығын бірінші орынға
қою керектігін танытты.
Ал Иман Дулатұлы, төлек Жәуке, сары Қошқар батырларымыздың жан-
тәнімен қолдап, он жыл бойы аттан түспей, қолына ақ найзасын алған жорығы
тап осы орыс ұлтшылдығына, орыс патшасының отаршылдық саясатына қарсы
оның араны тоймайтын ашқарақ құлқынынан туған жері мен елін қорғауды мақсат
еткен болатын. Бүгінгі тарихи әдебиетте орыс патшасының қазақ жеріндегі
озбырлықтары мен отаршылдық саясатына қарсы Кенесары хан жүргізген бұл
соғыстың тек қана бір мақсатты көздегені, қазақ жерінің тұтастығы мен
бостандығы болғаны айқын тұжырым тапқан.
Оның халқымыздың тарихындағы ұзаққа созылған, ең қуатты ұлт-азаттық
көтерілісі болғаны бүгін ешқандай күдік туғызбайды.
Еліміздің әрбір сүйем жері үшін ақ найзаның ұшымен, ақ білектің
күшімен жаумен жағаласқан бабалар даңқына әспеттеу, сол арқылы өндірдей
өрім жастардың бойына ұлтжандылық рухын сіңіру "Елім! Жерім!" дейтін кез
келген азаматтың парызы болуы керек.
Иман Дулатұлы, төлек Жәуке, сары Қошқар батырлар хақында материалдар
жинастыру, оны бүгінгі ұрпақтың көзайымына айналдыру, міне, осындай ниеттен
туған еді.
Төлек Жәуке батыр туралы ел арасында ауыздан ауызға жеткен әңгімелер
өте көп болған. Ал оның ерлік, қаһармандық қасиетіне байланысты алғашқы
деректер, тарихи мәліметтер, сөз жоқ әйгілі оқымысты, тарихшы, профессор
Ермұхан Бекмахановтың "Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында" деп
аталатын еңбегінен бастау алатыны рас.
Осы кітап жайында академик, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, тарихшы Кеңес Нұрпейіс "Қайсарлық пен қасірет. Ермұхан
Бекмаханов пен оның басты кітабының жазалануы жайында" деген мақала жазды
("Егемен Қазақстан". 1-5 ақпан 2005 жыл) "...Талантты ғалым, ұлағатты
ұстаз, қайсар азамат Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен оның басты ғылыми
мұрасы "Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында" атты еңбегінің тағдыры аса
қиын да күрделі болды, деп жазды ол, - Ерағаң жалған жаланың құрбаны болып,
түрмелер мен концлагерьлердің "тұз-дәмін" татты, оның отбасы моральдық
соққыға ұшырап, материалдық қиыншылықтар көрді, Осылардың барлығы Ерекеңнің
өмірден ерте кетуіне, бергенімен берері көп шағында дүние салуына себепші
болды".
Академик К.Нұрпейіс жазса жазғанындай, Кенесары хан және ол билік
құрып өмір сүрген қоғам туралы жазылған кітаптың да, оның авторының да
кеңестік дәуірдегі моноидеологиясы тұсында жазалануы сол заманның ақиқаты
еді. Осы жағдай тағдыр талайы кітапқа өзек болған Төлек Жәукенің, өзге де
батырлардың есімі тарих беттерінен қасақана ұмыттырылып, жабулы қазан
жабулы күйінде қалуына себепті болғаны тағы рас.
Елімізде Тәуелсіздік туының желбіреуімен қоса қалың әлеумет рухани
құндылықтармен қайта қауыша бастағаны мәлім. Бұл жағдай Е.Бекмаханов
еңбектеріне де тән болды. Сөйтіп, өзінің алғаш жарық көрген сәтінен бері 45
жылдан кейін оның "Казахстан в 20-40 годы XIX" деген еңбегі 1992 жылы
"Қазақ университеті" баспасынан қайта жарық көріп, оқырман қауымның
көзайымына айналды. Төлек Жәуке батыр ұрпақтары да өздерінің батыр
бабасының ерлік жолын нақты тарихи деректермен шежірелеген ғылыми еңбекпен
осылайша қайта қауышты.
Төлек Жәуке батыр образы әдеби көркем шығармалардың өзегіне
айналғанын біз ілгеріде әңгімеміздің кіріспесінде айттық. Торғайдың
топжарған ақыны Нұрқан Ахметбековтың "Қарға" дастаны ел ішінде атадан бала
жаттап алып айтатын шығармаға айналғаны ақиқат. Тіпті бұл дастан көпшілік
жерде өзіндік әуен-мақаммен айтылатын болған.
Айталық, сол XX ғасырдың 90-жылдарының өзінде жастары 80-85-терді
алқымдап қалған Қыдыралы Жиенбаев, Көшекбай Оспанов, Ұлысбай Байғұйкин,
Құрман Жанарбаев, Зейнелғарап Өмірәлиева, Үмия Оспанқызы, Хамит Рахметов,
Атымтай Смайлов, Омар Кенжалыұлы, Ақтай Есмағанбетов, Әбдуахит Әбілқасов
секілді кеудесі алтын сандық Торғай абыздарының естеліктері батыр туралы
материалдарды іздестіру барысында көп септесін болғанын атап айтамыз.
Бұлардың бірқатары бұл күнде дүниеден өткен, ал бірақ соңдарында
өлмейтұғын сөз қалды.
Бүгінгі таңда батырлардың тағдыр талайына, ғұмыр жолына қатысты
мәліметтер ел ішінде ауыздан ауызға жеткен әңгімелермен де қуатталатынына
көз жеткіздік. Аталған мәселенің арнайы жүйе ретінде қарастырылмауы
арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады. Қарама-
қайшылықтар бізге зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты ХІХ ғасырдағы
ұлт-азаттық көтерілістегі Иман Дулатұлы, төлек Жәуке, сары Қошқар
батырлардың ролі деп таңдауымызға себепші болды.

Зерттеу нысаны. Иман Дулатұлы, төлек Жәуке, сары Қошқар батырлар
жайлы деректер.

Зерттеу көздері: Ұзақ жылдарда баспалардың сөресінде жатып сонау ХХ
ғасырдың 70 жылдары оқырман қолына жол тартқан І.Есенберлиннің "Қаһары"
Кенесары-Наурызбай бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің болмысын бедерлеуде
көркем әдебиетке үлкен үлес қосқан шығарма болуы. Осы романда да Кенесары
ханның сенімді серіктерінің қатарынан Төлек Жәуке батыр есімі лайықты түрде
аталады.
Енді бірқатар мақалалар мен тарихи очерктер, эсселер тоқсаныншы
жылдардың жуан ортасында, Төлек Жәуке батырдың 175 жылдығын мерекелеу
қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Бұл ретте Торғай
облысы, Аманкелді адандық "Ақ жол", облыстық "Торғай таңы", республикалық
"Халық Кеңесі" газеттерінде жарияланған материалдарды атап өтуге болады.
Мәселен, баспасөз ардагері Бөгетбай Әлмағанбетовтің қаламынан туған
"Сұрасаң менің атым Төлек Жәуке" ("Ақ жол" газеті 6 тамыз, 13 тамыз, 7
қыркүйек 1994 ж,,) деп аталатын деректер мен ой-толғаныстарға құрылған
мақаланы айтуға болады. Автор Төлек Жәуке батыр туралы ел аузындағы
әңгімелермен шектеліп қана қоймай, батыр баба туралы жазылған бірқатар
мақалаларға талдау жасайды, өзіндік пікірін білдіреді. Сол секілді осы
өңірге белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Хамитбек
Мұсабаевтың "Төлек Жәуке" поэмасы, Ахметхан Байжанов пен Хамитбек
Мұсабаевтың "Азаттықтың ақ жолында" ("Ақ жол" газеті. 7 қазан, 1994 ж.)
атты үш актілі драмасы батырдың ерлік өнегесіне қанықсам деген оқырмандар
үшін олжалы дүниелер болды. Сондай-ақ, еңбек ардагері Көшекбай Оспанұлының
батыр баба туралы естелік-әңгімелерін де ("Ақжол газеті, 30 мамыр, 1994 ж.)
осы санатқа қосу керек. Аудандық газеттің әйгілі құран қари Файзолла
Сатыбалдыұлының "Тойшыбек Жәуке батыр баласына" ("Ақ жол" газеті, 7-қазан,
1994 ж.) атты өлеңін тауып жариялауы да оқырман олжасы болды.
Батыр бабаларымызың рухын ұлықтауға орай Торғай облыстық "Торғай
таңы" газетінде де бірнеше мақалалар жарияланды. Белгілі жазушы, этнограф
Сейіт Кенжеахметовтың "Азаттық арыстаны" ("Торғай таңы". 6 қазан, 1994 ж.),
Төлек Жәуке батыр ерлік жолын зерттеуші, қаламгер Жұмабек Кенжалиннің
"Жәуке батыр" деп аталатын тарихи очерктері оқырман назарына ұсынылған.
С.Кенжеахметов өзінің материалында жас ұрпақты елжандылыққа, отаншылдыққа
тәрбиелеудегі батыр бабалардың ерлігін дәріптеудің атқарар рөліне
тоқталған. Ол Кенесары-Наурызбай ұлт-азаттық көтерілісі тұсындағы тарихи
жағдаяттарды оқырман назарына салады. Ал тарихшы Сұлтан Оспанов "Арыстандай
айбарлым" ("Торғай таңы" газеті, 8 қыркүйек, 1992 ж.) деген мақаласында ұлт-
азаттық көтерілісі туралы оған қатысқан Төлек Жәуке батырдың ерлігі туралы
өзіндік топшылауларын ортаға салады.
Төлек Жәуке батырдың Кенесары-Наурызбай ұлт-азаттық қозғалысындағы
рөліне байланысты республикалық басылымдарда да мақалалар жарияланды. Оның
алғашқысы Жұмабек Кенжалиннің "Жәуке батыр" тарихи очеркі болса ("Халық
Кеңесі". 3 қараша, 1992 ж.), "Қазақстан жаршысы" газетінде батырдың 175
жылдығына орай топтама жарияланды ("Қазақстан жаршысы" газеті. 13 мамыр,
1994 ж.). Ал Республикамызға белгілі ақын Бақыткерей Ысқақовтың "Жаужүрек
Жәуке" (Халық Кеңесі". 7 қазан, 1994 ж.) деп аталатын хикая толғауы,
Мұсайын Сегізсеріұлының "Жәукенің жасыл найзасы ("Халық Кеңесі". 20 шілде
1995 ж.) деп аталатын толғау өлеңі оқырмандардың ілтипатына бөленгені
сөзсіз. Ілгеріде батыр бабамыздың туғанына 175 жыл толуына арналған
мерейтой шаралары Торғай облысында аталып өтті дедік. Соған байланысты
"Халық Кеңесі" газеті редакция қызметкерлері Мейрамбек Төлепбергенов пен
Мақсұтбек Сүлейменовтың той тағылымынан түйер мәселелерге арналған
"Бодандықтың бұғауын бұзған батыр" ("Халық Кеңесі": 21-қазан, 1994 ж.) деп
аталатын көлемді мақаланы жариялады.
Белгілі қаламгер Батырбек Мырзабеков те осы тақырыпқа үлес қосып,
"Төлек Жәуке батырдаң бір қуаныш, бір қорқынышы" деп аталатын мақала
жариялады ("Ақиқат", №9, 2007 ж.). Бұл материалда батырдың жасы ұлғайған
шағындағы даналық мәйектерінен сыр шертіледі.
Осы жарияланымдардың қай-қайсысы да кешегі сұрқылтай заманда ақ
найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елінің тағдыры үшін жаумен арыстанша
арпалысқан бабаларымыздың рухын ұлықтауға арналғаны ақиқат.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестегі төлек Жәуке батыр,
Иман батыр, сары Қошқар батырлардың ролін анықтау, елінің бостандығы мен
халқының тыныштығы жолында күрескен бабаларымыздың тарихтағы орнын баяндау.

1837-1847 жылдардағы көтеріліс өзінің сипаты, қозғаушы күштері,
негізгі мақсаты жөнінен отаршылдыққа қарсы бұқаралық көтеріліс болды. Бұл
көтеріліс царизмнің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының қуатты
қозғалысы болды. Ол орыс халқына қарсы емес, ол отаршылдық тәртіптердің
орнығуына және даланың байырғы тұрғындарының ғасырлар бойы мекендеген
жерлеріне ығыстырылуына қарсы бағытталды. Оның мәнін ғылыми сын
тұрғысынан түсінуді талап ететін қарама -қайшылықтары анықталмаған
жағдайлары аз емес.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі:

Кенесары көтерілісінің қазақ жерінде ХVIII-XIX ғасырларда болған
бұдан бұрынғы қозғалыстардан ең басты ерекшелігі – оған барлық үш жүздің ру-
тайпалары қатынасып, жалпыхалықтық сипат алды және қанат жйаған көлемі
бірден көзге түседі. Олар: шұбыртпалы Ағыбай, Орта жүз, Қарқаралы
аймағынан, Сүйіндік Жанайдар, Орта жүз, Баянауыл аумағынан, бегімбет Иман
Дулатұлы, Орта жүз Торғай өңірінен, табын Жоламан Тіленшіұлы, кіші жүз,
Сырдария алқабынан, дулат Бұғыбай, Ұлы жүз, Жетісу өңірінен, атығай Аңғал,
Орта жүз, Көкшетау бөктерінен, қыпшақ Басығара, Орта жүз, Ақмола аймағынан,
арғын Жеке батыр, Орта жүз, Төлек Жәуке батыр, Орта жүз, Сарыторғай
бойынан, сары Қошқар, Орта жүз, Қабырға алқабынан, дулат Сұраншы, Бәсейіт
батырлар, Ұлы жүз, Алатау баурайынан. Бұлардың әлеуметтік құрамы да әр
түрлі: Иман, Ағыбай, Бұхарбай, Жеке батыр сияқты кедейлер тоыбнан
шыққандармен қатар, Наурызбай сияқты сұлтандар, Жоламан Тіленшіұлы сияқты
билер де бар. Ендеше, бұл көтерілісті біз бірыңғай билік аңсағандардың
әрекеті дей алмаймыз. Көтерілісшілердің басты ұраны – тәуелсіздік, азаттық,
қазақ жерінің тұтастығы!

Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық
(модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті
талдау), эмперикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент,
педагогикалық іс-тәжірибелер); білім беру жүйесі субъектілерінің
тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік
жұмыстарды жүргізу әдістері қолданылды.

І тарау. Қазақстанның орыс мемлекетінің құрамына енуі
1.1 Қазақстандағы отарлау саясатының негізгі бағыттары

Император Петр І Қара теңіз, Балтық теңізі арқылы Европаға Азия
елдерін ашу жолдарын іздестірді, осыны қолдаушылар мен жақтаушылар үшін
Қазақстан орыстар шығыс саясатын іске асыратын Турция, Иран,
Ауғаныстан,Үнді,Қытай ,Орта Азияға бірден бір қолайлы роль атқарды. Осы
шығыс саясатын жасауды және іске асыруда.
Қазақстанды толық бағындырып алу үшін мына төмендегідей есептермен
болжамдар жасады.
Әскери эканомикалық қатынастарды күшейту бұны іске асыру үшін аз
күштерінің жетіспеушілігі байқалады. Сол үшін ішкі саясатының Орта Азия мен
Қазақстанда күшейтіп беделін өсіру. Әскери атрядтар құру, экспедиция құрып
жергілікті патшалық чиновниктерді.
Әскери зертеу жұмысына Қазақстанға кіргізу. Қазақстанда әскери форт,
бекіністер салуды жетілдіру және дипломатикалық каналдар арқылы патша
үкіметінің мықты құралы көші-қон саясаты арқылы казачий отрядтарын
құру. Ең соңғы роль Қазақстан халқы діни идиологиялық жолмен езгіге салу.
Жалпы аяғында орыс империясы Қазақстанды отарлау саясаты мына
төмендегідей уақыттарда өткізілді.
І кезең. XVI ғасырда әр жақтан құралған қашқындар мен ерікті
қазақтарды аймаққа отарлау отрядтары құрылды.
ІІ кезең. ХҮП -ғасырдан бастап сауда-өндірістік капиталы үшін Әскери
басқару отарлауы.
ІІІ кезең. XIX – ғасырдың аяғынан бастап XX ғасырдың басына дейін
Көші- қон отарлауы.
ІV кезең. XVII – ғасырдың аяғынан XX ғасырдың басына дейін діни-
идиологиялық отарлау.
Басты отарлау саясаттарының әрқайсысының өз ерекшеліктері болды.
Әскери отарлау саясаты бекіністер крепостер, форттар салуымен айналысты.
Осы факт оның қаншалықты масштабы мен тереңдігін көрсетеді.
Омбы (1716ж). Семей (1718ж).Өскемен (1730ж). Орынбор (орек - 1735ж)
Ақмола, Көкшетау, Қарқаралы бекінісі (1824ж). Зайсан бекінісі (1868ж), Орал
(ырғыз), Торғай (1845ж), Ново-Петровское (мауғышалық) (1834ж).
Александровский (шевченко) форты (1834ж) Қазалы, Қос Арал форты (1848ж)
Дипломатиялық құралдар. Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында Ресей сауда
каравандарымен Зайсан көлімен Қара Ертістің басынан Колмаковтың
басшылықтарымен экспедиция жіберілді. Жоңғарға екі рет Иван (1713ж) елші
болып барды. Және де Унковский (1722ж) Флорио Беневинидің Персияға,
Бухараға (1718-1725ж) дипломатиялық мисиясы. Осы және басқа да
дипломатиялық акциясы орыс мемлекеті мен орталық Азия елдерінде орыс-қазақ
және орыс-орта Азия халықтарының қарым қатынастың дамуына үлкен үлес
қосылды. Аймақты игеруде әскери зертеушілер басты роль атқарды. Бухальцтың
Шығыс Қазақстанға (1715ж), Орынбор экспедициясы сенат хатшысы Кириловтың
(1734ж) басшылығымен, Орынбор экспедициясы В.А.Урдсовтың (1740ж)
басшылығымен. Россияның акамедиялық білім экспедициясы академик П.С.
Палласовтың 60-70жж. XVIII- ғасыр басшылығымен академик Н.Г.Георгидің
Поволжья, Орал, Сібірге (1772-1774жж) сапарға шығуы.Экспедиция капитан
лейтенант А.Бутаковтың Арал теңізін зертеуі (1848-1849жж) И.В.Мушкетовтың
(1874-1877жж) Жетісу, Орта Азияны геологиялық зертеуі. Арал теңізін Бергтың
(1900-1906жж) зертеуі. Ресейдің Қазақстан территориясына Бекінудің бір
түрі. Көші-Қон саясат немесе крестияндарды орналастыру (көшіріп әкелу) бұл
саясаттың мақсаты мынадай;
Крестяндарды ревалюциялық қозғалыстан аластату жаңа орында оларды
өзіне мықты таяныш ету, отарлау әскерін толықтыру,
патшаның әр ұлты халықты араластыру саясаты оларды біріктірп,
ортақ жауға қарсы шығуға мүмкіндік бермеу Батыс Сібір бас басқармасының
мына төмендегі Октябрь айы 1886жылы қабылданған қауылысына көңіл аударайық.
Қырғыз даласына жіберілетін семьялы жұмыскерлердің барлығына наным қасиеті
жақсы күн көрісі барлар игілікті сенімді болып табылады. Бұл Ресейдің
тілегі жергілікті әкімшіліктері осы позицияны ұстанды. Мысалы аймақты
орыстық отарлау отаршылардың құрамының шаруашылығының қамтамасыз болды.
Көші-Қон қозғалысы 1861-1892жылдары Ақмола, Орал,Семей,Торғай, Жетісу
региондарын қамтыды. 1892жылы арнайы Сібір темір жол комитеті құрылғаннан
кейін көші-қонның жаңа этапы басталды.
Мұндай саясатты патша саясаткерлері ескі Қытайдың имераторларынан
алған деген пайымдаулар бар. Жаулап алған жерге жергілікті халыққа
Қытайларды араластыру. Біріншіден, бұл саясат өте тиімді. Себебі екі
халықтың өкілі бір-біріне сенбестікпен қарайды, бұл басқыншыларға қарсы
көтерілуге кедергі жасады. Екіншіден, басқару жүйесіне екі жақтың өкілдері
де қатыса алады, бұл бір-бірінің жұмысына бақылауды күшейтеді. Үшіншіден,
күресуші халық жергілікті халықпен тығыз байланыста болады. Бұл
территорияда ішкі және сыртқы жаулардан сақтайды.
Төртіншіден, жаулап алушылар санының көптігімен Түркі архон мен
ұлт тағдыры байлап тастау. Ең қайғылысы совет үкіметі кезінде мыңдаған
халықтың тағдырын ХХ- ғасырдың ұлы қайғысына ұшыратты.
Аймақты отарлау саясатының бірден бір құалы - басқару билігін қайта
құру. Жаңадан құрылған аймақтық салалы сайлау механизмі шындығында бір
халықты бір халыққа өлтірту деген сөз деп жоғары лауазымды чиновниктің сөзі
айтылған болатын.
Бұл әлеуметтік саяси іс шаралары патша Александр II-нің 5 июль 1865ж
арнайы қаулысына сабақтасып жатыр. Осыған сәйкес Жетісу, Сырдария обылсы
Орынбор, Сібір генерал губернатордың 1868 жылға Уақытша басқару қаулысы
қабылданды. Қалыпты басқару әскери шарушылық діни системасын өрескел бұза
отырысы орыс үкіметінің чиновниктеріне бірте-бірте қазақтарды орыстандырып
християн дініне енгізу бағытталды.

1.2 Қазақстанның Ресейге қосылуы кезінде ұлт – азаттық
қозғалыстар

Қазақстанның Ресейге бірігуі кезінде болған шаруалар қозғалысын
зерттеушілер. Тарихта Ресей империясында болған ұлт азаттық қозғалысының
бір тармағы деп түсіндірілді бірақта қазақ халқының Ресейді отарлау
саясатына қарсы көтерілісінің сипаты, ерекшеліктері туралы ғалымдардың бір
жобаға белгілі бір тұжырым пікір зертеушілер жоқ. Ұлт азаттық қозғалысы
туралы әр түрлі жаңсақ пікірдің қалыптасуына әлеуметтік экономикалық
қатынастың көтеріліс алдында және жүру процессінде дұрыс зерттелмеген.
Казіргі Қазақстанның тарихи ғылымында нақты документалды материалдар
болмауына байланысты. Қарама қарсы талдаулар мен пікірлер қалыптасқан.
Ш.Уалиханов атындағы тарих этналогия институтының басшылығы Абылай ханның
280 жылдығына, Кенесары ханның туғанына 190 жылдығына және оның
басшылығымен болған көтеріліс туралы конференция өткізілді. Отарлау саясаты
кезіндегі ұлттық қозғалыс Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Кавказ туралы
конференцияда осы мәселені шешу жолында ғалымдар бас қосты. Онда бір
бірімен тығыз байланыста болып жаңа канцептуалдық позиция ұсталуын тәжірибе
алмасу азаттық қозғалыстың әр регионда спецификасын жасау және бұл туралы
ескі пікірді жаңаша біріктіру. Бірінші және ең белгілі халық қозғалысы
Сырым Датовтың басшылығымен болды. Бұл қозғалыстың болу себебі патшаның
қазақтың кіші жүз рулары Ішке өткізбеу орал сыртына дейін қазақ
зиалысының правасын шектеу ханның өлшеусіз билігі қозғалыс сырын
саралағанда көптеген дискуссиялық проблемалар қарсы пікірлер туындайды.
Ру старшиндардың қозғалысының ролі Сырым Датовтың кіші жүздің
беделді билерімен қарым қатынасы анық айтылмаған. Қозғалыстың тоқталуы
батырдың өз жақтастарымен Хида хандығына 1802 жылы қашып кетті және оның
сондағы жұмбақ өлімі осы күнге дейін белгісіз.
Анық ашық түрде 1836-1838 жылдары Исатай Тайманов бастаған шаруалар
көтерілісі отаршылыққа және федализмге қарсы бағытталған кең байтақ
аймақтың Россияға қосылу кезеңі аяақталар кезінде ете түсті.
1836-1838 жылдары болған қозғалыс алдында өткен қозғалыстарға
қарағанда басқаша сыйпатта болды.
Патшаның отаршылық саясаты қазақстанның көптеген териториясында
аяақталып әрі қарай ашық түрде өрбіді Сібір қырғыздары туралы 1822 жылы,
Орынбор қырғыздары туралы 1824 ж. уставтары кіші жүзді дистанциялық басқару
жүйесінің енгізілуі патша үкіметінің қазақ жерін басып алуын жеңілдетіп.
Қазақ руларын өнімсіз құнарсыз жерлерге ығыстыру патшаның фискалдық саясаты
осының барлығы қозғалысқа отаршылыққа қарсы бағыт берді.
Қозғалыстың басты күші қатардағы көшпелілер болды соңғы уақытына
дейін жазалау отрядының қаталдығымен Жәңгір ханының қысымына қарамай Исатай
Таймановқа өздерінің адалдығын білдірді. Осы уақытта билер мен старшиндар
Исатай Таймановқа алғашқы уақытта өтірік қосылған болып қастандық жасау
арқылы ханның жеңілдікке барып би старшиндер арқылы келісім позициясын
қостап келісім группаларын құруы қозғалыстың басылуына яғни жеңілдікке көп
септігін тигізді.
1836-1838жылдардағы тарихи қозғалыста көптеген келіспеу-шілік
моменттері аз болған жоқ сондықтан оны тереңдетілген түрде зерттелді
қажеттілігі туындайды.
Исатайдың өз қара басы мен оның жақтаушыларының көз-қарасы
қозғалысқа қатысушылардың саны да дұрыс зерттелмеген. Тек қана Исатай мен
Махамбет Өтемісовтың еңбектері ғана зерттелген. Атақты батырлардың Ақбұлақ
қозғалысына (12.07.1838ж.) дейін Исатайға көмектесіп батыл күрескендерін,
олардың Жәңгір ханмен қарым қатынасын зерттеу кезек күттірмейтін жұмыстарды
қажет етеді.
Қозғалыстың көптеген қырларын ашуда соңғы этаптағы Кенесары
Қасымовтың қозғалысымен өзара байланысын , кейбір отрядтың июль август
айларында 1838жылы Кіші жүздің батыс райондарындағы шабулдарында зерттеу
қажет стихиялық қозғалыстың программасын Екі егіз ғылым — тарихпен
әдебиетке Махамбет Өтемісовтың мұрасы тұрғылықты түрде зерттеу жүктелді .
Тарихтағы ұлт азаттық қозғалысының айрықша орын алатыны ХІХ-ғасырда 1837-
1847жылдарындағы көтеріліс.
Оның жойылу жолдарындағы, Ресей саясатына тигізген әсері ұзақ
уақытқа созылуы табандылығы, басындағы және кейінгі қозғалыстардан қазақ
халқының тарихында ерекше орын алады. Отаршылық басқыншылыққа қарсы орта
жүзде әскери линия құрылысының жүргізілуі. Осыларға қарсы Кенесары
Қасымовтың округ қозғалысы 10 жыл кавказ қозғалысымен қосылып гүлденген
империяның ұлы жүзбен орта жүзге әскери планын кейінге қалдырды. Қырғыздар
жеңіспен аяақтады. 1837-1847жылдардағы қозғалыс сипаты қозғалыс күші
халыққа жаппай таралды отаршылыққа қарсы саясат орыс халқына қарсы
жүргізілмеген. Бұл отаршылдық тәртіпке қарсы жергілікті халықты мекенін
ығыстыруға қарсы жасалған қозғалыс. Осы төңіректе де қарама -қарсы пікірлер
анықталмаған мәселелер - ғылыми сын көзбен зерттелу қажет.

1.3 Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

XIX ғасырдың ортасында Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық
көтеріліс алға қойған мақсаты, күрес тәсілдері және Қазақстанның барлық
аймақтарын қамтуымен шын мәніндегі ұлттық масштабтағы қозғалыстың үлгісіне
айналды. Қарулы күрестің бұндай мол тәжірибесі Казақстандық ұлт-азаттық
қозғалысқа ерекше кемелдік сипат берді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Оңтүстік аймақтарды патшалық Ресейден қорғауда Кене ханның ісін оның баласы
Сыздық сұлтан жалғастырған болатын. Сондай-ақ патша саясатының Қазақстанды
бағындыру, түптеп келгенде оны отарға айналдыру кезіндегі әдістерді
айқындау – басты мақсат болып табылады.
Қасымұлы Кенесары хан (1802-1847) – Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт
азаттық көтерілісінің әйгілі басшысы. Ол өзінің тегі жағынан төре
тұқымынан. Бабасы – қазақтың атақты ханы Абылай. Арғы аталары Шыңғыс ханның
Жошы деген үлкен баласынан тарайды. Абылайдың әйелі қалмақтың Хочу мерген
нойанының қызы Топыштан Қасым сұлтан туады. Кенесары осы Қасым сұлтанның
баласы.
1822 жылы Ресей өкіметі Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билікті
жойып, аға сұлтан мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей
өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, өз үстемдіктерін
жүргізе бастайды. Осыған қарсы шыққан Кенесары хандық басқару жүйесін
қалпына келтіруге күш салады. Ол өз ойын Ресейдің жергілікті әкімшілігіне,
сонымен қатар патшаның тікелей өзіне де жеткізеді. Бірақ патша өкіметі
Кенесарының талаптарын орындаудан бас тартады. Сондықтан да ол өз мақсатын
күшпен жүзеге асыруға кіріседі.
Кенесары көтерілісін жер жерден қолдаушылар көбейеді. Өйткені патша
әкімшілігі қазақтардың жерін тартып алып, әскери бекіністер сала бастайды.
Көшпелі ел ата қонысынан айырылып, мал жаятын жаңа жер іздеуге мәжбүр
болды.Оның үстінен патша үкіметінің алым салығының ауыртпалығы да оларды
діңкелетіп біткен еді. Осының бәрі қазақ қауымының наразылығын күшейтіп,
оларды Кенесары бастаған көтерілісті жан жақты қолдауға итермеледі.
Көпшіліктің қолдауымен Кенесары 1841 жылы Қазақ хандығының ханы болып
сайланды.
Патша өкіметі кесіп алған жерлерді заңды иесіне қайтару жолындағы
күресте Кенесары әскери күштерді ұйымдастыру барысында Орта Азия
хандықтарының тәжірибесіне сүйенеді. Ол өз әскерін жүзге, мыңға бөліп
жүзбасылар мен мыңбасыларды тағайындады. Әскер тәртібін бұзғандар қатал
жазаланды.
Кенесарының сыртқы саясатының басты мақсаты Тәуелсіз Қазақ хандығын
құру болатын. Ол осы мақсатын жүзеге асыру үшін Орта Азия хандықтарынан
өзіне сүйеу іздейді, олардың ішкі ісіне араласып, билеушілерін өз жағына
тартуға күш салады. Хиуа ханы мен Бұқар әміріне өз елшілерін жіберіп,
байланыс орнатады. Орта Азия мемлекеттерімен сауда көлемін ұлғайтып,
олардан өздеріне қажетті қару жарақ, оқ дәрі алып тұрады.
Кенесары өз хандығын нығайту үшін біраз экономикалық және саяси
шараларды жүзеге асырады. Оның алым-салық саясаты шариғатқа негізделіп, мал
өсіретін аудандарда зекетті, егіншілікті аудандарда ұшырды енгізеді.
Халықтан алым-салық жинауды арнайы жасауылдар жүзеге асырды.
Отты қарумен қаруланған патша әскеріне қарусыз халық жасақтарының
төтеп беруі қиын еді. Соған қарамастан Кенесары өзінің аса дарынды қолбасшы
екендігін танытып, түрлі әскери тәсілдер арқылы оларға бірнеше рет ойсырата
соққы беріп, бірнеше бекіністің талқанын шығарды. Солардың бірі Кенесарының
Екатеринбург станциясына жасаған шабуылы. Шабуылдың тұтқиылдан болғандығы
сондай, казактар, тіпті қарсылық көрсете алмай қалады. Осы жолы Кенесарының
жігіттері 18 мылтық, 2 пистолет, 18 қылыш, 27 найза қолға түсіреді.
Көп жылға созылған күрес негізгі күшін әлсіреткен Кенесары патша
әскерінің қысымымен 1846 жылы Орта жүзден Ұлы жүз қазақтарының жеріне
кетуге мәжбүр болады. Мұнда ол қырғыз манаптарына Қоқандқа қарсы бірігіп
соғысуға ұсыныс жасайды. Бірақ Орман мен Жантай бастаған манаптар оның бұл
ұсынысын қабылдамай, орыстың генерал-губернаторы Капцевичке өздерінің
Кенесарымен соғысатынын хабарлап, одан көмек сұрайды.
Ресей әскери күшінің дем беруімен болған Кекілік тауындағы қазақ-
қырғыз арасындағы қақтығыста Кенесары қолға түсіп, қаза табады. Кенесарының
тәуелсіздік жолындағы күресі де және осы жолда тек қана түркі халықтарының
күш біріктіруі арқылы оң нәтиже күтіп, әрекет етуі де оның кең қарымды
саясаткер, көреген стратег екенін айқын аңғартады.
Қазақ халқының патшалық Ресейге, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы
жүргізген ұлт-азаттық күресін басқарушы.
1827-жылдан бастап Абылайдың ұрпақтары қазақ хандығын патшалық Ресей
езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Кенесарының әкесі
Қасым мен үлкен ағасы Саржан бастаған жасақтар орыс ауылдары мен
керуендеріне шабуыл жасап тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты.
Міне солардың жолын жалғастырушы Кенесары Қасымов та мемлекет
тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер
атқарды. Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды жеңіп, тәуелсіздікке қол
жеткізу үшін халықты біліктілікпен басқару көп септігін тигізетінін ол жете
түсінді.
Кенесары Қасымов өз айналасына ең адал кеңесшілер мен батырларды,
халық арасынан отарлық езгіге қарсы ең беделді, белсенді азаматтарды
топтастыра білді.
Қиын-қыстау шақтағы ортақ мүдде – ұлттың азаттығы үшін осындай
әрекетке баруының өзі ұлылық емес пе?! Патшаның бөліп ал да, билей бер
деген саясаты қазақ даласына кеңінен таралуы, елдің қатты наразылығын
туғызуы оның жақтастарын көбейтуі заңды еді. Сонымен бірге, Кенесарыға
қарсы шыққан рулар да болды.
1841-жылы Кенесары Қасымов хан сайланды, оның саясатының басты
мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру болды. Кенесары мемлекетті
басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді, сонымен бірге, билер сотын
қалпына келтірді. Мемлекет пен оның әскерін нығайту жолдарын жетік білетін
хан мұсылмандық құқық ережелерін бекітті. Салық саясаты да оны тиімді
жолмен жинауға бағытталды.
Кенесары қатаң тәртіп пен басқару принциптеріне негізделген Абылай
атасының саясатын жүргізді. 1846-жылы Ресей жасақтары мен отаршылдыққа
бойұсынған қазақ сұлтандарының әскери құрылымдары оны Кіші және Орта жүздер
аумағынан ығыстырды.
Кенесары қолы алғашқы әрекетін 1838-жылдың көктемінде Ақмола
бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Қамал бастығы әскери старшина Карбышев
пен Ақмола аумағының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин төнген ажалдан
құтылып кетті. Кенесары енді Торғайға бет бұрды. Кенесары Қасымов патша
өкілдеріне жазған хаттарында бұл әрекетін Ресей шекараларына жақындатуға
ұмтылу, сол арқылы келіссөз процестерін жеңілдету деп түсіндірді. Шын
мәнінде батырдың негізгі мақсаты 1836-1838 жылдары Исатай Тайманов бастаған
ұлт-азаттық көтерілісі болып өткен Кіші жүзді жалпыхалықтық көтеріліске
қосу болды.
1841-жылы Кенесары хан тағына отырғаннан кейін, көтеріліске
қатысушылар әскери қимылын үдете түсті, олар қоқандықтардың елеулі күштері
бекінген Жүлек, Ақмешіт, Жаңақорған, Созақ қамалдарын қоршауға алды.
Кенесары өзінің басты мақсаты – азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ
жауға қарсы үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді.
Алайда ұлт-азаттық күрестің 1844-1845 жылдары қарқыны үдей түскен кезеңде
де қазақтардың басы толық бірікпеді. Көтерілістің бас кезінде-ақ қазақтар
қарама-қарсы екі топқа бөлінді: бірі Кенесары жағында болса, екіншісі
патшаның жүргізген саясатын қолдады.
Кенесары Қасымов хан, саясаткер, дипломат ретінде қазақтың үш жүзі
руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Оның әскерінің жалпы
саны кейде 20.000 адамға дейін жетті. Халықтың бас көтеруіне Орта жүздің
көптеген сұлтандары мен билері қосылды.
Кенесары бастаған халық көтерілісінің ауқымы кең болды, ол XVIII
ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басындағы азаттық жолындағы өзге
қозғалыстардан қазақ рулары көп қоныстанған негізгі аудандарды қамтуымен
ерекшеленеді.
Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс (1837 — 47). 19 ғ-дың алғашқы ширегiнде
патша үкiметi Қазақстанға әкiмш.-саяси өзгерiстер енгiзуге тырысты. 1822
жылғы “Сiбiр қазақтары туралы жарғы” далалық аудандарды басқарудың
құрылымын өзгерттi. Ендi басқарудың округтiк жүйесi енгiзiлдi. Қарқаралы
(бұрынғы Бөкей ханның иелiгiндегi) және Көкшетау (Уәли ханның иелiгiндегi)
округтерiн құрып, Орта жүз бен Ұлы жүздiң рулары мекендеген аймақтардың
түйiскен жерiндегi жайылымдарды тартып ала бастады. 19 ғ-дың 30-жылдарында
отаршылдық саясатқа қарсы Абылайдың кiшi ұлы Қасым төре бас көтердi. Қоқан
хандығына арқа сүйемек оймен, 40 мың үймен Қоқан хандығының қол астына
көшiп барды. Оның қоқандықтардан күткен үмiтi ақталмады. Ұлдары Саржан,
Есенгелдi, кейiнiрек өзi мерт болды. Отарлық езгiнiң күшеюi, шұрайлы
жерлердi тартып алып, бекiнiстер салу Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ
халқының ұлт-азаттық қозғалысын (1837 — 47) тудырды. 1838 жылдың көктемiнен
бастап Кенесары жасақтары патша әскерiне қарсы жоспарлы күрес жүргiздi.
Ақмола қ-н қиратты, Қоңырқұлжа ауылын шапты. 1840 ж. күзде Ырғыз бен Торғай
маңында патша әскерiмен қарулы қақтығыс басталды. 1841 ж. қыркүйекте үш жүз
өкiлдерi Кенесарыны хан етiп сайлады. Кенесары ел билеу тәртiбiн өзгерттi.
Алым-салық реформасы iске асырылды. Егiншiлiктi дамытуға, көршi елдермен
сауда-саттық жасалып, керуеннен салық алынатын болды. Хан кеңесi құрылды.
Жасақтар жүздiктерге, мыңдықтарға бөлiндi. Кенесары орыс үкiметiмен тату
көршiлiк қарым-қатынас орнатуға тырысты. 1841 — 42 ж. Кенесары жасақтары
қоқандықтарға қарсы соғыс жүргiздi. Созақ, Сауранды алды. Қоқандықтар
Кенесарымен келiссөз жүргiзуге мәжбүр болды. Бұхар әмiрi, Хиуа хандығы
Кенесарымен түсiнiстiк қатынасқа көштi. 1843 ж. Орынбор ген.-губернаторы
Перовский орнына келген генерал В.А.Обручев Батыс Сiбiр губернаторы П.Д.
Горчаковпен бiрге Кенесарыны қуғындауға кiрiстi. Ырғыз өз. бойында патша
әскерiнiң бiр тобымен кездескен Кенесары патша үкiметiмен келiссөз жүргiзiп
жатқанын айтып соғысты болдырмады. Бұл тұста екi жақ та әскери дайындығын
мұқият жүргiзiп жатты. 1844 — 45 ж. көтерiлiс өршiдi. Оған Сыр бойының, оңт-
тiң қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерiнiң санын 20 мың адамға жеткiздi.
Кенесары жасақтарын құрту, халық қозғалысын басу үшiн 1844 ж. жазда Ор
бекiнiсiнен, Ұлытаудан, Тобыл өз. бағытынан шыққан патша әскерiнiң үш
тобымен кескiлескен шайқастардан соң, 1845 ж. Кенесары Ұлы жүз жерiне қоныс
аударып, халық күшiн бiрiктiрудi, қырғыздармен одақтасып, Қоқан хандығына
шабуыл жасауды, сөйтiп олардың қол астындағы қазақтарды азат етудi мақсат
еттi. Қытаймен келiссөз жүргiзу үшiн, Құлжаға елшi жiбердi. 1845 ж. қазан-
қараша айларында Кенесары әскерi Қоқан хандығына жорыққа аттанды. Олар
Қорған, Жаңа Жүлек, Созақ бекiнiстерiн алды. Патша үкiметi қырғыз
манаптарын, Кенесарыға қас бай-сұлтандардың басын қосып, көтерiлiсшiлерге
соққы берудi iске асыруға кiрiстi. 1847 ж. сәуiрде Кенесары жасақтарымен
қырғыз жерiне басып кiрдi. Қырғыздармен соғыс Ыстықкөлдiң тау шатқалы
қойнауында, Шу өз. жоғ. ағысында өттi. Кенесарыны Тоқмақтың маңында Кеклiк-
Сеңгiр тауындағы Майтөбе деген жерде қырғыздар мен ген. Вишневский жасағы,
Қоқан хандығы әскерi қоршауға алып тұтқынға түсiрдi де, айуандықпен
өлтiрдi.

Кенесары мемлекет құрылымына көп көңіл бөлді, елді басқаруда жаңа
құрылымдар мен ережелер енгізді, сонымен бірге істен шығарылған
құрылымдарды қайта қалпына келтірді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатты.
Әскерді ұзақ дала соғыстарына бейімдеу үшін мыңдықтар мен жүздіктерге бөліп
басқару құрылымын құрды. Ол қажет ақпараттарды жеткізіп тұратын тыңшыларына
да сүйенді, саяси күрес пен дипломатияның тиімді әдістерін қолданды.
Мемлекеттің ішкі саясатын хан өзі қатаң бақылауға алды, ру аралық
қақтығыстардың жолын кесті.
Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты
алаңдатты. 1843-жылы 27 шілдеде І Николай империя құрамындағы қазақ
хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа
мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды.
Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен
күрес жүргізген Кенесары 1843-1844 жылдары біраз жеңістерге қол жеткізсе
де, шегінуге мәжбүр болды. шегіне келе Кенесары қырғыз жеріне шекаралас Ұлы
жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс
отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар
тарапынан күшті тойтарысқа тап болды.
Кенесары Қасымовтың сіңірген тарихи еңбегі – ол қазақ халқының салт-
дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске
жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы
өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.

ІІ тарау. ЖӘУКЕ, ИМАН, ҚОШҚАР БАТЫРЛАРДЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ
ОРНЫ
2.1 Төлек Жәуке батыр – дулығалы дала перзенті

10 жылға созылған ұлт-азаттық көтерісте Кене хан бойына біткен
табиғи елбасылық дарындылық пен дипломатқа тән бар айла-шарғының барлығын
жасап баққан. Бүгінгі текті жиналған тарихи құжаттарының орыс көрсе,
найзасын ала жүгірген ақкөз, патша чиновниктері баяндағандай бүлікшіл
бұзақы болмағанын дәлелдейді. Кенесары бірнешерет сый-сияпат жасап, орыс
патшасының аузын алмақ та болған. Қаншама елшіліктер аттандырды. Сондағы
бар мақсаты малын жайып, жайбарақат жатқан елді соғыс өртінен сақтау, екі
ел арасындағы дау-шарды бейбіт жолмен шешу, уақыт өткен сайын өрши түскен
отаршылдыққа тосқауыл қою болатын. Ол Орынбор шекара комиссиясының төрағасы
А.Ф.Генеке жазған бір хатында: Жіберген отрядтар 1825, 1827, 1830, 1831,
1832 және 1836 жылдары, бұдан кейін 1837 жылы екі рет, 1838 жылы төрт рет
және 1840 жылы үш рет елді талан-таражға салды - деп, патшалық Ресей
әскерлерінің жүгенсіздіктерін саусақпен санап тұрып көрсетіп берді. 1837
жылы көтеріліс туын көтермей тұрып Кенесары патша өкіметін өз Отаны
Көкшетау мен Ақмолада бекіністер салудан бас тартуға көздерін жеткізбек те
болды: Ата-бабаларымыз мұраға қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау,
Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Өлкейек, Тоғызақ
өңірлерін Жайыққа дейін қазіргі патша тартып алып, бекіністер салды... Бұл
біздің болашағымыздың үшін ғана емес, осы күнгі тіршілігіміз үшін де аса
қауіпті деп жазды. Хан осындай дәйекті дәлелдерін келтіре отырып, қазақ
жеріндегі барша әскери бекіністерді жоюды, еріксіз басып алған аймақтарды
қайтаруды, жергілікті халықты қан қақсатып, талап-тонауды тоқтаутды үзілді-
кесілді талап етті. Бірақ сонау І Петрдің тұсында-ақ Қырғыз-қайсақ даласын
Орта Азияға ашылатын алтын қақпаның күміс кілті деп таныған Ресей үкіметі
өзінің ту сыртында қаймағы бұзылмаған, біртұтас мемлекеттің берекесін
кетірмей, тәуелсіз күйде қалдыра алмайтын еді. Сондықтан І Николай патша
1844 жылы Бөкей ордасындағы жағдайға байланысты Бір патшалықтың болуы
мүмікн емес! деген тұжырыммен өзінің отаршылдық, жаугершілік ниетін ашық
білдірді. Сөйтіп, Кенесары ханға халқын бастап, қолына қаур аулдан басқа
жол қалдырмады. Ханы халқының қамын ойлаған соң, халқы ханының соғыңына
ерді де, табандатқан он ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары хан әулетінің шежіресі
Әбдіғапар Жанбосынұлы және 1916 жылдардағы Торғай қазақтарының көтерілісіне жаңа көзқарастар
Көтерілістің қозғаушы күштері - қазақ шаруалары
Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері мен барысы
Көтерілістің шығу себептері. Көтерілісшілердің отаршылдық саясатқа қарсы қарулы күресі
Орыс бақылаушысы
Қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы азаттық қозғалыстың жақтаушылары және қарсыластары
АМАНКЕЛДІ ХАЛЫҚ БАТЫРЫ
Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі
Қазақ шаруалары
Пәндер