Украина халқы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Украинада өмір сүретін халықтардың құрамы
Орындаған: Тасмағанбетова Л.Қ.
Орал, 2014ж.
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Украина халқы
2. Украина халқының діні мен дәстүрі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Украина - Шығыс Еуропадағы ірі мемлекет. Украина 24 облысы және Қырым Автономиялық Республикасынан тұрады. Жер көлемі - 600 мың шаршы шақырым. 50 миллиондай халқының 74 пайызы украиндар. Одан басқа поляк, словак, румын, венгрлер бар, олар елдің батыс жағында қоныстанған болса, ал орыстар негізінен шығысында тұрады.
Географиялық орнының ерекшеліктері мен алып жатқан ауданына байланысты Украина жерінің климат жағдайлары алуан түрлі болады. Құрлықтың ішкергі бөлігіне қарай орналасқан солтүстік-шығыс аудандарда қаңтардың орташа температурасы -8°С шамасында болса, солтүстігі таулармен қоршалған Қырымның оңтүстігінде бұл көрсеткіш +4°С-қа жетеді. Жауын-шашын мөлшері солтүстік- батыстан оңтүстік-шығысқа және оңтүстікке қарай азаяды.Карпатта жауын-шашынның көрсеткіші 1500 мм-ге жетсе,Қырымның батысы мен Днепр сағасында оның мөлшері 300 мм-ден де аз.Украинаның климат жағдайлары, жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы үшін қолайлы болып табылады. Оңтүстік аудандарда жауын-шашынның тапшылығы егістіктерді қолдан суаруды қажет етеді. Ел аумағында өзен торы жиі, өзендер мен бұлақтардың жалпы саны 70 мыңнан асады. Өзендердің барлығы дерлік Қара және Азов теңіздерінің алаптарына жатады. Тек қиыр батыстағы Буг өзені мен оның салалары Балтық теңізіне құяды. Елдегі ең ірі өзендер қатарына Днепр (Украина аумағындағы ұзындығы 981км), Днестр, Оңтүстік Бугжатады. Өзендердің көпшілігі кеме қатынасына жарамсыз және су энергиясына онша бай емес. Днепр өзеніндед ірі бөгендер (Киев, Канев, Кременчуг, Кахов) салынған. Украина жерінде орман, орманды дала және дала зоналары таралған. Елдің солтүстігіндегі ауыл шаруашылығына жарамсыз батпақты Полесье жерінде қарағайлы ормандар өседі. Карпаттың орман қорының шаруашылық маңызы бар. Қазаргі кезде ауыл шаруашылығына жарамды жердің барлығы дерлік жыртылған, аралас жіне жалпақ жапырақты ормандар тек таулы аудандарда сақталып қалған. Жалпы алғанда, ормандар Украина аумағының 15%-ын ғана алып жатыр.Орманның сұр топырағы , қара және күрең топырақтар тараған алқаптарды егістіктер мен бау-бақшалар алып жатыр. Батпақты жерлерді ауыл шаруашылық мақсатта игеру қолға алынған, қазіргі кезде құрғатылған жерлер ауданы 2 млн гектардан асады. Украина жерін мекендейтін жануарлар мен құстардың көптеген түрлерінің кәсіптік маңызы зор. Олардың арасында бұлан, елік, қабан, түлкі мен күзен, қырғауыл, сұр құр бар. Ел рекреациялық ресурстарға бай. Сауықтыру-демалыс орындары, негізінен, Қара теңіз жағалауы бойында, Карпатта орналасқан. Әсіресе табиғи-климаттық жағдайлары қолайлы ұштасқан Қырым курорттары (Ялта, Евпатория) айрықша көзге түседі. Қырымдағы Алупка және Мисхор табиғи саябақтарында өсімдіктердің чили араукариясы, ливае самырсыны , мексика қарағайы, магнолия тәрізді ерекше түрлері өседі. Ал Никита бағында Жер шарының түкпір-түкпірінен әкеләнген сан алуан тропиктік және субтропиктік өсімдіктер өседі. Адам қолымен жасалынған бұл табиғат бұрыштары туристер назарын өзіне аударады. Карпатқа тау шаңғысымен айналысатын демалушылар көп барады, ал Карпат алдындағы Трускавец курортындағы табиғи минералды су емдік мақсатта пайдаланылады.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Украина халқы
Украина халкының жалпы саны 2004 жылдың соңына қарай шамамен 47,3 млн адам болды. Елде халық санының табиғи өсуі сонғы онжылдықтарда күрт қысқарды, ал 2000 жылы ол тіпті -- 0,6%-ды құрады. Туу коэффиценті (1000 адамға шаққанда) -- 8%., өлім коэффиценті - 14%.. Адамның өмір жасының орташа ұзақтығы -- 68 жыл. 1990 жылдардың орта шенінен бастап, Украинадан басқа елдерге қоныс аударатындар саны көшіп келетіндер санынан асып түсетін болды. Қоныс аударғандардың басым көпшілігін өздерінің байырғы отандарына (Германия, Израиль) оралғандар құрады. Ел халкының ұлттық құрамы күрделі болғанымен, басты ұлттар: украиндар (73%) мен орыстар (22%). Украиндар саны жөнінен славян халықтары арасында орыстардан кейін 2-орын алады. Олар, негізінен, батыс, орталык және солтүсік аудандарда тұрады. Украиндардың үлесі оңтүстікке қарай азая береді. Мысалы, украиндар Донецк және Одесса облыстары тұрғындарының жартысын ғана құрайды, Қырымда олардың үлесі 25% ғана. Олардан баска ел аумағында беларустар, еврейлер, молдавандар, поляктар мен болгарлар және т.б. ұлт өкілдері тұрады. Татарлар Қырымда, гректер Азов теңізі жағалауында, ал румындар мен словактар Карпат сыртында шоғырлана орналаскан. Карпатта тау халықтары -- гуцулдар, бойкалар мен лемкалар тұрады. Гуцулдар -- шығу тегі әлі белгісіз халықтардын бірі, олар, негізінен, мал шаруашылығымен және ағаш дайындаумен айналысады. Гуцулдар арасында ағаштан түйін түйетін шеберлер, саз балшыктан құмыра жасаушылар, кілем тоқушылар да көп. Діни құрамы жағынан христиан дінінің православие тармағы басым, бүдан баска христиаи дінінің баска тармақтары мен ағымдары, сондай-ақ ислам, иудаизм діндері бар. Республика бойынша халықтың орташа тығыздшы 1км2 -ге шаққанда 78,6 адамды құрайды. Ел аумағында халык біркелкі орналаспаған; шығыстағы өнеркәсіпті-ауыл шаруашылықты аудандарда, батыстағы Львов облысында 1км^2-ге 100 - 200 адамнан келеді. Полесье аумағында орналасқан Чернигов, Волынь, Житомир облыстарында, сондай-ақ далалы Херсон облысында бұл корсеткіш 40 -- 50 адамды ғана құрайды. Украинада ірілі-ұсақты 415 қала бар. Қала халқының үлесі - 68%. Батыс Украинада урбандалу деңгейі төмен, Закарпат облысында қала халқынын үлесі бар болғаны 41% ғана. Мұнда шағын және орташа қалалар басым. Донецк алабында қала халкының үлесі өте жоғары (90%), мұнда ТМД бойынша ірі қала шоғырларының бірі - Донецк агломерациясы қалыптаскан.
Украиндар (укр. украї́нці) - Украинаның негізгі халқы (37,4 млн.). Ресейде (4.4 млн.), Қазақстанда (469 мың), Молдавияда (600 мың), Беларусьте (290 мың), Қырғызстанда (100 мың), Өзбекстанда (150 мың), Польшада (350 мың), Канадада (550 мың), АҚШ-та (535 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz