Социологиялық білімнің құрлымы
Социологиялық білімнің құрлымы
Социологияның ғылым ретінде айтарлықтай күрделі, көп деңгейлі құрылымы бар. Кез келген ғылымдағыдай оның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:
Бірінші құрамдас бөлігі - білім - өзіне әдістемелік және дүниетанымдық принциптерді; жалпы, арнайы және салалық теорияларды, іргелі және қолданбалы теорияларды; социология пәні туралы ілімді, әдістер, оларды жасау және қолдану туралы білімді; социологиялық білімнің нысандары, тұрпаттары мен деңгейлері туралы ілімді, арнайы түзілген жіктелімдерді немесе типологияларды; тұжырымдамалық үлгілер мен болжамдарды қамтиды.
Екінші құрамдас бөлігі - білім алу құралдары - бұл жеке әдістер мен социологиялық зерттеулердің өзі.
Білімнің деңгейіне қарай социология теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді.
Ғылыми танымдағы теориялық пен эмпирикалықтың арақатынасының проблемасы екі қырын қамтиды: функционалдық және генетикалық.
Функционалдық қыры ғылымның дамыған теориялық аппараты мен оның эмпирикалық базисінің арақатынасына қатысты. Мәселені мұндай қырынан алып қарау теорияның аппараты мен бақылаулардың және эксперименттердің мәліметтері арасындағы байланыстырушы буындарды табуды, теориялық ережелерді эмпирикалық тексеру әдістерін анықтауды көздейді, ол ғылыми білімнің теорияльщ деңгейі қалыптасқан және мәселе оның эмпирикалық деңгеймен арақатынасын негіздеу туралы болған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл ретте теорияның эмпириямен "кері байланысы" ғылымның өзінің теориялық аппаратының одан әрі жетілуі мен дамуының маңызды қозғаушы күшіне айналады.
Ғылымдағы теориялық және эмпирикалық білімнің арақатынасы проблемасының генетикалык қыры теориялық аппаратты, оның ішінде ғыльтми теорияны қалыптастыруға, ғылымның эмпирикалық сатысынан оның теориялық сатысына көшуіне қатысты.
Теориялық білім - бұл теориялық білімнің социологиялық теориялары, болжамдары, типологиялары және т.б. нысандары.
Эмпирикалық білім - эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері, фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары.
Егер де социологияны "теориялық" және "эмпирикалық" деп бөлу білімнің деңгейімен (теориялық және эмпирикалык) байланысты болса, ал социологияны "іргелі" және "қолданбалы" деп бөлу - социологияның өзінің ғылыми немесе қолданбалы бағдарларына (функциясына) байланысты. Эмпирикалық зерттеу іргелі социологияның да, қолданбалы социологияның да шеңберінде жүргізілуі мүмкін. Егер оның мақсаты - теория жасау болса, онда ол іргелі социологияға (бағыты бойынша) жатады. Егер де оның мақсаты - тәжірибелік ұсынымдар жасау бодса, онда ол қолданбалы социологияға жатады. Алатын білімнің деңгейіне қарай эмпирикалық зерттеу шешетін есебінің сипаты бойыыша қолданбалы болуы мүмкін- шынайылықтың түрленуі. Бұл теориялық зерттеулерге (білім деңгейі бойынша) қатысты. Сөйтіп қолданбалы зерттеулер ерекше деңгей жасамайды. Бұл эмпирикалық және теориялық зерттеулердің өзі (білім деңгейі бойынша), бірақ қолданбалы бағытта болады.
Социологиялық білім тұжырымдаудың түрлі деңгейдегі теорияларын қамтиды.
Ең алдымен тұтас қоғам өмірін сипаттауға және түсіндіруге тырысатын жалпы социологиялық теорияларды бөліп қараған жөн. Социологияда өзара бәсекелес болатын көптеген жалпы теориялар бар. Бұл - К.Маркстің қоғамдық формациялар теориясы, М-Вебердің әлеуметтік іс-әрекет теориясы, Т.Парсонстың құрылымдық-функционалдық теориясы, Дж.Александердің және басқа социология классиктерінің "көп өлшемді" теориялары. Алайда бұрын-соңды болған жалпы социологиялық теориялардың ешқайсысы да "үлкен" теорияның талаптарына мейлінше сәйкес келеді деуге болмайды. Олардың барлығына тән нәрсе - бәрі көп, бірі аз дәрежеде әлеуметтік өмірді түсіндірудегі біржақтылық, қандай да бір қырлары мен заңдылықтарын жете бағаламау. Бірақ әлеуметтік материя туралы қолда бар барлық жалпы социологиялык теорияларды зерделеген кезде толық түсінік алуға болады, өйткені олардың әрқайсысы әлеуметтік өмірді қандай да бір қырынан түсіндіреді.
Бұдан әрі арнайы социологиялық теорияларды немесе орта деңгей теорияларын бөліп қараған жөн. Олар өзінің жалпы түрінде байланыстардың екі негізгі түрін: тұтас қоғамдық жүйе мен қоғамдық өмірдің осы саласы арасындағы, сондай-ақ қоғамдық өмірге тән ішкі өзара байланыстарды ашып көрсетеді. Демек, олардың жалпы социологиялық теориямен салыстырғандағы қолданылу аясы неғұрлым тар, олардың пәндік саласы салыстырмалы дербес құрамдас бөліктермен және тұтас қоғамдык процестермен шектелген. Д.Марковичтің анықтамасы бойынша арнайы әлеуметтік теориялар - жеке қоғамдық құбылыстарды өзінің зерделеу пәні ретінде алып қарайтын және олардың құрылымын, дамуының ерекшелік заңдарын және басқа қоғамдық құбылыстармен байланыстарының ерекшеліктерін зерттейтін теориялар. Жалпы социологиялық теориядан өзгеше олар барлық қоғамдық кұбылыстардың өзара әрекеті емес, бірақ қандай да бір қоғамдық құбылыстың (социологияның пәні болатын) және барлық өзге қоғамдық құбылыстардың ерекше байланыстарын зерделейді.
Барлық арнайы социологиялық теорияларды (орта деңгей теорияларын) шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
1) әлеуметтік институттар теориялары күрделі әлеуметтік өзара байланыстар мен қарым-қатынастарды зерттейді (отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы, дін социологиясы, өнер социологиясы, әскер социологиясы, саясат социологиясы, еңбек социологиясы және т.б.);
2) әлеуметтік цауымдастъщтар теориялары қоғамның кіші топтан бастап әлеуметтік тапқа дейінгі құрылымдық бірліктерін зерттейді (кіші топтар социологиясы, ұйымдар социологиясы, топтар, страталар, таптар социологиясы, аумақтық принциптер бойынша қауымдастықтар социологиясы және т.б.);
3) мамандандырылған әлеуметтік процестер теориялары әлеуметгік өзгерістер мен процестерді зерттейді (қоғамның бүлінуінің әлеуметтік процестері - қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік социологиясы, жанжалдар социологиясы, жинақылық және көші-қон социологиясы, урбанизация социологиясы, коммуникация процестері социологиясы, қоғамдық қозғалыстар социологиясы және т.б.).
Социологияның басқа ғылымдармен - экономикамен, саясаттанумен, этнографиямен және т.б. байланыс теориялары салалық деп аталады. Бұл теориялар қоғам өмірінің әр түрлі салаларындағы әлеуметтік заңдар мен заңдылықтардың көрініс табу нысандары мен әрекет ету механизмдерін зерделейді. Олардың объектісі болып табылатындар: экономика, саясат, құқық және т.с.с. қоғамның жеке "бөліктері", олар социологияның басқа ғылымдармен байланысын жалғастырады. Олардың айырмашылығының негізін зерттеу объектісі атқарады, ол социологиялық оқу пәнінің атауында көрсетіледі: "экономикалық социология", "саяси социология", "құқық социологиясы". Бұл теориялар ерекшеленген социологаялық категорияларды: әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, әлеуметтік ұйым және т.б. пайдалана отырып, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларын олардағы әлеуметтік қарым-қатынастар көзқарасы тұрғысынан зерделейді. Аталған оқу пәндеріндегі "социология" термині қоғам өмірінің социология пәнімен және әдісімен шарттастырылған тиісті салаларына ерекше көзқарастарды көрсетеді.
Арнайы социологиялық теориялар салалық теорияларға қарағанда неғұрлым жоғары абстракция деңгейімен сипатталады және бір объектің өзін қандай да бір әлеуметтік қауымдастықты белгілі бір көзқарас тұрғысынан қарауға, зерделенетін объектінің қандай да бір қызықтыратын "кесіндісін" бөліп қарауға мүмкіндік береді.
Арнайы социологиялық теориялар жалпы және салалық теориялардың байланысын жалғастыра отырып, социологиялық білімнің тұжырымдамалық ұйтқысы болады. Біріншіден, оларда социологияның категориялық-ұғымдық аппаратының өзіндік бір негізін қарайтын социологиялық категориялары жасалады. Екіншіден, осының салдары ретінде арнайы теорияларда социология пәні қалыптасады. Үшіншіден, оларда социологиялық білімнің басқа білімнің ешқайсысына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz