Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті - бейнелеу өнеріне үйретудің негізгі формасы

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе
1 Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін қалыптастыру
2 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту
3 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетін дамыту кезеңдері мен алғышарттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында Балапан бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.
Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы балабақша.
Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе - баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу.Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы (үлкендермен және құрбыластарымен) ойын, балабақшадағы іс-әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл баланың айналадағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.

1 Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін
қалыптастыру
Бүгінгі таңдағы өркениетті елдердің жаһандану белесінде болып жатқан түбегейлі жаңғыруындағы басты мәселе: қоғам саласының ғаламдануы мен білім мен тәрбие мазмұнының жаңаруы. Мұндай өзгерістерге дайындау, қалыптастыру, қамтудағы игі істер білім беру саласының басты мақсаты.
Бұл ұлағатты мақсаттың жүзеге асуының тиімділігі бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш пен балабақшаға тәуелді болатыны айдан анық. Өйткені, адамға табиғаттан берілген ізгіліктің мүмкіндіктерінің 80% -ті осы бастапқы оқу кезінде қалыптасатынын ғалымдар дәлелдеп отыр.
Қазір елімізде мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің қамтылу деңгейі 36,5 пайызды құраса, бұл көрсеткіштің алдағы онжылдықта еселеп өсері сөзсіз. Сондай-ақ, алдағы уақытта тәрбие мен оқытудың жаңа бағдарламалары жүзеге асып, еліміздегі балғын бүлдіршіндердің болашағына жарқын жол ашылмақ.
Болашақта жері мен дәулеті, ұлттық болмысы сақталып қалу үшін ұрпақты дұрыс тәрбиелеп білімнің саналы да сапалы болуын қамтамасыз ету - педагог мойнындағы жаупкершілік, себебі баланың дүниетанымы, интеллектуалдық дамуы мектеп қабырғасында қалыптасады. Заман мен қоғам тудырып жатқан өзгерістер құбылмалы да қарқынды, сол өмір ағымы мен ақпараттар тасқынында еркін жүзе алатын жан-жақты қабілетті ұрпақ дайындау - білім беру мекемелеріне жүктелген дүние болғандықтан, түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар іске асырылуда. Мектепке дейінгі білім беру мазмұны заңдар мен құжаттарға негізделген [1,2,3]. Бағдарламалар жасалып, іс жүзінде іске асырылуды [4,5,6].
Ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин: Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені - мұғалім - мектептің жүрегі деген екен [7]. Жүрген жерінің жүрегіне айнала білетін тәрбиелі, білімді, қабелетті, дарынды педагогтардың күн санап өсе түсетіндігіне біз де кәміл сенімдіміз.
Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс - тәсілмен берілетін тәлім - тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан - жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Сондықтан зерттеу мәселесінің өзектілігі баланың жан - жақты дамуында маңыздылығы басым.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Хакім Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болға адам білімді болады - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді [8].
Адам ұрпағымен мың жасайды - дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман, - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ [9]. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.
Тарих көші жылжыған сайын - жаңа ұрпақ пен жаңа қоғамның жаңалықтарға деген сұранысы күн санап арта бермек. Осыдан ширек ғасыр бұрынғы бүлдіршін мен қазіргі заман баласының арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Тіпті, ширек ғасыр демей-ақ, әрбір бес-он жыл сайын ауысып келіп отыратын балдырғандардың арасындағы айырмашылықтарды, олардың сан қырлы сипаттарын санамалап кете беруге болар еді. Өйткені айнала қоршаған ортаның, болашақты тәрбиелейтін қоғам мен заманның күнбе-күнгі өз-герісінде соншалықты шапшаңдық бар.

1-сурет. Мектепке дейінгі мекемеде "білім саласын"
ұйымдастыру түрлері

Баланы сан қырлы әмбебап иесі етіп баулитын заман туды. Қазіргі заман баласы алдындағы педагог беделінің жоғары болуын күнбе-күнгі зымыран жылдамдықпен өсіп отырған жаңа заман талап етіп отыр. Білім мен білігті, ақыл мен парасаттылықты, оқу мен ғылымды, еңбекқорлық пен ізденімпаздықты ұштастыра қызмет етсек, жаңа заман шәкірттерінің алдында педагог беделінің жоғарылай түспесе, кемімейтіндігі айқын деп есептеймін.
Баланың əрбiр толғанысы, əсерленуi мен əрекет-қылығы санада бiршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажеттi жағдайларда қайта жаңғыртуға келетiн iздер салатыны баршаға мəлiм.
Бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Көне замандағы Антик дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар балардың өзіндік ой - тұжырымын жасау оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер мәселелеріне көңіл бөлінген.
2 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту
Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту өзекті мәселе.Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, шығармашылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру қажеттілігі әлі күнге дейін маңыздылығын жоймай отыр. Қабілеттілік пен шығармашылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшыларын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердауси, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни және т.б.) философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас баларды тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған.Шығармашылық ұғымының философиялық мазмұнына тоқталайық. Антикалық философияда шығармашылық кез келген іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қарастырылады. Адамның жоғары әрекетке ұмтылуын мақсат еткен Эрос туралы ілім Платон еңбектерінен бастау алады. Шығармашылықты адам табиғатының шексіз мүмкіндіктерімен байланыстырады. Бұл дәуірде шығармашылық - көркем шығармашылық тұрғысында қарастырылады, өнер иесі мен көркем өнер иесіне деген қызығушылық пен жеке басқа табынушылық пайда болады.
И. Кант еңбектерінде шығармашылық адам еркіндігі мен субъективтілігіне тікелей қатысты адамның саналы және санадан тыс іс-әрекетінің бірлігі ретінде сипатталады.
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы шетел философиясында механикалық-техникалық іс-әрекетке қарағанда шығарамашылық әркеті басымдыққа ие және өзара қарама-қайшылықта айқындалады. Шығармашылық тұжырымдамаларының ішіндегі ең белгілісі - интуитизм бағытында берілген А. Бергсон тұжырымдамасы. Шығармашылық - өмір мәні, жаңалықтың дүниеге келуі, субъективті құрастырмалы іс-әрекетке қарама-қайшы объективті түрде жүзеге асырылатын құбылыс (табиғатта-дүниеге келу, өсу, жетілу процесі, санадағы жаңа кейіп-бейненің пайда болуы).
Экзистенциализм тұсында шығармашылықтың бастауы - еркіндік бастамасы ретінде ғана қарастырылады, тұлғаның әлеуметтік және табиғи әлем аясынан мақсатты түрде шығуы.
ХХ ғасырдағы прагматизм, инструментализм секілді философиялық бағыттарда шығармашылық берілген жағдайға сәйкес мақсатты шешу жолындағы ізденіс нәтижесі, өнер табу болып есептелінеді.
Шығармашылықтың қозғаушы күші - қарама-қайшылық, шығармашылық мазмұны - қарама-қайшылықты шешу, ал сұраныс пен қажеттіліктерді қанағаттандыру - шығармашылықтың мақсаты.
Шығармашылықтың - тұлғаны дамытудағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерінің ерекшеліктері
Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру
Балабақшадағы құрастыру жұмыстары мен өткізу жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетін бейнелеу өнері арқылы дамыту
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Балалардың бейнелеу әрекеттерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың құрастыру шығармашылығының білім дағдыларын дамыту
Бейнелеу өнерін үйретуде карикатура әдісі арқылы ересек топтағы балалардың танымын дамыту
Балаларды толық күн болатын шағын орталықтарда тәрбиелеу мен оқыту
Пәндер