Философиялық антропология - адамның мәні, құрылымының мәні туралы ғылым



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
1.Философиядағы адам мәселесі
2. Адамның мәнi мәселесi адам туралы философиялық ілім

1.Философиядағы адам мәселесі
Философиялық антропология - адамның мәні, құрылымының мәні туралы ғылым. Оның қоршаған әлемге, барлық заттың негізіне, болып жатқандардың метафизикалық мәніне және оның әлемдегі физикалық, психологиялық жеке рухтың пайда болуына қатынасы оның биологиялық психикалық, рухани -- тарихи және әлеуметтік даму заңдылықтары туралы ғылым.
Адам проблемаға айналған кезде адам адам деген не, ол бұл әлемге неге келді және басқа тірі жандардан немен ерекшеленеді деген мәселелермен ойланған кезде философиялық антропология іргелі және орталық философиялық ғылымға айналады. Fылымның қазiргi жетiстiктерi адамды биологиялық факторлармен қатар әлеуметтiк факторлар да маңызды рөл атқаратын эволюциялық даму өнімі деп тұжырымдауға мүмкіндік бередi. Осы орайда адамның жоғары ұйымдасқан жануарлардан басты айырмашылықтары туралы және осы айырмашылықтарды мүмкін еткен үрдiстердi ғылыми тұрғыда түсiндiру туралы мәселе шешушi мәнге ие болады.
Алайда әлемнiң қазiргi ғылыми картинасында антропогенез үдерiсi көп жағдайда белгiсiз күйiнде қалып отыр. Бұл жағдай адам феноменiн тамаша зерттеушi, атақты француз философы, биологы, палеонтологы және антропологы Пьер Тейяр де Шарденнiң мынадай сездерiмен түсiндiрiледi: адам эволюцияның өзегi мен шыңы болып табылады және адамның кiлтiн табу, демек әлемнiң қалай құрылғанын және ол қалайша ары қарай құрылуы тиiс eкeнiн бiлуге ұмтылу деген сөз.
Жетiспейтiн айғақтардың жоқтығы, адамға деген eскi көзқарасқа күмән келтiретiн жаңа ашылымдар адамның мәнi мен табиғаты туралы әр түрлi концепциялар туғызды. Оларды жалпы, шартты түрде рационалистік және иррационалистік деп бөлуге болады. Иррационалистiк көзқарас негiзiне адам әpeкeтi немесе оның кең мағынасында адам болмысы түсiндiруге келмейтiн iшкi сарындар, ыpықтар, көңіл -- күйлер көpiнici позициясымен талданатын идеялар құрайтын экзистенциализм, неотомизм, фрейдизм iлiмдерiн жатқызуға болады. Бүтiндей алғанда иррационалистiк концепциялар адамның кейбiр қырлары мен қасиеттерiн ашқанымен, адамның шығу тегi жөнiнде ешқандай логикалық тұрғыда дайындалған теория немесе ең болмағанда гипотеза да бермейдi.
Адам туралы бiздiң қазiргi көзқарастарымыз иррационалистiк бағыттағы ойшылдар жетiстiктерiн eскepгeнiмeн, көбiне рационалистiк, материалистiк және идеалистiк идеяларға сүйенедi. Мысалы, жүздеген, мүмкін мыңдаған жылдарға созылған адамның жануарлар әлемiнен бөлiнiп шығу үдерiсiн түсiндiре отырып, Маркс пен Энгельс былай деп жазады: адамдарды жануарлардын санасына, дiнiне жалпы тағы басқаларына қарап айыруға болады. Ал олар өздерiн жануарлардан өмiрлiк қажеттi құралдарды өндiре бастаған кезден айыра бастайды, адамдар өздерiнiң материалдық өмipiн жанама жолмен өздерi өндiредi. Жануарлық жағдайдан адамға өтуге мүмкiндiк беретiн басты критерий оның мәдениеттенуi - бұл жерде материалдық өндiрiс болып көрiнедi. Адамның әлеуметтiк -- биологиялық эволюциясын түсiндiруде Энгельс ұсынған антропогенездiң еңбек теориясының маңызы зор. Бұл теорияны жақтаушылар еңбек биологиялық заңдар әcepiн тepicкe шығармайды, бiрақ ол табиғи сұрыпталу әpeкeтi сипатын өзгертедi, қалыптасушы адам өз жеке өлшемi бойынша табиғатты өзгерту қабiлетiне және адамның өзi қалыптасуына ықпал етедi деп санайды. Еңбек әpeкeтi арқасында адамның биологиялық және рухани қажеттiлiктерi өтеледi, адамдардың бiрiгу ауқымы көбейе түседi. Еңбек арқылы адам өзiн, өзiнiң физикалық және ақыл -- ой қабiлеттерiн көрсете алады.
Адам және адамзат тұлғасы қалыптасуындағы үлкен рөл тілге тиесiлi. Тiл арқасында адамның ойлауы дамиды. Тiл маңызы, ең алдымен, онсыз адамдардың еңбек әpeкeті практикалық тұрғыда мүмкін eмecтiгiмeн сипатталады. Өзара қатынас арқасында адамдар бiр -- бiрiмен байланыс орнатты, өзара әрекеттiң әр түрлi мәселелерi бойынша келiстi, тәжiрибе бөлісті және т.б. Тiлдiң көмегімен бiр ұрпақ келесісіне ақпарат, білім, әдет -- ғұрып және дәстүрлердi жеткiзiп отырды. Онсыз бiр қоғамда өмip cүpeтiн әр түрлi ұрпақтар арасындағы байланысты көзге елестету қиын.

2. Адамның мәнi мәселесi адам туралы философиялық ілім
Адамның мәнi мәселесi адам туралы философиялық ілімнің өзегiн құрайды. Адамның дамуы мен тарихи негiзiн және оның мәнін құрайтын субстанция ретiнде қазiргi ғылым қоғамдық өндiрiс шеңберiнде жүзеге асатын еңбек әpeкeтiн атайды. Қоғамдық өндiрiс пен еңбек әpeкетінің дамуы нәтижесінде адамдардың қоғамдық қатынастары да дамиды. Индивидтiң жеке дамуы қоғамдық қатынастардың бүкiл жиынтығын өн бойында жинақтауына, игеруiне және оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даналыққа құштарлық және философиялық пікірлер
Философиядағы адам мәселесі жайлы
Мәдениет құрылымы
Дүниеге қөзқарас және оның типтері жайлы
Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі
Философиядағы таным және болмыс мәселесі
Дүниеге қөзқарас және онын типтері.Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология. Диалектика және онын әдістері
Қазіргі заман өнеріндегі адам болмысы мәселесі
Ренессанс философиясының ерекшелігі
ХІХ - ХХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ ЕМЕС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ. Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған
Пәндер