Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Педагогика кафедрасы
Балалар әдебиеті пәнінен

Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы

Орындаған: Аясинова А.К.
Тексерген: Қайшекенова А.Т.

Орал, 2016ж.

Жоспар
1 Фариза Оңғарсынованың өмір жолы мен поэзиясы
2 Ф.Оңғарсынованың шығармашылығы
3 Ақынның лирикалық өлеңдердегі табиғатты жырлауы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Фариза Оңғарсынованың өмір жолы мен поэзиясы
Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5-желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. 1966-1968 жж. Гурьев облыстық Коммунистік еңбек газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері. 1968-1970 жж. республикалық Лениншіл жас газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған. 1970-1978 жж. республикалық Қазақстан пионері газетінің бас редакторы, 1978 ж. желтоқсаннан Пионер журналының бас редакторы. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, Біздің Камшат повесі, аудармалары Жазушы, Жалын, Молодая гвардия баспаларынан жарық көрді. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленеді.
Ақының творчествосына тән басты қасиет - шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады. 1979 жылы жарық көрген Сенің махаббатың жинағындағы Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэмасында нанымды, салмақты көрініс тапқан.
1984 жылы Үйім - менің Отаным, Маңғыстау монологтары, Революция және мен өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, Құрмет Белгісі, Парасат ордендерімен марапатталған.
Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.60 - жылдары әдебиет әлемінің айшықты жанры - поэзияда адуынды жырларымен көпшілікті елең еткізген ақынның бірі Фариза Оңғарсынова болатын.
Абай атындағы Республикалық мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова шығармашылығы қазақ әдебиетінде өзіндік үні мен орны бар тұғырлы дүние.
Ф.Оңғарсынова поэзиясының табиғатын тану - алыптардан бастау алады. Көркем сөз зергерлері Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаев өрбіткен баянды бағам - байлауды әдебиетші ғалымдарымыз М.Қаратаев, Ә.Шәріпов, С.Сейітов, З.Ахметов, Ә.Жәмішев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев т.б жалғастырды. Ақынның өз тұстастарынан және қаламдас іні - сіңлілерінен К.Ахметова, Н.Оразалин, Ә.Кекілбаев, С.Ерубаев, У.Қалижанов, А.Егеубаев, Т.Шапай және басқалардың пікір - пайымдарының мәні зор болды. Өз кезінде осындай бағасын алған ақын Ф.Оңғарсынова лирикасы - қазақ әдебиеті майданындағы ұшан теңіз дүние. Ақынның сан - салалы лирикалық шығармаларында сыры ашылмаған қаншама дүние жатқаны баршаға аян.Ф.Оңғарсынованың әр тақырыптағы лирикалық шығармалары, ондағы кейіпкерлер әлемі, яғни лирикалық қаһарман мәселесі, ақындық шеберлік сырлары әр адамды қызықтырары айдан анық. Күллі шығармашылық- өнерпаздық қабілет - талантымен әдебиет зерттеушілерінің назарын аударып, ойлы да сыншы, талғампаз оқырмандарының көңілінен шыққан Фариза ақындығынның арнайы да мақсатты, сондай-ақ міндетті зерттеу сөзіне айналып, обьекті өрісіне імуі - өмір талабының пәрменіне сай рухани қажеттілік.
2 Ф.Оңғарсынованың шығармашылығы
Ф.Оңғарсынова шығармашылығына көрнекті әдебиет өкілі Ә.Тәжібаев та өз бағасын берген: "Мен Фаризаның махаббат жырларынан бәрімізге ұқсамайтын өзгешелік көремін. Бұл қайсымызды болса да ойландыратын өзгешелік. Адамның шартты түрдегі ережелерге, канондарға, ескірген әдет, дәстүрлерге тұтқын болып қалмай босануын, өз сезімін ұрламай, жасырмай, бүкпей сөйлеуін қазақ поэзиясында батыл жырлаған осы Фариза" (2) дей келе Ә.Тәжібаев ақын өлеңдеріндегі ұқсас ерекшеліктеріне, жинақтағы бейнелі тіркестер қолданысына назар аударады.
Ширек ғасыр бойына әдебиетпен бір жұптаса біте қайнасып кеш жатқан қаламгердің шығармашылық мұрасы туралы бірталай жазылып, бірсыпыра айтылып, әдепкі әдеби-ғылыми көзқарас, жүйелі негіз қалыптасса да қаламгер қайнарының қуат күшін, бұлақ бастауын жеткілікті өз дәрежесінде, аз биігінде, өз өлшемінде таразылай, бағымдай алды ма?! Ақын мұрасы сонау алпысыншы жылдардың нақ ортасында "Сандуғаштан"(1966) бастау алып, сексенінші жылдардың аяғындағы "Таңдамалыны"(1987) және "Қыз ғұмырға"(1966) дейінгі аралықты қамтиды. Ақын лирикасы "Маңғыстау маржандары" (1969), "Мазасыз жүрегіңдемін" (1975), "Шілде"(1978), "Сенің махаббатың" (1979), "Сұхбат"(1983), "Жүрек күнделігі" (1984), "Дауа"(1985), "Маңғыстау монологтары"(1986), "Екі томдық: Таңдамалы шығармалары"(1987), "Өсиет"(1995), "Қыз ғұмыр"(1996) және "Мен саған ғашық емес ем"(1999) сынды дүниелермен толықты. Осылардың ішінде "Маңғыстау монологтары" Мемлекеттік сыйлыққа ие болған шығармасы.

3 Ақынның лирикалық өлеңдердегі табиғатты жырлауы
Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады. Ақын - өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы - поэзия.
Көңілді, жайлы күнімді,
Азапты қайғы мұңымды
Өзімменен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау тағдырым болып
О, баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем! - деп толғайды.
"Асау толқын" атты өлеңінде:
Тағдырыңды сенің тапсырдым сенімді ұрпаққа
Көз нұрың, болашағыңда - сол түбінде, елім
Келеді әйтеуір бір ұрпақ менің соңымнан - бар үміт сенде.
О, асау толқыным менің! - деген жолдардан ақынның жастарға үлкен сеніммен, үмітпен қарайтыны анық байқалады. Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі заман талабының биік өрісіне лайықтап жырлау - Фариза туындыларының бір қыры.. Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім - әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы", - дей келе:
Өз-өзіммен өртеніп барам жанып,
Жүректен жас ағады тарамданып.
Менде жоқ қой бұл күнде тым болмаса,
Ақтарылар алдыңда саған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте Фариза Оңғарсынова лирикасын оқыту
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы мен поэтикасы
Оңғарсынова Фариза
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МОНОЛОГ
Фариза Оңғарсынова туындыларының орыс тіліне аударылу мәселелері
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ САРЫНЫ
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
Фариза оңғарсынова поэмаларындағы идеялық - көркемдік ізденістер
Меңдекеш Сатыбалдиев өлеңдеріндегі тақырыбына шолу
Пәндер