Ғарыш объектісін орбитада сақтандыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Тарих және құқық негіздері
кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:
Халықаралық әуе құқығы

Орындаған:Жайылханова Г.Т.
Тексерген:Балыкова А.М.

Орал, 2014ж.

Жоспары

Кіріспе
1. Халықаралық ғарыш құқығы
2.Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі
3.Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың құқықтық мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Халықаралық әуе құқығы - бұл құқықтық нормалар мен институттар жиынтығын көрсететін, әуе кеңістігін пайдалану және әуе қатынастарын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы. Халықаралық әуе құқығы халықаралық құқықтың саласы ретінде халықаралық құқықтың көпке танылған қағидаларына негізделеді. Сонымен қатар әуе құқығы қағидалары жүйесіне халықаралық азаматтық авиацияның қызметін реттеп отыратын арнаулы қағидалар мен нормалар кіреді. Оларға мыналар жатады:
1. әуе кеңістігінде мемлекеттің ерекше және толық егемендік қағидасы;
2. халықаралық әуе қатынастарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидасы;
3. әуе кемелерінің заңсыз килігу әрекеттерінен қорғау қағидасы;
4. тіркеу негізінде кеменің ұлттық негізін мойындау қағидасы;
5. әуе кемелеріне және үшінші мемлекеттерге тигізген зияндарды өтеу қағидасы;
Халықаралық құқық теориясы әуел бастан әуе кеңістігінде мемлекеттің ерекше және толық егемендігін мойындау қағидасын ұстанып отыр, өйткені әуе кеңістігі мемлекеттің ажырамас бөлігін алып жатқандықтан, мемлекет сол аумақ шегінде өзінің жоғары билігін жүзгізеді, демек әуе кеңістігінде егемендік біртұтас мемлекеттік егемендіктің бір бөлігін құрайды.
Халықаралық әуе кеңістігінде еркін ұшу қағидасы. Халықаралық әуе кеңістігіне ашық теңіз бен Антарктиканың үстіндегі әуе кеңістігі жатады. Осы кеңістіктердің үстінен ұшуды жүзеге асырған кезде әуе кемелері өзі тіркелген мемлекеттің юрисдикциясына бағынады. Бірақ бұл мемлекеттер мен олардың әуе кемелері құқықтық актілерде бекітілген халықаралық ережелерді сақтамауы тиіс дегенді білдірмейді. 1944 ж. Чикаго Конвенциясының 2-қосымшасында осындай аумақтарда ұшу ережелері бекітілген.
Халықаралық азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидасы. Бұл қағиданың мазмұны мемлекеттің мынадай екі міндеттеріне негізделеді:
1. Авиациялық техниканың, аэроаппараттардың, қосалқы қызметтер мен әуе көлігінің техникалық сенімділігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
2. Азаматтық авиацияның қызметіне заңсыз араласу әрекеттерімен күрес жүргізу.

1. Халықаралық ғарыш құқығы
Халықаралық ғарыш құқығы - бұл халықаралық құқық субъектілерінің ғарыш кеңістігін, аспан денелерін қоса алғанда, зерттеу және пайдалану қызметтеріне байланысты олардың арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар мен қағидалар жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың саласы. Бұл салыстырмалы түрде алғанда осы заманғы халықаралық құқықтың жаңа саласы, оның тарихы жердің алғашқы жасанды серігін 1957 ж. жіберуден басталады. 1961 және 1963 жылдардың желтоқсан айларында мемлекеттердің ғарыш кеңістігін пайдалану және зерттеу жөніндегі қызметтерінің құқықтық қағидалары мен нормаларын айқындайтын БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары қабылданды. Оларға: ғарыш кеңістігін зерттеу, пайдалану еркіндігінің қағидасы; ғарыш кеңістігіне мемлекеттердің тәуелсіздіктерінің таралмау қағидасы жатқызылады.
БҰҰ аясында 1959 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының қосалқы органы - ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарға пайдалану жөніндегі Комитеті құрылды.
Халықаралық ғарыш құқығының қайнар көздері жүйесін БҰҰ қол астында жасалған мемлекеттердің ғарыштағы бірлескен қызметін реттейтін ғылыми-техникалық сипаттағы көптеген халықаралық шарттары; мемлекеттердің жердегі және әуе кеңістігіндегі ғарышты зерттеу және пайдалануға байланысты қызметін айқындайтын шарттар құрайды.
Қайнар көздерінің бірінші тобына: Ғарыш кеңістігін, Айды және басқа да аспан денелерін зерттеу және пайдаланудағы мемлекеттер қызметінің қағидалары туралы 1967 ж. Шарт; Ғарыш кеңістігіне жіберілген ғарышкерлерді құтқару, ғарышкерлерді және объектілерді қайтару туралы 1968 ж. Келісім; Ғарыш объектілері келтірген залалдар үшін халықаралық жауапкершілік туралы 1972 ж. Конвенция; Ғарыш кеңістігіне жіберілетін объектілерді тіркеу туралы 1976 ж. Конвенция; Мемлекеттердің Айдағы және басқа аспан денелеріндегі қызметі туралы 1984 ж. Келісім жатады.
Халықаралық ғарыш құқығының қайнар көздерінің екінші тобы ғылыми-техникалық бағыт сипатында, оларды Еуропа ғарыш агенттігі, Интерспутник және басқа да көптеген үкіметаралық ұйымдар қабылдаған. Екіжақты және көпжақты сипаттағы мұндай шарттар мемлекеттердің ғарыштағы бірлескен қызметінің нақты және жалпы мәжілістеріне қатысты болады.
Үшінші топтағы шарттар ғарышкерлерді және ғарыш объектілерін құтқару және қайтаруға байланысты жерде жүргізілетін операциялардың құқықтық мәселелерін реттейді. Сонымен қатар, ғарыш объектілерінің немесе олардың құрамдас бөліктерінің жерге құлауы кезінде келтірілген залалдарды өтеуді қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттейді.
Халықаралық құқықтың құқықтық нормаларының әрекеті ғарыш кеңістігіне және мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, жеке және заңды тұлғалардың ғарыш кеңістігін жерде де, ғарыш кеңістігінде де зерттеуі және пайдалануына байланысты қызметіне толық таралады.

2.Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі
Ғарыш кеңістігі - бұл Жер шарының ауа қабаты шегінен тыс орналасқан кеңістік, оның құқықтық режимі халықаралық ғарыш құқығымен айқындалады. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі халықаралық ғарыш құқығының кейбір жалпы қағидаларына тығыз байланысты және соларға сәйкес қарастырылуы тиіс. Оларға:
Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу және пайдалану еркіндігі;
Ғарыш пен аспан денелерін зерттеу және пайдалануға қатысты қызметті халықаралық құқық қағидаларына сәйкес жүзеге асыру;
Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін ұлттық иемденуге тыйым салу;
Ғарыш кеңістігін ішінара қарусыздандыру және аспан денелерін толық қамсыздандыру;
Мемлекеттердің ұшыратын ғарыш объектілеріне дербес құқықтарын сақтауы;
Ғарыш кеңістігінде және аспан денелерінде сынақтар жүргізудің ықтимал зияндарының алдын алу;
Ғарыш кеңістігін және аспан денелерін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдаланудағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
Ғарыш кемесінің экипажына авария, апат немесе мәжбүрлі қону жағдайларында көмек көрсету;
Мемлекеттердің кеңістіктегі ұлттық қызметінің халықаралық жауапкершілігі жатады.
Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу және пайдалану еркіндігі. Ғарыш кеңістігінің құқықтық жағдайы, ең алдымен оған бірде-бір мемлекеттің тәуелсіздігі таралмайтындығына байланысты. Ол халықаралық құқық нормаларына сәйкес, барлық мемлекеттердің зерттеуі үшін ашық немесе еркін болады. Барлық мемлекеттердің ғарыш кеңістігіне баруға теңдей құқықтары бар. Барлық мемлекеттердің ғарыш кеңістігін игеруге және осындай игерудің нәтижелерін алуға мүдделі екендігі сөзсіз. Мемлекеттердің ғарыш кеңістігін және аспан денелерін игеру қызметі ғарышты зерттеу нәтижелерін тек бейбіт мақсаттарға пайдалануға жәрдемдесуі тиіс.
Ғарыш аспан денелерін зерттеу және пайдалануға қатысты қызметті халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес жүзеге асыру. Халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидалары бір мемлекеттің шегінде ғана міндетті емес, сонымен бірге ешкімге тәуелсіз кеңістіктерде де міндетті болып табылады. Ішкі істерге қол сұқпау, мемлекеттердің дербес теңдік, өздеріне жүктелген халықаралық міндеттемелерді адал орындау, күш қолданамын деп қоқан-лоқы жасау немесе оны қолдануға тыйым салу және басқа да қағидаларды орындамай тұрып, ғарыш кеңістігін және аспан денелерін бейбіт игеру мүмкін емес.
Ғарышқа ұшудың қауіпсіздігі үшін ғарыш кеңістігінің зиянды ластануының алдын алудың маңызы зор. Өйткені, ғарыштағы қызмет ғарыштық кеңістіктің өзіне де, жердің қоршаған ортасына да белгілі бір ықпал етеді. Бүгінгі таңда ғарыш кеңістігінің ластануы мәселесі оның ұшуға қауіп төндіруі тұрғысынан қарағанда әлсіз жасақталған деуге болады. Ғарышқа ұшулар соқтығысу, улану қаупіне және басқа да аяқталмаған сынақтарға ұшырамауы тиіс. Жердің айналасындағы ғарыш кеңістігін ластанудың алдын алу жөніндегі заңи міндетті нормаларын жасаудың объективті қажеттілігі туындады. Ғарыштың техногендік денелерін ластау мәселесі 50-жылдардың аяғында Жердің алғашқы жасанды серіктерін ұшырғаннан кейін бірден пайда болғанын айту керек. Бұл мәселе БҰҰ Бас Ассамблеясы Бас Хатшысының Ғарыштағы қызметтің қоршаған ортаға ықпал етуі деген баяндамасынан кейін халықаралық деңгейдегі ресми мәртебеге ие болды. Халықаралық астронавтика академиясы мәліметтері бойынша бүгінгі таңда Жер айналасындағы орбитада каталогқа кіргізілген 8600 объекті бар екен, оның 500-ге жуығын ғана әрекет ететін ғарыштық ұшу аппараттары деп қарастыруға болады. Осы объектілердің кез келгенімен соқтығысып қалу ғарышкерлер үшін қауіп төндіреді.
Ғарыштың техногендік ластануын азайту жөніндегі шаралардың екі аспектісі бар: біріншіден, ғарыштық қоқыстың әсер етуінен қорғау және екіншіден, техникалық қоқыстың жинақталуын болдырмау шаралары.
Ғарыш кеңістігін ішінара қарусыздандыру және аспан денелерін толық қарусыздандыру. Бейбіт кезеңде ғарыш кеңістігінде ешқандай әскери қимылдарға жол берілмейді. Жердің жасанды серіктерін басқа мемлекеттердің аумағында барлау сипатындағы әскери мәліметтерді жинау үшін қолдануға тыйым салу; басқа мемлекеттердің аумағын суретке түсіруге жол берілмейді. Барлық аспан денелері, Айды қоса алғанда бейбіт мақсаттарға ғана қолданылады. Оларда әскери базалар, құрылыстар және бекіністер салуға, қарудың кез келген түрін сынауға және әскери маневрлар жүргізуге тыйым салынады. Ғарыш кеңістігіндегі тыйым салынған әрекеттерге: бейбітшілікке қауіп төндіру, бейбітшілікті бұзу мақсатындағы немесе қауіп төндіру немесе қауіп төндіруді күшейту мақсатындағы насихат не басқыншылық актісі; ғарыш кеңістігін ластау және басқа мемлекеттердің ғарыштағы қызметіне зиянды кедергілер жасау; бөтен заттарды және басқаларды тасымалдау салдарынан жердің қоршаған ортасының тиімсіз өзгеруіне қарсы шаралар қабылдамау.
Мемлекеттердің ғарыштағы қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
1. Жасанды серіктерді қолдана отырып, Жерді қашықтықтан барлап қарау.
2. Жасанды серіктер көмегімен тікелей теледидар хабарларын тарату.
3. Ғарыштық құралдарды қолдану туралы халықаралық келісім-шарттар.
4. Медициналық және биологиялық бақылаулар мен тәжірибелер жүргізу.
5. Ғарыш кеңістігін геостационарлық орбита ретінде пайдалану.
6. Басқа ғаламшарлардың ресурстарын зерттеу мүмкіндігі және оларды пайдалану мүмкіндігін зерттеу.
7. Жердің биоөрісін қорғау мәселелерін зерттеу.
8. Ғарышта энергияның ядролық қайнар көздерін пайдалану.
9. Ғарыш метерологиясын мемлекеттер мұқтажына пайдалану.
Ғарыш объектілерінің құқықтық режимі
Табиғи аспан денелеріне қарағанда (Ай, ғаламшарлар, астероидтар және басқалары сияқты) халықаралық ғарыш құқығындағы ғарыш объектілері деп адам қолымен жасалған Жердің жасанды серіктерін, автоматты және ұшатын кемелер мен станцияларды, зымырантасушыларды және т.б. айтады. Халықаралық ғарыш құқығы ғарыш объектілерін ұшырудан немесе ғарыш кеңістігінде құрған сәттен бастап (оның ішінде аспан денелерінде де), олармен байланысты қызметті реттейді. Ал бұл кезеңге дейінгі оларды жасау және ұшуға дайындау жөніндегі іс-әрекеттер, егер олар туралы мемлекеттер арасында (мысалы, ғарыш объектісін бірнеше мемлекеттер бірігіп жасағанда немесе ұшырғанда) арнайы келісім болмаса, ішкі мемлекеттік құқық саласында болады. Ғарыш объектісі Жерге қайтып келгеннен кейін, әдетте, қайтадан ұлттық құқықтың қол астында болады. Халықаралық ғарыш құқығында шарттық немесе доктриналық тәртіпте келісілген түрлі ғарыш объектілерінің құқықтық режимін сипаттайтын өлшемдердің бірізді тізбесі жоқ екенін айту керек. Әрбір нақты жағдайда бұл өлшемдер саны жағынан да, сапасы жағынан да түрлі сипатта болады.
Орбиталық станциялар өз табиғаттары жағынан көп мақсатты ғарыш объектілері болып есептелгенімен, олар бір жақты мамандандырылған станцияларды құруды және пайдалануды жоққа шығармайды. Мұндай объектілердің құқықтық мәртебесі халықаралық ғарыш құқығының жалпы қағидаларымен де, қандай да бір нақты қызмет түрін арнайы регламенттейтін нормалармен де айқындалады.
Адамы бар орбиталық станцияларды тіркеудің белгілі бір ерекшелігі бар, ол бірқатар себептерге, оның ішінде оларды құру әдістеріне негізделген Ұлттық моноблокты станцияларды ұшырғанда және көлік кемелері экипаж бар жүктерді жеткізген кезде тіркеуге байланысты қандай да бір проблемалар туындамайды. Жеке блоктардан (модульдерден), секциялардан және элементтерден құрастырылған станцияларды тіркеген кезде белгілі бір проблемалар туындауы мүмкін. Мұндай станция қатарланған, түйістірілген және автономдық блоктардың жүйесін көрсетеді. Қатарланған блоктар станциямен біртұтас болады. Түйістірілген блоктар станциядан бөлек жіберіліп, оған орбитада қосылады. Мұндай блоктар бөлек ажыратылып, автономды түрде ұша алады. Автономды блоктар станциядан салыстырмалы түрде онша алыс емес қашықтықта дербес ұша береді, станцияға қызмет көрсету мен жөндеуден өту үшін тіркеледі. Орбиталық станцияның ғарышкерлері осындай блоктардағы сынаулар барысын басқарып отырады және олардағы қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, бұзылған жерлерін түзейді, керек болған кезде блоктарға барып, онда белгілі бір уақыт бойында болады. Барлық автономды блоктар орбиталық станциялардан тәуелсіз түрде тіркеледі, өйткені олар жеке қызмет еткендіктен, ғарыш кешенінің құрамына кіретін дербес ғарыш объектісі болып табылады. Осыған байланысты станциядан ажыратылып, автономды болатын түйістірілген блоктар да тіркелуі тиіс. Орбитаға жеткізілген әр түрлі секциялар мен құрастыру элементтерін арнайы тіркеудің қажеттігі жоқ, өйткені олар орбиталық станцияның құрамына кіретіндіктен, онымен біртұтас болады.
Маңызы жағынан кем түспейтін ғарыш объектілерінің тағы бір типі көп рет пайдаланылатын ғарыш кемелері болып табылады.
Мұндай кемелер алғаш рет АҚШ-та жасалды, ол Спейс-Шатлл деп аталып, 1982 ж. қараша айынан бастап пайдаланылып келеді. Көп рет пайдаланылатын кемелердің қызмет ету ерекшеліктері олардың қоршаған ортаға зиянды әсер етуінің алдын алуға байланысты бірқатар проблемалар туындатады. Спейс Шатлл жүйесін жасауға кіріскен кезде, аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу (НАСА) жөніндегі АҚШ-тың Ұлттық басқармасы оны пайдалану экологиялық проблемаларға әкеліп соқпайды, қоршаған ортаға елеусіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
KazSat - 2, KazSat - 3 спутниктері
Ғарышты қорғау мәселесі туралы
Халықаралық ғарыш құқығы
Спутниктік байланыс жүйесі
Әлемдік ғарыш туризмінің жағдайы
Ғарышты игеру
Гравитациялық күштер
Спутниктік байланыс технологиялары
Механикалық механизм
Жерді қашықтан зондылау
Пәндер