Қазақ халқының музыкалық этнографиясының зерттелуі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Мәдениет және өнер институты
«» факультеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Этнографиялық машық бағыты және бағдары»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Қазақ халқының музыкалық этнографиясының зерттелуі
1. 1 Қазақ халқының музыкалық этнографиясы мен фольклорын зерттеушілер . . . 6
1. 2 Ә. Марғұлан - қазақ этнографиясының атасы . . . 9
2. Музыкалық этнографияның машық бағыты және бағдары
2. 1 Қазақтың дәстүрлі ән-күй өнері . . . 12
2. 2Ән өнеріндегі бір қызықты дәстүр - айтыс өнері . . . 20
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 32
Кіріспе
Адам баласы пайда болғаннан бері әр ұрпақ өздері ойлап тапқан және уақыт өте қалыптасқан материалдық мәдениет пен рухани мәдениеттегі жетістіктерін мұра ретінде қалдырып отырды. Бұлай болмаған жағдайда, біз бүгінгі қоғамды көз алдымызда мүлдем басқаша елестетер едік. Адамзаттың қай заманда болмасын алдына қойған ең басты мұрат - мақсаттырының бірі дәстүрді сақтау, ұлттық құндылықтарды қадірлеу болғандығына ешкімнің де таласы жоқ. Бұл үрдіс тек бір ғана халыққа, ұлтқа тән ғана емес, сонымен қатар жер бетіндегі адам баласының бәріне тән. Біздің қазақ халқы да атадан балаға сан ғасырлардан қалыптасып жеткен асыл қазынасын келешек ұрпақ мақтан тұтып айтып, сақтап жеткізетіндей өшпес мұралар қалдырды.
Қазақ халқының музыкалық фольклорын зерттеуге елеулі үлес қосқандардың қатарында Түркістан генерал-губернаторының әскери капельмейстері А. Ф. Эйхгорн да болды. 1871 жылы оған жергілікті халықтардың әндері мен музыкалық аспаптары туралы мәліметтер жинауды тапсырады. Осы салада атқарған еңбегі үшін ол кейін үлкен күміс медальға ие болған. А. Эйхгорн еңбегі ұзақ жылдар бойы жарық көрмей, тек 1963 жылы ғана Ташкентте басылған «Музыкальная фольклористика в Узбекистане» атты жинақка енген. Алғашкы бөлімі - «Музыка киргизов», екіншісі - «Музыка узбеков» деп аталады. Бірінші бөлімінде А. Эйхгорн домбыра, кобыз, сыбызғы аспаптарының сипатгамасын жазьш, одан әрі 30 әннің нота жазбасын берген. Бірақ әндердің әдеби мәтіндері жоқ. Жинаушының назарынан айтыс өнері де тыс қалмаған.
Белгілі ориенталист А. Э. Бимбоэс «Музыкальная этнография» (Л., 1926) деген айдармен қырғыздың 25 әнін бастырған. Қазан төңкерісіне дейін орыс ғылыми әдебиеттерінде қазақтардың қырғыз деп аталғаны мәлім болса, мұның бәрі қазақ әндерінің көркем үлгілері болатын.
Бұлардан басқа орыс ғалымдарының еңбектерінде де қазак халқының музыкалық фольклоры туралы мәліметтер кездесіп отырады. Мысалы, қырғыз-қайсақ тайпаларының даласы мен ордаларын сипаттаған А. И. Левшин өзінің «Описание киргиз-кайсацких орд и степей» (1832) атты тарихи еңбегінде екі әннің нотасын жариялаған. Сол сиякты Георгий, Андреев, Готовицкий, тағы басқалардың жазбаларында қазақ халқының әншілік, күйшілік, жыршылық дәстүрІне байланысты деректер аз емес. Солардьщ қатарында Құрманғазы туралы естелік қалдырып, оны жойқын күйші ретінде суреттеген Н. Савичев жазбасын ерекше атап өтуге болады.
1. Қазақ халқының музыкалық этнографиясының зерттелуі
1. 1 Қазақ халқының музыкалық этнографиясы мен фольклорын зерттеушілер
Қазақ халқының музыкалық фолъклорына қатысты мәліметтер XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде шетел, орыс ориенталистері мен қазақ ағартушыларының еңбектерінде азды-көпті қамтылған. Олардың қатарында А. Е. Аллекторов, А. Э. Бимбоэс, Г. И. Гизлер, Ә. А. Диваев, И. Д. Добровольский, А. И. Левшин, П. С. Паллас, РА. Пфенниг, В. В. Радлов, С. Г. Рыбаков, Н. Ф. Савичев, Ш. Уәлиханов, АФ. Эйхгорн, т. б. атауға болады
Өзінің «Қырғыздар мен сарттардың халық әндері» атты мақаласында: Р. А. Пфенниг: «Бұлхалықтардың бірде-«‘, - деп жазды. Ол негізінен тұрмыс-салт және салттан тыс фольклорды сөз еткен.
Бақсылық үрдіс тұсында ол: «Мұнда дәрігерлердің міндетіне желгі шаманизмнің қалдығы - бақсылар орындайды. Олар шамандардай барабан ұстамайды, екі ішекті скрипка тәріздес, кішкене қоңыраулар, қаңылтыр темірлер ілінген қобыз деп аталатын аспаптар пайдаланады» - деген мәліметгер келтірген. Р. А. Пфеннигтің «Музыкальные инструменты народов Средней Азиии Казахстана»(СПб., 1885) атты кітапшасында Орта Азия мен Қазакстанның оңтүстігінде тараған музыкалық аспаптар туралы көптеген мәліметтер кездеседі. Автор мұнда әрбір аспапқа, оның құрылысы, орындалу ерекшеліктеріне арнайы тоқталған.
Қазақ музыкасы туралы мәліметтер өз топырағымыздан шыққан ағартушылардың да назарын аударған. Әйгілі Шоқан қазақ поэзиясының түрлерілене арналған мақаласында эпикалық жанр - жыр туралы қызықты ойлар айтқан. Сол сияқты халқымыздың музыкалық аспаптарына қатысты деректер де келтірген. Қазақта қобыздың сүйемелдеуімен ең соңғы жыр айтқан жырау - Жанақ деп көрсеткен де сол.
Абайдың музыка фольклорына байланысты арнайы еңбектері жоқ. Бірақ оның:
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, -
деген поэзиясынан ән-күйге деген ынта-ықыласы анық көрінеді. Ал:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең, -дегең тұста ол музыканың халық өмірінен алатын орнын айқын көрсетіп кеткен.
Шетел, орыс ориенталистері қазақ музыка фольклорына назар аударса да, оның жүйелі түрде жиналуы әйгілі этнограф А. В. Затаевич шығармашылығымен байланысты. XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында жүргізген музыкалық-этнографиялық қызметінің нәтижесінде ол алғаш рет «Қазақ халқының 1000 әні» (Орынбор, 1925) жинағын шығарды. Бұл еңбекті сол тұстағы Р. Роллан, М. Горький секілді мәдениет қайраткерлері жоғары бағалаған. Әрине, жинақтың кемшілігі де болды. Соның бастысы - жинаққа енген әндердің әдеби мәтінсіз жариялануы еді. А. В. Затаевич Қазақстанның барлық аймақтарында болған. Бірақ оның назарын музықалық-эпикалық жанрлар пәлендей аудара коймаған секілді. Кейін Қазақстан ғалымдарының қайта даярлауымен бұл жинақ толықтырылып, көптеген әндердің мәтіндері қалпына келтіріліп екінші рет басылды (Москва, 1963) .
Қазақ музыка фольклорын жинауда А. В. Затаевичтің «Қазақтың 500 ән-күйі» атты этнографиялық жинағының маңызы да зор болды. Алғаш 1931 жылы Алматыда жарық көрген жинақ 2002 жылы екінші қайтара басылды. Мұнда Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Сейтек, т. б. халық күйші-композиторларының шығармалары қамтылған. А. В. Затаевичтің архивінде жарық көрмеген 1500-ге жуық халық шығармалары қалған. Оларды жариялау ісі алдағы күннің міндетіне- кіреді.
Қазақ музыка фольклорының кәсіби негізде зерттелуі А. Жұбанов, Б. Ерзакович, Л. Хамиди, Е. Брусиловский ізденістерінен бастау алады. Б. Ерзаковичтің «Песенная кулътура казахского народа» (Алматы, 1966) атты еңбегі қазақ халқының музыкалық фольклорын теориялық деңгейде зертгеудің үлкен бір көрінісі болды.
Қазақтың әншілік және күйшілік дәстүрін бергі жерде зерттеген ғалымдар санатына М. Ахметова, А. Темірбекова, Ә. Мұхамбетова, Б. Қаракұлов, С. Елеманова, т. б. қосуға болады. Бүгінде фольклортану ғылымының алдында тұрған басты міңдет- халық ән-күйлерінің тарихилығы, қазақ этногенезінің қалыптасуына тигізген ыкпалын анықтау болып табылады.
1. 2 Ә. Марғұлан - қазақ этнографиясының атасы
Әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, ұлттық археология негізін қалаушы Әлкей Марғұлан этнография саласында да өзіндік өшпес із қалдырды. Ғалымның әсіресе фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Ә. Марғұлан ғылыми тұрғыдан қазақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді. Әлкей Марғұланның этнографтық қабілетінің қалыптасуына отбасындағы ұлттық тәрбие көп әсер еткен. Әкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыздарын білген, отбасында халық əндері мен Абай əуендері жиі шырқалатын. Ə. Марғұлан бес жасында оқып, жаза білуді үйренді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын жатқа білген. Хақанның шаңырағында белгілі ақын, ғалым Мəшһүр-Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса, Имантай Сəтбаев жəне қазақ даласына белгілі басқа да адамдар жиі бас қосқан. Ә. Марғұлан 1945-жылы «Қазақ халқының эпикалық жырлары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Әлкей Марғұлан қазақ халқының ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлері, діни наным-сенімдері, өнері тақырыбында көптеген зерттеулерін қалдырды. Осы ғылыми еңбектері қазақ халқының этнографиясы саласындағы баға жетпес еңбек ретінде бағаланып, осы тақырыпты зерттеу барысында құндылығы зор болды. Сонымен қатар бұл еңбегі арқылы тоталитарлық жүйенің ұлттық мәдениетті ұмыттыруға бағытталған әрекеттеріне қарсы тұрып, ұлттық рухтың ары қарай ұрпаққа жалғасуына да өзіндік ролін атқарды. Мәселен «О носителях древнего поэтического искусства казахского народа» [1] зерттеуінде жырау тұлғасы, қоғамдық өмірдегі тұғырына қатысты құнды ғылыми тұжырымдар жасалса, «Қазақтың сал, серілік дәстүрі» еңбегіндегі ғылыми талдаудағы ойөріс тереңдігіне иланамыз. Қазақтың сал, серілік дәстүрінің бастауын Түрік қағанатымен байланыстырады. Ғалым 1928 жылдан қазақ халқына қатысты әдеби, мұрағаттық материалдар жинақтаумен шұғылданды. 1929 жылы Абай шығармалары туралы дипломдық жұмыс қорғап‚ орыс география қоғамы архивiндегi Абай қолжазбалары туралы нақты тарихи деректер негiзiнде ғылыми дәйектi тұжырымдар жасады.
Ғалымның этнография ғылымына қатысты «Мәшһүр Жүсiп мұрасындағы түркi эпосы», «Әлiшер Науаи және қазақ мәдениетi», «Мұхаммед Хайдар - тарихшы», «Шоқан Уәлиханов және Орта Азия тарихы», «Жамбыл Жабаев» т. б. еңбектерi жарық көрдi. «Қазақ халқының эпикалық жыр дастандары» тақырыбында қорғаған докторлық диссертациясы қазақ әдебиетi мен тарихы саласындағы iргелi зерттеулердiң нәтижесi саналды. 1953-55 жылдары Ә. Марғұлан «Көне қазақ жерiнiң қалалары мен құрылыс өнерiнiң тарихы» аталатын монографиясын жариялады. » [2] К. Ақышев, М. Қадырбаев, М. Оразбаевтармен бiрге Орталық Қазақстанда жүргiзген археология қазба жұмыстарының қорытындысы саналатын «Орталық Қазақстанның ежелгi мәдениетi» атты ғылыми-зертханалық еңбегiн жазып‚ кiтаптың редакциясын басқарды. [3]
Ә. Марғұлан оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан данагөй абыз, жырау, күй атасы, қазақ бақсыларының жебеушiсi Қорқыт мұрасын зерттедi. Ә. Марғұлан қазақ музыкасы мен философиясында «Қорқыт күйi», «Қорқыт сарыны», «Қорқыт толғауы», «Тәңiр биi» дейтiн рухани iзгi дәстүрлер қалыптасқаны туралы пікір қалдырды. Марғұлан «Қазақ халқының көне замандағы ақындық өнерiнiң шеберлерi» атты еңбегiнде қазақ халқының эпикалық жыр дәстүрiн дамытқан ақындарға, шебер орындаушыларға, сал-серiлерге тоқталып, олардың сөз өнерiндегi орнын айқындады. » [4] Еңбектегi ғылыми тұжырымдар танымдық тереңдiгiмен ерекшеленедi, онда көне ойшылдардан бастап Жанақ, Шөже, Арыстанбай, Марабай, Сүйiнбай, Жамбыл, Нұрпейiс, Иса секiлдi ақындар шығармашылығы талданады. Марғұланның «Тамғалы тас жазуы» атты зерттеуiнде әдеби-тарихи және мәдени деректер молынан кездеседi.
1946-жылы Ғылым Академиясының Тарих, археология, және этнография институты Орталық Қазақстан жеріндегі көне мәдениет мұраларын зерттеу мақсатында археологиялық экспедиция ұйымдастырылды. » [5] Бұл Ұлы Отан соғысынан кейінгі алғашқы ғылыми-зерттеу экспедициясы болды. Экспедиция Сарысу, Кеңгір, Ұлытау аймақтарын зерттеді. Сарыарқа даласындағы Жошы хан, Алаша хан, Аяққамыр тағы басқа көне тарихи ескерткіштері туралы алғашқы ғылыми жазбасы жасалды. 1976-1984 ж. Қазақстан ҒА-ның этнография бөлiмiнiң аға ғылыми қызметкерi болды. Оның ынта-жiгерi мен ұсынысы бойынша қазақ даласының ең шалғай аудандарына бiрнеше археологиялық және этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Ол өзiне дейiнгi Қазақстанды зерттеушi орыс ғалымдарының қазақ даласы тек көшпелiлер мекенi болды деген тұжырымдарының шындыққа сай келмейтiндiгiн дәлелдедi. Ә. Марғұланның 1966 жылы жарық көрген «Ежелгі мәдениет куәлары» атты жинаққа жазған кіріспе мақаласында: «Тегінде Азия мен Қазақстанды, Оңтүстік Сібірді қоныстанған ежелгі тайпалардың өркендеу тарихы орасан қызық. Бұлардың қола дәуірінің өзінен көріне бастаған. Ол кездегі тайпалар мыс қалайы, алтын, күміс қорытуды жақсы біліп, одан неше түрлі қару-жарақ, әдемі бұйым, әшекей дүниесін шығара білген . . . Бұл қола дәуірінде қалыптасқан өрнек нақыштары бергі кезге дейін ұмытылмайды, оның әуендері ежелгі тайпалар арқылы бірден бір ауысып, ең соңында қазақ халқының өнеріне негіз болып шығады», - деген толық нанымды тұжырымға қорытындыға келеді.
2. Музыкалық этнографияның машық бағыты және бағдары
2. 1 Қазақтың дәстүрлі ән-күй өнері
Әншілік дәстүр. Ән өнері жеке адам сезімінен бастап тұтас халық тағдырына дейін сергек үн қосуға мейлінше оңтай. Адам қоғамындағы үлкенді-кішілі барша құбылыс әнге арқау бола алады. Ұлы Абай ән өнерінің бұл қасиетін:
„Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең", -деп түйіндеген.
Қазақтың ән өнері, оның көл-көсір мол нұсқалары өзінің өн-бойына айырықша қастерлі қасиеттер жинақтай отырып, шын мәнінде халық болмысының шежірелі сазы бола алған. Кейде творчество адамына замана тұлғасын сомдау керек, өлмес өнер тілімен уақыттың портретін жасау керек деген талап қойылады. Алайда, рухани үрдістердің қай-қайсысы да ең алдымен заманалық нәтиже екенін, уақыттың айғағы болатыны да қаперде бола бермейді. Көркем өнердің барша болмысы тарихи-әлеуметтік жағдайдан тыс болатын үрдіс емес. Тұтас бір тарихи кезеңдерде рухани құлдыраулардың, тіптен рухани ақтаңдақтардың болғаны өнер шежіресінен белгілі. Яғни, өнер түрлері өзінің шырқау биігінде де немесе жер бауырлап құлдыраған кезінде де тек қана өз уақытының айғағы болып қалатыны кәміл. Өнердің осынау заңдылығы қазақ әндеріне де жат емес. Қазақ ән өнерінің тек қана музыкалық бітіміне назар аударып қоймай, оның тарихи тек тамырына ден қойып, халықтың қатпарлы өмір жолындағы белгі-нышандарын бажайлауға көңіл аударған абзал. Халықтың алыс кезеңдерден бастау алған тарихымен рухани мұраларды шендестіре қарау ең алдымен сол өнер түрінің даму, жетілу диалектикасын саралауға дес берсе, екіншіден - халықтың өмір жолын жалаң хронология тұрғысында емес, тарихи-әлеуметтік құбылыс ретінде өнермен де шендестіре тануға мүмкіндік береді. Конфуци айтты дейтін тұжырым бар: „Егер белгілі бір елдің ахуалын білгің келсе, сол ел адамдарының жөн-жобасын танығың келсе, алдымен әніне құлақ түр", депті. Ал, Конфуцидің ізбасары Сюнь-цзы: „Егер музыкасы салмақты да сабырлы сазымен баураса, ол халық - ұжымы жарасқан бақытты халық, егер музыкасы сырбаз да сыршыл болса, онда ол халық кісілікті сүйеді, бүлік шығармайды, егер музыкасы есіңнен айыра еліктіріп әкетсе, сонысымен қауіпті, себебі ондай музыкаға ден қойған халық кісіліктен жұрдай болып, жақсылықты жат санап, күйкілікке көңіл жұбатқыш болып алады . . . Музыка арқылы біз халыққа жол нұсқаймыз. Сондықтан да музыка - адамдарды басқарудың ең бір сыннан өткен құралы", дейді ( "Музыкальная эстетика . . . ) . Осынау ой жосықтары музыканың халықтанытқыштық, халықтәрбиелегіштік және тарихи-шежірешілдік қасиеттеріне мән беріп отыр. Демек, қазақ әндерінің төл сипатын халықтың тарихи болмысымен сабақтастықта қараудың мәні зор.
Қазіргі музыка зерттеуші ғалымдардың тұжырымына қарағанда музыка тілі халықтың рухани мәдениетінің ішіндегі ең бір тұрақты айғағы, өзгеріске оңайлықпен ұшырай қоймайтын түрі болып есептелінеді. Славян музыкасының тарихи тегін зерттеуші ғалым В. Гошовскийдің: „Тарихи жағдайға орай ассимиляцияға түскен белгілі бір халық басқа бір халықтың өлеңдерінен гөрі заттық мәдениетін, тіпті тілін әлде қайда оңай игереді" деген тұжырымы назар аударады.
Музыка зерттеуші белгілі совет ғалымы В. Виноградовтың түркі халықтары музыкасын тарихи бітім тұрғысында жүйелеуі назар аударады. В. Виноградов түркі халықтарының музыкалық фольклорын саралай отырып, мынадай бес жүйе ұсыныпты:
1) музыкалық байланысы бар армян-азербайжандар;
2) музыкасында монғол және мари музыкасына ұқсас қасиеттер бар татарлар, башқұрттар, кейбір алтай жұрттары, ойраттар, тувалар;
3) тәжік музыкасына ұқсастығы бар өзбектер;
4) қазақтар мен түркімендер;
5) қырғыздар мен хакастар және бірсыпыра алтай жұрттары.
Осы жүйелеу бойынша қазақ музыкасында байырғы түркілік диалектінің бар екендігіне зерттеуші назар аударған. Әрине, бүл игілікті талпыныс.
Қолға түскен санаулы ғана фольклорлық айғақ аясында тұжырымдалған осынау ой ұшқыны айтылған қалпында қалмай, қарпып зерделейтін ауқымды да байсалды зерттеу объктісіне айналғаны жөн. Бұл орайла, ән мұраларын этникалық шежіремен шенжестіре саралап, қажет болса көрші ру-тайпалардың, ел-жұрттардың тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани байланысы түрғысында қарастыру жақсы нәтиже беруге тиіс. Сонан соң ән мектептері, олардың типтік және типологиялық қасиеттері білікті жүйеленсе, тарих қатпарларының рухани жік-жапсарын айырудың сәті түспек.
Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін қазақтың ән өнерін саралағанда көшпелі өмір салттағы саяси-әкімшілік жағдай тудырған жүздік бөлікке орай үш жүзде үш ән мектебі болды деп оңай қайыра салушылық байқалады. Мұндай саралаудың ұшқарылығына көз жеткізу үшін, қазақтың үш жүзге бөлінуі әлеуметтік-этикалық бөліну емес екенін пайымдаса да болады. Алг барша өмір салты мен арман-аңсары (идеалы) біртұтас қазақ халқының мәдени-рухани бөлшектенуі тіпті де мүмкін емес. „Ақсақ құлан" күйінін Алтай мен Атырау арасында бір қолдан шыққандай тартылуы - рухани ұлы тұтастықтың айғағы. Тек ән мен күй емес, тілдегі, дәстүрдегі, моральдық-этикалық нормалардағы, көшпелі өмір салтындағы ортақтық ең алдымен біртұтас елдіктің жарқын айғағы болды. Демек, рулық, жүздік құрылым, әсіресе соңғы төрт-бес ғасырда саяси-әкімшілік сипатта болғанын пайымдау рухани мәдениеттің біртұтас болмысын тануға дес береді. Бұл тұтастық үлт мәдениетінің орныққан, төлтума бітім иеленген, типологиялық бір арна тапқан қасиетін танытады. Ал енді, біртұтас рухани әлемнің ішіндегі үлгілерді, түрлерді, мектептерді, тіптен ағымдарды халықтың этникалық әр тектілігі деп қарауға әсте болмайды. Өсу, даму үстінде болатын үлкен өнер қашанда үлгі-қалыбының байлығымен, мазмұнының өміршеңдігімен дараланады.
Олай болса, қазақтың музыкалық мұрасы, оның ішінде ән өнері дәл қазіргі жинақталған қыруар айғақтың негізінде үш мектеп емес, басы ашық бес мектепке бөлінеді деп тұжырымдауға негіз бар. Бірінші, Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектебі. Екінші, Қазақстанның оңтүстік және Жетісу өңірін қамтитын әншілік мектебі. Үшінші, Қазақстанның батыс өңірін қамтитын әншілік мектебі. Төртінші, Сыр бойының әншілік-термешілік мектебі. Бесінші, Қазақстанның шығыс өңірін, Баян Өлке және Шығыс Түркістанды қамтитын әншілік мектеп. Бүл жіктеулер музыкалық өлшемді дәлелдермен де, естір құлақтың талғам-танымымен де өзіндік бітім-қасиеттері жеке-жеке әуен-сазын, қайырым-нақысын айқын айғақтай алады. Алайда, осынау бес отау әншілік өнері кең аяда қамтылып, типологиялық ауқымымен сараланғанын қаперде ұстаған жөн. Себебі бүл бес мектеп өз іштерінде әр алуан айтулы әнші-композиторлардың дарын-қуатымен әлденеше сала құрап, сан тарау үлгі танытып, өркен жайып жатады. Мәселен, Қазақстанның орталық және солтүстік өңірінде, ғұмыр кешіп, өз өнерінде өзіндік із қалдыра білген Абай, Біржан, Ақан, Жаяумұса, Ыбырай, Әсет, Жарылғапберлі, Уәйіс, Ғазиз, Майра, Мәди, Балуаншолақ сынды біртуар дарындар бір-бірінен мейлінше оқшау бітімдегі әнші-композиторлар. Сөйте тұра, олардың өнерін типтік бітімімен ғана емес, типологиялық болмысы мен тұтастандыратын ортақ қасиеттің бар екенін жоққа шығаруға болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz