Екілік сандар алфавиті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі компьютерлердің функциялары.

Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін ХХ
ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде
олар компьютер деп аталады) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын
автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді
магниттік таспаларға жазып, қағазға басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері
бар екені анықталды. Оларды дамыта отырып, архив жасау ісінде, мәтіндерді
теріп түзетуде, сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтандыруда
және де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолдана бастадық.
Ақпарат термині латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, білу
деген ұғымдарды білдіретін information сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша
немесе жазбаша түрде, қимыл не іс - әрекет түрінде бере аламыз. Кез -
келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның
негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Ақпарат кез - келген түрде бізге белгілі бір мағлұматтар береді. Ол
біздің айналамызда не болғаны немесе не болып жатқаны туралы деректер бере
алады, мысалы: кеше не істедік, ертең не істейміз, мектеп бітіру кешінде
қандай көйлек киеміз немесе қайда жұмыс істейміз деген сұрақтарға жауап
бере алады. Бірақ ақпарат әрқашан белгілі бір түрде – әңгіме, сурет, мақала
және т.б. түрінде болуға тиіс. Сызулар мен музыкалық шығармалар, кітаптар
мен суреттер, спектакльдер мен кинофильмдер – бәрі де ақпаратты жеткізу
түрлері болып саналады. Қандай түрде берілсе де ақпарат өзімізді қоршаған
ортаның нақты немесе қиялдағы көрінісі болады.
Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде
берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз –
бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы
немесе олардың бір - біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен
мәліметтер алу деген сөз.
Сонымен, ақпарат – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар
түрінде берілетін мағлұматтар.
Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр
сигналдары, магниттік жазба және т.б. көптеген тілдердің негізі алфавиті
болып саналады.
Алфавит белгілі бір тілдің кез-келген сөздерін құрай алатын
символдардың жиыны. (латын, қазақ т.б. алфавиттер)
Табиғи (натурал) сандар алфавиті: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6,7, 8, 9
Екілік сандар алфавиті: 0, 1
Мысалы ЭЕМ-де латын, қазақ алфавиттерінің әріптері және сандары 0 мен
1 тізбегінен тұратын сегіз екілік таңбамен бейленеді.
А 100000000 0 001100000
В 01000010 1 00110001
Мысалы: АНА деген сөзде 24 разрядты мынадай екілік сандармен
бейленеді: 10000000 10001011 10000000
Есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбаларын бит деп
атайды. Бит ағылшын тіліндегі bit (екілік таңба) деген сөз.
Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері – сөздер,
сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары – бәрі де екілік
сандар тізбегі арқылы жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден
тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады. Бит –
ағылшын тіліндегі bit (binary digit – екілік таңба) деген қысқарған сөз.
ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік
санды байт (ағылшынның byte деген сөзінен) деп атау келісілген.
1 байт =8 бит бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орналасқан,
мысалы,
Е – 10000101, е – 10100101, - 00101111, 8 – 00111000 т.с.с.
ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты
екілік санды байт деп атау келісілген. 1 байт - 8 биттен тұрады.
1байт - 8 бит
1кб - 1024б
1мб - 1024кб
1гб - 1024мб бар.
Ақпараттану – ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және
оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Ақпараттануды оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану
мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай,
қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпаратты кеңінен тарату заңдары мен
тәсілдері туралы түсініктер береді.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ - дер күнбе - күн пайда болып, олардың даму
үрдісі үздіксіз ғылыми - техникалық прогреске айналып отыр. Сонымен қатар,
ақпаратты өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді.
Осы себептерге байланысты ақпараттану жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән
болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.
Ақпараттану пәнінің негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін
өнімі ақпарат болып табылады. Сондықтан ақпарат ұғымы ақпараттану мен ЭЕМ
- де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Бұл күнде ЭЕМ ақпаратты өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-
ші жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін – жеке
пайдаланылатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар қазіргі
мектептерде, институттарда, баспаханаларда және т.б. орындарда кеңінен
қолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін, т.б.
көптеген мақсаттарда пайдалануға болады. Осы компьютерлерді өндіріс пен
жобалау ісінде, ғылыми зерттеу істері мен білім беруде пайдалану
миллиондаған адамдардың жұмыстарының мазмұны мен орындалуын түбегейлі түрде
өзгертті деуге болады.
Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістің автоматтандырылған технологиясын
жасауға мүмкіндіктер ашып береді. Оның үстіне, сол технологияның көмегімен
ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар
жасалынады. Осылардың негізінде ХХІ ғасырдың басында есептеу машиналары
адамсыз жұмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін
беріп отыр. Осы сияқты болашақтың фабрикаларында қолмен істелетін
жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті
жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегімен жаңа бұйым жасау
істерін жобалау ғана болып қалады.
Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану
адамдарға ақпаратты жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика ұғымы
Ақпарат туралы түсінік
Информация және информатика туралы мәлімет
Информатиканы оқытуға қойылатын мақсаттар
Мәліметтер
Информатика
Жасанды интеллект жүйесіне кіріспе
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы ақпарат
Ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктерін теориялық түсіндіру.
Сандар туралы мәлімет және санау жүйесінің тарихы
Пәндер