Ана тілің - анаң



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Тақырыптық кештердің сценарийі
2. Қойылымдық немесе рөлдік сценарий
3. Режиссер
4. Музыкалық-сахналық образ жасау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Сценарий (итал. scenarіo, лат. scena, scaena - сахна) - кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық негізі.
Сценарийде драматургия мен проза тәсілдері қабат игеріледі. Сценарий экрандық қойылым үшін жазылып, образдық жүйе экранда бейнелегенде ғана тәмамдалған, толыққанды сипатқа ие болады. Сценарий сөз өнері жанры ретінде XX ғасырда дамыды. Ол кино және теледидар сценарийі болып бөлінеді.
Киносценарий XX ғасырдың 20-жылдарында қалыптаса бастады. Алғаш ол мылқау фильмдердегі оқиғалар желісін тізбелеу қызметін атқарған. Кейін кинодраматургияның эстетикалық, шығармалық принциптері түзіліп, әдеби драмалық тұрпаты анықтала түсті. Киносценарий орындалу техникасына, жүзеге асырылу кезеңдеріне, құрылымына байланысты синтетикалық және ұжымдық шығарма болып табылады. Мұнда сөз, музыка, бейнелеу өнерлерінің жанрлық элементтері біріккен. Сценарий жүзеге асу барысында оператор, режиссер, актерлер қатынасады да, сюжеттің бастапқы драматургиялық сипаты күрделілене түседі. Сценарийде автор сөзінің (кадр сыртындағы дауыс), төл сөздің (диалог, монолог), ремарканың (суреттеу, тәптіштеу), әр алуан түсініктемелердің тұтастығы қатаң ескеріледі.
Кинематографияның бейнелі қалпында жүзеге асуы мен мәтіннің жанрлық табиғатын ұйымдастыру осы 4 құрылымдық компонентке негізделеді. Фильмнің жанрына байланысты (детективті, деректі, тарихи, фантастикалық, т.б) 4 құрылымдық компоненттің бірі алдыңғы қатарға шығады. Мысалы, деректі фильмде комментатор дауысы немесе түсіндірме жазбалар маңызды рөл атқарады. Ойындық фильмдерде бейнелілігі мен айқындығы тұрғысынан алғашқы қатарға кейіпкер әрекеті, монолог, диалог және ремарка шығады. Сценарийлердің көп бөлігі (триллер, модернистік, мистикалық фильмдер сценарийі) арнайы эффектілерден, яғни бейнелілікті толықтырушы (компьютерлік) қалыптардан тұрады.
Теледидарлық сценарийлер де кеңінен дамып, ішінара жанрлық өзгерістерге ұшыраған. Мысалы, шоу, полемика, КВН, теледраматургия, публицистикалық, саяси, тарихи, деректі бағдарламалар. Теледраматургия айқындық, ақпараттық және бейнелердің түсініктілігі, қысқалық секілді талаптарды қажет етеді. Теледидарлық сценарийде публицистикаға, айқындыққа, технологияға бет бұру, театрланған бағыттар байқалады. Опералық, балеттік, пантомималық сценарийлер либретто деп аталады.

1. Тақырыптық кештердің сценарийі
Тақырып - бұл талқыланып жатқан мәселені түсіндіріп беру; бұл көтеріліп отырған мәселені төтесінен қою. Тақырып - бұл автор тарапынан ең маңызды деп табылған мәселе. Идея - бұл шығармадағы негізгі ой, автор сол арқылы өзінің азаматтық ұстанымын білдіреді. Идея материалды меңгеруге негіз болады. Бұл автордың шындыққа деген негізгі көзқарасы, белгілі бір фактіні мысалға ала отырып азаматтық және этикалық ұстанымды көрсету әдісі. Идея толығымен авторға, оның ойына, эрудициясына, ар-ожданы мен психикалық жағдайына, талғамына, жеке басының өзге де қасиеттеріне байланысты.
Тақырып идеяға қарағанда ауқымды. Бір тақырыпты бірнеше бағдарламаға арқау етуге болады. Бірақ әр қайсысының идеясы әртүрлі болуы тиіс.Келешек сценарийге қажетті материалдарды жинап, тақырыбы мен идеясы анықталғаннан кейін жұмыстың келесі кезеңі басталады. Бұл кезең фактілерді, статистикалық мәліметтерді, оқиғаларды іріктеу, сарапшылар мен өзге де кейіпкерлерді таңдаудан тұрады. Ол қызықты сәттерді шатастырып алмас үшін жинаған материалының біраз жерін кесіп тастауды талап етеді. Оған өкінбеңіз, пайдаланылмаған фактілер мен оқиғалар алдағы уақытта керегіңізге жарайды. Сценарий жазатындардың көпшілігі компьютердегі жұмыс үстелінен арнайы папка ашып, пайдаланылмаған фактілерді соған салып отырады. Қажет болған жағдайда керекті мағлұматты содан ала қоюға болады. Телевизиялық журналистика кітабының авторлары еңбек тәжірибесін енді ғана бастаған журналистер сценарлық материалға тақырыппен жанама байланысы бар шығармаларды қосады. Бұл автордың проблемамен онша таныс еместігінен, ашылуы тиіс фактілер мен оқиғаларды іріктей білмеуінен туындайды деп жазады. Мұнымен келісуге тура келеді. Өйткені, шынында бұл әу баста тақырыпты дұрыс білмегендіктен, тақырыпты жан-жақты меңгеріп, қажетті материалды жинауға уақыт бөлуден қашқалақтау салдарынан орын алады. Композиция - бұл шығарманы жазу, байланыстыру, оның заңдық құрылымы, жекелеген бөліктерін құрастыру, сөйтіп біртұтас материал дайындау. Бұл - материалды жазу ұстанымы.
Кезінде С.Эйзенштейн былай деген болатын: Автор композицияның көмегімен материалды ұйымдастырады, ізбе-із орналастырып, басты және қосалқы бөліктерін анықтайды, оларды бір-бірімен үйлестіруге тырысады. Композиция көбіне техникалық қиындықтарды жеңуге де көмектеседі. Телевизиялық өнімді белгілі бір уақыт шеңберіне сыйғызу қажет, бұған сценарийді сцена мен эпизодтарға бөлу арқылы қол жеткізуге болады. Сценариді жазу үшін көркем шығарманың құрылымдық схемасын да пайдалануға болады.
Экспозиция (пролог) - басталуы - шегініс (оқиғаның дамуы) - кульминация (шығарманың шарықтау шегі, ой немесе қақтығыстың шиеленісуі) - шешу жолдары (соған апаратын әрекеттер) - түйін (соңы) - эпилог.
Дегенмен, ең бастысы - логика, өз шығармаңа көрермен көзқарасымен қарай білу және ақпараттың түсінікті және қызықты жеткізілуі. Егер сценарист қайталанатын болса автор ойы тұншығады деген пікірдің де жаны бар.Кейбіреулер мынадай пікір айтады: Студияда, жүргізушілер жүргізетін телевизиялық сценарий жазғанда диалогтарды сөзбе-сөз баяндаудың қажеті жоқ, өйткені жүргізушілердің әр қайсысы өз қабілетін көрсетуі тиіс. Бағдарламаның құрылымдық желісін қысқаша баяндаса жеткілікті, ал жүргізушілер мәтінді өздері-ақ іліп әкетеді және жандандыра түседі.
Мен мұнымен келіспеймін. Әрине, жүргізушінің кәсіби деңгейі жоғары болса ол қиыннан қиыстырып, сөз табады және мәтінде жаңа детальдармен толықтыра түседі. Алайда, менің түсінігімше, сценарист диалогтарды жазғанда, жүргізушілер өздерін нашар сезініп тұрса да, тіпті тақырыпты мүлдем білмесе де бағдарламаны ойнатып әкететіндей етіп баяндауы тиіс. Оның үстіне жүргізушілер дауыс екпіні, ымдау және ишара арқылы ерекшелене алады. Бұл әсіресе жүргізушілерден әртістік қабілетті талап ететін қойылымдық сценарий үшін аса қажет.
Тақырыбы: Тілім барда тірімін мен
Мақсаты: Жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, тіл мерейін көтеру,тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметімен таныстыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
1 жүргізуші:
Армысыздар,ардақты халқым менің,
Бөлісейік бұл күннің алтын кенін
Тілді сүйер қауымға басымды иіп,
Сәлемдесіп жүргізу-салтым менің.
Ұшырамын көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?!
Жаңа күш,жаңа қуат тілеуменен
Өзіңе басымды ием,көрерменім.
Қан кешіпсіз,ақ жанарлы құрбылар,
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Бар өнерді енді ортаға салайық,
Бұл кештен үлкен сабақ алайық.
Мерекесі тіліміздің құтты болсын,халайық!
2 жүргізуші:
Би Көңіл толқыны
1 жүргізуші:
Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдірет тілігі-оның орындылығында, өршінінде орасан зор байлығында. Қай халықтың болмасын тілі-өзіне тін қымбатты да қимас байлығы, қазынасы.
Сол сияқты біздің де ана тіліміз- алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажафып гауһарымыз. Сондықтан да ана деген ардақты сөзді қосып, ана тілі деп айтамыз.
Өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов 140 жаста.
Ахметтің шығармашылығын жатқа оқу.
1 жүргізуші:
Өмір жолы. Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі -- уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады.
Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882 -- 1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886 -- 1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891 -- 1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтьш мектепте білім алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол жаңаша мектептер саны көбейген болатьш. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан Ахмет Байтұрсынов 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 1895 -- 1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді.
Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жаткан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді.
1913 -- 1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халык өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынов қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазакстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.
Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұстальш, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтьш оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады.
Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А. Байтұрсынов шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді.
Шығармашылық мұрасы. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақьш, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазыльш, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың үлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді.
Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Адамзаттың ардақты да, қадірлі дүниесі оның анасы”
Ел болам десең – бесігіңді түзе
Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
Ана тілін білмеген- ана сүтін ембеген
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы
Жанұя
М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы - педагог
Өзге тілдін барын біл, өз тілінді қурметте
Асыл ана
Пәндер