Сөйлемнің айқындауыш мүшесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Сөйлемнің айқындауыш мүшесі

Айқындауыш - қазіргі қазақтың әдеби тілінде өте жиі қолданылатын, анықтауыштың ерекше бір түрі. Ол сөйлемде берілетін ойды нақты, дәл жеткізуде аса маңызды. Сөйлем ішіндегі бір сөзге ерекше көңіл бөлу үшін немесе соны ерекшелеп айту үшін қолданылады. Сондықтан да айқындауыш сөйлемді айтатын адамның ойымен байланысты болып келеді және сол берілетін ойдың ерекше қырларын берудің амалы болып табылады. Алайда бұлар анықтауыштар сияқты синтаксистік емес, стилистика - синтаксистік тәсіл. Сонымен бірге бір заттың не нәрсенің атын, шығу тегін, я болмаса белгілі бір оқиғаның мезгілін, орнын т. б. белгілерін көрсетіп анықтайды.

Айқындауыш жайлы қазақ тіл білімінде алғаш сөз қозғағандардың бірі -С. Аманжолов. Ол өз еңбегінде: “Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да мүшелер болады . . . Осы бастауышты я баяндауышты айқындау үшін тұрған сөздерді айқындауыш дейміз”, - (2, 144) деп анықтама береді. Н. Сауранбаев, М. Балақаев, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев сынды ғалымдар да айқындауышқа қысқаша тоқталып өтеді.

С. Исаев “Қазақ тілі” оқулығында: “Сөйлемде кейде бір сөзді я сөздер тізбегін басқа бір сөз я сөздер тізбегі айқындап, дәлдеп, түсіндіріп тұрады”, -(29, 135) десе, М. Қараев: “Сөйлемде бір мүшені айырықша назармен бөліп атау үшін немесе оның мағынасын дәлелдей түсу керек болғанда, ол мүшенің қажетті белгісін көрсете алатын түсіндірмелі сөздер беріледі. Мұндай сөздер сөйлемнің айқындауыш мүшесі деп аталады”, - деп анықтама береді (36, 174) . Бұл ғалымдар өз еңбектерінде айқындауыш мүшені қарастырып қана өтсе, жалпы қазақ тіл білімінде аталған мүше жайлы біршама деректі О. Күлкенованың еңбектерінен алуға болады. Ол өз еңбегінде айқындауыштарды толық, жан-жақты зерттеуге тырысады.

“Айқындауыш дегеніміз - анықтауыштың ерекше бір түрі. Айқындауыш өзінің анықтайтын сөзіне грамматикалық жағынан тығыз тең байланыста тұратын сөйлемнің шартты бағыныңқы мүшесі. Айқындауыш анықталатын сөздің жетегінде кейде қосарланып айтылып, кейде оңашаланып айтылып, өзінен алдыңғы сөзді атап, я оның мазмұнын ашып, дәлдеп, анықтап тұратын бір я бірнеше сөз тіркесі. Сөз табы жағынан өзінің айқындайтын сөзіне орайлас жасалып, тұлға жағынан өзінің алдындағы анықталатын сөзімен түрлес болады да, мазмұн жағынан алдындағы жалпы ұғымның біреуін дәлелдейді, мағынасын ашып, дәлелдейді я атап көрсетеді”. Осы анықтама айқындауышты танытуға жеткілікті. Сонымен бірге автор айқындауыштың түрлері, жасалу жолдары, тыныс белгілері, орын тәртібін, тағы басқа белгілерін бере білген.

Түркі тіл білімінде де, орыс тіл білімінде де айқындауыш мәселесі туралы сөз қозғалған. Орыс тіліндегі айқындауыштың өзіндік өзгешеліктері болғанмен, жалпы түсінік өзара жақын.

Ф. Буслаев, А. И. Пешковский, А. А:Шахматов, С. Бархадуров сияқты ғалымдар “айқындауыштар затқа немесе берілген ойдағы нәрсеге басқаша атау береді” деген көзқараста (18, 31) . Алайда олардың бұл мүше жайлы қысқаша тұжырымдауы оның бүкіл қасиетін толық қамти алмайды.

Жалпы айқындауыш мүше өзінің анықтайтын сөзінің соңынан айтылып, бүтін бір сөйлемнің не болмаса бір сөйлем мүшесінің мағынасын ашып, айқындап тұрады.

Айқындауыштар, негізінен, анықтауыш мүшеге ұқсас. Дегенмен төмендегідей айырмашылықтары бар:

а) Анықтауыш сын есімнен жасалып, заттың сынын, сапасын анықтаса, айқындауыш зат пен затты өзара қатыстылығы, ұқсастығы жағынан салыстыра айқындайды.

ә) Анықтауыш пен анықталушы сөз сабақтаса байланысса, айқындауыш пен айқындалатын сөз салаласа байланысады.

б) Орны жағынан да әр түрлі болады. Анықтауыштар тек қана анықтайтын сөзінің алдында тұратын болса, айқындауыштар, керісінше, айқындайтын сөзінің соңынан тұрады.

Айқындауыш сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан, соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Кей жағдайда айқындауыш мүшелерде баяндауыштық реңк басым болса, алдынан сызықша қойылып, соңы үтірмен бөлінеді.

Қазіргі қазақ тілінде айқындауыштың негізгі үш түрі бар. Олар: оңашаланған айқындауыш, қосалқы айқындауыш және қосарлы айқындауыш.

Оңашаланған айқындауыш- айқындайтын сөзінен соң тұрып, оқшауланып айтылып, сол сөзді әр жағынан айқындайтын сөздер немесе сөз тіркесі. Күздің бір әдемі кешінде, жиырма тоғызыншы қазанда, олар ақыры кездесті (Қазақ әдеб. ) .

С. Аманжолов оңашаланған айқындауышқа тоқтала отырып, оның екі түрін береді. Біріншісі - сөйлемнің ішінде басқа мүшемен қиыспай, дара тұратын оңашаланған сөз. Екіншісі - өзінің айқындайтын сөзімен көбінесе жалғау арқылы қиысып тұратын оңашаланған сөз.

Қосалқы айқындауыш деп екі зат есімнің тіркесуінен жасалып, алдыңғы сөздің мағынасын заттың заттық сапасы ретінде айқындайды. Ал Барақ сұлтан болса, Әбілқайыр айтқандай, хан ордасынан әжептәуір ұзап барып, ымырт үйіріле Церен-Доржи тобынан өзінің сенімді екі жігітін бөліп алып, кейін қайтқан (І. Есенберлин. ) .

Қосарлы айқындауышдеп мағыналас, мәндес сөздер тіркесіп, күрделі атау жасайтын сөздерді айтады. Университет бітірген жас мамандар экономист-менеджер мамандығын алып шығады.

Сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер бірыңғай мүшелер деп аталады. Барлық сөйлем мүшелері бірыңғай мүше бола алады. Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Мысалы:

Бірыңғай бастауыштар: Есіл бойында бүлдірген де, мойыл да, жидек те, қарақат та (не?) өседі.

Бірыңғай баяндауыштар: Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысқан оқушылар ән салады, би билейді және күй шертеді. (не істейді?)

Бірыңғай толықтауыштар: Біз - Исатай мен Махамбетті, Амангелді мен Абайды (кімді?) пір тұтқан халықтың ұрпағымыз.

Бірыңғай анықтауыштар: Ораз ойыншы, әзілқой, қалжыңшыл, аса жайдары мінезді (қандай?) адам еді.

Бірыңғай пысықтауыштар: Тоқсанбай қарт немересінің күн иісі сіңген кекілінен емірене, құшырлана (қалай?) иіскеді.

Сөйлемде бірыңғай мүшені жинақтап, жалпылап, ортақ атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі жалпылауыш мүше деп аталады.

Жалпылауыш сөздер кейде бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында тұрады. Жалпылауыш сөздер қызметінде жалпылау, сілтеу есімдіктері және жинақтық сан есім , кейде зат есім жұмсалады. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден бұрын тұрса , жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады, ал жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден кейін орналасса , жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады. Мысалы: Көшек, Ержан, Земцов - үшеуі зеңбіректі жау бағытына қарай дайындап жатыр. Қалам, дәптер, қарындаш - бәрі оқушыға қажет құралдар. Қазақстандағы ірі өзендер мыналар : Ертіс, Есіл, Іле, Тобыл. Шешенге қажет басты қасиет : сөзге тапқырлық, ойға ұшқырлық, терең білімпаздық.

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің айқындауыш мүшелері

Сабақтың мақсаты: а) Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету; .

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тіл дамыту, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлемде кейде бір заттық жағынан айқындап, түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы болады. Осыны айқындауыш дейміз. Мысалы: Біздерге, қарттарға, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді. Осы сөйлемдегі айқындауыш - қарттарға, ол біздерге деген толықтауышты айқындап тұр. Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді. Бұл сөйлемде айқындуыш - қарт шахтер; ол Бейсен деген сөзді нақтылап тұр

Оңашаланған айқындауыштың анықтауыштан айырмашылығы бар: анықтауыш өзі анықтайтын сөзінен бұрын тұрса, оңашаланған айқындауыш онан кейін тұрады да, өзі айқындайтын сөздің мағынасын нақтылайды. Оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес әрі тұлғалас болады. Сондықтан оңашаланған айқындауыш сөйлемде бастауышты, баяндауышты, пысықтауышты, толықтауышты, кейде анықтауышты айқындайды.

Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізуге тырысты. Бұл сөйлемде жас мұғалім деген айқындауыш бастауышты айқындап тұр. Оңашаланған айқындауыш та, айқындалатын сөз де атау септігінде тұр.

Айқындауыш, әдетте, сөйлемде екі жағынан да үтірмен, кейде айқындауыштар тізбегінде үтір болса, онда екі жағынан сызықшамен ажыратылады.

Мысалы: Олардың бірі - сары сақал, арық, боз - өз ойының жүйріктігін көрсетуге тырысады. Осында айқындауыш - сары сақал, арық, боз. Айқындауыш өз ішінде үтірмен белгіленгендіктен, екі жағынан сызықшамен ажыратылған.

Қосарлы айқындауыш өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады. Амангелді батыр, Ер Тарғын, Ақан сері, Біржан сал, әнші Күләш, т. б.

Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен, қос сөздер сияқты, дефис арқылы бөлінеді: жер-ана, әйел-ана, панфиловшы-ұландар, инженер-техник, пәтер-мұражай, т. б.

Жаттығумен жұмыс: 5 8-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерде оңашаланған айқындауыштың қандай сөйлем мүшесін айқындап тұрғанын тап.

Шығармашылық жұмыс: Мына қосарлы айқындауышты қатыстырып сөйлем құраңдар.

Абылай хан, жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, әйел-ана, күйші Құрманғазы, би-шешендер, ғалым-ұстаз, әнші Күләш,

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 59-жаттығу

Сабақ тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Сабақ мақсаты: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсіндіру.

Сөйлем мүшелерінен алған білімдерін ұштау, тіл байлықтарын жетілдіру.

Алынған, оқыған көркем шығармадан кейін туған жер, қоғам туралы өзіндік пікір қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабаққа қосымша:

Туған жер тақырыбына арналған плакаттар

Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне схемалар

Үлестірме қағаздар

Пайдаланылған әдебиеттер: «Қазақ тілі» оқулығы 8 - сынып

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анықтауыш оның жасалу жолдары
Айқындауыш мүшелер
Парцелляциялық құбылыстың көркем мәтін тіліндегі лексика-грамматикалық және стилистикалық қолданысы
Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктен жасалған анықтауыштар
Айқындауыш мүше, тыныс белгілері
Жай сөйлемнің күрделену жолдары
Тұрлаусыз мүшелер
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Анықтауышты жайылма сөйлемдер
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер емлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz