Бала бақшаның жер учаскесінің көгалдандырылуы
Орал гуманитарлық-техникалық колледжі
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
Балаларды табиғатпен таныстырудағы жер учаскесінің маңызы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Жоспары
Кіріспе
1. Учаскенің маңызы және оны ұйымдастыру
2. Бала бақшаның жер учаскесінің көгалдандырылуы
3. Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі қызметтер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Өзіңнің туған ауылыңның, қалаңның табиғатын сүю, тұрған жеріңді қадірлеу-Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың, патриоттық сезімге тәрбиелеудің негізі. Табиғатқа ұқыпты қарауға, оның байлығын молайтуға деген ынталылықты ең балғын шақтан бастап тәрбиелеу қажет.Тәрбиешінің алдында тұрған міндет-балаларды табиғатқа араластыру, оны сезім мен әрекет арқылы қабылдауға мүмкіндік беру. Балаларды табиғатты бақылауға, оның қарапайым көріністеріндегі керекті бейнелерді көре білуге, жануарлармен және өлі табиғат құбылыстары арасында көзге көрінетіндей байланыстар орната білуге үйрету қажет. Егерде тәрбиеші жергілікті жердің табиғаты мен ондағы ересек адамдардың қызметін өзі білген жағдайда ғана, бұл міндеттерді орындай алатын болады.
Баланың қоршаған шындықты тануы- табиғаттағы заттармен құбылыстардың оның сезім мүшелеріне әсер етуі процесінде көрінетін түйсіктен басталады. Балаларды табиғатпен таныстырудың негізінде көрнекілік, табиғаттағы заттар мен құбылыстардың, олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі тиіс деуге болады.
Табиғатты тануға және балалардың әр-түрлі дағдылармен іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан әдістер мен тәсілдерді қолданады. Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу программаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағы табиғатқа бақылау орнына, объектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақтаған тәжірибесіне байланысты болмақ. Дидактикалық ойы н,көрнекіліктерді,ойыншықтарды көрсету -балалардың табиғатты тануына үлкен роль атқарады.
Естиярлар топтарындағы балаларды табиғатпен таныстыру экскурсияда,серуендерде, ойында және баулу жолымен жүргізіледі.
Тәрбиешінің табиғаттың түрлі құбылыстары және заттар жайындағы әңгімесі балалардың білімін едәуір молайтады.
Тәрбиешінің әңгімесі сәбилер тобына қарағанда естияр, ересек және мектепке даярлық топтарында көбірек орын алады.
Балалар балабақшадағы тірі табиғат мүйісі- мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат пен көрнекі және әрекетті түрде таныстырудың ең қажетті жағдайларының бірі. Балалардың табиғат туралы нақтылы білім молаяды. Тірі объектімен танысқан кезде олардың бақылағыштығы, табиғатқа деген қызығушылығы арта түседі. Табиғат мүйісін күтіп баптаған кезде еңбекке бейімденудің және еңбексүйгіштік, тірі затқа аялай қарау көзқарасы, тапсырылған іске деген жауапкершілік сияқты бала бойында бағалы қасиеттер қалыптасады..
Табиғаттағы күзгі құбылыстар туралы нақты білімді жинақтау және кеңейте түсу,жазғы құбылыстардан күзгі құбылыстардың айырмашылығын,өлі және олардың өзара байланысының бірізділігін анықтау.
Балалардың өздері білетін өсімдіктердің өзіне тән ерекшеліктерін бөліп көрсету және сипаттау, жапырақтары мен жемістеріне қарай отырғызып, ағаштарды айыра білу ептілігіне жаттығу жүргізу, еңбек дағдыларын, ауыл шаруашылық еңбегіне қызығушылық пен тәрбиелеу жалғастырыла білуі тиіс.

Учаскенің маңызы. Балалар бақшасының жер учаскесі, әсіресе қалалық жағдайларда, бұл ойындардың, серуендер мен сабақтардың орны. Күзде, қыста және көктемде балалар күннің көп уақытын учаскеде өткізеді, егер саяжайға кетпесе күні бойы болады. Осындай ойын кездерінде балалардың сезіну қабілеті арта түседі.
Гүлбақшада, бақта, бау бақшада жұмыс істей жүріп балалар коллективті түрде еңбек етуге бейімделеді, еңбекке дағдыланады. Олар еңбекті сүюге, құрметтеуге және тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді. Учаскеде балаларды табиғаттың маусымдық құбылыстарымен таныстырады, өсімдіктердің өсіп жетілуін және жануарлардың қылықтарын біраз бақылауды ұйымдастырады. Осының бәрі балалардың дүние танымын, едәуір кеңейтіп, өздерін қоршаған өмір туралы білімдермен байытады, оларды табиғатқа аялай қарауға және ондағы сұлулықты көре білуге тәрбиелейді.
Дұрыс ұйымдастырылған және жақсы көгалдандырылған учаске балалар бақшаларындағы оқу тәрбие міндеттерін іске асырудағы ең қажетті база олып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелердің құрамына мектепке дейінгі жастардағы балалардың күндізгі уақытта және тәулік бойы болатын жалпы типтегі (бала бақшалар, балалар үйі, мектепке дейінгі балалар үйі) мекемелері, ақыл-ой және дене бітімі дамуында ауытқулары бар арнайы мектепке дейінгі мекемелер, аурушаң балаларды салауаттандыруға арналған жазғы демалыс орындары кіреді.
Жалпы типтегі мектепке дейінгі балалар мекемелері тұрғын мекеннен алыстығы 300 м көп емес, шуылы, ластануы жоғары магистралды көшелерден, өндіріс орындарынан, жәрмеңке-базарлардан, автобазалар мен гараждардан аулақта өзіне арнап бөлінген, жер учаскесінде орналасуы керек.
Жер учаскесіне қойылатын гигиеналық талаптар. Әрбір мектепке дейінгі мекемелердің жыл мезгілінің барлық уақыттарында ойындар мен серуендер өткізуге арналған жер учаскесі болуы керек. Жер учаскесі жылдың барлық мезгілінде пайдаланылатын, балалардың әр түрлі іс-әрекеттеріне арналған мекеме ғимаратының жалғасы ретінде қаралады және мұнда төмендегідей фукционалдық алаңдар болуы тиіс: топтық алаңшалар, жалпы дене шынықтыру алаңы, бау-бақша алаңы, шаруашылық алаңы және көгалдандыру алаңы.
Жер учаскесінің ауданы, 90 орындық бала бақшалар үшін 1 орынға 40м2 , басқаларында - 35м2, Бала бақша кешендерінде - 30м2есебінен алынады. Кейбір жағдайларда учаске ауданын біршама кішірейтуге рұқсат етіледі: реконструкция жағдайында - 20% , бала бақшаның орналасатын территориясы 200-қа ылдилау болып келсе - 10%, ІА, ІБ, ІГ және ІІА климаттық аудандарда 1 орынға 25м2 дейін рұқсат етуге болады.
Жер учаскесінің ұйымдастырылуы функционалдық алаңдарға бөлу принципіне негізделеді. Алаңдардың бір бөлігіне ғимарат құрылысы орналасады (негізгі ғимарат, көлеңкелі қалқалар, шаруашылық құрылысы т.б.). Жер учаскесінің екінші элементі - асханаға жақын орналасатын шаруашылық зонасы (көлік келетін жолдар, көлік тұратын орын, шаруашылық алаңы) болып табылады. Үшінші элементі - балаларға арналған алаңшалар (топтық, жалпы денешынықтыру және бау-бақша алаңшалары). Территорияның белгілі бөлігі (50%) көгалдандырылуға арналады.
Топтық алаңшалар - топтық жекелендіру принципін сақтау үшін жасалады. Алаңшалар негізінен топтық бөлімдердің жалғасы ретінде алынатындықтан, олардың саны балалар мекемелеріндегі топтар санына сәйкес келуі керек. Учаскеде сәбилердің топтық алаңшалары мен мектеп жасына дейінгі балалардың топтық алаңшалары арнаулы секторларға бөлінеді. Сәбилерге арналған алаңдарды шуыл көзінен аулақ, ғимаратқа кіретін есікке мейлінше жақындатып орналастыру керек. Алаңшаларда ауданы 40 м2, төбесі жабық, көлеңкелі қалқалар орналастырылады. Мұнда ойыншықтар мен құрал саймандарға арналған, бірге салынған шкафтар болуы керек.
Сәбилерге арналған топтық алаңшалардың жері шөптесін өсімдіктермен көгалдандырылуы тиіс, ал мектеп жасына дейінгі топтарда одан басқа, ауданы 60 м2 дейін тапталған жер болуы керек. Топтық алаңдар балалардың жасына қарай, манежбен, тақтай-төсеулермен, әткеншектермен, баспалдақтармен, төбешіктермен және т.б. қажетті жабдықтармен жабдықталынады.

Бала бақшаның жер учаскесінің көгалдандырылуының маңызы өте зор. Көгалдандырылған жер көлемі қанша болса, оның маңайында соншама жер "салауаттандырылатыны" (шаң-тозаң азаяды, ауа ылғалдылығын жақсартып, жеңіл иондармен қанықтырады т.с.с.) анықталған. Сондықтан бала бақшаның жер учаскесінің көгалдандырылуы 50% кем болмауы керек. Көгалдарды бала-бақшаның ғимаратына күн сәулесінің түсуіне кедергі келтірмейтіндей, көлеңкелері арқылы табиғи жарықтың төмендеуіне әсерін тигізбейтіндей етіп орналастыру қажет. Осы мақсатқа сәйкес, биік ағаштарды ғимарат терезелерінен 10м қашықтықта, ал аласа бұталарды 5м қашықтықта отырғызу керек. Белгілі есеппен рационалды отырғызылған ағаштар топтық алаңшалар мен ғимаратты күн көзінің тікелей түсуінен, тым ысып кетуден сақтайды. Көгалдандыру үшін тікенекті, жемістері улы өсімдіктер отырғызбауды қадағалау қажет. Учаскеде мектепке дейінгі топтар үшін бір балаға 0,6м2 есебінен бау-бақша орналастырылады.
Денешынықтыру алаңы жалпы бағдарламалық және қосымша денешынықтыру сабағын, қимыл-қозғалысты ойындар өткізуге, спорттық көңіл көтерулер мен мейрамдар өткізуге арналған. Өлшемі бала бақшаның сиымдылығына байланысты 2-3 топқа 150м2, 4 топтан көп болса 250м2 есебінен алынады. Бала бақша кешенінде жалпы ауданы 400м2 болатын екі денешынықтыру алаңы қарастырылады және олар жерден 5-7см биіктетіліп, ортасынан шет жақтарына қарай, жауын сулары жылдам ағып кетуі үшін ылдилау етіп жасайды, беті жартылай қатты, топырақ, ағаш, резеңке-битум немесе асфальт, жартылай шөптесін етіп жабылады. Спорт алаңдарын айландыра, ұзындығы 100-150 метр жүгіретін жол жасалады.
Кеңдігі 1,5м айналма жолдар топтық алаңшалармен жалғастырылып серуендерге, велосипедтермен, педальды машиналармен, самокаттар, дөңгелекті конькилер, шана, шаңғылармен ойнауға арналады. Бұл жолдар - көлік жүруін реттейтін жол белгілерімен, бағдар шамдармен, жаяу жүрудің көрсеткіштерімен, яғни көшеде жүру ережелерін үйретуге арналған көрнекті құралдармен жабдықталады.
Жер учаскесінің элементіне су шашып ойнауға арналған бассейн, бау-бақша, құстар мен жануарларға арналған алаңша, шаруашылық алаңы кіреді. Су шашып ойнауға арналған бассейннің тереңдігі - 25см көп болмауы керек. Бассейннің айналасына кеңдігі 80см, тереңдігі 15см аяқ жуатын астау орнатылады.
Шаруашылық алаңшасы, асхана мен кір жуатын орынға жақын, топтық алаңшалардан барынша алшақ орналастырылуы керек. Оның ауданы мектепке дейінгі мекеменің сиымдылығына және елді мекендерді коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету деңгейіне байланысты анықталады. Алаңшада қоқыс салғыштарға арнап орын бөлінеді, қажетіне қарай ауданы 50 м2 көп емес көкөніс сақтайтын орын жасалады.
Құрылысты салуға жер учаскесін таңдау және бөлу бойынша қорытынды беру. Жер учаскесін бөлу қалалық, аудандық әкімшілік- теріндегі архитектуралық- құрлыстық басшыларымен, елді мекенді болашақта салу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Осы кезеңдегі санитарлық дәрігердің міндеті - құрылысты салуға ұйғарылған жердің жағдайлық жоспарын зерделеу және оны таңдауда, тұрғын ауданында балалар мекемелерінің әр түрлі типтерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz