Тірі ағзалардың химиялық құрамының біркелкі болуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

87027800394

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Тірі ағзалармен табиғат арасындағы қарым-қатынастар»

Орындаған: «ПжП» мамандығының 1 курс студенті Нурбергенова Б.

Тексерген: Темиргалиева С. Б.

Орал, 2014ж.

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Тірі организмдердің негізгі қасиеттері

2. Тірі организмдердегі заттар мен энергияның

алмасуы (метаболизм)

3. Тірі ағзалар мекен ететін негізгі тіршілік орталары

Қорытынды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


Кіріспе

Өлі табиғаттан тірі ағзаларды өздеріне тән негізгі касиеттері аркылы бірден ажыратуға болады. Тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттер химиялық құрамының біркелкілігі, заттар мен энергияның алмасуы, құрылымдық деңгейінің ұқсас болуы, көбею, тұқым куалаушылық, өзгергіштік, өсу мен даму, тітіркенгіштік, дискреттілік (оқшаулану), өзін-өзі реттеу, ырғақтылық қасиеттер де тән.

Тірі азғалар көбею арқылы ұрпақ қалдырып, өз түрінің тіршілігін үнемі жалғастырып отырады. Тірі ағзалардың көбеюі кезінде ДНҚ молекулалары арқылы әрбір ағзаның өзіне тән белгілері ұрпақтарға беріледі. ДНҚ-ның бір молекуласынан екі еселену аркылы бір-біріне өте ұқсас әрі бастапқы белгісін дәл қайталайтын екі орамды молекулалар тізбегі түзіледі. Тірі ағзалардың көбеюі тікелей тұқым қуалаушылық касиетімен байланысты.

Тірі ағзалардың өзгергіштік қасиеті тікелей тұқым қуалаушылык касиетімен байланысты жүреді. Өзгергіштік кезінде тұқым қуалаушылықтың негізі болып саналатын гендердің құрылымы өзгереді. Тұқым қуалаушылық қасиет мүлде өзгермейтін болса, тірі азғалар қоршаған орта жағдайларының түрлі өзгерістеріне бейімделе алмайды. Өзгергіштік арқылы ағзаларда гендер құрылымының жаңа белгілері мен қасиеттері пайда болады. Сонымен қатар өзгергіштік арқылы табиғи сұрыпталуға жол ашылады. Организмдер қоршаған орта жағдайларының түрлі өзгерістеріне бейімделіп, тіршілік әрекетін әрі карай жалғастырады. Осылайша бірте-бірте жаңа түрлер пайда болады.

Тірі ағзаларға тән қасиеттің бірі - олардың өсуі мен дамуы. Организмдер өскен кезде жасушалар санының артуынан жеке мүшелері ұлғаяды да, жас даралар бірте-бірте ересектеріне айналады. Даму қасиеті тірі ағзаларға және өлі табиғатқа тән кері қайталанбайтын заңды құбылыс. Даму арқылы табиғатта жаңа қасиеттер пайда болады да, тірі азғалар мен өлі табиғаттың құрылымдық құрамы өзгереді. Тірі ағзалардың жекелей дамуы - онтогенез, ал тарихи дамуы - филогенез деп аталады. Онтогенездік даму кезінде тірі ағзаларда бірте-бірте белгілі реттілікпен жеке ағзаның өзіне тән қасиеттері қалыптасады. Филогенездік даму - тірі ағзаларға тән әрі белгілі бір бағыт бойынша жүретін, кері кайталанбайтын процесс. Бұл кезде жаңа түрлер пайда болып, тіршілік күрделене түседі.

Тірі азғалар орта жағдайларының өзгерістеріне қарамай, өздерінің химиялық құрамын, ондағы физиологиялық процестердің бір қалыпты жүруін үнемі реттеп отырады. Жануарларда бұл кезде ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы (гомеостазы) бірқалыпты деңгейде сақталады. бұл процесс жүйке, эндокриндік, т. б. жүйелер арқылы реттеліп отырады.

Бейімделгіштік-адаптация дегеніміз тірі ағзалардың ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез-құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті.

Эволюция нәтижелерінің бірі - тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік.

Қорек талғауға бейімделу. Көптеген жануарлар қорек тапшылығынан және тіршілік үшін күрестің түр ішінде шиеленісуінен пайда болып, дарақтардың бір бөлігі қоректенудің жаңа көзіне ауыады.

Климаттық бейімделу. Ағзалардың төтенше табиғи жағдайларындағы тіршілікке байланысты қандай бейімделу пайда болды.

Қорғаныш рең. Қорғаныш реңді 3 негізгі типке бөлуге болады. Олар: қорғаныш реңі, еліктеу реңі және көрнекілеу реңі.

Гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдандыруға бейімделуі. Көбею мүшесі ретіндегі гүлдің пайда болуынан тұқымды өсімдіктердің үйлесімді өзгергіштік дәрежесі күрделене түсті. Өсімдіктердің барлық түрі желмен тозаңданатын, бунақденелілер тозаңдандыратын, су тозаңдандыратын және жануарлар тозаңдандыратын (колибри) өсімдіктер болып бөлінеді. Бұған тозаңданып, ұрықтану арқылы жабық гүлдің ішінде өздігінен тозаңданатын түрлер қосылмайды.


Негізгі бөлім

1. Тірі организмдердің негізгі қасиеттері

Тірі ағзалардың химиялық құрамының біркелкі болуы. Тірі ағзалардың құрамында табиғатта кездесетін 70-тен астам химиялық элементтер болады. Тірі азғалар мен өлі табиғаттың құрамындағы химиялық элементтердің мөлшері әр түрлі. Мысалы, өлі табиғаттың құрамында оттектен басқа кремний, темір, магний, алюминий, т. б. элементтер көбірек кездеседі. Тірі ағзалардың химиялық құрамының 98%-ын, негізінен, 4 химиялық элемент құрайды. Ондай элементтерге - көміртек, оттек, азот және сутек жатады. Тірі ағзаларда бұл элементтер күрделі органикалық молекулалардың түзілуіне қатысады. Өлі табиғатта бұл элементтер басқаша мөлшерде және өзгеше сапада болады. Өлі табиғатта кездесетін органикалық қосылыстар, негізінен, тірі ағзалардың тіршілік әрекеттерінен пайда болған. Тірі азғалар құрамындағы органикалық молекулалардың өздеріне тән ерекшеліктері бар және олар тірі ағзаларда белгілі бір қызмет атқарады.

Тірі ағзалардағы ондай органикалық қосылыстардың негізгі тобына - нуклеин қышқылдары - ДНҚ, РНҚ жатады. бұл косылыстар тірі ағзалардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері арқылы ұрпақтарына беріліп, тірі азғалар тіршілігін үнемі жалғастырып отырады.

Тірі азғалар құрамындағы органикалық қосылыстардың екінші тобына - нәруыздар (ақуыздар) жатады. Нәруыздар жасуша құрамындағы кейбір органоидтердің құрамына кіреді әрі биологиялық өршіткі (катализатор) қызметін атқарады.

Органикалық қосылыстардың үшінші тобына - көмірсулар мен майлар жатады. Олар ағзаларды қажетті энергиямен қамтамасыз етеді және биологиялық мембрана мен жасуша қабықшасының құрылымдық құрамын түзуге қатысады.

Гүлді өсімдіктер - ең алға басқан, сандары өте көп және сан алуан өсімдіктер тобы. Олардың саны бунақденелілерден аз болғанымен, таралуы, өзге өсімдіктер ағзаларынан гөрі гүлді өсімдік түрлерінің таралу деңгейі казіргі кезде биолоғиялық тұрғыдан алға басып түр. Бунақденелілердің және гүлді Өсімдіктердің биологиялық алға басу себептері өте көп екені сөзсіз. Ең бастысы болмаса да, ең маңыздыларының бірін олардың бірлес эволюциясы деп санауға болады.

Қорғаныш реңінің мынадай түрлері бар: бүркемелену реңі - қоршаған ая түсіне ену; бөлшектену реңі - денедегі рең тұтастығы жойылады; көлегейлену реңі - жарық пен көлеңкенің құбыла көрінуі.

Еліктеу рең - қорғанышсыз жануарлар немесе өсімдіктердің біреуі екінші бір едәуір қорғанышы бар немесе жеуге жарамсыз түрге ұқсас болу нәтижесі.

2. Тірі организмдердегі заттар мен энергияның

алмасуы (метаболизм)

Метаболизм гректің "metabole" сөзінен алынған, "өзгеру", "алмасу" деген ұғымды білдіреді. Қоршаған орта мен тірі азғалар арасында үнемі заттар мен энергия алмасу процесі жүреді. Зат алмасу кезінде тірі азғалар өздеріне қажетті қоректік заттарды сіңіріп, тіршілік әрекетінен пайда болған ыдырау өнімдерін сыртқа шығарады. Өлі табиғатта да зат алмасу болады. Өлі табиғаттағы зат алмасу кезінде заттар бір орыннан екінші орынға тасымалданады немесе бір күйден екінші күйге ауысады. Мысалы, топырақтың шайылып тасымалдануы, судың буға не мұзға айналуы, т. б. Тірі ағзаларда жүретін зат алмасудың сапалық жағынан өлі табиғатта болатын зат алмасудан үлкен айырмашылығы болады. Тірі азғалар қоршаған ортадан түрлі заттарды қабылдап, өзінің тіршілігіне кажетті заттарға айналдырады және сол арқылы тіршілігін сақтайды. Бұл процесс анаболизм (пластикалық алмасу немесе ассимиляция) деп аталады. Ол грекше "anabole" - "өрлеу" деген ұғымды білдіреді. Зат алмасудың екінші кезеңі - катаболизм (энергетикалық алмасу немесе диссимиляция) деп аталады. Ол грекше "Katabole" - ыдырау (бұзылу) деген ұғымды білдіреді. Катаболизм процесінде азғалар денесіндегі күрделі органикалық қосылыстар карапайым заттарға ыдырайды да, сол ағзаның тіршілігіне қажетті энергия бөлінеді. Заттар мен энергия алмасу аркылы тірі ағзалардың ішкі ортасының құрамына кіретін заттар мөлшерінің өзара тұрақтылығы камтамасыз етіледі.

3. Тірі ағзалар мекен ететін негізгі тіршілік орталары

Тіршілік ортасы (Биотическая среда) - қазіргі тіршілік етіп жатқан организмдердің арқасында пайда болған табиғи күштер мен құбылыстар.

Тіршілік ортасы деп белгілі бір ағза (түрдің) дамуының барлық кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады.

Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда экотоп деп атайды. Бұл абиотикалық факторлар жиынтығы деген ұғыммен мағыналас. Оны кейде биотоп (грекше "bios" - тіршілік, "topos" - орын) деп те атайды. Белгілі бір экотопта тіршілік ететін барлық тірі азғалар жиынтығын биоценоз (грекше "koinos" - жалпы) деп атайды. Белгілі бір аумакта тіршілік ететін барлық тірі азғалар мен орта жағдайларының жиынтығын қосып биогеоценоз (грекше "bios" - тіршілік, "ge" - Жер, "koinos" - жалпы) деп атайды.

Су - тіршілік ортасы. Су көптеген азғалар үшін ең қолайлы орта болып саналады. Сулы ортаның өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Организмдер үшін судың химиялық құрамы, тұнықтылығы, тығыздылығы, тұтқырлығы, оттек пен жарықтың болуы және т. б. негізгі рөл атқарады. Судың құрамында көптеген минералдық заттар мен химиялық косылыстар кездеседі. Табиғи судың құрамындағы минералдық тұздардың мөлшері де түрліше болады. Мысалы, тұщы судың бір литрінде 0, 5 г тұз болса, теңіз суында тұздың мөлшері 35-40 г болады. Судың құрамында оттек мөлшері атмосферадан 20 есе аз және суға жарық аз түседі. Суда қысым күрт өзгереді. Мұның бәрі де кейбір азғалар тіршілігі үшін едәуір қолайсыздық туғызады.

Суда тіршілік етуге бейімделген азғалар тобы - гидробионттар (грекше "hydor" - су, "biontos" - тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Гидробионттар Дүниежүзілік мұхиттарда, жер асты суларында, құрлықтағы су айдындарында кеңінен таралған. Су айдындарында екі түрлі тіршілік ортасын ажыратады. Оның бірі - судың қалың қабаты (пелагиаль грекше "pelagos" - теңіз) . Бұл қабатта тіршілік ететін ағзаларды пелагостар деп атайды. Екіншісі - су түбі (бенталь грекше "benthos" - терең) деп аталады. Мұнда тіршілік ететін азғалар бентостар деп аталады.

Судың беткі қабатында судың ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін ұсак ағзаларды (фитопланктондар мен зоопланктондарды) планктондар (грекше "planktos" - қалқып жүретіндер) деп атайды.

Судың түрлі қабаттарында белсенді түрде жүзіп жүріп тіршілік ететін ірі ағзаларды (басаяқты ұлуларды, балықтарды, және т. б. ) нектондар (грекше "nektos" - жүзіп жүретіндер) деп атайды. Ал судың ең беткі қабатында тіршілік ететін әрі микроскопиялық, әрі ұсақ азғалар пейстондар (грекше "heustos" - жүзетіндер) деп аталады.

Құрлық-ауа тіршілік ортасы. Бұл табиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін азғалар - аэробионттар (грекше "Air" - ауа) деп аталады. Бұл ортаның тығыздығы мен қысымы төмен. Ал оттек пен жарық мол. Құрлық-ауа тіршілік ортасында температура мен ылғалдылық жыл маусымдарына, тәулік мезгілдерінде және географиялық орналасқан орнына сәйкес күрт өзгеріп тұрады. Бұл ортада ағзалардың тіршілігі үшін температура, ылғалдылық, жер бедері, жел, жыл маусымдарының алмасып тұруы негізгі рөл атқарады. Бұл ортада тіршілік ететін ағзалардың орта жағдайларына әсері айқын байқалады, тіпті олар өздеріне қажетті ортаны өздері жасап алады. Экологиялық тұрғыдан алғанда бұл орта өте күрделі әрі ондағы орта жағдайлары да сан алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген ағзаларды террабионттар (латынша "terra" - "жер") деп атайды. Бұл ортада тіршілік ететін азғалар денесіндегі суды үнемдеп жұмсайды, жылу реттеу механизмдері де түрліше. Оттектің мол болуына сәйкес ондай ағзаларда арнайы тыныс алу мүшелері пайда болған. Температураның күрт өзгеруіне сәйкес ағзаларда қорғану үшін түрліше бейімделушілік белгілер калыптасқан.

Топырақ - тіршілік ортасы. Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі литосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі ағзалардың шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабатын педосфера (грекше "podos"-аяк) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі кабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ азғалар (бактериялар, саңырауқұлақтар, құрттар және т. б. ) тіршілік етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғаттағы маңызы
Тірі организмдердің химиялық құрамының біркелкі болуы
Биосфераның пайда болуы
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Негізгі абиотикалық фактор
Жасушалық теория
Цитология негіздері. Жасушаның химиялық құрылысы
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Ғаламдық биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Экожүйенің тұжырымдамасы
Эволюциялык идеялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz