Халықаралық сот


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Халықаралық дауларды шешудің бейбіт тәсілдері»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Жоспары
Кіріспе
1. Халықаралық шиеленістерді реттеу
2. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы
3. Халықаралық теңіз дауларын шешу рәсімдері
Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе
« Шиеленіс» ұғымы көп жағдайда «дағдарыс» ұғымына синоним ретінде қарастырылады. Алайда, халықаралық шиеленіс пен дағдарыстың арақатынасы - бүтін мен бӛлшектертің арақатынасы сияқты. Халықаралық дағдарыс қақтығыстың мүмкін боларлық тек бір кезеңі ғана. Дағдарыс ішкі және сыртқы саяи қауіпсіздік саласындағы мәселелердің ұшығуын ғана білдірмейді. Сонымен қатар ол адам әрекетінен туындайтын табиғи апатты, гуманитарлық мәселелерді, эконамикалық қиыншылықтардды қамтиды. Халықаралық даулар проблемасы бүгінгі таңда халықаралық қатынаста үлкен маңызға ие болып отыр және ол алдымен халықтар мен ұлттардың өз тағдырын өзі шешу, аумақты зорлықпен басып алуға тыйым салу, шекараларды бейбіт жолмен және халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес уағдаластықтар бойынша шешуге байланысты. Әлемдік қауымдастық ықтимал және шын мәніндегі халықаралық даулардың қауіпті қарулы қақтығыстарға айналып кету қаупіне байланысты осы проблемаға аса назар аударып отыр. Ал кез келген әскери қақтығыс халықаралық құқықты бұзу болыпесептеледі, өйткені күш қолдануға және күш қолданамын деп қоқан лоққы жасауға тыйым салады және мемлекеттерге барлық дауларды бейбіт құралдар арқылы шешуді міндеттейді. Халықаралық дауларда қарулы қақтығыстардың пайда болу себептерін халықаралық даулардың өзінен және оның пайда болу көздерінен іздеу керек. Әрбір тараптың белгілібір аумақты өзінікі деп есептеуі және сол себепті қандай да бір ымыраға барғысы келмеуі немесе басқа тараптың қандай да бір құқықтарын мойындағысы келмеуі қарулы қақтығыстың пайда болуының обьективті алғышарты болып табылады. Ал мұның бәрі аумақтың бір учаскесінде болуына байланысты, екі жақтың да әскери және азаматтық тұлғалары сөзсіз байланысып қалады да, қақтығыстың туындауына себеп болады.
Кейбір халықаралық дауларда тікелей қарулы қақтығыстар болмайды, дегенмен ұсақ шекаралық қақтығыстар арқылы ушығып, ірі әскери қимылдарға айналып кету қаупін төндіріп тұрады.
БҰҰ ға мүше мемлекеттер өздеріне «бейбітшілікке қауіп төндіруі мүмкін халықаралық даулар мен жағдайларды шешкен кезде халықаралық құқықтың әділдік қағидаларына сәйкес, бейбіт құралдар арқылы жүргізуді . . . » міндет етіп жүктеді.
1. Халықаралық шиеленістерді реттеу
Халықаралық құқық - халықаралық қатынаста мемлекет пен басқа қатысушылар (субъектілер) арасындағы катынасты реттейтін заңдық принциптер мен нормалардын жиынтығы. Халықаралық жұртшылық құқықтың негізгі принциптері:
- күш пен қауіп-қатерді күшпен қолданбау,
- халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу,
- басқа мемлекеттердін ішкі ісіне,
- құқықтендігі мен халықтардын өз жолын аныктауына араласпау,
- мемлекеттердің ынтымактастығы мен егеменді тендігі,
- міндеттемелерді ерікті түрде орындау.
Халықаралық құқықтық көптеген жаңа нормалары. Арнайы халықаралық конвенция жолымен бекітіледі. Мемлекеттердін өз міндеттемелерін бұзуы, жауапкершілікке әкеліп соғады. Халықаралық қатынастарда, халықаралық ілтипат нормаларының сақталуына, әсіресе дипломатиялық этикет саласына және т. б. үлкен маңыз беріледі.
Бейбітшілікті зерттеу халық аралық шиеленістерді реттеу жолын іздеумен тікелей байланысты. Бұл мәселені зерттеуде 3 негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады. Олардың біріншісі англосаксон мектебімен-―Conflict Resolution‖-байланысты, екіншісі ―Peace Researche‖ (―Бейбітшілікті зерттеу) деп аталатын еуропалық ағымға негізделсе, үшіншісі халықаралық келіссөздер үрдісіне екпін жасайды.
Бірінші бағытты ұстанушылар шиеленістерді реттеу механизмі мен бақылау, қарсы тұрудан ынтымақтастыққа өту жолын іздеу мәселелерін талдауға ерекше назар аударады. Бұнда кеңінен тараған идеялардың бірі - шиеленіс қоғамдық өмірдің барлық салаларына тән әмбебап құбылыс болып табылады. Сондықтан оларды мүлде жойып жіберу мүмкін емес. Олай болса шиеленістерді бақылаудан шығармауға, қатысушы жақтардың барлығының пайдасын кӛздейтін басқару механизмін жасауға мүмкіндік беретін ғылыми сараптама туралы айту керек. Осы кӛзқарас бойынша әлеуметтік қақтығысты шешудің тӛрт тәсілі бар:
1) барлық тараптардың пікірі сәйкес келу нәтижесінде жасалған келісім;
2) сыртқы күштің заңды және моральдық еркіне сай жасалған келісім;
3) қақтығыс тараптарының біреуіне ғана таңылған келісім;
4) қақтығыстың ӛзектілігінің жойылып, өзі-өзінен
шешілуі.
Халықаралық шиеленістерді шешудің бейбіт жолдарын қарастыруда Ослода шығатын ―Journal of Peace Researche басылымының орны бөлек. Онда бейбітшілік тек соғыстың жоқтығы емес, мемлекеттер арасындағы қатынастардың әділеттілігі және заңдылығы деп көрсетеді.
Шиеленістерді реттеуге байланысты европалық және америкалық кӛзқарастардың тоғысатын жері шиеленістерді реттеудің маңызды құралы келіссӛздер деп санау. Халықаралық келіссӛздер жұмысына бір-біріне қарама-қайшы екі беталыс ықпал етеді:
1. Бейбітшілік мәселесінің қаралуы (Peace Researche) .
2. Күш ыңғайы идеясы. Біріншісінің мәні келіссөздер халықаралық қақтығысты реттеп, бейбітшілікке жеткізетін құрал деп санау болса, екіншісі келіссӛздерден жеңіске жетудің тиімді жолдарын іздестіруге ұмтылады. Алайда қырғиқабақ соғыстың аяқталу кезеңінде келіссөздер саласында жаңа беталыстар пайда болды:
1. Халықаралық келіссөздер мемлекеттердің өзара әрекеттесуінің негізгі түрі және олар әлемдік саясатта әскери фактордың ролінің азаюына белсенді ықпал етеді.
2. Келіссөздердің көлемі мен саны өсуде. Олардың объектісі халықаралық өзара әрекеттесудің барлық жаңа салаларын (экология, әлеуметтік-саяси үрдістер, ғылыми-техника ынтымақтастық т. б. ) қамтуда.
3. Халықаралық ұйымдардың келіссөздердегі ролі артып келеді.
4. Келіссөз саласына дипломатиялық тәжірибесі жоқ болғанмен, тар және күрделі салаларда біліктілігі жоғары мамандар көптеп тартылуда (мысалы, аймақ бойынша мамандар) .
5. Келіссөзді басқару процесін түбірімен қайта қарау қажеттілігі туындауда: мемлекет басшылары үшін аса маңызды мәселелерді іріктеп алу, жұмысшы топтар деңгейлерінің құзіретін анықтау, дипломатиялық қызмет органдарының координация жасаудағы ролін арттыру.
6. Қазіргі таңда келіссөз халықаралық қатынастарды реттеудің әмбебап, тұрақты құралына айналып отыр. Сондықтан, ―келіссөз стратегиясын қайта қарастыру қажеттілігі туындайды.
Халықаралық шиеленістердің ішкі саяси қақтығыстардан айырмашылығы ішкі саяси қақтығыс сол мемлекеттің заңы негізінде шешілсе, қалықаралық қақтығыс көп жағдайда халықаралық құқық нормаларымен шешіле алмайды. Сондықтан халықаралық қатынастарда шиеленістерді реттеу үшін кӛбінесе саяси әдіс-тәсілдер қолданылады. Саяси әдіс шеңберінде қақтығыс реттеуде дәстүрлі және институттық тәсілдер бөлініп, көрсетіледі.
2. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы
Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасын жүзеге асыру тетігі мұндай реттеудің халықаралық құқықтық құралдарының жүйесі түрінде көрінеді.
БҰҰ Жарғысының 33бабына сәйкес, кез келген дауға қатысушы тараптар, оны жалғастыру халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін болса, ең алдымен дауды»келіссөздер, зерттеулер, делдалдық, татуласу, төрелік сот, сот талқылауы, аймақтық органдар мен келісімдерге жүгіну немесе өздерінің таңдаулары бойынша өзге де бейбіт құралдар арқылы» шешуге ұмтылуы тиіс. Аталмыш бапта бүгінгі күнге белгілі дауларды бейбіт жолмен шешу құралдарының барлығы дерлік аталып өткен, дегенмен олардың тізбесі мұнымен бітпейтіндіктен, мемлекеттер жанжалдарды шешу барысында халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларына қайшы келмейтін өзге де бейбіт құралдарды қолдануларына болады. Келіссөздер жүргізу халықаралық қатынастар тәжірибесінде мемлекеттердің түрлі салалардағы ынтымақтастығын дамыту үшін кеңінен қолданылады. Олар түрлі нысандарда жүргізіледі:тұрақты дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық өкілдік орналасқан елдің билік өкілдерімен келіссөздер жүргізуінен бастап, жоғарғы деңгейде жүргізілетін келіссөздерге дейін. Келіссөздер халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу құралының бірі болып табылады және осындай нысанда әдетте арнайы делегациялар арасында, әсіресе аумақтық даулар мен шекара туралы басқа да мәселелерде көбірек қолданылады. Бұл басқа бейбіт құралдарының ішінде жетекші рөл атқаратын, дауларды бейбіт жолмен шешудің ең тиімді, икемді құралы болып табылады, өйткені келіссөздердің нақты мақсаттары, қатысушыларының құрамы, өкілдіктер деңгейі, олардың ұйымдастырушылық құрамы, өкілдіктер деңгейі, олардың ұйымдастырушылық нысандары және өзге де рәсім мәселелерін дауласушы тараптардың өздері келіседі.
Келіссөздер жүргізу бүгінгі таңда халықаралық дауларды шешудің ең тиімді құралы болғанымен, олар екі ұшты нәтижелерге әкелуі мүмкін:оң немесе теріс нәтижелерге де. Оң нәтижелерге:даудың тікелей шешіліуі және дауды шешуге басқа бейбіт құралды қолдану туралы келісімге қол жеткізу жатады. Келіссөздер жүргізудің теріс нәтижелеріне оның сәтсіздікке ұшырауы жатады. Кейбір авторлар келіссөздердің сәтсіздікке ұшырауы тікелей қарулы қақтығысқа алып келеді деп есептейді. Тағы бір авторлар бұл көзқараспен егер келіссөздер дипломатиялық қатынастың үзілуіне байланысты тоқтатылған жағдайда келісуге болады деп есептейді.
Халықаралық дауларды келіссөздер арқылы шешу төрелік сот және сот нысанында шешуге қарағанда, оның дауласушы тараптардың келісіміне негізделуі арқылы ерекшеленеді, яғни халықаралық құқықтың негізгі қағидаларымен қайшылыққа келмей ақ, олар өздеріне қолайлы деген кез келген ымыраға және өзара жол беруге бара алады. Осы ерекшелікке орай, келіссөздер арқылы қабылданған шешім анағұрлым тұрақты және орындауға ыңғайлы болады.
Ізгі қызмет және бітістіру халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің бір құралы болып табылады және дауласушы тараптардың өздері дауды бейбіт реттеу үшін қажетті байланыстар орната алмаған кезде қолданылады. Ізгі қызмет деп нақты дауға қатыспайтын мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың дауласушы тараптардың арасында тікелей келіссөздерді орнатуға немесе қайта жаңғыртуға бағытталған әрекеттердің жиынтығын айтады. Бітістіру келіссөзде үшінші тараптың тікелей қатысуын көздейді және мұндай жағдайда үшінші тарап дауды немесе алауыздықты шешкге өз шешімн ұсына алады. Бірақ, мұндай ұсынысты тараптар даудың келісілген шешімі ретінде қабылдамаса, ол жай ұсыныс күйінде қалады.
Сөйтіп ізгі қызмет пен бітістірушілік өз өздерінен дауды шешпейді, отек дауласушы тараптардың келіссөздер жүргізуіне жәрдемдесу. Ізгі қызмет көрсетудің өзі дауды бейбіт жолмен шешу жолын және тараптар арасындағы келіссөздерде даудың өзін шешуді айқындамайды. Дауласушы тараптардың басқа бейбіт құралдарға жүгінуі осындай келіссөздер нәтижесі болуы мүмкін. Ізгі қызметтер дауды мәні бойынша шешу тұрғысынан емес, оны бейбіт жолмен шешу жағынан алғанда маңызды болады. Өйткені ізгі қызмет көрсету туралы мәселе дауласушы тараптар арасында шиеленісті қатынастар немесе қарулы қақтығыстар болған жағдайда туындайды. Мұндай жағдайларда ізгі қызметті пайдалану дауласушы мемлекеттердің тайталасын әлсіретуге, олардың арасындағы қарулы қақтығыстардың алдын алуға не тоқтатуға мүмкіндік береді.
Бітістіру қызметі де осындай мәселелерді шешеді. Алайда, бітістірудің мақсат міндеттері әлдеқайда кеңірек болады, себебі ол халықаралық дауларға өз шешімін ұсына алады, сондай ақ дауласушы тараптар арасындағы әскери қимылдарды тоқтатуға шарт қоя алады. Осы тұрғыдан алғанда, бітістіру қызметі ізгі қызметке қарағанда анағұрлым тиімді болуы мүмкін. Дегенмен, бітістіруші ұсынатын шешім тек факультативті сипатта болады. Көбіне көп дауды шешу бұл сатыда аяқтала қоймайды.
Алайда ізгі қызмет пен бітістірудің тиімді жүзеге асуы үшін үшінші тарапта белгілі бір қасиеттері болуы керек, мысалы, дауласушы екі тарап үшін де жеткілікті беделінің болуы, өз миссиясын жүзеге асыруға қажетті мүмкіндіктерге ие болуы, жанжалдасушы екі мемлекетке де тең қарауы, олардың ішкі істеріне қол сұғудан өзін тыюы және т. б. Бітістіруді жүзеге асыру тәртібінің регламенті халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу туралы 1899 және 1907 жылдардағы Гаага конвенциясында мазмұндалған.
Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу құралдарының жүйесі ішінде БҰҰ ның Халықаралық Соты ерекше орын алады. Халықаралық сотта соңғы шешімді шығару дауласушы тараптардың еркіне байланысты еместігінен көруге болады, ал келіссөздер жүргізу, ізгі қызмет пен бітістіруде керісінше сипатта. Шығарылған шешімнің аяқталған сипаты мен оның тараптар үшін міндеттілігі халықаралық соттың басты және негізгі белгілерінің бірі. Халықаралық сотта дауларды қарудың тұрақты және жақсы белгілі рәсімі бар. БҰҰ ның Халықаралық соты халықаралық жанжалдарды бейбіт шешу құралдарының ішіндегі ең қатаңдауы болып келеді. Ол көбіне мемлекеттер арасындағы дауларды қараудың ең соңғы сатысы және оны мәні бойынша шешудің соңғы нысаны болып табылады. Сондықтан, Халықаралық Сот мемлекеттер арасындағы даулар мен алауыздықтарды бейбіт жолмен шешу және әлемдегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету стратегиясының негізгі компоненттерінің бірі болып табылады.
Халықаралық дауды шешкен кезде, кез келген дауды шешудегі сияқты мән жайдың ақиқаттығын анықтау проблемасы туындайды. Барлық дәлелдемелер мен тараптардың сөздерін зерттеп, түпкілікті қателікті тауып, кінәлі тарапты анықтау ең дұрыс жағдай болып есептеледі. Алайда, іс жүзінде әрқашан олай бола бермесі анық және мұндай жағдайда халықаралық даулардың өте күрделі және шиеленіскен оқиғаларын көптеп мысалға келтіруге болады және онда заңи мәселелерге қауіпті саяси проблемалар да қосылатындықтан, бастапқы оқиға тарих тереңіне кіріп кетеді.
3. Халықаралық теңіз дауларын шешу рәсімдері
Дүниежүзілік мұхит кеңістіктерін игеру және пайдалану бойынша мемлекеттердің бейбіт қызметі олардың арасында балық аулау, теңіз кеңістіктерін межелеу, теңіз ортасын қорғау және сақтау, теңіз ғылыми зерттеулер, кеме қатынасы және тағы басқа мәселелер бойынша қарама-қайшылықтардың туындау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Осы арада барынша қиындықты практикада мемлекеттердің көпшілігі қарама-қарсы жатқан мемлекеттер арасында континентальдық шельфті бөлу проблемасы және теңіз балық аулау бойынша даулар алады. [23, 34 б. ]
Жоғарыда аталған проблемаларды ескере отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясына мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықтарды бейбіт реттеуді қамтамасыз ететін, түсіндіру немесе оның ережелерін қолдануға қатысты ерекше нормалар енгізілді. Біріккен Ұлттар Ұйымының ережесіне сәйкес, оның қатысушылары Конвенцияны түсіндіру және қолдану туралы барлық дауларды тез арада және тек қана бейбіт жолмен шешуі керек. Мемлекеттерге барлық белгілі халықаралық дауларды бейбіт шешетін құралдар келіссөздер (консультация немесе пікір алысу нысанында), халықаралық сот немесе арбитраж нысанында міндетті шешімдерге әкелетін рәсімдер, делдалдық, зерттеулерді пайдалану құқығы ұсынылады.
Конвенцияға қатысушылар Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 33-бабының 1-тармағында көрсетілген (Конвенцияның 279-бабы) құралдардың біріне келуі немесе өз таңдауы бойынша кез-келген бейбіт құралы пайдалануға (Конвенцияның 280-бабы), сондай-ақ жалпы аймақтық немесе екіжақты келісімдермен көзделген кез-келген рәсімді (Конвенцияның 282-бабы) қолдануына болады.
Конвенцияның ережелеріне сәйкес, егер қатысушы мемлекеттер арасында Конвенцияны түсіндіру немесе қолдануға қатысты даулар туындайтын болса, онда тараптар дауда келіссөздер немесе өзге де бейбіт жолдармен оларды реттеуге қатысты пікір алмасуға шұғыл түрде кіріседі. Дауда тарап болып табылатын қатысушы мемлекет дауласқан екінші тарапқа немесе тараптарға осы дауды келісу рәсімі ретінде реттеуді ұсына алады, келісу рәсімі егер реттеу тараптардың өзара келісімі бойынша таңдап алынған бейбіт құралдарды қолдану нәтижесінде қол жеткізілмесе ғана қолданылады. [24, 150 б. ]
Егер келісу комиссиясының тексеруі дауласқан тараптардың көңілінен шықпаса, онда келісу рәсімі тоқтатылған болып саналады және кез-келген тараптың талабы бойынша дау міндетті шешімдерге әкелетін міндетті рәсімдерге тапсырылады. Конвенцияның 287-бабы Конвенцияға қол қоюда, заңдастыруда немесе оған мемлекеттің қосылуы кезінде жазбаша өтініш арқылы бір немесе одан да көп рәсімдерді алуы мүмкін дегенді білдіреді:
а) Халықаралық теңіз құқығы жөніндегі трибунал;
б) Халықаралық сот;
в) VІІ қосымшасына сәйкес құрылған арбитраж;
г) Арнайы арбитраж (VІІІ қосымша) .
Егер мемлекет өтініш жасамайтын болса, ол VІІ қосымшада көзделген арбитраж рәсімін таңдады деп саналады.
Егер тараптар дауда дауды реттеу үшін сол рәсімді қабылдамайтын болса, онда ол VІІ қосымшаға сәйкес реттелуі мүмкін. Конвенцияның 287-бабының 2-тармағы рәсімді таңдау туралы болуынан немесе болмауына қарамастан халықаралық теңіз құқығы жөніндегі трибунал, теңіз түбіне қатысты даулар жөніндегі Камера басымдығын ерекше атап өтеді. [24, 148 б. ]
1994 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясына қосылғаннан кейін, тарихта алғаш рет халықаралық теңіз құқығы жөніндегі трибунал құрылды. Трибунал келген жері ГФР-дағы Гамбург ерікті Ганзей қаласы болып табылады. Кез-келген дауды Трибуналға тапсыру Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясының ХІ және ХV бөлімдерімен реттеледі. Трибунал Ұлыбритания, ГФР, Италия, Болгария, Хорватия, Ресей, Исландия, Қытай, Жапониядан, Үндістан, Оңтүстік Корея, Аргентина, Бразилия, Белиза, Гайана, Танзании, Камерун, Сенегал, Ганы, Тунис пен Ливаннан сайланған 21 соттан тұрады (Нью-Йорктa, БҰҰ 1996 жылы 1 тамызда сайланған) .
1996 жылғы 18 қазанда сайланған соттардың лауазымына салтанатты ресми орналасуы болды. Өз мәртебесіне сәйкес (Конвенцияның VІ қосымшасы және өзге де тиісті ережелер), Трибунал Конвенция ережелері мен аталған Конвенцияға қатысты түрлі мәселелер бойынша осы ережелерді түсіндіру және қолдану бойынша туындаған мемлекеттер арасындағы дауларды шешуге құрылған. Сондай-ақ, Трибунал Конвенцияның мақсаттарымен байланысты емес қандай да бір өзге халықаралық келісімдерді түсіндіру мен қолдануға қатысты дауларды шешуге құқығы бар, мысалы, кемелердің бұғаздар немесе аймақтық теңіз арқылы және т. б. өтуі туралы екі мемлекет арасындағы келісім.
Трибунал толық құрамда немесе 11 сот - кворум болған жағдайда жұмыс істей алады. Істерді шешуді жеделдету мақсатында жыл сайын оңайлатылған өндіріс тәртібінде дауларды шешуі мүмкін, сайланған мүшелердің 5 мүшесі арқылы Камераны құрайды. Даулар Трибуналдың қарауына жағдайға байланысты немесе хатшыны арнайы келісім туралы хабардар ету арқылы немесе оның атына жазбаша өтініш беру жолымен тапсырылады. Екі жағдайда да даудың пәні мен тараптары көрсетіледі. Егер тараптардың бірі Трибуналға келмесе немесе өз дәлелдерін ұсынбаған жағдайда, онда екінші тарап Трибуналды қарауды жалғастыруды және шешім шығарды сұрауы мүмкін. [24, 156 б. ] Тараптың болмауы немесе тараптардың өз дәлелдерін ұсынбау қарауды жүргізу үшін кедергі болып табылмайды. Шешім шығармастан бұрын Трибунал аталған дау оған сотта қаралуға жататындығын анықтап қана қоймай, сонымен қатар талап жинақталған факті жағынан да, заңды жағынан да жеткілікті негізделгенін анықтауы керек. Барлық мәселелер Трибуналға қатысушы мүшелердің көпшілік даусымен шешіледі. Егер дауыстар тең түссе, онда Трибунал мүшесінің орнын басатын Төрағаның даусы шешуші болып табылады. Трибуналдың шешімі аяқталған және дауға қатысушы барлық тараптармен орындалады. Трибуналдың барынша маңызды құқығы басқа мемлекеттермен қамауға алынған қандай да бір мемлекеттің кемесі мен экипаждарын «тез арада босату» туралы шешімін шығару болып табылады. Мұндай босату Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясының 292-бабында көзделген. Мұнда, ең бастысы, егер кеме және экипаж босатылмайтын болса, «оңтайлы кепілпұл немесе өзге де қаржылық қамтамасыз етуді» ұсынуға қарамастан және егер қамауға алғаннан кейін он күннің ішінде мемлекетпен және жағалаудағы мемлекетпен кез-келген сотқа немесе арбитражға босату туралы мәселені тапсыру туралы келісімге қол жеткізілмесе, тез арада босату туралы шешім шығара алады. Осыдан кейін Трибуналға берілген өтінішті қарастыруда соңғысы «тез арада босату» туралы шешім шығара алады. Мұндай шешім міндетті болып табылады. [24, 160 б. ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz