Педагогикалық әрекет нәтижесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
1. Педагогикалық негізгі ұғымдар
2. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
3. Педагогика ғылымының негізгі салалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Педагогикалық негізгі ұғымдар
Ұғым ғылымның мәнін ашатын неғұрлым ауқымды және жалпы тұсіністерністер. Кез келген ғылымда ұғым жетекші роль атқарады. Негізгі педагогикалық ұғымдар - тәрбие, білім беру, оқыту. Ғылым даму мен қалыптасуға да көп сүйенеді.
Тәрбие - жеке тұлға қалыптастырудағы мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған үдеріс.
Тәрбие - қоғам мен әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени деңгеймен тығыз байланысты тарихи құбылыс.
Тәрбие:
1) қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстарға нақты көзқарас;
2) өмірге көзқарас;
3) мінез-құлық қалыптастырудың негізінде мақсатты түрде жеке тұлға жасау.
Тәрбие педагогикада әлеуметтік кең мағынада, әлеуметтік тар мағынада, педагогикалық кең мағынада, педагогикалық тар мағынада қолданылады.
Әлеуметтік кең мағынада тәрбие - аға буынның жинақталған тәжірибелерінің кейінгі ұрпақтарға берілуі. Тәжірибе деп білім, іскерлік, ойлау тәсілдері, адамгершілік, эстетикалық кұқықтық нормалар қысқасы-адамзаттың тарихи дамуы кезіндегі меңгергендері.
Адамзат тәрбие арқылы қиындықты жеңді, нығайды, қазіргі даму деңгейіне жетті. Көптеген философтар қоғамдық өмірді басқару заңдылықтарын талдай келе тәрбие мен қоғамның өндіргіш күштерінің даму деңгейін белгілеп берген. Тәрбие қоғамның дамуына әсер етті, қоғам тәрбиеге мүмкіндік жасады. Тәрбиенің бағыттылығы, сипаты өндіргіш күштердің даму деңгейі мен өндірістік қатынастардың сипатына сәйес. Сондықдан тәрбие нақты тарихи сипатқа ие.
Қоғамдық-экономикалық формацияның өзгеруі тәрбиенің өзгеруіне әсер етті. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі тәрбиенің мақсатын, міндетін, нысанын және ұйымдастырылуын өзгертті. Өмірдің әлеуметтік жағдайы тәрбие сипатын өзгертті, ал оның әсері адамдардың санасы мен мінез-құлқын өзгертті.
Әлеуметтік тар мағынада тәрбие - қоғамдық институттар тарапынан нақты білім, көзқарас пен сенімділік, адамгершілік құндылық, саяси бағдар, өмірге дайындық қалыптастыруға батытталған әрекет.
Қазіргі қоғамда тәрбие ісі отбасы, бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиеттер, өнер, еңбек ұжыы, құқықтық тәртіп органдары арқылы жүзеге асырылады.
Педагогикалық кең мағынада тәрбие - бұл оқу-тәрбие мекемесінде жүзеге асырылатын, ұжымның, тәрбиешілердің тәрбиеленушілерде белгілі сапа қалыптастыру мақсатында арнайы ұқйымдастырылған, бүкіл оқу-тәрбие үдерісін қамтитын мақсатты әрекет.
Педагогикалық тар мағынада тәрбие - нақты тәрбиелік міндетте шешу, тәрбиеленушілердің жеке басының белгілі сипаттары мен қасиеттерін, көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға бағытталған әрекет.
Тәрбие ісі - педагогтың іс-әрекетінде тәрбиеленушінің өзінің-өзіне әсері кезінде, тәрбиеленушілердің бір-біріне әсері кезінде, педагогтың оқушыларға әсері кезінде жүзеге асады. Педагогикада Өзін-өзі тәрбиелеу, Түзету, Қайта тәрбиелеу деген де ұғымдар бар.
Әр адамның дамуы адамзат жинақталған тәжірибенің тәрбие арқылы берілуімен жүзеге асады.
Білім беру - педагогикалық негізгі ұғым, ол - оқыту нәтижесі, оқушының меңгерген білімінің, іскерлігінің, дағдысының, ойлау тәсілдерінің жүйеленген көлемі.
Білім беру - адам дамуы үшін арнайы ұйымдастырылған жүйе. Арнайы ұйымдастырылған жүйе - бұл білім-тәрбие орындары, кадрлар білімін көтеру және қайта даярлау мекемелеру. Онда жинақталған тәжірибе арнайы дайындалған педагогтар көмегімен мақсатқа, бағдарламаға, құрылымға сәйкес беру және қабылдау жүзеге асырылады. Мемлекеттегі барлық білім беру мекемелері білім жүйесіне біріктірілген.
Білімділікке қойылатын басты талап - адамның логикалық ойлауының көмегімен білім жүйесінің кемшілігін өз бетінше қалпына келтірудегі білімнің және ойлаудың жүйелігі.
Кез келген мектеп немесе университет бітірген адамды білімді деп айтуға болмайды.
Алған білімінің көмегіне және өз бетінше ойлау деңгейіне қарай бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және жоғары білімді, т.б. деп ажыратылады.
Білім беру деңгейлері ҚР-ның Білім туралы Заңында көрсетілген төмендегі деңгейлерді қамтиды:
1) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) Бастауыш білім беру;
3) Негізгі орта білім беру;
4) Орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық жәнге кәсіптік білім беру);
5) Орта білімнен кейінгі білім беру;
6) Жоғары білім беру;
7) Жоғары оқу орнынан кейіңгң білім беру.
Жалпы Білім беру көлемі мен бағытына мемлекет басшылық жасайды.
Оқыту - педагогикалық үдерістің нақты түрі. Оқыту барысында арнайы дайындалған тұлғаның басшылығымен білім беру міндеттері жүзеге асырылады.
Оқыту - білім беруге қарағанда тар ұғым. Оқыту бір жүйеге келтірілген білімді, іскерлікті, дағдыларды меңгеруді қамтамасыз ететін негізгі тәсіл. Оқыту - педагог пен оқушы арқылы жүзеге асырылатын іс-әрекет.
Оқытуда адам адамзат тәжірибесін құйып ала беретін ыдысқа айналмай, сол тәжірибеден нәтиже шығаруға, жаңалық ашуға тиісті. Сондықтан адам дамуы өзін-өзі үйрету, өз білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі таныту болып табылады.
Оқыту екі жақты үдеріс: сабақ беру және оқу. Сабақ беру педагог пен оқушы арқылы жүзеге асады. Оқу - оқушының іс-әрекеті.
Даму - адамның дене және рухани күшінің сан және сапа жағынан біртіндеп өзгеруі. Жеке тұлға дамуы күрделі үдеріс. Бұл үдерісті терең оқып білі үшін қазіргі заманғы ғылым даму компоненттеріне жеке-дарақарау жолын таңдаған: дене, психикалық, әлеуметтік және рухани даму.
Педагогика жеке тұлғаның рухани даму мәселесін басқа компоненттермен өзара байланыста қарастырады. Жеке тұлғаның дамуы сыртқы және ішкі, әлеуметтік және табиғи, басқарылатын және басқарылмайтын себептердің әсерімен жүзеге асады.
Қалыптасу - әлеуметтік зат ретінде - экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, идеологиялық, психологиялық т.б. әсерімен адамның адам үдерісі. Тәрбие - жеке тұлға қалыптасуының негізгі шартының бірі. Қалыптасу адамның жеке тұлғаға айналуының аяқталуын, кемелгендендік, беріктік деңгейдің жетістігін білдіреді.
Оқытуға байланысты педагогикалық құбылыстарды қарағанда білім, іскерлік, дағды деген ұғымдар қолданылады.
Білім - оқушылар меңгерген танымдық ақпарат, ол болмыстар мен құбылыстардың байланыстарын айқындайтын нақты ережелерді, заңдар мен заңдылықтарды қамтиды. Оқушылар білімді меңгере отырып, терминологияны, негізгі ғылыми ұғымдарды және басқаларды игереді.
Іскерлік - белгілі бір әрекеттер жасау үшін, оқушылардың ағлан білімді пайдалана білу қабілеттілігі.
Дағды - алған білімнің негізінде автоматты түрде әрекет ету іскерлігі. Дағды белгілі әрекеттерді бірнеше рет орындау нәтижесінде қалыптасады.
Педагогикада мақсат, құрал, тәсіл деген де ұғымдар бар.
Кейбір зерттеушілер педагогикалық негізгі ұғымдар қатарына мынадай жалпы түсініктерді де жатқызуды ұсынады:
oo Өз білімін көтеру;
oo Өзін-өзі дамыту;
oo Педагогикалық үдеріс;
oo Педагогикалық әрекет нәтижесі;
oo Әлеуметтік қалыптасу, т.б.

2. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Көптеген педагогикалық мәселелерді зерттеу адам туралы басқа ғылымдар мәліметтерін, пәнаралық байланыстырады талап етеді, оқылатын мәселе туралы толық білімнің қажеттілігі туындайды. Кез келген ғылым басқа ғылымдарен тығыз байланысты дамиды.
Дамып келе жатқан адам педагогтардың оқыту, тәрбие беру объектісі болғандықтар педагогика адамды зерттейтін ғылымдармен тығыз байланысты.
Педагогика дамуы философиядан бастау алады. Философия - педагогика ғылымы дамуының ірге тасын құрайды. Ол - табиғаттың, адамзат қоғамы мен ойлаудың ортақ заңдары туралы ғылым.
Педагогика мәселелерін әзірлеуде философияның әлеуметтану, этика, эстетика сияқты салалары маңызды.
Әлеуметтану - қоғам, қоғамдық тұрмыстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары
Жоба тақырыбын таңдау
Мұғалім еңбегінің профессиограммасы - мұғалім тұлғасының моделі
Педагогикалық құзырлық түсінігі
Педагогика пәні
Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны
Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс)
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Педагогикалық әрекет ғылым және өнер ретінде
Пәндер