Сұйықпен салқындатылатын жүйенің құрылысы


Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Салқындату жүйесі бөлшектерін қалпына келтіру технологиясы»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Жалпы бөлім
1. 1 Автокөліктің күрделі жөндеу әдісін таңдау және негіздеу . . . 4
1. 2 Жөнделетін бөлшектің техникалық сипаттамасы, құрылысы және
жұмыс істеу принципі . . . 7
1. 3 Бөлшекті бұзу технологиясының процессі . . . 10
1. 4 Бөлшектерді тазалау және жуу, қолданылатын жабдықтар . . . 13
1. 5 Жөнделетін бөлшектерді тексеру және сұрыптау . . . 15
2. Технологиялық бөлім
2. 1 Жөнделетін бөлшектің ақауларын анықтау . . . 17
2. 2 Ақауларды қалпына келтіру технологиясы және бөлшектің жөндеу мартшрутын жобалау . . . 19
2. 3 Бөлшекті жөндеуге арналған құрал жабдықтарды, жону кесу және өлшем аспаптарын таңдау . . . 21
2. 4 Бір операцияның өңдеу режимдерін таңдау және жұмыстарды техникалық мөлшерлеу . . . 27
3. Жобаның қауіпсіздік және экологиялық бөлімі
3. 1 Техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау . . . 32
Қорытынды . . . 34
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 35
Кіріспе
Салқындату жүйесі қозғауыштың қалыпты жылу режимін біркелкі ұстап, реттеу арқылы аса қызатын бөлшектерді салқындату қызметін атқарады.
Себебі цилиндр ішінде жанған газ жылуы тұтасқан механикалық жұмысқа ауыспай, біраз бөлігі двигатель бөлшектеріне беріледі де, олардың температүраларын едәуір көтеріп жібереді. Егер осы жылуды сол бөлшектерден алып кетпесе, онда олар өте қызып, алғашқы механикалық, беріктік қасиеттерін жоғалтады. Сейтіп істен шығуы мүмкін.
Поршеньнің жұмыс жүрісі кезінде, жану процесінен белінген жоғарғы жылу, белшектердің тікелей жанасатын бөліктерін тез қыздырады (цилиндрді, цилиндр қалпағы, поршеньдер, клапандар) . Цилиндрде жанған жанармай жылу энергиясының 20-35%-ы мотор белшектерін қыздыруға жұмсалады. Егер осы қызған бөлшектерді салқындатпаса, бөлшек бетіндегі май күйіп, қатты қызған бөлшектер керіліп, қысылады және тез үйкелістен қажалады. Сондықтан тез қызып кетуге жол бермес үшін, қызған беттерді салқындатып отыру қажет. Егер мотор жеткіліксіз салқындатылған болса, мотор жоғары энергия ала алмайды, жанармай шығыны артады, ал бөлшекгер майдың жеткіліксіз болуынан тез қажалады.
Қозғалтқыш жұмыс істеген кезде цилиндр ішінде жанған жанармай және осыдан 1800-3000 градусқа дейін қызған газ цилиндрлер кенересін, поршень мен блок қалпақшасын қыздырады. Суыту жүйесі қызған бөлшектерді суыту үшін қажет. Іштен жанатын қозғалтқыштарға артық жылуын шығаруды сұйықпен немесе сыртқы ауаның көмегімен жасанды түрде суыту арқылы жүзеге асырады.
Іштен жанатын жылу қозғалтқыштарында жанар май бөліп шығарған жылудың барлығы дерлік жұмысқа айналмайды. Себебі жану және ұлғаю процестері кезінде жанған газ қозғалтқыш бөлшектерімен жанасатындықтан, жылудың бір бөлігі осы бөлшектерге беріледі. Ал жылудың бөлшектерге берілу құбылысын мүлде болдырмауға болмайды. Өйткені олардың температурасы жанған газ температурасынан бірнеше есе аз. Олай болса жылудың төменгі температурадағы бөлшектерге ауысуы табиғи зандылық.
1. Жалпы бөлім
1. 1 Автокөліктің күрделі жөндеу әдісін таңдау және негіздеу
Қозғалтқыш бөлшектеріне берілген жылу, олардың температураларын біртіндеп көтере береді. Егер сол жылуды бөлшектерден алып кетпесе, онда олар өте жоғарғы температураға дейін қызып, өздерінің физикалық, механикалық қасиеттерін нашарлатады, яғни олардың қаттылығы, беріктігі, тозуға төзімділігі нашарлап, өте ұлғаюдың салдарынан алғашқы дәлдікпен қойылған мөлшерлері өзгеріп кетеді. Оның үстіне, оларға жағылатын май қабаттары күйіп, олардың беттеріңде күйе түзеді де барлық жұмыс процестерінің бұзылуына себебін тигізеді.
Қозғалтқыштарда көбіне жабық суыту жүйесі қолданылады. Радиатор нығыз жабылады да, тек қысым өте жоғары немесе өте төмен болғанда ғана бу клапаны арқылы сыртқы атмосферамен қатысады. Оларда сұйықтықтың булануы шамалы ғана болады және судың температурасы жоғары болады. Сұйықтықтың жоғарғы температурасы қозғалтқыштың жұмысына қолайлы әсер етеді.
Автомобильдердің қозғалтқыштарында көпшілік жағдайда сұйықпен салқындататын жүйе қолданылады. Олардың да атқаратын қызметі жоғарғыдай бірақ жылу тасымалдау үшін арнаулы сұйық (су, антифриз, тосол) қолданылады.
Қозғалтқыш алғаш жұмысқа қосылған кезде, әсіресе қыс мезгілдерінде, оны тез қыздыру үшін немесе сырттағы жағдайға суыту жүйесі тәуелді болмас үшін суыту жүйесіне термостат қойылады. Соның көмегімен қозғалтқыштың температурасы үнемі қалыпты мөлшерде ұсталып тұрады.
Термостат су температурасын автоматты түрде реттеп, қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін оның тез қызуын қамтамасыз етеді.
Сұйықпен суытушы жүйелерде термостат, желдеткіш және радиатор әртүрлі жағдайда болады. Желдеткіш иінді біліктен тұрақты беріліс алады немесе жеке электроқозғалтқышқа жалғанады.
Желдеткіш тұрақты айналып тұратын суыту жүйесі кіші және үлкен айналымда жұмыс істейді. Сұйықтың температурасына байланысты термостат, кіші немесе үлкен айналыммен қозғалтқышты суытады. Үлкен айналымда сұйық радиатор арқылы өтіп суиды.
Желдеткіш электродвигатель арқылы немесе муфта (ажыратқыш) арқылы айналатын қозғалтқыштарда үш түрлі әдіспен суытылады.
1. Кіші айналым - сұйық суық кезінде (87 градусқа дейін) термостат сұйықты радиаторға жіберетін түтікті жауып қалады .
2. Екіншісі үлкен айналым - термостат сұйықты (87-102 град) радиатор арқылы өткізеді, желдеткіш айналмайды.
3. Үшінші жағдайда (102 град. жоғары) сұйық үлкен айналым арқылы суиды, желдеткішті іске қосылады .
Сұйықтық жылытқыштар жұмыс істеуі бір-біріне ұқсас болады. Жылытқыштың жұмысын басқару пульті реттейді. Қазанның жану камерасындағы жанармай (бензиннің төменгі сорты) өз ағынымен бакқа құйылады. Жанармайдың келуі электромагнитті клапанның реттегіш инесі арқылы мөлшерленеді. Ауа электр желдеткіші арқылы беріледі. Қоспа - оттық арқылы тұтанады. Қазанда пайда болған жалын қозғалқыш түбіндегі майды қыздырады, ал қазан іші қозғалтқыштың су көйлегімен жалғасқан.
Сонымен қозғалтқыш салқын кезінде термостат клапаны жабық болғандықтан насоспен айдалған сұйық су көйлегінен шыққаннан кейін радиаторға өте алмайды да термостат қасындағы басқа тесікпен қайтадан насосқа келеді. Сөйтіп, қозғалтқыш салқын кезінде сұйық қысқа жолмен айналып, оны тез қызуына мүмкіндік тудырады. Ал қозғалтқыш қызғаннан кейін, термостат клапаны ашылады да енді сұиық радиатор арқылы өтіп салқындап, қайтадан насосқа келеді.
Осылайша термостаттың көмегімен двигательдің тем-пературасы шамамен 85°-90° мөлшерінде тұрақты ұсталып тұрады. Оның температурасын термометрмен жүргізуші үнемі бақылап отырады.
Осы айтылған ретпен жұмыс істейтін суыту жүйесінің екі түрі болуы мүмкін: біреуі ашық, екіншісі жабық суыту жүйесі. Ашық суыту жүйесінде буланған сұйық радиатордың қақпағы арқылы сыртқа шығып кетіп отырады. Ол кезде, әрине суытатын сұйық ысырап болады. Ондай жағдайды болдырмас үшін жүйені жабық етіп жасайды, яғни радиаторға бу мен ауа клапандары бар арнаулы қақпақ жабады. Жүйедегі сүйық буланып, ондағы қысым (шамамен 100 кПа) артқан кезде бу клапаны ашылады да сұйық буы түтікпен қосымша қойылған кеңейткіш ыдысқа келеді. Онда салқын суытатын сұйық белгілі бір мөлшерге дейін құйылып қойылған. Енді бу сол салқын сұйықпен араласып, қайтадан тамшыға айналады. Сөйтіп, суытатын сұйық ысырабы болмайды. Ал қозғалтқыш тоқтап, жүйедегі сұйық салқындаған кезде ондағы қысым азайып, тіпті сырттағы ауа қысымынан кеміп қалады. Сол кезде радиатор қақпағының ауа клапаны ашылады да ол арқылы жаңағы кеңіткіш ыдыстағы сұйық жүйеге сорылып алынады. Сөйтіп суыту жүйесі алғашқы қалпына қайтадан келеді. Енді жүргізуші тек сыртта орналасқан кеңіту ыдысындағы сұйықтың деңгейін бақылап тұрса жеткілікті болады.
Көптеген қозғалтқыштарда желдеткіш жетегінің жұмысын өзгерту қолданылады. Мысалы арнаулы температураға әсер алатын қондырғы қолданып, желдеткішті сұйық қызған кезде ғана электр қозғалтқышымен іске қосады. Немесе оның жетегіне май тұтқырлығын пайдаланатын қондырғы орнатады. Салқын кезде май тұтқырлығы көп болғандықтан желдеткішке қозғалыс берілмейді, ал керісінше жүйедегі температурадан май қызып, тұтқырлығы азайған кезде желдеткіш жұмыс істей бастайды. Осы сияқты көптеген тәсілдер қолданылуы мүмкін.
Қайсыбір қозғалтқыштардың суыту жүйесінде екі клапанды термостат қолданылады. Ондағы негізгі клапан радиаторға баратын сұйықты реттесе, екінші қосалқы клапан тез қыздыруға тиісті құралдарға қызған сұйық жіберіп тұрады. Ондай құралдарға карбюратор астындағы сору жеңшесі, кузовты жылытатын радиатор т. с. с.
Осы айтылғандай өзгерістер жалпы суыту жүйесінің жұмыс принципіне әсерін тигізбейді. Сондықтан оларды әрбір қозғалтқыштардың заводтық нұсқалары немесе арнаулы өдебиеттерден танысуға болады.
Суыту жүйесінде негізгі реттеу жұмысына желдеткіштің белдігін керу жатады.
Желдеткіштің белдігін кергіш ролик арқылы реттейді. Желдеткіш білігінен белдікті берілу арқылы генератор мен компрессорға қозғалыс беріледі. Бұл белдікті берілісті генератор корпусын бүру арқылы кереді. 40 Н (4 кгс) күшпен итергендегі бұл белдіктің бүгілуі 10-15 мм болуға тиіс. Су насосына қозғалыс иінді біліктің шестернясынан аралық шестерня арқылы беріледі. Оның жұмысын реттеудің қажеті болмайды.
Қозғалтқыштың суыту жүйесінің жылулық ережесі қалыпты болуы тікелей термостатқа байланысты. Қозғалтқыштың салқын кезінде суыту жүйесіндегі су радиаторға бармастан термостат арқылы қайтуға тиіс. Сөйтіп ол қозғалтқыштың өз ішіне ғана айналып жүреді де, тез жылынады. Оның температурасы қалыпты мөлшерге жеткеннен кейін термостат клапаны ашылады да, енді су радиатор арқылы айналады. Термостаттың жұмысын жиі-жиі тексеріп отыру қажет.
Тремостаттың негізгі жұмысы жиырылған қорапқа байланысты. Егер ол қорап зақымдалып немесе тесіліп қалса, оның клапаны жабылмайды да, қозғалтқыш температурасы төмен кезінде су радиаторға өтіп, суи береді. Мұндай жиырылған қорабы зақымдалған термостаттарды алмастырады.
Термостаттың жұмысын мына жолмен тексеруге болады. Оны қозғалтқыштан шығарып алып, термометрі бар ыдыстағы ыстық суға салады. Содан кейін клапанның ашыла бастаған және толық ашылған кезіндегі температуралары шамамен 70 және 85°С болатындығын тексереді. Егер олар сәйкес келмесе, мүндай термостатты да алмастырады. Жоғарыдағы-дай тексеру кезінде клапанның ашылу биіктігін өлшейді. Клапанның толық ашылу биіктігі 9 мм болуға тиіс.
Суыту жүйесінде таза, мүмкіндігінше жұмсақ суды пайдалану немесе суыту жүйесінде қолданған суды құю қажет. Кермек суды жұмсарту үшін 30 минуттай қайнатады, сондай-ақ оған сода немесе үшнатрий фосфат қосады. Судың кермектілігіне қарай 10-20 г үш натрий фосфатты немесе соданы 10 л. ыстық суға ерітеді.
Қозғалтқыш істеп тұрған кезде және қатты ысып кеткенде суыту жүйесіне суды аз-аздан құяды. Қыс кезіңде цилиндр мен блок жарылып кетпеу үшін салқын қозғалтқышқа өте ыстық су құюға болмайды.
1. 2 Жөнделетін бөлшектің техникалық сипаттамасы, құрылысы және жұмыс істеу принципі
Қозғалтқыш жұмыс істеген кезде цилиндр ішінде жанған отын 1800-3000 градусқа дейін қызады, газ цилиндрлер қабырғасын, поршень мен блок қалпақшасын қыздырады. Салқындату жүйесі қызған бөлшектерді салқындату үшін қажет.
Іштен жанатын қозғалтқыштарда артық жылуын шығаруды сұйықпен немесе сыртқы ауаның көмегімен жасанды түрде салқындату арқылы жүзеге асырады.

1-радиатор өзектері, 2-вентилятор, 3-радиатор пердесі, 4-жоғарғы бак, 5-радиатор қақпағы, 6-бу шығаратын түтік, 7-жоғарғы келте түтік, 8, 9-мотордың блогының су тысы, 10-төменгі түтік, 11-төменгі бак, 12-ағызу шүмегі, 13-бу-ауа клапаны, 14-термостат, 15-термометр, 16-сұйық бөлу каналы, 17-насос, 18-су түтігі.
1 - сурет - Сұйықтық және ауамен салқындату жүйелері.
Қозғалтқышты сұйықпен салқындату ең көп тараған әдіс. Сұйық ретінде суды немесе төменгі температурада қататын антифризді пайдаланады.
Сұйықпен салқындату жүйесіне:
- блок пен цилиндрлер қалпақшасын салқындататын су тысы,
- радиатор және өзектері;
- су насосы;
- желдеткіш;
- термостат;
- сондай-ақ қосалқы құрылғылар (су тарататын канал, жалғастырғыш шланг, ағызу шүмегі және сұйықтық температурасының көрсеткіші) жатады.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде салқындату жүйесіндегі судың ықтиярсыз алмасуы ортадан тепкіш су насосы арқылы пайда болады. Ортадан тепкіш су насосы радиатордың төменгі бағындағы суды сорып, қысым күшімен мотордың су каналына айдайды да, мұнда ол цилиндрлер қабырғаларын салқындатады.
Қозғалтқыштарда көбіне жабық салқындату жүйесі қолданылады. Радиатор нығыз жабылады да, тек қысым өте жоғары немесе өте төмен болғанда ғана бу клапаны арқылы сыртқы атмосферамен қатысады. Оларда сұйықтықтың булануы шамалы ғана болады және судың температурасы жоғары болады. Сұйықтықтың жоғарғы температурасы қозғалтқыштың жұмысына қолайлы әсер етеді.
Сұйықпен салқындатылатын жүйенің құрылысы
Радиатор. Мотордың салқындату жүйесіндегі радиатор жоғарғы және төменгі бактардан, өзектен және бекіткіш бөлшектерден тұрады. Өзектер жылуды жақсы өткізуі және суды тез салқындату үшін жезден жасалған. Жоғарғы және төменгі бактар келте түтік арқылы мотордың салқындату тысымен жалғасады. Төменгі бакта радиатордағы немесе мотор блогында суды ағызатын шүмектер болады.
Суды жоғарғы бактың аузы арқылы құяды, ол қақпақпен жабылған. Сұйықпен салқындатылатын жүйеде қозғалтқыштың жылу тәртібі екі жақты ретке келтіреді: перделі (немесе желбезекті) және термостатты.
Желдеткіш және су насосы. Желдеткіштер негізі екі түрге бөлінеді біріншісі механиалық және электрлі. Механикалық желдеткіштің алты немесе төрт қалақшасы болады, олар крестовинаға бекітілген, ал крестовина шкивке бұрап кіргізген. Шкив ременьді беріліс арқылы иінді білікпен айналады.
Электрлі желдеткіш арнайы су температурасының жағдайына байланысты жұмыс істейді.
Су насосының қалақшасы айналғанда сырттан тебу күшінің әсерінен сұйықты блок корпусынан термостатқа қарай айналдырады.
Су насосы блокқа бекітіледі. Оның екі түтігі бар, жоғарғысы термостатпен, ал екіншісі (төменгісі) радиатор түтігімен жалғасқан (сурет 5. 2) .

2 - сурет - ВАЗ 2101-07 қозғауышының су насосы
Термостат су температурасын автоматты түрде реттеп, мотор іске қосылғаннан кейін оның тез қызуын қамтамасыз етеді.
Сұйықпен салқындатушы жүйелерде термостат, желдеткіш және радиатор болады. Желдеткіш тұрақты айналып тұратын суыту жүйесі кіші және үлкен айналымда жұмыс істейді. Сұйықтың температурасына байланысты термостат, кіші немесе үлкен айналыммен моторды суытады. Үлкен айналымда сұйық радиатор арқылы өтіп суыйды.
Сұйықтық 75-87 градус аралығында термостаттың гофритті цилиндрі ашыла бастайды
Сұйықтық температурасы 87-102 градустан жоғары термостат толық ашыла отырып, кіші айналым жүйесін жауып, үлкен айналымды ашады насос - жылыту каналы - термостат - радитордың жоғарғы бачогы - сердцевина - радиатордың астыңғы бачогы - насос.
Желдеткіш электромотор арқылы айналатын моторларда үш түрлі әдіспен суытылады.
- кіші айналым - сұйықтық (87 градусқа дейін) термостат сұйықты радиаторға жіберетін түтікті жауып қалады;
- екіншісі үлкен айналым - термостат сұйықты (87-102град) радиатор арқылы өткізеді, желдеткіш айналмайды;
- үшінші жағдайда (102 град. жоғары) сұйық үлкен айналым арқылы суыйды, радиатордағы электрлі датчик желдеткішті қосады.
1. 3 Бөлшекті бұзу технологиясының процессі
Суыту жүйесінің негізгі ақаулары:
- қозғалтқыштың аса салқындауы немесе
- қызып кетуі.
Қозғалтқыштың аса салқындауы термостаттың айқасып қысылып қалуынан және жалюздердің ашық болуынан және қыста қаптағыштың болмауынан болуы мүмкін.
Қызып кетудің себептері:
- салқындатқыш сұйықтық деңгейінің жеткіліксіздігі;
- желдеткіш ременінің бір орында айналуы немесе үзілуі;
- желдешкіштің электр магниттік қосу муфтасының ақаулығы;
- жалюздердің жабық болуы термостаттың айқасып қысылып қалуы;
- қақтың жиналуы және радиатордағы судың қатып қалуы.
Салқындату жүйесі герметикалық болуы тиіс. Шлангілер тығыз жалғаспаған жағдайда қамыттың кергіш винттерін тартып бұрау керек. Сұйықтықты жіберіп тұрған шүмекті ысқылау немесе алмастыру керек. Зақымданған радиаторды дәнекерлейді.
Егер су насосының сальнигі арқылы су ағатын болса, онда сальниктің бөлектерін алмастыру қажет.
Егер желдеткіш ремені майланған немесе әлсіз керілген болса, ол бір орында айналуы мүмкін. Майды құрғақ шүберекпен (жұмыс істемей тұрған қозғалтқышка) сүртіп тазартады. Ременьнің керілуін шкивтердің аралығындағы учаскесінің орта бөлігінен қолмен басқанда оның иілуі таблицадағыдай мөлшерде болатындай етіп реттейді.
Салқындату жейдесі мен радиатордың қабырғасындағы болар-болмас қақты радиаторды автомобильден шығарып алмай-ақ кетіруге болады. Бұл үшін салқындату системасына 1 л суға 4-8 мг есебшен әзірленген хромпик ерітіндісін құяды да, автомобильді бір ай паидаланған соң системаны 10-15 көлемді таза сумен жуып тазартады. Неғұрлым әлсіз концентрациясы тот басудың (коррозияның) күшеюіне себепші болады.
Түтіктер барынша ластанып және бітеліп қалғанда радиаторды шығарып алады да, оған 90°С-ге дейін қыздырылған каустикалық соданың 10 проценттік ерітіндісін құяды. 30 минуттан кейін ерітіндіні ағызып алып, радиаторды таза сумен мұқият жуып тазартады.
Салқындату жүйесін мынадай ерітінділермен жуып тазарту жақсы нәтиже береді: 7-8% тұз қышқылы (көлемінің суға қатынасы бойынша), 2-3 г/л ПБ-5 ингибиторы, 25 г/л техникалық уро тропин, 1-3 г/л ОП-7 немесе ОП-10 сулағышы және 1 г/л көбік сөндіргіш (амил немесе изоамил спирті) . Жүйеге ерітінді құйып, қозғалтқышты оталдырады және ерітіндіні 60-65°С-ге дейін қыздырады; 10-15 минуттан кейін оны құйып алады.
Желдеткіштің электр магниттік фрикциялық муфтасы датчиктің немесе электр сымдарының ақаулығынан және якорь мен жетек шкиві кеспелтегінің арасындағы ауа саңылауының бұзылуынан іске қосылмауы мүмкін.
Жабық тұрған термостат клапаны тістесіп қалғанда қозғалтқыш қызып кетеді, ал ашық тұрғанда өте салқындап кетеді. Тексеру үшін термостатты суы бар ыдысқа батырады. Суды қыздыра отырып, термометр бойынша клапанның 75°С-де ашыла бастап, 90°С-де толық ашылуын қадағалайды.
Жалюздердің жетегі майланбаса, көбінесе тістесіп қалады. Бұл жағдайда тысы бар сым арқанды шығарып алып, оны керосинмен жуады да, тысына май толтырады.
Егер автомобильді төменгі температурада далада немесе жылытылмайтын орында қалдыратын болса, онда салқындату жүйесін суды ағызады. Бұл үшін радиатордың астындағы және блоктағы ағызу шүмегін ашып, радиатордың аузындағы тығынды шығарады. Жылытқыштың шүмегі ашық болуы тиіс. Жүйеден суды ағызған соң қозғалтқышты оталдыру және судың қалған бөлігі біржола буланып кету үшін кіші айналымда 2-3 мин жұмыс істету қажет. Жылдың суық мезгілінде қозғалтқышты оталдыру үшін оталдыруға арналған кыздырғыш болмаған жағдайда, салқындату системасына алдымен жылы су, ал одан кейін радиатордың аузынан ауа көпіршіктерінің шығуы тоқтағанға дейін ыстық су құйып толтырады, қозғалтқышты оталдырып, 80-90°С-ге дейін кіші айналымда қыздырады, осыдан кейін судың қатып қалуынан қауіптенбестен, қозғалуға болады.
Жүріп келе жатқан автомобиль радиаторындағы судың қатуы туралы жүргізуші температура көрсеткіштің шкаласына қарап немесе қалқаншадағы бақылау лампысының жануына қарап білуіне болады. Бұл жағдайда автомобильді тоқтатып, қозғалтқышты сөндіру және қолғаппен немесе шүберекпен (будың күшпен шығатын жағдайында күйіп қалмас үшін) радиатордың тығынын шығарып алу қажет. Салқындатқыш сұйықтықты деңгейге дейін жеткізе құйып, жалюздерді жабу және радиаторды қымтап жылытып, қозғалтқышты оталдыру және оны кіші айналымда жұмыс істету керек. Егер шамалы ғана мұз қатқан болса, ол толық еріп кетуі тиіс. Қерісінше болған жағдайда қозғалтқышты сөндіріп, ыстық сумен дымқылдандырылған шүберекті радиаторға басу керек.
Мұзды еріту үшін ашық жалынды пайдалануға тыйым салынады.
Ауамен суыту жүйесінің жұмысы
1-жағар май радиаторы; 2, 3, 4-ауа бағыттағыш қораптар; 5-цилиндрлер; 6-цилиндрлердің қосалқы қабырғалары; 7-ауа сыртқа шығатын канал-дар; 8-термореттегіш; 9-желдеткіш; 10-бағыттағыш қалақшалар; 11-сору каналы.
Сұйықпен суыту жүйесінің жұмыс схемасы
1-төгу краны; 2-радиатор; 3-қосалқы қабырғалар; 4-бу түтігі; 5-радиатор қақпағы; 6-желдеткіш; 7-шкив; 8, 9, 15-жеңшелер; 10-термостат; 11, 12-су көйлегі, 13-термометр; 14-су насосы.
1. 4 Бөлшектерді тазалау және жуу, қолданылатын жабдықтар
Жөндеудің жүйелері мен түрлері. Жөндеумен автомобильдік көліктің жылжымалы құрамының жұмысқа қабілеттелігін қалпына келтіріледі және баптайды, жұмыс кезінде немесе техникалық қызмет көрсету кезінде айқындалған істен шығу және ақаулы Жөндеу кезінде жарамсыз агрегаттар, тораптарды және бөлшектерді айналымдық қордан алынған жаңаларына ауыстырады, сол сияқты бөлшектеу, реттеу, жинақтау, слесарлық, механикалық, дәнекерлеу, электртехникалық және басқа да жұмыс түрлері орындала
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz