Түстік модельдер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Түстік модельдер»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2012ж.

Жоспар

1. Графикалық редакторлар.

2. Фракталды графика. Графикалық форматтар

3. RGB, Lab жəне CMY түстік моделі.

4. Түстік модельдер. Түстік модельдің түсінігі

6. Түстік модельдер типі

7. Пайдаланылған əдебиеттер


1. Графикалық редакторлар.

Adobe Photoshop, Paint.

Саймандар мен материалдар модельдерінің компьютерлік əлемі шығармашыл тұлғаға нақтылы заттар əлеміне қарағанда өзіндік қаситеттерін шығаруда дербес компьютер (ДК) мен арнайландырылған программалық қамтаманың алатын орны зор. Дəстүрлі суретшілер əлі күнге дейін сурет салуда «түстерді» қолданса, ДК оларға «жарықпен» салуды ұсынады. Дисплей экранның жарықталуы, оның жоғарғы дəрежедегі дəлдігі, түстер дипозонының кеңдігі (16, 7 млн. түстер) өосының барлығы жан түршіктірердей сезім беріп, суретті «тірідей» бейнелейді.

Adobe Photoshop - бұл қолданбалы программа растрлық графика программаларының ішінде кеңінен қолданылады. Бұл қолданбалы программаны дизайнда, сурет салуда, кəсіби фотографияда жəне жарнама ісіндегі мамандарда кең қолданыста. Adobe Photoshop қолданбалы программасы каналдар мен маскаларды тандауға, суреттерді өңдеуге, жаңадан жасауға негізделген. Сонымен қатар бұл программаны толық иемдену көп практикалық жұмысты талап етеді жəне түсті бөлу, түстік моделдерді түрлендіру, канал бойынша түсті реттеу сияқты операциялармен жұмыс істеу терең білімді қажет етеді. Негізінен растрлық графиканың қайсысында жұмыс істесте түске көңіл бөлу қажет. əртүрлі түстер арқылы біз объекттерді ажыратып, сол объекттердің тереңдігін, қисықтығын көре аламыз. Photoshop программасы Paint графиктік редакторынан артықшылығы слоймен жұмыс істеу. Слой (Layer) - Photoshop программасының маңызды базалық элементі. Ол бір сурет немесе оның жеке бір бөлігінің бейнесі болуы мүмкін, сол суреттің бетінде қабық тəрізді орналасқан. əрбір слойды басқаларға тəуелсіз өңдеуге болады. Photoshop бір бейнелік суретте 100-ге дейін слоймен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар жəне файлды біріктірілмеген слойлардың жиынтығы ретінде *. PSD, *. PDD типтегі форматта сақтайды. Photoshop қолданбалы программасының интерфейсі негізінен мынадай бөліктерден тұрады:

1) Мəзір қатары (Файл, Редактирование, Изображение, Слой, Выделение, Фильтр, Вид, Окно, Помощь) .

2) Құрал-саймандар панелі (төрт бұрты қоршау (М), жылжыту (V), магниттік лассо (L), градиент (G), текст (Т), т. б. )

3) Күй қатары.

Photoshop -тың қосымша программасы Adobe ImageReady деп аталды. Бұл программаның негізгі қызметі суреттерді web бетке шығару жəне *. gif типті анимациялық файлдар жасауға мүмкіндігі бар.

2. Фракталды графика. Графикалық форматтар

Фрактальды графика. Фрактальдар алгоритмдері таңқаларлық үш өлшемді көріністер құра алады. Кез келген фрактальдың кілттік түсінігі - түстестік. Обьект түстес деп аталады -егер обьектінің ұлғайтылған бөлігі обьектінің өзіне ұқсас. Қазіргі кездегі компьютерлік графика-бұл мұқият əзірленген пəн. Геометриялық түрлендіру, қисықтар сипаттамалары, жазық беттер сегменттері əбден зерттелген. Сызықтарды жəне жазық беттерді растрлық сканерлеу, қию, жою тəсілдері, түсі, бояуы, текстурасы мен мөлдірлік эффектілері əрі дамытылуда. Қазіргі уақытта компьютерлік графиканың осы бөлімі қызығушылық танытып отыр.

Графиктік форматтар Графиктік файлдар форматтары - түсті кодалау тəсілдерімен, ақпаратты сығу алгоритмдерімен, файлға қосымша ақпараттарды (мысалы, мəтіндік ақпарат) орналастыру мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.

Форматтар түрлері: BMP, GIF, JPEG, TIF, PSD, PCX, RAW. Кейбіреулерін нақтырақ қарастыралық BMP- қарапайым формат, пикселдердің солдан оңға, төменнен (экранның төменгі сол жақ бұрышынан) жоғарыға тізбектей жазуды қарастырады. Файл атының кеңейтілуі . bmp. Көптеген графикалық программалар бұл форматпен жұмыс істей алады, бұл форматтағы көріністерді бір жүйеден бір жүйеге ауыстырып, қолдануға мүмкіндік бар. GIF форматы, графикалық файлдарды компьютерлік торап бойынша жіберу үшін əзірленген. Кеңейтілуі . gif. Онда ақпаратты сығу архиваторлардағы алгоритмге ұқсас, ол дискідегі орынды үнемдеу үшін кеңінен қолданылады. Мұндай файлдың өлшемі орташа алғанда BMP форматты файлдан екі есеге аз. Кемшілігі - жоғары сапалы көріністерді бұл форматта сақтауға болмайды, себебі түсті кодалау 8 биттен артық емес. Артықшылығы - оның көмегімен файлдар «кезектесетін форматта» сақталады - алдымен əрбір сегізінші қатар, сонан соң əрбір төртінші жəне т. с. с.

Бұл Internet арқылы суреттер алуда ыңғайлы - алдымен жуылған көріністер пайда болады да, сонан соң оның сапасы бірте-бірте жақсарады. Сонымен қатар мəтіндік блоктарды да қамтиды, ол экранға жазба түрінде шығады. Бұл формат сонымен қатар, бір файлда бірнеше көріністі сақтауға мүмкіндік береді, оларды тіркелген программаның көмегімен экранға шығарады, осылайша мультипликация құрады. JPEG форматы WWW - серверлерге орналастыру үшін түрлі-түсті суреттер мен фотографияларды сығуға арналып əзірленген. Кеңейтілуі jpg. Мұндағы сығу алгоритмі биіктік тізбектің қайталануын ескеріп қана қоймай, адам көзінің қабылдау ерекшелігін де ескереді, маңызды емес детальдарды жойып тастайды. Осыған байланысты ақпараттың кейбір бөліктері теориялық тұрғыда жоғалып кетуі ғажап емес. BMP-JPEG-BMP түрлендіруі ұқсас файлды бармейді. Бұл формат ақпаратты сызудың жоғары коэффициентімен сипатталады. Ақпаратты сығу дəрежесін файлды құру кезінде реттеуге болады, бірақ сызу коэффициенті үлкен болған жағдайда ақпарат өзгеріп бұзылуы мүмкін (əсіресе тіктөртбұрыштардың бұрыштарында, анық контурлардың шекараларында) . TIFF (Tagged -Image File Format) түрлі программалар жəне компьютерлік платформалар арасында құжат алмасу үшін қолданылады. TIFF форматы LZW-сығуды қолдайды, бұл ақпаратты жоғалтусыз қаттауға мүмкіндік беретін алгоритм. Adobe Photoshop құжатын TIFF форматта сақтау кезінде IBM PC немесе Macintosh типті компьютерлерге оқуға ыңғайлы формат вариантын таңдауға болады. LZW Compression параметрі құжатты минимальды көлемге дейін автоматты қаттауға мүмкіндік береді. PSD форматы Adobe Photoshop программасы, оны кейбір басқа программалар да түсінеді. Көп қабатты, қосымша түстік каналды, маскалы жəне басқа да ақпараттарды қамтитын дайын растрлық көріністерді жазуға мүмкіндік береді. Adobe Photoshop -тың соңғы версиялары өз файлдарын компрессиямен сақтайды, ол көрініс сапасын бұзбайды, көлемін едəуір азайтады.

PNG (Portable Network Graphics) . Кескіндерді сақтауға, оларды Интернетте жариялауға арналған ерекше жаңа (1995 жылы) формат. Құжаттың атының кеңейтілуі . PNG Үш түрлі типтері сақталады-түсті 8 емесеили 24 бит тереңділігімен жəне қара-ақ 256 градацияның сұр түрімен. Ақпаратты сығу практикалық түрде жоғалтусыз орындалады, 254 деңгейлі альфа-каналдар жол арқылы бұранда қарастырады.

3. RGB, Lab жəне CMY түстік моделі.

Түстік модельдер (RGB моделі) - Түстік модель бояудың берілу принціптерін анықтайды. RGB моделі көбінесе мониторға түске бері үшін пайдаланылады. Кеңт тараған модель. Бұл модель бойынша бұл модельдің үш түстік құраушысы бар.

Red (қызыл)

Blue (көк)

Green (жасыл)

Әр каналдың ашықтылық деңгейіне (0…, 255) байланысты көпдеген түстер алынады. 0 - минимальдық ашықтылық, 255 - максимальдық ашықтық.

RGB түстік моделінің қолдануы. CMY түстік моделдегі баспа құрылғылары. Көзге көрінетін жəне көрінбейтін кескіндерді компьютер дисплейінде бейнелеуде түстік модель маңызды роль атқарады. Түс арқылы барлық объекттерді бір-бірінен ажыратамыз, əрбір объекттің тереңдігін, қисықтығын көре аламыз.

И. Ньютон тəжірибесі. Ақ жарық шыны призмадан өткен кезде бiрнеше түске жiктелетiнiн алғаш рет И. Ньютон бақылап, зерттеген болатын. Мұндай монохроматты (бiр түстi, мысалы, қызыл, көк, күлгiн т. с. с. ) жарық одан əрi басқа түстерге жiктелмейдi. Ал ендi осылай ақ жарықтың монохроматты жарықтарға жiктелуiнiң себебi неде ? Ол мынада. Жарық дегенiмiз - электромагниттiк толқындар. Əртүрлi түстегi жарықтар бiр- бiрiнен толқын ұзындығының, немесе онымен байланысты жиiлiгiнiң əртүрлi болуымен өзгешеленедi. Ал жарықтың шыны призмадан өткенде əртүрлi түске жiктелуiнiң себебi қандай да бiр ортадағы жарық жылдамдығының ( немесе онымен байланысқан сыну көрсеткiшiнiң ) жарық жиiлiгiнен тəуелдiлiгiмен байланысты. Сыну көрсеткiшiнiң жарық жиiлiгiнен осындай тəуелдiлiгiн дисперсия құбылысы деп атайды (1-сурет) . Бұл құбылысты түсiндiруге Максвеллдiң электромагниттiк теориясын қолдану оң нəтиже бермедi.

Себебi бұл жердегi мəселе тек электромагниттiк толқынның қасиетiнде ғана емес, сонымен қатар ол толқындардың затпен əсерлесу сипатымен де байланысты болатын.

Қазіргі кезде компьютер дисплейінде бейнені шығаруда, графикалық бейнелерді өндеуде, гафиктік немесе мəтіндік мəліметті қағаз бетіне басып шығаратын құрылғылар белгілі бір түстік моделмен жұмыс істейді.

4. Түстік модельдер. Түстік модельдің түсінігі

Түстік модельде құру негізінде əмбебап тілдерді қолдану жатыр, олар математикалық стандартты өрнектер нақты түсті сипаттау тəсілін іске асыруға көмектеседі. Олардың көмегінсіз сандық кескіндердің баспаның редактрлеу, сканерлеудің өңдеудің ешбір кезеңін орындай алмаймыз. Қазіргі компьютердегі программада түспен басқару режимдерге түстік модель көмегімен іске асырылады. Түстік модельдер (немесе түстік кескіндік ) түсті сипаттаудың концептуальды жəне мөлшері үшін амалдарын ұсынады. Негізгі түсті концептуальды ұсынылын танысқаннан кейін сіз жұмыс барысында түстер арасындағы қатынасты жақсы түсінесіз. Режим бұл анықталған түстік модельдердің нақты графикалық программа көлемінде іске асырылу тəсілі.

Түстік модельдер (color model) спектрдің анықталған түстік ауданын математикалық сипаттау үшін қолданылады. Көптеген компьютерлі түсті модельдер адамдар көзімен қабылданатын үш негізгі түстер қолдануға негізделген. Əр негізгі түске анықталған сандық код мəні меншіктеледі, содан кейін қалған түстердің барлығы негізгі түстер комбинациясы ретінде анықталады. Осындай тəсілді сүретшілер шектеулі түстер палитрасы базасында сүрет салу үшін қолданады. Түстік модельдер түсті математикалық ұсынылуына қарамастан əлсіз. Бірақ олар компьютерлік программада шығарылатын түстің бірмəнді анықталуы үшін қолданылу ыңғайлы. Егер мониторға R. 255 G000 Б255 түсті сигналын жіберсек онда жақсы мониторда жақсы бір түс пайда болу керек. (берілген жағдайда ) өзінің негізінде не жатқанына тəуелсіз кез-келген модель үш талапты қанағаттандыруы керек:

- қандай болмасын нақты құрылғы мүмкіндіктеріне тəуелсіз, түстерді кейбір стандартты əдіспен анықтауды іске асыру ;

- қайта өңдейтін түстер диапазонын нақты беру;

- түстерді қабылдау механизімін ескері шағылысу немесе сəулелену.

Қазіргі графикалық дестелер керек түсті модельді таңдау үшін дамыған интерфейстер орналасады. Ары қарай бұл бөлімде қазіргі графикалық дестелерде қолданылатын көптеген түстік модельдер толық қарастырылады.

6. Түстік модельдер типі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
RGB түсті моделі
CORELDRAW программасының интерфейсі
Компьютерлік графикадағы түстер
Компьютерлік графиканың тарихы, қолданылу саласы
Түстік модельдер жайлы
Corel Draw графиктік редакторында құжатпен жұмыс
Түстік палитра. Компьютерлік түстік модельдер. Аддативтік түстер жүйесі
CorelDraw 11
Мектеп оқушыларын компьютерлік графикамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
Мәліметтердің форматтары және оларды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz