БАҚЫЛАУ ЖҰМЫМЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫМЫ
Тақырыбы:
Экскурция және мақсаттық серуендер

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015ж
Жоспары:

1. Саяхат, серуен кезінде табиғи материалдарды жасау және олармен әрі қарай жүргізілетін жұмыстар (бақылау, өсімдіктерді өсіру, жануарларды күту)
2. Серуен өткізуге дайындық. Серуеннің саяхаттан айырмашылығы
3. Табиғатта серуендеу және саяхат жасау сабақтың ерекше түрі ретінде. Олардың мыңызы
4. Саяхаттағы байқағыштықты арттыратын ойын сәттері
5. Саяхатты аяқтау. Саяхаттың түрлері. Олардың маңызы
6. Кіші және естияр топтарындағы балалармен мақсатты серуен өткізудің ерекшелігі

1. Саяхат, серуен кезінде табиғи материалдарды жасау және олармен әрі қарай жүргізілетін жұмыстар (бақылау, өсімдіктерді өсіру, жануарларды күту)
Балабақшадағы экологиялық тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларынан түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиешінің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты сайыстар ұйымдастырылып экология мәселелері туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген суретте пайдаланылғаны, ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. Алтын күз, Құстар күні, Табиғатты сүйеміз, т.б. ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтің ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз:
а) балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу.
ә) балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру.
Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп, оның ішінде күнбағысқа т.б. өсімдіктерге тоқтала, оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар - топырақ, ылғал, күннің нұры, жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады, құстар жұмыртқалайды, балапан басып шығарады, оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы түсіндіріледі. Балалардың жабайы хайуандар қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі.
Балалардың өлі табиғаттағы, өсімдіктердің құстар мен аңдардың тіршілігіндегі күзгі өзгерістері туралы нақты түсініктерін кеңейту, балаларға бұрыннан таныс кейбір құбылыстар мен ауа райының жағдайы және өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі арасындағы байланыстың реттілігін анықтап күз ұғымының мәнісін айқындап, қорытындылауға бағыттау. Балалардың жансыз табиғаттағы, құстардың хайуандардың өмірінде бірте-бірте болатын өзгерістер: жапырақтардың түсуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі жайындағы ұғымдарын бекіту. Күзде балабақша егістігіндегі көкөніс жинау, қазып алу, ауланы тазарту жапырақтарды жинап бір жерге үю) т.б. жұмыстарға көмектесіп, пайдалы еңбекке араластырылады, әңгімелесулерде күз туралы түсініктері нақтылана толықтырылып бекітіледі, диафилъмдер көрсетіледі.

2. Серуен өткізуге дайындық. Серуеннің саяхаттан айырмашылығы
Балабақшада балалар серуенге ықыласпен жиналуы үшін тәрбиеші оның мазмұнын күні бұрын ойластырады, ойыншықтардың көмегімен немесе олардың немен айналысатыны туралы әңгімелесуі арқылы сәбилердің серуенге деген ынтасын туғызады. Егер серуендер мазмұнды да көңілді болса, балалар әдетте серуенге бар ынтасымен шығады[3; 5].
Серуеннің ең негізгі бөлімі - ойын. Ал балаларды серуенге шығаруда ең кемінде үш ойын ойналу керек. Күндізгі серуенге ойын таңдағанда, серуеннің алдындағы балалардың айналысқан қызметін есепке алу қажет. Тыныш сабақтардан кейін қозғалысы молдау ойын таңдау қажет. Серуеннің басында барлық топпен ойнау керек. Дене тәрбиесі және музыкалық сабақтарынан кейін қозғалысы орталау ойын жоспарлаған жөн. Ондай ойындарды серуеннің ортасында немесе аяғында ойнату қажет. Балалардың қозғалыс дағдыларын пысықтайтындай, дамитындай жаңа ойындарды жоспарлап жазып үйрету керек. Бір жыл бойы шамамен 10 - 15 жаңа ойындар өткізу керек. Ойынды таңдау жыл мезгіліне, ауа райына, серуеннің өткізілу уақытына байланысты. Әрбір топта ойындар картотекасы болу керек. Осы компоненттердің бәрі серуенді қызықты және қанықты етеді. Серуенді ауа-райына, бақылайтын нысанға, өтілген сабақтарға байланысты әр түрлі жүйелілікте жүргізуге болады. Ең бастысы, серуеннің әрбір компоненті балалардың дене тәрбиесінің дамуына, денсаулықтарын шыңдауға, сонымен қатар көңіл-күйлерін көтеруге әсерін тигізеді.
Серуенде неғұрлым қимылды ойындар басты орын алады. Ойын - тек көңіл көтеру ғана емес, сондай-ақ оның көмегі арқылы жас балаларға қоршаған өмірді таныстыратын да тәсіл болып саналады. Балалар неғұрлым аз болған сайын олармен жүргізілетін білімдік - тәрбиелік жұмыстардың тәсілі ретінде ойын да соғұрлым жиірек қолданылады. Негізінен балалар ойыны әр түрлі типтерге бөлінеді. Мәселен: дидактикалық, аулада ойналатын еркін ойындар, серуен, экскурсия кезінде ойналатын ойындар, табиғаттың табиғи материалымен ойналатын ойындар, рөлдік ойындар, т.б. [5; 12].
Балалардың таза ауада болуының оның дене құрылысының дамуы үшін топсеруеннің үлкен маңызы бар. Серуендеу бала организмін шынықтырудың ең бастапқы және неғұрлым оңайға түсетін құралы. Ол баланың сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен, әсіресе салқын тиюден болатын ауруларға төзімділігі мен көнбістігін арттырады. Серуенге шыққанда балалар ойнайды, көп қозғалыста болады. Қимыл зат алмасуын, қан айналымын, газ алмасуын күшейтеді, тәбетін жақсартады. Балалар бүкіл кедергілерден өтуге үйренеді, ширақ, епті, батыл, төзімді болады. Олардың қимыл шеберлігі мен дағдысы қалыптасады, бұлшық ет жүйесі нығайып, организмнің өмір сүру қабілетін арттырады. Серуендеу баланың ақыл - ой тәрбиесіне әсер етеді. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады[6; 12 б].
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеушісі. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуен арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады. Топсеруен негізінен тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылау жұмыстарын өткізу. Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді. Баланың жан-жақты дамуы,оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады.
Қорыта келгенде мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат, қоршаған орта жайында білімдерін, сана сезімдерін дамытуда топсеруенінің алатын орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балаларды топсеруенге шығару табиғаттың маңыздылығын жас ерекшеліктеріне қарай сатылай түсіндіру, баланың ойлау қабілетін, сөзік қорын, тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Біз күнделікті іс - әрекетімізде баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, аялай білуге, қорғауға қызығушылығын арттыруға, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз. Осы орайда бізге артылар жүктің ауыр екені сөзсіз.

3. Табиғатта серуендеу және саяхат жасау сабақтың ерекше түрі ретінде. Олардың мыңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта туралы білімін топсеруен арқылы қалыптастыру қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелердегі ұйымдастырылуға тиісті жұмыстардың бірі. Себебі қоршаған орта бала үшін жаңа білім мен әлеуметтік тәжірибенің көзі. Мектепке дейінгі кезеңде білім - қоршаған орта, табиғат жайында қарапайым ұғым беру арқылы баланың дүниетанымын қалыптастырудан басталады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін кеңейтудің негізі - айналадағы қоршаған ортамен табиғат құбылыстарын бақылату. Қоғамдық өмір шындығын, табиғат тамашаларын бақылатып, баланың таным, сезім қабілеттерін жетілдіру басты рөл атқарады.
Мектепке дейінгі мекемелерде топсеруенді ұйымдастыру жұмыстары балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелейді. Айнала қоршаған дүниені, еңбек адамдарының тіршілігін бақылай отырып балаларды еңбекқорлыққа баулу, эстетикалық талғамдарын қалыптастырудың мәні зор[1; 2 б].
Табиғаттың әсемдігін көріп, сезіне білу балалардың өмір тәжірибесін байытып, эстетикалық талғамын дамытады. Бала сәби шақтан бастап-ақ халықтың бай мұрасын бойына сіңіріп өссе, табиғаттың сан сырын, қоршаған ортаны қадірлеуге, қорғауға, сақтауға ынтасы зор болатыны белгілі. Бүгінгі күні адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі - өзімізді қоршаған табиғи ортадағы жан-жануарлар, өсімдік, өзен, су, ауа және орман тоғайларды қолдан келгенше табиғи күйінде сақтап, болашақ ұрпаққа қаз-қалпында қалдыра білу болып табылады. Оны іске асыру үшін балабақша табалдырығынан бастап балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру керек. Ол үшін балабақшада ұйымдастырылатын топсеруендер мен экскурсиялардың маңызы өте зор[2; 19 б].
Балаларды өсіріп, тәрбиелеуде барлық салалардың маңызы көп, соның ішінде баларға табиғатты таныстыру маңызды рөл алады. Балалар күнделікті табиғатпен және неше түрлі жаңалықтармен кездеседі. Сондықтан да табиғаттың сұлулығын, жаңалығын түсініп, жан-дүниесімен қабылдап және табиғатты сүйіп, қорғауды үйрету - әрбір тәрбиешінің басты міндеті болып табылады. Тәрбиеші балаларды серуенге алып шыққанда, қоршаған ортаның әрбір кереметін балаларға жеткізіп, олардың санасындағы алуан түрлі ойларын, қиялдарын оятып және оны одан әрі дамытуға тәрбиелеу қажет.

4. Саяхаттағы байқағыштықты арттыратын ойын сәттері
Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейтіп, осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыру жөніндегі экологиялық тәрбиенің ересектер тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз: Бұл топтағы балаларда ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипаталады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептеуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті
ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұлқұбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады, осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы, білуге құлшынысы, байкап-көре білуі, логикалық ойлауы, табиғатқа эстетикалық тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді.Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп, оның ішінде күнбағысқа т.б. өсімдіктерге тоқтала, оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар - топырақ, ылғал, күннің нұры, жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады, құстар жұмыртқалайды, балапан басып шығарады, оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы түсіндіріледі. Балалардың жабайы хайуандар (қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі) олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі.Күзде: Балалардың өлі табиғаттағы, өсімдіктердің құстар мен аңдардың тіршілігіндегі күзгі өзгерістері туралы накты түсініктерін кеңейту, балаларға бұрыннан таныс кейбір кұбылыстар мен ауа райының жағдайы және өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі арасындағы байланыстың реттілігін анықтап күз ұғымының мәнісін айқындап, қорытындылауға бағыттау. Балалардың жансыз табиғаттағы, құстардың хайуандардың өмірінде бірте-бірте болатын өзгерістер: жапырақтардың түсуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі жайындағы ұғымдарын бекіту. Күзде балабақша егістігіндегі көкөніс жинау, қазып алу, ауланы тазарту (жапырақтарды жинап бір жерге үю) т. б. жұмыстарға көмектесіп, пайдалы еңбекке араластырылады, әңгімелесулерде күз туралы түсініктері нақтылана толықтырылып бекітіледі, фильмдер көрсетіледі. Қыста: Балалардың қысқы ауа-райының сипатты белгілері ағаштардың, ормандағы құстар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ұрпаққа тәрбие беру
Жарықтың кванттық қасиеттері және оған мектепте есеп шығарудың методикасы
Тілді үйретуде семантикалық топтардың алатын орны
Шаруашылық қызметінің аудиті
Мемлекеттік қаржылық бақылау
Мемлекеттік бюджеттік бақылаудың құқықтық негіздері
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ
Қаржылық бақылау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылауының теориялық аспектілерін зерттеу, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау, іске асыру механизмі
Бақылау. Өзін-өзі бақылау
Пәндер