Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

«Жаратылыстану» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Пайдалы қазбалар және энергетикалық кешенді ресурстарды кешенді пайдалану және оларды қорғау шаралары»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1. Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі олардың қолданылуы . . . 5

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР . . . 9

Қорытынды . . . 19

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 21


Кіріспе

Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресустарды игеру көп күрделі қаржыны керек қылады: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады. Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары экономикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны (отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75% болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі - адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.

«Табиғи ресустар» деген терминмен қатар «табиғи жағдайлар» деген неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын шек кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия алынатын ресурс.

Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі осы.


Негізгі бөлім

1. Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі

олардың қолданылуы

Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі. Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау.

Қазақстан Республикасының шикізат базасы және оны дамыту бағыттары. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму жағдайындағы отын энергетикалық кешенді дамыту.

Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалануды жақсарту жолдары. Ауыл-шаруашылық базасын дамыту. Шикізаттың химиялық түрлерінің өндірісін дамыту. Қоршаған ортаны қорғау және өндіріс тиімділігін көтеруді есекере отырып материалдық ресурстарды ұтымды пайдаланудың жолдары.

Шикізат таңдаудың экономикалық негіздеуі, шикізатты кешенді түрде пайдалану, өндіріс қалдықтарын өндіру, шикізатты алғашқы өңдеуден өткізу және толықтырудың экономикалық тиімділігі. Кәсіпорынның шикізаттық, материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды басқару. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандыру.

Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау әдістері, көрсеткіштері, факторлары және мәні.

Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын - табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты. Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы - оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді.

Ресустардың орналасуы және әр түрлі елдердің олармен қамтамасыз етілуі. Географияның мұның алдындағы курстарынан сендер табиғи ресустардың минерал, жер, су, өсімдік ресустары түрінде болатынын білесіндер. Мұның өзі оларды табиғат құбылыстарының қай тобына жататынына қарай топтастырудың бір түрі. Бұған қоса табиғи ресустарды жаңадан толығып отыратын және толықпайтын ресустар деп те саралайды, экономиканың белгілі бір саласына арналу белгісі бойынша, сапасы бойынша (яғни . . . оларда пайдалы компоненттердің болуына қарай), түзілу сипатына қарай (минералдық, органикалық) және басқадай топтастырулар қолданылады.

Табиғи ресустардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге әсте болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің ірі-ірі аймақтарының арасында да олардың табиғи ресустармен қамтамасыз етілуінің деңгейі мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде мұнай мен газдың мол ресустары бар. Анд елдері мыс және полиметалл рудаларына бай, тропиктік ормандары көп мемлекеттерде бағалы ағаш сүрегі ресурстары мол.

Дүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті» жағынан олардан кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп түрлілігінің зор маңызы бар. Мысалы, жеке бір елде қара металлургияны ұйымдастыру үшін тек темір рудасының ғана емес, сонымен қатар марганецтін, хромиттің, кокстелетін көмірдің болуы өте маңызды. Ал егер бұл ресурстар мұның үстіне бір-біріне біршама жақын орналасқан болса, онда бұл ел үшін тиімділігі де жоғары болмақ.

Дүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды. Мысалы, экономикада үздік жетістіктерге жеткен Жапонияның ассортимент жағынан болсын, мөлшер жағынан болсын минералдық ресурстары өте-мөте шектеулі. Онда күкірт пен пириттердің ғана мол қорлары бар, ал мұнай, табиғи газ, темір рудасы, сирек металдар рудалары, фосфориттер, калий тұздары және т. б. өте-мөте жетіспейді. Жапонияға қарағанда минерал шикізат ресурстары орасан мол болғанымен, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мардымсыз көптеген мысалға келтіруге болады.

Табиғи байлықтардың планета бойынша әркелкі орналасуы, бір жағынан, халықаралық еңбек бөлінісі процесі мен халықаралық экономикалық байланыстардың дамуына себепші болса, екінші жағынан, кейбір табиғи ресурстары жоқ елдерді белгілі бір экономикалық қиыншылықтарға ұшыратады.

Табиғатты пайдалану процесінде табиғи ресурстарды ғылыми негізде шаруашылық тұрғысынан бағалаудың маңызды мәні бар. Оның құрамдас элементтері табиғи ресурстарды барлау, анықтап ашу, инвентарьлау, сондай-ақ мөлшері мен сапасы тұрғысынан бағалау болып табылады. Әлемнің кемел дамыған елдерінде мұндай ресурстар ендігі жан-жақты бағаланған, ал дамуы баяу елдерде бұлай бағалау әлі жүргізілмеген. Ал анығында табиғи байлықтарды мұқият есепке алмайынша, өміріміздің барлық салаларында олардың тұтынылуын бақылаудың мінсіз қалыптасқан жүйесі болмайынша және бұл ресурстарды барынша үнемдемейінше адамзат осылай «мәңгілік» өркендей береді деп үміттенуге болмайды.

Қазіргі кезде бейметалл пайдалы қазбалар өздерінің жетекші пайдалы қасиеттері мен өнеркәсіпте қолданылуының басты бағыттары бойынша үш топқа бөлінуі мүмкін: 1) индустриялық шикізат: асыл, әшекей және техникалық тастар - алмас, лағыл (рубин), жақұт (сапфир), зүбаржат (изумруд), табас (топаз), анартас, малахит, ақық, т. б. ; пьезооптикалың және электротехникалық шикізат - пьезокварц, исланд шпаты, оптикалық кварц, оптикалық флюорит, мусковит, флогопит ; жылу- және дыбысоқшаулауыш, қышқыл және сілтітөзімді, сонымен қатар оттөзімді материалдар мен металлургиядағы қоспа шикізат - графит, асбест (хризотил мен амфибал), тальк, магнезит, флюорит, ауыртас ( барит ), витерит; табиғи оптағыш-жұтқыштар (сорбенттер) - цеолит, бентонит, т. б. ; 2) химиялық және агрономиялық шикізат: минералдық тұздар - калийлі, калий -[[ магнийлі, астұз, натрий сульфаты, табиғи сода; фосфор шикізаты - апатит пен фосфорит; күкірт пен бор шикізаты; 3) кұрылыс материалдар өнеркәсібі үшін минералдық шикізат: жеңіл бетон толтырғыштар мен жылуоқшауағыш материалдар өндірісі үшін - көбіктас (пемза), жанартау және әкті туф, диатомит, трепел, опока, перит, вермикулит; құрылыстық және қаптама тас - магмалық, шөгінді және метаморфтық таужыныстар; байланыстырушы материалдар өндірісінің шикізаты - карбонат таужыныстар, гипсит пен ангидрит; құрылыстық құм мен құм-гравий материал; керамикалық шикізатсаз бен каолин, далашпат, пегматит; шыны шикізаты; тасқұю шикізаты; минералдық пигменттер. Индустриялық шикізатқа біріктірілген пайдалы қазбалар - айрықша физикалық қасиеттері бар (жылуға төзімді, оттөзімді, қаттылыгы жоғары, пьезоәлектрлік және оптикалық қасиеттері бар, т. б. ) минералдар мен таужыныстар. Олар табиғи күйінде немесе байытылғаннан кейін пайдаланылады. Химиялық және агрономиялық кен құнды химиялық элементтер мен қосылыстар айырып алу үшін терең өңдеуден өтеді. Ал үшінші топқа жататындар - құрылыс материалдары өнеркәсібінде табиғи күйінде, сонымен қатар термикалық немесе физикалық - химиялық өңдеуден кейін қолданылатын тау-жыныстар. Бұл бөлінген топтардың шекарасы қатаң емес. Көп мақсатта қолданылатын бейметалл пайдалы қазбалардың жекелеген түрлері ( барит, магнезит, гипс, ангидрит, флюорит, кварц, далашпат, нефелин, т. б. ) жіктелімнің әр түрлі тобына жатқызылуы мүмкін.


2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР

Жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі Орталық Қазақстан аумақтық басқармасы (“Центрказнедра” АБ) 1992 жылы бұрынғы “Центргеология” өндірістік геологиялық бірлестігінің базасында құралып Орталық Қазақстан аумығы бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын қорғау комитетінің аумақтық органы болып табылады. Ол Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарын қамтып, өз қызметін 674, 5 мың шыршы километрде немесе республика жерінің 24, 8% аумағында жүзеге асырады.

“Центрказнедра” аумақтық басқармасының негізгі міндеті ҚР Заңдарында көзделгендей минералдық шикізаттардың барлық түрін, жер асты су көздерін геологиялық зерттеу, өндіру және ұқсату кезінде жер қойнауын қорғау және рационалды пайдалану саласында Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ережелер мен нормаларын сақтаудғы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Біздің басқарманың құрамында 3 бөлім мен 5 аумақтық инспекциялары бар. Олар өз міндетттерін ғылыми-техникалық кеңес, пайдалы қазбалар қоры жөніндегі аумақтық комиссия арқалы атқарады.

Сондай-ақ басқарманың геологиялық мұражайы, геологиялық материалдарың қоймасы да бар.

“Центрказнедра” аумақтық басқармасы өткен 2002 жылы геологиялық барлау жұмыстарының негізгі көлемін республикалық инвестициялар, аз мөлшерде мемлекеттік бюджет есебінен орындады. Бұл іске шетелдік инвестициялар да тартылды. Атап айтқанда, мемлекеттік бюджет есебінен 2002 жылы Қызылшоқы кен алаңында іздестіру және бағалау жүмыстары атқарылып, мыс қорынын есебі жасалынды. Ол 400 мың тоннадай құрайды. Объектіні мүдделі инвесторға беріп, барлау ісі аяқталғаннан кейін, аталған кен орында 300-дей адам енбек ететін кен өндіру кәсіпорны құрылуы мүмкін. Республика астанасын сумен жабдықтау үшін Нұра өңіріндегі жер асты суларының қорына дереу зерттеу жасалынды. Бұған дейін аз зерттелген Семей және Сарышаған полигондары төнірегіндегі 21. 403 шаршы километрді геологиялық жағынан жете зерттеу жөніндегі далалық жұмыстар аяқталды. Аталмыш аймақтардын геологиясы мен металлогениясы бойынша мүлдем жаңа мәліметтер алынып, аса қымбат, түсті металдар және басқа да минералды шикізат түрлерін іздестірудің перспективалы бірқатар жана алаңдары белгіленді.

Ал жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаттары есебінен атқарылған шаруалар төмендегідей:

- “Нұрдаулет” ЖШС 2002-2003 жылдары жүргізген зерттеулер нәтижесінде Қазақстан Республикасының қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы, Қосқұдық кен оргындағы алтын-полиметалл кенінің, Солтүстік Балқаш өніріндегі Көкзабай кен орнындағы қорғасын-мырыш кенінің қор көлемін белгіледі. Барланған осынау кен орындарының базасында кеніштер салынуда. Олардың кен қоры тиісінше 6 және 20 жылға жетеді.

- “Казхром” ААҚ зерттеулердің барысында Қарағанды облысындағы Тур кен орындағы марганец рудасының қоры анықталды. Ол кеніштің 19-20 жыл жұмыс істеуін қамтамасыз етеді деп болжануда.

- “Жалын” ЖШС барлау жұмыстарының қорытындысында Қонырат кен орындағы баланстан тыс бірнеше тотықтанған мыс рудаларының үйінді қорлары белгілі болды. Бұрыннан жинақталған техногендік түзілістерді өңдеу жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай қосымша қаншама мыс алуға, ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

- “Ақмола Голд” ЖАҚ 1998-2000 жылдары Ақмола облысындағы Теллур алтын кен орны бойынша жасаған зерттеу жұмыстарынның қортынды есебін ҚР қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясына тапсырды. Барланған қорлар өзінің алтын айыратын фабрикасы бар жаңа кен өндіру кәсіпорнының қызметін 7 жылға ұзартады. Одан әрі осындағы жаңа кен аймақтарындағы қорларды барлап зерттеу оның жасын екі есе көбейтіп, 15-20 жылға жеткізеді.

- “Рапид” ЖШС Қарағанды көмір бассейннің өнеркәсіптік аймағындағы бұрынғы №17 және №20 шахталар алаңдырында шағын тау-кен кәсіпорынның жұмысын қамтамасыз ете алатындай К10 және К12 тас көмір қабаттарының қорын анықтап, оны мемлекеттік комиссияға тапсырып, бекітілді.

“Недра Казахстана” ЖШС жұмыстарының нәтижесі бойынша “Центрказнедра” аумақтық басқармасы жанындағы қорлар жөніндегі аумақтық комиссия Қарағанды бассейніндегі өнеркісіп участкесінде а5-6 қабатын ашық өндеу үшін ХI участке тас көмір қорын бекітті. Онын қоры 17 жылға жетеді.

- Қазақстан Республикасы қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Жезқазған қаласындағы кәсіпорындарды (“Қазақмыс корпорациясы” ААҚ) сумен жабдықтау үшін Ескұлын кен орнындағы жер асты суларының пайдаланылатын қорын бекітіп, Тур марганец кен орны үшін Басақтымақ кен орнында, Павлодар облысындағы Бастау, Роса және Мойылды участкелеріндегі жер асты минералдық суларының қорларын анықтауда осындай жұмыстар жүргізді. Қарағанды өнеркәсіптік аймағындағы түрлі кәсіпорындарды сумен жабдықтау мақсатында 7 скважина участкелері бойынша жер асты суларын пайдаланылатын қорын “Центрказнедра” басқармасы жанындағы аумақтық комиссия бекітті.

Бұдан бөлек, қорлар жөніндегі аумақтық комиссия жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыстарының нәтижесінің қорытындысында Қарағанды өнеркәсіптік ауданында (“Ремас” ЖАҚ) Шолаққарасуда жоғары сапалы барит рудасының шағын кен орны қорын, Жезқазған өнеркәсіптік ауданында (“Еркін Квац” ЖШС) отқа төзімді кірпіш пен оптикалық шыныны еріту өндірісі үшін, Ақтас кен орынында кварц үйінділерін, Атасу өнеркәсіптік ауданында (“Анис” ЖШС) Миқайнар жеріндегі қаттама әкті, Павлодар облысында Көміртұзда отқа төзімді балшықты, сондай-ақ құрылысқа қажет тастың 8 кен орын, автомобиль жолы құрылысына, негізінен Алматы-Екатеринбург жолы құрылысына керек балшықты және киыршақ тасты 14 кен орны мен участкелерді, 1 құмды-гравиялық қоспа кен орнын белгіледі.

Осындай оң нәтижелерге қарамастан қорғасын, мырыш, мыс, темір сияқты бірқатар минералдық шикізаттарды көлемінен артық қазып алу байқалады. Сондықтан біздің басқарманың негізгі міндеттерінің бірі әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылардың инвестицияларын ең бірінші кезекте геологиялық барлау жұмыстарына тарту болып табылады. Ол минералды-шикізат базасының жағдайына талдау жасау мен Қазақстан Республикасының үкімет конкурсқа ұсынатын қабілетті объектілерді даярлауды көбейтеді.

2002 жылы Орталық Қазақстандағы пайдалы қазбалардың барлық негізгі түрлер бойынша (алтын мен полиметалды қоспағанда) өндіру көлемі артты. Тау-кен өндіру кәсіпорындары кешенінің бәрінде соңғы төрт жылда тұрақтылық қалыптасты. Көмір өндіру саласы кәсіпорындары өндіріс көлемін ұдайы арттырып келеді. Мәселен, “Испат-Кармет” көмір департаменті 10 миллион тонналық межеден асты. “Шұбаркөлкөмір” ЖШС, “Молодежный” разрезі (“Қазақмыс корпорациясы” ААҚ), “ЕЭК” ААҚ “Восточный” разрезінде көмір өндіруді арттыруға қол жеткізілді. Жаңа кен орындарын игерудің белсенді процесі басталады. Атап айтқанда, “Қазақмыс коропрациясы” ААҚ Жаман-Айбат және Қыпшақбай мысты құмдауыт кен орны қорын өңдеуге даярлық жасауда. Үстіміздегі жылдан бастап ол Нұрқазған алтын-мыс кен орны қорын ашуға кіріседі. “Жәйрам кен байыту комбинаты” ААҚ Жомарт марганец кен орның қатарға қосты.

Бұрын тоқтап тұрған кәсіпорындарда руда өндіру мен ұқсату қалпына келтірілуде. Ұзақ уақыттан кейін Ақшатау байыту фабрикасының жұмысы қайыра жанданып, Қараоба сирек кездесетін металдар кен орнын пайдалану құқығы алынды.

Алайда алтын өндірудегі айтарлықтай құлдыраудың барлығын атап өту керек. Бұл негізінен “АБС-Балқаш ” тау-кен комбинатында өндірістің құлдырауы мен “Қазақалтын” ААҚ объектілерінде жобалық қуаттарға жетпеуге байланысты.

Орталық Қазақстанның минералды-шикізат кешенінде жер қойнауын пайдалануға жұмысалған инвестициялардың жалпы көлемі 2002 жылы 543, 7 млн. АҚШ долларын (Қарағанды облысы бойынша 428, 2 миллион АҚШ долларын) құрады.

Шетелдік инвесторлар салған инвестициялар 498, 1 млн. АҚШ доллары (Қарағанды облысы бойынша 396, 3 млн. АҚШ доллары) болды.

Инвестициялардың негізгі бөлігі, 362, 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі сома (Қарағанды облысы бойынша 282, 9 млн. АҚШ доллары) минералдық шикізат өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге бағатталды.

“Центрказнедра” аумақтық басқармасының қызмет аймағында жер қойнауын мемлекеттік бақылауға жататын 285 (соның ішінде Қарағанды облысында 175) объекті бар. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі лицензиялар мен контрактылардың саны 241 (Қарағанды облысы бойынша 137) болса, соның ішінде республикалық маңыздағы объектілерге 105 (Қарағанды облысы бойынша 81), жергілікті мыңыздағы объектілерге 136 (тиісінше 57) осындай құжат алынған.

2002 жылы мемлекеттік бақылауға жататын 242 объектіге тексеріс жүргізілді. Соның барысында жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдылықтарын бұзудың 658 фактісі анықталды. Соған байланысты жер қойнауын пайданушы кәсіпорын басшыларына 208 ұсыныс еңгізілді.

Есепті мерзімде жер қойнауын өздігінен пайдаланудың 19 оқиғасы мәлім болды. Мысалы, 5 кәсіпорын жер қойнауы пайдалану құқығын қайта рәсімдемей-ақ кен өндіру жұмыстарын жүргізген (“Топаз” ЖШС, “Оркен” ЖШС, “Западная шахтысы” ЖШС, “Укрказуголь” ЖШС, “Атасуруда” ЖШС) . Мұндай мысалардар жеткілікті.

Өздігінен кен өндірудің басқадай фактілері кең тараған пайдалы қазбалар кен орындарын игеруге байланысты туындап отыр. Олар Алматы-Астана, Астана-Көкшетау автомобиль жолдарына жақын жатқан аймақтарда орын алуда.

Осы заңсыздықтарға қатысты аумақтық инспекция жер қойнауын пайдаланушыларға 29 рет ескерту жасап, олардың лицензиясы қайтарып алу жөнінде 10 ұсыныс түсірді.

Айыптар мен салықтарды өндіріп алу үшін құқық қорғау органдарына 32 материал берілді. Содан 13 іс бойынша ғана шара қолданылып, басқасынан әзірге жауап алынған жоқ. Сондай-ақ “Центрказнедра” аумақтық басқармасы жанындағы инспекцияның ұсынысы бойынша облыстық прокуратура “Испат-Кармет” ААҚ-ға көмір нормадан тыс жұмсағыны үшін 160 млн. теңгенің талабын қойды.

Жер қойнауын қорғау жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін 2002 жылы 35 объектідегі жұмыс тоқтатылды.

Басқарманың ұсыныстары бойынша құзыретті органдар 2002 жылы кең тараған пайдалы қазбаларға байланысты берілген 10 лицензияны қайтырып алды.

Енді аумақтағы жер асты суларының жағдайына келсек, біз қамтитын аймақта 2002 жылы 964 су көзі болды. Содан өткен жылы 195-і тексеріліп, 354 кемшілігі анықталды. Нәтижесінде кәсіпорын басшыларына 170 ұйғарым түсірліп, скважиналарды консервациялау туралы 25 акті тапсырылды. Жалпы барлық анықталған кемшіліктердің 223-і орынына келтірілді.

Жер асты суларын алу 21 объектіде тоқтатылды.

Әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында 31 лауазымды адамға қатысты іс құқықтық қорғау орнандарына жолданып, оның 6-ы тиісті жазаларын алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи қорларды бағалау
Өнеркәсіптік өндіріс ресурстары
Қорларға сұранымның ерекшеліктері
Табиғат қорларының экономикалық бағалануы
Өнеркәсіптің шикізаттық ресурстары
Қазіргі жағдайда Қазақстанда корпорацияның амортизациялық саясаты
Қазақстандағы отын энергетикалық ресурстар мен пайдалы қазбалар көрсеткіштері және олардың қоры
Салықтар және салық жүйесі. Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдалану саясаты
Тауарлы – материалдық босалқылардың қоймадағы есебін ұйымдастыру
Табиғат қорларын қайталап пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz