Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2001 жылғы
Атқару өндірісі
Бекет Тұрғараев,
Солтүстік Қазақстан
облыстық сотының
төрағасы,
Қазақстан Республикасына
еңбегі сіңген заңгер,
заң ғылымдарының
кандидаты
Сот шешімдерін орындаудың балама түрі ретінде
атқарушылық іс жүргізудің жекеше жүйесін құру
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес,
атқарушылық iс жүргiзу мiндеттерi азаматтық және әкiмшiлiк iстер жөнiндегi
сот шешiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын, мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде
қылмыстық iстер жөнiндегi үкiмдер мен қаулыларды мiндеттi түрде және
мерзімінде орындау, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де
органдардың шешiмдерi мен қаулыларын орындау болып табылады1 .
Қазақстанда сот қаулыларын орындауды ұзақ уақыт бойы соттардың
жанындағы сот орындаушылары жүзеге асырып келді. Сот қаулыларын орындау
азаматтық процестің аяқтаушы бөлігі ретінде қарастырылды. Сонымен бірге,
атқарушылық іс жүргізу органдарының ведомстволық бағыныстылығы соттар мен
әділет органдары арасында бірнеше рет ауысқанын, атқарушылық іс-
әрекеттердің процестен тыс сипатын, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуді
түбегейлі жақсарту қажеттігін ескеретін болсақ, олардың мемлекеттік
механизм құрылымындағы орнын анықтау осы органдар қызметінің тиімділігін
және басқа органдармен өзара іс-қимылының негізін айқындайтын маңызды
мәселелердің бірі болып табылады.
Мәселен, сот орындаушыларының дербес қызметін құру туралы мәселені
талқылау кезінде сот қаулыларын орындауды Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің құзырына беру қажет деген пікір айтылды. Осы орайда, аталған
пікір азаматтық және шаруашылық істер бойынша сот қаулыларын орындау
құрылымдық тұрғыда қылмыстық жазаны орындаудан алшақ кетпеу тиістігімен,
яғни осы туыс функциялардың орындалуы бір жүйеде болуы тиіс деп
негізделді2 .
Алайда қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот қаулыларының
орындалуын салыстырмалы-құқықтық талдау осы екі функцияны туыс деп
түйіндеуге ешқандай негіз жоқ екенін көрсетті. Осы іс санаттары бойынша сот
қаулыларын орындау қылмыстық-атқару және атқарушылық заңнамалары бойынша,
орындау субъектілері бойынша, сондай-ақ орындау негіздері бойынша бір-
бірінен едәуір ерекшеленеді.
Сот төрелігі функциясы мен басқа функцияларды, атап айтқанда,
соттың атқарушылық және ұйымдастырушылық қызметін өзара араластыруға
болмайтыны туралы тезис атқарушылық іс жүргізу органдарының Әділет
министрлігі жүйесінде болуының негізгі дәлелдерінің бірі болды3 .
Мұндай көзқарас 1980 жылдардың ортасында сот төрелігін тікелей іске
асыру мен сот әкімшілігінің аражігін ажыратқан сот төрелігінің тиімділігі
теориясының дамуымен қалыптасты4 .
Осы идеяны іске асыру мен дамыту соттардың қызметін материалдық-
техникалық және өзге де қамтамасыз ету мәселелерінің басын ашуға және
соттар мен әділет органдарынан оқшау орган – Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетті құруға мүмкіндік
берді .
Мұндай шешім табиғаты жөнінен мемлекеттік органдардың екі бөлек
функциясы ретіндегі сот төрелігі мен әкімшілікті араластырмай бір сот
жүйесі шеңберіне біріктіруге мүмкіндік берді, сөйтіп соттардың
тәуелсіздігін қамтамасыз етті және соттар мен оларды материалдық-техникалық
және өзге де қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды атқарушы билік
органдарының ықпал етуінен құтқарды.
Атқарушылық іс жүргізу органдарының мемлекеттік билік механизміндегі
орнын айқындау және оны негіздеу кезінде, біздің ойымызша, сот қаулыларының
орындалу сипатына, сондай-ақ оның сот билігімен және оның функцияларымен
арақатынасына сүйену қажет.
Атқарушылық іс жүргізу органдарының атқарушы билік жүйесіндегі орнын,
атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ведомстволық
бағынысты орнын негіздеу сот төрелігін сот билігінің бірден-бір ықтимал
функциясы деп түсінетін таптаурын ойдан туындайды, ол, біздің ойымызша, сот
билігін дамыту мен нығайтудың бүгінгі күнгі жағдайына және одан арғы
үрдісіне әсер етпейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының құқық
қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2001 жылғы 22
қаңтардағы Жарлығы атқарушылық құжаттарды орындау және сот қызметінің
белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау бойынша
функцияларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жүйесінен алып,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі
комитетке берді5 .
Бұл қадам функционалдық көзқарас тұрғысынан қисынды болып көрінеді.
Дегенмен бұл шешімді сот жүйесі құрамында ат-қарушылық іс жүргізуді
ұйымдастырудың соңғы нұсқасы емес, алғашқы қадамы ретінде бағалау керек.
Материалдық-техникалық және өзге де ұйымдастырудың дербес функция
екені, оның сот қаулыларын мәжбүрлеп орындатуды қамтымайтыны белгілі.
Материалдық-техникалық және өзге де ұйымдастыруда атқарушылық іс жүргізудің
міндетті элементі және борышкерге негізгі әсер ету әдісі болып табылатын
мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдануға қажеттілік жоқ.
Кез келген мемлекеттік органға күнделікті практикалық қызметін
ұйымдастыру үшін қажет және әдетте көмекші функция ретінде болатын
материалдық-техникалық қамтамасыз ету функциясы Сот әкімшілігі комитеті
үшін оның құрылуына себеп болған негізгі функция болып табылады.
Егер атқарушылық іс жүргізу органдары мен соттардың арақатынасын
қарастыратын болсақ, оның қазіргі таңда іс жүргізушілік сипатта ғана
екендігін атап өту керек. Қазіргі таңда ұзақ уақыт бойы соттар мен сот
орындаушыларының өзара қатынасын сипаттап келген, бақылау, нұсқау беру және
т.с.с. түріндегі процестен тыс қатынастар жойылып кетті.
Сонымен бірге, атқарушылық іс жүргізу органдарының сот жүйесінде одан
әрі жұмыс істеуі, егер осы органдарды қалыптастыру мен олардың қызметін
бақылауға соттардың қатысатынын ескерсек, олар мен соттар арасында жаңа
өзара қатынас пен өзара іс-қимыл түрлерінің қалыптасуына әкеп соқтыруы
мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды.
Мәселен, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының
мәртебесі туралы 2000 жылғы Конституциялық заңның 16-бабында облыстық
соттың жалпы отырысының уәкiлеттi органға белгiлi бiр адамды облыс
соттарының әкiмшiсi қызметiне тағайындауға келiсiм беретіні, уәкiлеттi
органға облыс соттары әкiмшiсiн қызметтен босату туралы ұсыныс енгiзетіні
көзделген. Жоғарғы Соттың Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентiне
уәкiлеттi орган басшысының кандидатурасын ұсынады, ал Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы уәкілетті орган басшысының
хабарламасын тыңдайды6 .
Қазіргі таңда, судьялар қоғамдастығы мен сот қаулыларын мәжбүрлеп
орындату органдары арасындағы өзара іс-қимыл сот жүйесін дамытудың
бағдарламалық міндеттерін бірлесіп әзірлеу, ғылыми-
практикалық ынтымақтастық жасау түрінде ғана жүзеге асырылуда. Сондықтан,
судьялар қоғамдастығының жоғары органы болып табылатын республика
судьяларының IV-съезінде Қазақстан Президенті сот жүйесін дамыту мен
жетілдіруді мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде белгіледі. Осы
орайда, - деді ол, - сот билігінің беделі шығарылған сот актілерінде
азаматтар мен заң тұлғалардың құқығы қаншалықты қорғалуына ғана емес, сол
актілердің толық және уақтылы атқарылуына да байланысты болады.
Сонымен бір мезгілде сот қаулыларын мәжбүрлеп орындату органдары
қазір сот билігіне көмекші басқа ұйымдар – Жоғар-ғы Сот Кеңесімен және
Әділет біліктілік алқасымен тікелей қарым-қатынас жасамайды. Ол осы ұйымдар
алдында тұрған міндеттердің, оларды құру принциптерінің және мемлекеттік
билік механизміндегі орындарының әркелкілігімен түсіндіріледі.
Сөйтіп, атқарушылық іс жүргізудің атқарушылық мәні ат-қарушылық іс
жүргізу органдарының атқарушы билікке жататынын көрсетпейді және олардың
әділет органдарына ведомстволық бағыныстылығын белгілемейді. Атқарушылық іс
жүргізу органдарының сот жүйесіндегі орны олардың функцияларына – азаматтық
және әкімшілік істер бойынша сот қаулыларын, мүліктік жаза бөлігінде
қылмыстық істер бойынша үкімдер мен қаулыларды орындауға негізделеді.
Дегенмен атқарушылық функциясын Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі
комитеті құрамында одан әрі қалдыру, біздің ойымызша, орынсыз болуымен
қатар жол беруге болмайтын іс, өйткені ол негізінен соттарды материалдық-
техникалық және өзге де қамтамасыз ету органы ретінде құрылған Комитеттің
мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келеді. Сот қаулыларын орындау аталған
қызмет саласына жатпайды, сондықтан ол Комитеттің құзырынан алынуға тиіс.
Атқарушылық іс жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі ұсыныс-тар әртүрлі,
олардың мәні:
- атқарушылық іс жүргізуді жеке кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде
ұйымдастыруға;
- дербес құрылым – Атқарушылық (сот) полициясының агенттігін құруға;
- сот қаулыларын орындау жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган құруға
тіреледі7 .
Сот полициясының агенттігін құру атқарушылық іс жүргізудің мәжбүрлеу
сипатын негіздеу тұрғысынан тартымды болып көрінеді. Полиция – құқық қорғау
органы, оның негізгі функциялары: әртүрлі (қоғамдық қауіпсіздік,
экономикалық қызмет және қаржы қызметі) салалардағы құқық бұзушылықтардың
алдын алу, анықтау, жолын кесу және тергеу, анықтау, алдын ала тергеу мен
жедел іздестіру қызметі, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жекелеген атқарушылық және өкім
етушілік функциялар болып табылады.
Атқарушылық іс жүргізу органдарына субъектілердің бұзылған
құқықтарын қалпына келтіру сияқты құқық қорғау тәсілі тән. Құқық қорғаудың
басқа тәсілдері негізгі міндетті табысты іске асыруды қамтамасыз ететін
қосымша, көмекші тәсіл ретінде пайдаланылуы мүмкін. Оның үстіне,
мәжбүрлеумен қатар борышкердің сот және басқа органдардың қаулыларын өз
еркімен орындау жағдайлары да кездесетінін ескеру керек. Сондықтан,
атқарушылық іс жүргізу органдарын реформалау қаулыларды мәжбүрлеп және өз
еркімен орындау тәртібін үйлестіруге тиіс, мұндай сипат құқық қорғау
органдарына тән емес.
Осы аргументтер сот полициясы түрінде атқарушылық іс жүргізу органын
құрудың орынсыз екенін дәлелдейтін секілді.
Сот актілерін тиісінше және уақтылы орындамау сот билігінің беделін
төмендетіп, азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен
заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге әкеп соғады. Атқарушылық іс жүргізу
саласында орындалуға тиіс сот актілерінің саны жылдан жылға артып келеді.
Мәселен, 2003 жылы сот орындаушылары 896375 атқарушылық құжатты өндіріске
қабылдаса, 2004 жылы оның саны 952469-ға дейін өсті. Сот орындаушылары
қызметіндегі осындай жұмыс бастылық оның орындалу сапасына да өз әсерін
тигізіп отыр. Оның үстіне, борышкерлер сот шешімдерінен жалтарудың неғұрлым
қитұрқы тәсілдерін ойлап табуда. Бас прокуратураның баспасөз-релизіне
сәйкес, 2005 жылдың алғашқы жартысында Сот әкімшілігі комитетінің аумақтық
бөлімшелерінің атқаруында болған, 26,9 млрд. теңге сомасында ақша қаражатын
мемлекет пайдасына өндіріп алуға қатысты 284 мың атқарушылық құжаттың іс
жүзінде 3,1 млрд. теңге сомаға тең 142 мыңы ғана орындалған.
Қазіргі таңда Қазақстанда бір сот орындаушысын ұстауға мемлекет жыл
сайын 240 мың теңге жұмсайды. Республикада миллионға жуық атқарушылық
құжатты орындау ісімен 1 467 сот орындаушысы ғана (үстіміздегі жылы тағы
290 штат бірлігін бөлу жоспарланып отыр) айналысып отырғанын ескерсек,
мемлекеттің шығындары орасан сомаға артатыны анық.
Қазір қатардағы сот орындаушысы орта есеппен 14 мың теңге жалақы
алады, сондықтан ол өз қызметінің тиімділігін арттыруға мүдделі емес. Оның
үстіне ол көп жағдайда борышкер-ұйымның біліктілігі және жалақысы жоғары
заңгерлерінің тұтас штатына қарсы әрекет етеді. Осы орайда сот орындаушысы
айыппұл, мемлекеттік баж сияқты салыстырмалы түрде жеңіл орындалатын
құжаттар санатынан көрсеткіш жасап, заңды тұлғалардан өндіріп алу,
заңды тұлғалар пайдасына және т.с.с. орындалуы қиын құжаттар санатын
орындауды кейінге қалдырулы қолай көреді.
Сот беделін оны материалдық-техникалық, кадрмен және өзге де
қамтамасыз етуді жақсарту жолымен ғана емес, сот актілерінің орындалу
тиімділігіне қол жеткізу арқылы да көтеру қажеттігі айқын.
Мәжбүрлеп орындату механизмін: қолданыстағы заңнамаға өзгеріс пен
толықтыру енгізу, сот орындаушысының өкілеттігін кеңейту, оның жалақысын
көбейту және т.б. арқылы жаңарту және жетілдіру туралы әртүрлі ұсыныстар
бар. Реформаны жүргізу кезін-де атқарушылық іс жүргізудің бұрынғы
тәжірибесі мен соңғы кезде қалыптасқан практикасын, сондай-ақ басқа
мемлекеттердің оң үлгісін, соның ішінде сот шешімдерін орындаудың балама
түрлерін енгізу мүмкіндігін назарда ұстаған жөн.
Сот актілерін орындаудың балама институтының орасан зор оң әлеуеті
бар екенін Бельгия, Франция, Польша, Нидерланды және т.с.с. сияқты елдердің
тәжірибесі көрсетіп отыр. Сот актілерін мемлекеттік емес құрылымдардың
орындауынан, біріншіден, атқарушылық жүйені қаржыландыруға кететін
мемлекеттік шығыстарды азайту, екіншіден, кредитордың аудандық сот аумағы
шегінде сот орындаушысын таңдау құқығын сот орындаушыларының жұмыс сапасына
әсер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz