Балалар ондай қатал мұғалімге ұрысқақ, айғайшыл
Оқушылардың әлеуметтік дағдылары мен пәнге қатысына ықпал ететін фактордың
бірі пән мұғалімінің балалармен тіл табыса білу қабілеті болып саналады.
Себебі мұғалімнің жеке басының қасиеті оқушының пәнге деген қатынасына
елеулі әсер етеді. Жасөспірімдер үшін мүғалімнің рухани дүниесі, өздеріне
деген көзқарасы маңызды рөл атқарады.
М.М.Рыбакова жасөспірімдер мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасының бес
түрін саралайды:
1. диктаттық қатынас - қатаң тәртіппен ресми қарым-қатынас негізінде
білімге ерекше талап қою;
2. нейтралды қатынас - оқушылармен интеллектуалдық-танымдық деңгейде
еркін қатынас жасау, мұғалімнің өз пәніне ерекше ден қоюы, қабілеттілік:
3. қамқорлық қатынас - мезі етерліктей тым өбектеу, оқушының өзіндік
әрекетіне шошына қарау, ата-аналармен үнемі байланысын үзбеу;
4. конфронтациялық қатынас - оқушыларды іштей жек көру, жұмысқа
қанағаттанбау, менсінбеушілік үнмен сөйлесу;
5. ынтымақтастық қатынас- — барлық істі бірлесе жүргізу, бір-біріне
қамқорлық жасау, оптимизм және өзара сеніммен қарым-қатынас жасау.
Соңғы жылдары байқалып жүрген жағдай мектептерде мұғалім мен
оқушылардың арасында осы қатынас түрлерінің ішіндегі диктаттық қатынас пен
нейтралды қатынасты жиірек кездестіреміз. Қазіргі қоғам мұғалімнің оқушыға
өз әрекетінің субъектісі деп қарау қажеттігін талап еткенімен, мұғалімдер
де соған жетуді көздегенімен, нақты оқу үрдісінде оның толық жүзеге аса
бермейтіні жиі байқалуда.
Біз әңгімелескен оқытушылардың барлығы да конфронтациялық қатынасқа
қарсылықтарын білдірді (100 %), бірақ оның кейде бой көрсетіп қалатынын да
жасырмады. Ал, диктаттық қатынасты жақтаушылар (мұғалімдердің 12-15%) қатаң
талаптың қазіргі қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты
қажеттігін алға тартады. Атап айтқанда. "мұғалім беделінің төмендеуі
салдарынан оқушылар арасында дұрыс көзқарас қалыптаспайды, сондықтан оларды
тек қатаң тәртіпке бағындыру керек, көп жағдайда сабақты тиянақты жүргізу
мүмкін болмай, оқушылар ауа жайылып кетеді де, (мектептердің жылуға
байланысты жабылып қалуы салдарынан), қатаң талап қоймаса, оқуға ынтасы
болмай қалады, балалар әлі де өзін-өзі игеруге дайын емес, сондықтан олар
еркін қарым-қатынастың мәнін түсінбейді, шулап, сабақтың өтуіне мүмкіндік
бермейді, сондықтан қатаң талап қажеттігін айтады. Енді бірі сыныптағы
балалар санының (30-дан кем болмаған жағдайда) тым көптігінен оларды игеру
мүмкін емес дейді. Ал, қамқорлық қатынасқа мектепке келген жас
мұғалімдердің жақындау болуы заңды да. Өйткені олар әлі де өз мамандығын
қыр-сырын жіті білмегендіктен, әр нәрсені де, әсіресе, оқушылардың
еркіндігін де тәртіпсіздікке балайды. Баланың мектептегі әр ісіне өзін
түгелдей жауаптымын деп есептеп, олардың өсіп келе жатқан жеке тұлға екенін
ұмытып кетеді. Ал. мұндай қатынас жан-жағына, оның ішінде мұғалімдерге, сын
көзімен қарайтын жасөспірімдердің намысына тиіп, өзінің есейгендігін
дәлелдеуге ұмтылдыруы сөзсіз. Немесе, керісінше, олардың кейбірінің өзіне
деген сенімін жоғалтып, бұйығыландыруы да ықтимал. Қалай болғанда да,
мұғалім сабаққа дайындықты пәні бойынша өтілетін теориялық тақырыпты қалай
меңгерту, қандай көрнекілік пайдаланамын, оқытуды әйтеуір бағдарламадан
қалмау дсп түсінбей, оқушының білімімен қатар ақыл-ойын, адамгершілік
қасиетін, жеке тұлға ретіндегі өзара қарым-қатынасын қалай қалыптастырамын
деген мәселені де жүзеге асырудың жолдарын іздестіру деп түсінуі қажет.
Өйткені психологтардың айтуынша, мұғалім мен оқушының өзара тіл табысуға
ұмтылуы тек оқушының өсуіне ғана емес, мұғалімнің де маман ретінде өмір
тәжірибесінің шыңдалуына, мамандығының қыр-сырына терең бойлауына мүмкіндік
туғызады. Оқушының оқуға болсын, достарымен қарым-қатынасына болсын, қандай
мотивтердің түрткі болғандығын шын мәнінде ажырата білудің ең қажетті шарты
да осы өзара қарым-қатынаска тәуелді. Мұғалім оқушының әрекетін тек сырттай
бақылап қоймай, олармен қоян-қолтық араласа алғанда ғана баланы жақыннан
таниды. Әрине, баламен ортақ тіл табысу үшін мамандардың бала психологиясы,
олардың әр сатыдағы ерекшеліктері жөнінде теориялық білімі болуы керектігі
даусыз. Сол білімді тәжірибеде қолдану тек сол өзара қарым-қатынас
негізінде жүзеге асады. Көп жағдайда мектептегі. әсіресе, жасөспірімдер
арасындағы ''қиын балалардың қаулап" кетуі - мұғалімнің бұл мәселенің түпкі
себебін, олардың жас ерекшеліктерін жете білмеуінің салдарынан болатын
құбылыс. Жасыратыны жоқ, мұғалімдердің алдындағы шәкіртінің көбінде өзі
орнатқан тәртіп пен талапқа көне бермеуін оның "үлкенді сыйлауды
білмегендігінен", "отбасындағы тәрбиесінен" көріп жатуы жиі көрініс табады.
Және ондай балаларды сынап-мінеу немесе оған мүлде назар аудармау фактілері
де ұшырасады. Ал мұндай қатынастың әсері оқуға ынтаның болмауына, еріксіз,
ата-анасының қаһарынан қорқып қана сыныпта отыруға мәжбүр ететін себепке
тіреледі. Бірақ мұғалімдер көбінде оқушыға беретін үстірт бағасы арқылы
өзінің де оқушы тарапынан бағаланып жататынын ескермейді. Кейбір жағдайда
оқушыны дәрменсіз, өзіне бағынышты деп қарап, оған мән бермеуге тырысады.
Балалар ондай қатал мұғалімге "ұрысқақ, айғайшыл. сондықтан, сабағы
ұнамайды" деп бір-ақ кесіп пікір айтады. Сөйтіп, ол оқушыдан алыстап қана
қоймайды, оның өз пәніне деген кері қатынасын тудырады. Жеке басының
әлсіздігі нәтижесінде бала бойындағы сенімге де өлшеусіз қиянат жасайды.
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер ететін фактордың
бірі - оқушыларды әлеуметтік жағдайларына қарай алалап бөлу. Ата-анасының
қызмет дәрежесіне қарап бір сыныптағы балалармен әр түрлі қатынас жасау -
соңғы кезде белең алып бара жаткан жағымсыз құбылыс. "Мықтының" баласына
аузын ашса-ақ жоғары баға қоя салатын мұғалім, жағдайы төмен отбасы
баласына біліміне қарамай сараңдық жасауы бала психологиясына қатты соққы
болатынын естен шығарады, пенделікке бой алдырады. Егер сол баланың бұрын
оқу үлгерімінің жоғары болғанын, неге енді құлдырап бара жатқанын сұраған
адамға, ондай мұғалімнің берер жауабы қашанда дайын: "Қойшының баласы
қойшы, тойшының баласы тойшы болады" деп пәлсапа айтудан танбайды.
Өз мамандығын сүйетін, оны жетік меңгерген мұғалімдердің қайсысының да
тәжірибесіне талдау жасағанда сол жетістіктің негізгі кілті - балаларды
сыйлау, олармен санасу, әр шәкіртін субъект деп тану арқылы туған
түсінісуде екеніп көруге болар еді. Оқушы мен мұғалім арасындағы нәзік
байланыс тек мәдени биік деңгейдегі қарым-қатынастан туары сөзсіз.
"Қарым-қатынас жасау мұның өзі бірлескен творчествоның бірлесе
ойлаудың, әріптестіктің сабағы, әлдекімнің ырқына берілмей, ойын еркін айта
алатын және айтуға тиіс еркіндік сабағы... өйткені позициясы айқын білім
арқылы қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас арқылы білім алу керек. Ол
оқушыға өз қарқынын, өз жолын және өз мүмкіндіктерінің потенциалын табуға
құқысын береді де оны творчество адамы тәрбиелейтін рухани праволық
сабағына қайтарады. Өзара қарым-қатынас ынтымақтастық тудырады. ал
"ынтымақтастықта бала күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын
интеллектуалъды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі".
Оқушылардың оқу мотивтерінің қалыптасуы туралы мәселелерді әр қырынан
қарастырып зерделеген ғалым А.К.Маркованың пікіріне сүйене отырып жасалған
тұжырым бойынша бұл тұрғыдағы зерттеу жұмысын жүргізіп отыратын мұғалімнің
оқушымен арасындағы адамгершілік қатынастарында мынадай талаптар ескерілуге
тиісті:
Біріншіден, оқушыларды іріктеп бөлу емес, сабақ үстінде байқалған
жағымсыз әрекеттерді болдырмау үшін олардың психологиялық даму процесін
бақылай отырып тиісті жұмыстар жүргізу шараларын анықтау;
Екіншіден, әр баланың психикалық ерекшелігін зертегенде оны өзгемен
емес, өзімен-өзін, яғни бұрынғы қалпымен бүгінге дейін қалпын салыстырып
отыруға көңіл бөлу.
Үшіншіден,сырттай қарағанда бірдей көрінетін құбылыстардың ішкі
себептерін анықтауға ұмтылу. Мысалы, сабаққа құлқы жоқ балалардың
оқымауының әр түрлі себептері болады: бірі –оқу іскерлігінің қалыптаспауына
болса, екіншісі -өзінің оқудағы мақсаты не екенін білмейді, үшіншісі –тіпті
бала белсенділігінің астарында мақтангершілік, тек баға алу ниеті жатуы да
мүмкін. Ал жауап беруде өзіне-өзі сын көзімен қарап, жоғары талап қоятын,
көзге көп түсуге ұмтылмайтын ұстамдылықтың әсерінен белсенділік таныта
қоймайтын баланың психологиялық ерекшеліктерінің аражігін ажырата білу
талабы да көп мәнге ие.
Төртіншіден, оқушының мотивациясын жете тану үшін мұғалімнің жеке
басының қасиеттері де үлгілі, өзгелерді құрметтеу сезімі жоғары мақсатқа
жету жолында табанды болумен қатар психологиялық тұрғыдан сауатты,
педагогикалық психология мен балалардың жас ерекшеліктерін мейлінше терең
білетін, соған сай қажетті әдістерді қолдана алатын бірікті маман ретінде
де танылуы жұмыс нәтижелілігін өсіретін алғы шартының бірі ғана емес,
бірегейі.
Бесіншіден, мотив қалыптастыру мұғалімнің дайын міндеттер мен
мақсаттарды оқушысының басына көшіруі емес, ол оқушының белсенділігін
туғызатындай жағдайлар жасау, оқуға деген ұмтылысын оятатын ішкі қозғаушы
тетіктерді жандандыру, оқушының сенім –тәжірибесі мен мотивациялық даму
деңгейіне сай келетін жұмыс түрлерін іріктеу, оларды оқушылардың сапалы
орындалуына мүмкіндік туғызу.
Осындай талаптар ескерілген жағдайда мұғалім балалардың да қайта
бірігуіне, бірін –бірі тануына мүмкіндік бере алады. Ал, бір сыныптағы
балаларды өзара қарым-қатынас жасауға үйретудің ең тиімділігі сол әр
баланың өз мүмкіндігін тануына жағдай жасалады. Ұжымдық оқыту нәтижесінде
оқушылардың рефлексивтік дағдылары дамытылады. Ал рефлексияны философтар
да, психологтар да адамның өздігінен дамуының ең негізгі құралы, адам
санасының маңызды ерекшеліктерінің барымен санайды.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында педагогтік этика, мәдениет
жөнінде, студенттермен қарым –қатынас нормалары туралы арнайы ғылыми
–практикалық бағыттағы жұмыстар жүргізіліп отырса құба-құп.
Бастауыш сынып оқушыларының мұндай оқу икемділіктерімен қатар
компьютерлік жұмыс икемділігі де қалыптаса бастайды. Ол "компьютерлік
сауаттылық" ұғымымен тығыз байланысты. Компьютерлік сауаттылықты
В.Извозчиков пен А.Ревунов ЭЕМ-нің аппараттық және бағдарламалық жұмысының
жалпы құрылымын түсіну, оның архитектурасымен жұмыс жасау қағидаларын,
мүмкіндіктерін білу, микропроцессор мен оның қолданылу туралы түсініктің
болуы, жалпы қабылданған терминдерді түсіну мен, пайдалану, есепті талдап
алгоритмдік және логикалық түрде ұсына білу, қажетті ақпаратты іздей білу,
дербес компьютермен жұмыс дағдыларының болуы және т.б. ретінде түсіндіреді.
Ақпараттық құзырет-ұғымы ақпараттық мәдениет ұғымымен өте тығыз
байланысты. Ақпараттық мәдениет дегеніміз - тек компьютермен дұрыс жұмыс
істей білу емес, кез келген ақпарат көзін: анықтамалықтарды, сөздіктерді,
энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын
т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз.
Бұл жерде сөз болып отырған дәстүрлі "мұғалім-оқушы", "оқушы-мұғалім"
субьектілер қатынасының өзгеше сипатқа ие болып, ақпараттық технологияның
мұғалім мен оқушы іс-әрекеттерін басқару маңызына ден қоюдың қажеттігі
туып отыр.
"Басқару" ұғымының қалыптасуына кибернетиканың пайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz