Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Тарих және құқық негіздері
кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:
Халықаралық қаржы құқығы

Орындаған:Жайылханова Г.Т.
Тексерген:Тоғашова Д.С.

Орал, 2014ж.

Жоспары
Кіріспе
1. Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
2. Қаржылық бақылау
3. Бюджеттік құқық негіздері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінге қалдыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады. Коммерциялық несие векселмен бекітіледі және вексельді банктер есепке алады да, сөйтіп коммерциялық несие біртіндеп банктіік несиеге ұласады. Сонда заңнамалар нормаларына сәйкес келетін вексель вексель иесіне берілген жазбаша кепілдік болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық іс-әрекет және қаржылық бақылаумен айналысатын көптеген органдары бар. Оларға мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілетті және атқару органдары - Мәжіліс пен Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, Санақ палатасы, Қазыналық, салық комитеттері, салық полициясы, басқа да көптеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрлі инспекциялар жатады.
Мемлекеттік емес кәсіпкерліктен басқа тірлікпен айналысатын субъектілердің қаржылық-шаруашылық жағдайын тексеруді мемлекеттік емес тексеру-бақылау органдары - аудиторлар жүзеге асырады.
Мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің барысында материалды және ұйымдастырушылық сияқты екі түрлі қаржылық қатынастар қалыптасады.
Материалды қаржылық қатынастар мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру және бөлу үрдісін, ақшылай қаржылардың қозғалысын қосымша реттейді. Бұл қатынастар нақты ақшаның төлеушілерден мемлекеттік қорға не болмаса, керісінше, мемлекеттік қордан оны алушыларға қарай бағытталуымен байланысты. Мысл ретінде мемлекеттік бюджетке түсетін салық, салық төлеушіден мемлекеттік бюджетке барса, керісінше, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін зейнеткерлерге төленетін зейнетақы, жетім балаларға төленетін көмекақылар бюджеттен азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарына бағытталады.
Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастар мемлекеттің ақша, қаржы жүйелерінің, қаржыны мемлекеттік басқару жүйесінің, қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды, мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру барысында қалыптасады. Бұл қатынастар экономикалық сипатта болмағандықтан ақша қаржыларының қозғалысын жанамалайды. Бірақ, олар материалды қаржылық қатынастардың қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Егер материалды қаржылық қатынастардың негізгі нысаны ақша болса, ұйымдастырушылық қаржылық қатынастардың нысаны мемлекеттік қаржылық құрылым болып табылады.
1. Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни, жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міндетті жарналар жіберіледі, мысалы, зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.
Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз, мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.
Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түрінде жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардың жеке және заңды тұлғалардың, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды.

2. Қаржылық бақылау
Қаржылық бақылау мемлекеттін қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады:
1. бақылау субъектісі;
2. бақылау объектісі;
3. бақылау заты (тақырыбы);
4. бақылаудың мақсаты;
5. бақылауды іске асырудың әдістері.
Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ:
1. мемлекеттік органдар;
2. мемлекеттік заңды тұлғалар;
3. мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
4. азаматтар жатады.
Қаржылық бақылаудың заты (тақырыбы) қаржылық қатынастардың субъектісі ретінде өзінің міндеттерін атқару тұрғысынан қарағандағы, бақылау объектісінің іс-қимылы (әрекет не әрекетсіздік).
Қаржылық бақылаудың мақсаты: біріншіден, қаржылық құқықтық қатынасқа қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын және олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау; екіншіден, кінәлілер мен айыптыларды тауып, оларды заңнамаларда көрсетілген тәртіп бойынша жауапқа тарту; үшіншіден, қаржылық тәртіп бұзушылықты және оның салдарларын жою.

3. Бюджеттік құқық негіздері

Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Құқықтық санат мағынасында бюджет көмегімен орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілген қаржылық-құқықтық акті.
Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджеттер және Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығын бюджет жүйесін құрайды.
Бюджет жүйесі төмендегідей қағидаларға негізделеді:
1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының біріңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде біріңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың біріңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету бағытталған бірлік қағидасы.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеуге негізделген толықтық қағидасы.
3. Бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі көрсететін реалистік қағидасы.
4. Мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпараттарды міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізуді дәйектейтін транспаренттілік қағидасы.
5. Бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауын белгілейтін дәйектілік қағидасы.
6. Бюджеттерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттік бюджет экономикалық мәні, қызметтері
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Құқық негізінің түсінігі
Еңбек құқық қатынастары
Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
Бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде
Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Пәндер