Растрлық графика


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім минитрлігі

Еуразия Академиясы

«Информатика және есептеу техникасы»

мамандықтары деканаты

«Компьютерлік графика» пәнінен

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Растрлық графика»

Орындаған: Молдаханова К. Н.

Тексерген: Абдраманова Д. Ж.

Орал 2012ж.

Жоспар

1. Компьютерлік графика түсінігі. Растрлық графика

2. Компьютерлік графиканың түрлері.

3. Растрлық графика АdobePhotoshoр

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Компьютерлік графика түсінігі. Растрлық графика

Компьютерлік графика - аппараттық есептеуіш комплесктерді қолдана отырып, бейнелер мен суреттерді өңдеу және құру әдістері мен құралдарын зерттейтін ақпараттанудың арнайы бөлімі.

Компьютерлі графикамен жұмыс-дербес компьютерді пайдаланудың кең тараған түрлерінің бірі. Бұл жұмыспен тек кәсіпқой суретшілер мен дизаинерлер ғана жұмыс істемейді. Уақыт өткен сайын кез-келген мекемелерде газет-журналдарға жарнамалық хабарландыру жариялауға немесе жарнамалық үндеу парақтары мен буклеттер шығарып таратуға қажеттілік туындап отыр. Ірі фирмалар мұндай тапсырыстарды арнайы бюролар немесе жарнамалық агенттіктерде жасатады. Бюджеті шектелген шағын мекемелер мұны көбінесе өз күштерімен және тиімді программалық құралдардың көмегімен шешеді. Қазіргі мультимедиялық бағдарламаның бір де бірі компьютерсіз жұмыс істей алмайды. Көпшіліктің пайдалануына арналған программа дайындайтын программалық ұжымның 90%-на дейінгі жұмыс уақыты графика бойынша жұмыс атқаруға жұмсалады екен. Редакция және баспахана қызметінде жұмсалатын негізгі еңбек шығындары да графикалық программаның көмегімен көркемдеу және безендіру жұмысынан құралады. . Интернеттегі компьютерлік графика.

Графикалық программалық құралдардың кеңінен пайдалануына қажеттіліктің туып отырғандығының ең басты себебі Интернеттің дамумен байланысты. Ең алдымен миллиондаған жеке “үй парақтарын” бір “өрмекке” жинап отырған World Wide Web қызметінің нәтижесі. Компьютерлік графикасыз рәсімделген парақтың өзіне жүгіргіш саяхат жасау арқылы-ақ, бәсекелестердің кең ортасында ерекшеленіп көріне алу және көпшіліктің назарын аудару мүмкіндігінің болмайтындығы ашықтан-ашық аңғарылады. Көз тарталық әдемі Web-парақтарына деген сұраныс осы істі атқаратын суретшілер мен дизаинерлердің қызмет ету мүмкіндігін бірнеше есеге дейін арттырып отыр. Осыған байланысты қазіргі графикалық құралдар мынандай мақсатпен жасалып жүр: кәсіпқой суретшілер мен дизаинерлерге ыңғайлы аспап беріп қана қоймай, сонымен қатар қажетті кәсіптік машығы жоқ және бойында көркемдеушілікке, сурет салуға деген дарыны жоқ адамдардың өзіне де өнімді еңбек етуге мүмкіндік тудыру.

Компьютерлік графика мониторда немесе сыртқы тасымалдауыштық басылымдарында адамның қабылдаудына ыңғайлы бейнелердің түрлерін және формаларын қамтиды. Компьютерлік графикасыз қазіргі кезде материалды дүниені тану мүмкін емес. Мысалы. Медицина компьютерлік томографияны қолданады, ғылыми зерттеулер - заттың құрылысын, векторлы өрістерді және басқа да мәліметтерді визуальды көруге мүмкіндік береді, мата мен киімдерді модельдеу үшін компьютерлік графиканы қолданады.

Машиналық графиканы қолдану аясы (сферы) :

  • Компьютерлік модельдеу
  • Автоматты проекциялау жүйесі
  • Компьютерлік ойындар
  • Үйрететін программалар
  • Жарнама және дизайн
  • Презентация мультимедиясы
  • Интернет

Компьютерлік графика негізінен - құрал, бірақ оның құрылымы мен әдістері қолданбалы ғылымдардың үлкен жетістіктеріне негізделген. Ол ғылымдарға: математика, физика, химия, биология, статистика, программалау және т. б. Компьютерлік графика жедел дамып келе жатқан информатиканың бір бағыты болып табылады.


2. Компьютерлік графиканың түрлері.

Бейне суреттің қалыптасу әдісіне байланысты компьютерлік графика келесі түрлерге бөлінеді:

  • Растрлық
  • Векторлық
  • Фрактальдық

Үш өлшемді графика жеке пән болып саналады. Ол виртуальды кеңістікте обьектілердің көлемді модельдерінің құрылу әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Бұлар монитор экранында немесе басылымға шыққан қағаз бетінде көрінетін бейнелердің қалыптасу принциптерімен ерекшеленеді. Оның әрбір түрі белгілі бір аймақта қолданылады. Растрлық графиканы мультимедиялы проекттерді жасағанда қолданылады. Растрлық графика құралдарымен жасалған иллюстрациялар компьютерге, көбінесе сканер арқылы енгізіледі. Содан кейін арнайы программалармен графикалық редактормен өңделеді. Векторлы графика үшін программалық құралдар, керісінше қарапайым геометриялық элементтер негізінде құрылған бейнелерді құруға арналған. Негізінде векторлы графиканы қолдану жұмысты безендіру болып табылады. Фрактальды көркем композицияларды құру сурет салудан емес, программалаудан тұрады.

Фрактальды графикамен жұмысқа арналған программалық құралдар математикалық есептеу жолымен жасалатын бейнелер инерациясы үшін қолданылады. Мысалы: оның көмегімен теледидарда заставкаларды жасауға болады.

Қазіргі кезде “компьютерлік графика” деген сөз тіркесін жиі естуге болады. Бұл сөз тіркесі компьютерлік ойындармен, музыкалық клиптермен және анимациялық фильмдермен байланысты.

Компьютер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады. Компьютерлік графиканың әр түрлі топтамасы бар. Мысалы, түс ерекшелігіне қарай қара-ақ және түрлі түсті болып ажыратылады. Қолдану бағытына қарай инженерлік графика, ғылыми графика, Web-графика, көркемдік және т. с. с болып бөлінеді. Кескіндердің құрылу әдістеріне байланысты компьютерлік графиканы екі өлшемді және үш өлшемді (3D) графикаға бөледі.

Мәтіндік ақпаратты кескіндеу үшін әр түрлі 256 (немесе 28) символдар пайдаланылады. Әр символдың ақпараттық салмағы 8 битке немесе 1 байтқа тең. Бір символды екілік кодтау үшін 1 байт немесе 8 бит екілік разряд керек болады. Әрбір нақтылы символдың екілік коды кодтық кестемен анықталады. Стандарт ретінде ASCII кестесі - ақпарат алмасудың американдық стандартты коды қабылданған.

Мәтіндер компьютер жадында екілік кодпен сақталады да программалық тәсілмен экрандағы бейнеге түрлендіріледі. Мәтіндік хабардың ақпараттық көлемі сол хабардағы символрад санымен анықталады, ал хабардың мағынасы маңызды болмай қалады. Мәтіндік режимде экран әр жолда 80 символдан 25 жолға бөлінеді.

Дисплей экраныда жекелеген нүктелерден (пиксельдер) тұратын графикалық бейнені кескіндеу түрі растрлық деп аталады. Растрлық гарфикалық редактордағы ең кіші (минималь) объект нүкте болып табылады. Растрлық графикалық редактор сурет, диаграмма жасауға арналған.

Монитор мүмкіндігі (горизонталь және вертикаль бойынша нүктелер саны), сондай-ақ әр нүктенің мүмкін болатын түстерінің саны монитордың типімен анықталады. Кең таралған мүмкіндік қабілеті - 800*600=180 000 нүкте. Ақ-қара экранда 1 пиксель ақпараттың 1 битімен кодталады (қара немесе ақ нүкте) . әр түрлә түстердің саны К-мен оларды кодтау үшін битер саны - bK=2b формуласымен айқындалады.

Қазіргі мониторлардың келесідей цифрлық палитралары бар: 16 түс, 256 түс, 65 536 түс (hign color), 16 777 216 түс (true color) . Бір пиксель ақпарат көлемінің монитордың түстер палитрасынан тәуелділігі:

Бүкіл экранды (бейнежадты) алып тұратын графикалық бейнені сақтау үшін қажетті жадтың көлемі мүмкіндік қабілетінің бір нүктені кодтайтын беттер санының көбейтіндісіне тең. ДК бейнежадында биттік картасы (бененің екілік коды) бар, ол процессормен секундына 50 реттен артық оқылады да экранда бейнеленеді.

Төмендегі кестеде мүмкіндік қабілеті мен түстер палитрасы әр түрлі мониторлар үшін бейнежад көлемдері келтірілген.

Техникалық сызбалар және оларға ұқсас графикалық бейнелер ЭЕМ-да басқаша енгізіледі және сақаталады. Кез келген сызба кесінділерден, доғалардан, шеңберлерден тұрады. Сызбада әр кесіндінің басы мен соңын анықтайтын екі нүктенің координаталарымен беріледі. Шеңбер - центрінің координаталарымен және радиусының ұзындығымен беріледі.

Доға - басы мен соңының координаталарымен, центрімен және радиусымен беріледі. әр сызық үшін оның типі көрсетіледі: жіңішке, штрихпунктирлі және т. с. с. Графикалық ақпараттың бұндай кескінделу түрі векторлық деп аталады. Векторлық графикалық редактормен өңделетін ең кіші бірлік элементар объект - тіктөртбұрыш, дөңгелек, доға болып табылады. Сызба туралы ақпарат арнайы программалармен өңделеді. Ақпаратты веторлық түрде сақтау жадының қажетті көлемін ақпаратты растрлық түрде кескіндеуге қарағанда бірнеше ретке қысқартады.

Қорыта айтқанда пакеті қуатты құралдар, графикалық дизайнның қиын тапсырмаларын оңайлатады, сан түрлі эффекттер, үш өлшемді графикамен жұмыс, растрлық объекттерді өңдеу және т. с. с. Corel DrawGraphics Suite 11 пакетінің өзіне теңдесі жоқ мықты графикалық пакет екендігін дәләлдейді.

3. Растрлық графика АdobePhotoshoр

Растрлық графика кескінді торда орналасқан пикселдер деп аталатын түсті нүктелер арқылы белгілейді. Мысалға алғанда ағаш жапырағының суреті тордың әр нүктесінің түсін нақтылы орналасуы арқылы белгіленеді, бұның нәтижесі суретті мозаикадағы сияқты көрсете алады.

Растрлық графикада редактрлеу кезінде нүктелер емес пиксельдерді редактрлеу керек. Растрлық графика өзінің көлеміне тәуелді болып келеді, өйткені бұл оның белгілі өлшемдегі торда орналасуына байланысты болып табылады. Растрлық графиканы редактрлеу кезінде оның көрсетілу сапасы өзгеруі мүмкін. Жеке қарағанда растрлық графикада көлемді өзгерту ондағы суреттің қырларының бұзылуына әкеп соқтырады, себебі пиксельдер тордағы орналасу ретін өзгертеді. Растрлық графиканы көлемі кіші құрылғылардан шығару, оның суретінің сапасының нашарлауына себепші болады. Растрлық форматта негізгі элемент болып түсі берілген нүкте, яғни пиксель болып табылады. Мысалы ақ түсті фондағы қызыл эллипсті сипаттағанда эллипс пен фонның әр нүктедегі түсін көрсету қажет. Сурет көп нүктелер түрінде көрсетіледі - олардың көп болуы суреттің визуальдік сапасының артық болуына және де файл көлемінің ұлғаюына әкеледі. Яғни бір сурет нүктелердің санына байланысты жақсы не болмаса нашар сапалы түрде көрсетілуі мүмкін. Одан басқа суреттің сапасы әр нүктедегі түстердің мөлшеріне де байланысты.

Растрлық графиканы көп бөлшектреден және түстерден тұратын фотографиялық типті суреттерді көрсетуде қолданады. Бұндай суреттерді масштабтау көп жағдайда сапаны төмендетеді. Нүктелердің азаюы кезінде кішкентай бөлшектері жоғалып, жазулар деформациялануы мүмкін. Пикселдерді еңгізу суреттің нашарлауына әкеледі, өйткені жаңа нүктелер қосымша түс береді. Кең таралған форматтар: . tif, . gif, . jpg, . png, . bmp, . pcx және т. б. Қосымша плагиндерсіз ең көп таралған броузерлер . gif, . jpg, . png растрлық форматтарын ғана түсіне алады. Векторлық редакторды қолдану көп сұранысқа ие болмай тұр, бірақ жаңадан бастау алған суретшілерге векторлық ортада оңайлау болып келеді. Мұндағы элемент оңай түзетіледі. Растрлық режимде сурет салғанда түзете алмайтын қателер кетуі мүмкін. Растрлық және векторлық графиканың ұқсастықтары да бар -файлдарды әртүрі форматтарда ашу мүмкіндітері, бірдей құрал-саймандар мен функциялардың қолданылуы. (қарындаш, қалам; бөліп алу, орын ауыстыру, масштабтау т. б. ), керек түсті таңдау. Бірақ та редактрлеу мен сурет салуды іске асыруда айырмашылықтар болады.

Мысалы растрлық редактордағы бөіп алу десек- күрделі форма облысы түрінде нүктелер бірігуі айтылады. Бөліп алу өте қиын да, көп уақыт алатын іс болып табылады. Векторлық редакторда объект графикалық примитивтердің бірігуі болып келеді, және оны бөліп алу үшін әрқайсысын тышқанмен шерту жеткілікті.

Осыған қарамастан олардың ұқсас болып және де бір-бірімен сәйкес болуына көптеген жағдайлар әсер етеді. Жаңа заманға сай көптеген векторлық редакторлар растрлық суреттерді фон ретінде қолдана алады, ал кей жағдайларда олар растрлық суреттер бөлігін векторлық форматқа ауыстыруы да мүмкін. (трассировка) Алынған фондық кескінді редактрлеу үшін орнатылған немесе еңгізілген арнайы құрылғы фильтрлердің көмегі болуы мүмкін. Illustrator’дың 8-ші бөлімі Photoshop’тың psd-дің файлдарын еңгізуі мүмкін және де алынған қабаттарды пайдалана алады. Ал кейбір растрлық редакторлар векторлық редакторлардың кей файлдарын алуы мүмкін не болмаса оларды редактрлеу мүмкіндігі болуы үшін растрға ауыстыра алады.

• Векторлық форматта-басы мен соңы координаттары, түсі жіне қалыңдығы берілген.

• Растрлық форматта - кескінге тиісті әр нүкте координаты мен түсі берілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Растрлық кескін түстерінің саны
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ
Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру
Компьютерлік графика бойынша
Компьютер графикасы
Компьютерлік графиканың маңызы
Компьютерлік графика туралы
12-жылдық білім берудегі компьютерлік графиканын мүмкіншіліктері
Компьютерлік графика ұғымы
Paint растрлық графикалық редакторы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz