Зерттеудің деңгейі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Тарих және ӘГП кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Теориялық, эмприкалық және қолданбалы социология

Орындаған: Иманкулова Д.Б.
Тексерген: т.ғ. д., Шинтимирова Б.Г.

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім

2.1. Теориялық және эмприкалық әлеуметтану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

2.2. Қолданбалы социологиялық зерттеулердің кезеңдері,
түрлері және бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Кіріспе
Зерттеудің деңгейі: Социологияның негізгі қызметтеріне гносеологиялық, болжамдық, праксеологиялық, идеологиялық міндеттер жатады. Гносеологиялық қызмет ғылымның танымдық құралдары жүйесінде жүзеге асады. Бұнда тұтас қоғам, оның жекелеген бөліктерінің өмір сүру, даму заңдарын ашатын жалпы және арнаулы теориялар қолданылады. Таным құралдарына эмпириялық деректер жинаудың жолдары мен тәсілдері, мәліметтерді өңдеу, логикалық және математикалық фактілерді сипаттау және түсіндіру, яғни жаңа әлеуметтік білімдерді қалыптастыру жатады. Қазіргі батыс социологиясы шартты түрде екі тең емес бөліктерге - эмпирикалық және теориялық деп бөлінеді. Кәсіби социологтардың көп бөлігі біріншісімен айналысады. Бұл бөліктердің әрқайсысының табиғаты, тарихи, динамикасы бар.
Әлеуметтану ғылымының әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттеу деңгейлері әртүрлі болуына қарай оның құрылымы да күрделі, көп деңгейлі болып келеді.
Зерттеудің өзектілігі: Теориялық және эмпириялық зерттеу әдістерінің арақатынасы проблемасының ғылыми танымда функционалдық және генетикалық жақтары бар.
- функционалдық - ғылымның теориялық аппараты мен эмпириялық негіз арасындағы арақатынасқа қатысты;
- генетикалық - теориялық аппараттың, оның ішінде ғылыми теорияның қалыптасуына, эмпириялық кезеңнен теориялық кезеңге өтуге байланысты.
Әлеуметтік теорияларды бағытына қарай іргелі және қолданбалы деп екіге бөлуге болады.
- іргелі теориялар - ғылыми проблемаларды шешуге, әлеуметтік ілімнің, социологияның тұжырымдамалық аппаратының қалыптасуына, әлеуметтік зерттеу әдістерін айқындауға бағытталған.
- қолданбалы теориялар - қоғамның алға қойған практикалық мақсаттарына қол жеткізу құралдарын іздеуге көмектеседі.
Қолданбалы социологияда теориядан гөрі практикалық мүдде басым, осыған орай социология пәні өзгеріп, әлеуметтік құрылым одан әрі бөлшектене түсті.
Социология ғылымының құрылымы жалпы қоғам дамуын, ондағы әлеуметтік институттар мен қауымдастықтардың ықпалдасуын, жеке индивидтердің өзара қарым-қатынастарын зерттеуге байланысты мынандай бөліктерден тұрады:
а) макросоциология - социумның өмір сүруі мен даму заңдылықтарын анықтауға негізделген;
ә) орта деңгейдегі социология - арнайы әлеуметтік теориялармен бірге салалық социологияларды (әлеуметтік топтар, қала, ауыл, білім, саясат, құқық, насихат, отбасы, мәдениет, еңбек социологиясы т.б.) қамтитын, әлеуметтік жүйенің жекелеген бөліктерінің әрекеттері мен өзара ықпалдасу заңдылықтарын, орта дәрежедегі қауымдастықтарды зерттеуге бағытталған;
б) микросоциология - әлеуметтік құбылыстар мен процестерді жеке адамдардың іс-әрекеті, өзара ықпалдастығы, тәртібі, мінез-құлқы тұрғысынан зерттеуге негізделеді.
Қолданбалы зерттеулерде теория бағдарлама жасауға, негізгі ұғымдарды түсіндіруге, алынған мәліметтерді талдауға, құжаттарды есеп беруге дайындауға қолданылады, ал эмпириялық зерттеу жүйесі бастапқы эмпириялық мәліметтер жинауды қамтамасыз етуге арналады. Жалпы социология мен әлеуметтануды айыра білу керек.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:
Теориялық және эмприкалық әлеуметтанудың ерекшеліктері туралы түнісік қалыптастыру;
Қолданбалы социологиялық зерттеулердің кезеңдері, түрлері және бағыттарымен, негізгі атқаратын қызметтерімен танысу;
Эмприкалық әлеуметтанудың ерекшеліктері туралы толық түсінік беру.

2. 1. Теориялық және эмприкалық әлеуметтану
Эмпирикалық социологияның негізін салушылар - Уильям Томас (1863-1947) пен Флориан Знанецкий ( 1882-1958 ). Олар тұңғыш рет нақты материалдар, жеке құжаттар, өмірбаяндар, интервью, сауалнамалар, бақылаулар негізінде толық талдау өткізіп, сандық әдісті қолданды. Бұл эмпирикалық зерттеудің нәтижелерін олар бірлесіп жазған Европа мен Америкадағы поляк шаруасы (1818-1920) еңбегінде баяндады. Оқымыстылар социологияда эмпирикалық мәліметтерден шығатын адам коэффицентін ескеру қажеттігін көрсетті. Жеке құжаттар ( хаттар, өмірбаяндар, күнделіктер, естеліктер және т.б.) зерттеліп отырғандар туралы субъективті көзқарас пен құзырлы зерттеушілерге обьективтілікті, яғни олардың интерпретациясын ( лат. interpretatio - түсіндіру, бандау) қамтамасыз етеді. Олардың жобасында шаруалар хаттарын зерттеу, Польша эмиграциялық ұйымдарының 10 мың данадан астам газеттерін, олардың мұрағттарын, сондай-ақ Польша эмигранттарының сот істерін зерттеу қарастырылды. Жиналған, талданған көп материалдар поляк эмигрантын жерсіндіру ісінің азабын көрсетуге мүмкіндік берді.
У.Томас пен Ф.Знанецкий Еворпа мен Америкадағы поляк шаруасы атты бес томдық еңбегінде материалдарды іріктеу, орналастыру жүйесі арқылы индивид психикасының, оның көзқарастарының ролін, сондай-ақ әлеуметтік ортаның өзгеруімен байланысты олардың эволюциясын дәлелдеді. Оқымыстылар әр индивидке балалық және жастық шақты қалыптасып, өмірдегі экономикалық, әлеуметтік және ғұмыры бойында сақталып қалатын тұрақты әлеуметтік мінез-құлық үлгісінің тән екендігін көрсетеді.
Осылайша түп негізінде тұрақтылық, индивидуум ұмтылысындағы өзгермеушілік жататын әлеуметтік мінез-құлықтың тұрақты үлгісі тұжырымдамасы жасалды. Бұл әлеуметтік мінез-құлықтың тұрақты бейнесі тұжырымдамасы АҚШ-та қылмыс, нашақорлық, ішімдікке салыну сияқты құбылыстарды түсіндіру үшін кеңінен қолданылады.
Эмпирикалық социологияның Чикаго мектебінің ізденушілері, шоғырлану аймағының болатындығы туралы гипотеза ұсынды ( Э.Берджес (1886-1966). Эмпирикалық зерттеулердегі мұндай аймақты анықтау үшін ғалым картографиялау әдісін қолданды. Яғни әрбір мұндай аймақ белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілі болады. Чикаго қаласындағы жекеленген әлеуметтік топтардың өмірі мен олардың өзара байланысын зерттей отырып, Э.Берджес өзі жасаған Чикаго қаласындағы әлеуметтік зерттеулер картасын қолданып, осындай 75 аймақты тапты. Шоғырлану аймағы мен шектелуі қауымдастықтарды талдау барысында зерттеушілерден интервью алу, бақылауға алу ( яғни, бақылаушы барлық жағдайға тікелей қатыфсады), әр түрлі құжаттар қолданылды.
Эмпирикалық зерттеулерді жүзеге асыра отырып, Э.Берджес әлеуметтік топтар арасындағы күштер қатынасының өзгеруі қала аумағының шеңберінде өтетіндігіне көз жеткізді. Жаңа әлеуметтік - аумақтық қауымдардың түзілуі адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа нормаларын жасау, заңдылықтарды жетілдіру қажеттігін көрсетіп, кейде антиәлеуметтік әрекеттердің артуына әкеп соқты.
Эмпирикалық социологияға социометрия да ( лат. - socius- жолдас, metrum - өлшеу) жақын, оның негізі әдісі - шағын топтарды, ұжымдар мен ұйымдарды оның мүшелері арасындағы тұлға-аралық қатынастар жүйесін сипаттау әдісі ретінде зерттеу әдісі.
Социометрияны зерттеу әдісі ретінде ұсынған американдық әлеуметтік психолог Якоб Морено (1892-1974) болды. Оның ойынша,адамның психикалық денсаулығы, мінез-құлығы шағын топтағы ішкі ресми емес құрылымдардағы қатынас жағдайына байланысты болады. Ұнатуының жетіспеуінен өмірлік қиындықтарға ұшырайды,- дейді ол.
Топ мүшелерін өз таңдаулары бойынша орналастыру жолымен тәжірибе жүргізе отырып, Морено адамдарды тұрғын үйде, асханада, оқу сыныптарында, жұмыс орындарында әр адам өзіне ұнамды адаммен бірге болатындай етіп орналастыру керектігін айтады. Ұнамдылыққа негізделген мұндай қатынастар еңбек өнімділігін арттырып, оқу үлгерімінің жақсаруына және т.б. әсер етеді.
Эмпирикалық социологияның практикалық мақсаты - басқару, болжау, ақпарат. Батыста ол институттар, зертханалар, сондай-ақ саяси патрияларда, үкімет мекемелері мен армияда бөлімдер жүйесі бар тұтас организм ретінде қызмет етеді. Белгілі Гээлап институты 1934 жылы сайлау алды компаниясына бақылау жасау мақсатында құрылды. Бірақ ол партия кандидаттарының жағдайын толық анықтап қана қоймай, қоғамдық пікірді ұйымдастыруға, яғни сайлаушылар ұстанымына әсер етуге де қатысты. Саяси социологияда он жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келе жатқан Институт даңқын өз ісіндегі дәлдік пен шапшаңдық әрекеттері арттыра түсті. Институт бөлімшелері әлемнің барлық дамыған елдерінде құрылып, әр түрлі мәселелер бойынша зерттеулер жүргізуде. Германия, АҚШ, франция, сол сияқты халықаралық зерттеу орталықтары мен ЮНЕСКО-дағы социолог-эмпириктердің шұғыл топтары ұйымдар мен елдердің тапсырысы бойынша іргелі әлеуметтік зерттеулер жүргізеді.
Зерттеу жүргізетін ұйымдарының саны жағынан да, қолданбалы салаға бағытталған студенттерінің саны жағынан да эмпирикалық социология негізінен университеттер мен академиялық институттарда шоғырланған теориялық социологиядан асып түсті. Бірақ дүниені түсінудегі маңызы, саяси және басқа да бағдарламалардың теориялық негіздемелерін қалыптастыруда теориялық социологияның әсері эмпирикалық социологияға қарағанда әлдеқайда жоғары.

2.2. Қолданбалы социологиялық зерттеулердің кезеңдері,
түрлері және бағыттары
Социология ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік тәжірибеден алынған мағлұматтарды талдаумен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер дегеніміз зерттеліп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық, методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы. Нақтылы социологиялық зерттеулердің мақсаты:
- қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сипатын білуге жағдай жасайды;
- әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
- экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға көмектеседі;
- қоғамдық прогресс жолдарын анықтауға жағдай жасайды.
Социологиялық зерттеулер теориялық сипаттағы методологиялық тұжырымдамаларды және нақтылы әлеуметтік құбылыстарды немесе процестерді зерттеуге арналған әдістерді қамтитын бағдарламалар жасаудан бастау алады.
Социологиялық зерттеулер біздің қоғамды тану мүмкіндіктерімізді арттыра түсетін, объективті мағлұмат алудың маңызды құралы.
Қолданбалы социологиялық зерттеулер әлеуметтік теориялардың тәжірибелік негізін құрайтын деректерді немесе тапсырыс берушілердің (мекемелердің, қоғамдық ұйым өкілдерінің, партиялар мен қауымдастықтардың, мемлекеттік басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының) нақтылы практикалық қажетін қанағаттандыра отырып, дербес нақтылы-қолданбалы ұғымға ие болатын мәлімет жүйелерін алуға бағытталған. Ол теориялық болжамдарды дәлелдеу немесе жалған екенін анықтау мақсатында жүзеге асады. Қолданбалы социологиялық зерттеулер негізінен төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:
1) дайындық кезеңі - бұл кезеңде әртүрлі жұмыстар, ғылыми және практикалық амалдар атқарылады. Онда тақырып анықталып, теориялық тұжырымдама, бағдарлама жасалады, іріктеу өлшемдері анықталады. Мағлұмат жинауға арналған әдістемелік құжаттар жасалып, зерттеу ауқымы мен құралдары анықталады, зерттеу топтары қалыптасады, жұмыс кестесі жасалады, ұйымдастыру шаралары жүргізіледі, жұмысты материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты мәселелер шешіледі
2) жорық кезеңі - (немесе алғашқы әлеуметтік мағлұматтарды жинау кезеңі) мағлұматтарды алаңнан (жеке адамдардан, аудиториялардан, сыныптардан, үйден, мекемеден т.б.) жинаумен байланысты. Мағлұматтар зерттеу бағдарламасына сәйкес әртүрлі сұрау жүргізу (анкеталық, сұхбаттық, эксперттік, т.б.) бақылау, құжаттарға талдау жасау, эксперимент сияқты тәсілдер көмегімен жиналады.
3) мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезеңінде - жиналған мағлұматтардың барлығы іріктеу өлшемдерінен ауытқуын тексеру тұрғысынан зерттеледі. Тексеру жұмысы әдістемелік құжаттардың дәлдігі мен толықтығына байланысты. Мұнымен қоса бұл кезеңде ашық сұрақтарды кодпен белгілеу жүзеге асады. Мағлұматтарды компьютерде өңдеудің логикалық бағдарламасы жасалады. Кейбір жағдайларда (мағлұматтар аз болғанды) мағлұматтарды өңдеу қолмен атқарылады
4) мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі - қорытынды кезең. Талдаудың методологиялық негізі дайындық кезеңінде жасалған зерттеу бағдарламасы болып табылады. Талдау барысында аладын ала жасалған ғылыми болжамдарды құптау немесе жоққа шығару туралы қорытынды жасалады, әлеуметтік байланыстар, тенденциялар, қайшылықтар, парадокстар, жаңа әлеуметтік мәселелер аңғарылады. Сонымен қатар, жасалған жұмыстардың нәтижелері айқындалады.
Зерттеудің сандық-сапалық талдау деңгейіне, шешілетін мәселелердің ауқымына және қиындығына қарай қолданбалы социологиялық зерттеулерді үш топқа бөлуге болады:
1) барламалық социологиялық зерттеу - өзінше бір сынақ болып есептеледі және негізгі жұмысқа дайындық сапасын тексеруге арналады. Бұнда болашақ негізгі зерттеудің барлық құрамдас бөліктері тексеруден өтеді, оның міндеттері және болжамдары анықталады, негізгі ұғымдарды операцияландыру сапасы тексеріледі, зерттеу құралдары анықталады, зерттеу ауқымының шекаралары нақтыланады, зерттеуде кездесуі мүмкін қиындықтар қарастырылады, мағлұматтар жинау тобы тәжірибе жинақтайды.
2) сипаттамалық социологиялық зерттеу - социологиялық талдаудың күрделенген түрі. Өзінің алдына қойған мақсаты мен міндетіне сәйкес ол зерттеліп жатқан құбылыс және оның құрамдас бөліктері жайлы толық мағлұмат беретін тәжірибе деректерін пайдаланады. Сипаттамалық зерттеу талдау нысаны әртүрлі сипаттамалармен ерекшеленетін үлкен қауымдар болған кезде қолданылады. Сипаттамалық зерттеудегі мағлұмат жинау тәсілін айқындау зерттеудің міндеті мен бағытына қарай анықталады.
3) талдамалық социологиялық зерттеу - зертеліп жатқан құбылыстың құрамдас бөліктерін сипаттаумен қатар, оның негізінде жататын және сипаты мен ерекшелігіне себепші болатын құбылыстарды анықтайды. Бұл социологиялық талдаудың ең күрделенген түрі. Сондықтан тиянақты жасаған даярлықты, бағдарламаны және зерттеу құралдарын қажет етеді. Талдамалық зерттеуде қолданылатын әлеуметтік мағлұматтарды жинау тәсілі кешенді сипатқа ие, бұл жерде бір-бірін толықтыратын сұрау салу, құжаттарды талдау, бақылаудың әртүрлі үлгілері қолданылуы мүмкін.
Социологиялық зерттеулердің бағыттары:
- панельдік зерттеу барысында бұрын зерттелген адамдар тобы бірдей уақыт аралығы арқылы қайта тексеріледі.
- лонгитюдтік зерттеу қайта тексеріс кезеңі зерттеліп жатқан нысанның түп-төркініне үңіле отырып, нақтыланған даму сатысының жетістікке жету бағытына қарай іріктелуі болып табылады.
Панельдік зерттеуде тексеру нысаны ретінде әртүрлі жас топтары қарастырылса, лонгитюдтік зерттеуде тек серпімді дамушы топ ретіндегі жастар қарастырылады. Лонгитюдтік зерттеудің панельдік зерттеуден айырмашылығы - қарастырылып жатқан нысанның даму процестерін түсіндіруге, сол нысан ішіндегі топтардың ерекше түрлерін анықтауға, әртүрлі әлеуметтік топтардағы индивидтердің қалыптасу тенденциясына талдау жасауға, қарастырылып жатқан белгілердің өзгерістерін айқындап, олардың даму процесінің детерминанттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Когорталық және тарихи зерттеу бағыттарын, панельдік, әсіресе, лонгитюдтік қайта зерттеудің барлық түрлерін жүргізу барысында компьютерлік мәліметтер базасын құру және арнайы бағдарламалық құрал-жабдықтарды қолдана отырып, алынған материалдарды өңдеу олардың нәтижелігінің басты шарты болып табылады.
Қоғамда кездесетін құбылыстар мен процестер туралы үздіксіз, шұғыл мәліметтер алатын әлеуметтік мониторинг жүйесі әлеуметтік мәселелерді шешудің нәтижелі болып табылады. Социологиялық мониторинг - келіп түскен мәліметтерді жазып алуға, сақтауға және алғашқы талдау жасап шығуға мүмкіндік беретін біртұтас жүйе. Социологиялық мониторинг жүйесін екі салаға: әлеуметтік мониторинг және статистикалық мониторинг деп бөлуге болады.
Әлеуметтік мониторинг - қоғамда болып жатқан өзгерістерді қадағалап отырудың біртұтас жүйесі. Оның міндеті - жаңа, қажетті және жүйеленген мәліметтерді бірден емес, белгілі бір уақыттарда алып тұру болып табылады.
Статистикалық мониторинг - сандық сипаттамалар, қоғам өмірінің түрлі жақтары туралы статистикалық көрсеткіштер мен коэффициенттер алу жүйесі. Оның басты мақсаты саяси, әлеуметтік, экономикалық т.б. құбылыстарды тиімді талдауға қажетті әлеуметтік және экономикалық статистика көрсеткіштерін жинап беру болып табылады. Бұл екі мониторинг жүйесі біріге келе әлеуметтік мониторингтік біртұтас жүйесін құрайды.
Сонымен әлеуметтік мониторинг дегеніміз қоғам өмірінің аса зәру проблемалары жайлы әлеуметтік және статистикалық мәліметтер алу, өңдеу және сақтаудың тармақталған жүйесі.
Тұтынушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді жаңаша ұйымдастыру - социологиялық зерттеудің сапасы мен тиімділігін арттырудың аса маңызды бағыты және қазіргі заманғы әлеуметтік мониторингтің негізгі міндеттерінің бірі.
Социологиялық зерттеудегі сұрыптау тәсілі. Зерттелінетін жиынтық нысанды түгел қамту аса көп материалдық және уақыт шығынын қажет ететіндіктен социологиялық зерттеулер сұрыптау түрінде өтеді. Сондықтан да жұмыстың жобасын түзгенде әрі өкілетті, әрі үнемді сұрыптау жасау негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
Сұрыптаудың өкілеттілігі (репрезентативтілігі) деп оның нәтижесінде алынған жиынтықтың зерттелуге тиіс социологиялық нысанның жай-күйін дұрыс бейнелеуін айтады. Өкілеттілік қатал сақталатын жұмыс тәртібінің екі деңгейі арқылы қамтамасыз етіледі: біріншіден, сұрыптаудың стратегиясы мен әдіс-тәсілдері арқылы, екіншіден, сұрыпталған жиынтық нәтижелердің дәлдігін мүмкіндігінше қамтамасыз етуге жарамды шағын ауқымы арқылы.
Сұрыптау сипаты бас жиынтық сипатымен және зерттеудің мақсатымен айқындалады.
Бас жиынтық деп зерттеліп отырған проблемаға қатысы бар нысандардың толық жиынтығын айтамыз. Кез-келген сұрыптау бас жиынтыққа тікелей қатысты нақтылы мәліметтер алуды мақсат тұтады.
Алға қойған мақсатына қарай ғылыми зерттеулер сипаттамалық және талдамалық болып бөлінеді. Сипаттамалық зерттеулер бас жиынтық туралы жалпылама деректер алу мақсатында пайдаланылады. Зерттеудің талдамалық түрі бас жиынтық құрамындағы күштердің табиғаты туралы болжамды тексеру мақсатында жүргізіледі.
Егер сұрыптауды бас жиынтықтың зерттеу құралы ретінде қарастыратын болсақ, онда оған қойылатын талап - сұрыптап зерттеудің нәтижесін бас жиынтыққа қолдану мүмкіндігі айқын болады.
Сұрыптап зерттеудің нәтижелерін бас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік зерттеулер
Экологиялық ортаның психикалық денсаулыққа ықпалы
Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Педагогика ғылымының әдістері
Дағдыны қалыптастыруға әсер ететін факторлар
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Ғылыми жұмыстарды жазу және қорғаудың әдістері
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері туралы
Әлеуметтік зерттеудің тәсілдемесі мен тәсілдері
Зерттеудің мәселесінің тұжырымдалуы мен негізделуі
Пәндер