Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
Тарих және ӘГП кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Социологияның қазіргі қоғамдағы рөлі
Орындаған: Есқалиева А.Қ.
Тексерген: т.ғ. д., Шинтимирова Б.Г.
Орал 2012ж.
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Әлеуметтану - қоғамдық жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын зерттейтін теоретикалық және эмпирикалық пән. Әлеуметтану қоғамдық өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді. Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда - еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т.б. әрекет етеді. Берілген жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады.
Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. Әлеуметтану түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.
Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды.
Қазіргі уақытта әлеуметтанудың ғылым ретінде пәнін белгілеу, жетілдіру, білімді тереңдету үрдісі жүріп жатыр. Бұл әлеуметтік ғылымдардың жіктелуімен, бірігуімен, гуманизациясымен байланысты.
Біздің елімізде әлеуметтік зерттеулерді экономикалық, саяси, құқық ғылымдарына, философияға жақындату талпыныстары жүргізілді. Әлеуметтануға идеологиялық - апологетикалық роль берілді.
Н.Смелсер: Әлеуметтану бұл қоғам мен әлеуметтік қатынастың ғылыми зерттеуі. Ол берілген фактілерге немесе әлем шындығына сүйене отырып, ғылыми түсініктемелерді қолдана отырып, игеруге тырысады". Анықтамалардың елеулі бөлігі бұл пәннің тәртіптік түсініктемесімен байланысты. Сонымен қатар, кейінгі жылдары бірқатар авторлар әлеуметтану пәніне қоғам, әлеуметтік құрылым мен жүйе жөнінде, ғылым ретінде қыр-сырын кеңінен ашуға тырысады. Әр анықтама ғылым негізін түсінуге өз айрықша үлесін қосады.
Тақырыптың мақсат-міндеттері:
+ Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру;
+ Социология пәнінің қазіргі қоғамда алатын орны мен маңызын қарастыру;
+ Социология ғылымының қоғамдағы орнын туралы жазған ғалымдардың пікірлерімен танысу.
Негізгі бөлім
2.1. Әлеуметтанудың объектісі және пәні
Әлеуметтану пәнінің тарихында екі негізгі тенденция қалыптасты: макросоциологиялық және микросоциологиялық. Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен және олардың әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты. Макросоциология қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза ретінде қарастырады.
Микросоциология әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады.
В.А.Ядов Осыдан әлеуметтануды анықтаудың екі әртүрлі жолдары ажыратылады: бірінші, ғылым ретінде пәнінің тұтас қоғамдық ағза, әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылуы, екінші, бұқаралық әлеуметтік үрдістер мен бұқаралық тәртіп жөніндегі ғылым деп жазады.
Әлеуметтік қатынастарды зерттеу негізіне байланысқа түскен объективті қалыптасқан әлеуметтік байланыстар мен фактілер құрылымын зерттеу жатады. Қоғамда шексіз көп әртүрлі әлеуметтік жүйелер бар. Осындай байланыстардың елеулі бөлігі уақытша және кезекті сипатқа ие болады. Әлеуметтанудың ғылым ретінде ерекшелігінің мәні, әлеуметтік қатынастар және байланыстар әлеуметтік заңдар мен зандылықтар деңгейінде зерттеледі.
Макс Вебердің (1864-1920) теориясындағы өзекті мәселе: адамдардың өзара күрделі қарым-қатынастары жүйесінің салдары болып табылатын әлеуметтік әрекеттерді қоғамдағы индивидтер мінез-құлқының қарапайым түрлерінен бөліп қарастыру болды. Оның ілімі бойынша, қоғам әрқайсысы өздерінің мақсаттарына жету үшін әрекеттенуші индивидтердің жиынтығынан тұрады. Жекелеген индивидтердің іс-әрекеттері бірігіп, соның негізінде қоғам пайда болды. Вебер жиырмасыншы ғасырдағы бірінші дүниежүзілік соғыс, сана-сезім дағдарысын мәдениеттің дағдарысы, гуманитарлық ғылымдар дағдарысы екендігін түсіндіру барысында өзінің жаңашылдығын, өзектілігін танытып, социология ғылымдарының негізін қалаушылардың бірі болды.
Питирим Сорокин (1889-1968) эмпириялық социологияны тар тақырыптылығы, әлеуметтік мәселелерді кеңінен қамти алмайтындығы үшін сынады.
Ол қоғамдағы өзгерістерді түсіндіруге көмектесетін теориялық тұжырымдамалардың авторы ретінде де танымал. Солардың бірі әлеуметтік мәдениет динамикасы тұжырымдамасы болса, екіншісі қоғамның интегралдық типі тұжырымдамасы. Сорокин әлеуметтік мәдениет динамикасы тұжырымдамасы арқылы қоғамның әлеуметтік өзгерістері мен даму диалектикасының қайнар көздері мен қозғаушы күштерін талдай түсіндіруге тырысты.
Сорокиннің пікірі бойынша, әлеуметтік ғылымдар тарихында социологияға қатысты бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі көзқарасты байқауға болады. Бірінші көзқарас бойынша, социология ғылымы қоғамдық құбылыстар әлемін зерттейтін жекелеген ғылым салаларының жиынтығы болса, екінші көзқарас бойынша, социология басқа ғылым салалары қарастырмайтын өзіндік зерттеу нысаны бар әлеуметтік ғылымның дербес бір саласы болып табылады.
Міне, социология ғылымының қалыптасу тарихы осындай кезеңдерді өткере отырып, ХІХ ғасырдың екінші жартысында социология жеке әлеуметтік пән ретінде қалыптасты.
Қоғам - бұл деңгей бойынша ұйымдастырылған жүйе. Олардың өзара қатынас спецификасын ашатын және деңгейлерін тіркейтін, әлеуметтану пәнінің маңызды аспектілерінің бірі болып саналады. Әлеуметтануда қоғамның құрылысын социеталды деңгей деп атайды.
Келесі деңгей - бұл әлеуметтік институт. Әлеуметтік институт тек материалдық түрдегі мекеме ғана емес, ол ең алдымен, адамдар тобының іс-әрекетінің түрақты ұйымдасқан формасы. Әлеуметтік институт - бұл мемлекет, шіркеу, жанұя, ғылым, білімберу және т.б. Әлеуметтік институттың институт қызметінің тұрақтылығына жәрдемдесетін өзіндік ұйымы мен арнайы дайындалған адамдары бар. Қоғам ұйымшылдығының ерекше деңгейіне әлеуметтік қауым жатқызылады. Оларды зерттеу - стратификация түсінігімен сипатталатын, әлеуметтік білімнің ең негізгі динамикалық аймағы болып табылады .
Жеке адам, тұлға ең күрделі және қарама-қайшы білім беру ретінде айқындалады,- Бір адамзат жанының тарихы біртұтас халықтың тарихынан бай". Әр деңгей өзінің мәдениетіне, өзінің әрекет тәсілдеріне, белсенділік шегіне ие болады.
Әлеуметтік ғылым дегеніміз не және оның деңгейі қандай? деген сұрақтың жауабы әлеуметтану пәнін түсіну мен оны зерттеу ерекшелігінен айқындалады. Егер әлеуметтануды - әлеуметтік қауымдар, олардың арасындағы әлеуметтік қатынастар, әрекеті мен бұқаралық тәртібі жөнінде ғылым деп саналса, онда әлеуметтік білім әлеуметтік қауымдастықтар мен олардың қалыптасу мен даму механизмнің білімі ретінде белгіленеді. Осы мәселелерді шешу көбінесе жалпы ғылыми және айрықша әлеуметтік әдістер арқылы жүзеге аасырылады. Әлеуметтану ғылымының 3 деңгейі ажыратылады:
1) жалпы әлеуметтік қағида;
2) арнайы әлеуметтік қағида;
3) нақты әлеуметтік зерттеу (эмпирикалық зерттеу) - бұл әлеуметтік білімнің эмпирикалық деңгейін белгілейді. Бұл деңгейлер әлеуметтік білімнің вертикальды білім срезін құрайды. Көлденең срезі қоғамның жеке өмір әрекет салаларын зерттейтін, салалық әлеуметтанудың саның құрайды.
Әлеуметтік білімнің осындай өзіндік ажыратылуы әлеуметтану пәнінің түсінуінен айқындайтын өз тарихы бар. Ғылым дамуының әр кезеңінде белгілі өзгерістерге ұшырауы, әлеуметтану пәнінің әдістері мен атқаратын қызметтері жаңаша түсіндіріліп жатты. Конт заманында әлеуметтану макроәлеуметтану түрінде дамыды, бұл әлеуметтік білімнің жалпы қағидалық білімге бағыттауы, қоғамды тұтас ағза ретінде сипаттауда назардың шоғырлануын белгілейді. 20 ғасырда микроәлеуметтанудың қалыптасуы, нақты құбылыстарды анализдеуде қағидалық сипаттаулардан әлеуметтік - психологиялық және социометрлік әдістерді қолдану арқылы эмпирикалық зертеулерге көшу белгіленді.
Мертонның әлеуметтану қағидасы макро және микроәлеуметтанудың бірігуін көздеді. Сондай-ақ, бұл екі деңгейден басқа әлеуметтанудың негізгі мақсаты мен бағытына байланысты, қағидалық және қолданбалы деңгейді ажыратады. Егер зерттеудің негізгі мақсаты қағиданың дамуы болса, онда ол фундаментальды қатарына жатқызылады, ал егер тек тәжірибелік ұсыныстарды алуға бағытталса, онда ол қолданбалы зерттеу қатарына жатады . Жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің көпшілігі екі міндетті шешуге бағытталады:
1) қағидалық;
2) тәжірибелік ұсыныстар жасау.
Арнайы әлеуметтану қағидалары қоғамдық дамудың арнайы және жалпы заңдылықтарының қоғам өмірінің жеке салаларында әрекет механизмі мен ақындалу формаларын зерттеуге бағытталады. Арнайы әлеуметтік қағида пәні әлеуметтік өмірдің өзіндік салалары, әлеуметтік қауым түрлері, олардың даму заңдылықтары болып табылады. Олар жалпы әлеуметтік қағиданы эмпирикалық әлеуметтік зерттеулерге өту өлшем ролін атқарады. Арнайы әлеуметтік қағида пәні спецификасы негізінде, келесі топтарға бөлінеді:
1) арнайы әлеуметтану қағидасы адам қызметінің негізгі түрлері мен формасын (еңбек әлеуметін, демалыс уақытын, тұрғын - тіршілігін ) зерттейді;
2) әлеуметтану және басқа да гуманитарлық пәндер - әлеуметтану құқығы, әлеуметтану экономикасы, әлеуметтану саясаты, мәдениеті және т.б. ғылымдар аралығында қалыптасқан қағидалар;
3) арнайы әлеуметтік қағидалар, қоғамның әлеуметтік құрылымы - әлеуметтік стратификация қағидасын, этноәлеуметтану, қала мен ауыл әлеуметін сипаттайды;
4) арнайы әлеуметтік қағидалар, әлеуметтік институттар әрекетін - басқару әлеуметі, білім беру, отбасы әлеуметтенуы, ғылым әлеуметін зерттейді;
5) арнайы әлеуметтік қағидалар, девианттық тәртіп пен деликвенттік (қылмыстық) тәртіп әлеуметін зерттейді.
Соңғы уақытта кең таралған көзқарас бойынша, әлеуметтік білім деңгейі келесі сатыларға бөлінеді:
а) фундаментальдық зерттеулер деңгейі, берілген саланың принциптерін мен заңдылықтарын айқындайтын, ғылыми білім жолы арқылы қағиданы құрастырады;
ә) қолданбалы зерттеулер деңгейі, берілген фундаментальды білім негізінде, айрықша тәжірибелік құндылығы бар мәселелердің көкейтестігін зерттеуді мақсат қояды;
б) әлеуметтік инженерия - әр түрлі техникалық құралдарды құрастыру мақсатында ғылыми білімнің тәжірибесін енгізу деңгейі;
Берілген жіктеу әлеуметтік құрылымның үш деңгейін ажыратуға мүмкіндік береді:
1) қағидалық әлеуметтану
2) қолданбалық әлеуметтану
3) әлеуметтік инженерия
Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды:
1) теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады;
2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты;
4) тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді;
5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларының дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды.
Тарих сияқты, әлеуметтану да екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың субъективті-объективті байланыс эволюциясын айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі мүмкін.
Екі ғылымның өзара әрекеті - саясаттану мен әлеуметтану ғылымының жаңа ғылым саласын - саяси әлеуметтануды белгіледі. Саясаттану мен әлеуметтанудың байланысы белгіленеді, біріншіден, қоғамның жалпы әлеуметтік жүйе ретінде ерекшелігін ескеріп, саяси өмір заңдылықтарын айқындауға болады, екіншіден, қоғамға саяси құрылым мен әртүрлі саяси құрылыстардың ықпалын үнемі ескеру қажет. Әлеуметтану философиямен тығыз байланысты. Олардың негізінде адамзаттың әлеуметтік ойының алғашқы тұтастық байланысы жатады. Философияның принциптері, категориялары мен заңдары қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік әрекеттер әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. Философия материя, сана түсініктерін қолданса, әлеуметтану - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын зерттейді.
2.2.Әлеуметтанудың қүрылымы және атқаратын қызметі
Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, онын объектісі мен пәнін бір-біріненажыратып, шатастырмауымыз керек. "'Әлеуметтану" ұғымы латын тілінің "sосіеtаs" қоғам және гректің logos -- ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану коғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, үйым, мекемелердің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы зандылыктарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану үғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт еңгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейінен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде бірнеше рет ауысуына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарын бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар.
Объект дегеніміз -- бізді қоршап түрғам объективтік нақтылы өмір. ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірлестері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Әрбір ғылымның пәні зерттеушінің қалауы мен таңдауының негізінде алынған кез келген қоғамдағы құбьлыс. Процес немесе көкей кесті мәселенің артықшылығын, қасиеттерін, сапасын логикалық түрғыдан жан-жақты талдау негізінде адамдардың немесе өлеуметтік үйымдардың бірігіп үйымдасып еңбек етуін, қызмет атқаруын, жұмыс істеуін, жалпы материалдық, рухани іс-әрекеттердің, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір-біріне әрекетін, түрлерін жан-жақты терең танып, білуді әлеуметтанудың пәні деп айтады. Бүл зерттеулердің басты мақсаты -- объект, құбылыс, процес және мәселелер арасындағы басты, қажетті, тұрақты, қайталанатын, мәнді, маңызды байланыс, қатынастарды логикалык түрғыдан зерттеу. Бүл байланыс - қатынастардың сапалық жағынан өзгешелігін көрсету. Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар жиынтығы "'әлеуметтік" қоғамның біртүтас жүйесін қүрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, қүбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйс ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселслсрінің мақсаты мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүние - танымында қолданатын құрал - тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес, өйткені бір ғана өлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің шекара-сын белгілейді. Сондықтан әлеуметтану пәнінің басты міндеті -- әлеуметтік жүйелерді типологизациялау(ЯҒНИ, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау -- А.И).
Бұл мәселе жөнінде әзірше әлеуметтанушылардың арасында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптаспаға. Әлеуметтанудың құрылымына, оның таным, білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен "қүрылым", "деңгей" деген үғьмдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз -- біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.
Қандай да бір ғылым болмасын, оның белгілі бір құрылымы болады. Бүл құрылым сол ғылымның қоғамда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz