Жергілікті тілдің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Қазіргі қоғамдағы тіл, жергілікті, ұлттық халық тілі және әдеби тіл және оның белгілері

Орындаған:
Тексерген:

Орал 2012ж.

Жоспар

Кіріспе
1. Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің жағдайы туралы пікірлер
2. Жергілікті тілдің ерекшеліктері
3. Ұлттық халық тілі әдеби тіл нормалары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазір дүниежүзі елдері жаһандану дәуірін бастан кешіріп жатыр. Біз де әлемдік өркениеттің заманауи жетістіктерін өзімізге қабылдай отырып, әлемдік даму жолына түсуге ұмтылыс жасап жатырмыз.
Тіл - ұлт болмысының көрінісі, ұлттық ой-сананың өлшемі. Сондықтан да ұлттық тіл мен ділдің бір-бірімен байланысы - өте күрделі. Бұл байланыстың қыр-сырын танып-білу, дұрыс түсіну, зерттеп-зерделеу қажырлы еңбек пен терең ізденісті қажет етеді.
Тіл - рухани барлық құндылықтың негізі болғандықтан, әлемдік мәдениет пен өркениеттің дамуынан тысқары қала алмайды. Белгілі бір ұлттың дамуы өзінің ұлттық тілін қазіргі жаһандану заманында сақтай отырып, оны одан әрі өркендетуге, қоғамдық қызметін сан сала бойынша кеңейтуге, сонымен қатар осы мақсаттағы іс-шараларының дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне, демек мемлекеттік тілдік саясат пен бағдарламаларға тікелей байланысты.
Тіл, ең алдымен, қоғамдық-әлеуметтік құбылыс. Әлеуметтік тіл білімі - тіліміздің қазіргі кездегі қоғамдық-әлеуметтік бағыттағы атқаратын қызметін зерттеп-зерделейтін қазақ тіл білімінің кейінгі кезде қолға алына бастаған саласы. Көптеген ұлт өкілдері тұрып, мекен етіп жатқан Қазақстан жағдайындағы қазақ-орыс тілінің, сондай-ақ қазақ тілінің еліміздегі басқа да тілдермен байланысы, олардың бір-біріне әсері мен ықпалы деген сияқты мәселелер - әлеуметтік лингвистиканың негізгі зерттеу нысаны (объект) болып саналады.
Әлеуметтік тіл білімі, жоғарыда атап өткеніміздей, салааралық пән болғандықтан, негізінен, тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін тіл және қоғам, белгілі жағдайға (қоғамдық, қызметтік т.б.) сәйкес сөйлеушілердің тілі ретінде қарастырады. Демек, ол, қоғамдық қарым-қатынас үдерісінде белгілі бір ұлт тілін түрлі әлеуметтік топтардың түрліше жағдайда қолданып-пайдалануын зерттеп-зерделейді. Соған ерекше мән бере отырып, оларды ғылыми тұрғыдан негіздейді.
1. Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің жағдайы туралы пікірлер
Қазақ тілінің тағдыры, болашағы кеудесіндегі жүрегі қазақ деп соққан әрбір азаматты алаңдатары айдан анық. Тарихтың аумалы-төкпелі сан алуан соқпағында мың өліп, мың тірілген қазақ халқы қаншама тар жол тайғақ кешулерді басынан кешіріп, қиындық көрсе де ешқашан тілінен, дінінен айырылған жоқ. Сонымен қатар қазақ тілімен ауызданбаған, анасының әлдиін естімеген, өз ана тілін білмейтін бауырларымыз да аз емес. Оны ешкім жоққа шығармайды. Себебі олар 150 жылға созылған Ресейдің орыстандыру саясатының құрбандары. Қазіргі уақытта баршаның баласын бауырына басып, бір үзім нанын басқамен бөліскен, бағынан соры басым қазақ халқы не көрмеді?!. 20 ғасырдың басында Ресейден Қазақ жеріне орыстың мужиктері көшіріле бастады. 30 жылдар мен 40 жылдардың соңына дейін бір неше миллион басқа ұлт өкілдеріне, коммунистер алдында сатқындық жасады деген айып тағылып, Қазақстанға көшірілді (Олар репрессияға ұшыраған немістер, шешендер, қалмақтар, поляктар, гректер, қарашайлар, балқарлар т.б.).
XX-шы ғасырдың басында түркі халықтары арасында (Ресей патшалағының мәліметтері бойынша) қазақтар сан жағынан Осман империясы түркілерімен тең болса, қазір Анадолудағы түрік ағайындар 80 миллионға жетіп отыр, ал біз әлі де 20 миллионға жеткен емеспіз.
Кеңес уақыты кезінде, өзге ұлт өкілдері басым болғанның өзінде қазақтар тығыз қоныстанған Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Семей, Шымкент, Торғай облыстарында қазақ тілі өзінің мәртебесін жоғалтқан жоқ. Мұны ешқашан естен шығармаған абзал.
Оған қоса өзім тұрып жатқан кейбір ағайындардың пайымдауынша орыстанған Павлодар облысында Баянауыл, Май, Ақтоғай, Лебяжі, Ертіс аудандары таза қазақ аудандары болды, онда тек қазақ тілі салтанат құрып, сәбилерінің тілі ана тілінде шықты, балалары қазақ мектептерінде оқыды. Оны ешкім жоққа шығара алмайды.
Тіпті орыс тілін білмейтін ауыл балалары жоғары оқу орындарына оқуға түскенде тілден қиындық көргендерін білеміз.
Қазақстанда бүгінгі күні 16 миллион халықтың 11 миллионы қазақтар, солардың 3 миллионы қазақ тілін білмейді, немесе нашар біледі. Ал қалған 8 миллионы қазақша біледі және өз ойын ана тілінде жеткізе алады.
Бір сайттың чатында Моңғолияда тұратын бауырым Қазақстанды біз қазақыландырып жатырмыз - дегенді алға тартқанда төбемнен жай түскендей болды. Мен біз көп үлес қостық, сенің үлесің аз деп алауыз болып бөлінуден аулақпын. Әрине, моңғолиялық, өзбекстандық қазақтар қазақ тілінің өрісін кеңейтуге өз үлестерін қосып жатыр.Оны ешкім жоққа шығармайды.
Ал 2 миллионнан астам халқы бар Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) облысында жылына 210 мың қазақ баласы дүниеге келеді екен, бұл Моңғолиядағы барлық қазақтар санынан 2 есе көп. Әрі қарай өздеріңіз ойлана беріңіздер.
Тіл, дін, діл жалпы ұлттық мүддеге келгенде, бөлініп бұра тартпай, біріккеніміз дұрыс. Бөлінгенді бөрі жейді, төртеу түгел болса, төбедегінің келетінін ұмытпайық ағайын.
Мені әрқашан Ресейдің ірі қалаларында тұрып жатқан қандас-тарымыздың тағдыры алаңдатады. Себебі кішігірім ауылдарда қазақ тілі аз да болса сақталғанмен, халқы қалың қалаларда қаракөз бауырларымыз өз ана тілдерін мүлдем ұмытқан. Әсіресе жастар жағы тілден мүлдем мақұрым.
Ұлттық болмыстарын жоғалтып, көккөз көршілеріміздің қатарына көптеп қосылуда. Жастар жағы шетінен орысша сөйлеп, орысша түс көреді.
Ең жаманы, ең кісі шошитыны - Сендердің Қазақстандарың ба? - деп жамандай кететіндігі (Этот ваш Казахстан - деп).
Олар Қазақстан болмаса кез келген шет елде тұратын қазақтың ұлт ретіндегі болашағы жоқ екенін түсінбейді. Осындай жастардан не қайыр, не үміт күтесіз.
Еуропа қазақтары ұйымының төрағасы Абдулқайым Кесиджи болса өз жастарының болашағын тек Қазақстанмен байланыстырады. Бұл өте дұрыс шешім.
Ал басқа түскен зобалаңнан құтылу үшін жат жерге қоныс аударған Моңғолия қазақтары (Өлгийде 1920 жылдардағы соғыстар болмаса) жалпы тыныш өз бетімен өмір сүріп жатты. Қытай қазақтары 1930 жылдардағы көтеріліс кезіндегі қан төгістер болмаса, кейін бейбіт өмір сүріп, қазір 1 жарым миллионға жетіп қалды.
Кейін 1940 жылдары Қытайға берілмей Индия мен сосын (Индия екіге бөлінгенде) Пакистан жеріне өтіп кеткен қазақтар (Годфрейдің Kazakh Exodus деген кітабында бәрі жазылған және фотолары берілген) 1952-1954 жылдары Түркияға жеткен соң, сол жақта Исмил, Салихли (Маниса), Алтай ауылы, Истанбулға (Зейтінбурну мен Гүнешлі аудандарында) орналасып, ел қатарлы өмір сүре бастады.
Қытай қазақтары көптеген жылдар өздерінің салт-дәстүрлерін сақтап, ұлттық құндылықтарды ұлықтады. Қытайда жүздеген қазақ мектептері, өз баспалары, бұқаралық ақпарат құралдары болды. Ал 2005 жылдан бастап Қытай Үкіметі қытайландыру саясатын мықтап қолға алып, бір бұйрықпен қазақ мектептерін қытай мектептері қылып жіберді, тек қазақ тілі мен әдебиеті ғана қазақ тілінде беріледі деген хабар бар.
Бұның нәтижесінде аты ғана қазақ, заты басқа қандастарымыздың жаңа буыны пайда болатынына ешкім шек келтіре алмайды. Қытай ақсақалдары шеттегі жастардың, жалпы қазақтың қамын ойлап Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа жазған ашық хатында, Егер қазір кетемін дегендерді көшіріп алмасаңыз - 20 жылдан соң қытайды аласыз деген барлығымызды ойландырар салиқалы пікірлерін білдірген. Әлем тәжірибесінде мектепке барған 6 жастағы бүлдіршіннің басына мектепті бітіргенше сол елді құрайтын бас ұлттың идеологиясы құйылады. Қазір мектепке барған қазақтың қара баласы 12 жылдан соң қу ханзу болып шыға келеді.

2. Жергілікті тілдің ерекшеліктері
Диалектілік тұрақты тіркестер - рухани мәдениет көрсеткіші деп аталатын тараушада жергілікті қолданыстағы фразеологиялық тіркестердің өзіндік ерекшелігі, пайда болу жолдары туралы сөз болады. Диалектілік тұрақты тіркестер пайда болып жасалуы жағынан алғанда тілдің тарихымен өзектес сондықтан диалектілік фразеологизмдерді жинау, зерттеу сипаттау диалектілік лексиканың құрамы мен көлемі мәселесін ғана шешпейді. Біріншіден, диалектілік тұрақты тіркестер тіл тарихына қатысты шешімі табылмай жүрген сұрақтардың жауабын табуға септігін тигізе алатын сенімді дереккөз. Олардың бойында дыбыстық-грамматикалық құрылыстың кейбір көне элементтері тұнып қалған. Екіншіден, диалектілік фразеологизмдер бойынан диалектіге тән сөзжасам және түрлену жүйесі айқын көрінеді. Үшіншіден, диалектілік тұрақты тіркестер әдеби тілдің фразеологиялық құрамын байытуға азды-көпті үлес қосады. Төртіншіден, фразеологиялық тіркестер семантикасы ауқымды, терең. Олардың мазмұнында этностың рухани мәдениетінің айшықты мағлұматтары жинақталған.
Көркем шығармалардағы эмоционалды-экспрессивті лексика деп аталатын тараушада жазушылардың қолданысындағы жергілікті тіл ерекшеліктерінің бағалауыштық мәні туралы сөз болады. Коннотация табиғаты, нақты айтқанда, экспрессивтік-эмоционалдық және бағалауыштық микрокомпоненттер негізінде сипатталады. Белгілі бір сөздің денотаттық мағынасын денотаттық семалар танытса, коннотаттық компонент мағынасы коннотаттық семалар негізінде жүзеге асады. Денотаттық семалар объективтік шындық дүниесіндегі заттар мен құбылыстардың бейнесін ассоциациялайтын, тілдік тұрғыдан көрініс тапқан денотаттардың бейнесін танытатын семалар болып танылса, коннотаттық семалар лексемасы өзара ортақ болып келетін денотаттық семалардан туындай келе, белгіленген затқа деген жаңа көзқарасты өзге қатынасты білдіретін сема ретінде көрініс табады.
Диалектизмдер - ауызекі сөйлеу стиліне тән тілдік құбылыстар. Ауызекі сөйлеу, яғни коммуникативті акті арқылы жеке тұлғаның санасында жатталып, жұмсалымдық, қолданымдық деңгейі жиі болғандықтан жеке тұлғаның индивидуальді сөздік қорына сіңген диалектілер сол жердің тұрғындары үшін ғана ортақ, жалпылық сипатқа ие болады. Басқа аймақ жүрсе де жеке тұлға белгілі бір затты не құбылысты өз санасында жатталған, өз сөздік қорындағы атауларымен танытады. Ауызекі сөйлеу әрекетінде солай атауға әбден машықтанған әрбір адам әдеби тілдегі негізгі атауымен атаудан гөрі, өз тіліндегі вариантымен атауды әрқашан тиімді, лайықты деп санайды. Бұл заңды құбылыс. Адамзат үшін ақиқат дүние біреу болса, оны түсіну, тану, сол дүниенің біртұтас бейнесін санада қалыптастыру әрекеттері әр адамзатта, әр ұлтта әр деңгейде сан алуан интерпретацияда беріледі. Сондықтан тіл иесінің ой-өрісіне, концептуалдық әлеміне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс табады, өзінше бейнелеп суреттейді, ал тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние бейнесіне сәйкес танытуға тырысады. Сол себепті диалектілер арасында да көпмағыналылық, омонимдік, синонимдік ерекшеліктер жиі кездеседі. Диалектілік омонимдер әдеби тілдегі омонимдер секілді лексикалық құрамы жағынан әр түрлі болады. Кейбір диалектілік омонимдердің баспақты мағынасы, қолданылу қызметіне қарай әдеби тілдегі мағынасына жақын келеді. Мысалы, ашар диалектісі батыс говорында кілт мағынасында қолданылады. Есіктің ашарын жоғалтып алып, үйге кіре алмай отырмыз. Бұндағы ашар сөзі кілттің қызметінен туындаған, яғни ашу әрекетінің сол өңір адамдарының танымында бірінші болып ұғынылып, оның кілт номинациясын гөрі, заттың қызметіне қарай атағанды ыңғайлы санауы деп түсініледі. Ал қарақалпақ говорында ашар сөзі винт бұрайтын құрал ретінде қолданылады. Бұл іске пышақ жарамайды, мәшиненің ашарын пайдалану керек. Бұл жерде де әдеби тілдегі кілт сөзінің екінші варианттағы омонимі сәйкес келеді. Соған қатысты кілттің ашудан гөрі, бұрау қызметіне қарай, яғни әрекеттік, қолданымдық қызметіне қарай танып, қалай танылса, солай атау сол өңір халқына тиімді болып тұр. Келтірілген диалектілік омонимдер мысалдары заттың (ақиқат дүниенің) қызметі мен әрекетіне қарай аталуы басым көрініс тапқаны, сол тұрғыдан омонимдес сөздер болып тұрғаны байқалады.
Осы секілді аша сөзінің де кең қолданысқа ие болып, диалектілік омонимдер мен көпмағыналы диалектілердің қатарын толықтыратынына талдау жасап көрелік.
Аша сөзі Қазақстанның шығыс өңіріндегі Семей, Талдықорған говорында айыр (құрал) мағынасында қолданылады. Шығыс Қазақстан говорында аяқ мағынасында қолданылады. Қарақалпақ говорында аша сөзі арықтың екіге бөлінетін, айырығы мағынасында қолданылады, сол сияқты осы өңірдің Шет говорында баған деген сөзді білдіреді. Қазақстанның солтүстік өңірінде тіреу мағынасында қолданылады. Ал Қызылорда говорында арық түрі ретінде қолданылады. Батыс Қазақстанда Аша сөзі екі таудың жігі, арасы ұғымын білдіреді.
Бұл жерде аша сөзінің көпмағыналы қолданысы да, омонимдік қолданысы да бар. Мәселен, аша сөзінің айыр құрал ретінде қолданылуы мен баған ретінде қолданылуы және арық ретінде қолданылуы, сонымен қатар аяқ ретінде қолданылуы бір біріне диалектілік омоним сөздер болып келеді. Дегенмен де олардың бастапқы санадағы танымдық көрінісі бір тұтас заттың екіге айырылуы бейнесінен туындайды. Осы бейне бірнеше ақиқат дүниенің номинативті атауына пайдаланылып, қолданыс тапқан. Бұндай диалектілік омоним құбылыстарын жартылай омонимдер атауға болатын секілді. Себебі, бастапқы ұғымы күңгірт болса да анықтау болатын, мағынасы алысқа кетпеген құбылыстар байқалады. Ал аша диалектісінің арықтың екі айырылуы мен таудың екі арасын танытатын мағынада қолданылуы диалектілік көпмағыналылықты білдіреді. Себебі, айыру, айырықты білдіру, яғни екі затты ажырату мағынасынан алыс кетпегенін байқатады.
Енді ашамай диалектизмін талдап көрсек. Ашамай Қазақстанның солтүстік өңірінде (Қостанай, Щучинск) аш өңді деген сыни мағынаны танытады және көп жағдайда малға қатысты айтылады. Сатуға әкелген сиыры ашамай мал екен. Ал шығыс өңірлерінде (Семей, Шұбартау) ашамай деп жауыр түйеге арнап жасалған ер сияқты ағаш бұйымы аталады. Бұл жердегі ашамайдың қолданымдық сипаты да, мағыналық жігі де бір бірінен алшақ, мүлде ұқсатуға келмейді, екі дүниені танытатын номинативтік атау дәрежесінде болғандықтан, оларды толық омонимдер деп атауға болады.
Диалектологтардың зерттеулерінде синонимдер екі сыңарлы, үш сыңарлы, төрт сыңарлы, бес, алты, жеті, сегіз сыңарлы синонимдік қатарлардан құралатыны айтылады. Мәселен, екі сыңарлы синонимдік қатарға қолқап - биялай, таға - нағашы сөздерін келтіреді. Үш сыңарлы синонимдер қатарына серне - деңгене - жора диалектілерін жатқызады. Төрт сыңарлы синонимдер қатарына бәкі - бекі - мұштар - шаппа сөздерін келтіреді. Бес сыңарлы синонимдік қатарға ырғақ - шотеке - сүңгуір - шотаяқ - жұтпа (маядан шөп суырып алатын басы имек құрал). Алты сыңардан құралған синонимдер иінағаш - суағаш - мойынағаш - әпкіш - күйенте - құрамыс. Жеті сыңарлы синонимдер қатары сіріңке - кәуірт - кеуірт - оттық - спешке - шпешке - шырпы. Сегіз және одан көп сыңарлы қатарлар: күнбағар - күләйлән - пісет - айбағар - шемішке - шекілдеуік - шемекі - күнбағыс.
Диалектілік синонимдер қатары осылайша сегіз қатардан шектеліп қалуы мүмкін емес, оның қатары бұдан да кеңейіп, молаюы әбден мүмкін. Себебі, тіл өзгермелі құбылыс, қоғам дамыған сайын, тілдің қолданымдық аясы да кеңейіп, сөздік құрам жаңа сөздермен, жаңа қолданыстағы тілдермен толысып отырады. Осы тұрғыдан келгенде диалектілік лексикологияны тереңінен зерттеу қажет. Құрылымдық тіл білімі тұрғысынан ғана емес, тілге адамның тікелей қатысы тұрғысынан, яғни антропоцентристік бағыт тұрғысынан қарастыру әдісі бүгінгі күнде диалектілердің ішкі сырын, атаулық мән-мағынасын кеңінен ашып көрсететін тиімді қолданыс болатыны дау тудырмайды.
Диалектілік лексикологияда диалектілік мағына, диалектілік омонимдер, диалектілік синонимдер, диалектілік полисемиялар, диалектілік кірме сөздер қарастырылады.
Қазақ тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерінің көркем әдебиеттегі қолданысы деп аталатын екінші тарауда Сыр өңірінен шыққан сөз зергерлерінің шығармаларындағы нақты лексикалық ерекшеліктер, семантикалық ерекшеліктер, этнографиялық ерекшеліктер, фразеологиялық ерекшеліктер талданады.
Көркем шығармалардағы нақты лексикалық ерекшеліктер атты тараушада әдеби тілде баламасы, синонимі бар сөздер талдауға негіз болады. Әдеби тіл мен диалектілік лексиканың арасына біржола шекара қою қиын, қоғам дамуына, тілдің ішкі дамуына сай көнеру, мағына кеңеюі, жаңа сөздердің пайда болуы сияқты өзгеріс диалектілік лексика мен әдеби тіл арасында үзбей жүріп отырады. Сондай-ақ әр кезеңде өмір сүретін ұлттық тілдердің жалпыхалықтық әдеби тілімен қатар жалпыхалықтық мәні жоқ, жергілікті, аймақтық сипаттағы сөздері әдеби тілмен қатар жүріп дамып отыратыны заңды құбылыс. Көркем әдебиет тілінде диалектизмдерді пайдалануды сөз еткенде біз екі нәрсені шатастырмауымыз керек. Диалектизмдерді автордың өз баяндауларында пайдалану мәселесі бар да, кейіпкерлердің тілінде беру жағы бар. Кейде жазушы сипаттап отырған кейіпкерін өзіне тән ерекшеліктерімен толық көрсету мақсатында диалектизмдерді әдейі қолданады. Бұл - жазушының кейіпкерді неғұрлым нанымды, жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік береді... Ал жергілікті сөздерді автордың өз баяндауларында қолданудағы мақсаты - әдеби тілде баламасы жоқ диалектизмдермен тілімізді байыту [13,44].
Жергілікті тіл ерекшеліктері, яғни диалектизмдер тіліміздің сөздік құрамында елеулі орын алатын тілдік жүйе бірліктері екені белгілі. Сондықтан ауызекі сөйлеу тілінде қалыптасып, кейін қолданымдық аясы кеңейіп, жалпыадамзаттық сипатқа ие болып, номинативті атау ретінде сөздік қорға енетін диалектизмдер туралы Екіұшты қолданылатын ондай сөздер қажетсіз, олардан құтылу керек деген кесіп айтатын пікірден аулақ болуымыз керек. Ол үшін жергілікті тіл ерекшеліктерінің тілдік жүйедегі қызметі мен ауызекі сөйлеу актілеріндегі қазақтың ұлттық бітім-болмысына тән көріну өзгешеліктерін ескере отырып, көркем мәтіндегі қолданылу қағидаларын тереңінен қарастыра отырып, жалпы тіл біліміндегі орны мен сипатын, жұмсалымдық аясын, стильдік қызметін нақты дәйектеп көрсету қажет. Осыған байланысты көркем шығармаларда диалектілердің қолданысын сөз еткен ғалым Ғ.Қалиев: Диалектологиялық фактыларды білудің көркем шығармаларды жете түсінуі үшін де, жазушылар үшін де мәні зор. Кейде жазушы өз шығармасында диалектизмдерді әдейі пайдаланады. Бұл - жазушының кейіпкерді неғұрлым жан-жақты, толық көрсетуіне мүмкіндік береді, - дейді [9].
Көркем шығармалардағы этнографиялық ерекшеліктер деп аталатын тараушада белгілі бір аймаққа ғана тән, басқа жерлерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті диалектілер және оларды зерттеудің маңызы
Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы
Жергілікті диалектілер мен әдеби тіл
Әлемдік тілдер туралы ақпарат
Сыр өңірі жазушыларының тіліндегі жергілікті қолданыстар
Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер
Жергілікті диалектілер
Диалектілер мен қарапайым сөздердің қолданылу ерекшеліктері
Жасанды тіл
Орталық Қазақстан тұрғындарының жергілікті тіл ерекшеліктері
Пәндер