Интеллект қабілеті


М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Жалпы педогогика және информатика кафедрасы
Педогогикалық сараманнан өзіндік жұмыс
Тақырыбы:
«Психолог қызметі, жоспарлары, құжаттары, үлгілері»
Орындаған: 02202-топ студенті
Тлеков Р. С
Тексерген: оқытушы Досқалиева Р. Б
Орал-2010
Қай ұжым болсын, психолог-маманға жүктелер міндет жауапкершілігімен маңызды. Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне, құқығына, абыройы мен намысына нұқсан келтірместен, көздеген мақсатқа бағыттай білу шеберлікті қажет етеді. Ал, шеберлік тәжірибелер арқылы қалыптасады.
Психолог-маман сыныптағы оқушылармен ғана емес, ересектермен немесе педагогикалық ұжымның әр мүшесімен мәдени қарым-қатынаста болып, олардың пікірін бағалауға, іс-әрекеттерге қатыстыруға, сенімін нығайтуға, талдап-талқылауға, саралауға тікелей ұйытқы болып, тұлғалық міндеттерін ашады.
Топпен жұмыс жүргізгенде көбінесе орындауға жеңіл, еркіндікті талап ететін ойындар, жаттығулар қарастырылады. Әрине, топпен тест, сауалнама жүргізу, суреттер салғызуға да болады. Мейлінше, көп уақыт алмайтын, жеңіл жаттығу-ойындарды, күрделі ойды қажет етпейтін тапсырмаларды қарастырған жөн. Мұны психолог емес, әр мұғалім де өз сабағында мақсатына орай пайдалана алады.
"Мен" жаттығуы. Ұжым мүшелері тақтада берілген үлгі бойынша өзі туралы өз ойын жазады және оны топ алдында дауыстап айтады. Бұл көбінесе, жаңа қалыптасқан ұжым үшін жақсы жаттығу болмақ.
Менің атым . . .
Мен . . . (оқушымын) .
Менің жасым . . .
Менің әкем . . .
Менің шешем . . .
Менің ұлтым . . .
Менің түрім . . .
Менің бойым . . .
Менің көзім . . .
Менің досым . . .
Менің мекен-жайым . . .
Жаттығулар: "Менің басқа есімім?" немесе"Маған аяулы есімдер"
Өзін-өзі талдау. "Мен кіммін?". Параққа немесе қойын кітапшаларыңа осы сұраққа жауап жазыңдар. Өздеріңе жақын, туыс адамдарың сендерді атайтын аяулы аттарды жазып, өз суреттеріңді салуға болады.
Өздеріңді отбасында және достарыңның арасында қалай еркелетіп қысқартып айтатындарың жазыңдар. Талдауға арналған сұрақтар:
1. Ата-анаңның сенің есіміңді қалай таңдағанын білесің бе?
2. Сенің атың нені білдіреді?
3. Сенің фамилияңның тарихы бар ма?
Баланың дарындылық қабілеті оның жас ерекшелігіне қарамай-ақ ерте сәби кезінен сезіле бастауы мүмкін. Дарындылық тегіне тартудан, тұқым қуалаушылықтан да қалыптасуы мүмкін. Дарынды бала зейінді, зерек, қағілез, жинақы келеді. Кез келген жұмысты жан-тәнімен беріліп істейді. Мектепте ұстаз тапсырмаларын қалт жібермейді. Бала дарындылығын жақсы дамытатындай мүмкіндік туғызып отырса, ол өз жемісін береді. Егер ондай мүмкіндік жасалмаса дарындылық өзінің бастапқы қалпында қалады, немесе жойылады. Дарындылықты көре білу, оның көзін ашып ары қарай дамыту-бала ата-анасы мен ұстаздарының басты борышы.
Дарынды оқушыларға психологиялық қызмет көрсетудің мақсаты-оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы шығармашылық жұмыстағы қабілетін іске асыру. Сәби кезінен бастап, баланың білуге деген құштарлығын дамыту ересектермен қарым-қатынас жасау кезінде ерекше каркын алады, бала өзін толғандырған сұрақтарға жауап алуға тырысады. Ересектер ол сұрақтарға жауап беруге асықпау керек. Баланы әр нәрсенің жауабын өзі іздеп табатын жағдайға жеткізу керек. Баланың білгісі келіп ынталана сұраған сұрағына жүрдім-бардым қарайды да, жауап ала алмаған баланың көңілі қалып, біртіндеп айналасына деген қызығуы төмендей бастайды. Сондықтан ұстаз, ата-ана баланың білуге құштар жүрегінен шыққан әр сұраққа мұқият қарап, ойланып жауап беруге тырысқаны жөн. Бала сұрағына оның өзінің ұғымына сай қысқа әрі нұсқа жауап бергені абзал.
Балалардың дарындылық қасиеттерінің барлығы бірдей бірден жарқырап көріне бермей қалуы да ғажап емес. Өз табиғатында дарындылық қабілеті бар баланы да, тәрбиенің нәтижесінде жетістікке жеткен баланы да тәрбиелеу керек, сол балалардың бойындағы қабілетті танып, тауып, қабілетінүштау- бәріміздің міндетіміз.
Мектепте дарынды оқушыны дамытуға арналған психологиялық қызметті төмендегі жоспар бойынша жүргізген тиімді:
1. Дарынды оқушылардың педагогикалық-психологиялық картасын жасау.
2. Психодиогностикалық әдіс-тәсіл арқылы дарынды оқушыны анықтау.
3. Танымдық қызығуына байланысты саулнама жүргізу, дарындылықтың түрін анықтау.
4. Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімге педагогикалық-психологиялық талаптар қою.
5. Дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық-психологиялық кеңес беру.
6. Дарынды оқушының жоғары нәтижеге жетуіне психологиялық тұрғыдан көмектесу.
Мектеп психологінің «қиын балалармен» жұмысы
Қоғамдағы жетістіктерлің негізгі күші - Адам, оның білімі, шеберлігі, еңбектегі табандылығы, ойлауы мен адамгершілік қасиеттері.
Оқу, білім мен тәрбиенің қай түрі болмасын адамнын психологиялық мүмкіндіктерімен сәйкес ұйымдастырылса ғана жақсы нәтиже берері анық.
Мен адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеп жүрген маман ретінде психологиялық көмектің әрбір тұлға үшін аса қажет екенін байқаймын, психологиялық ағарту жан жүйесіндегі қиындықтан шығару жолын табу, тұлғаның өзіндік ерекшелігін танып-білу мен дамыту және өз мүмкіндігін пайдалы істерде қолдана білуге жағдай жасау мәселесі.
Атақты педагог К. Д. Ушинскийдің «Адамды жан-жақты тәрбиелеу мен дамыту үшін оны жан-жақты біліп алу керек» деген қағидасын қолдана отырып, «Қиын баланың» себебін анықтау мақсатында:
а) жанұясымен және әке-шешесімен танысу және жанұясынан тест алу;
ә) мұғалімдермен ара-қатынасын анықтау;
б) «социометрия» арқылы сынып оқушыларымен ара-қатынасын анықтау;
в) бос уақытында немен айналысады;
г) еңбекке көзқарасын білу. Психологтың жұмысы балалардың белгілі жастағы психикалық, жаңа түзілімге, сонан соң олардың дамуындағы потенциалды мүмкіндіктерін пайдалануды негіздеп құрастыру, тұлға өзінің өсу жолында, өзін-өзі ашып көрсету жолында белгілі бір психологиялық қолдануды және сырт көмекті керексінеді, сол кезде керегін таба алмағандықтан жан дүниесінде өз көңіл-күйін өзі жүйелей алмағандықтан, жан-жағына қиындық әкеледі.
Психологиялық көмек пен түзету жұмыстары психологтың белгілі бір жастағы баланың психологиялық дамуын ескере отырып, адамның ішкі дүниесіне әсер етуге негізделініп жүргізіледі.
Психолог психодигностикалық ақпаратты пайдалана отырып, және оны белгілі бір жастың даму заңдылықтары туралы теориялық мәліметтер мен сәйкестендіріп, нақты адамдар тобымен түзету жұмыстарының бағдарламасын қарастырады.
Әдісі:
а) 1. Жанұя мүшелерінің өзара қатынасын, тұлғаның жанұядағы
орнын анықтау;
2. Жанұяның материалдық жағдайы;
З. Ата-анасы баланың сабағына тәрбиесіне көңіл бөле ме? Баласына қандай көмек көрсетеді?
4. Жанұя суреті.
б) мұғаліммен ара қатынасын анықтау.
1. Мұғаліммен тікелей байліанысы бар ма?
2. Жақсы көре ме, жоқ па?
3. Сыйлай ма, әлде қорқа ма?
в) социометрия әдісімен оқушының сыныптағы орнын анықтау.
1. Өз қалауы бойынша ортаға тарту;
2. Бақылау, әңгімелесу әдісі арқылы. Сынып оқушыларының мінездемесі жолдастарына қиын баланың көзқарасы:
- сыйласа біле ме?
- кіммен дос болғысы келеді?
- басқа балалар мен келіспеушілік жиі бола ма? Себебі?
- қай орында болғысы келеді.
г) не қызықтырады? Анкеталық әдіс.
а) ғылым мен техникадан, өнерден, спорттан қандай сұрақтар қызықтырады? (мамандыққа бейімділгін анықтаймын)
б) мектепте қай пән ұнайды және несімен қызық?
в) Қандай кітаптарды қызығып оқисын?
г) не жасай білесң„не жасауға үйренгің келеді? (еңбекке араласуы, жалқаулығы)
д) немен айналысасың? (спорт, ән-күй, сурет салу, жинақтау, коллекцияау)
Психологиялық қызметтің бағдарлы оқытудағы рөлі
1 бағыт. Психоднагностикалық жұмыс.
Кіші буын оқушыларына: Сьюзен Деллингер әдісі «Психогеометриялық тест» жеке тұлғаны фигуралар арқылы зерттеу Мақсаты: Психогеометрия - жеке тұлғаны анықтауға арналған ең ыңғайлы жүйенің бірі. Ол арқылы әр адамның жеке мінезін, қабілетін, ерекшелігін анықтауға болады.
Жүргізілу барысы: Мыны төмендегі геометриялық фигуралардың біреуіне қарап «Бұл - мен!» -деп айта аласыз ба? Егер жауап беруге қиналсаңыз, онда осылардың ішінен сізге қайсысы ұнайды, соны тандап белгілеуге болады.
Геометриялық фигуралардың ерекшеліктері
Төртбұрыш - ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, бөлшектерге, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты, тазалықты сүйгіш, рационалист, сактанғыш, суык, үндемейтін, қырсық, табанды, енбексүйгіш, маманданған эрудициясы басым, бас саясаткер, достары және таныстары шағын, еңбеккор адам.
Үшбұрыш - көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, прагматизм, өз-өзіне сенімді, импульсивті, шешім қабылдагыш, сезімі күшті, батыл, энергиясы жеткілікті, қауіп- қатерге жақын, лауазымды қызметкер, шыдамсыз, саясаткер, сөзтапқыш, ортадағы қарым - қатынасы кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.
Тіктөртбұрыш - көңіл-күйі өзгермелі, өз-өзін қадағаламайды, анықгалмаған, қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз-өзін төмен бағалайды, өз-өзіне сенімсіз, сенгіш, барлық жаңа қозғалыстарға қызығады, жылдам, көңіл-күйі жылдам өзгереді. Дау-дамайдан қашады, тиянақсыз, ізденімпаз адам.
Шеңбер - қарым-қатыынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоционалды, сезімтал, сенгіш, тез шешім қабылдай алмайды, бас саясаткер әңгіме айтқанды ұнатады. Біреуді көндіре алады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, өткен өміріне көп көңіл беледі, көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам.
Зиг - заг- көңіл-күйі өзгеруге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына ұстамды, арманшыл, болашақка талпынысы жоғары, барлық жаңа өзгерістерге қызығушылығы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды, адамдардың ортасында бірқалыпты, ойын-сауыққа құмар, қаржы мәселесіне немқұрайлы қарайды, шығармашыл адам.
Л . Г. Матвееваның әдісі «Баланың профильдік қызығушылығын анықтау» сауалнамасы
Мақсаты: Баланың кішкентай кезінен бастап қабілетін танып, біліп, балаға жағдай жасау.
Жүргізілу барысы: Бұл сауалнаманы ата-анасы мен сынып жетекшісі баланы бақылау үшін жүргізеді.
Мына берілген мінездемелерге шынайы жауап беріңіз. Жеке әр мінездемені 2, 3, 4, 5- деген бағамен бағалайсыз. Бағаңызды төмендегі кестеге толтырып отырыңыз.
Интеллект қабілеті
1. Сабақты тез және жеңіл қабылдайды.
2. Салауатты ойлайтын қабілеті бар және білімін күнделікті жағдайларда қолданады.
3. Жақсы және ашық ойлайды, ойында шатаспайды. Бір оқиға мен келесі окиғаның байланысын сезеді, себеп -салдарын түсінеді. Егер де үлкен кісі ойын аяқтап айпаса да, ол кісінің ойын түсініп қояды. Басқа адамдардың жасаған іс-әрекеттерінің себебін сезеді, тәртібін түсінеді.
4. Естігенін және оқығанын тез есіне сақтай біледі. Жаттауға, қайталауға көп уақыт бөлмейді.
5. Өзімен жасты балалардың білмейтін мәселелері мен жаңалықтары жайлы көбірек біледі.
6. Сөз қоры бай, жаңа сұраныс сөздерді әңгімесінде жеңіл қолдана береді.
7. Кітапты жаксы көреді. Өзінен бір-екі жас үлкен балалардың оқитын кітаптарын қызыға оқиды.
9. Көп сұрақтар қояды. Көп нәрсеге қызығады, жасы үлкендерге сұрақтарды еркін қояды.
10. Өзімен жасты балалардан бір-екі жылға қабілеті озық. Ондай балалардың сабақта іші пыспауы үшін жоғары сыныпқа ауыстыру керек. Себебі: журнал, кітап арқылы үлкендердің әңгімесінен бәрін біледі.
11. Ойы қызық, күтпеген жерден шешім және жауаптар ұсынады.
12. Тез байқағыш, қабылдағыш. Ойламаған жаңа нәрселерге тез көңіл бөліп, ойланады.
Көркемдік шығармашылық қабілеті
1. Өзінің суреттеріне көп заттарды, жағдайларды, адамдарды шынайы келбетте салады. (Суреттің көрінісінде бір қалыптылық жоқ)
2. Өнер шығармаларына өте байсалдылықпен қарайды. Егер жақсы суретті, дәстүрлі емес скульптураны көрсе, сазды әуенді естісе, ойы сезімге бөлініп, байсалды болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz