Шәкірттер жайынан


"ҚАЗАҚ" - қоғамдық, саяси және әдеби газет.
1913-1918 ж. Орынборда аптасына бір рет шығып тұрған. 3000 данамен шыққан. Барлығы 265 саны жарық көрген. Тұңғыш редакторы әрі ұйымдастырушысы, белгілі ғалым, публицист, жазушы А. Байтұрсынұлы (екінші редакторы -М. Дулатов) болды. Хұсайынов-Кәрімов баспаханасында басылып тұрған. Газетте 20-ғ-дың басындағы қазақ елінің саяси-әлеум. өмірінің ең түйінді мәселелеріне, қазақ шаруашылығының жағдайына, жер, басқа елдермен қарым-қатынас мәселелеріне, оқу-ағарту, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған мақалалар жарияланды. Абайдың өмірі мен ақындығы туралы алғашқы мақала ("Қазақтың бас ақыны") осында басылған. Қазақ тілі мен әдебиеті жайындағы А. Байтұрсынұлының, Ә. Бөкейхановтың, М. Дулатовтың, Ш. Құдайбердиевтің мақалалары жарияланған. М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың, С. Дөнентаевтың, Б. Майлиннің, С. Торайғыровтың, Ғ. Карашевтің, Қ. Серкебаевтың, Ә. Қоңыратбаевтың өлендері, әңгімелері әдебиет туралы сын мақалалары басылып тұрды. Аударма саласында Л. Толстойдың, А. Чеховтың, М. Лермонтовтың, В. Короленконың, И. Крыловтың шығармалары жарық көрді.
"ҚАЗАҚ" - газеті бетінде басылған материалдар жинағы. Бұл кітапқа 1913-1918 ж. "Қазақ" газетінде жарияланған әр алуан тарихи, саяси-әлеум., қоғамдық, мәдени, әдеби материалдар енген. Сол кездегі араб таңбасымен басылып, кейінгі жас буын оқи алмайтын архив түкпіріндегі аса бағалы материалдар тұңғыш рет жүйеленіп, солардың ең қажетті дегендері ғана оқушы назарына ұсынылған. Жинақ өзінің мазмұнының құндылығымен қатар, танымдық, тәрбиелік мәнімен де қымбат. "Қазақ" газетінің алғашқы редакторы, ұйымдастырушысы Ахмет Байтұрсынұлы болса, бастырушы, қамқоршысы Ахмет ишан Оразайұлы деген азамат болған. Ол баласы Мұстапа Оразайұлын сол газет бастырушысы етеді. Бұл жөнінде архив деректерінде былай делінген: "Согласно циркулярному распоряжению от 9-го декабря 1905 года за N14508 уведомляю Главного Управления, киргизу N 8 аула Кзылжингильской волости, Тургайской области, Мустафе Ахмедовичу Уразаеву, под ответственным, в полном объеме, редакторством киригиза N 5 аула Тусунской волости, Тургайского уезда и области Ахмеда Байтурсунова изадавать в г. Оренбурге еженедельную газету на киргизском языке, под названием "Казах" по следующией программе'. Бұл бағдарлама он төрт бөлімнен тұрады, бағасы 3 сом, әр саны 5 тиын. Рұқсат қағазға қол қойған Губернатор Сухомлинов. Бас редактор А. Б. Байтұрсынұлының орынбасары қызметін М. Дулатов атқарып келген. Газет кейін "Серіктікке" айналған. Газеттің ел өмірінен алатын орнын М. Әуезов1923 ж. "Ахаңның елу жылдық тойы" деген мақаласында: "Қазақ" газетінің сол заманннан бері қарай талай өмірі өткен сияқты. Бұл уақыт саусақпен санағандай аз жыл болса да, болып өткен уақиғаларына қарағанда көп заманға жауап болатын толқынды заманның бірі. Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған "Қазақ" газеті болатын деп жазды. "Қазақ, " кітабы кішігірім алғы сөзден кейін: "1913 жыл, 1914жыл, 1915жыл, 1916жыл, 1917жыл, 1918 жыл, Құрастырушыдан, "Қазақ" газетінің авторлары, тақырып бойынша топтастырылған библиографиялық көрсеткіш, "Қазақ" газетіне қатысты архив құжаттары, Есімдер көрсеткіші, Бүркеншік есімдер көрсеткіші, "Ашылмаған бүркеншік есімдер" деген тараулардан тұрады. Кітапта "Қазақ, " газетінің авторларының, редактор, бастырушылардың фото суреттері қоса басылған. Жинақтың жарық көруіне ұзақ жылдар библиограф-ғалым Ү. Х. Субханбердина кеп еңбек сіңірді.
«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ
«Қазақ» газеті (1913-1917) өз өрнегімен, өзіндік ой ерекшелігімен оқшау тұрған басылым. Газеттің ашылуын ұйымдастырып, алғашқы санынан бастап ақырына дейін редакторы болған адам - түркология әлеміндегі ірі тұлғалардың бірегейінен саналатын қазақтың айтулы ғұлама ғалымы Ахмет Байтұрсынов. Ахаңнан өзге Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Мұхаметжан Тынышбаев сияқты қазақтың біртума таланттар шоғырының осы газет арқылы узеңгі қағыстыра мәдениет майданына шығуы ұзақ уақыт отар болып келген елдің қордаланып қалған келелі мәселелерін қопара көтерді. «Қазақ» өзі тұстас мерзімді басылымдардың ұстаған бағыттарын барлай отырып, кейбір ойлы материалдарына өз бетінен орын беріп, олардағы игі бастамаларды насихаттау ісін де қағыс қалдырмады. Мысалы, «Уақыт» газетінен қазақ халқының жер, дін мәселелеріне қатысты мақаласын қайталап басып, ол жөніндегі өз пікірін де ашық білдірсе, «Мұғалім» журналының тәлім-тәрбие, оқыту әдісі туралы маңызын ашып, қазақ мұғалімдерінің назарын аудара насихаттайды. Жалпы соя кездегі ұлттық мерзімді басылымдар өзара ынтымақтаса қимылдай отырып, ірі пікір сайыстарынан да бой тартпайтынын аңғарамыз.
«Қазақ» газеті халықты өнер-білімге, оқуға жалпы үгіттеп қана қоймай, оның әлеуметтік астарын аша, нақты шараларды жүзеге асыруға әрекет етті. Осы кезеңде ұлт мектебі мен ұлттық жазу мәселесі аса даулы мәселенің бірі еді. Ғасырлар бойы араб жазуын қолданып келген, мол мәдени мұрасы бар түркі халықтары үшін бұл жазудың тарихи маңызы жоғары болатын. Өз тарихына жетік, мәдениет бастауының көзін танитын, төл жазуы бар халық тәуелсіздік жанындағы күрестен қайтпасы анық. Сондықтан да Ресей отаршылары бұратана халықтарды қараңғылық қапасында ұстап, ал оқуға ұмтылғандар үшін «конечной целью образования всех инородцев, живущих в пределах нашего отечества, бесспорно должно быть обрусение их и слияние с русским народом» деген ресми саясатты нық ұстанды және бұл мақсатта миссионер-ағартушылар мен жергілікті халық өкілдерін де шебер пайдалана білді. Өз кезегінде бұған қарсы Әзізбей Гаспринскийдің (1851 -1914) бастауымен түркі халықтарында жәдид ағымы пайда болды. Бұл ағым қазақ даласында Ахмет Байтұрсынұлы бастаған зиялылар қауымының қолдауымен кең өріс алып, тамыр жайды. Араб жазуына негізделген қазақтың төте жазуы мен төте оқу мектептері дүниеге келді, оның әліппелері мен оқулықтары жарық көрді. «Қазақ» газетінде емле және ұлт мектебі туралы ірі мәселелер көтеріліп, талқыға тұсіп отырды. Газет жас ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеу ісін ұлттық мүдде тұрғысынан қарап, ана тілінде оқыту мәселесіне назар аударды.
Қазақша оқу жайынан.
Қазақ ішінде әр жерде бала оқытатын адамдардан бала оқытуға программа (жосық) көрсетілсе екен деген өтініштер келеді. Бұл күнде қазақ арасындағы оқу жосықсыз һәм жосық жасауға болмайды да; өйткені қазақтың бастауыш мектебінде оқитын кітаптар белгіленбек түгіл әлі шыққан да жоқ. Жаңа ғана әліппе (алифба) шыға бастады; оның да қайсысы оқылары белгіленген жоқ. Әліппеден әрі оқытатын кітаптар әлі шыққан жоқ. Дін жайынан оқытатын, есеп оқытатын, жағрафия һәм тарихтан қысқалап хабар беретін кітаптар әлі жоқ. Сондықтан программа деген сез әзір ертерек. Әуелі біз бала оқытатын кітаптарымызды түзеп, сайлап алып, сонан соң неден бастап, неге шейін оқытатынымызға жосық белгілеуге дұрыс . . .
Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланы туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне түсіне қарап, ішкі халынан хабар аларлық болу керек. Ол үшін бала турасындағы педагогика ғылымын оқып білу керек. Бұл күнгі ғылымды жұрттарда бала оқыту жұмысы бала оқыту ғылымын оқып шыққан адамдардың қолында. Сол ақылға да дұрыс . . .
Қазақтың оқу жұмысы бұл күнде школда қазақ балаларының бір парасы орысша оқып жүр, бір парасы ескі молдалардан оқып жүр, бір парасы соңғы замандарда ғана жаңа жолмен оқи бастады. Орысша оқығандарды оқыту һәм тәрбиелеу ғылымы оқыған адамдардың қолында. Орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек: керек болғанда қазақша оқығанның үстіне керек. Қазақша оқи, жаза білген соң, шама келсе орысша да білу қажет. Ескі жолдың оқуын сөз қылып қозғамаймын. Бүгін бар, ертең жоқ болатын нәрсе. Дүние тегеріші кейін айналмайдьі; Ескі мен жаңаның оқытуға шыдамдылығы бірдей емес. Ескі әлі-ақ тозып, жыртылып, пара-пара болып тұтынудан шығады.
Жаңа жолдың оқуы жаңа оқып шыққан жас мұғалімдердің қолында. Бұлардың күштері тың, білімдері соны, пікірлері жаңа. Ниеті - жұртына қызмет ету. Бұлар білгенін, тапқан-таянғанын жұртынан аяп қалатын емёс. Қазақтың бастауыш мектебіндегі жұмысын қолдарына алуға лайық адамдар. Әр жайдан хабардар, дүниеде не істеліп, не қалыпта тұрғанынан бұлардың мағлұматы мол. Қысқасы қазақ арасына білім нұрын жаюға нағыз қолайлы адамдар . . .
Сөйтіп, мұғалімнің жақсы оқыта білгендері қазақ ішіндегі оқушыларды көбейтіп, оқу ісінің шапшаңырақ ілгері басуына күш берер еді.
Шәкірттер жайынан.
Осы кезде қазақ баласы орысшадан мұсылманшаны көп оқиды. Орысша оқушылардың көбі аз оқып үйде отырып қалады, тәуірірек оқығандары чиновник болып қызмет қуып кетеді. Ел ішінде тұрып білгенін білмегендерге үйретушілер тіпті аз. Өзімізден алыстап, басқаларға жуықтай алмай жүрген әрі-сәрілер көп. Мұсылманша оқығандар болса, аз оқысын-көп оқысын, қазақ арасынан асып барар жері жоқ. Олар чиновник бола алмайды, басқа жұрттың ішінде білімімен қызмет ете алмайды, ерікті-еріксіз елге шығады. Бұларға қазақ ішінде бала оқытып, моллалық қылудан басқа орын жоқ. Мұнан көрінеді, халыққа жақын тұратын, тұрмысын, жай-күйін жақсы білетін мұсылманша оқыған шәкірттер болуы керек екендігі. Орысша оқығандардың көбі жұрт жайы түгіл өзінің кім екенін шала білетін жас күнінде школға кіріп, онан шыққан соң елде тұрмай қызмет етіп кететін болғандықтан, жұрт қамын ойлап артық қайтырмайды да, нені қайғыруды білмейді де. Шәкірттер болса ел ішіндегі жақсылық-жамандық, кемшілік-кеңшіліктің қандай екенін күн сайын көріп тұрады. Сондықтан олардың білімі орысша оқығандардан кем болса да, тілесе көп пайда келтіруге шамасынан келеді.
Шәкірттер елге шығып молла болады дейді, молланы осы кезде мұғалім деп жүрміз, мұғалім - үйретуші деген сөз. Молла мен мұғалімнің айырмасы бар. Молла-имам мешітте бес уақыт намаз оқып, уағыз сөйлеуші, накаһ оқып, балаларға ат қоюшы, өлгендерге жаназа шығарушы. Мұғалімнің міндеті жалғыз балалар оқыту ғана боларға керек. Әркім өз ісін жақсы біліп, өз ісінің шегінен шықпасқа керек.
Қыр баласының ашық хатына жауап.
Шырағым! Мен сенің кім екеніңді білмеймін. Бірақ «Қыр баласы» деп қол қойған сөздерді «Қазақ» газетасының әрбір нөмірінде оқып келемін. Алайда, қыр баласы болсаң да, томар, көл жайлап, тоң мойын өскен баланың сөзі емес; әрбір сөздерің ұнамды, көкейкесті болып барады. Соның үшін мен сені бір шәһар баласымен қатар-ау деймін.
Менің 18 нөмір «Қазақта» шәкірттер жайынан жазған сөздерімді көріп, 21 нөмір «Қазақта», азырақ түсіңді оңдырып қалам ұстаған сықылды көрінесің. Хайыр, жастардың отбасы шалдарды келемеж қылатын әдеті болғандықтан шығар. «Ілгері басар жасты, кейін қайтар кәрі тартады» болып, алдыңа бөгет болмай-ақ қояйын.
Мен 1897 жылда Троицк шәһарында медресе Расулияда он жылдан артық оқып шықтым. Ол уақыттағы біздің оқыған сабақтарымыз дүниялық болмай, ахиреттік оқу еді . . .
. . . 1903 жылы шәкірттер арасында тегіс көтерілу басталды. Хазіреттер мен шәкірттер арасында наза [дау] лар жүрді. Шәкірттер де дүниялығымыз үшін дін ғылымы білгеніміздің үстіне дүниялық ғылым һәм пәндер оқу керек деп ынтымаққа келіп, бірыңғай болып ұйымдаса бастады. Бұл ұйымда қазақ шәкірттері де бар еді. Бұрын мұндай пән деген сөзді білу түгіл естімеген хазіреттер ренжіді, кейбірі өз кемшілігін мойнына алып: «Біз өзіміз ескіше оқыдық, біз пән білмейміз, дін ғылымын білгенімізше оқытпақ, зәуде бұған риза болмасаңыз, ерік, пәннің бар жеріне барыңыз» дейді. Солай сапырылысып тұрған бір шақ болып өтіп, 1905 жылы қуып жетті. Ерік, ерік деген дауыстар жаңғырықты. Айқай-ұйқай көбейді. Әркім білгенін жазды. Мұғалімдер жиылысы болды. Олардың ішінде біздің қазақ шәкірттері де болды. Кей медреселер азырақ жөндем болып, пән оқытушылар да табылып, шәкірттер жабылып оқи бастады. Біздің қазақ шәкірттері ноғай шәкірттерінен алға шықпаса да, бір шамалы қатар жүре бастады. Біз сол кезде дәмелендік: «Құдайға, шүкір! Өзімізде мұндай оқулар оқытатын медреселер болмаса да, ноғай бауырларымыздың панасында шәкірттеріміз адам қатарына кіріп барады» деп . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz