Психологиялық ағарту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманиатарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Психологиялық ағарту

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж.
Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Психологиялық білім беру және ағарту жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...5
2. Психологиялық ағарту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

Кіріспе
Білім беру жүйесінде оқушыларды психологиялық дамыту, педагогтардың психологиялық білімін арттыру мақсатында психолог іс-әрекет етеді. Бұл салада психологтың қызметін И.В. Дубровинаға сүйіне отырып тікелей және жанама әсер ету деп қарастыруға болады. Тікелей әсер ету деп психологтың оқушылармен тікелей қатынас жасауын айтамыз. Жанамалы психологиялық қызметте психолог мұғалім арқылы оқушы-ларға, ата-аналарға әсер етеді. Сөйтіп, психолог педагогтармен бірлесіп іс-әрекет етеді, олай болса бұл жерде психологтың ең бірінші мақсаты - педагогтармен тіл табысу, өзара бірлесе әрекет ету. Бұл өте күрделі әрі қиын үрдіс, ол үшін өзара қарым-қатынастың тең құқылы әріптестік формасын құру қажет. Психолог пен педагог оқушылар туралы ақпараттармен алмасып, оқыту және тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін қарастырады.
Әдістемелік семинарларда психолог оқыту мен тәрбиелеу аймағындағы психология ғылымының жетістіктері туралы айтып, педагогтарды әдебиеттермен таныстырып, мектеп өмірінен нақты жағдайларды мысалға алып психологиялық әсер ету арқылы оларды түзетуге мүмкіндігіне жеткізуі керек.
Психолог білім беру мекемесіндегі тәрбиешілер мен педагогтарға Жедел жәрдем, балаларға күтуші ретінде емес, кәсіби маман ретінде келеді. Психолог педагогикалық ұйымның бір мүшесі және ол балалардың психикалық дамуын, психологиялық денсаулығын қамтамасыз етеді. Психолог өз жұмысында кәсіптік біліміне, индивидуалды психи-калық дамуына, психологиялық іс-әрекет пен адамның мінез-құлық мотивтеріне, тұлғаның онтогенез кезіндегі дамуына сүйенеді.
Практик психолог балалар бақшасында, мектепте, интернатта жұмыс істей отырып, әр-түрлі жас аралығындағы оқушылармен жұмыс жүргізді. Өзіндік жағдайды анықтауда психологиялық даярлық біртіндеп, баланың туғаннан бастап - үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасы кіреді.

Психолог баланың психикалық даму шарттарының жолдарын анықтайды. Енді бұл жерде туындайтын сұрақ - білім беру мекемесіндегі психолог кімге бағынады және кіммен жұмыс істейді? Бұл сұраққа былай жауап беріп көрейік: Психолог екі жақты бағынушылықта болады. Ұйым-дастырушылық басқару бойынша мектеп директорына, ал кәсіптік жағынан - әдістемелермен қамтамасыз ететін, кәсіптік қарым-қатынас жасайтын психологиялық орталықтың маман психологтарына бағы-нады.
Мұндағы психикалық даму заңдылықтарының зерттеу нәтижелері психикалық үрдіс ерекшеліктерімен, соны-мен қатар оқу іс-әрекет ерекшіліктерін нығайтудағы психологиялық әдістердің негізінде жатыр.
Үрдістердің сенсорлы - перцептивті зерттелінуі, жадының, ойлаудың, қызығушылық қызметтің құрылулары және оның дамуы ерекшіліктері заңдылық аймақтар және психомоторлық мінез-демелер кіші оқушылардың ерекшеліктерінің аймақтарын айқындауға мүмкіндік береді. Бастауыш сынып жастағы оқушылардың мотивациялық аймағы, сана-сезімнің және өзін-өзі бағалаулары, мінез-құлық, әлеуметтік хабардар болулардың және т.б даму ерекшеліктері көрсетілген.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Психологиялық білім беру және ағарту жұмыстары
Бұл күнде осы сөздің авторы чехиялық Ян Амос Коменскийді көпшілік қолдайды. Бірақ бұндағы дауыл мәселе - білім беру, білім алу қандай түрде болуы керек? Болып жатқан өзгерістер әсері қандай? Ал өзгерістер деп отырғанымыз:
- толық он бір жылдық білімді енгізу және он екі жылдық оқуды талқылау;
- жаңа оқу дисциплиналарын (пәндерінің) пайда болуы;
- мемлекеттік және жеке меншік мектептердің құрылуы т.б.
Өкінішке орай, барлық жаңа ашылымдар жеткілікті түрде ойлас-тырылып, негізделмеген. Бірінші сыныпқа алынған оқушылардың ата-аналары оның оқу біліктілігі, санай алу, әріптерін жаза алуын тексергенде, бұның барлығы мектеп мойнында емес пе деп ойлайтындар да баршылық. Бұдан: қандай бағдарламамен оқушылар оқу керек деген сұрақ туындайды. Осы сияқты сұрақтар жауап-сыз қала беруі де білім берушілерге деген сенімсіздік тудырады. А.Г. Асмолова айтуы бойынша білім - қоғамды дамытады.
Білім беруде екі басты іс-әрекет жасаушы - мұғалім және оқушы. Бірақ педагог пен балаға психологиялық кеңес беруді қажет етеді. Неге мектепте балалар пән мағлұматтарын меңгеріп үлгермейді, неге қарым-қатынаста қиыншылықтарға кездеседі, неге кейде агрессивті, жалқау. Осы және тағы басқа сұрақтар ата-аналар мен педагогтарды ойландырады. Осындай мәселелермен олар психологқа жүгінуге даяр. Ал психолог бұл мәселелерді шешу үшін келесі талаптарды орындауы қажет.
Психологиялық кәсіптілік - бұл психологиялық мәселелерді шеше алу және оларды көріп қорытынды жасау болып табылады.
Л.С. Выготский педагогикалық және әдістемелік айырмашылықтарды көріп, оны психологиялық жағынан қарастырды. Педагогикалық анализдің, педагогикалық үрдістің міндеті - оқыту актісінің дамуы емес, мектептегі оқытудың ішкі даму үрдісіне әсері.
Ресейлік психологияда нені қалай оқыту керек туралы сұрақтарды Л.С. Выготский, П.П. Блонский, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, П.Я. Гальперин тағы басқалар қорытып шығарды. Н.Ф. Талызина [21, б. 87], П.Я. Гальпериннің [5, б. 89], ал Қазақстанда С. Елеусізова, Р. Қарамұратова зеттеулеріне сүйене отырып, оқыту мазмұнына байланысты үрдістік бірнеше жағдайларды бөліп көрсетті.
1) Оқытудың негізін базалық білім құрауы қажет;
2) Оқытудың мазмұнына базалық біліммен жұмыс істеу тәсілі жатуы қажет;
3) Білімді меңгеру, оқыту тапсыр-маларын шешу формасында орындалып, бұл оқытуды ешқандай жаттаусыз-ақ қамтамасыз етіліп, есте сақтау қорытынды негізінде қалыптасуы керек;
Мектеп жағдайына қатысты, идиалды нұсқа болып әр бір баланың психологиялық мәселесіне психологты енгізу болып табылады.
Н.Р. Талызинаның оқытуында ұстанған психологиялық мазмұны үшінші типті оқуға жатады. П.Я. Гальпериннің пікірінше бірінші және басты үшінші типті оқыту-бұл танымдық іс-әрекеттерді тітір-кендіріп, өзінің танымдық қызығушылығын нығайтады.
Қазіргі кездегі мектептердегі психологтордың алдында мектеп әкімшілігі жағынан танымдықтары мотивтенген балаларды іздестіру тапсырмасы тұрады. Біздің пікірімізше бұл тапсырманы басқалай құрастыру жөн: іздеу емес, танымдық мотивацияны құру. Себебі, танымдық мотивацияны құру арқылы оқушылардың мотивацияларын дамыту дұрыс.
Білім беру жүйесінің мәселесінің мазмұны баланың танымдық ерекшеліктері мен тұлғалық эмоционалды сферасын диагностау мәселесімен тікелей байла-нысты. Бірақта көпшілік мектептің бетке ұстар мұғалімдері психолог тестер ғана өткізеді деп ескертеді. Бұл әрине өкінішті.
В.П. Зинченко Диагностау тек тестерге негізделмейді, оның интерпритациясының өңделуіне негізде-леді дейді. Яғни бұл жағдайда біріншіден қажет ерекшелікті анықтау, екіншіден нені түзету керек соны іздеу. Егер психолог тек сандармен сызбанұсқаларды сызумен ғана шектелсе шындығында бұл психолог психолог емес.
Мектепке қатысты идеалды нұсқа болып әр бір баланың психологиялық мәселесіне психологты кірістіру, алайда бұнда бұл әрекетті қолдану мүмкіндігі аз. Біздің ойымызша, ең мүмкін болар шешім: психологтың мұғалімдермен жұмысы. Осылайша мектептегі психологиялық қызмет туралы ғана емес, психологиялық - - педагогикалық бірлескен іс-әрекет туралы сөз ету орынды.
А.А. Реан психологиялық және педагогикалық күштердің интеграциясы туралы айта келіп, психологиялық қызметті психологиялық-педагогикалық жүйенің бірлескен элементі ретінде қарастыруды ұсынды.
Психолог жұмысы білім беру жүйесінің түрлеріне (шығармашылық және математикалық мектептер, гимназия, лицейлер) байланысты қызмет міндеттері анықталады.
Психолог өз жұмысын жүргізу үшін ыңғайлы орын қажет. Кабинет - бұл қажетті психологиялық қызметтердің компоненті. Психолог кез-келген мекемеде жұмыс істей отырып, негізгі тапсырмаларды шешеді. Кейбір неғұрлым қажетті іс-әрекеттерге көңіл бөлейік: практикалық психолог ең бірінші психология - педагогикалық шарттарды бақылауға міндетті. Ол балалардың даму ерекшеліктері баланың негізгі даму барысында қалыптасқанын ескеру керек.
Баланың дамуындағы шарттарды талқылау барысында Л.С. Выготскийдің дамудың жақын аймағы принципін қолдану дұрыс. Бұл принципті қолдау арқылы психология-педагогикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АҒАРТУ ЖҰМЫСЫН ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Психологиялық - педагогикалық қолдап отыру
Қазақстандағы педагогика - психология ғылымдарының іргетасын қалаушы
Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық - саяси қызметі және ғылыми мұрасы
Төлеген Тәжібаевтың еңбектері
Педагог психологтың ата - аналарымен жүргізілетін жұмыстарының мазмұны
Психологиялық кеңес жұмыстары
Тәжірибенің мақсаты
Қазақстандағы ұлы педогок ағартушылардың үлес қосқан ой – пікірлері
Қазақ халқының ұлы ағартушылары
Пәндер